«Саясат маған не береді»



Дата10.02.2023
өлшемі14,19 Kb.
#66839

Эссе:
«Саясат маған не береді»
Күнделікті өмірде әрбір адам әрқилы оқиғаларды бастан кешіреді. Тауарларды сатып алу арқылы иеленеді, көлікті жүргізеді, ауруға шалдыққанда ауруханаларға жүгінеді, қалаған мамандығына оқуға түсіп, мамандығы бойынша жұмысқа орналасады және тағы сол сияқты іс-әрекеттерді жүзеге асырады. Дегенмен, бұл жағдайларды адамдар қарапайым деп санайды. Алайда, бұның барлығын зерттейтін және бақылайтын маңызды жүйенің, саясаттың бар екендігін ешкім ескермейді. Яғни атап өткендей, өмір сүруге қажетті кез-келген әрекеттер саяси жүйе мен саяси ережелер арқылы бекітіліп, бақыланып, жүзеге асырылады.
Саясат жайлы жалпылама айтатын болсам: Менің түсінігімше, саясат - адамдардың кез-келген әркетін бақылап тағайындайтын күрделі жүйе. Тіптен, біздің Қазақстан жерінде тұрып, өмір сүруіміздің өзі саяси ережелердің орындалуымен іске асырылады. Бұл дүниеде тұрақты, әрі беделді орынға ие болғысы келген адам саясаттың негізіндерін анық біліп, сол ережелерді ұстану қажет.
Өз өмірімде болған қызықты жағдайды мысалға келтірейін. Осыдан жарты жыл бұрын мен әкеме туған күніне сағат сатып алғым келген болатын. Бірнеше күн өткен ізденістерден кейін мен өзіме ұнаған және әкеме жақсы жарасатын қол сағатын таптым, соны сатып алуға бел будым. Төлемді өткізу барысында маған ешқандай құжат бермеген болатын. Мен бұған назар аудармай, қуанышты эмоциямен тауарымды қол астыма алып, өз жұмыстарыммен кеттім. Бес минут өткен соң, сағатқа таңдана қарай отырып білегіндегі кішігірім ойықты байқадым. Бірден сатушыға барып, ақшамды қайтаруға талап еттім. Сатушы ақшаны қайтара алмайтындығын, және де тек сағатты басқа модельге алмастыра алатынын мәлімдеді. Оның айтуы бойынша бұның барлығы заң жүзінде бекітілген. Мен заң туралы ештеңе білмегендіктен сатушының айтқанымен келісіп, тауарды өзіме ұнамаған және де әкеме онша жараспайтын сағатқа ауыстырып, үйге қайтуға мәжбүр болдым. Сол жағдайдан кейін қызығушылығым туындап, заңды қарастырғым келді. Сүйтіп, заң жүзінде сағатты сатып алушы, ауытқуы бар тауарды иеленіп, ешқандай сатып алу туралы құжат берілмеген жағдайда, және дәл сондай тауар ассортиментте болмаған жағдайда, сатып алғаннан кейін үш күн мерзімінде ақшасын қайтарып алуға құқылы екенін анықтадым. Алайда, орын алған іс-әрекетті өзгерту мүмкін емес болды.
Осы жағдай менің көзімді ашып, саяси жүйе мен заңдарға байыпты қарауға көмектесті. Және де, заңдағы ережелерді зерттеп, түсініп, өз білімін жүйелі түрде қолданатын адамның күнделікті өмірде орын алатын жағымсыз жағдайларды болдырмау қабілеті жоғары болады деген қорытындыға келдім.

Орындаған: Сакиева Жанель
Менеджмент, 2 курс

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет