Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен мектептері


Дәріс 12 Саяси сана және саяси идеология



бет12/16
Дата29.04.2022
өлшемі191 Kb.
#32827
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Дәріс 12 Саяси сана және саяси идеология.

  1. Саяси идеологияның жалпы түсінігі, мазмұны.

  2. Идеологияның функциялары.

  3. Саяси идеология түрлері.

«Идеология» деген ұғым гректің идея – бейне және логос – білім деген сөздерден шыққан. Ғылыми айналымға, әдебиетке француз ғылымы және философы Антуан Дестон де Траси (1754-1836) кіргізді. Ол идеологияны идеялар, олардың қайдан пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Кейін келе бұл сөздің мән-мазмұны өзгерді.

Саяси идеология – қызығушылықтар, талаптар, мақсаттар, пікірлер, көзқарастар, түсініктер жүйесі. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнықтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немесе оған ықпал ету арқылы өз мақсат-мүдделерін білдіреді және қорғайды.

Идеологияның негізгі функциясы – адамдардың белгілі бір жасаған іс-әрекеттерге мән беру. Бір жағынан, әрбір адамда мәнді тану қажеттілігі туады, яғни адам не үшін, қандай мақсатпен өмір сүреді деген сұрақтарға жауап іздейді, әйтпесе өмір мәнсіз болып кетеді. Екінші жағынан, мемлекет пен саяси күштер ғана пайда әкелмей, жалпы қоғамға да жеке топтарға да пайда әкелуіне негізделген.

Идеоглогия тек қана адамдар әрекеттеріне мән бере отырмай, жалпы дүниеге көзқарасты қалыптастырады, «жаман» мен «жақсыны», «дұрыс» пен «бұрысты» айырады, өмір сүру құқылыларды және құқылы еместерді белгілейді. Идеология бойынша саяси күштер «дос» және «қас» болып бөлінеді, яғни кіммен бірге жұмыс атқаруға, кіммен күресуге керектігін анықтайды.

Әртүрлі идеологиялар бәсекесі – қоғамдық және мемлекеттік өмірді әрқашан тербеп тұратын, қалыпты жағдайды болдырмайтын қоғамдық өмір заңдылығы.

2. Саяси идеологиялар сенімдік күшке ие саяси көзқарас қасиетіндегі құндылықтардан тұрады. Сондықтан идеологияның келесі қызметтерін атауғаболады:

1. Танымдық қызметі – саяси жүйені суреттеп түсіндіреді.

2. Бағдарламалық қызметі – қоғам, әлеуметтік прогресс, тұлға және билік және т.сс. негізгі түсініктер туралы мағлұмат беріп, адамның іс-әрекетіне бағыт- бағдар көрсетеді, белсенді саяси араласуына ықпал жасайды, оны іске асыру үшін әлеуметтік топтарды өзгертеді.

3. Интегративті қызмет – қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды, оларды іске асыруға жұмылдырады, рұхтандырады шабыттандырады.

4. Амортизациалық қызмет – саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсендетеді. Ұсынылған мұраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады.

5. Белгілі бір әлеуметтік топтың талаптарын айқындау мен қорғау қызметі – саяси идеологиалар қандай да бір әлеуметтік топтың талаптарынан құрылып, басқа топтың талаптарына қарсы қоюға негізделген.

3. Саяси идеологиялар 2 негіз бойынша бөлінеді:

1)саяси әлеуметтік парадигма бойынша:

- Оңды идеология – еркін бәсекеге, нарыққа, жеке меншікке, кәсіпкерлікке негізделген қоғам мен прогресс идеясын біріктіреді. Мұнда саяси идеологияның барлық түрлері жинақталған: ультрақұқықтыдан (фашизм, рассизм) басиап либерал – демократиалыға дейін;

- солды иделология - әлеуметтік прогреске қоғамдағы тендікке, әлеуметтік әділдікті орнату арқылы жету жолына негізделген. Бірақ әрбір солды идеологиялар оны әртүрлі еместейді:


  • Коммунистер – қоғамды өзгертудің радикалды әдістеріне негізделенеді. Қоғамның теңдігін қалыптастыру үшін ұйымдасқан экономика мен «жұмысына – ақы» принципіне негізделу қажет.

Әдебиет:

1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003

2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001

3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005

4.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002

5.Рахметов Қ. Саясаттану.  А., 2005





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет