Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен мектептері


Қақтығыстарды шешу жолдары мен әдістері



бет15/16
Дата29.04.2022
өлшемі191 Kb.
#32827
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Қақтығыстарды шешу жолдары мен әдістері

Қақтығыстар орын алған жағдайда тараптар солардың көмегімен келісімге келетін әдістер үлкен рөл ойнайды. Тым жалпы түрде ол авторитарлық немесе демократиялық стильде болуы мүмкін. Авторитарлық стиль қақтығыста күшті және әлсіз қатысушылардың бар екенін білдіреді. Күшті тарап әлсіз тарапқа өз шешімін таңады. Осы орайда, мектеп директоры мен оқушының немесе ата-ана мен жасөспірім баланың арасында егесті жағдай туындаған жағдайда қай тараптың қандай рөлде болатынын білу қиын емес тәрізді. Алайда, мұндай жағдайда рөлдердің басқаша бөлінуі де мүмкін. Демократиялық стиль келіссөздерге және өзара шегініс жасау жолымен келісім іздеуге негізделеді. Егес нысанын пайдалануда объективті себептерге байланысты шектеулер міндетті түрде орын алатын жағдайда бір тараптың шегініске баруына тура келеді. Айталық, бокспен шұғылданып жүрген мектеп оқушылары өздерінің жаттығу залын түстен кейінгі уақытқа беру туралы өтініш жасады. Алайда дәл осы уақытта ол жерде гимнастика секциясы жаттығу жасайды. Мұндай жағдайда жаттығу уақытын қайта қарауға және оларды белгілі бір нақты шеңбермен шектеуге тура келері анық. Нәтижесінде, барлық тараптарды қанағаттандыратын шешімге қол жеткізуге болады.

Өзіңнен қуатты бәсекелесті өзіңнің дұрыс екеніңе сендіру үшін салмақтырақ дәйектерді ұсына білу керек. Алайда, қақтығысты назарға алмау мүлдем дұрыс болмас еді. Егер біреудің мүдделері үнемі аяқасты бола беретін болса, бүл алдын ала біліп болмайтын салдарларға алып келуі мүмкін. Әдетте, қақтығыс жеке мәселелер бойынша туындайды. Алайда ұзақ уақыт бойы созылатын әрекетсіздік бұдан гөрі маңызды салаларға өтіп кетуі мүмкін. Мәселен, дастархан басындағы жүріс-тұрыстардан туындайтын егес уақыт өте келе «әкелер мен балалар» арасындағы қақтығыс оты тұтанатын шоққа айналуы мүмкін.

1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003

2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001

3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет