Саясаттанудын маған қосар үлесі



Дата17.10.2022
өлшемі14,1 Kb.
#43578

Саясаттанудын маған қосар үлесі
Қоғамды, мемлекетті байланыстыру үлкен шаруа. Сол шаруаны атқару мен қатар онымен жасау, мемлекеттегі басқару, мемлекеттің қоғам үшін жасап жатырған жұмысы, менің ойымша, саясат. Саясат дегеніміз тек басқару емес, мемлекеттік мәселелер мен түрлі қоғамадағы орын алып отырған оқиғалардың жиынтығы дегім келеді.
Саясат ұғымы бір ауыз сөзбен шектелмейді. Оның айналасында саяси ұйым, партия, институттар секілді ауқымды ұғымдармен толықтырылады. Біз бұл дүниелердің барлығымен «САЯСАТ»-ты оқығанда ғана түсінеді екенбіз.
Қазіргі жастардың көкірегі ояу, көзі ашық болуына апаратын жол – білім мен ізденіс. Сондықтан біздер, яғни жастар болып саясатты оқудан, зерттеуден қашпауымыз керек. Болашағымыз үшін саясаттанудың маңызы зор. Себебі біздің қоғамымыз билік пен саясатпен тікелей байланысты.
Қай ұлттың болсын өткенін, шыққан тегін, қалай пайда болып, қалай дамығандығын білу үшін оның тарихымен танысып жатамыз. Ал, бұл тұрғыда, біз саясатты оқу арқылы халқымыздың өткен күндегі экономикалық жағдайымен, қай елдермен байланыста болғанын көреміз. Бұл дегеніміз, «Саясат» - тарихпен байланысты ұғым. Саясатты керек қылмау, білмеу – тарихты білмеу деген сөз. Мен саясатты оқу арқылы өткенім, бүгінім, ертеңімді тани алдым. Сонымен қатар, емлекетіміздегі құқық қағидалары мен түсінігінін одан әрі бекіту кезінде ел азаматтарына арналған конституациялық заңға сүйенетіндігін білдім. Ел азаматының таңдауы, бас бостандығы – конституциямыз үшін ең маңызды екендігімен таныстым.
Саясаттануды білу арқылы оның қоғамдағы тағы бір қызметі - саяси екенін екенін түсіндім. Яғни, адамдардың саяси ортада өзін-өзі ұстауы, іс-әрекетіне мән береді. Саяси заң шығарушы органдардың тәртібіне бағыну – біздің міндетіміз. Сондықтан болашақ мамандық иесі үшін бұл өте маңызды. Мен, саясаттанудын осы бір құндылықты бойыма сіңіре алдым.
Қорытындылай келе, саясаттанудың қандай мамандық болмасын маңызды екенін түсіндік. Саясаттану пәнінің арқасында саясат туралы, яғни мемлекеттік және қоғамдық істер туралы білімімізді арттырамыз. Жүсіп Баласағұни: «Халық бүлінсе - саясат түзейді»,- деп бекер айтпаған. Біздің өмір сүруіміз, болашағымыз тікелей саясатқа байланысты. Сол үшін де қандай мамандық иесі болсақ та, саясаттану пәнін толық меңгеруіміз қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет