Саясаттың негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау



Дата07.03.2022
өлшемі17,96 Kb.
#27178

Саясаттың негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау
Мақсаты: Саясаттың негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау" жүргізуді  үйрену

Негізгі сұрақтар:"Саясаттың негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау"


Саясаттың негізгі мақсаты:

Саясаттың негізгі мақсаты - қоғамдық өмірдің негізгі салаларын интеграциялау, қоғамның біртұтастығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету. Саясат саласында қолданылатын негізгі

Саясаттың негізгі мақсаты:елдердің қоғамдық-саяси даму ерекшеліктерін,қоғамдағы дау-жанжалдар мен дағдарыстарды реттеу жолдарын қарастыру және т.б.Саясаттану үлкен ғылым болғандықтан



Саясаттың негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау

Саясат, ең алдымен, әлеуметтік негізгі түсініктемелер саясаттың кұрамдас бөліктері болып табылады. Оларға: билік, саясат субъектiлерi, саяси ұйым, саяси қатынастар, саяси сана, саяси мәдениет жатады.

1)Билік

Еліміз тәуелсіздігін алып, демократиялық мемлекеттермен терезесі теқ құқықтық мемлекет орнатуға ұмтылыс танытып отырған қазіргі кезеңде — халықтық саяси сауатын көтерудің маңызы орасан зор. Бұл бүгінгі қоғамдық және саяси құрылыстық мәнін біліп, өмірдегі өз орнын анықтауға, өз құқықтары мен бостандықтарын дұрыс түсініп, пайдалануға мүмкіндік береді Саяси ғылымның негіздерін игеру арқылы, әсіресе, қазіргі өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық саяси жағдайда еркін бағдар ұстап, іс-әрекет жасауға, ішкі және сыртқы саясат құбылыстарын дұрыс ұғынуға, басқа адамдардық құқықтарын қадірлей отырып, өзінің мақсат-мүддесін қорғауға тек жол ашады. Сонымен катар, жалпыхалықтық құндылық игіліктерге негізделген демократиялық, тәртіпті құрметтеуге, ортақ мәселелерді ұжымдасып шешуге үйретеді. Ол адамға саяси кажеттіктерін мемлекет тарапынан іске асырудың жолдары мен әдістерін дұрыс таңдап алуға, демократиялық тәртіптерді қалыптастыруға көмектеседі. Сондықтан бүкіл дүние жүзі мемлекеттері саясаттануды мойындап, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында жеке пән ретінде оқытуда. Еліміз егемендігін алған соң біздің Республикамыздық барлық жоғары оку орындары да оны міндетті академиялық пән етіп енгізді. Әйтсе де оқытушылар мен студенттер саясаттанудың қазақ тіліндегі әдебиеттері мен оку құралдарына аса мұқтаж болып отыр.

2)Саясат субъектiлерi

1.Тұлға саясат субъектісі ретінде.

2.Әлеуметтік топтар саясаттың субъектілері мен объектілері ретінде.

3.Ұлт және ұлттық саясат.

Бұл дәрісте саясаттын негізгі субъетілері, олардың ұғымдары мен құрылымдары қарастырылады. Саясат субъектісі ретіңнде жекеліктің қалыптасу ерекшеліктері талданады. Саяси әлеуметтендіру, қазіргі қоғамдардағы өлеуметтік страратталу процестері, олардың саясатқа ықпалы анықталады. Бұл тұжырымдама бойынша билік басқа адамдардың жүріс – тұрысын, өзін өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс - әрекеттің негізгі түрі. Саясат субьектісінің құрамы іс-әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат–мүдделері және т.б. Олар қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Саясаттың субъектілері. Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық саяси ұйымдар, мемлекет, тіпті жалпы қоғам жатады.



3)Саяси ұйым

Саяси ұйым дегеніміз - бұл ерікті негіздегі адамдардың бұқаралық бірлестігі, оның құрылтайшылық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген өзіндік мақсаттары бар. Мұндай ұйымдар экономикалық қана емес, саяси мәселелерді де шешу үшін салынуда. Бастысы - мемлекеттік органдардағы өкілдік үшін күреске қатысу. Мысал ретінде кез-келген саяси партияны келтіруге болады.

4)Саяси қатынастар

 Саяси қатынастар - саяси билікті пайдалану, оған ие болу және оны қайтадан бөлу төңірегіндегі саясат субъектілерінің өзара қарым-қатынасы. Саяси қатынастар саласы қоғам өмірінің саясилану деңгейіне және саяси-мемлекеттік бақылау ауқымына тәуелді. Саяси қатынастар қоғамның саяси жүйесінің қызметін анықтайды. Саяси қатынастарды келісім, бітімгершілік, ынтымақтастық, қақтығыстық, бәсекелестік деп жіктеуге болады. Саяси қатынастарға саяси дәстүр мен мәдениет, саяси-мемлекеттік институттар және саяси-құқықтық ережелер ықпал етеді.Саяси қатынастар субъeктілepi - жеке индивидтер, топтар, қауымдар мен түтастай қоғам болып табылады. Осыған орай, саяси қатынастар көп деңгейлі, күрделі және өзара тәуелді болып келеді. Жеке-топтық деңгейде олар саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы осы қатынастар субъектілерінің мәртебесі мен рөліне, мүдделері мен құндылықтарына, әлеуметтік-психологиялық қасиеттеріне тәуелді. Саяси қатынастар деңгейі жоғарылаған сайын оған ұлттық саяси мәдениет, қоғамдық-экономикалық жүйе және өркениет ерекшеліктері ықпал етеді.

5)Саяси сана

Саяси сана дегеніміз — саяси субъектілердің (индивидтердің, топтардың, таптардың және т.б.) саясат саласын (саяси құбылыстарды, үдерістерді) ой-сана жүзінде бейнелеуі. Саяси сана, жалпы алғанда, қоғамдық сананың ерекше бір формасы ретінде оның басқа формаларымен (философиялық ілімдермен, адамгершілік тұғырнамалармен, құқықтық теориялармен, эстетикалык көзқарастармен және т.б.) тығыз өзара байланыста болады, олармен өзара әсерлесіп, түрленіп отырады. Саяси санаға, бір жағынан, рационалдық (әр түрлі нормалар, құндылықтар және т.б.) та, екінші жағынан, иррационалдық (эмоциялар, бейсаналық үдерістер және т.б.) та элементтер жиынтығы жатады, яғни ол саяси үдерістерді қабылдаудың, түсіну мен түсіндірмелеудің барлық деңгейлерін камтиды. Солардың негізінде саяси субъектілердің саяси бағдарлары мен мінез-құлқы, олардың мемлекеттік билікке, оның институттарына деген қарым-қатынасы калыптасады.

6)Саяси мәдениет 

Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.

Ежелгі грек, рим ойшылдары

Саясат бұрыннан бері ғалымдарды қызықтырып келе жатқан салалардың бірі. Ежелгі грек, рим ойшылдары саясатқа байланысты өздерінің түрлі ой пікірлерін білдірген. Ежелгі грек философы, математик Платон мемлекетті басқару түрін полития деп көрсетіп, дұрыс және дұрыс емес мемлекет түрлерін атап айтқан болатын. Саясат ғылымы туралы алғаш рет талдау жасаушы Аристотельдің айтуынша, дұрыс мемлекет билеушілері халық мүддесін бірінші орынға қояды, ал дұрыс емес мемлекет билеушілері жеке бастарының қамын ойлайды. Мемлекеттік ең дұрыс формасы полития деп есептеді. Қайта өрлеу дәуірінің өкілі, итальяндық ғалым Николо Макиавелли билеуші арыстандай күшті және түлкідей қу болуы тиіс деп есептеді. Республикалық мемлекетті қолдады.

Саясаттың негізгі функциялары 

Саясаттың негізгі функциялары - қоғамдық өмірдің негізгі салаларын интеграциялау, қоғамның біртұтастығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету. Саясаттағы бұқаралық көңіл-күй

Саясаткерлер әдетте оның қоғамдағы негізгі функцияларын Ұлттық, макро деңгеймен байланыстырады. Олар саясаттың қоғамға әсер етуінің маңызды бағыттарын сипаттайды. Оларға мыналар жатады:

- күрделі сараланған әлеуметтік жүйе ретінде қоғамның тұтастығын қолдау және нығайту, қоғамдық тәртіпті және ұйымшылдықты қамтамасыз ету;

- бүкіл қоғамның және оның ұжымдық субъектілерінің мақсаттарын әзірлеу, бұқараны ұйымдастыру және оларды жүзеге асыруға ресурстарды жұмылдыру;

- авторитарлық, тапшы құндылықтар мен тауарларды бөлу бәріне міндетті;

- топтық жанжалдардың алдын алу және реттеу;



- күрделі әлеуметтік субъектілерді құру (байланыс функциясы).



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет