Сборник III республиканской научно-практической конференции магистрантов


СеКцИя – ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА БІлІМ БеРУ МӘСелелеРІ



Pdf көрінісі
бет45/57
Дата06.03.2017
өлшемі3,92 Mb.
#7741
түріСборник
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57

4 СеКцИя – ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА БІлІМ БеРУ МӘСелелеРІ

СеКцИя 4 – СОВРеМеННОе ОБРАЗОВАНИе В УСлОВИяХ глОБАлИЗАцИИ.

Азимбердиева Ж. К. – студент, мамандығы «Есеп және аудит»

«Қаржы академиясы» АҚ, Астана қ.

azimsaya@bk.ru

Ғылыми жетекші – Какимжанова Н.Т.



КӘМІлеТКе ТОлМАҒАН, ІС-ӘРеКеТКе ҚАБІлеТСІЗ ТҰлҒАлАРМеН 

ЖАСАлҒАН ЗИяН ҮШІН ЖАУАПКеРШІлІК

Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз – заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне 

жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне қолданы-

латын мүліктік  өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. 

Азаматтык-құқықтық жауапкершіліктің туындауы үшін азаматтық-құқықтық жауапкер-

шілікке тән тәртіпсіздік жасалуы шарт.

Азаматтық  құқық  бұзушылықтың  элементтеріне  жататындар:  белгілі  бір  тұлғаның 

құқыққа  қайшы  келетін  әрекеті;  келтірілген  (шеккен)  зиянның  немесе  залалдың  болуы; 

құкыққа  қайшы  әрекет  пен  келтірілген  зиянның  салдары  арасындағы  себепті  байла-

ныс; құқық бұзушының кінәсі.

Заңда 18 жасқа дейінгілерді кәмелеттік жасқа толмағандар деп атайды. 14 – 18 жас ара-

лығындағылар жартылай немесе ішінара әрекетке қабілетті болып табылады. Осыған орай 

бүл жас аралығындағыларды азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартудың да ерекшелігі 

болатындығы өзінен-өзі түсінікті.

Осы көрсетілген жас аралығындағылар белгілі зиян келтіретін болса, онда өздерінің жас 

шамаларына қарай әр түрі азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылады. 14 жасқа дей-

інгілер біреудің мүлкіне зиян келтіретін болса, егер келтірген зиян өздерінің кінәсінен бол-

мағандығы дәлелдемесе, (өздерінің кінәлі еместігін дәлелдей алмай, онда келтірген зиян 

үшін ата-анасы, асырап алушыллр немесе қамқоршылары жауап береді. Қазақстан Респу-

бликасының Азаматтық кодексі ата-аналар мен т. б, адамдардың кінәсі ретінде баланы тиісті 

дәрежеде, тәрбиелемеу және бақыламау карастырылған.

11 жасар бала аулада доп ойнап жүр делік, ал оның әкесі сол аулада өзінің танысымен шах-

мат ойнап отыр. Жаңағы доппен жүрген бала ойын барысында көршілердің біреуінің тере-

зесін сындырып алды. Осы жағдайда кім жауап береді? Әрине оның ата-анасы, себебі бала 

доп ойнап жүргенде оны тиісті дәрежеде қадағалап отыруы керек еді. Оны шахмат ойынына 

берілген әкесі ұмытып кетті немесе көңіл бөлмеді.

Тағы да мынадай жағдайды алайық, бұзақылықпен айналысып жүрген (оған дейін де бұ-

зақы екендігі белгілі) 12 жасар бала дүкеннің терезесін сындырып ішінен бір кассета ұрлап 

алады. Бұл жерде баланың ата-анасының кінәсі бар ма? Әрине бұл жағдайда да баланың 

ата-анасы кінелі болады. Өйткені олар балаға тиісті дәрежеде тәрбие бермеген, яғни баланы 

дұрыс тәрбиелеуге қатысты міндетін тиісінше атқармаған.

Егер кәмелеттік жасқа толмаған, қорғаншылыққа мұқтаж жас бала тиісті тәрбиелеу, ем-

деу мекемесінде халықты әлеуметтік қорғау мекемесінде немесе заңға орай өзінің қорған-

шысы болып табылатын осы сияқты басқа мекемеде болса және зиян өзінің кінәсінен бол-

мағанын дәлелдемесе, жас балаға келтірген зиянды сол мекеме өтеуге міндетті.

14-жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірілген зиян үшін жауапкершілік Қазақстан 

Республикасы Азаматтық Кодексінің 924-бабында белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша 

қарастырылады. Олар: 

Жасы 14 ке жетпеген кәмелетке толмағандар (жас балалар)келтірген зиян үшін, егер зиян 

өздерінің кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, оның ата-анасы (асырап алушылары), қорған-

шылар жауап береді.


318

Егер  қорғаншылыққа  мұқтаж  жас  бала  тиісті  тәрбиелеу,  емдеу  мекемесінде,  халықты 

әлеуметтік  қорғау  мекемесінде  немесе  заңға  орай    өзінің  қорғаншысы  болып  табылатын 

осы сияқты басқа мекемеде болса,егер зиян өзінің кінәсімен болмағанын дәлелдемесе, жас 

бала келтірген зиянды сол мекеме өтеуге міндетті.  

Егер жас бала оқу орнының, тәрбиелеу, емдеу немесе оны қадағалауды жүзеге асыруға 

міндетті өзге мекеменің, сондай-ақ шарттың негізінде қадағалауды жүзеге асыруға міндеті 

адамның  бақылауында  болған  уақытта  зиян  келтірсе,  зиян  олардың  қадағалауды  жүзеге 

асыраудағы кінәсінен  болмағанын дәлелдемесе, келтірілген зиян үшін осы мекемелер мен 

адамдар жауап береді.

Ата-аналардың (асырап алушылардың), қорғаншылардың, оқуорындарының, тәрбиелеу, 

емдеу және өзге де мекемелердің зиянды өтеу жөніндегі міндеті жас баланың кәмелетке 

толуымен немесе оның зиянды өтеу үшін жеткілікті мүлік алуымен тоқтатылмайды.

Егер  ата-аналары  (асырап  алушылары),  қорғаншылары  қайтыс  болса  немесе  олардың 

сондай-ақ осы баптың 3-тармағында аталған басқа да азаматтардың жәбірленушінің өмірі 

мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу үшін жеткілікті қаражат болмаса, ал толық әре-

кет қабілеттілігі болған зиян келтірушінің өзінде мұндай қаражат болса, сот жәбірленуші 

мен зиян келтірушінің өзінде мұндай қаражат болса, сондай-ақ басқа да мән жайларды еске-

ре отырып, зиянды зиян келтірушінің өзінің мүлкі есебінен толық немесе ішінара өтеу тура-

лы шешім қабылдауға құқылы.

Қазақстан Респіубликасы Азаматтық Кодекстің 926-бабында он төрт жастан он сегіз жасқа 

дейінгі кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік мәселесі анықталған:

– он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерікелтірген зиян үшін 

жалпы негіздер бойынша дербес жауап береді.

– он төрт жастан он сегіз жасқа дейін кәмелетке толмағандардың зияндыөтеу жеткілікті 

мүлкі немесе өзге кіріс көздері болмаған жағдайда, егер олар зиянның өз кінәсінен болмаға-

нын дәлелдемесе, зиянды толық немесе оның жетпей тұрған бөлігін ата-аналары (асырап 

алушылары) немесе қамқоршылары өтеуге тиіс.

Егер он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі қамқоршылыққа мұқтаж кәмелетке толмаған 

адам тиісті тәрбиелеу, емдеу мекемесінде немесе заңға орай оның қамқоршысы болып та-

былатын сол сияқты басқа да мекемеде болса, зиян өздерінің кінәсінен болмағанын дәлел-

демесе, зиянды толық немесе оның жетіспей тұрған бөлігін сол мекемелер өтеуге міндетті.

Ата  –аналардың  (асырап  алушылардың),  қамқоршының  және  тиістімекеменің  зиянды 

өтеу жөніндегі міндеті зиян келтірушінің кәмелетке толуы бойынша немесе онда кәмелет-

ке толғанға дейінгі зиянды өтеуге жеткілікті мүлік немесе кіріс көздері пайда болса не ол 

кәмелетке толғанға дейін әрекет қабілеттілігіне ие болса тоқтатылады (осы Кодекстің 17-ба-

бының 2- тармағы).

Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардың кәмелетке толмағандаркелтірген зиян 

үшін  жауапкершілігі  Қазақстан  Республикасы  Азаматтық  Кодекстің  927-бабында  көр-

сетілгендей ата-ана құқықтарынан айырылған ата-анаға, егер баланың зиян келтіруге әкеп 

соқтарған мінез құлқы ата-ананың баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс жүзе-

ге асырмауының салдары болып табылады деп анықталса, сот ата-ана құқықтарынан ай-

ырылғаннан кейін үш жыл бойы оның кәмелетке толмаған балалары келтірген зиян үшін 

жауаптылқ жүктеуі мүмкін.

Өкіметке қабілетсіз деп танылған азамат келтірілген зиян үшін жауапкершілік Қазақстан 

Республикасы Кодексінің 928-бабы қарастырады:

Әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат келтірген зиянды (осыКодекстің 26-бабы), егер 

олар зиян өздерінің кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, оның қорғаншысы немесе оны қа-

дағалауды жүзеге асырауға міндетті ұйым өтейді.

Қорғаншының немесе ұйымның әрекетке қабілетсіз дептанылғаназамат келтірген зиян-

ды өтеу жөніндегі міндетті оның әрекетке қабілеттілігі қалпына келген жағдайда да тоқта-

тылмайды.



319

Егер қорғаншы қайтыс болса не оның зиянды өтеу үшін жеткіліктіқаражаты болмаса, 

ал зиян келтірушінің өзінде мұндай қаражат болса, сот жәбірленуші мен зиян келтірушінің 

мүліктік жадайын, сондай-ақ басқа да мән жайларды, атап айтқанда, зиян келтірушінің әре-

кетке қабілеттілігінің қалпына келтірілуін ескере отырып, жәбірленушінің өмірі мен денса-

улығына келтірілген зиянды сол зиян келтірушіні мүлкі есебінен толық немесе ішінара өтеу 

туралы шешім қабылдауға құқылы.

Әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған азамат келтірген зиян үшін жауапкершілік 

тәртібі  Қазақстан  Республикасы  Азаматтық  Кодекстің  929-бабында  көрсетілгендей,  әре-

кетке қабілеттілігі шектеулі деп танылағн азаматтың спиртті ішімдіктерді немесе есірткі 

заттарды жөнсіз пайдалануы салдарынан келтірілген зиянды (осы Кодекстің 27-бабы) зиян 

келтірушінің өзі жалпы негіздерде өтейді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кокекстің 930-бабында қарастырылғандай, өз іс-әре-

кетінің мәнін түсінуге қабілетсіз азамат келтірілген зиян үшін жауапкершілік мәселесі мына 

тәртіп бойынша анықталады:

Өз іс-әрекетінің мәнін түсіне алмаған немесе өзіне-өзі ие болаалмайтын жағдайда зиян 

келтірген әрекетке қабілетті азамат, сондай-ақ 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке тол-

мағандар өздері келтірген зиян үшін жауап бермейді.

Егер жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына зиян келтірсе, сотжәбірленуші мен 

зиян келтірушінің мүліктік жағдайын, сондай-ақ басқа да мән жайларды ескере отырып, 

зиянды өтеу жөніндегі міндетті зиян келтірушіге толық немесе ішінара жүктей алады.

Егер спиртті ішімдіктерді, есірткі заттарды пайдаланып немесе өзгеәдіспен өзін осындай 

жағдайға келтірсе, зиян келтіруші жауаптылықтан босатылмайды.

Егер зиянды жүйке ауруы және ақыл-ойының кемістігі салдарынан өзіс-әрекетінің мәнін 

түсіне алмайтын немесе өзіне-өзі ие бола алмайтын адам келтірсе, сот зиянды өтеу міндетін 

осы адаммен тұратын еңбекке қабілеттілерге; зиян келтірушінің осындай жағдайын білген, 

бірақ оны әрекетке қабілетсіз деп тану және оған қорғаншылық жасау туралы мәселе қой-

маған жұбайына, ата-анасына, кәмелетке толған балаларына жүктеуі мүмкін.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан РеспубликасыныңАзаматтық Кодексі (1994ж,27 желтоқсандағы №269-XIII)

(Жалпы бөлім)(2005.08.07 бер(2005.08.07 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

2. Қазақстан РеспубликасыныңАзаматтық Кодексі (1999 ж. 1шілдедегі № 409-1)(Ерекше бөлім)

3. Азаматтық құқық.Оқуқұралы.Қыстаубай Ө.С.-Алматы, «Асыл мұра»,2011.

4. ҚР-ң азаматтық құқығы оқулық, 1том Төлеуғалиев.Ғ.И Алматы 2001 ж

5. www.wikipedia.org

Әшірбек Д. Ы. – студент, «Қаржы» мамандығы

«Қаржыакадемиясы» АҚ, Астана қ.

kispupdina@mail.ru

Успанова Н. С. – «Қаржыакадемиясы» АҚ

ӘГП және АТ кафедрасының аға оқытушысы

биология ғылымыныңмагистрі

uspanova85@bk.ru



ҒАСЫРДАН ҒАСЫРҒА ҰлАСҚАН ҚОҚЫС МӘСелеСІ

Жұмыр жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер -анаға адам ба-

ласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, саналы тір-

шілік иесі саналатын «нome sapins»-тің күнделікті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық 

қалдықтары мен күл-қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып барады.Қасиетті даласын 


320

көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. 

Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұр-

мыстық қалдықтар қалатын болды. Қасіреті қалың қазақ даласында бүгінге дейін жиналған 

22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар екен.Бұл арнайы 

есепке алынған күл-қоқыс алаңдарына төгілгені. Ұлы даламыздағы күл-қоқыс «қоры» жыл 

сайын бірнеше миллион тоннаға көбейіп отыратын көрінеді. Ал ұлы даланың жер-жерінде 

есепке алынбаған тау-тау күл-қоқыс қаншама?! Қазақстан ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) 

мен күл-қоқыстың 97% арнаулы күл-қоқыс алаңдарына төгумен ғана айналысады [1].

Табиғат  –  адамның  бойына  қуат,көңіліне  шабыт,сезіміне  ләззат  шапағатын  ұялататын 

сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол- ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі.

Демек, «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ».

ХХ ғасырдың ортасынан бастап жер бетінде адам санының және техниканың, қалалар 

санының өсуіне байланысты биосфера көп зиян шеге бастады. Іргесі ірі фосфорит игер-

ген,Қазақстанның оңтүстік бөлігінде орналасқан Жамбыл облысына қарасты Жаңатас қа-

ласы. Қазіргі уақытта туған қаламның экологиясы мені қатты аландатып отыр. Соған орай 

экологиялық  проблема  ғаламдық  проблемаға  айналды.  Қазіргі  уақытта  қоқыс  зерттеуіне 

көп көңіл бөлуіміз керек. Ал қоқыстарды зерттейтін сала-Гарбология деп аталады.

Гарбология-ағылшын тілінен аударғанда «қоқыс» деген мағынаны білдіреді. Оны 1973 

жылы Уильям Рэджи ашты. Ол экология ғылымынан бөлінген жеке бір сала. Егер де бір 

жыл ішінде жиналған қоқысты жоймай немесе қайта өңдемей, бір жерге төге берсе Европа-

дағы ең биік шың-Эльбрустей тау пайда болады [2].

Қоқыс- еліміздің дамуына кесір. Қазіргі кезде біздің алаңдатып отырған жағдай-табиға-

тымыздың тікелей адамның іс- әрекетінен ластанып, бұзылуы. Еліміздің қоқысын тазала-

майынша біз дамыған елдердің қатарына қосыла алмаймыз.Менің өлкемнің экологиялық 

жағдайы мәз емес.Себебі қала тұрғыны көбейген сайын қоқыста көбейе береді.Жаңатас қа-

ласында тұратын халық саны соңғы жылдардың санауы бойынша 43000-ға жеткен.Менің 

зерттеуімше 1 адам тәулігіне 1,4-1,6 кг қоқыс шығарса 1 адам 1 күнде 60959,2 кг,сонда 1 

адам 1 айда 2060 088,2 кг, жылына 1 адам 1 жылда 24 299 011,4 кг қоқыс, 43000 адам 1 

жылда 956 603 908 258,2 кг қоқыс,полигонына апарылады екен.Егер қаланың күндіз-түні 

бір тынбайтын желін ескерсек, аталған қалдықтар мен қоқыстар ұшып, қаланы ластап, қор-

шаған ортаға зиянын тигіуде.Қаладағы қоқыс адамзаттың әсерінен туындап отыр.Табиғат-

ты өте тамаша бір қасиет бар.Оның өзі бөліп шығарған қалдықтардан біздің көмегімсіз-ақ 

өзін-өзі тазартып ала алады.Ал адам баласының бөліп шығараған көң-қоқсығынан ақыл ой-

мен өмірге келген халық шаруашылығының улы, зиянды қалдықтарынан өздігінен тазала-

уға табиғатта шама жоқ.Мынаны қараңыз күн сайын тау-тау қылып күл-қоқысқа тастайтын 

пластмасса құтылар жер бетінде 500 жылға дейін, кәдімгі полиэтилен пакеттері 200 жылдан 

астам уақыт бойы шірімей,сақталады екен. Ал консерві қалбырлары мен шыны сынықтары 

1 мың жылға дейін жер қойнын ластап, «жегі құртша» топырақ құнарын жеп жатады.Ағаш 

жапырақтарын жаққанда ауаға улы заттар таралады (ангидрид, бензопирен, күкіртті сутек 

және диоксин). Оның түтіні 1 м-ге ғана көтерілетіндіктен көбінесе жас балалардың тыныс 

алу жолдарына және ойлау қаблеттеріне кері әсерін тигізеді.Осыған орай Жаңатас қаласын-

да басқа дамыған мемлкеттер сияқты қалдықтарды салатын арнайы контейнерлер қолда-

нып,қоқысты қайта өндіргенде судың, энергияның, ауаның ластануына, судың ластануын 

үнемдейді екенбіз.Жаңатас қаласында қоқыстың көбі:35 % қағаз, кардон, 15% полимер, 5% 

резеңке, тері, 10% текстиль болып табылады.Қағазды қайта өндіргенде 1 тонна өндірілген 

қағаздан – 1 тонна дәретханалық қағаз жасауға болады.1 тонна өндірілген қағаз 17 ағашты 

құтқарады. Қоқыс қағаздарын қайта өндіргенде судың-60%, энергияның-40%, ауаның ла-

стануына  -74%,  судың  ластануын  –  35%  үнемдейді  екенбіз.Ал  пластмассаны  өндіргенде 

құрылыс материал (1000 пластикалық бутылкадан 5 м кв. тротуарлы плитка) жасауға бо-

лады екен. Ал тамақ қалдықтары тыңайтқыштар, биогаздар өндіру үшін пайдаланылар еді. 


321

Осыған орай мен сараптама жүргізген едім. Әлеуметтік сараптама сұрақтары мынадай еді:

1.Сіз гарбология сөзін қалай түсінесіз?

2.Сіздің ойыңызша келешкете қатты тұрмысттық қалдықтарды өңдейтін зауыт салаты-

нын сенесіз бе?

3.Сіз қоқысты арнайы қоқыс жәшікке саласыз ба?

4.Сіздің үйініздің жанында қоқыс жәшігі бар ма?

5.Сізді Жаңатас қаламыздың экологиясы қызқтыра ма?

6.Қоқыс қалдықтарынан адам денсаулығына әсері бар ма?

Сараптаманың нәтижелері:

1.Гарбология терминінің мағынасын қала тұрғын 85% нақты білмейді.

2. Қала тұрғындарының 48% ҚТҚ қайта өңдейтін зауыт салатынына сенімді.

3.Қала тұрғындарының 65 % арнайы қоқыс жәшігіне салады.

4.74 % үйінің жанында қоқыс жәшігі жоқ екені айтылды.

5.Қала тұрғындарың 45% қызықтырмайды.

6.Жанатас қаласының 35 % білмейді.

Қазргі кезде жоғары технолгиялық құрылғы тұрғанына 18 жыл.Табиғатты қорғау, оның 

байлықтарына аялы алақанмен қамқорлық жасау ісіне ерекеше мән беріліп отырады.1991 

ж 18 маусымдареспублика тарихында тұңғыш рет Қазақстан Республикасының айналадағы 

табиғи  ортаны  қорғау  туралы  заңы  шықты.Бұл  заң  адам  өмірі,  денсаулығы  үшін  табиғи 

ортаны қолайлы болуын, адам қызметінің табиғатқа зиянды ықпал жасауына жол бермеу, 

байлығын тепе-теңдікті сақтау мен табиғат байлығын ұтымды пайдалануға ұйымдасыруға 

бағытталған.Менің ұсынысым ҚТҚ салатын арнайы қоқыс жәшіткерін көбейтіп, оны қайта 

өндірісе экологиямыз тазарып, айнала қоқысқа айналмас еді [3].

Қазақтың жері дархан, киелі, қасиетті. Оны көздің қарашығындай қадірлеу- бүгінгі ұр-

пақтың басты мақсаты. Осыған орай жұмыр жердің ризығын алып, ауасын жұтып отырып, 

оған қатыгездік жасау пенденің күнәһарлығы. Қай уақытта да ғұмыр кешіп отырған орта-

мызды таза ұстау, Жер-Ананың жүрегін жараламау-бізге міндет. 1986 жылы маусым айында 

Мюнхенде экологияға арналған 11 қағида мен 11 ұстаным қабылданды. Мен осы ұстаным-

бойыншажұмысжасапкелемін.

1.Ауаныңластануынажолбермеймін.

2.Судың таза болуыүшін бар жағдайдыжасаймын.

3.Мен жерландшафттарынсақтауға бар күшімдіжұмсаймын. 

4.Жердіңқұнарынкетіретінзияндызаттардыпайдаланбаймын. 

5.Мен өзімненкейінтұрмыстыққалдықтардықалдырмаймын.

6.Мен үнеміжануарлардықорғаймын.

7.Энергия көздері мен шикі заттардыүнемдіпайдалануғатырысамын.

8.Өсімдіктердіңтүрлерінсақтауғажәне оны қорғауғажұмыстанамын.

9.Мен тек биологиялық таза көкөністер мен жемістердіөсіріп, сатуғаеңбектенемін.

10.Мен саналытұтынушыболуғажұмыстанамын.

11.Мен осы қағидалардыүнеміұстануғауәдеберемін.

Қазіргітаңда қаламызда қолға алынған жұмыстардың бірі сәуірмамырайларындаэколо-

гиялық-санитарлықтазалықайлығыжарияланып,  көптегенкөшелержиналып,тазаланады.«-

Жасыл ел» бағдарламасына сәйкес түп ағаштар отырғызылады [4].

Тәуелсіздікке  қол  жеткізген  20  жыл  ішінде  Қазақстанның  экономикасы  аршынды  қа-

дамдармен  дамыды.  Еліміз  бүгінде  әлеуетті  экономикасы,  тұрақты  қаржылық  қуаты  бар 

мемлекетке айналғаны да ақиқат. Осының бәрі ненің арқасы? Ол қойнауы қазына, топырағы 

құт қазақтың қасиетті жерінің арқасы. Жасыратыны жоқ, ел экономикасының бүгінге дейін 

даму үрдісі тек қасиетті жеріміздің қойнауынан алынған шикізат ресурстарының арқасында 

ғана мүмкін болды. Қазақстан Республикасы экспортының 90% мұнай, көмір, темір және 

әртүрлі түсті металл шикізаты құрайтындығы да шындық. Ғасырлар бойы төл перзентін 


322

қойнауынан  алынған  игілікпен  қамтамасыз  етіп  келе  жатқан  қайран  дала  қажыды,  тума 

табиғатымыз тақырланды. Ұлы дала енді туған перзенттерінен жанашырлық күтеді. «Ал-

мақтың да салмағы бар». Енді «бұлақ көрсең, көзін аш» деген бабалардың қасиетті қағи-

дасына адалдық танытып, жомарт даламызды күл-қоқыстан тазартып, тынысын ашуымыз 

қажет-ақ. Қазақ «жер жарасы – жан жарасы» деген ұлағатты ұран тұтқан ұлт [5].



Әдебиеттер тізімі:

1. «Атамекен» газеті 2007-2008 ж.ж.

2.Биология жәнесалауаттанунегізі № 4,5. 2009ж.

3. «Жайықөңі рі» Орал қ. 2003ж.

4. «Орал өңірі» газеті 2002-2003 ж.ж.

5. Соқпақ Тропинка ғылыми -әдістемелік журнал №1,2 2009ж.



Бекмағұлова А. Н. – студент,»Қаржы»мамандығы

«Қаржы академиясы»АҚ, Астана қ.

bb.ainur@mail.ru

Успанова Н. С. – «Қаржы академиясы» АҚ

ӘГП және АТ кафедрасының аға оқытушысы

биология ғылымының магистрі

uspanova85@bk.ru



ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОлОгИялЫҚ-геОгРАФИялЫҚ ҚАСИеТТеРІНе 

БАЙлАНЫСТЫ АУРУлАРДЫҢ ТАРАлУ еРеКШелІКТеРІ

Қазақстан табиғи кешендерінің ерекшелігі-Азия құрлығының ортасында орналасуы.Ол 

солтүстіктен-оңтүстікке 1600 шақырым,батыстан-шығысқа 1925 шақырымға созылып,2717 

мың шаршы шақырым немесе құрлық бетінің 1,8%-ін алып жатыр.Қазақстанның солтүстік 

шекарасы  Байкал  көлі,оңтүстік  шекарасы  Ыстанбұл  және  Мадрид  қалаларының  ендігіне 

сәйкес.Қазақстан ендігінде Канаданың жалпақ жапырақты орманы мен дала белдемдері,Ор-

талық Қытайдың құрғақ және шөлді дала белдемдері орналасқан.

Территориясы  үлкен  ауданды  қамтитындықтан  табиғи  жағдайы  алуан  түрлі.Қырат-

ты  жазықтар(теңіз  деңгейінен  500-600м)  мен  ұсақ  шоқылар  Қазақстан  ауданының  50%-

ін  алып  жатыр.Ойпатты  жазықтарының  (100-250м)үлесіне  30%,ал  тауларға  (1000-1400м) 

20% тиеді.Территорияның теңіз деңгейінен ең төмен және ең жоғарғы нүктелерінің көр-

сеткіштері-132метрден (Қарақия ойысы) 6995 метрге (Хан тәңірі) дейін орналасқан. Эко-

логиялық  географиялық  орналасуының  ерекшеліктері:минералды-шикізат  ресурстарына 

өте бай,оның ішінде мұнай мен газ кендері,Республика халқының сирек қоныстануы,елді 

мекендер,қалалар,өнеркәсіптік  тораптардың  дақ  тәрізді  орналасуы,транспорттық  тордың 

нашар дамуы,экономиканың,негізнен,аграрлы-өнеркәсіпті шикізаттық сипаты.

Табиғи кешендердің дамуы мен динамикалық жағдайына трансшекаралық өзен ағыны 

елеулі әсерін тигізеді.Бастауын көршілес елдерден алатын:Ертіс,Іле(Қытай),Сырдария(Өз-

бекстан), Шу (Қырғызстан), Жайық өзендер ағады.Аталған өзен ағындарының транзиттік 

немесе шоғырландырушы аймаққа жатуы қоршаған ортаға экологиялық қауіп туғызады,-

техногендік қалдықтардың жиналу орталығына айналды.

Солтүстік және батыс шекара маңында Поволжье, Оңтүстік Жайық, Батыс Сібір өнер-

кәсіп орталықтары Қазақстанға трансшекаралық ауа ағындарымен өнеркәсіптік ластаушы 

заттардың тасымалдауына әсер етеді.

Арал  теңізінің  орналасуы,Семей  ядролық  сынақ  полигонының  және  бірқатар  әске-

ри-сынақ нысандарының болғандығы тек Қазақстанға ғана емес,көршілес мемлекеттердің 

табиғи кешендері мен тірі организмдеріне әсер ететін экологиялық қауіпті фактор деуге бо-


323

лады. Олардың қатарына Қазақстанның ірі өнеркәсіп тораптары да жатады. Павлодар-Екі-

бастұз, Қарағанды-Теміртау, Қаратау-Жамбыл, Маңғыстау,Кенді Алтай,т.б

Сонымен,территориясының  табиғи-экологиялық  қасиеттерін  анықтайтын  Қазақстан-

ның  географиялық  орнының  негізгі  ерекшеліктері:климаттың  континеттігі;су  көздерінің 

ағынсыз  болуы;  территориясының  батыс  және  солтүстік  ауа  массаларының  ығысуының 

қолайлығы;Оңтүстік-шығыс  тауларының  (Алтай,  Тянь-Шань,  Жоңғар  Алатаулы)  климат-

тық-тосқауылдық әсері.

Ірі  қалалар  мен  өнеркәсіп  тораптарының  бірқалыпты  орналасуы  да  елеулі  әсер  етеді.

Сондықтан қалалар мен тау-кен өнеркәсіптік нысандарымен байланысты қоршаған ортада 

нүктелік ластану орын алды.

Табиғи-антропогендік ландшафтарды экологиялық жағдай түрлі факторларға тұрақтылық 

дәрежесіне,табиғи жүйелерге антропогендік фактордың әсер ету дәрежесіне,тұрғындардың 

техногенез әсеріне жауап қайтаруына(оның ішіне тұрғандар тығыздығына), т.б

Халық-қоғамның негізгі,әлеуметтік дамудың қорғаушы күші,бар байлық пен игілікті жасаушы.

Сонымен қатар,жалғыз материалдық молшылық қана емес,рухани байлықтың бар көзі сол жасам-

паз да еңбекқор халықта жатқаны белгілі.Ғасырлар бойы жасалған баға жетпес рухани байлықтар-

ды жинап өз бойына сіңіретін,оларды сақтап,келешек ұрпаққа жеткізетін де сол халық.

Тәуелсіздік тұғырына ту тіккен тұстағы еліміздің елеулі шаралардың бірі-көші – қон мәсе-

лесін қолға алу керек еді. Қазақстандағы қазіргі қалыптасқан нақты жағдайға сүйенгенде де-

мографиялық жағдайды жақсартудың бірі жолы бар.Ол сырттан көшіп келушілерді көбейту.

Үкіметіміз  шама-шарқы  келгенше  қолдан  келген  жағдайын  оралмандар  үшін  жасап  отыр.

Әрине,жұмыс болған соң кемшіліксіз болмайды,бірақ соның бәрі қаржы тапшылығына келіп 

тіреледі.Ең  бастысы,оралмандар  бұрын  «төркінсіз,жетім  қыздың»  күйін  кешіп  келсе,енді 

олар артымызда іздеушіміз бар екен деген дәрежеге жетті.Өйткені,Қазақстан Республикасы 

Конституциясының 11-бабында:»Республикада өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын 

қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік берілді»-деп атап корсеткен [1].

Сонымен,Монғолия,Түркия,Иран,Қытай  және  басқа  елдерден  көшіп  келе  жатқан  қан-

дастарымыз еліміздегі негізгі халықтың үлесін үлкейтуге көп септігін тигізіп жатыр.

1999 жылғы санақ Қазақстандағы халық санының1989 жылмен салыстырғанда 17,2 млн 

халықтан 14,93 млн халық қалғанын көрсетті. Бұл, әрине бір жағынан Кеңес Одағы ыдыра-

п,әр ел егемендік алып,көбісі өз Отандастарына көшсе,екінші тығырыққа тірелген экономика 

көптеген халықты жұмыс іздеп басқа алыс-жақын шетелдерге көшуге мәжбүр етті.2004 жыл-

дың 1 наурызындағы халық саны туралы деректер бойынша 14970,8 мың адамды құрады [2].

Ұлан-байтақ Отанымыз Қазақстан үшін бүгінгі таңда,егемендік алып іргелі ел болған 

шақта халық санының өсуі өте қажет.Жалпы халықтың тығыздығы әрбір шақырым жерге 

5,6 адамнан келетін,тығыздығы жағынан ең аз елдердің қатарына жатады.

Қазір Республикамызда халық арасында аурулар мен өлім-жетім көбейіп кетті.Баланың 

іштен  кемістікпен,ақыл-есінің  кем,  қабілетсіз,  басқа  да  аурулармен  ауырып  туының  ба-

сты себепкері қоршаған ортаның бұзылуы,содан кейін адамдардың ішімдікке,нашақорлық 

жолға салынуы екендігіне дау жоқ.Бұл күнде өмірге ұрпақ әкелетін ата-аналардың жұтқан 

ауасы мен ішкен суы да жеген тамағы мен басқан топырағы да экологиялық апат аймағының 

улы өнімдері.Ел-жұртымызға ие болатын дені сау,ақыл-есі түзу,салауатты ұрпақ,білікті ма-

ман даярлау бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі.

Ауру  көпшілік  жағдайда  қоршаған  ортаның  әсерлеріне,сондай-ақ  организмнің  ішкі 

жағдайлары мен тұқым қуалау белгілеріне байланысты болады.Елімізде туа біткен аурулар 

мен  жүре  пайда  болған  аурулар  кездеседі.Осыған  байланысты  халқымыздың  демократи-

ялық жағдайы мен денсаулығы алаңдатуда.



Пайдаланған әдебиеттер:

1.Денсаулық журналы.2006ж

2.Экология.Алматы баспанасы.2000ж


324



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет