Сборник материалов международной научно-практической конференции



жүктеу 1.76 Mb.
Pdf просмотр
бет12/16
Дата28.12.2016
өлшемі1.76 Mb.
түріСборник
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
 
5.
 
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. А.: Санат, 1995.366 б.  
6.
 
Қҧл-Мҧхамед.  Алаш  қайраткерлері  саяси-қҧқықтық  кӛзқарастарының 
эволюциясы. Алматы: Атамҧра, 1998. 360 б.  
7.
 
Нурмагамбетова Р.К. Движение Алаш и Алаш-Орда. А.: 2003. 153 с  
8.
 
Ӛскембаев.  Ә.Ә.  Ермековтың  қоғамдық  –  саяси  және  ағартушылық 
қызметі. 2003. 
9.
 
Сҧлтан  Хан  Аққҧлы
.  Гулагтың  аранынан  ғайыптың  кҥшімен  аман 
шыққан "Алаш" жетекшісі.//
www.Azattyq.Org/Content/
  
10.
 
Ҥдербаев 
А. 
Әлімхан 
Әбеуҧлы 
Ермеков 
(1891-1970). // 
www.infoportal.kz  
 
ӘОЖ 821.512.122.09 
Дәулеткелдіҧлы Н. 
Іле педагогикалық университеті, ҚХР ШҦАР Қҧлжа қ. 
nurjanxakelyn@hotmail.com
 
 
ӘСЕТТІҢ АСЫЛ СӚЗІ – «АЛАШ ЖЫРЫ» 
 
Қазақ  даласының  қолға  жҥрегі  Қарағанды  жазығында,  жәзиралы 
жәйлауында  қадау-қадау  қасиетті  тҧлғалар  ӛмірге  келіп,  ӛнер  кемесін  ӛрге 
жҥздіріп,  ӛшпес  ӛнегелі  іс-іздерімен  Алаш  елі  тарихына  аты  алтын  әріппен 
жазылып  келеді.  Қарқаралының  бҧлбҧл  кӛмей  әншілері,  Сарыарқаның  сауық 
қҧрған  салдары  мен  серілері,  Нҧраның  нҧрлы  ойшыл,  кҥйшілері  дҥйім  алаш 
даласына аты машһҧр. 
Сол қатарда Сарыарқаны сәнге қосып, әнмен тербеткен, Ақтоғайдай арайлы 
ауылда ес білген Әсет есімі де ел жҥрегінде. Ӛмірдің кесімі, тағдырдың шешімі 
арқылы  Арқадан  кетіп,  Семейге  жетіп,  Қытайға  ӛтіп  кеткен  ардагер  Әсеттің 
соңғы  мҧрағаты  ортаймақ,  ӛшпек  емес.  Әсет  әніне  ай  жалтарып,  кҥн 
жасырынатын  биіктен  қӛрінген,  сайын  даланы  сан  шолған  тастҥлек.  Алаш 
ӛлкесінің орта, шығыс, солтҥстіқ бӛлігін дерлік шарлаған, ат терлігін алмаған, 
кӛрші  Шыңжаңға  соңғы  жырын  арнаған  тӛкпе  жырдың  сел  жорғасы.  Асыл 
сӛздің ақпасы. Майда сӛздің майталманы. Жекпе-жек айтысудың жел жҥйрігі.  
Әсет  Арқа  жерінде  туылып,  Ақтоғайда  тҧсауы  кесіліп,  Семей  жерінде 
ӛнермен серпіліп, Қӛктумада кӛркейіп, Қытайда қысылмаған Алаштың бір туар 
ардагер ақыны. Ӛлең мен ӛнерде жыршы және жырау, тӛкпе әрі жазба қабілетті 
тең жетілдірген, әнмен қанаттанған дарынды да текті ӛнер пірі. Еркіндік іздеп, 
сары  белден  асып  сағыныш  арқалаған  сал  сері.  Алаш  кӛсемі  Әлиханның 

170 
 
жерлесі.  Алаш  идеясын  ерте  бойына  сіңірген  халық  ақыны.  Жемісті,  келісті 
ғҧмырында  Ақтоғайдан  Ҥржарға,  Семейден  Мақаншыға,  Бақтыдан  Майлы-
Жайырға,  Шәуешектен  Бҧраталаға,  Шыбартҥбектен  Зайсанға  кӛшіп  жҥрген, 
еліне еркін ӛмір аңсаған Алаштың ашық ойлы азаматы.  
Әсеттің  соңғы  ӛмір  сапары  да  қызық.  Қазақ  елінен  Қытайға  ӛтіп  кетуі 
кеңестік  тҥзімнің  кесірі.  Ақын  1916  жылы  Қытай  асып  Шыңжың  ӛлкесінің 
Тарбағатай  аймағы  Шәуешек  қаласына  бір  де  екі  жыл  тҧрақтайды.  Кӛрші 
қандас  туыстар  ортасына  балдай  еріп,  тастай  сіңеді.  Бейғам  жатқан  берекелі, 
мерекелі  елге  ояну,  жаңаша  ой  алу  жайлы  арнау  жырларын  жазып,  таратады. 
Азатшыл идеядағы ақ жарма ӛлеңдерін жазып, айтумен ҥгіт, нәсихат жҥргізеді. 
Қазақ  елінде,  алаш  жерінде,  туған  мекенде  болып  жатқан  бҧрқасын  ӛмірге 
алыстан кӛз тігеді. Ақтоғайдың асқан ойшылы Әлихан Бӛкейханов бастамасына 
жырақтан ҥн қосады.  
Сонау  ӛтпелі  кезеңдерде  алаш  даласына  теңдікті,  ерлікті,  бірлікті,  бейбіт 
ғҧмырды,  оянуды  дәріптейтін,  ағарту  жолына  бастайтын  Алаш  автономиясы 
қҧрылады.  Қамшының  сабындай  қысқа  мезгіл  билік  жҥргізгенімен  халық 
жҥрегіне оянудың отын маздатады. Асылы қазақ даласына жаңа дәуірде бірлік 
жолын  бастауға  Алаш  автономиясы  мен  «Алаш  орда»  мерзімдік  ҥкіметінің 
қҧрылуы  себеп  болды.  1917  жылы  13-15  желтоқсан  аралығында  Орынбор 
қаласында №2 жалпы қазақ съезі ӛтеді. Қазақ съезін маржан сӛзді, ашық ойлы 
жас  зиялылар  Әлихан  Бӛкейханов,  Ахмет  Байтҧрсынов,  Е.  Омаров,  С.  Дос-
жанов, Міржақып Дулатов сынды Алаш тҧлғалары бас болып ашады. Ақмола, 
Торғай,  Семей,  Жетісу,  Сырдария,  Орал,  Бӛкей  ордасы,  Ферғана,  Самархан, 
Алтай  автономиялы  аймағынан  82  ӛкіл  қатынасып,  Кҥлтӛбеде  кеңес  қҧрып, 
Алаш  ҧжымын  қҧруды  бір  ауыздан  шешеді.  Съезде  Алаш  автономиясы 
шаңырақ  кӛтеріп,  10  тараулы  алаш  халқына  қажетті  қаулыны  жасап  шығады. 
Бірақ  ҥш  жыл  жылға  жетпей  Кеңес  ҥкіметінің  билік  басына  жаңа  шыққан 
большевиктер  партия  комитеті  мен  ҥкімет  органы  Алаш  бірлігін  мойында-
майды. Бҧған Алаш арыстары қол қусырып қарап қалмайды. Халық тағдырын 
қыл мойнына қиналмай қӛтеретін Алаш кӛсемдері шетел аттап шет мемлекет-
терде  тҧрған  қазақ  диаспорасын  қҧшағына  тартып,  ӛрісін  кеңейтуді  ойласады. 
Қазақ  азаматтары    кӛп  ӛтіп  кеткен  Қытай  Халық  Республикасы  Шыңжаң 
ӛлкесіне  және  Моңғолия  Халық  Республикасы  Баянӛлгей  аймағына  бару 
бекімін  жасайды.  Бҧл  іс-шарадан  соң  Алаш  арыстарының  Моңғолияға  баруы 
туралы жазба деректер  жоқ. Ал Қытайға барғаны туралы айқын айғақ бар.  
1918  жылы  кӛктемде  Семей  қаласында  бір  бӛлім  Алаш  кӛсемдері  мен 
қайраткерлері  бас  қосқан  Алаш  идеясын  шетел  қазақтарына  жеткізу  туралы 
ашық мәжіліс ӛтеді. Келелі кеңеске Абайдың ақын шәкірті Кӛкбай Жанатайҧлы, 
Тҧрағҧл Абайҧлы, қазақ кҥресінің дара тҧлғасы Қажымҧхан Мҧңайтпасҧлы да 
қатынасады.  Абай  шәкірттерінің  Алаш  қайраткерлерімен  жақын  ара-
ласқандығын  дәлелдейтін  бір  жайт  –  олармен  бірге  тҥскен  суреттерінің 
сақталуы.  Алаш  кӛсемдерінің  бекітуі  бойынша  қазақ  қандастары  кӛп  тҧратын 
Қытайдың  Шыңжаң  ӛлкесіне  баруға  Ахмет  Байтҧрсынов,  Міржақып  Дулатов, 

171 
 
Райымжан  Мәрсеков,  Садық  Аманжолов  қатарлы  азаматтар  баратын  болады. 
Жиналыс  соңында  топтық  фотосуретке  тҥседі.  Бҧл  суретке  аты  аталған  Алаш 
арыстары қатар тҧрып естелік қалдырады.  
1918 жылы жәзиралы жаз маусымында алаш ардақтылары Зайсандағы алаш 
партия  мҥшелері  Дӛртуыл  Жапабай  Бітімбайҧлы  болыс  пен  Бекмҧқамет  Вказ 
молданың  отбасында  бір  мезгіл  аялдайды.  Жаз  айында  Ахмет  Байтҧрсынов, 
Міржақып Дулатов, Райымжан Мәрсеков, Садық Аманжолов қатарлы азаматтар 
Ақсуат  ӛлкесін  аралап,  Кеңес  одағы  қарастылығындағы  Қҧрбан  қажы  (Қоңыр 
батыр) ауылын басып, Қытай жеріне қарайтын Ҥйтас, Саржҥрек жайлауындағы 
Таңғыт  ҥкірдай  ауылына  ат  шалдырып,  Шәуешек  қаласына  жетеді. 
Шәуешектегі  кӛреген  қарт  Бейсеғали  Садыханҧлы  Алаш  кӛсемдерінің  Алтай 
асып,  Тарбағатайға  қіріп,  Қҧрбан  қажы  ауылына  жақындағанда  бір  жотаның 
ҥстінде  тҧрып,  су  алуға  келген  келіншектің  бейнесін  қосып,  қайым  ӛлең 
айтқанын былай жеткізеді: « Су алғалы келіншекті кӛріп Ахаң - Аларма еді ана 
кӛлдің қазын атып, – дегенде Міржақып – Кетпесін оғың зая жазым атып – десе, 
Райымжан  –  Келіншекті  суға  келген  қҧс  екен,  –  дейді.  Ал  сонда  Садық  – 
Алмайық  абайсызда  қызын  атып,  –  деген  екен.  Дӛрбілжіңдегі  белгілі 
фольклорист  Асқар  Игенҧлының  дерек  жинауында  Ахаңның  Шәуешектегі 
Қызыр  ҥкірдайға,  жҧмық  елінің  қазысы  Қабиға  жолыққанын  қызықты 
әңгімелермен  толықтырады.  Кезінде  Семей  қаласында  тҧрып,  Қытайға  қоныс 
аударған Рамазан Жанышовтың ҥйінде қҧдайы қонақ болады. Шәуешек сапары 
жайлы  Міржақып  Дулатов  бір  шумақ  ӛлеңмен  жауап  береді:  «Шәуешек,  Есіл 
ӛтіп Манас бардым, Қолымда компасым бар адаспадым. Бҧл жақта нағашым да, 
қайным да жоқ, Тек қана қазақ қамы таласқаным» (Қытайдың Шәуешек жерінде 
ӛткен фольклорист Ақын Байбосынҧлы 1980 жылы Нариман Жабағатайҧлынан 
жазып  алыпты.  А.И.)  [1,2],  –  дейді  ақын.  Сол  барған  сапарында  Алаштықтар 
Шәуешекте қандастардың басын қосып жиналыс ашады. Бҧл іс-шарадан хабары 
бар еміл мәмбет елінің сол шақтағы болысы Қанағат Сҥлейменҧлы жеті де сегіз 
жолдасымен  Шәуешек  қаласына  келіп,  Алаш  кӛсемдерімен  кӛріседі.  Осы 
топпен  бірге  әнші,  ақын  Әсет  Найманбайҧлы  да  келеді.  Бҧл  мәнді  бас  қосуда 
Алаш  қӛсемдері  Алаш  орданың  бір  орталыққа  бірігу  идеясын  қандастарға 
ҧғындырады.  Аралықта  асқақ  дауысты  әнші,  ақпа  жырдың  адуынды  ақыны 
Әсетке  ӛлең  айтуға  ҧсыныс  тҥседі.  Әсет  Алаш  арыстарының  ӛздерімен  бірге 
жҥріп  таныс  болмаса  да  болашақ  жоспарларының  қазақ  тағдырын  шешетін 
келелі  іс  боларын  ақ  жҥрегімен  сезінгенін  аңғарып,  «Алаш  жырын»  ажарына 
келтіріп айтып кетеді. Соңында жиырма неше адам бірлікте фотосуретке тҥседі. 
Алаш  арыстарының  бҧл  кезекті  сапарынан  қалған  айғақтар  Әсеттің  «Алаш 
жыры» атты эпикалық ӛлеңі мен Мҧқаметжанның суреті  ғана.  
Суретті  әуесқой  фотограф  («Бәдіретші»)  Мҧқаметжан  Ғабдылкарымҧлы 
Иҥсіпов  тҥсіреді.  Ардагер  Әсеттің  жалғыз  суреті    да  сол  топтық  суреттен 
алынады.  Әсет  бір  топ  адамның  артында  жайсаңға  малдасын  қҧрып  отырған 
кҥйі  кескінге  тҥсіп  қалады.  Фотограф  Мҧқаметжан  (1896-1974)  аталған 
фотосуретті  қҧныптап  сақтаушы.  1950  жылдары  жазған  «Әсет  ақын  хахында 

172 
 
хатирелер  (естеліктер)»  атты  шағын  естелігінде  Алаш  орда  кӛсемдерінің 
Шәуешектегі  мәжілісін  еске  тҥсіреді.  Бҧл  суретті  қазақ  еліне  таныстырушы 
Жағыда  Бабалықҧлы.  Ал  кейін  Мҧқаметжанның  ӛмірінен  мақала  жазушы 
Нҧрқасым  Қазыбекҧлы.  Нҥкең  «Қазаннан  тарап  қазаққа  қызмет  еткен»  атты 
мақаласында  Әсет  суретінің  табылуына  және  сол  топтық  суретті  тҥсіруші 
Мҧқаметжанның ӛміріне арнаулы тоқталады [2].  
Әсет жырлаған «Алаш жыры» Қазақстан Республикасы және ҚХР Шыңжаң 
ӛлкесіндегі  мерзімді  басылымдарда  жарияланып  ҥлгерді.  Ең  алғашқы  ӛлең 
ҥзінділері  Тарбағатай  топырағына  таралып,  халық  қолынан  жазылып  алынған. 
Қытайда бҧл ӛлеңнің бар екені туралы 1983 жылы «Іле айдыны» журналының 
№4 санында жарық кӛрген «Әсет» атты мақалада ауызға алынды [3, 80]. Мақала 
авторы Жҥмәділ Маман Әсет ӛлеңдерінің ішінде «Нҧрнама», «Алашнама» атты 
ӛлеңдері барын  айта  келіп,  «Алашнаманы»  шежірелік  жырға  жатқызады. 1994 
жылы  ҚР  Алматы  қаласындағы  «Жҧлдыз»  журналының  №1санында  жас 
фольклорист  Асқар  Игенҧлының  табыстауымен  «Әсеттің  белгісіз  ӛлеңдері» 
атты  топтама  ӛлеңдері  жарық  кӛреді  [4,  152-168].  Бҧл  ӛлең  топтамаларының 
соңғы  168-беттегі  «Ғасырдың  жиырманшы  жаздым  жылын»  (16  жол)  атты 
қысқа ӛлең «Алаш жырының» кейінгі жарияланған шумақтарына жақындайды. 
Асылы  Асқар  Игенҧлы  «Алашнама»  деген  атпен  179  жолдан  тҧратын  ӛлең 
ҧсынған.  Оның  бәрі  жарық  кӛрмей  қалған  сыңайлы.  Қытайдың  Орталығы 
Пекин  қаласындағы  «Орталық  ҧлттар  баспасы»  2000  жылы  6  айда  «Әсет 
шығармалары»  деген  кітап  басып,  таратады.  Сол  Әсеттің  екі  томдық  толық 
жинағына «Алашқа» атты ӛлең кіреді. [5, 111-118]  
Жырдың мазмҧны ҥш бӛлімге бӛлінген. Бірінші бӛлімі  Әсеттің Міржақып 
Дулатовқа назы, екінші бӛлімі Әсет ақынның Ахмет Байтҧрсыновқа айтқан ой-
пікірі,  ҥшінші  бӛлімі  Әсеттің  Алаш  рухын  кӛтерген  ҧзақ  толғамдары  енеді. 
Жырдың  кӛлемі  27  шумақ,  397  жолдан  тҧрады.  Жыр  ҧйқастары  кӛбіне 
шҧбыртпалы, ҥдемелі шумақтарға сҥйенген. Сосын да жырдың ҧйқастары бірде 
кӛп  тармақты,  бірде  тӛрт  тармақты  болып  келеді.  Кітаптағы  шумақтардың 
бӛлінуі бойынша жиырма жетіге шектелді. Бҧл кітап жарық кӛрген соң кӛреген 
Асқар  мырза  «Алашнаманың»  және  бір  нҧсқасын  кезіктіреді.  Айталық,  2000 
жылы  1  қазанда  фольклорист  Асқар  ҚХР  ШҦАР  Тарбағатай  аймағы  Толы 
ауданы Ӛшеті ауылының тҧрғыны Жамали Ахметжанҧлынан аталмыш жырдың 
228  жолдан  тҧратын  бір  нҧсқасын  жазып  алады.  1945  жылы  осы  аймаққа 
қарасты Шағантоғай ауданының қоғам қауіпсіздік мекемесінде ҧзақ жыл істеп, 
зейнетке  шыққан  қадырлы  қарт  Қабимолла  Әутәліпҧлынан  «Алашнама»  атты 
жырдың 314 жолдан тҧратын қолжазбаны алады. Аталмыш жырдың кейінгі екі 
нҧсқасы әлі кҥнге дейін мерзімді басылымдарда жарық кӛрмеді. Содан да ӛзге 
нҧсқаларымен  салыстыруға  мҥмкіндік  туған  жоқ.  Белгілі  зерттеуші  Асқар 
ағамыз жариялаған соң ғана ғылыми тҥсініктеме жасауға болады. 
Әсеттің  бҧл  ӛлеңі  Алаштың  арыстары  Семей  жерінен  ӛтіп,  Қытай 
қазақтарына  сапар шеккен  кезінде,  Тарбағатайдың орталығы  Шәуешекте  алаш 
рухын  жеткізген  алқалы  жиналыста  айтылады.  Алаш  кӛсемдері  Қытай 

173 
 
қазақтарына  ҥлкен  ҥміт  артып  керген.  Олардың  мақсаты  ақтар  мен 
қызылдардың  аласапыранында  Алтай  асып  кеткен,  ҥдіре  кӛшкен  елдің 
жағдайын  білу,  жағдай  жасап,  қайтадан  қазақ  еліне  кӛшіріп  әкелу;  жаңа 
қҧрылып, бір жыл жетпей қҧлап қалған Алаш Орда билігінің қазаққа  келтірер 
тиімділігін  ҧғындыру,  алаш  рухын  жеткізу;  Қытай  қазақтарына  білім  мен 
ӛнердің жолын жасау жақтарында болады. Бҧның бір дәлелі Алаш орда ӛкілдері 
Шәуешектегі  жиналысын  жапқан  соң,  Санжы  дҥңген  автономиялы  облысына 
қарайтын  Манас  ауданынен  ӛтіп,  Шыңжаң  ӛлкесінің  Ҥрімжі  ауданына  келеді. 
Сол  кезде  Шыңжаңды  дара  билеп  тҧрған  Гоминдан  партия  комитетінің 
басшыларымен кезігуді талап етеді. Жол бастап жҥрген қазақ ҧлтының ауқатты 
байы  Қҧсайын  бҧл  талаптарды  жерлік  ҥкіметке  жеткізеді.  Шыңжаң  ӛлкесінің 
билеушісі Дян Зынчин ӛзі қабылдайды. Екі тараптардың әңгімесінен еш нәтиже 
шықпайды.  Алаш  Орда  кӛсемдері  қайтып  Шәуешек  жеріндегі  Бақыты  шекара 
ӛткелінен  ӛтпекші  болады.  Қайтар  жолында  жайлауда  Таңғыт  ҥкірдайдың 
ауылына келіп, қонақта болған. Кейін жетпіс ҥш жасқа келіп желкілдеп отырған 
Таңғыт Еңсеҧлын Гоминдаңның жерлік ҥкіметі Алаш Ордаға бҥйрегі бҧрылған 
деген  желеумен  атуға  бҧйрық  шығарып,  атқарылған.  Алаш  ардагерлері  кетіп 
бара жатып Зайсанға соғады. Қызылдарға қарсы «Теңдік» деген ҧғымды Зайсан 
жеріне  қҧрып  кетеді.  Шыңжаңның  Ӛр  Алтайдағы  Жапабай  болысқа  қарайтын 
отыз мың жан саны бар Дӛртуыл ауылын кӛшіріп әкетуге де хат жолданады. Ӛр 
керейдің  тӛресі  Әлен  уаңмен  жазба  нҧсқада  келіссӛздер  де  жҥріледі.  Бҧл 
бастамалар кейін Шыңжаңдағы биліктің қысымынан еш жауапсыз қалады. 
«Алаш  жыры»  атты  Әсеттің  асыл  сӛзі  бір  дәуірдегі  қазақ  қоғамының  еңсе 
кӛтеруінен дерек беретін туынды. Шығарма кітапта басылып таралғаннан бері 
мҧны  неше  тҥрлі  жанр  тҥрлеріне  жатқызды.  Сексенінші  жылдары  Жҥмәділ 
Маман  жырды  шежірелік  баяндау  тҥрімен  атады.  Асқар  Игенҧлы  қатарлы 
фольклористер  «Әсет  шығармалары»  деген  жинақта  бҧл  жырды  ӛлеңдер  мен 
толғаулар тобына енгізді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет 
қайраткері Уақап Қыдырханҧлы мәлім мақаласында бҧл туындыны Толғау деп 
баға  берді.  Бір  бӛлім  Қытай  қазақтарында  шыққан  оқу-әдістемелік  қҧралдық 
кітаптарда  қысқа  ӛлеңдер  тобына  қиналмай  жатқыза  салды.  Ал  жуық 
жылдардан бері Қытай жеріндегі бір бӛлім ізденушілер «Алашқа» атты ӛлеңнің 
кӛлемі кең болғанын тани бастады. Ол әдеттегі қысқа арнау, толғау, шежірелік 
ӛлең  емес,  тынысы  кең,  тармағы  мол  қазақтың  кӛлемді  жазба  жыры  немесе 
жазба  эпикалық  поэмаға  айналып  кеткенін  тектеді.  Бҧл  жӛнінде  Асқар  ӛз 
қолындағы  материялдарға  сҥйеніп  әдеттегі  қысқа  ӛлең  болмағанын  болжап 
кӛрсетті. 
«Алаш  жыры»  Әсеттің  аузынан  нақ  майданда,  шаршы  топтың  арасында 
туғанмен  кейін  ақын  қаламынан  талай  реттеліп,  толықтанып  азаматтық  ойды 
кӛтерген лирикалық сарын қосылған поэмаға айналады. Әсет Қытай жерінде ат 
дҥбірімен  басып  ӛткен  Алтай  аймағы,  Ҥрімжі  таулары,  Тарбағатай  алқаптары, 
Іле  ӛңірлерінде  ән  салып  жҥріп,  «Алаш  жырын»  да  толықтап  айта  жҥргені 
анық. Сол 1918 жылы басталған жыр 1920 жылдары толысқан кӛрінеді. Әсет ӛз 

174 
 
таламы, ой қорытуы арқылы бҧл шығармасының атын «Алашнама» деп атауына 
қарағанда  ҧзақ  поэма  жазғаны  білінеді.  Енді  бір  шығармасының  атын 
«Нҧрнама»  деген  атаумен  алғаннан  басқа,  ӛзге  шығармаларының  бір  де 
біреуінен «Нама» немесе «Наме» тіркесі жалғанбайды. Ғылым тілінде «Нама» 
сӛзінің  екі  тҥрлі  масынасы  бар  зат  есім.  Бірі,  Адам  есімі,  аты.  Енді  бірі,  кӛне 
сӛз. Жазылған хат, шығарылған бәйіт, дастан[7, 455]. Соданда ол кӛбіне кӛлемді 
жыр,  поэмаға  жалғанады.  «Балнама»,  «Шаһнама»,  «Бабырнама»,  «Ғашық-
наме»,  «Ғҧмырнама»,  «Наурызмама»  болып  кезігеді.  Бҧларда  тақырып 
шектемесі  болмайды.  «Алаш  жыры»  да  әне  сондай  толғаудан  жырға  айналған 
кӛркем ҥлгі. 
Алаш  кӛсемдеріне  арнаған  жыр  формасын  кеңейтіп  әр  жерде,  әр  тойда 
толықтап,  Лиркалық  поэма  дәрежесіне  кӛтеруді  ойлаған.  Бҧның  каншалық 
кӛлемде  жырланғаны  бізге  беймәлім.  «Бір  сӛзі  баспа  орнына  берілмеген»,  бір 
буда  қолжазбасы  қалмаған  ақынның  шығармасы  да  толық  жетуі  қиын  шаруа. 
Қытай  қазақтарында  сол  заманда  асқан  жекешілдікпен  басқарған  ДЯн  Зычин 
билігі  ҧлт  ззиялыларын  сӛйлеу  қҧқығынан  айырған.  Алаш  Орда  ҥкіметіне 
қатысы  барларды,  алашшыл  ақындарды  аяқтан  шалып,  аңду  салған.  Сол 
ауқымда сҥйреліп кетпеу ҥшын кӛп жыршы, жыраулар жауһар жырларды халық 
алдында  ашық  жырлай  алмай  кеткен.  Бҧл  бәлкім  «Алаш  жыры»  атты  Әсеттің 
мҧрасын  да  айналып  ӛтпеген.  Бірегей  ықпал  жасаған.  Жырдың  толық 
нҧсқасының  бізге  толық  жетпеуінің  бір  себебі  осында  жатыр.  «Алаш  жыры» 
атты ҧзақ жырдың бір шумағы екі басылымда екі тҥрлі келудің ӛзі де жырдың 
кӛп ӛзгеріске тҥскенін кӛрсетеді. Мәселен, «Ғасырдың жиырмасыншы жаздым 
жылын,  Арзанмен  айырсын  деп  қымбат  пҧлын.  Дін-дҥрие,  тахат-кәсіп,  парыз-
уажит, Жаратқан бҧған арнап қақтың қҧлын» [4, 168], – деген шумақ «Жҧлдыз» 
журналында  басылған  болса,  бірнеше  жыл  ӛткен  соң  жарық  кӛрген  «Әсет 
шығармалары»  атты  кітаптың  1-томында  былай  ӛзгереді:  «Жиырмасыншы 
ғасырдың жаздым жылын, Айырсын деп арзан мен қымбат бҧлын. Дін, дҥние, 
тағат,  кәсіп-парыз,  бҧған  арнап  жаратқан  хақтың  қҧлын»  [5,  105],  –  деп 
басылады.  Аталған  шумақта  бізге  ең  қажеті  басқы  бір  тармақ  «Ғасырдың 
жиырмасыншы  жаздым  жылын»  мен  «Жиырмасыншы  ғасырдың  жаздым 
жылын»  деген  тіркестің  алмасуы  болып  отыр.  Жыр  жиырмасыншы  ғасырдың 
жаңалығын  жырлап  отыр  ма?  Болмаса  жырды  сол  ғасырдың  жиырмасыншы 
жылы  аяқтады  ма?  деген  екі  ҧшты  ой  туады.  Анығы  «Алаш  жыры»  дәл  сол 
ғасырдың  жиырмасыншы  жылы  жазылып,  халқына  бірнеше  мәрте  айтылғаны 
байқалады.  Жыр  мазмҧнының  басында  жиырмасыншы  ғасырдың  жаңалығын 
жырлап кетеді.  Оны  қайта  әкеліп  жыр  ортасында және  жырлауы  мҥмкін  емес. 
Әсет шығармаларында мҧндай қайталаулар ӛте аз ҧшыраған. Дерлік кезікпейді. 
Соған қарап аталмыш жыр ҥш жыл салып, тамаша лирикалық поэмаға айналған 
деп қарауға болады. 
«Алаш  жыры»  дидактикалық  сарында  жазылған,  азаматтық  ой  кӛтерген, 
адамгершілік  кӛзқарасты  тереңнен  қазатын  Әсет  поэзиясының  бір  биігі.  Ол 
Алаш  идеясында  жақсы  қырынан  жарқыратып  кӛрсетеді.  Мәңгі  жас  Алаш 

175 
 
идеясы  мынадай  ҥш  тҥйінге  жинақталады:  Бостандық.  Теңдік.  Туысқандық. 
Жыр осы ҥш мазмҧнды ӛлең сюжетінің алтын арқауы ретінде суреттейді. Алаш 
рухында халықты немесе меллатты тапқа, жікке бӛлмейді. әрбір алаш баласын 
туысқандар  қатарында  қарайды.  Содан  да  олардың  істеріне  қазақ  байлары 
кӛмек  қолын  созады.  Мәселен,  Қаражан  Ҥкібаев,  Медеу  Оразбаев,  Ағайынды 
Бекметов,  Ыбырай  Ақбаев,  Маман  бай,  Иса  Тоғжасаров,  Сырым  батырдың 
шӛбересі  Салық  Омаров,  Тобанияз  Әлниязов  ата  мекенде  ақшасын  алашқа 
атаса,  Қытайда  Таңғыт  Еңсеҧлы,  Қанағат  Сҥлейменҧлы,  Қҧсайын  байларды 
айрықша  марапаттауға  болады.  Әсет  те  кӛзі  ашық,  кӛкірегі  ояу  байларды 
мадақтап,  кеудесі  кӛр,  жан  дҥниесі  шерге  толған  бір  беткей  байларды  аяусыз 
шенейді.  
«Алаш  жыры»  ақ  жҥректің  дәриясы.  Алаш  рухының  жаңғырығы.  Кемел 
ойдың  кесімі  мен  шешімі.  Жаңа  тҥспен  жазылған  поэма.  Поэманың 
анықтамасын асқан ойшыл, орыстың теоретигі В.Г.Белинский былай таратады: 
«Басынан  аяғына  дейін  лиризм  мен  драматизмді  арқау  еткен  және  солардың 
формаларын  жиі  пайдаланып  отыратын,  біздің  санамыздың  эпопеясы.  Аралас 
эпопея» [6, 39],-дейді. Бҧл тҧжырым арқылы поэманы тек кӛлемге, кейіпкерге, 
оқиғаға  шектеп  қоюға  болмас.  Онда  тҧнып  тҧрған  лиризм  мен  ширыққан 
тартыс  элементтері  орын  алап  жатуы  ләзім.  Әсет  жыры  осы  талапқа  қарай 
ізденген ӛлмес туынды. 
«Алаш  жыры»  атты  туындының  кӛтерген  ойын  тӛмендегідей  бірнеше 
мазмҧнға жинақтауға болады. 
Бірінші,  Алаш  Орда  оғландарына  тіке  айтқан  арнауы  әрі  пікірі.  Жырдың 
басы  Міржақып  пен  Ахмет  ойшылдармен  ӛлеңмен  қағысқан  пролог  сӛзден 
басталады.  Ақын  тілі-алмас  тіл.  Ол  шындықты  айтуымен  мәнді.  Әсет  екі 
кемеңгерді  сӛккен  емес.  Қытай  қазақтарының  басындағы  ашылмай  жатқан 
сырды  ақын  жҥрекпен  толғаған.  Жырдың  бҧл  шағын  екі  бӛлегі  драматизмдік 
тҥс  алған.  Қара  сӛз  диялогы  мен  ӛлең  сӛз  тӛкпелігі  тең  қабысқаң.  Міржақып 
пен  Ахмет  жырмен  сусындау  жолында  Әсетке  қолға  салады.  Әсет  ӛткір 
лирикаларымен  Шыңжаңдағы  болмысты  астарлы  жеткізеді.  «Міржақып  ӛлең 
айт  деп  қолқалайсың,  Мен  бе  ақын  сендер  тҧрып  ой  табатын»,  «-ей,  Аха,  не 
дегенің бҥй дегенің, алашқа жалпақ елді жи дегенің»,-деп тіл қатады. Олардың 
аңғарымды  ойы  мен  еселі  еңбектеріне  сҥйінеді.  «Алаш  деп  ағайынға  сауға 
салып,  Ахаң  ер  отырмай  ма  жол  табатын»  деген  тіркестермен  Ахаңның  алаш 
негіздерін,  «Қырық  мысалын»,  Мікеңнің  «Оян  қазақ»  ӛлеңін  озық  пікірге 
жатқызады.  Қытай қазақтарының  сол шақтағы озық  ойды  қабылдай  алмайтын 
надан  кҥйіне  ашынады.  Гоминдан  атты  қара  ниет  партия  саяасаты  да  Алаш 
қозғалысына  бҥйрегі  бҧрмайтынын  сездіреді.  Халықты  бір-біріне  жау  қылған 
кулығын  ашық  айтады.  Сол  кездің  ӛтпелі  қоғамдық  болмысы  мен  қҧбылыс 
кейпін ашып береді. 
Екінші,  қалың  қазағын,  мың,  миллион  меллатын  (ел)  ӛнер,  ғылым,  білім 
алуға шақыруы. Жиырмасыншы ғасырдың бәсекесі-білім бәсекесі. Бәсекесіз ел 
болмайды.  ӛнер,  білімсіз  ҧлт  ӛркендемейді.  Қытай  қазақтарының  ҧйықтап 

176 
 
жатқан,  мал  соңынан  кеткен  жҧтаң  тірлігін  тек  ғылым  жолы  ғана  ӛзгертетінін 
танып  жетеді.  Еуропа,  Америка  қҧрлығындағы  жаңалықтарды  айтып,  ӛз  еліне 
қызмет  жасаудың  бақыт  екенін  ҧғындырады.  «Білекте  емес  жҥректе  баянды 
кҥш,  Елдіктің  тігем  десең  жекем  туын»,  «Байлық-мҧрат,  кедейлік-ҧят  емес, 
мҧрат  сол  ӛз  халқыңа  қызмет  қылың»,  «Алашым,  жасың  кетер  қарап  жатпай, 
ғылым ізде ғҧмырыңды босқа сатпай», «Міржақып Дулатов пен мархҧм Абай, 
Меллат ҥшін орысқа ӛтті жақпай», «Ахмет «Қырық мысал» деп сӛз шығарды, 
оны  жай  ӛлең  кӛрдік  сынап  бақпай»,  «Надандық  кір  болғанда  ғылым  сабын, 
Сабындап  кетіретін  бар  ғой  таңлақ»,-деп  кейиді  ақын.  Халықты  надандықтан 
қҧтқаратын  бірден  бір  жол  ғылымда  жатқанын  жаратқандарға  айтып  жар 
салады. Мау ата билігін, Италия, Жапон жаңалығына тез ілесуге шақырады. Бҧл 
Алаш идеясымен ҥндес келеді. 
Ҥшінші, Алаш елін бірлікке ҥндеу. Әсет асқақ дауысты, арманшыл ақын. Бір 
арманы  Алаш  елін  береке  мен  бірлікке  жетелей  білу.  Аталмыш  жырда  бҧл  ой 
анық ортаға қойылады. «Армансыз дҥниеде ӛтер едім, Меллаттың (Ел) қажетіне 
жарап  ӛлсем»,  «Ел  болып  ірге  кӛмсең  қалаласып,  Қҧралар  малмен  тозып 
шашылғаны»,  «Алаштың  арманын  шын  аяласаң,  Адалдық  берекемен  басын 
қостыр»,  «Табысып  талаптымен  жҥйелі  іс  қыл»  деген  елін  берекеге,  бірлікке 
шақыратын сӛз айтады.  
Тӛртінші,  қалың  елі,  қазақ  жҧртына  мҧсылмандық,  имандылықтың  ақ 
жолынан аттамауға насихат беру. Әсет ӛлең айтып, әр ҥйде қонып жҥре берген 
желӛкпе  жан  емес.  Ғҧмырын  ӛнермен  ӛріп,  елін  кісілікке  шақырған  кемеңгер 
ақын. Сосында жырда имани білім берудің таза жолын ҥйретеді. «Біреуге ӛтірік 
айттық,  жала  жаптық,  Шәриғат  қиянатшыл  бол  деген  жоқ,  осынша  қисық 
жолды қайдан таптық?!», «Малдан зекет, астықтан қҧшыр бермей, жиған дәулет 
болмай  ма  жолдан  бҧрыс»,  «Мешіт  сал  бала  оқытар  мектеп  салғыз,  Ғаламнан 
табасың шын кетпес ырыс», «Халық етті жоқтан бар қып алла бізді, Махпҧзға 
рухымызды  бҧрын  тізді»,  «Жаман  пиғыл-дауасыз  дап  айтқан,  Лҧқпан  хакым 
сӛзін ҧк бағала да» деген сәлихалы сӛздерімен халқын ізгілік жолына бастайды. 
Бесінші, адам бойындағы асыл мен жасық мінездерді саралау, адал дос іздеу. 
Жырда  Әсет  қазақы  мінездердің  сан  алуан  тҥрін  атайды.  Жақсы  қасиеттер 
адалдық,  кішіпейілдік,  іскерлік,  жомарттық,  шешендік,  шеберлік,  биязылық, 
жан  сҧлулық  жақтарын  жақтайды.  Жаман  қасиеттер  жалқаулық,  надандық, 
ҧрлық,  жемқорлық, ӛсекшілдік,  талапсыздық, ӛтірікшілік мінездерге  ауыр  сын 
айтады.  Айналасынан  адал  дос  іздейді.  «Досың  бар  сырты  мӛлдір,  іші  кӛлгір, 
қуансаң кек, қайғырсаң шат боп естір» деп жалған достықты шенеп кӛрсетеді. 
«Ақтҧйғын жапалақпен шатылмайды, Қҧрыш пен қола қайнап қатылмайды. Сан 
да бір, баға да бір арзан-қымбат, Сары жез сап алтын боп сатылмайды», «Талап-
басшы,  ақыл-дос,  қайратың-жол»  деу  арқылы  асыл  мен  жасықты  парықтай 
алатын нҧрлы ақыл екенін жырмен кестелейді. 
«Алаш  жыры»  ҧлт  мҧратын  ҧлықтаған,  болашақты  болжаған  кӛркем  жыр. 
Жыр  шумақтары  бастан  ақыр  он  ҥш  буынды  ӛлең  қҧрылысымен 
қиыстырылады. Шумақ шектемесіне ҧшырамайды. Кейбір шумақтар қырық та 

177 
 
елу  тармаққа  барып  аяқталады.  Әсеттік  қолтаңбамен  тӛгілтіп  жазады.  Соңғы 
бӛлімі суырып салмалықпен шаршы топта туған ӛлеңдерден ӛзгеше, ойланып, 
толғанып  жазылған  философиялық  тҧжырымдарға  сҥйенеді.  Жырда 
дидақтикалық сҧрақ-жауап сарыны басым келеді.  
«Алаш  жыры»  Алаш  жҧртшылығының  ақ  жҥрегінен  орын  алатын  ӛлмес 
туынды.  Аласапыран  заманның  асқақ  ҥні.  Жыр  мәтіні  шет  ел  қандастары 
арасында  айтылғанымен  жалпы  Алаштықтардың  рухына  от  беретін,  елеусіз 
тарихына  дерек  қалдырған  қҧнды  қазына.  Алаштануда  айналып  ӛтуге 
болмайтын  елеулі  еңбек.  Әсет  мҧрасын  Алашқа  жарқыратып  кӛрсетіп  тҧрған 
тӛл туынды. Жырдың бір бӛлім мазмҧндары оқырман қолына жетпегенмен қара 
орман  халық  барда  кҥн  ӛткен  сайын  толықтана  берері  сӛзсіз.  Алаш  тарихы 
әрбір ҧрпаққа тәрбие оқулығы болып оқылса, Әсеттің «Алаш жыры» тҥлектерге 
жаттала берсе деген ақ жарма тілегімізді айтқымыз келеді. 
Әдебиет 
1.
 
Асқар  Игенҧлы.  Әсет  және  «Алашнама».  ҚР  ШҦАР  Ҥрімжі:  Бозбала 
сайыты, қазақ тарихы айдары, 2011.12.18. С: 2-бет. 
2.
 
Нҧрқасым  Қазыбекҧлы.  Қазаннан  шығып  қазаққа  қызмет  еткен.  ҚР. 
Тҥркістан гәзеті. 1996 жылы 11 тамыз. 
3.
 
Жҥмәділ Маман. Әсет. ҚР ШҦАР Қҧлжа. Іле айдыны журналы. 1983 жыл 
№4 сан. С: 80-бет. 
4.
 
Асқар Игенҧлы. Әсеттің белгісіз ӛлеңдері. ҚР Алматы. Жҧлдыз журналы. 
1994 жыл, №1 сан. С: 152-168-беттер. 
5.
 
Қалиолла Нҧртазин. Асқар Игенҧлы, Омархан Асылҧлы, Жҥмәділ Маман. 
ҚР Пекин. Орталық ҧлттар баспасы. 2000 жыл, 6 ай. C: 111-118-беттер. 
6.
 
В.Г.Белински. В.Г.Белински таңдамалы шығармалары. 1-кітап.ҚР Алматы. 
1949 жыл. С: 39-бет. 
7.
 
Қазақ  тілінің  тҥсіндірме  сӛздігі.  ҚР  ШҦАР  Ҥрімжі:  Шыңжаң  халық 
баспасы. 1990 жыл, 10 ай. С: 455-бетте. 
 
ӘОЖ 811.512.122’367 
Еңсебаева  К.К. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Ӛскемен қаласы, 
kulash_EK9@mail.ru
 
 
ДАРАЛЫҒЫ ДАНАЛЫҚҚА АЙНАЛҒАН ҦСТАЗ 
 
Ӛткендерін  ескерген-ӛскендіктің  белгісі  деген  дана  халық.  Ендеше  алаш 
зиялыларының  бірі,  әрі  бірегейі  Ахмет  Байтҧрсынҧлының  ғылыми  мҧрасы 
жайлы  сӛз  қозғамау  мҥмкін  емес.  Қазіргі  қазақ  тіл  білімінің  негізін  қалаған 
алаш  зиялыларының  бірі,  ҧлы  ҧстаздың  синтаксис  саласына  қатысты  ғылыми 
тҧжырымдары бҥгінге қалдырған мол қазына болып табылады.Ӛткен ғасырдың 
жиырмасыншы  жылдары  А.  Байтҧрсынҧлының  «Тіл-қҧрал»  атты  ҥш  кітаптан 

178 
 
тҧратын  еңбегі  оқу  орындарында  негізгі  оқу  қҧралының  бірі  болды. 
«А.Байтҧрсынҧлының  қазақша  әліппе  жасауы,  араб  жазуына  кіргізген 
реформасы,  қазақ  тіл  білімінің  негізгі  терминдерін  жҧртымыздың  образды 
ойлау  мҥмкіндігімен    сабақтастырып,  ӛз  топырағымыздан  тауып,  оларға 
тҧңғыш  анықтама  бергені,  дыбыс  жҥйесін  (фонетика),  сӛз  жҥйесін 
(морфология),  сӛйлем  жҥйесін  (  грамматика)  қалыптастырып  шығарған  ҧлы 
еңбегі  ӛз  кезінде  айтылған  болатын.  Әр  тілдің  айдауында  жҥрген  қазақ 
балаларына  қазақ  тілінен  кітап  жазған,  қазақ  тілінің  негізін  жасап,  қазақ 
мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам  – Ахмет », – деп жазды С. Мҧқанов. 
Ғалым  қазақ  тілі  грамматикасына  қатысты  категориялардың  әрқайсысына 
қазақша атау ҧсынды.Осы кҥні қолданылып жҥрген зат есім, сын есім, етістік, 
есімдік,  одағай,  қаратпа,  ҥстеу,  шылау,  бастауыш,  баяндауыш,  жай  сӛйлем, 
қҧрмалас сӛйлем деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы 
Ахмет  Байтҧрсынҧлыныкі.  А.  Байтҧрсынҧлының  Тіл  –  қҧрал.  Дыбыс  жҥйесі 
мен тҥрлері. Бірінші тіл танытқыш кітабында тілдегі дыбыс және оның жҥйесі 
әр  қырынан  қарастырылады.  Тіл дыбысын жҥйелеудің  тәсілі  кӛрінеді.  А.  Бай-
тҧрсынҧлының Тіл – қҧрал. Сӛйлем  жҥйесі мен тҥрлері. Ҥшінші тіл танытқыш 
кітабында  сӛйлем, сӛйлем  тҥрлері  және  оның  тҥрлеріне  жан-жақты  тоқталған. 
Сӛйлемнің айтылуынша айырылатын тҥрлері деп атап оның айтылу мақсатына 
қарай 
тҥрлерін 
сипаттайды.Сонымен 
қатар 
сӛйлемнің 
қҧрылуынша 
айырылатын тҥрлерін саралап кӛрсетеді. 
Сол  еңбектің  ҥшінші  кітабы  синтаксис  саласына  арналған.  Онда 
синтаксистің зерттеу нысаны жан-жақты  қарастырылады. Мақалада біз ғалым 
тҧжырымдарының қажетті деген тҧстарына тоқталуды жӛн санадық. Соның бірі 
– сӛйлем мҥшелері. Ғалым: Сӛйлем мҥшелері тҧрлаулы, тҧрлаусыз болып екіге 
бӛлінеді.  Тҧрлаулы  мҥше  болады  сӛйлем  болған  жерде  қалмай  айтылатын 
сӛздер  немесе  қалса  да  қалғандығы  сезіліп  тҧратын  сӛздер.  Мәселен,  «асыл 
тастан,  ақыл  жастан»  Осындай  сӛйлем  ішінде  бірде  болып,  бірде  болмайтын 
сӛздер немесе керек болған жерде айтылып, керек болмаған орында айтылмай 
қалып  отырған сӛздер, жаңа да қалған жерде, қалғандығы ашық сезілмейтін 
сӛздер тҧрлаусыз мҥше  деп аталады. Сӛйлемнің тҧрлаулы мҥшелері екеу: 1) 
бас  мҥше,  2)  баяншы  мҥше.  Бас  мҥше  дейміз  –  сӛйлем  ішіндегі  сӛздер 
байланатын  қазық  сӛзін,  сӛйлем  иесін.Сӛйлегенде  бір  нәрсе  туралы  сырын-
сипатын,  жайын,  амалын,
 
болмысын  сӛйлейміз.  Сӛйлем  ішінде  сол  нәрсенің 
атын  кӛрсететін  сӛз  бас  мҥше  болады.  Ол  нәрсенің  сырын-сипатын,  жайын, 
амалын, болмысын айтып баяндайтын сӛз баяншы мҥше болады. Жеңілдік ҥшін 
бас  мҥше  –  бастауыш  деп,  баяншы  –  баяндауыш  деп  аталады.  Мҧнан  бҧлай 
жеңілдік ҥшін бас мҥше, баяншы мҥше деп жатпай, бастауыш, баяндауыш деп 
қысқа  тҥрлерін  тҧтынамыз,  –  деп,  бас  мҥше  мен  баяншы  мҥше  жайлы  нақты 
анықтама береді. Солай дей келе,Бастауыш болатын сӛз таптарын атай отырып, 
бірнеше  сӛйлемдерді  мысалға  алып,бастауыш  пен  баяндауыш  қалай 
табылатынын  кӛрсетеді.Олар:  Әуелі  бастауыш  болатын  –  атау  тҧлғасындағы 
зат есім.  Мысалы: Бала ойнайды. Ат шабады. От жанады Бала, ат, от – атау 

179 
 
тҧлғасындағы  тҧрған  зат  есімдер.  Екінші,  бастауыш  болатын  –  атау 
тҧлғасындағы  сын  есім,    Мысалы:  Кӛп  қорқытады,  терең  батырады 
Ҥшінші,  бастауыш  болатын  атау  тҧлғалы  сан  есім,      мысалы:  берерменге 
бесеу  кӛп.  Біреу  тойып  секіреді  .Бҧл  бастауыштың  тысқы  белгілері  бесеу, 
біреу  деген  сӛздерден  табылған  соң,  бастауыш  осылар  болады.  Бесеу,  біреу 
атау  тҧлғасында  тҧрған  сан  есімдері.  Тӛртінші,  бастауыш  болатын  –  атау 
тҧлғалы  есімдік.  Мысалы:  Мен  келдім,  сен  кеттің.  «Кім?»,  «не?»  деген 
сҧрауларға  жауап  беріп  тҧрған  сӛздер  –  мен,  сен,  ол,  бұл.  Сондықтан  бҧл 
сӛздер бастауыш болатыны даусыз.Сҥйтіп, мен, сен, ол, бұл деген сӛздер ішкі 
белгісімен  де  бастауыш  болып  шығып  тҧр.  Бҧл      сӛздер      атау  тҧлғасында  
тҧрған    есімдіктер.  Бесінші,  бастауыш  болатын  –  етістіктің  тҧйық  райы  мен 
есімшеге  айналған  тҥрлері.  Мысалы:  Алысыпақ  жок,  атыспақ  бар.  Оқу 
оңайланды.  Жығылған  күреске  тоймас.  Мҧнда  сӛз  болып  отырғандар: 
алыспақ,  атыспак,,  оқу,  жығылған.  Ішкі  белгісінше  алыспақ,  атыспак,,  оқу, 
жығылған  бастауыш  болады.  Алтыншы,  бастауыш  болатын  –  ҥстеу,  және  ҥстеу 
орнында жҥретін сӛздер. Мысалы: Әрі алыстатады, бері жақындатады,шапшаң 
асықтырады,  соңыра  кешіктіреді.  Бҧл  сӛйлемдер  әрі,бері,  шапшаң,  соңыра 
туралы  сӛйленіп  тҧр.  Бҧлар  бастауыш  болу  керек.  Сҧрау  бойынша  да  немесе 
тысқы  белгісі  бойынша  дегенде  де  әрі,  бері,  шапшаң,  соңыра  деген  сездер 
бастауыш  болады.  Бҧлар  тӛрт  сӛздің  тӛртеуі  де  не  ҥстеулер,  не  ҥстеу  орнына 
жҥретін сӛздер. Жетінші, бастауыш болатын – демеу мен демеу орнында жҥретін 
сӛздер.  Мысалы:  «Әлде»  аз  айтылады,  «ба»  кӛп  айылады,  «бәлки  сирек 
айтылады.  Бҧл  сӛйлемдерде  сӛз  болып  тҧрған  «әлде»,  «ба»,  бәлки»,  бҧлар 
сондықтан  бастауыш  болуға  тиіс.Сегізінші,  бастауыш  болатын  –  жалғаулық 
жаңа да жалғаулық орнында жҥретін сӛздер. Мысалы: «Үшін» үш айтылғанда, 
«арқылы» бір де айтылмайды. Мҧнда сӛз болып тҧрған «ҥшін» мен «арқылы». 
Сондықтан  бҧлар  бастауыш  болады  дейміз.  Бҧл  ішкі  белгісіне  қарап  айтып 
тҧрғанымыз.  Тоғызыншы,  бастауыш  болатын  –  одағай.  Мысалы:    Ә,  қү-
дай!»,  «о,  құдай»  –  күйзелгеннің  белгісі;  ««тәйт!»,  «шәйт!»  –  бұйырғанның  
белгісі.  Мҧнда  сӛз  болып  тҧрған  «ә,        қҥдай!»,    «о,  қҧдай!»,  «тек!»,  тәйт!», 
«шәйт!»,  сондықтан  бҧл  сӛздер  бастауыш  болады.  Бҧл  ішкі  белгісімен   
білгеніміз.  Оныншы,  бастауыш,  болатын  –  бҥтін  сӛйлем.  Мысалы:  «Сенікі, 
менікі» деген кӛңіл тарлығы. Сҥйтіп, енді   қорытып айтқанымызда, бастауыш 
болады  сӛз  таптарының  тоғызы  да:  1)  зат  есім,  2)  сын  есім,  3)  сан  есім,  4) 
есімдік,  5)  етістік.  6)  ҥстеу,  7)  демеу,  8)  жалғаулық,  9)  одағай,  бҥтін 
сӛйлемдер  деп  бір  жинақтап  алады.Сонымен  қатар,  қосарлы  бастауыш. 
Бастауыш  бір  сӛзбен  айтылмай,  бірнеше  сӛзбен  айтылса,  қосарлы  немесе 
кҥрделі деп атаймыз. Тоны жаман тоңар. Мҧнда тоны жаман туралы айтылып  
тҧр.  Кім  тоңар?  –  Тоны  жаман  деп  нақты  мысалмен  тҥйіндейді.  Міне 
бастауыштың  осындай  жасалу  жолы  бҥгінгі  таңда  да  аса  кӛп  ӛзгеріске 
ҧшырағаны байқалмайды. [1] 
Баяндауыш  болатын  сӛз  таптарын  да  әр  қырынан  қарастырады.  Әуелі 
баяндауыш  болады  етістік.  Мысалы:  Қой  үрікті.  Ит  үрді.  Адам  айқайлады. 

180 
 
Бҧл  сӛйлемдердің  ішінде  баяндауыш  болатын  қай  сӛз  екенін  әуелі  ішкі 
белгісімен  тауып  карайық,  Баяндауыш  болмақ  керек  қандай  сӛздер?—
Жоғарыда  айтуымыз  бойынша,  баяндауыш  болатын  сӛз  бастауыш  атаған 
нәрсенің  не  сыр-сипатын,  не  амалын,  не  жайын,  не  болмысын  кӛрсету  керек. 
Олай  болса,  алынған  сӛйлемдердің  ішіндегі  бастауышты  тауып,  сонан  соң  ол 
бастауыш атаған нәрсенің не сыр-сипатын, не амалын, не жайын, не болмысын 
кӛрсететін  сӛзді  табу  керек.  1-інші  сӛйлем:  Қой  үрікті.  Не  ҥрікті?  –  қой. 
Бастауыш қой деген сӛз болып шықты. Үрікті деген сӛз қойдың не істегенін 
амалын  кӛрсетіп  тҧр.  Зат  есімнен  басқа  бастауыш  болып  тҧрған  әуелі  –  сын 
есім.  Мысалға  алынған:  Кӛп  қорқытады,  терең  батырады.  «Кӛп  қорқытады» 
деген  де  қорқытатын  шӛп  емес,  әрине  адам.  «Терең  батырады»  дегенде  де 
батыратын терең су.екені анық. Олай болса мҧндағы «кӛп» пен «терең» – «кӛп 
адам», «терең су» деген сӛздердің орнында тҧр. Жеңілдік ҥшін «адам» мен «су» 
деген сӛздер айтылмаған, бірақ ойда тҧр. Екінші – сан есім. Мысалға алынған: 
Берерменге  бес  те  кӛп,  аларманға  алты  да  аз.  Біреу  тойып  секіреді.  «Бес 
те»,  «алты  да»  дегенде,  мҧнда  нәрсе  кӛңілде  тҧр.  Сондай-ақ,  біреу  тойып 
секіреді  дегенде,  әрине,  сан  секірмейді.  Олай  болса,  «біреу»  дегѐн  сӛз  мҧнда 
зат  есім  орнында  тҧр.Ҥшінші  –  есімдік.  Мысалға  алынған:  Мен  келдім,  сен 
келдің,  ол терең, бұл тайыз. Есімдік ӛзі есім орнына жҥретін сӛз болған 
СОҢ
,
 
бастауыш болған есімдіктер зат есім орнында тҧрғаны анық. Мен, сен, ол бұл – 
бәрі  де  зат  есім  орнына  жҥретін  есімдіктер.  Тӛртінші  –  етістік.  Мысалға 
алынған;  Алыспақ  жоқ,  атыспақ  бар.  Оқу  оңайланды.  Жығылған  күреске 
тоймас.  Алыспақ,  атыспақ  деген  сӛздер  бҧл  жерде  алысу,  атысу,  оқу  –  іс 
есімдерін  керсететін  етістіктен  шыққан  зат  есімдері.  «Жығылған  кҥреске 
тоймас» дегенде, кҥреске тоймайтын жығылған мал я ағаш емес, адам екендігі 
анық. Солай болған соң «жығылған» деген сӛздің бастауыш болып тҧрғаны  –
«жығылған  адам»  дегеннің  орнында  тҧрғандықтан.  Жеңілдік  ҥшін  «адам» 
айтылмаған,  бірақ  кӛңілде  тҧр.  Бесінші  –  ҥстеу.  Мысалға  алынған:  Әрі 
алыстатады,  бері  жақындатады,  шапшаң  асықтырадьі,  соңьіра  кешіктіреді. 
Жеңілдік  ҥшін  қысқартпай  айтқанда,  бҧл  сӛздер  бҧлай  айтылар  еді:  Әрі  деу 
алыстатады,  бері  деу  жақындатады.  Бесінші  –  баяндауыш  болатын  есімдік. 
Мысалы: Медеуі – мен. Омары – ол. Ӛтегені – ӛзі. Мен кім? – Медеуі. Ол кім? – 
Омары. Ӛзі кім? – Ӛтегені. Медеуі, Омары, Ӛтегені деген сӛздері бастауыштар. 
Баяндауыш  болатын  сӛзде  ішкі-тысқы  баяндауыш    белгісі  бҧларға  тиіс. 
Алтыншы  –  етістікпен  қосыла  одағай  және  басқа  сӛздер  баяндауыш  болады. 
Мысалы:  Мылтық  тарс  етті.  От  қылт  етті.  Күн  жаз  болды.  Ет  аз  болды. 
Беретіні бес екен.Не тарс етті? – мылтық. Не жылт етті? – от. Не жаз болды? –
кҥн. Не аз болды? – ет. Бес несі екен? – беретіні. Жетінші – баяндауыш болады 
– бҥтін сӛйлем. Мысалы: «Білемін» деген – «бҥлемін» деген болады. «Білемін» 
деген (бастауыш) «Білемін» деген немене? – «бҥлемін» деген (баяндауыш). Бҧл 
– тысқы белгісмен табу. Ішкі белгісімен қарайық: мҥнда не жайынан айтылып 
тҧр?  –  «білемін»  дегеннің  жайынан.  Оның  жайынан  не  айтылып  тҧр?  –  оның 
«бҥлемін» деген болатындығы айтылып  тҧр.  Бҧл  айтылған  мысалда бастауыш 

181 
 
та, баяндауыш та бҥтін сӛйлемнен болған. Баяндауыш бастауышқа жақтарымен 
ғана  жанасып,  қиындасады.  Мысалы:  Мен  кітап  оқыдым.  Сен  жазу жаздың.. 
Ол  шай  қайнатты.  Мҧнда  әр  жақ.Баяндауыш  жекелік,  кӛптік  жҥзінен  де 
ымыраласады.  Бірак,  ол  ымырасы  толық  емес,  тҧрақты  емес:  Мысалы:  мен 
барамын,  сен  барасын,  ол  барады,  біз  барамыз.  сіз  барасыз  иемесе  сендер 
барасыңдар: Олар барады    (барады-лар» орнына «барады» болып тҧр). Мҧнан 
не  кӛрініп  тҧр?  Жекелік,  кӛптік  жҥзінен  бірінші  жақтарында  баяндауыш 
бастауышпен  ымыраласып,  ҥшінші  жаққа  келгенде,  кӛпше  айтылмай, 
ымырадан  шығып  кететіні  кӛрініп  тҧр.  Сҥйтіп,  баяндауыш  бастауышпен  жеке 
айтылғанда,  ҥш  жағымен  ымыраласып,  кӛпше  айтылғанда,  ҥшінші  жағымен 
ымыраласпайтын  болып  шығады  деп  жақ-жағына  саралайды.Осы  тҧста 
баяндауыштың  бастауышсыз-ақ  сӛйлемге  ҧйытқы  болатынын  ғалымның  жан-
жақты талдауынан байқалады.Ҧлы ҧстаз салған сара жолды негізге ала отырып 
профессор  С.  Аманжолов:  "Сӛйлем  мҥшелері  тҧрлаулы,  тҧрлаусыз  деп  бӛлін-
ген.  Себебі:  бастауышы,  баяндауышы  жоқ  сӛйлем  де  мағына  береді.  Ӛйткені, 
бір сӛйлемді бір сӛйлем толықтырады. Байланыссыз еш нәрсе жоқ. Олай болса, 
сӛйлем мҥшесін тҧрақты, тҧрақсыз деп бӛлуі дҧрыс емес.  Сӛйлемнің барлығы 
да тиянақты. Сӛйлем мҥшелерін біз тек мағынасына байланысты айырамыз. Әр 
сӛзге  сҧрау  қойып,  сол  арқылы  сӛздің  мағынасын  және  ашып  аламыз  "  деген 
пікір білдіреді.[3]  
 
Басым  жақ.  Бастауыш  бір  жақты  болса,  баяндауыш  онымен  айтылған 
тҥрде ымыраласады. Бастауыш әр жақты болса, мәселен, бастауыш біреу емес, 
бірнеше  болса  және  әркайсысы  әр  жақты  болса,  онда  баяндауыш  басым 
жағымен  ымыраласады.  Бізге  мәлім  бірінші  жақ  айтушы,  екінші  жақ 
тыңдаушы, ҥшінші жақ бӛгделік болатыны. Бірінші, екінші, ҥшінші жақ қатар 
келгенде,  айтушы  сӛзді  ӛзіне  орайлай  сӛйлегендіктен,  бірінші  жақ  екінші, 
ҥшінші  жақтан  басым  болады.  Сондықтан  айтушы  мен  тыңдаушы  екеуінің 
бірдей амалын, жайын, болмысын кӛрсететін баяндауыш о да бірінші жақпен 
айтылады.Айтушы  жақ  ӛзіне  қоспай,  тыңдаушымен  бӛгделік  жақты  сез 
қылғанда,  сӛзді  тыңдаушы  жағына  орайлай  сӛйлейді.  Сондықтан  екінші  жақ 
ҥшінші  жақтан  басым  болады.  Тыңдаушы  мен  бӛгделік  екеуінің  амалын, 
жайын,  болмысын  кӛрсететін  баяндауыш  екінші  жақпен  айтылады.Мысалы: 
Сен,  Омар  екеуің  келерсіңдер.  Екеуінің  амалын  бірдей  кӛрсетіп  тҧрған 
баяндауыш  «келерсіндер»  екінші  жақпен  айтылып  тҧр.Екінші,  ҥшінші  жақ 
екеуі  қатар  келген  жерде,  екінші  жақ  басым  болады  дегеннің  мағанасы  осы. 
Қосарлы баяндауыш. Жоғарыда баяндауыш екі немесе ҥш, әйтеуір бір сӛз емес, 
бірнеше  сӛзбен  айтылған  болса,  «қосарлы»  баяндауыш  болады  деп  айтылды. 
Жай  баяндауыш  жай  етістікпен  айтылады,  қосарлы  баяндауыш  кӛмекші 
етістіктер  қосылып  айтылғанда  болады.  Бірақ,  етістік  жҥрмеген  жерде 
баяндауыш  болмайды.  Етістіктен  баска  сӛз  таптары  баяндауыш  болса,  олар 
етістік кӛмегімен ғана бола алады.[2] Оларға кӛмек болатын кӛбінесе кӛмекші 
етістіктер. Етістік кӛмегімен баяндауыш болатын сӛз таптары: 1) зат  есім, 2) 
сын  есім,  3)  сан  есім,  4)  есімдік,  5)  етістік  (есімше,  кӛсемше  тҥрінде). 

182 
 
Мысалы: 1) Жаман жҥрісінен  құл болады. 2) Жаксы жҥрісінен пұл болады. 3) 
Жҧп  негізі  екі  4)  Оспан  осы.  5)  Ол  біздің  қорғаушымыз.  6)  От  жанып  тұр.
Бастауыш  пен  баяндауыш  сӛйлемнің  тҧрлаулы  мҥшелері,  олардан  басқа 
сӛйлемнің  тҧрлаусыз  мҥшелері  де  бар  деп  жоғарыда  айтылды.  Бастауыш, 
баяндауыштан басқа  мҥшелері  бар  сӛйлем жайылма сӛйлем деп  аталатынын 
айта келіп, сӛйлем тҥрлерін атап кӛрсетеді.[2] 
Сӛйлеудің  асыл  мағанасы  –  біреуге  білдірейін  деген  ойын  айту. 
Айтушының  мақсаты  –  тыңдаушыға  ойын  тҥгел  тҥсіндіру.  Ойын  тҥсіндіру 
ҥшін  соған  керек  сӛздерді  алу  қажет.  Бір  сӛзді  ойын  анықтау  ҥшін  алса, 
екінші  сӛзді  ойын  толықтау  ҥшін  алады,  ҥшінші  сӛзді  ойын  пысықтау  ҥшін 
алады.  Сондықтан  сӛйлемнің  тҧрлаусыз  мҥшелері:  1)  анықтауыш  мҥше,  2) 
толықтауыш мҥше, 3) пысықтауыш сӛздер болып, ҥшке белінеді. Анықтауыш 
деп сӛйлем ішінде анықтық ҥшін айтылатын  сӛзді айтамыз. Мәселен, алайық 
«Қысқа жіп күрмеуге келмес»  деген  сӛйлемді.  «Қысқа»  деген сӛз  не  болмақ? 
Бҧл «қысқа» деген сӛзді айтпай, кҧр «жіп кҥрмеуге келмес» деп ғана қойсақ. 
қандай  жіп  кҥрмеуге  келмейтіні  белгісіз,  жіптің  бәрі  кҥрмеуге  келмейтін 
сияқты  болып  шығады.  Кҥрмеуге  келмейтін  аты  жіп  болғанның  бәрі  емес, 
«қысқа жіп». «Қысқа» деген сӛз қосылса, кҥрмеуге келмейтін қандай жіп екені 
ашылып,  анықталады,  Сондықтан  «қысқа»  деген  сӛз  мҧнда  анықтық  ҥшін 
алынған сӛз болады.Әуелі, анықтауыш болатын – сын есім. 1) Мысалы: Аш кісі 
ұрысқақ.Екінші  –  анықтауыш  болатын  зат  есім  ,  мысал:  Асан  ауылнай  келді 
.Ҥшінші – анықтауыш болатын сан есім , мысалы:1)  Үш жыл ӛтті Тӛртінші – 
анықтауыш  болатын  есімдік,  мысалы:  1)  Біздің  ауыл  кӛшті.  Бесінші  – 
анықтауыш  болатын  етістік,  мысалы:  1)  Алушы  адам  алданды  Алтыншы  – 
анықтауыш  болатын  ҥстеу,  мысалы:«Әбденнің»  айтылуы  жіңішке.Толықтауыш 
деп нәрсе амалын, жайын, болмысын толықтыру ҥшін айтылатын сӛзді айтамыз. 
Сӛйлем ішінде нәрсенің амалын, айын, болмысын айтатын сӛз кӛбіне баяндауыш. 
Солай  болған  соң,  толықтауыш  кӛбінесе  баяндауышты  толықтау  ҥшін 
айтылатын  сӛйлем  мҥшесі  болып  шығады.  «Мерген  қҧс  атты».  Екінші  –
толықтауыш  болатын  сын  есім.  Жалғаулы  кҥйінде,мысалы:  Күштіден  істі 
озды?  Кім  озды?  –  істі.  Істі  не  қылды?  –  озды.  Кімнен  озды?  –  кҥштіден. 
Сондықтан «кҥштіден»  толықтауыш  болады.  «Кҥштіден»  –  сын  есім.Ҥшінші – 
толықтауыш болатын сан есім, жалғаулы кҥйінде. Мысалы: Бала тӛрт пен  бесті 
қоса алмады. Кім қоса алмады? – бала.  Бала  не  қылды?  –  қоса  алмады.  Нені 
қоса алмады? – бесті. Немен қоса алмады? – тӛртпен. Мҧнда «бесті», «тӛртпен» 
деген  сӛздер  «қоса  алмады»  деген  баяндауышты  толықтап  тҧр..  «Бесті», 
«тӛртпен»  деген  сӛздер  сан  есім.  Тӛртінші  –  толықтауыш  болады  есімдік. 
Бесінші  –  толықтауыш  болатын  етістік.  Етістік  толықтауыш  болады,  кӛбінесе 
есімге  айналған  тҥрі  мен  есімше  тҥрінде.Мысалы:  Күресуге  дәрмен  жоқ. 
мысалда  «кҥресуге»  деген  сӛз  «жоқ»  деген  баяндауышты  толықтап  тҧр 
тҧр.Алтыншы  –  толықтауыш  болатын  ҥстеу.  Мысал;  «Әні»-ден  «міні»  кӛп 
айтылады. Не кӛп айтылады? – «міні». «Міні» не етеді? – кӛп айтылады. «Міні» 
неден  кӛп  айтылады?  –  «әні»-ден.  «Әні»  –  ҥстеу.  Осы  сияқты  демеу  де, 

183 
 
жалғаулык, та, одағай, да,   қатта бҥтін сӛйлем де толықтауыш бола алады. 
Пысықтауыш сӛздер деп амал пысықтау ҥшін айтылатын  сӛздерді айтамыз. 
Сӛйлем  ішінде  нәрсенің  амалын  кӛрсететін  сӛз  –  баяндауыш.  Сондықтан 
пысықтауыш  сӛздер  баяндауышты  пысықтайтын  сӛздер  болып  шығады.  Бҧлар 
баяндауышты калай пысықтайды? Әуелі баяндауыш кӛрсетіп тҧрған амалдың 
мезгілін  айтып,  екінші,  орнын  айтып,  ҥшінші,  сынын  сыйқын  айтып,  тӛртінші, 
себебін айтып, бесінші, мақсатын айтып пысықтайды. 
1) мезгіл пысықтауыш.Мезгіл пысыктауыш амалдың мезгілін кӛрсететін сӛз 
болғандықтан,  «қашан?»,  «қай  уақыт?».  (жалғаулы-жалғаусыз)  сҧрауларға 
жауап  береді.  Мезгіл  пысықтауыш  болатын  сӛз  таптары.Әуелі  –  мезгіл 
пысықтауыш болатын мезгілдік ҥстеу. Мысалы: Мана қар жауды. 
 2)  мекен  пысықтауыш.Мекен  пысықтауыш  амалдың  орнын  кӛрсететін  сӛз 
болғандықтан,  «қайда?»,  «қайдан?»,  «қалай?»  деген  сҧрауларға  жауап  береді. 
Мекен  пысықтауыш  болатын  сӛз  таптары:  Әуелі –  мекен пысықтауыш  болатын 
мекендік ҥстеу.Мысал: Атты арман бара жатыр. 
3)  сын      пысықтауыш.Сын  пысықтауыш  амалдың  сынын  кӛрсететін  сӛз 
болғандықтан, «қалай?», «қалайша?», «қайтып?» деген сҧрауларға жауап береді. 
Сын  пысықтауыш  болатын  сӛз  таптары.  Әуелі  –  сын    пысықтауыш  болатын 
сынаулық ҥстеулер. Мысалы: Тазы түлкіге әрең жетті. 
4)  себеп  пысықтауыш.Себеп  пысықтауыш  амалдың  себебін  кӛрсететін  сӛз 
болғандықтан,  «неден?»,  «неге?»,  «неліктен?»,  «не  себептен?»  деген  сҧрауларға 
жауап  береді.Әуелі  –  себеп  пысықтауыш  болатын  зат  есім.  Мысалы:  Атасы 
аштан ӛліпті. Кім ӛліпті? – атасы. Атасы не қылыпты? – ӛліпті. Неден ӛліпті? – 
аштан. 
5)  мақсат  пысықтауыш.Мақсат  пысықтауыш  амалдың  мақсатын  кӛрсететін 
сӛз  болған  соң,  «неге?»,  «не  ҥшін?»  деген  сҧрауларға  жауап  береді.Мақсат 
пысықтауыш болатын сӛз таптары: Әуелі – мақсат пысықтауыш болатын етістік. 
Мысалы:    Жұрт   ӛлең тыңдауға жиылды [ 4] . 
Бҧратана  сӛздер.  Бҧл  айтылған  сӛйлем  мҥшелерінен  басқа  сӛйлем 
маңайында  жҥретін  бҧратана  сӛздер  болады.  Ол  бҧратана  сӛздер  екі  тҥрлі. 
Бір тҥрі – сӛз арасына    керек жерінде қыстырыла айтылатын сӛздер. Бҧлар 
қыстырма  сӛз  деп  аталады.  Қыстырма  сӛздер  сӛйлем  ішіндегі  баска 
сӛздерімен  ҥйлеспейді,  байласпайды.  Алып  тастағанда  орны  ойсырай 
қоймайды.Екінші  тҥрі  сӛз  бетін  біреуге  қарата,  қадап  сӛйлегенде  айтылатын 
сӛз. Бҧлар қаратпа сӛз деп аталады. Бҧлар да сӛйлем ішіндегі басқа сӛздермен 
ҥйлеспейді,   байласпайды. 
а)  Қыстырма  сӛз.  Ауру,әрине,  жақсы  нәрсе  емес.  әзірге,  шүкір,  жаман 
емеспіз.  Бҧл  сӛйлемдерге  қыстырылып  айтылып  тҧрған  қыстырма  сӛздер 
«әрине» мен «шҥкір» деген сӛздер. Бҧлар басқа сӛздермен ҥйлесіп, байласып 
тҧрған жоқ, қҧр қыстырылып тҧр. Оны алып тастағанда, сӛйлемге келе қоятын 
кемшілік  жоқ.  Мәселен:  «Ауру  жақсы  нәрсе  емес»  десек  немесе  «әзір  жаман 
емеспіз»  десек,  «әрине»  мен  «шҥкір»  деген  сӛздердің  орны  ҥңірейіп  жоқтығы 
сезіліп тҧрған жоқ. 

184 
 
б)  Қаратпа  сӛз.Қызым,  саған  айтамын,  келінім,  сен  тыңда!  Сӛз  тьңдаңыз, 
әлеумет! Әй, Әлжан, қайда барасың? Құдай, оңда! Оңға баста... Мҧнда қаратпа 
сӛз  болатындар:  «қызым»,  «келінім»,  «әлеумет»,  «Әлжан»,  «қҧдай»,  ҥйткені 
сӛз  беті  соларға  қаратылып  айтылып  тҧр  деген  мысалды  бере 
отырып,сӛйлемнің тҧрлаусыз мҥшелерінің қызметін молынан аша тҥседі. 
Синтаксистің ӛзекті саласының бірі- Қҧрмалас сӛйлемдер. Сӛйлемдердің 
кҧрмаласуы  екі  тҥрлі:  1)  сыйыса  кҧрмаласу,  2)  қиыса  қҧрмаласу.  Сыйыса 
қҧрмаласса,  сӛйлем  сыйысулы  қҧрмалас  деліп,  қиыса  қҧрмаласса,  сӛйлем 
қиысулы қҧрмалас деліп аталады. Қиысулы қҧрмаласқа келсек, бҧлар біріне-
бірі тең, болып та, бірінен-бірі кем болып та қиысады. Қиысулы қҧрмаластағы 
сӛйлемдер тең болса, салалас қҧрмалас деліп аталады. Тең   болмай, бірінен-
бірі  кем  болып  қиысса,  онда  киысулы  қҧрмалас    сабақтас  деліп  аталады.  а) 
Салалас  сӛйлем.Салалас  қҧрмаластың  қиысуы  5  тҥрлі  болады:  1)  жиылыңқы, 
2)  қайырыңқы,  3)  айырыңқы,  4)  сҧйылыңқы,  5)  қойылыңқы  деп  қҧрмалас 
сӛйлем  тҥлерін  жіліктеп  береді  әрі  әрқайсысын  мысалмен  нақтылай  тҥседі. 
Егерде  бірнеше  сӛйлемнің  қиысуы  бірыңғай,  бір  беткей  болса,  жиылыңқы 
қиысу болады. Мәселен, «Ҥлкен  бастар,    кіші қостар» немесе «Ел де  жатты, 
ай  да  батты».  Ал  ғалым  салған  сара  жолды  сақтай  отырып,профессор  
С.  Аманжолов:  "Қҧрмалас  сӛйлем"  бӛлімінде  салалас  қҧрмалас,  оның 
жалғаулықты,  жалғаулықсыз,  сабақтас  қҧрмалас,  оның  есімше  тҧйық  етістік 
кӛсемше,  етістіктің  басқа  тҥрімен,  есімдіктер  арқылы  жасалатын  тҥріне  және 
кӛп бағыныңқылы сабақтас тҥріне жан-жақты тоқталған. [3] 
Егер  де  алдыңғы  сӛйлемге  кейінгі  сӛйлем  қарсы  мағаналы
 
болып  қиысса, 
қайырыңқы  қиысулы  болады.  Мәселен,  «Қылыш  жарасы  бітер,  сӛз  жарасы 
бітпес».  Екі  ҧшты  мағаналы  сӛйлемдер  қиысқан  жерде  айырыңқы  қиысу 
болады. Мәселен, «Не сен тҧрарсың, не  мен тҧрармын». Не болмаса, «Не атын, 
жазым болар, не ер-тҧрманың шығындар». 
Егер де маңызды, нығыз айтыл-
ған  сӛйлемді  басқа  сӛйлемдер  баяндап  тҧрса,  ол  сҧйылыңқы  қиысу  болады. 
Мәселен,  «Сабыр  тҥбі  сары  алтын,  сарғайған  жетер        мҧратқа,    асыққан    
қалар  ҧятқа»,  не  болмаса  «Шалқайғанға  шалқай,  пайғамбардың  ҧлы  емес, 
еңкейгенге еңкей, атаңнан қалған қҧл емес».Егерде алдыңғы сӛйлемдерді кейінгі 
сӛйлем қорытып айтса, қойылыңқы  қиысу  болады.  Мәселен,  «Не  ӛгіз  ӛлер,  не 
арба сынар – екеуінің бірі болар». Немесе «Мал да керек, жан да керек, білім 
де  керек  –  бәрі  де  керек».  Не  болмаса  «Кӛк  шалғын,  ағаш,  бҧлақ  –  бәрі 
жақсы». 
Сабақтас  сӛйлемнің  белгісі  –  бірнеше  сӛйлемнің  бірігіп,  біріне-бірі  сабақ-
талып,  байланысып  айтылуы.  Сӛйлемдер  сабақталып біріккенде,  бірі  басыңқы 
болып, екіншісі бағыныңқы болып бірігеді.Бағыныңқы сӛйлем — бітпеген шала 
сейлем.  Басыңқы  сӛйлем  болмаса,  толық  мағана  оның  ӛзінен  шықпайды. 
Бағыныңқысӛйлем  басыңқы  сӛйлемнің  шылауындағы  ғана  косшы  есебіндегі 
сӛйлем. 
Басыңқы 
сӛйлемнің 
қай 
мҥшесінің 
шылауында 
болса, 
бағынынқы сол мҥшенің атымен аталып, сол мҥшенің сҧрауына жауап береді. 
 «Кімнің жерін жерлесең, соның жырын жырларсың». Мҧнда басыңқы сӛйлем 

185 
 
– «соның жырын жырларсың», бағыныңқы сӛйлем —«кімнің жерін жерлесең». 
Бҧл бағыныңқы сӛйлем басынқы сейлемнің қай мҥшесінің шылауында екендігін 
білейік.  Оны  білу  ҥшін,  басыңқы  сӛйлемді  алып,  сҧрау  саламыз.Бағыныңқы 
сӛйлемдер  екі  тҥрде  айтылады.  1)  толық  тҥрде,  2)  ықшам  тҥрде.  Толық 
тҥрде  айтылған  бағыныңқы  сӛйлемдердің  бәрін,  болмаса  да,  кӛбін-ақ 
ықшам тҥрге айналдыруға  болады. Ықшамдау деп сол толық тҥрден ықшам 
тҥрге  айналдыру  айтылады.  Қазақ  тілінде  толық  тҥрінен  де  ықшам  тҥрі 
кӛбірек жҥреді. Бағыныңқы сӛйлемнің кӛбі ықшам тҥрге айналғанда, басыңқы 
сӛйлемге сіңісіп, жоғалып кетеді.  Атаңа  не қылсаң, алдыңа сол келер. Мҧны 
ықшамдап  айтқанда,  «Атаңа  қылғаның  алдыңа  келер»  дейміз  деп 
сабақтастың  ӛзіндік  ерекшелігіне  тоқталады.Ӛткен  ғасырдың  сексенінші 
жылдары  тілші-ғалым  Қ.Есенов  қҧрмалас  сӛйлемнің  жасалу  жолы  мен 
тҥрлерінің  айырым  белгілеріне  тоқталған.[5]  Кейде  бір  сӛйлемнің  ішінде 
екінші  сӛйлем  қыстырылып  айтылады.  Сондай  қыстырылып  айтылған  сӛйлемді 
қыстырынды дейміз. Мысал: 1) Бҥгін, қҧдай біледі, жауын болса керек. 2) Әзір, 
аллаға шҥкір, жаман емеспіз. 3) Осы жолы, асылық болмасын, алып келерміз-
ақ.  «Бҥгін  жауын  болса  керек»  дсгсн  сӛйлемнің  ішіне  «қҧдай  біледі»  деген 
сӛйлем қыстырылып айтылып тҧр. «Әзір жаман емеспіз» деген сӛйлемнің ішіне 
«аллаға  шҥкір»  деген  сӛйлем  қыстырылып  айтылып  тҧр.  «Осы  жолы  алып 
келерміз-ақ»  деген  сӛйлемнің  ішіне  «асылық  болмасын»  деген  сӛйлем 
қыстырылып айтылып тҧр. Сондықтан «қҧдай біледі», «аллаға шҥкір», «асылық 
болмасын»  деген  сӛйлемдер  қыстырыңды  болады.  Қыстырыңды  сӛйлемдер 
қыстырушы  сӛйлемдерден  теріс  ҥтірмен  айырылады.Келтірінді  сӛйлем. 
Сӛйлегенде  я  жазғанда  сӛйлеуші  я  жазушы  бҧрынғыдан  қалған  мақалды 
немесе  біреудің  айтқан  сӛзін  келтіре  сӛйлейді  не  жазады.  Сондай  келтіріп 
айтқан  не  жазған  мақалдар,  болмаса  біреудің  сӛздері  келтірінді  сӛйлем  деліп 
аталады. Мысал:  Нақыл  сӛз:  «әлін білмес  әлек»  деген  осындай  әуре болған 
жаннан  қапты.  Келтірінді  сӛйлемде  мақалды  немесе  біреудің  айтқан  сӛзін 
айтушы  не  сол  айтылған  кҥйінде  ӛзгертпестен  айтады,  не  ӛзгертіп  мағанасын, 
мазмҧнын ғана айтады.
Каталог: sites -> default -> files -> files -> nauka
nauka -> Сборник материалов международной научно-практической конференции
nauka -> Өскемен, 2016 Әож 94(574) (063)
nauka -> Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
files -> Кіріспе оқу пәнінің оқып-үйрену объектісі мен пәні
nauka -> Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
nauka -> Ердембеков бауржан амангельдыевич должность в структурном подразделении
nauka -> Сборник материалов «миссия молодежи в науке республики казахстан»
nauka -> Сборник материалов международной научно-практической
nauka -> Монография / Жауапты редакторлар: Б. Ердембеков, А. Картаева
nauka -> Сборник материалов республиканской научно-практической конференции «музыкальное образование в современном мире»


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет