Сборник материалов международной научно-практической конференции



жүктеу 1.76 Mb.
Pdf просмотр
бет13/16
Дата28.12.2016
өлшемі1.76 Mb.
түріСборник
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
 Орамды немесе ӛрнекті сӛйлем.Сӛйлегеңде ойды тақ-
тҧқ қысқа айтып, білдіретін орын да болады. Ойды ҧзын айтып, орағытып келіп 
білдіретін  орын  да  болады.  Ҧзын  айтқанда  ой  дәуірлеген  бетімен  барып, 
қайтатын.  тҥрі  болады.  Сӛйлеудің  сондай  тҥрлері  орамды  деліп  аталады, 
Тҥсінікті  болу  ҥшіп  мысал  алып  кӛрсетелік.  Қисапсыз  бай  болсақ  да 
Қарынбайдай,  Сақи  боп  мал  шашсаң да Атымтайтай, Патшадай Әмір-Темір 
дін түзетіп Болсақ да Әйдік батыр арыстандай. Болсаң да Жиреншедей сӛзге 
шешен, Ақырда жатар орның тар лақат жай. Мҧнда ойдың дәуірлеуі «шешен» 
деген  сӛзге  дейін  келіп,  беті  сонан  арғы  жер  де  бҧрылады.  Сӛйтіп  ғалым 
қыстырыңды  сӛйлемдер  мен  келтірінді  сӛйлемнің  ара  жігін  аша  тҥседі.  Ахмет 
Байтҧрсынҧлының жоғарыда айтылған ой-тҧжырымдарынан ғалымның оқу мен 
тәрбиені  қатар  алып,  оқыта  отырып  тәрбиелеудің  маңызы  кӛрінеді.  Ғалымның 
келтірген мысалдарынан сол кезеңнен , халықтың тіршілігінен мол мәлімет алуға 
болады.  Ғалым  негізін  қалаған  тілдік  терминдер  мен  анықтамалар  кҥні  бҥгінге 

186 
 
дейін қолданыста.Тілім деп тыңбай еңбектенген Ахмет Байтҧрсынҧлындай ҧлы  
Ҧстаздың ҧлылығын ҧлықтау әр қазақтың еншісінде деген ойдамыз. 
Әдебиет 
1. Байтҧрсынов А. «Тіл тағылымы». – Алматы, « Ана тілі»,1992, 448 бет. 
2. Қазақ грамматикасы. – «Астана», 2002. 
3. Аманжолов  С.  «Қазақ  әдеби  тілі  синтаксисінің  қысқаша  курсы».  –
Алматы,1994. 
4. Әміров Р. «Жай сӛйлем синтаксисі». – Алматы, 1983. 
5. Есенов Қ. «Қҧрмалас сӛйлем синтаксисі». – Алматы, 1982. 
6. Томанов М. « Қазақ тілінің тарихи грамматикасы». – Алматы, 1988. 
 
ӘОЖ 323(574) 
Жаманбаева Л. Қ., Кучерова С.А. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Ӛскемен қ. 
ukkz@mail.ru
 
 
АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ҚАЗАҚ АВТОНОМИЯСЫНЫҢ 
МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫН МЕЖЕЛЕУДЕГІ РӚЛІ 
 
Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  шекарасы  туралы  қастерлі  ҧғым 
санамызда жаңғырған сайын тәуелсіз еліміздің сан ғасырлық жҥріп ӛткен жолы 
кӛз  алдымызға  елес  береді.  Тарихымызға  ҥңілсек,  ҧшқан  қҧстың  қанаты 
талатын  ҧлан-байтақ  даламызды  сыртқы  басқыншылардан  қорғау  жолында 
қаншама  батырларымыз  жан  қиғаны  белгілі.  Солардың  қатарында  қазақ 
мемлекеттігінің  қалыптасуы,  оның  қазіргі  кездегі  шекарасының  қалыптасуына 
зор ҥлес қосқан алаш қайраткерлерінің ерен еңбегін де атап айтқан жӛн.  
Қазақтың  сан  ғасырлық  тарихының  ең  жарқын  беттерін  жазған  Алаш 
қозғалысы  –  тарихи-саяси  қҧбылыс  ретінде  ҧлтымыздың  мәдени-рухани  даму 
жолын  жаңа  арнаға  бҧрғаны  сӛзсіз.  Ӛйткені,  ол  қазақ  баласының  саясат, 
мәдениет  сатысына  кӛтерілгендігін  айғақтай  отырып,  ендігі  жерде ҧлт ретінде 
дербес  ӛмір  сҥруге,  ӛзге  елдермен  терезесі  тең  халық  ретінде  азат  кҥн  кешу 
мҥмкіндігіне әлеуметті сендіре алған жаңашыл қозғалыс болатын. Қозғалыстың 
қарқындылығы  мен  жаңашылдығы  –  қазақ  қоғамы  ҥшін  қиын-қыстау  сол  бір 
дҥбірлі  шақта  азаттық  ҧранын  салып,  іс  жҥзінде  бытыраңқылық  пен 
мемлекеттік институттар қалыптаспаған дала тӛсінде дербес мемлекет идеясын 
қҧруға  бел  шешіп  кірісуінде  еді.  Алмағайып  кезеңде  амал  тауып,  халқының 
басын  қосып,  ертеңіне  сендірген  осындай  ҧлы  топ  бҧған  дейін  болмағаны 
тарихтан  белгілі.  Олар  сол  тҧста  кездескен  қиындықтарға  қарамастан,  тҥпкі 
мақсатқа  жету  ҥшін  қандай  да  болмасын,  замана  сауалының  оңтайлы 
шешімдерін  таба  білді.  Алаш  зиялыларының  қазақ  даласында  ҧлттық  идеяны 
негіздегені  жӛнінде  Елбасы  Н.  Назарбаев  ӛзінің  «Тарих  толқынында» 
кітабының  «Алаш  мҧрасы  және  осы  заман»  атты  тарауында:  «ХХ  ғасырдың 

187 
 
басында  ҧлттық  бірлікті  нығайту  идеясын  алға  тартқан  рухани-зерделі  игі 
жақсылар  қазақтың  ҧлттық  идеясын  жасау  міндетін  ӛз  мойнына  алды.  Олар 
қоғамның  тҥрлі  тарабынан  шыққандар,  әрі  ең  алдымен  дәстҥрлі  дала 
ақсҥйектерінің  ӛкілдері  еді.  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  қоғамында  зиялы 
қауым  қалыптасуының  ҧрпақтар  эстафетасы  сияқты  сипаты  болғанын  атап 
айтқан абзал» – деп кӛрсеткен болатын [1,  182 ].  
Алаш  қозғалысының  кӛпжылдық  тарихында  және  облыстық,  жалпықазақ 
съездерінде  Алашорда  ҥкіметінің  жҧмысында  ҥнемі  басты  назарда  болған 
мәселенің  бірі  –  жер  мәселесі.  Оны  Алаш  кӛсемдері  ӛте  жақсы  тҥсінген 
болатын.  Айталық,  сол  дәуірде  Ә.  Бӛкейхан:  «Жер  мәселесі  –  ӛмір  сҥру 
мәселесінің ең зоры» деген болатын. Бірінші жалпықазақ съезінің қаулысында: 
«Қазақ  халқы  ӛзіне  еншілі  жерге  орнығып  болғанша  қазақ  жері  ешкімге 
берілмесін»  делінсе,  «Алаш»  партиясының  бағдарламасында:  «Учредительное 
собрание  негізгі  закон  жасағанда  жер  сыбағасы  алдымен  жергілікті  жҧртқа 
берілсін деу; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орнасқанша, қазақ 
жеріне  ауған  мҧжық  келмеу»  делініп  бекітіле  тҥсті.  Алашорда  ҥкіметі 
автономия жариялай отырып, оның бірінші бабында: «Бӛкей елі, Орал, Торғай, 
Ақмола,  Семей,  Жетісу,  Сырдария  облыстары,  Ферғана,  Самарқанд 
облыстарындағы  һәм  Әмудария  бӛлімдеріндегі  қазақ  уездері,  Закаспий 
облысындағы һәм Алтай губерниясындағы іргелес облыстардың жері бірыңғай, 
іргелі  халқы  қазақ-қырғыз  қаны,  тҧрмысы,  тілі  бір  болғандықтан,  ӛз  алдына 
ҧлттық,  жерлі  автономия  қҧруға...»  деп  жер  тҧтастығын  басты  мәселе  ретінде 
бекітті.  Алашорда  ҥкіметі  1918  жылы  24  маусымда  «Алаш  автономиясының 
жерінде  жер  пайдалану  туралы  Уақытша  Ереже»  ӛзінің  мазмҧны  мен  пәрмені 
жағынан  маңызды  қҧжаттардың  бірі  болды  [2,  111  ].  11  баптан  тҧратын  бҧл 
Ережеде  жерді  пайдаланудың  негізгі  тәртібі  кӛрсетілді.  Алаш  қозғалысының, 
Алашорда  жетекшілерінің  аса  ірі  тарихи  еңбегі  қазақ  жерін  сақтап  қалуымен 
байланысты.  Осы  кҥнгі  Қазақстан  Республикасы  жерінің  тҧтастығы  мен 
сақталып қалуында Алаш қайраткерлерінің орасан зор еңбегі жатыр. Олардың 
кеңес  ҥкіметінің  басшыларымен  келіссӛздері,  әсіресе,  Ә.  Бӛкейханов,  
А. Байтҧрсынов, Ә. Ермековтердің осы бағыттағы қажырлы еңбегі кейін, Қазақ 
автономиялық  советтік  социалистік  республикасын  қҧру  кезінде  осы 
автономияның аумағын белгілеуде шешуші маңызға ие болды.  
1917  жылғы  ақпан  тӛңкерісінен  кейін  Қазақстанда  ірі-ірі  тарихи  оқиғалар 
болғаны  баршаға  аян.  1917  жылы  шілде  айында  Орынбор  қаласында  ӛткен 
Жалпы  қазақтардың  бірінші  съезі  Ресей  қҧрамында  ҧлттық  автономия  қҧру 
идеясын  кҥн  тәртібіне  қойып,  оның  демократиялық  жолмен  шешілуіне  бағыт-
бағдар  іздеді.  Қҧрылтай  нәтижесінде  Ә.Бӛкейхан  бастаған  зиялылар  тобы 
ҧлттық-демократиялық  мақсаттарды  кӛздейтін  «Алаш»  партиясын  қҧрады. 
«Алаш»  партиясы  бірден  елдің  қоғамдық-саяси  ӛміріне  араласып,  қазақ, 
халқының  ҧлттық  мҥддесін  қорғай  бастады.  «Алаш»  партиясының  сол  кезде 
кӛздеген  негізгі  ҥш  ҧлттық  мақсаты  –  қазақ  халқын  отарлық  езгіден  қҧтқару, 
тарихи жаңа кезеңде қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіру және қазақ қоғамын 

188 
 
ӛркениетті  елдер  қатарына  қосу  болды.  Міне,  осыған  байланысты  Алаш 
зиялылары  1917  жылы  қазан  айының  8-17  жҧлдызы  аралығында  Томск 
қаласында ӛткен I Сібір облыстық съезіне қатысады. Съезге қатысудағы негізгі 
мақсаттары – демократиялық жолмен Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деңгейіне 
кӛтеру. Шындығында, бҧл сол кезеңде жҥзеге асуы ӛте қиын ҥлкен шаруа еді. 
Екі  ғасырдан  астам  уақыт  бойы  жҥргізілген  отарлау  саясатының  салдарынан 
ҧлан-байтақ  жеріміз  тҧс-тҧстан  бӛлікке  тҥсіп,  қазақ  атының  қасақана 
бҧрмаланып  қырғыз  атанып,  біртҧтас  ел  болудан  ҥміті  ҥзілген  дәрменсіз 
жағдайда болатын. Съезге Қазақстанның атынан сол кездегі алаш зиялылары – 
Ә.  Бӛкейхан,  Х.  Ғаббасов,  Р.  Мәрсеков,  А.  Айтленов,  Ә.  Ермеков,  Е.  Итбаев,  
С. Досжанов, С. Желкілдеков және И. Тҧрмахамедов қатысты. Съезд әр аймақ-
тан келген делегаттар арасынан жиын жҧмысын жҥргізу ҥшін тӛралқа сайлап, 
оған  мҥшелікке  Семей  облысынан  –  Ә.  Ермеков,  Ақмола  облысынан  –  
П.Я. Дербер, ал қазақ зиялысы Ә. Бӛкейхан – бҥкіл Ресей ҧлттарының атынан 
сайланды. 
Съездің  басты  мақсаты  Ресейдегі  ақпан  тӛңкерісінен  кейін  орын  алған 
мемлекеттік  қҧрылымның  формаларын  айқындау  және  ҧлттардың  болашақ 
мемлекеттік мәртебесінің конституциялық негізін пікірталас арқылы талқылап, 
бағдарлама  қабылдау  болды.  Съезд  мәжілістерінде  талқыланған  мәселелердің 
негізгі ӛзегі: Сібір аймағы Ресей қҧрамында қандай қҧқықтық жағдайда болуы 
керек? Оның қҧрамына енген ҧлттардың мемлекет формалары федерация әлде 
автономия  болуы  керек  пе?  Ҧлттардың  тең  қҧқықтық  дәрежесі  қалай 
қамтамасыз  етіледі?  Осындай  ел  тағдырына  маңызды  ойларды  ортаға  салу 
негізінде  съезде  басты  бағыт  айқындалады.  Қазақ  зиялыларының  съезд 
жҧмысына  белсенді  қатысуларының  бірнеше  себебі  болды.  Біріншіден,  ақпан 
тӛңкерісінен  кейін  елде  орын  алған  тҥсініксіз  жағдай  мен  уақытша  ҥкіметтің 
бҧлыңғыр болашағының аландатуы болса, екіншіден, патшалық ҥкіметтің билік 
басынан  кетіп,  елдегі  аласапыран  кезенде  ҧлттық  тәуелсіз  мемлекет  қҧру 
идеясын  жҥзеге  асыру  мәселелерін  қарастыру  және  автономиялық  мемлекет 
қҧру  идеясы  жҥзеге  асқан  жағдайда  Сібір  аймағы  қҧрамындағы  қазақ 
жерлерінің тағдыры мен шекара сызығының ӛту мәселесі еді.  
Съезд жҧмысына қатысқан қазақ зиялылары ҧлттық қанау мен отарлық езгіні 
жойып,  ӛзін-ӛзі  басқару  қҧқығына  ие  болуға  шақырды.  Р.  Мәрсеков  ӛзінің 
сӛйлеген    сӛзінде,  Сібірді  мекендейтін  ҧлттар  мен  тайпаларға  ӛзін-ӛзі  басқару 
қҧқығын  беру  керек,  Ә.  Ермеков  съезд  жҧмысы  орыс  тӛңкерісінің  соңы  болуы 
керек, Сібір халықтары бҧрын әрқайсысы ӛз бетінше кеткен, сондықтан енді олар 
бірге достықта ӛмір сҥрулері қажет десе, ал Ә. Бӛкейхан ӛз сӛзінде большевиктер 
ҧсынған К. Маркстың барлық елде пролетариат диктатурасын орнату арқылы ҧлт 
мәселесін,  мемлекет  формасын  шешу  идеясын  бірден  жоққа  шығарады. 
«Халықтар дайын формулалармен Маркс бойынша емес, ӛз қалаулары бойынша 
ӛмір сҥрулері қажет», – деп тҧжырымдады Ә. Бӛкейхан [3, 23]. 
1917  жылғы  желтоқсанда  ӛткен  екінші  жалпы  қазақ  қҧрылтайының  кҥн 
тәртібі  «Алаш»  партиясы  бағдарламасының  талаптарынан  және  сол  кезде 

189 
 
қалыптасқан  саяси  ӛзгерістерден  туындады.  Қҧрылтайдың  кҥн  тәртібіне 
енгізілген  10  мәселенің  ең  маңыздылары  қазақ  мемлекеттілігі  бҧл  –  Алаш 
автономиясын қҧру, оның ҥкіметі – Алашорданы сайлау, оның қарулы кҥштері 
–  халық  милициясын  жасақтау  болды.  Қҧрылтай  шешіміне  сәйкес,  Қазақстан 
халқымыздың  ата-қонысын  (этникалық  территориясын)  тҥгел  қамтитын 
ҧлттық-территориялық  мемлекет  болып  жарияланды.  Оның  ресми  атауы  – 
Алаш  автономиясы,  ал  ҥкіметі  –  Алаш-орда  болсын  делінді.  Қазақ  қайраткер-
лерінің  негізгі  идеясы  –  қазақ  халқының  қайткен  кҥнде  тәуелсіз  мемлекет 
қҧруы.  Ә.  Бӛкейхан  бҧл  идеяның  жҥзеге  асуын  әр  халықтың  ӛзін-ӛзі  басқару 
идеясын жҥзеге асыру қҧқығымен байланыстырып қарады. 
Халық  Комиссарлары Кеңесінің 1918 жылғы  10  шілдедегі  Декретін негізге 
ала отырып, Бҥкілресейлік Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары 
Кеңесі қаулы шығарды. Ол қаулыда: 
І. РКФСР-дің бір бӛлігі ретінде Автономиялы Қырғыз Социалистік Кеңестік 
Республикасы  қҧрылсын,  оның  қҧрамына  бҧрынғы  әкімшілік  шекарасымен 
мына облыстар енгізілсін: 
а)  Семей  қҧрамына  кіретін  уездер:  Павлодар,  Семей,  Ӛскемен,  Зайсан, 
Қарқаралы; 
ә) Ақмола қҧрамына кіретін уездер: Атбасар, Ақмола, Кӛкшетау, Петропавл 
және Омбы уезінің біраз бӛліктері; 
Ескерту:  Омбы  уезінің  Қырғыз  және  Сібір  бӛліктерінің  шептерін  дәл 
белгілеу Қырғыз революциялық комитетінің Сібір революциялық комитетімен 
келісім бойынша жҥзеге асырылады. 
б) Торғай қҧрамына кіретін уездер: Қостанай, Ақтӛбе, Ырғыз, Торғай; 
в) Орал қҧрамына кіретін уездер: Орал, Абищенск, Темір, Гурьев; 
г)  Закаспий  облысының  Маңғыстау  уезі,  осы  облыстың  Красноводск 
уезіндегі 4-ші және 5-ші Адай болыстары; 
д) Астрахань губерниясынан: Синемор болысы, Бӛкей ордасы, 1-ші және 2-
ші  Приморье  округтарымен  шектес  бҧрынғы  қазыналық  округтық  жерлердің 
территориясы.  Астрахань  атқару  комитетінен  комиссия  қҧрылсын  және  оның 
қҧрамына Астрахань атқару комитеті мен Қырревком ӛкілдері кірсін, олар екі 
облыстың  аралас  халықтар  тҧратын  елді  мекендер  арасындағы  ӛзара 
байланысты қарастырсын делінген жарлықта. 
2.  Сол  кездегі  Тҥркістан  республикасының  қҧрамына  кіретін  қырғыз 
территориясын  Қырғыз  республикасының  қҧрамына  енгізу  осы  облыстар 
халқының  еркі  бойынша  жҥргізілсін  деп  қазақ  шекараларының  оған  кіретін 
облыстар мен уездерді анықтап берді [3,  24]. 
1918  жылы  қазан  айында  Қара-Тӛбе  деген  жерде  Маңғышлақ  қазақтары 
жиналып, ӛздерінің Қазақ АКСР-і қҧрамына қосылатындықтары жӛнінде қаулы 
қабылдап,  Қырғыз  (Қазақ)  ӛлкелік  тӛтенше  комиссары  Ә.Жанкелдинге  ӛтініш 
жазды.  Бҧл  мәселе  1920  жылы  27  наурыздағы  Қырғыз  әскери  ревком 
мәжілісінде  қаралып,  Маңғышлақ  және  Красноводск  уездері  Тҥркістан 
республикасының  қҧрамында  болғанымен  ондағы  Адайлар  кӛбіне  Орал  және 

190 
 
Торғай  облыстарында  тҧрады,  сондай-ақ  олар  шаруашылық  жағынан  Орал 
облысымен  байланысты,  сол  себепті  Адайлар  Қазақ  АКСР-і  қҧрамына 
қабылдансын деген қаулы қабылданады. 
Бҥкілресей  Халық  Комиссарлары  Кеңесінің  тӛрағасы  В.И.  Ленин  1919 
жылдың  10  шілдесінде  «Қырғыз  (Қазақ)  ӛлкесін  басқаратын  революциялық 
комитеті  туралы  Уақытша  ережеге»  қол  қояды.  Дала  ӛлкесін  басқару 
Қырревком  қарамағына  кӛшеді.  Комитет  мҥшелігіне  алғашында  А.  Байтҧр-
сынов, Ә. Жанкелдин, М. Тҧнғаншин, Б. Қаратаев, С. Пестровский, С. Меңде-
шев,  В.  Лукашевтер  енді.  Дала  ӛлкесінің  әкімшілік  орталығы  Орынборда 
жҧмысқа  кіріскен  Революциялық  комитет  тамыз  айының  басында-ақ  «кҥллі 
қазақ жерін бір автономияға біріктіру – кезек кҥттірмейтін тарихи міндет...» деп 
жария етті [3,  25]. 
1919 жылы 27 тамызда Бҥкілресей Орталық Атқару Комитеті (БОАК) Сібір 
ӛлкесін  басқару  ҥшін  Сібір  революциялық  комитетін  қҧрады,  оның  әкімшілік 
орталығына  Омбы  қаласын  белгілейді.  1868  жылғы  реформа  бойынша  ресми 
қҧжаттарда  «Сібір  қырғыздары»  аталған  Орта  жҥз  қазақтары  қоныстанған 
Сарарқа  атырабы  Сібір  ӛлкесінде  қалады:  атап  айтқанда,  бҧрынғы  Торғай 
облысына  қарасты  Қостанай  уезі  тҥгелдей  сол  кезде  қҧрылған  Челябі 
губерниясына  берілді;  ал  Ақмола    облысы  кӛп  кҥттіртпей  Омбы  губерниясы 
атанып,  оның  қҧрамына  осы  облыстан  Кӛкшетау,  Атбасар,  Петропавл  және 
Омбы  уездері  кірген;  сондай-ак,  Павлодар,  Қарқаралы,  Аягӛз,  Зайсан  және 
Ӛскемен  уездерін  біріктірген  Семей  облысы  Сібревкомның  қҧзырына  кӛшеді. 
Сібревкомның  қҧрамына  ӛткен  ҧлан-ғайыр  жерлерде  ӛмір  сҥрген  1916  жылғы 
санақ  бойынша  саны  бір  жарым  миллионнан  асқан  қазақтар  Қырревком 
билігінен тысқары қалып қойған-ды. 
Бҥкілодақтық  Атқару  Комитеті  Уақытша  ереже  қабылданғаннан  кейін  бір-
екі  ай  аралығында  қазақ  даласының  теріскейі  мен  шығысын  қамтитын  ҧлан-
байтақ  бӛлігіне  билік  ететін  тең  қҧқықты  екі  ревком  қҧрады.  Осы  қазақ 
халқының  тағдырында  маңызды  саяси  оқиғаға  зер  салсақ,  Мәскеудің  сол  бір 
сыңаржақ қарар арқылы екеуін бір-біріне қарсы қойып, дау-шарға тҥсуін ӛздері 
қолдан  жасағанын  аңдау  қиын  емес.  Сібір  ревкомы  иелігіндегі  қазақ  жерінде 
орыс билігін қаз-қалпында сақтап, соған орай қазақ зиялыларын ел басқарудан 
шеттету,  саяси  қуғындау  әдісін  тҥу  бастан  бекем  ҧстаған.  Сібревкомды 
басқаруға  қажыр-қайраты  мығым,  большевиктік  белсенді  әрекеті  ҥшін 
«Сібірдің Ленині» атанған И.Н. Смирнов тағайындалғанды. Оның ойынша, бҧл 
ӛлкеге  байырғы  қазақ  жерінен  де  қомақты  сыбаға  алуға  тиіс:  айталық  БОАК 
қаулысына сәйкес, Қырреспублика иелігіне Семей, Ақмола, Торғай облыстарын 
қайтарып  беруге  ол  қарсы  емес,  бірақ  Қостанай,  Петропавл,  Омбы,  Кӛкшетау 
уездерін  біртҧтас  қалпында,  ал  Павлодар  уезінен  бірнеше  болыстар  мен 
Ӛскемен  уезінің  кҥншығыс  бӛлігі,  кенді  Алтай  аймағы,  яғни,  қазіргі  Қатон-
қарағай,  Кҥршім  аудандары  тҥгелдей,  Зырян,  Риддер  және  сол  қалалардың 
тӛңірегіндегі  қазыналы,  ну  орманды  таулы  ӛңір  Сібір  ӛлкесінде  қалуы  тиіс. 
Оның  осы  мәселеге  қатысты  айтқан  негізгі  уәжі:  аталған  уездерде  орыстар 

191 
 
басым  тҧрады,  ал  қазақтар  саны  жағынан  отыз,  ары  барса  қырық  пайыздан 
аспайды,  осы  жерлер  Қырреспубликаға  берілсе,  басым  қоныстанған  орыс  пен 
азғантай  қазақ  ӛзара  сыйыспай,  қиян-кескі  қантӛгіс  туады-мыс,  оған  қоса  осы 
ӛңірдегі ӛндіріс ошақтарын, әсіресе, тау-кен жҧмыстарын Сібревком жедеғабыл 
жҥргізіп,  ортақ  Отанды  нығайтуға  қомақты  ҥлес  қосады,  ал  Қырғыз 
республикасы  –  бҧған  дәрменсіз,  мал  бағу  болмаса,  ӛндірісте  істеуге  оларда 
тәжірибе де, қабілет те жоқ деп есептелді. 
Қазақ  зиялыларының    қарсылығына  қарамастан,  1920  жылы  4  тамызда 
«Сібірді  аудандарға  бӛлу»  деп  аталатын  қаулы  шықты.  Қаулы  бойынша 
Павлодар облысының солтҥстігіндегі 10 болысы Омбы уезіне қаратылады. Осы 
бӛлініс бойынша Сібір мен қазақ жерлерінің жаңа шекарасы Павлодар уезіндегі 
Қандыкӛлден басталып, Сарыкӛл стансасы арқылы қазіргі Екібастҧзды қамтып, 
соның  оңтҥстігінен  15  шақырым  жердегі  Әлгірей  сорына  дейінгі  орасан  зор 
аймақты қамтып, Ақсу болысын қоса отырып шығысқа қарай жҥріп, ең аяғында 
Ертісті басып ӛтіп, Жәміш кӛлінен Славгородқа шықты. 
Осы  мәселеге  байланысты  басталған  екіжақты  талас-  тартысқа  нҥкте  қою 
ҥшін  1920  жылы  9-10  тамызда  КСРО  Халық  Кеңесінің  арнайы  мәжілісі  ӛтеді. 
Осы тҧста қазақ жерінің тҧтастығын сақтап қалу жолында алаш қайраткерлері 
ерекше  жанын  салады.  Автономия  қҧру  идеясын  ҧстана  отырып,  оның 
территориясының  бҧған  дейінгі  «Алаш»  автономиясы  аумағында  сақталуына 
айрықша мән беріп қарады.  
Алаш  мҧрасын  жан-жақты  зерттеген  қоғам  қайраткері,  тарихшы  М.  Қҧл-
Мҧхаммед  ӛзінің  «Алаш  қайраткерлері  саяси-қҧқықтық  кӛзқарастарының 
эволюциясы» атты еңбегінде: «Қазақ автономиясы негізінен Алаш автономиясы 
белгілеген  аумақтық  межелеу  негізінде  қҧрылды.  Бҧл  Алаштың  ең  ірі  жеңісі, 
әрі  қазақ  халқы  алдындағы  аса  зор  тарихи  еңбегі  болды.  Сондықтан  да  осы 
мәселенің  тарихына  арнайы  тоқталған  жӛн»,  –  деп  баса  кӛрсеткен  оқиға 
тарихына  ҥңілер  болсақ,  бҧл  жерде  де  алаш  қайраткерлерінің  айрықша  кҥш 
жігеріне, қайратына тәнті боласыз [4, 173].  
1920  жылы 16  мамырда  Қырғыз  (Қазақ)  әскери революциялық  комитетінің 
Қазақ АКСР-і шекарасын анықтау туралы комиссиясын бекіту жӛніндегі №128 
қаулысы шықты [3, 26]. Бҧл комиссияның қҧрамы Әскери ревком тағайындаған 
ҥш  адамнан  қҧралды.  Комиссия  міндетіне  тарихи,  экономикалық  және  саяси 
жағынан  Қазақ  республикасына  жататын  жерлерді  анықтау,  республиканың 
шекарасын  анықтау  және  Халық  комиссарлары  Кеңесіне  жасалатын 
баяндаманың жобасын әзірлеу, кӛрші губерниялармен даулы жерлерге қатысты 
қорытынды  келісім  жасау  және  шешу,  ішкі  аудандастырудың  жобасын 
дайындау және т.б. мәселелер жҥктелді.  Осы қаулыға лайық алаштың кӛрнекті 
жетекшілерінің  бірі  Әлімхан  Ермеков  «Қазақ  ӛлкесінің  жағдайы  және  оның 
шекарасын  белгілеу»  жӛнінде  баяндама  жасау  ҥшін  Мәскеуге  жіберіледі. 
Ермеков  Қазақ  ӛлкесінің  жағдайы  мен  оның  шекарасын  белгілеу  мәселелері 
бойынша Халық комиссарлары Кеңесінің мәжілісіне дайындалады.   
1920  жылы  17  тамыз  кҥні  В.И.  Лениннің  тӛрағалығымен  ӛткен  мәжілісте 

192 
 
Әлімхан  Ермеков  бар  кҥш-жігерін  сала  кіріседі.  Ӛйткені  ол  иісі  қазақтың 
тағдыр-талайы шешілетін кез дәл осы тҧс екенін жан дҥниесімен сезіне отырып 
және  де  нақты  жағдайды  жетік  білетіндігі  мен  шешендігі  арқасында  ӛз 
дәйектерімен  комиссия  мҥшелерінің  кӛзін  жеткізе  білді.  Қазақтың  уысынан 
шығып  бара  жатқан  Атырау  ӛңірін  де  алаш  жҧртына  қайтарып  берді.  Бҥгінде 
тәуелсіз еліміздің тарихында елеулі із қалдырған осы оқиға жайлы Ермеков ӛз 
естелігін  қалдырған.  Онда:  «Ӛз  баяндамамда  мен,  ең  алдымен  шекара 
белгілеуде  ҥлкен  маңызға  ие  болып  отырған  Қазақстандағы  жер  мәселесінің 
тығырыққа тіреліп тҧрғандығына басты назар аудардым.  
Патша  ҥкіметі  тҧсында  қазақтың  ӛзен-кӛлдің  жағасындағы,  жайқалған 
орман-тоғай  алабындағы  қҧнарлы,  қара  топырақты  жерлері  сол  кездегі 
заңдылықққа  қайшы  бола  тҧрса  да,  тҧрғылықты  халықтан  тартып  алынды. 
Олар;  Ертіс  бойындағы  он  шақырымдық  алап,  Каспийдің  солтҥстік 
жағалауындағы бір шақырымнан басталып кейін 70 шақырымға дейін созылған 
миллиондық қор деп аталған алап, малшыларға арналған, қазыналық-оброктық 
деп  аталатын  және  қазынаның  жеке  пайдалануына  бӛлінген  жер  учаскелері. 
Бҥгінгі  Қазақстан  экономикасындағы бҧл  мҧнайлы ӛлкенің  алар орнын  ескере 
кететін  болсақ,  алаш  қайраткерлерінің  осы  қадамының  тарихи  қадамының 
қаншалықты маңызды екендігіне кӛз жеткізе аламыз.  
...мен  он  шақырымдық  алапқа  қатысты  мәселелерді  шамам  келгенше 
дәлелдеп  шықтым.  Комиссия  мәжілісінде  республиканың  шекарасын 
белгілеуде жоғарыда атап ӛткен Каспий теңізінің солтҥстігіндегі бір шақырым-
дық  жағалауды  Астрахань  губерниясынан  алып,  біздің  республиканың 
шекарасына  қосу  жӛнінде  ҧсыныс  жасадым.  Менің  бҧл  ҧсынысыма  мәжіліске 
қатысушылар шҧғыл қарсы шықты», - деп кӛрсетеді. Ә.Ермековтың ӛз қолымен 
жазған  естелігінен  сондай-ақ,  осы  аталған  территорияны,  яғни  «жағалауды 
біздің  республика  шекарасына  қосу  туралы  әңгіме  ол  жерді  негізінен  балық 
кәсіпшілігімен  айналысатын  қазақтар  мекендейтіндіктен  туындап  отырған-
дығын  және  жағалау  Қазақстан  аумағына  кіріңкіреп  орналасқандықтан  ол 
жердегі  қазақтарды  еңбекке  жҧмылдыру  да  оңай  болмақ.  Егер  балықшы 
қазақтар  мекен  еткен  жағалау  біздің  республиканың  шекарасына  қосылатын 
болса, біз бҧл кәсіпті дҧрыс жолға қойып, Орталыққа Астрахань губерниясынан 
әлдеқайда  кӛп  мӛлшерде  балық  дайындайтын  боламыз»  –  деп,  ӛз  дәлелдерін 
келтіре отырып жеңіске жетті [5, 151-153]. 
24  тамызда  Ленин:  «Қаулы  дайын.  Әлімхан  Ермековтің  қайта  баяндама 
жасағаны дҧрыс. Осы бойынша заңдастыру керек» деп шешім шығарады. Осы 
шешім  қабылданып  шыққаннан  кейінгі  сәтті  Әлімхан  Ермеков  естелігінде 
былай жазады: «Ӛзімнің табысыма масаттанып, риза болып шықтым. Ол кезде 
бар-жоғы  29  жаста  едім.  Біздің  делегация  да  қолымды  алып  жатты.  Қарасам, 
Бӛкейханов жоқ екен. Бәріміз дәлізге шықтық. Қазақстанның делегация қҧрамы 
он  бестей  адам  болатын.  Бәріміз  Әлихан  Бӛкейхановты  тостық.  Әлекең 
Ленинмен  пікірлесіп,  әңгімелесіп  қалған  болатын.Он  бес,  жиырма  минуттан 
кейін ол кісі де шықты. Әлихан Ленинге бекітілген шекараға тездетіп қол қоюға 

193 
 
ӛтініш етіпті, Ленин орындауға уәде беріпті» [6,148].  
1920 жылдың 24 тамыз кҥні В.И. Ленин қол қойған Қырғыз (Қазақ) АКСР-ін 
қҧру  туралы  Декрет  жарияланды.  Декрет  қабылданғаннан  кейін  БОАК  және 
Халық  Комиссарлары  Кеңесі  декретті  жҥзеге  асыру  барысында  №354  қаулы 
қабылдады. Қаулы бойынша Қазақ Автономиясының қҧрамына Семей, Ақмола, 
Торғай, Орал облыстары мен Закаспий облысының Маңғышлақ уезі, Астрахань 
губерниясынан  Синемор  болысы,  Бӛкей  ордасы  және  тағы  біраз  жерлер  ӛткен 
болатын  [3,  36].  Декретке  Тҥркістан  қҧрамындағы  қазақ  жерлерінің  тағдыры 
ондағы халықтың қалауы бойынша шешілсін деген тарау енгізілді. Осы Декрет 
бойынша, бҧрындары Сібревкоммен талас болған даулы  аймақтардың барлығы 
Қазақ Автономиясының қарауына ӛтуі тиіс еді. Алайда, Сібревкомның қитҧрқы 
әрекетімен  Ертіс  ӛңіріндегі  қазақтардың  ежелгі  қонысы  1922  жылға  дейін 
қайтарылмай келді. 
Сонымен жалпы отырыста бекітілген территорияны қазақ автономиясының 
территориясы  етіп  бекіткен  бҧйрық  26  тамыз  кҥні  баспасӛзде  жарияланды. 
Міне, содан бастап бҥгінгі Қазақстанның территориясы қалыптасты. 
Белгілі  тарихшы  Сҧлтан-хан  Аққуҧлы  қазақ  жерінің  тҧтастығын  сақтауда 
Ахмет Байтҧрсыновтың сіңірген еңбегі туралы айта келіп, былай дейді: «Вторая 
история,  более  известная,  о  том,  как  Ахмет  Байтурсынулы  одним  письмом  во 
ВЦИК СНК вернул Кустанайский уезд из состава Челюбинской области России 
под юрисдикцию автономной республики. Сегодня, как известно, Кустанайская 
область  является  житницей  независимой  страны,  где   ежегодно  собирается  по 
крайней мере ¼ зерна Казахстана. Удалось бы А. Ермекову и А. Байтурсынулы 
отстоять и вернуть казахам эти области, если за ними не стояла мощная фигура 
лидера  нации  А.  Букейхана  с  его  неоспоримыми  научными  и  историческими 
фактами,  аргументами  и  архивными  документами,  потверждающими 
незаконный  захват  этих  земель  царскими  колониальными  властями?  Ответ 
очевиден» [7, 87]. 
Осылайша алаш қайраткерлері алғаш рет алаш жҧртының шекарасын ресми 
тҥрде  бекітіп  берді.  Бҧл  олардың  халық  алдындағы  аса  ҥлкен  еңбегі  болды.  
Белгілі  алаштанушы  ғалым,  жазушы  Тҧрсын  Жҧртбай  былай  дейді:  -Әлімхан 
Ермеков  ӛз  сӛзінде  мынадай  пікір  айтыпты:  «Қазақстан  шекарасын  анықтау 
барысында  мҧқым  ӛлкенің  этникалық,  экономикалық  және  мәдени  ерекше-
ліктерін  ерекше  ескеру  керек.  Егер  қазақтардың  осы  уақытқа  дейін  кӛшпелі 
ӛмір  салты  мен  мал  шаруашылығын  басты  кәсіп  ретінде  сақтап  қалғанын 
назарға ілсек, онда бҧл облыстардың ӛзара тығыз байланысы кӛзге анық кӛрініп 
тҧр. Сондықтан да Қазақ автономиялы республикасын қҧру тек солтҥстік және 
оңтҥстік  облыстардың  арасындағы  шекаралық  тҧтастықты  сақтаған  жағдайда 
ғана  мҥмкін  әрі  нақты  ӛмірлік  сипат  алады.  Бҧл  мәселе  керісінше  шешілген 
жағдайда  автономия  тіршілік  кӛзінен  айырылады.  Сонымен  қатар,  мәдени, 
экономикалық  және  аралас  облыстық  орталықтарда  талап  етіп  отырған 
территорияның қҧрамында қалып қояды. Бҧл орталықтарсыз оңтҥстік облыстар 
экономикалық,  шаруашылық,  мәдени  ашаршылыққа  ҧшырап,  тірі  ӛлікке 

194 
 
айналады.  Осы  пайымдауларды  ескере  отырып,  Қазақ  автономиясының 
шекарасын  кӛрсетілген  шекара  бойынша  бекіту  қажет.  Орынбор  қаласы 
уақытша орталық ретінде қарастырылуы керек». Ермековтің  айтқаны шындық 
еді.  Егер  де   Сібірревкомының  ырқына  кӛнетін  болсақ,  бҥгінгі  Қазақстанның 
бес облысы: Шығыс Қазақстан, Семей, Ақмола, Қызылжар, Кӛкшетау Ресейдің 
территориясында  қалуы  керек  болды.Егер  сол  астраханьдық  делегацияның 
сӛзіне  сенетін  болсақ,  онда  қазіргі  Орал,  Атырау,  Маңғыстау  облыстары 
Ресейдің қҧрамына кету керек болатын. Тҧрар Рысқҧловтың ӛтініші ӛтіп кетіп, 
Тҥркістан  мемлекеті  қҧрыла  қалған  жағдайда,  онда  қазіргі  Алматы,  Жамбыл, 
Оңтҥстік  Қазақстан,  Қызылорда  облыстары  Тҥркістан  мемлекетінің,  яғни 
қазіргі Ӛзбекстанның қҧрамында қалып қоятын еді [6, 286].  
Әдебиеттер тізімі 
1.
 
Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы, 2010. – 232 бет. 
2.
 
Алаш Орда. Сборник документов. Сост. Мартыненко Н. –Алматы, 1992. – 
С.192. 
3.
 
Сейдін  Н.Б.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  шекарасы: 
Қалыптасуы, мәселелері және айқындалу барысы. – Алматы, 2006. – 172 бет.  
4.
 
Қҧл-Мҧхамед  М.  Алаш  қайраткерлері  саяси-қҧқықтық  кӛзқарастарының 
эволюциясы.- Алматы, 1998. – 360 бет. 
5.
 
Движение  Алаш.  Сборник  материалов  судебных  процессов  над 
алашевцами в 3-томах. –Алматы, 2011.Т1. – 428 с. 
6.
 
Жҧртбай Т. Ҧраным – Алаш.Жегі. – Алматы, 2008. – 386 бет.  
7.
 
Аккулы С. Собиратель казахских земель//Мысль. – 2013. – №1. – С.81-88. 
 
ӘОЖ  94 (574)  
Жириндинова Қ.Р. 
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Ӛскемен  
kuralaikura@mail.ru
 
 
Ж. АҚБАЕВТЫҢ САЯСИ-ҚҦҚЫҚТЫҚ КӚЗҚАРАСТАРЫ 
 
Ж. Ақбаев қазақ қоғамының мемлекеттік-қҧқықтық мәселелерін алғашқы 
зерттеушілердің бірі болды. Оның ғылыми ынта қойған мәселелерінің ауқымы 
қазақ  мемлекетінің  пайда  болу,  қҧқықтық  жҥйенің,  қҧқықтық  ҧғымдардың, 
терминдердің қалыптасу мәселелерін қамтыды. 
Ресейге  қосылғанға  дейін  қазақ  қоғамының  мемлекеттік  ҧйымы,  ғасырлар 
бойы  қалыптасып,  дамытылған  қҧқық  жҥйесі  болған.  Осы  уақыт  ішінде 
мемлекеттіліктің  ӛзін,  оның  қҧрылымын,  органдарының  қызметін,  сондай-ақ 
қҧқықтық  жҥйесінің  қалыптасу  және  жҧмыс  істеу  ҥрдісін  сипаттайтын  зор 
нақтылы  материал  жинақталды.  Ерте  кезден  бастап  ғалымдар,  жазушылар, 
ақындар  тҥрлі  дәуірлердегі  саяси  оқиғаларды,  әдет-ғҧрыптарды,  заңдарды, 
дәстҥрлерді  суреттеген  кӛп  еңбек  жазып  қалдырған.  Алайда  бҧл  еңбектердің 

195 
 
кӛпшілігі  әзірше  беймәлім  болып  қалып  отыр.  XVIII  ғасырдың  аяғынан  қазақ 
қҧқығы проблемаларын зерттей бастаған Ресей ғалымдарының негізінен ӛздері 
әлеуметтанушылық  зерттеулер  негізінде  жинаған  материалдарға  сҥйенгенін  нақ 
осы жағдаймен тҥсіндіруге болады. Зерттеулерді қазақ халқының тарихын, қазақ 
қоғамының  ерекшелігін  білмейтін,  қазақ  тілін,  қазақтардың  психологиясын 
тҥсінбейтін  адамдар  жҥргізіп,  сонымен  қатар,    бҧл  зерттеулер  қазақ  халқы 
ӛміріндегі  бетбҧрыс  кезеңде,  яғни  Ресейге  қосылу  нәтижесінде,  оның 
мемлекеттік ҧйымы мен қҧқықтық жҥйесі бҧзылған кезде жҥргізілді. Қазақтың 
әдет-ғҧрыптық қҧқығында елеулі ӛзгерістер болды: ежелден ӛмір сҥріп келген 
қҧқықтық әдет-ғҧрыптарға, ӛнеге-ӛсиеттерге консерватизм белгілері тән болса 
да, олар ӛзгере бастаған еді. Сӛз жоқ, казақтардың әдет-ғҧрыптық қҧқықтарын 
жинау, корыту және зерттеу жӛнінде Ресей ғалымдары зор жҧмыс істеді. Олар 
Ресейдегі  қҧқық  ғылымының  дамуына  оң  ықпал  етті,  алайда  қазақтардың 
қҧқықтық  санасына  ешқандай  әсері  болған  жоқ.  Ал  мҧның  себептері  кӛп  еді. 
Қазақ қҧқығы туралы еңбектер орыс тілінде жазылды, таралымы ӛте шектеулі 
болды. 
Ең  бастысы  —  қазақ  қоғамында  кез  келген  салада,  соның  ішінде  қҧқық 
саласында  да  ғылыми  зерттеулер  ҧйымдастыру  ҥшін  ешқандай  жағдай 
болмады.  
Қазақтың  әдет-ғҧрыптық  қҧқығы  жӛнінде  Ш.  Уәлиханов  алғашқылардың 
бірі болып бірқатар еңбектер жазды. Ол  қазақ  қҧқығының  проблемаларын  кең 
тҧрғыда  —  тарихи  және  ӛз  кезіндегі  қырларынан  қарастырады.  Ол  қазақтың 
дағдылы  қҧқығын,  мҧсылман  қҧқығын,  Ресей  зандарын  жақсы  білген  еді, 
оларды салыстыра отырып зерттеді, аталған қҧқық жҥйелерінің жақсы және теріс 
белгілерін жан-жақты кӛрсетті [1, 147 б.]. Қазақстанның қҧқық ғылымы ҥшін Ш. 
Уәлихановтың  қазақ  қҧқығының  тарихы,  оның  әлеуметтік  мазмҧны  мен 
келешегі  жӛнінде  айтқан  пікірлерінің  зор  маңызы  бар.  Оның  пікірінше,  қазақ 
қҧқығы ҧзаққа созылған тарихи дамудың нәтижесі болып табылады және рулық 
қҧрылыс дәуірінде қалыптаса бастаған.  «Сот реформасы туралы жазбаларында» 
Ш.  Уәлиханов  «бізден  бҧрын  жҥздеген,  мҥмкін,  мындаған  жылдар  бойы  ӛмір 
сҥріп  келген  әдет-ғҧрыптық қҧқық  нормалары»  туралы  жазады
 
[1, 149 б.].  Бҧл 
қҧқықтық жҥйе сияқты қҧбылыстың қоғам тіршілігі негізінде, ҧзақ кезең ішінде 
қалыптасуы  мҥмкін  екендігін  тҥсінген  ҧлы  ғалымның  ғажайып  болжамы  еді. 
Ӛйткені ол кезде Қазақстан аумағындағы мемлекеттік ҧйымдардың ерте кезден 
бергі  қҧқықтық  жҥйесін  сипаттайтын  қҧқықтық  та,  әдеби  де  деректемелер 
ғылымда әлі мәлім емес болатын.  
Ш.  Уәлиханов  қазақ  қҧқығының  бірқатар  ӛзіндік  ерекше  белгілерін 
кӛрсетіп,  оны  тҥсіну  негіздерін  қалады  деуге  болады.  Жарты  ғасырдан  кейін 
бҧл іске  енді  кәсіби-заңгер Ж.  Ақбаев ӛз  ҥлесін  қосуға  тырысты  [2, 28 б.].  Ол 
кӛп  еңбек  жазған  жоқ.  Ӛйткені  мәселе  кӛп  жазуда  емес,  автордың  қандай 
идеялар:  терең,  бірегей  немесе  қҧрама  идеялар  айтуында.  Ж.  Ақбаев  қазақ 
қҧқығының сипаттамасы жӛнінде тҥңғыш рет бірқатар бірегей идеялар ҧсынды. 
Ж.  Ақбаев  қазақ  қҧқығы  институттарын  тҥсіндіруде  психологиялық  қҧқық 

196 
 
теориясының  принциптері  мен  идеяларын  колдануға  тырысқан  бірінші  және 
соңғы қазақ қҧқықтанушысы болып табылады [2, 115 б.]. 
Ж. Ақбаев қазақ қҧқығы жӛнінде объективті қҧқық және субъективті қҧқық 
ҧғымын бірінші болып пайдаланды. 
Объективті  қҧқық  ҧғымы  қҧқықтық  жҥйенің  қалыптасуына  байланысты 
пайда  болады.  Қҧқық  ҧғымын  бейнелейтін  негізгі  термин  әділеттілік  туралы, 
ақиқат  туралы,  шындық  туралы  тҥсінікке  байланысты.  Бҧған  қазақ  қҧқығының 
қалыптасу тарихы да кіреді. Алайда қазақтарда қҧқық ҧғымы пайда болуының 
тарихы тым кҥрделі, оны әлі ешкім зерттеген емес. Мҧндай ҧғымның бар екенін 
заңдар  туралы  айтылатын  Орхон-Енисей  ескерткіштерінен  бастап  XVI  ғасырға 
дейінгі әдеби деректемелерден кӛруге болады. Тҥркі тайпалары одақтарында, тҥркі 
мемлекеттерде  ӛздерінің  қҧқық  туралы  тҥсініктері  болған,  бірақ  олар 
қолданылып келген қҧқылық нормалардың жинақталған кӛрінісі емес еді.  
Тҥркі тілдес тайпалар (ҧлыстар) X-XI ғасырлардың ӛзінде-ақ арабтың (сирек 
болса да парсының) қҧқықтық ҧғымдарын қолдана бастаған. Солардың ішінде 
қҧқық ҧғымын объективті мағынасында кӛрсететін «хҧқық» терминінің ерекше 
мәні  болды.  Алайда  тҥркі  тілдес  халықтарда  «хҧқық»  сол  мағынасында 
қолданылған  жоқ.  Бҧл  ҧғым  субъективті  қҧқық  мағынасында  орныққан,  мҧны 
мемлекеттік-қҧқықтық  проблемалар  туралы  мәліметтер  бар  тҥркі  тілдес 
әдебиеттің бәрі дәлелдейді. «Хҧқық» термині орта ғасырдың ҥздік туындысы - 
Ж.  Баласағҧнның  «Қҧтты  білік»  дастанында  субъективті  қҧқық  ҧғымында 
қолданылған.  
Мҧнда  «хҧқ» терминінің субъективті қҧқық мағынасында қолданылуы ғана 
емес,  сонымен  қатар  бҧл  сӛздің  жазылуы  да  ӛзгерген.  Ол  тҥрік  тілі 
фонетикасының  ерекшеліктеріне  бейімделген.  Шынына  келгенде,  «хҧқ»  сӛзін 
қолдану  да,  айту  да  ӛте  қиын,  «хақ»  әлдеқайда  ыңғайлы.  Сондықтан  «хақ» 
термині қабылданған. Бҧл араб сӛзінен алынған термин қазақ тіліне әуел бастан 
осылай сіңісіп кетті. Бірақ арабтың қҧқық ҧғымы – хҧқҧқ тҥріктің «тӛру» деген 
нағыз қҧқық ҧғымын алмастыра алмады. 
Барлық айтылғандардың қарастырылып отырған проблемаға тікелей қатысы 
бар.  Ж.  Ақбаевтың  қазақ  қоғамындағы  объективті  қҧқық  ҧғымы  туралы  айта 
келіп,  тҥркі  тілдес  халықтардың  қҧқылық  жҥйесіне  мәлім  «Тӛру»  ҧғымын  да, 
арабтардан  алынған  «хҧқық»  ҧғымын  да  қарастырмайтыны  неліктен?  Бірінші 
сҧраққа «Тӛру» ҧғымының XVI ғасырдың ӛзінде-ақ Орта Азиядағы тҥркі тілдес 
халықтардың  қолдануынан  шығып  қалғанын  негізге  алып  жауап  қайтаруға 
болады.  Екінші  сҧраққа  жауап  мынадай:  «хҧқық»  тҥркі  мемлекеттері  ӛмір 
сҥрген кезеңде де, қазақ мемлекеттілігі пайда болған кезде де объективті қҧқық 
ҧғымы ретінде қабылданған жоқ. Бірақ ӛзінің әлеуметтік мәніне сәйкес келетін 
қҧқықтық  жҥйесі  болмайынша,  объективтендірілген  қҧқығы  болмайынша,  кез 
келген  мемлекет  ӛмір  сҥре  алмайды.  Объективті  қҧқықтың  қалыптасу  мен 
қҧқықтық  нормалар  жҥйесі  ретінде  ӛмір  сҥруін,  сӛз  жоқ,  қоғамдық  сана 
қабылдап,  белгілі  бір  ҧғымдық  кӛрініс  табады.  Одан  әрі  абстрактілі,  жалпы 
қҧқық ҧғымы казақ халқының қҧқылық санасында жайлап қалыптасып, белгілі 

197 
 
бір  ҧғымдық  рәсімге  ие  болды  [3,  31  б.].  Сонан  соң  бҥл  ҧғым  оларға  қайдан 
алынғаны  белгісіз  тҥрде  кездейсоқ  кҥштеп  таңылған  жоқ.  Ол  қоғамдық 
қатынастарды  жалпы  қоғамның  және  жеке  алғанда  әркімнің  игілігін 
қамтамасыз  ететін  бағытта  реттеп  отыратын  мемлекеттік  нҧсқаулардың 
әділетті,  дҧрыс  сипаты  туралы  табиғи  тҥсініктерден  туындаған.  Басқаша 
айтқанда,  негізінен  кӛшпелі  ӛмір  салтын  ҧстаған  қазақтардың  қҧқықты 
қоғамдық ӛмірді дҧрыс жолға салатын қҧрал деп білгені табиғи нәрсе болатын. 
Қазақ  қоғамында  қолданылған  нақ  объективті  қҧқықтың  «Ақ  жол»  деп 
қабылданғаны  сондықтан  болар.  Мҧны  мақҧлдап  жауап  қайтаруға  салмақты 
негіздер  бар.  Қазақтарда  «жол»  ҧғымы  ӛте  кең  мағынада  қолданылады.  Қазақ 
тілінің  тҥсіндірме  сӛздігіне  жҥгінейік,  онда  «жол»  сӛзіне  айқын  мән  берілген. 
Ӛз тақырыбымызға жақындарын келтіріп ӛтейік. 
1.
 
Алға ҧстаған бағыт, бағдар. «Қазақ» газеті тӛңкерісшіл жол ҧстады, халық 
мҥддесін қорғады. Ойы бӛлектің, жолы да белек.  
2.
 
Салт, әдет-ғҧрып, кәде, сый, сыйлық. 
3.
 
Ақ  жол.  Қалың  ел  қҧдайына  мінәжат  етіп,  батырларға  ақ  жол  тілеп, 
кҥрмалдық отын лаулатты. 
4.
 
Ата  жолы.  Ежелден  келе  жатқан  дәстҥр.  Ата  жолын  бҧзғанды  тыйсаң, 
әуелі ӛзінді тый. 
5.
 
Жол  бастады.  Жолға  шыққанда  жолды  бастап  жҥру,  жол  кӛрсету,  бағыт, 
бағдар сілтеу.  
6.
 
Жолға қойды. Тәртіпке келтірді, жҥйеге тҥсірді. 
7.
 
Жолға салды. Дҥрыс бағытқа қою, тҥсіру. Жақсылар жолдан азар ма, ниеті 
жаксы  болған  соң.  Анты  бар:  Дайра-байға  зайып  болман,  Ел  ғҧрпын  жерге 
таптап «тайып жолдан». 
8.
 
Жолдан жығылмау. Дәстҥрді, салтты жақсы білу, ҧстау. 
9.
 
Жол кӛрген. Кӛпті кӛрген. 
10.Жол кӛрсету. Жӛн сілтеу, ҥлгі, ӛнеге кӛрсету. 
11.Жол сілтеу. Бағыт нҥсқау, жӛн сілтеу. 
12.Қасқа жол. Анык, айқын, тҥзу жол. 
13.Оң жол. Дҥрыс бағыт.  
14.Сара жол. Анық, айқын бағыт. 
Айтылғандардың  бәрі  «жол»  кӛшпелі  салт  жағдайында  ӛмір  сҥрген  қазақ 
халқы  психологиясының  ерекшеліктеріне  сай  келетін  қҧқык,  ҧғымын  білдіре 
алатын және шын мәнінде білдірген терминнің нақ ӛзі. «Ақ жол», «Ата жолы» 
арқылы  жалпы  объективті  қҧқық  ҧғымын  білдіре  отырып,  қазақ  халқының 
психологиясы  ӛз  қҧқықтық  жҥйесінің  ерекшеліктерін  кӛрсетті.  Біріншіден, 
қазақ қҧқығының аса маңызды қайнары ҧрпақтан ҧрпаққа беріліп келген әдет-
ғҧрып,  дәстҥр  болатын.  Сондықтан  қҧқық  (ақ  жол)  әдет-ғҧрып,  кәде  ретінде 
кабылданды.  Екіншіден,  қазақ  қҧқығының  ерекше  тағы  бір  қайнары  билердің 
(сот) ӛнегесі – ҥлгісі болды. Бҧл «жол кӛрсету», істің тҥйінін шешудің «жолын 
тауып беру» сияқты ҧғымдардан кӛрінді. Сот ҥлгісінің қазақ қҧқығы дамуында 
ерекше  маңызы  болды.  Ҥшіншіден,  мемлекеттік  анықтамалар  да  қазақ 

198 
 
қҧқығының  даму  қайнары  еді.  Бҧл  «қасқа  жол»,  «жолға  қою»,  «жолға  салу» 
сияқты  ҧғымдардан  кӛрінді.  Мысалы,    Қасым  ханның  қасқа  жолы»,  «Есім 
ханның ескі жолы». 
Сонымен,  «Ата  жолы»,  «Ақ  жол»  қазақ  халқының  қҧқықтық  санасында 
объективті  қҧқық  ҧғымын  бейнеледі.  Ж.  Ақбаев  бҧл  айтылғандардың  бәрін 
тҥсініп қана қойған жоқ, бҧл оның ӛз халқының қҧқықтық психологиясын терең 
білетіндігін дәлелдейді, сонымен қатар ол ҧлттық қҧқықтық санаға сай келетін 
қҧқық анықтамасын берген алғашқы қҧқықтанушы-ғалым да болды. Ж. Ақбаев 
қҧқық  ҧғымын білдірудің  аталған ҥш  әдісімен  қатар  қҧқық  ҧғымын білдіретін 
тӛртінші  әдісі  де  бар,  атап  айтқанда  ол  «жол»  деген  сӛз  деп жазады  [4,  26  б.]. 
Бастапқыда «жол» кәдімгі жҥретін «жол» мағынасында колданылған, ал сонан соң 
бҧл  сӛз  қҧқық  мағынасында  да  қолданыла  бастаған,  демек,  қырғыздар  «жол» 
сӛзіне екі жақты мағына беріп, бҥл сӛзбен кәдімгі жолды да, қҧқықты да айтады. 
Таза  психикалық  қҧқық  ҧғымын  білдіру  ҥшін  қырғыздар,  баска  да  халықтар 
сияқты, материалдық дҥниеден алынған сӛзді пайдаланған.  
Біріншіден,  Ж.  Ақбаев  қазақтардың  қҧқықты  «жол»  деген  термин  арқылы, 
яғни  қоғамдық  қатынастарды реттейтін,  адамдар қҧқық  қатынастарына  тҥскен 
жағдайда  олардың  арасындағы  проблемаларды  шешудің  кӛрсеткіші  болатын 
қҧрал  ретінде  тҥсінгеніне  кҥмән  келтірген  жок.  Бҧл  жерде  ете  елеулі  бір 
жағдайға назар аудару керек. Қҧқықты «жол» (даңғыл жол) деп сипаттай келіп, 
Ж.  Ақбаев  мҧны  оның  мәнін  кӛрсету  ҥшін  жеткілікті  деп  санайды.  Ж.  Ақбаев 
қҧқықтың  кҥштеу  жағын  атап  кӛрсетуді  қажет  деп  есептемейді  [5,  18  б.].  Бҧл 
жаңсақтық немесе қҧқық табиғатын жете тҥсінбегендік емес. Біздің пікірімізше, 
Ж. Ақбаев қазақ қҧқығын ол шын мәнінде қандай болса, сол кҥйінде тҥсінген. 
Мемлекеттіліктің  дамымағандығы,  мемлекеттік  органдардың  тармақталған 
жҥйесінін болмағандығы, бір жағынан, қҧқықтық жҥйенің дамымағандығы, 
оның  салаларға  бӛлінбегендігі  және  жҥйеленбегендігі  салдарынан  қазақ 
қҧқығында  кҥштеу  элементтері  айқын  кӛрсетілмеген  еді.  Бҥл  қҧқықтық 
нормалардың  бҧзылғаны  ҥшін  жаза,  кҥш  қолдану  кӛзделмегенін  білдірмейді. 
Жаза  қолдану  да  кӛзделді,  кҥштеу  де  болды.  Бірақ  мҧның  бәрі  негізінен 
қоғамдық пікірге сҥйеніп, қоғамдық санаға «сіңіп кеткен» сияқты болатын. Ал 
біздің  пікірімізше,  кҧқық  бҧзушылық  ҥшін  жаза  қолдану  қҧқықтың  сипатты 
белгісі ретінде қабылданбаған. Ол қҧқық ҧғымының сыртында қалған. Әйтпесе, 
қазақтардың  қҧқық  санасында  қҧқықтың  тек  бір  тҧрғыда:  «Қасқа  жол»,  «Ақ 
жол» тҥрғысында болғаны неліктен екенін тҥсіндіру қиын. 
Екіншіден,  Ж.  Ақбаев  ӛз  анықтамасында  қҧқық  ҧғымының  психикалық 
қызмет нәтижесі екенін атап кӛрсетеді. Бҧл арада Ж. Ақбаев қандай да бір ҧғым 
ойлану  ҥрдісінің  қорытындысы  болып  табылады  деген  ғылыми  теорияға 
сҥйенеді. Қҧқық сияқты кҥрделі қҧбылыс терең ғылыми зерттеулердің нәтижесі 
ретінде,  сондай-ақ  адамдардың  ӛздерінің  практикалық  тіршілік  ҥрдісінде 
ҧғынылуы  мҥмкін.  Екі  жағдайда  да  қҧқық  туралы  тҥсініктер  белсенді  және 
қорытушы психикалық қызметгің қорытындысы болып табылады. 
Ҥшіншіден,    Ж.  Ақбаев  қҧқық  ҧғымына  тар  ӛрісті  таптық  кӛзқарасты 

199 
 
қабылдамайды,  ал  ол  XX  ғасырдың  бас  кезінде  заң  әдебиетінде  орын  ала 
бастаған еді. Ж. Ақбаевтың тҧжырымынша қазақ қҧқығы бҥкіл халықтың еркін 
білдіреді,  ӛйткені  халық  психологиясы  жалпы  алғанда  оны  әділетті,  дҧрыс 
қҧбылыс  деп  таниды.  Сірә,  әділ  билерге  кҧдайдай  табыну  мен  қарау  билерді 
сынау  сияқты  ғажайып  қҧбылысты  осымен  тҥсіндіруге  болатын  шығар.  Екі 
жағдайда да адамдар қалыптасқан қҧқықтық нормалардың әділдігіне сенген. 
Тӛртіншіден,  ақырында,  Ж.  Ақбаев  «жол»  термині  «материалдық  дҥниеден» 
алынған  және  оның  ҥстіне  тек  қазақ  қҧқығына  ғана  ерекше  белгісі  емес  деп 
дҧрыс  ескерткен.  Орыс  және  француз  қҧқығында  да  солай  болған.  Басқаша 
айтқанда,  Ж.  Ақбаев  халықта  қҧқық  ҧғымы  қалыптасуының  объективті 
зандылығы  оның  материалдық  ӛмір  жағдайларына  байланысты  екенін  атап 
кӛрсетеді. 
Ж. Ақбаев қазақтардағы қҧқық ҧғымының тҧжырымдалуымен шектелмейді. 
Ол  қҧқық  («жол»)  ҧғымын  әдет  (обычай)  ҧғымынан  шектеу  қажет  екендігі 
туралы  терең  ой  айтты. Біздің ойымызша, бҧл мәселеде де Ж. Ақбаев салиқалы 
пікірге келген.  
Шынында  да,  тҥркі  тілдес  халықтар  «хҥқ»  ҧғымын,  тегінде,  X-XI 
ғасырларда  болар,  арабтардан  алған,  қалай  дегенмен  де  ол  Ж.  Баласағҧнның 
«Қҧтты  білігі»  мен  М.  Қашғариде  кеңінен  пайдаланылады  және  қҧқықтық  
мәнінде  емес,  жай  ғана  әдет-ғҧрып  мәнінде  қолданылады.  Жоғарыда  атап 
ӛткеніміздей,  «қҧқық»  ҧғымы  «тӛру»  терминімен  білдірілген.  Ал  ежелгі  тҥрік 
тілінде «әдет-ғҥрып» «ӛгрәйҥк» және арабша «ғадет» деп аталған. 
Әдет-ғҧрыптың  «егрәйҥк»  деген  тҥрікше  ҧғымы  М.  Қашғаридің  сӛздігінде 
кездеседі.  Уақыт  ӛте  келе,  «ӛгрәйҥк»  «әдет-ғҧрып»  ҧғымы  ретінде 
қолданылуын  тоқтатқан,  бірақ  нақ  сол  мағынасында  сақталып  қалған,  ал  оны 
«ғадет»  (әдет)  термині  алмастырғандықтан,  жай  ғана  әлеуметтік  маңызды 
сипатын жоғалтқан. 
«Ғадет» (әдет) ҧғымы  толық қҧқықтық мәнге ие болған жоқ және «қҧқық» 
ҧғымын  білдірмеді.  Тҥркілер  мен  қазақтар,  ӛз  мҧрагерлері  сиякты,  «ғадетке» 
неғҧрлым  адамгершілік  мазмҧн  берген.  Бҧл  ҧғым, біріншіден, халықтың  әдет-
ғҧрпы  мағынасында  («ауру  қалса  да  әдет  қалмайды»),  екіншіден,  мемлекеттік 
(әкімшілік) ғҧрып ретінде қолданыла бастаған. 
Айтылғандардың  бәрінен  қандай  қорытынды  шығады?  Ж.  Ақбаев  ашып 
жазбағанымен,  оның  пайымдауларынан  қазақтар  ӛздерінің  қҧқықтық  жҥйесін 
әдет немесе әдеттегі қҧқық (дағдылы қҧқық) деп атамаған деген қорытындының 
туындауы  қисынды.  Қазақтардың  ӛз  қҧқығын  былай  деп  атай  алмағаны 
олардың  «әдетті»  таза  қҧқықтық  қҧбылыс  деп  қабылдамайтындығынан  ғана 
емес,  сонымен  қатар  қҧқықтық  нормалар  жинағының  әрқашанда  аса  кӛрнекті 
мемлекет қайраткерлерінің есімдерімен байланыстырылғандығынан да болатын 
[5,  247  б.].  Мысалы,  «Қасым  ханның  қасқа  жолы»,  «Есім  ханның  ескі  жолы», 
«Тәуке ханның жеті жарғысы». Сондықтан қазақ қоғамында 1917 жылға дейін 
болған қҧқықты «қазақтың дағдылық қҧқығы» деп емес, қайта «қазақ кҧқығы» 
деп атау тарихи және ғылыми жағынан дҧрыс болады. Қазақ қҧқығының бҧлай 

200 
 
аталуы  қҧқықтық  әдет-ғҧрыптың  да,  сондай-ак  кейбір  реттерде  (аса  кернекті 
билердің  шешімдері)  би  (сот)  ӛсиеті  ретінде  қҧқықтық  мән  алған  би 
шешімдерінің де маңызын ешбір кемітпейді. Керісінше, би ӛсиеттері санының 
едәуір  кӛп  болуы  олардың  авторларының  белгісіз  емес,  қайта  олардың 
болғанын атап кӛрсетеді, мҧның ӛзі қҧқылық әдет-ғҧрыпка тән. 
Қҧқық  магистрі  Ж.  Ақбаевтың  қазақ  қҧқығын  анықтауға  сіңірген  ғылыми 
еңбегін  атап  ӛте  келіп,  сонымен  бірге  оның  бҧл  проблема  жӛнінде 
айтқандарының  бәрімен  бірдей  келісуге  бола  қоймайды.  Ж.  Ақбаевтың 
кейбір пайымдаулары, біздің пікірімізше, ӛмір шындығына сай келмейді немесе 
кем дегенде, даулы болып табылады. 
Келтірілген  пікірде  кейбір  қызықты  және  онша  айқын  емес  жайлар  бар. 
Біріншіден,  Ж.  Ақбаев  қазақ  қоғамының  заңдары  немесе  қҧқығы  жазылмаған 
деп санайды. Басқаша айтқанда, олар «қҧдайдан  - айдан» берілген. Белгілі бір 
дәрежеде  Ж.  Ақбаевтың  айтқаны  дҧрыс.  Кӛптеген  қҧқықтық  нормалар  би 
ҥлгісінің (ӛсиетінің) нәтижесі ретінде, сӛз жоқ, жазылмаған болатын. Сонымен 
бірге қазақтарда жазылған заңдардың болғанын толық теріске шығарудың негізі 
бола қоймас. 
Ж.  Ақбаев  қазақтардың  неке  қҧқықтары  мәселесі  жӛнінде  бірқатар  бағалы 
идеялар айтқан. Қазақтардың неке қҧқығы туралы мақала жазылған кезге қарай 
қазақ  ғалымдарының  да,  орыс  ғалымдарының  да  қазақтардың  отбасы-неке 
қҧқығы  туралы  заң  әдебиеті  бай  болатын.  Отбасы-неке  проблемаларын 
зерттеушілердің  кӛпшілігі  оларға  этнографиялық  тҧрғыдан  қарады.  Олар  қҧда 
тҥсу, тойға әзірлену ғҧрпын, оның ӛткізілуін сипаттады, бҧл ҥрдіске қатысушы-
лардың  қатынастарына  этикалық  баға  берді.  Ж.  Ақбаев  неке  қатынастарының 
кейбір  тҥйінді  мәселелерін  қҧқықтық  тҧрғыдан  карастырады.  Бҧл  орайда  ол 
жекелеген қҧқықтық терминдердің этимологиясын анықтауға әрекет жасайды. 
Ж.  Ақбаев  қазақтарда  неке  шарты  бір-бірімен  дәйекті  де  қисынды  тҥрде 
байланысқан  бірқатар  заңдық  фактілер  негізінде  пайда  болатынын  бірінші  рет 
тҥсініп,  кӛрсете  білді  [5,  87  б.].  Неке  шарты  пайда  болуы  заңдылық  факт 
қызметін атқарған «қарғы баумен» байланысты. Ж. Ақбаев «карғы баудың» бір 
кезде  заңды  қатынастардың  пайда  болуына  жәрдемдескен  фактор  қызметін 
атқарғанын арнайы атап кӛрсетеді. Сірә, XX ғасырдың басына қарай-ақ «қарғы 
баудың» бҧрын болғанындай қҧдіретті заңды мәні болмаса керек. Сондықтан ол 
занды мәнінен айрылған немесе онысын жоғалтқан. Мҧндай пайымдаудың кейбір 
негіздері  бар.  «Қазақ  тілінің  тҥсіндірме  сӛздігінде»  «қарғы  баудың»  бір 
мағынасы  туралы  былай  делінген:  «Қҧдаласқан  адамның  қалың  малдың 
сыртында  беретін  ырымы».  Кӛрініп  отырғандай,  «Сӛздік»  авторлары  «қарғы 
бауға»  заң  жҥзінде  мҥлде  ешқандай  мән  бермейді,  ӛйткені  оны  «ырым»  деп 
санайды.  
Ж.  Ақбаев  «қарғы  бау»  мәнін  тҥсінуге  ғалым  ретінде  қарайды.  Арнаулы 
қҧбылысты,  бҧл  ретте  неке  шартын  сипаттау  ҥшін  оның  элементтерінің 
бастапқы  мағынасының  маңызы  бар.  Тіпті  «қарғы  бау»  дербес  зандық  мәнін 
жоғалтқан  кездің  ӛзінде  де  ол,  дегенмен,  неке  шартын  жасауға  бағытталған 

201 
 
алғашқы қадам ретінде одан әрі ӛмір сҥре берді. 
Ж. Ақбаев қазақтарда неке шартын жасасудың заң жҥзіндегі ерекшеліктерін 
кӛрсетіп  қана  қойған  жоқ.  Ол  неке  шарты  қатынастарының  субъектілері 
қҧқықтық жағдайының ерекшеліктеріне назар аударды. Неке шарты шаңырақ 
кӛтеріп,  ҥй  болғысы  келген  әйел  мен  еркек  арасында  жасалмаған.  Неке 
шартының субъектілері, бір жағынан, қыздың ата-анасы және екінші жағынан, 
кҥйеудің ата-анасы болатын. Сондықтан, Ж. Ақбаевтың дҧрыс атап ӛткеніндей, 
неке шартын жасасу нәтижесінде қалындық пен кҥйеудің ата-аналары арасында 
толып жатқан қҧқықтар мен міндеттер пайда болады.  
Ж.  Ақбаев  заңгер ретінде қазақтың әдет-ғҧрықтық  заңдарын  зерттеп,  қазақ 
халқының  қҧқықтық  санасы  мен  менталитетін  негізге  алып,  қҧқықтық 
нормалардың мәнін және ерекшелігін айқындады. Сонымен қатар, Алаш Орда 
мемлекеті  идеясын  негіздеу  барысында  дала  демократиясының  белгілерін  
мемлекеттілік идеясын қалыптастыруда ҧсынды. Сондықтан, Алаш идеясының 
негізін  қалаушылар  саяси-қҧқықтық  нормалардың  негізінде  жаңа  мемлекеттің 
сипатын  айқындауға  тырысқан.  Бҧл  идея  қазіргі  кезеңде  ӛміршеңдігін  сақтап 
отыр.  
Әдебиет 
1.
 
Уалиханов Ш.Ш. Шығармалар жинағы .1 Т. – Алматы, 1984.  
2.
 
Қҧл-Мҧхаммед  М.  А.  Жакип  Акбаев.  Патриот.  Политик.  Правовед.  – 
Алматы, 2002.  
3.
 
Қҧл-Мҧхаммед  М.  А.  Ақбаев  Жақып:  Алаштың  бас  прокуроры  // 
Социалистік Қазақстан. -1992. – 4-7 сәуір. 
4.
 
Қҧл-Мҧхаммед  М.  А.  Заң  магистрі  –  Жақып  Ақбаев  //  Қазақстан 
Республикасы Жоғарғы Сот Жаршысы. -2001. – №2.- Б.– 25-32. 
5.
 
Қҧл-Мҧхаммед  М.  А.  Алаш  ардагері.  Ж.  Ақбаевтың  саяси-қҧқықтық 
кӛзқарастары. – Алматы, 2005. 
Каталог: sites -> default -> files -> files -> nauka
nauka -> Сборник материалов международной научно-практической конференции
nauka -> Өскемен, 2016 Әож 94(574) (063)
nauka -> Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
files -> Кіріспе оқу пәнінің оқып-үйрену объектісі мен пәні
nauka -> Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
nauka -> Ердембеков бауржан амангельдыевич должность в структурном подразделении
nauka -> Сборник материалов «миссия молодежи в науке республики казахстан»
nauka -> Сборник материалов международной научно-практической
nauka -> Монография / Жауапты редакторлар: Б. Ердембеков, А. Картаева
nauka -> Сборник материалов республиканской научно-практической конференции «музыкальное образование в современном мире»


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет