Сборник материалов Международной научно-практической конференции



жүктеу 7.44 Mb.
Pdf просмотр
бет27/70
Дата22.12.2016
өлшемі7.44 Mb.
түріСборник
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70

Список литературы: 

 

1.



 

Великая  Отечественная война, 1941-1945, М., Воениздат, 1965,  с.57-68 

2.

 

А. Бек «Волоколамское шоссе». М. Воениздат, 1985 



3.

 

А.М. Василевский. Дело  всей  жизни, М.Политиздат, 1983, с. 368-387 



4.

 

Г.К.Жуков, Воспоминания и размышления, М.,Издательство печати новости, 1970, с.355 



5.

 

С.К. Нурмагамбетов. От огненных лет до суверенной армии. Сборник мемуарных  произведений, 



Алматы, ИД «Жибек  жолы», 2005 

6.

 



Учебник «История Казахстана». Автор М.К. Козыбаев, Алматы, 1993 г. 

7.

 



Растить героев  нашего  времени, Семей, ИД, Интеллект»,2012,с.313-332  

8.

 



Создавать новых героев нашего времени, Семей, ИД «Интеллект», 2015, с.15-49, 316-325, 433-441 

9.

 



Советская военная энциклопедия, т.1, М. Воениздат, 1976, с.456-460 

10.


 

Герои Советского Союза. Краткий биографический словарь. Пред. ред. коллегии И.И. Шкадов, 

М. Воениздат, 1988 

11.


 

Общегородская  газета  «Вести    Семея»  №9  (878)от  3.02.2015  г.  Статья  архивиста  КГУ  «ЦДНИ» 

Н.В. Яковлева  «Славный путь воздушно-десантной дивизии» 

 

 



 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ МАЙДАНДАРЫНДАҒЫ 

ӨШПЕС ЕРЛІГІ  

 

Т.М. Әминов 

т.ғ.к., профессор, Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі 

Астана Медицина университеті Қазақстан  

(Астана,  Қазақстан) 

 

Қазақстан  халқы      Ұлы  Отан  соғысындағы  Жеңістің    70  жылдығын  ерекше  атауға 



дайындалуда.    Бұл  туралы  Ел  Президенті    Н.Ә.  Назарбаев  өзінің  Қазақстан  халқына  арнаған 

кезекті  Жолдауында  айтқанындай,  бұл  біздің  ортақ  тарихымыздағы  маңызды  дата.  Осы  күнгі 

бейбіт өмірге қол жеткізіп, тәуелсіз мемлекет жағдайында өмір сүріп жатқанымызға сол соғысқа 

қатысып,  қасықтай  қаны  қалғанша  отаны  үшін  «жан  алып  –  жан  берген»,  аталарымыз  бен 

әкелеріміздің, аналарымыз бен әпкелеріміздің қосқан үлесі орасн зор және олар ешқашан ұмыт 

қалмауға тиіс [1]. 

Ұлы Отан соғысы 1941 жылдың 22 маусымында басталды. «Барбарос» жоспарына сәйкес, 

Кеңес  Одағына  тұтқиылдан  шабуыл  жасап,  Кеңестік  Қарулы  күштерін  қысқа  мерзімде 



 

185 


талқандап,  1941  жылдың  күзінде  соғысты  аяқтау  көзделді.  Гитлерлік  басшылық  «басқаруға 

ыңғайлы»  болу  үшін  Кеңес  Одағын  мүшелемекші  болды.  Қазақстан  территориясы  «Шығыс 

Түркістанның»  құрамына  енбекші  еді.  Бірақ  бұл  жоспар  іске  аспады. Кеңес халқы  соғыстың 

бірінші күнінен-ақ жауға қарсы табандылықпен қарсы тұрды. 

  

Соғыстың 



алғашқы 

кезеңі 


өте 

ауыр 


соқты. 

Осындай 


жағдайда                              

Қазақстанның  рөлі біршама өсті. Соғыс қара, сирек кездесетін және түсті металлургия, көмір 

және  мұнай  өнеркәсібінің  өнімдерін  көптеп  шығаруды  талап  етті. Қазақстан эвакуацияланған 

мекемелерді  қабылдады.  1941-1942  жылдары  республикаға  220-дан  астам  зауыттар  мен 

фабрикалар, цехтар мен артельдер көшірілді. Бұған қоса, Қазақстанда 1941-1945 жылдары  240 

өнеркәсіп  орындары  салынды.  Қазақстан  85%  қорғасын,  35%  қалайы,  75%  полиметалл 

рудаларын беріп отырды. Соғыс жылдары Қарағанды шахтерлары 34 миллион тонна көмір 

өндірді. Мұнай өндіру 39 %-ға өсті [2]. 

Ауыл шаруашылығы да соғыс қажетіне бейімделді. Соғысқа шақырылғандардың үштен 

екісі  ауыл  шарушылығы  еңбекшілері  екендігіне  қарамастан,  көптеген  колхоздарда 

еңбекшілердің 80%-ын әйелдер құрады. Қолхозшылар еңбекте ерлік көрсетті. Осылайша, 

Ақтөбе  облысындағы  «Құрман»  колхозының  звено  жетекшісі  Ш.  Берсиев  тары  өсіруден 

әлемдік  рекорд  жасап,  әр  гектардан  –  202  центнер,  Қызылорда  облысындағы  «Қызыл  ту» 

колхозының звено жетекшісі Ы. Жақаев күріш өсіруден әлемдік рекорд жасап, әр гектардан – 

172 центнер, осы облыстағы көрші «Авангард» колхозының звено жетекшісі Ким Ман Сам әр 

гектардан  150  центнер  күріш  алды.  Қазақстанның  ауыл  шаруашылық  еңбекшілері  майданға 

нан,  ет,  шикізат  өнімдерін  беріп  қана  қоймай,  370  мыңға  жуық  эвакуацияланған  мал  басын 

сақтап қалды. Осылайша майданға ет, сүт, жүн, тері өнімдерін көптеп жіберді. 

Қазақстан тұрғындары танкілер, самолеттер, сонымен қатар тұтас эскадрилья құрастыру 

үшін  қаражат  жинады.  Қазақстандықтардың  майдан  мұқтажы  үшін  өз  еріктерімен  өткізген 

қаражаты  4700  миллион  сомды  кұрады.  Бұдан  басқа,  майданға  2,5  миллионға  жуық  жылы 

киімдер, 1600 вагон сыйлықтар жөнелтілді. 

Сонымен  қатар,  Қазақстанға  ғылыми  және  шығармашылық  қоллективтері 

эвакуацияландырылды.  Алматыға  Москва  және  Ленинград  киностудиялары,  20-ға  жуық 

ғылыми мекемелер және аттары әлемге әйгілі  И.П. Вернадский, В.А. Обручев, А.М. Панкратова, 

А.А. Скочинский, т.б. сияқты академик-ғалымдар көшірілді. 

Рухани қару ретінде әдебиет үлкен қызмет атқарды. Майданның және тылдың батырлары 

жайында Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Дмитрий Снегин сияқты поэзия 

мен проза шеберлері, Жұбан Молдағалиев, Сырбай Мәуленов, Сағынғали Сейітов, Жұмағали 

Саин  сияқты  жас  жазушылар  өз  еңбектерін  жазды.  Қазақстанның  90  ақын-жазушысы  соғыс 

майдандарында шайқасты [3]. 

Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майдандарында. 

Соғыстың  бірінші  күндерінен-ақ  Қазақстан  территориясында  әскери  құрамалар  мен 

бөлімдер жасақталды. Қазақстанда алғашқылардың бірі болып 316-шы атқыштар дивизиясы 

құрылды.  Жеке  құрамының  негізін    Алматы,  Жамбыл  және  Оңтүстік  Қазақстан 

облыстарының еңбекшілері құрады. Дивизияның командирі болып, Азамат соғысына қатысқан, 

25-

ші Чапаев дивизиясының қатарында соғысқан генерал-майор И.В. Панфилов тағайындалды. 



Барлығы  12  атқыштар,  4  кавалериялық  дивизиясы,  7  атқыштар  бригадасы,  50-ге  жуық  жеке 

полктар  мен  батальондар,  әртүрлі  әскери  жасақтар  құрылды.  Соғыс  жылдары  1 196 164 

қазақстандық әскер қатарына шақырылды. Жасақталған әскери құрамалар мен бөлімдер құрамы 

жағынан  көп  ұлтты  болды.  Өнеркәсіп  орындарында  жұмыс  істеу  үшін  670  мың 

адаммобилизацияланды. 

Москва  түбіндегі  шайқаста  генерал-майор  И.В.  Панфилов  басқарған  даңқты  316-

атқыштар  дивизиясы  шешуші  рөл  атқарды.  Ол  жаудың  танкілеріне  қарсы  табандылықпен 

қарсы  тұра  білді.  1941  жылдың  16  қарашасында  Дубосеково  разъезінде  фашистердің  18 

танкісін жойып, жауды Москваға өткізбеген 1075-атқыштар полкінің 28 жауынгерінің өшпес 

ерлігі бүкіл әлемге белгілі. Осы топтың құрамында болған политрук В.Г. Клочковтың: «Россия 

кең-байтақ,  бірақ  шегінерге  жер  жоқ!  Артымызда,  Москва!»  деген  қанатты  сөздері  бүкіл 


 

186 


майданға  тарады.  Барлық  жиырма  сегіз  панфиловшыларға  Кеңес  Одағының  батыры  атағы 

берілді. Генерал И.В. Панфилов 1941 жылғы 18 қарашада ерлікпен қаза тапты.  Москва  үшін 

шайқаста, Батыр атағын 1990 жылы ғана алған, аға-лейтенант Бауыржан Момышұлы басқарған 

батальон табандылық көрсетті. Сол шайқаста Кеңес Одағының батырлары Төлеген Тоқтаров, 

Мәлік Ғабдуллин, т.б. ерлік көрсетті. П.Б. Вихревке Кеңес Одағының батыры атағы ерлікпен 

қаза  тапқаннан  кейін  берілді.  Сонымен  қатар,  Кеңес  Одағының  батырлары  –  қарағандылық 

ұшқыш  Н.  Әбдіров,    минометші    Қ.  Сатпаев,  лейтенант  Г.  Рамаев  Отан  үшін  ерлікпен  қаза 

тапты.  


Қазақстанда  құралған  басқа  дивизиялар,  бригадалар  мен  полктер  Ұлы  Отан  соғысы 

майдандарына  1942  жылы  кіргізілді.  Бұл  кезде  Ақтөбеде  жасакталған  312-ші  дивизия 

Малоярославль  түбінде  жаудың  үш-төрт  дивизиясына  қарсы  бір  жеті  бойы  қасарысқан 

қорғаныс  ұрысын  жүргізді.  Шымкент  қаласында  құрылған  102-ші  дивизия  Украинаның 

солтүстік-шығысында қорғаныс шебін ұстап тұрды. 

Ұлы  Отан  соғысы  барысында  Сталинград  шайқасы  бетбұрыс  кезең  болды.  Бұл 

сұрапыл шайқасқа қатысқан құрамалардың арасында Қазақстанда жасақталған 38-атқыштар 

дивизиясы бар еді. Ол әр кезде 62-армия /қолбасшысы В.И. Чуйков/, 57-армия /колбасшысы 

Ф.И.  Толбухин/,  сондай-ақ  Сталинград  үшін  болған  шайқастың  негізгі  ауыртпалығын 

көтерген  64-армияның  /қолбасшысы  М.С.  Шумилов/  құрамында  соғысты.  Сталинград 

түбіндегі  ұрыстарда  Жамбыл  қаласында  жасақталған  81-атқыштар  дивизиясы  жауды 

талқандауда салмақты үлес қосты. 1942 жылғы қарашаның аяғы – желтоксанның басында 

бұл  дивизия Котельниково қаласын алуға, сөйтіп Сталинград қаласында қоршауда қалған 

Паулюстің  армиясын  босату  үшін  әрекет  жасаған  неміс-фашист  әскерлеріне  қарсы 

шайқастарға  қатысты.  Сондай-ақ  Орал  қаласында  жасақталған  152-ші  атқыштар 

бригадасының  батальондары  Элиста-Астрахань  жолы  арқылы  Еділ  өзенінің  төменгі 

сағасына  өтуге  тырысқан  неміс,  румын  әскер  бөлімдерінің  жолын  бөгеді.  Қызыл  әскер 

бөлімдерімен  шайқастарда  көптеген  шығындарға  ұшыраған  неміс-фашист  әскерлері 

Астраханьға шабуыл жасауға тырысқан әрекеттерінен бас тартты. 

Қазақстандық жауынгерлер тек Сталинград түбінде ғана емес, сонымен қатар Курск 

иінінде,  Днепр,  Ленинград  үшін  шайқастарда  жанқиярлықпен  соғысты.  Ленинград 

қоршауындағы  әскери  бөлімдерде  қызмет  еткен  жауынгерлердің  арасында  Д. 

Шыныбековтың, алысқа ататын зеңбірекке бекітілген аэростат командирі С. Жылқышиевтің 

есімдері  мақтанышпен  аталды.  1942  жылғы  шайқастардың  бірінде  Батыс  Қазақстан 

облысындағы Жаңақала ауданының түлегі Арыстан Ахметов өз есімін өшпес данққа бөледі. 

Ол 19 жауынгермен әскери маңызы бар бір төбені жаудан корғап, соңғы адамы қалғанша 

соғысты. Жаралы болып ес-түссіз жау қолына түскен одан жау солдаттары әскери мағлұмат 

алмақ  болып  азапқа  салды.  Тістерін  сындырып,  құлағын  кесті.  Осындай  азапта  жау 

офицерінің  бетіне  түкіріп,  қайсарлық  пен  қаһармандық  үлгісін  көрсеткен                                А. 

Ахметовты қанішерлер үстіне жанармай құйып өртеп жіберді. Батыр жігіт жау алдында сес 

бермей, өмірден өтті. Елге оның ерлігі туралы хабар майдангер жазушы Павел Кузнецовтың 

очерктері арқылы жетті. 

Қуатты  жарылғыш  минамен  жау  танкісінің  астына  түскен  Қарсыбай  Сыпатаев, 

жаудың  пулеметтен  оқ  шашып  түрған  дзотының  аузын  өз  кеудесімен  жапқан  Ленинград 

қорғаушысы Сұлтан Баймағамбетов қазақ жауынгерлерін ерлікке рухтандырды. 

Соңғы жылдарға дейін тарихи оқулықтарда қазақ ұшқышы Кеңес Одағының батыры 

Нүркен  Әбдіровтің  ерлігі  жөнінде,  атақты  ұшқыш  капитан  Н.  Гастеллоның  отқа  оранған 

ұшағын  жаудың  танк  колоннасының  үстіне  шүйілдіре  құлатып,  тас-талқан  еткен  көзсіз 

ерлігін  қайталаушы  адам  ретінде  жазылып  келді.  Нүркен  де  1942  жылы  19  желтоқсанда 

Ростов облысы Боков-Понамаревка ауданында жау оғы тиіп, жана бастаған өзінің «Ил-12» 

ұшағын  неміс  танктерінің  шоғырланған  калың  ортасына  бағыттап,  оларды  көп  шығынға 

ұшыратып, қаза тапқан. Бұл ерен ерлікті соғыстың алғашқы 5-ші күні капитан Масловтың 

экипажының  құрамында  (капитан  Гастеллоның  экипажынан  сәл  бұрын)  қазақ  ұшқышы, 

Алматы облысы Балқаш ауданының түлегі Бақтыораз Бейсекбаев та жасаған еді. Бұл тарихи 



 

187 


әділеттік арада 56 жыл өткенде орнап, Б. Бейсекбаевқа Ресейдің батыры және Қазақстанның 

Халық  Қаһарманы  атағы  берілді.  Сталинград  түбіндегі  жеңістен  кейін  1943  жылдың 

жазында қызыл әскер бөлімдері бірнеше жүздеген шақырым ілгері жылжып, Белгород-Орел 

шебіне шықты. Мұнда сол жылдың шілде айында Курск иінінде орасан зор шайқас жүрді. 

Курск шайқасына қатыскан әскери бөлімдердің қатарында қазақстандық  72-ші және 8-ші 

атқыштар дивизиялары да болды. 72-ші дивизияның жауынгерлері  Белгородтың онтүстік-

шығысына  қарай  өңірдегі  неміс  әскерлерінің  шабуылына  қарсы  қорғаныс  шебінде  қимыл 

жасады.  

Сонымен  бірге  қазақстандық  8-ші  атқыштар  дивизиясы  да  Орел-Курск  иінінде  жау 

әскерлерімен  жойқын  ұрыстар  жүргізді.  Сөйтіп,  гитлершілдердің  бұл  майдан  шебінде 

шабуыл жасау әрекетінен ештеме шықпады. 1943 жылы 5 тамызда 72-ші және 8-ші дивизия 

жауынгерлері  қатысқан  Батыс  және  Брянск  майдандарының  әскерлері  Орел  және 

Белгородты  немістерден  азат  етті.  Сол  жылғы  күзде  100-ші  Қазақ  ұлттық  атқыштар 

бригадасы Калинин майданындағы 3-ші екпінді армия құрамында Невель қаласын азат ету 

операциясына қатысты. 1943 жылы 17-ші    қыркүйек – 10-қазан аралығында 101-ші қазақ 

ұлттық  атқыштар  бригадасы  4-ші  екпінді  армия  құрамында  Демидово  қаласы  маңындағы 

жаудың  бекінісін  бұзып  өтіп,  Смоленск  және  Витевск  облыстарының  158  селосы  мен 

деревнясын  жаудан  тазартты.  Батыс  майдан  әскерлерінің  құрамында  сондай-ақ 

қазақстандық 30-ші гвардиялық және 8-ші атқыштар дивизиялары да болды. 

Курск  иініндегі  жеңістен  кейін  Қызыл  армия  бөлімдерінің  кеңінен  етек  алған 

шабуылы барысында  Днепр өзенінен өтіп, туысқан Украин жерін азат ету  айрықша орын 

алды.  Укрананың  ұлы  өзенін  кесіп  өтудегі  жанқиярлық  ерлігі  үшін  123  қазақстандық 

жауынгерге  Кеңес  Одағының  Батыры  атағы  берілді.  1944  жылдың  басында  Ресей 

Федерациясының солтүстік-батыс аудандарын азат етуге Ленинград майданы әскерлерінің 

құрамында қазақстандық 314-ші атқыштар дивизиясы, 219-шы атқыштар полкі белсенділік 

көрсетті.  Волхов  майданындағы  басқа  да  құрамалармен  бірлесе  қимыл  жасай  отырып, 

қазақстандық  31-ші  атқыштар  дивизиясы  Новгородты  жаудан  босатты,  сол  үшін  оған 

«Новгородтық  дивизия»  деген  кұрметті  атақ  берілді.    2-Прибалтика  майданы  құрамында 

жауға қарсы шабуылға сондай-ақ 319-ші атқыштар, 8-ші және 30-шы гвардиялық атқыштар 

дивизиялары мен 756-шы атқыштар полкі қатысты. 

1944  жылдың  күзі  -  1945  жылдың  көктемінде  қазақстандықтар  Еуропа  халықтарын 

немістік езгіден азат ету ісіне де үлкен үлес қосты. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа 

елдерін азат ету жорығында ерекше көзге түскен Қызыл Армия бөлімшелері мен құрамдары 

арасында  қазақстандық  72-ші  және  73-ші  гвардиялық  атқыштар  дивизиялары  ерлікпен 

шайқасты. Варшава-Берлин бағытында І-ші Белорус майданының құрамында 27-ші Қызыл 

Тулы  Новгородтық  гвардиялық  атқыштар  дивизиясы  шабуылға  шығып,  1945  жылғы  23 

ақпанда  Познань  қаласын  азат  етті.  Фашисттік  Германияның  мызғымас  қамалы 

Померанияда  қазақстандық  456-шы  және  209-шы  атқыштар,  173-ші  артиллерия  полктері 

шайқасты. Мұндағы әскери операцияның табысты болуына Қазақстанда жасақталған 310-

шы Новгородтық аткыштар дивизиясы елеулі үлес қосты. 1945 жылдың 16 сәуірінен бастап 

– 

2  мамырға  дейін  қазақстандық  жауынгерлер  Германияның  астанасы  Берлинді  алуға 



қатысты.  Лейтенант  Рақымжан  Қошқарбаев  қатардағы  жауынгер  Булатовпен  бірге 

алғашқылардың бірі болып, Рейхстаг қабырғасына қызыл жалау тікті. 

Қорытып  айтқанда,  ақиқат-шындыққа  жүгінсек,  Ұлы  соғысында  біздің  қазақ 

жауынгерлеріміз  нағыз  ерліктің  үлгілерін  көрсетіп  отырған.  Белгілі  орыс  жазушысы  Илья 

Эренбург  Мәскеуді  ерлікпен  қорғап  жатқан  қазақстандық  316-шы  дивизия  жауынгерлерге 

қатысты  1941  жылғы  қазан  айында  «Правда»  газетінде  «Қазақтар»  деген  мақаласында 

мынадай  факті келтірген. Тұтқынға түскен бір фриц өз жауабында: «Бізге қарай дауылдай 

дүркіреп,  өлген-тірілгендеріне,    біздің  қарша  боратқан  оғымызға  қарамай  бір  азиаттар 

жүгіріп  келе  жатты.  Олардың  қазақ  деген  ұлт  екенін  енді  білдім»  -  дейді.  Ал  жазушы  бұл 

жауапты  өз ойымен ары қарай былай жалғастырады: «Қазақтар далада жел жетпес жүйрік 



 

188 


аттарын  мініп  дағдыланған  халық,  олар  қажет  болса,  батпақты  жерлерде  саз  балшықты 

белуардан кешіп жүре        береді» [3]. 

Көрнекті әскери қолбасшы  генерал-полковник П.И. Ромашко өз естелігінде: « Қазақтар 

ақжарқын,  ақкөңіл,  ержүрек,  батыр  халық  екенін  осы  соғыста  көрсете  білді.  Егер  әскери 

құрамам тек қана қазақтардан құралса, мен өз тағдырыма разы болар едім» дейді. 

Алайда қазақтардың кейбір ерліктері дер кезінде әділ бағасын ала алмады. 1941 жылы 

Панфиловтың  тірі  кезінде  Бауыржан  Момышұлы  Ленин  орденімен  марапатталуға 

ұсынылған,  ал  генерал  И.  Серебряков  1942  жылы  оған  «Кеңес  Одағының  батыры»  атағын 

беруді ұсынған. Өкінішке орай, белгісіз себептерге байланысты бұл екі награда да Баукеңе  

бұйырмаған    Жазушы  Александр  Бек  соғыс  тақырыбына  алғаш  жазған  «Волокалам  тас 

жолы» романының бас кейіпкері етіп осы Бауыржан ағамызды алған болатын.    

Жоғарыда  айтқанымыздай,  соғыс  аяқталар  қарсаңында  Рейхстагқа  жеңіс  туын  алғаш 

тіккендердің  ішінде  Рахымжан  Қошқарбаев  та  болды.  Кеңес  Одағының  батырлары, 

рейхстагтың  орталық  күмбезіне  Жеңіс  туын  желбіреткен  жауынгерлер  Михаил  Егоров  пен 

Мелитон  Кантарияның  ерлігіне  өз  бағасын  бере  отырып,  шындығында  бұл  қаһармандық 

ерлікті  алғашқы  рет  1945  жылғы  30  сәуірдің  1  мамырына  қараған  түні  өзге  де  жауынгер 

барлаушылар  жасағанын,  солардың  ішінде  біздің  Рақымжан  Қошқарбаев  пен  Григорий 

Болатов боғанын қалай ұмытамыз. Олар Рейхстагқа дейінгі 300 метр қашықтықты 7,5 сағат 

бойы еңбектеп жеткен. Өйткені  фашистер олардың басын көтертпей оқты қарша боратқан. 

Рақымжан  аман-есен  Жеңіс  туын  тігіп  қайтіп  келгенде  дивизия  командирі  оны  құшағына 

алып  құттықтаған.  Бұл  туралы  ол  дереу  майдан  қолбасшысы  Г.К.  Жуковке  хабарлайды, 

олардың  кімдер  екенін  естіген  қолбасшы  ашу  шақырып,  бүкіл  майданда  ту  тігетін  орыс 

табылмаған ба, неге азиаттарды жібердің деп бұлқан-талқан болыпты. Қайтадан жеңіс туын 

тіктіріңдер        біреуі  –  орыс,  екіншісі  –  ұлы  көсеміміз  Сталиннің  жерлесі  болсын  деп 

бұйырады.  Мұны  осы    дивизияның  байланыс  бөлімінің  командирі  аға    лейтенант  Ә. 

Тәшкенбаев  естіп, тұрған. Ертеңінде орыс Егоров пен грузин Кантария екінші рет «Жеңіс» 

туын тіккен. Ал қазақтардың ерлігі сөйтіп атаусыз қалған [4]. 

Соғыс  аяқталар  кезінде  сақталған  барлық  қазақстандық  12  дивизия  құрметті  әскери 

атаққа  ие  болды.  Олардын  бесеуі  Кеңестер  Одағының  орденімен  бір  рет,  төртеуі  екі  рет, 

екеуі үш рет марапатталды. Бес дивизияға Кеңестер Одағының ең жоғарғы құрметті әскери 

белгісі – гвардиялық дивизия атағы берілді. 

Қазақстандықтар партизандық қозғалысқа белсене қатысты. Толық емес мәліметтерге 

қарағанда,  Украинаның  партизандық  құрамалары  мен  отрядтарында  -  1500,  Ленинград 

облысында - 220, Смоленск жерінде 270-тен астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның 

әртүрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен отрядтарда 1500-ден аса 

қазақстандықтар  болған.  Партизан  қозғалысына  қатыскан  даңқты  қазақ  жігіттері  Г. 

Ахмедьяров,  К.  Омаров,  А.  Жұмағалиев,  3.  Хұсайынов,  Б.  Оразбаев,  Қ.  Қайсенов,  Ә. 

Шөріпов, Т. Жанкелдин, Ж. Саин, т.б. есімдері бүгінде зор құрметке ие болып отыр. 

Қазақстан жауынгерлері соғыстың Қиыр Шығыстағы соңғы ошағын жоюға да белсене 

қатысты. 1945 жылғы 9 тамызда 52-ші шеқаралық отрядтың капитан Г.А. Голубев баскарған 

тобы Аргунь өзенінің жағасында болған шайқаста 20 жапон солдатын құртып, 4 солдатын 

тұтқынға  алып,  әскер  бөлімдеріне  жол  ашты.  Келесі  күні  150-ші  пулемет  батальонының 

жауынгері  Л.Г.  Кравченко  «Лесной»  деген  жерде  жау  дзотының  аузын  денесімен  жауып, 

жолдастарының  өмірін  сақтап  қалуды  қамтамасыз  етті.  165-ші  аткыштар  полкінің 

командирі Н.Д. Құрманов Оңтүстік Сахалинде жапондардың корғаныс шебін талқандауды 

ұйымдастырып, Харамитог бекініс ауданының 7 дзоты мен 198 атыс ұяларын басып алуға 

жағдай жасады. Сөйтіп, кеңес әскерлерінің құрамындағы Қазақстан жауынгерлерінің ерлігі 

Жапонияның  Квантун  армиясын  15-20  күн  ішінде  талқандауын  және  тізе  бүктіруін 

қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарды [5]. 

Жапонияның  1945  жылғы  қыркүйектің  басында  тізе  бүгуімен  Кеңес  Одағының  Ұлы 

Отан  соғысы  және  екінші  дүниежүзілік  соғыс  аяқталды.  Адамзат  соғысқұмар  фашистік 

диктатураның дүние жүзіне үстемдік жүргізу кауіпінен сақталып қалды. 



 

189 


Ұлы  Отан  соғысы  майдандарында  көрсеткен  ерліктері  үшін  96638  қазақстандық 

жауынгер  Кеңес  Одағының  орден,  медальдарымен  наградталды.  500-гежуық 

қазақстандыққа  Кеңес  Одағының  Батыры  атағы  берілді.  Олардың  99-ы  қазақ.  Солардың 

қатарында Кеңестік Шығыстың қос қарлығашы, қаһарман кыздары - Әлия Молдағүлова мен 

Мәншүк  Мәметова  бар.  Кеңес  Одағының  Батыры  атағы  ұшқыштар  Т.  Бегелдинов,  Л.И. 

Беда, И.Ф. Павлов, С.Д. Луганскийге екі реттен берілді. 142 қазақстандық Даңқ орденінің 

үш дәрежесіне ие болды. Соғыс Қазақстан үшін өте қымбатқа түсті. 

Ұлы Отан соғысында 603 мыңдай Қазақстан азаматтары ерлікпен қаза тапты. 

Қазақстандықтар  Қиыр  Шығыстағы  Жапонияға  қарсы  соғыс  қимылдарында  да 

белсенділік көрсетті. 

1941-

1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарына ең ауыр сын болды. 



Бұл соғыста 27 миллион адам құрбан болды, жарты миллионға жуық  адам  әскери трибунал 

сотына тартылды. Олар Отанын сатқаны  және қорғаудан бас тартқаны үшін айыпталды. 

Республиканың әрбір 4-ші тұрғыны майданға және өнеркәсіптік жұмысқа тартылды. Олардың 

көпшілігі туған жеріне қайтпады. Сонымен қатар, соғыс кезіндегіН.А.СкворцовЖ.Шаяхметов, 

Н.Оңдасынов,  А.Қазақбаев,  т.б.  сияқты  Қазақстан  басшылары,осынау  күрделі  кезеңде, 

әскери-мобилизациялық жұмыстарда, республиканың экономикалық және басқа да салаларын 

басқаруда жоғары ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете білді. 

Ұлы Отан соғысы ұрпақтар есінде мәңгілік қалады.  



 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

 

1. Н.Ә.Назарбаев,  Н.Ә. Назарбаев. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына 

Жолдауы. Астана, 2014 жыл 11 қараша 

2. Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы, «Аруна» баспасы, 2006 

3. Е. Қуандық, Қазақстан тарихы. Алматы, 2009 

4. Қ. Жылқышыбаева,  Қазақстандықтардың каһармандык ерліктері.  «Қазақ тарихы». 2005, №5 

5. Б. Сайлан, Қазақстандық жастар Кеңес - Герман соғысында. «Қазақ тарихы». 2005, №2 

 

 



Каталог: data
data -> С. торайғыровтың публицистикасы
data -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
data -> Байдалиев Д. Д
data -> «Қазақ» газетіндегі ұлт-азаттық көтеріліс туралы мақалалардың маңызы
data -> Бағдарламасы бойынша ескертпе (сайтқа орналастыру үшін)
data -> РеспубликалыҚ оҚу-Әдiстемелiк ЖуРнал мазмҰны содеРЖание Ө. Шеденов., а аРна
data -> Литература Межрегиональной олимпиады школьников «Высшая проба» по праву для учащихся 10 классов
data -> Урок русского языка в 11-м классе по теме: "Сложные предложения с различными видами связи"


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет