Сборник материалов Международной научно-практической конференции



жүктеу 7.44 Mb.
Pdf просмотр
бет52/70
Дата22.12.2016
өлшемі7.44 Mb.
түріСборник
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   70

Список литературы: 

 

1.

 



Мурманцева В. С.  Советские женщины в Великой Отечественной войне 1974 год 

2.

 



Правда 8 марта 1972 года 

3.

 



Шмелева  А. Ф. Советские женщины в Великой Отечественной войне 1972 год 

4.

 



История СССР  т. 10   1973 год. 

 

 

 

366 


ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖӘНЕ БІР ӘУЛЕТТІҢ ТАҒДЫРЫ 

 

Г. Қайрғалиева  

т.ғ.к., Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 

(

Атырау, Қазақстан) 



 

Кез-келген соғыс ол қантөгіс, қыршын кеткен боздақтар мен қиын тағдырлар. Соғыс еш 

кінәсі жоқ, саясаттан да, соғыстан да сырт жүрген қарапайым адамдардың тағдырына өшпес 

жара салады. Сондықтан тарихи жадыны сақтап, соғыстың ащы сабағынан ой түю үшін оның 

тарихын зерттеу мен зерделеу әрқашан қажет.   

Атырау  өңірі  еліміздегі  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  майдан  шебі  аймағы  болып 

белгіленген  бірден-бір  аймақ.  Әсіресе,  Сталинград  майданы  қызған  кезде  Батыс  Қазақстан 

және Атырау (сол кездегі Гурьев) облыстары майдан шебі аймағы болды. 1942 жылдың 17 

шілдесінде  басталып  200  тәулікке  созылған  Сталинград  шайқасы  осы  аймақпен  шекаралас 

еліміздің  аталған  екі  облысы  үшін  үлкен  сын-қатер  туғызды.  Сталинград  шайқасы 

қорғанысы  үшін  Қазақстаннан  5  дивизия,  2  бригада  мен  полктар  жіберіледі.  Қазақстанда 

жасақтаалған 27, 29, 38, 292, 387-ші атқыштар дивизиясы, 156-шы мотоатқыштар батальоны, 

152-

шы атқыштар  бригадасы, 129-шы миномет полкі, 81-ші кавалериялық дивизия, 410-ші 



жеке танкіге қарсы атқыштар дивизионы жіберіледі [1, 17]. 

Ұрыс шебі Қазақстан территориясына жетпегенмен де, еліміздің батыс облыстарының 

Еділ өзені бойындағы соғыс алаңына жақын болуына байланысты басшылықтың бірқатар іс-

шараларды  ұйымдастыруына  тура  келді.  1942  жылғы  23  тамыздағы  Қазақ  КСР-і 

Президиумының  Жарлығымен  Батыс  Қазақстан,  Гурьев  облысы  әскери  іс-қимылдар 

аймағына  теңестірілді.  Өйткені  Сталинград  шайқасының  ұрыс  майдандары  қызған  бұл 

территорияның  500  шақырымдай  жері  Каспий  теңізінен  бастап  Александров-Гайға  дейінгі 

аралығындағы қазақстандық шекаралас елді мекендер мен қоныстарды қамтитын.  

1942  жылдың  күзінде  КСРО  Жоғарғы  Кеңесі  Президиумының  Жарлығымен  Каспий 

теңізі  аймағында  әскери  жағдай  енгізілді.  Батыс  Қазақстан  және  Гурьев  облысының 

территориясына майдан шебіндегі тұрғындар мен материалдық-техникалық құндылықтарды 

көшіру қарқынды жүргізілді. Атырау облысының майдан даласына жақын әрі осы аймақтағы 

стратегиялық  мұнай  қорының  орналасуына  орай,  сонымен  қатар  Сталинград  майданының 

тылдан  қорғанысын  күшейту  мақсатында  Мемлекеттік  Қорғаныс  Комитеті  еліміздің  батыс 

облыстарына  зениттік-артилериялық  бөлімдерді  жіберу  туралы  шешім  қабылдайды.    1942 

жылғы  14  тамызда  Гурьевке  471-ші  зениттік  атқыштар  артилериялық  дивизионы  келеді. 

 

Қорғаныс  шараларын  күшейтудің  тағы  бір  себебі  -  Атырау  өңіріндегі  мұнайлы 



аймақтар  фашистердің  экономикалық  тұрғыдан  қызығушылығын  тудыруы  еді.  Сондықтан  

бұл аймақты иелену неміс әскери басшылығының жоспарларының бірі болды.  

Осыған орай 1942 жылдың 1 қыркүйегінде облыста Қорғаныс комитеті құрылады. Көп 

кешікпей жоғарыда аталған іс-шаралардың дер кезіндегі қежеттілік болғанын кейінгі орын 

алған  оқиғалар  дәлелдеді.  1942  жылдың  3  қыркүйегінде  Қазақстан  Коммунистік 

(большевиктер) Партиясы Орталық Комитеті «Гурьев облыстық К(б)П комитетінің облыста 

қорғаныс комитетін құру туралы шешімін бекіту туралы» Қаулы қабылдайды. Осы қаулыға 

сәйкес  Қорғаныс  комитеті  төмендегідей  құрамда  бекиді:  Бекжанов  -  облыстық  партия 

комитетінің  хатшысы  (Комитет  төрағасы),  Иргалиев  -  еңбекші  депутаттар  облыстық 

кеңесінің  төрағасы,  Гончаров  -  облыстық  НКВД  басқармасының  бастығы,  Голосов  - 

облыстық әскери комитет және және Гурьев қаласы гарнизонының бастығы [2]. Осыдан он 

күн  өткеннен  кейін,    яғни  Қорғаныс  комитеті  құрылғаннан  көп  ұзамай,  Гурьев  қаласының 

үстінен жау ұшақтары пайда болды.  

1942 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстан К(б)П Гурьев облыстық комитетінің бюросы осы 

жылдың  11  қыркүйегінен  бастап  Гурьевті  және  барлық  аудандарды  қараңғылау  туралы 

қаулы  қабылдайды.  Осыған  орай  кешкілік  уақыттарда  тұрғын  үйлердің,  барлық 

нысандардың  жарықтарын  көрсетпеу  жұмыстары  жүргізілді.  Сонымен  қатар  барлық 


 

367 


кәсіпорындар  мен  мекемелер,  мұнай  кәсіпшіліктері,  тұрғын  жайларда  тәуліктік 

кезекшіліктер  ұйымдастырылды.  Сақтық  шараларының  ұйымдастырылуы  заңды  болғанды, 

себебі  10  қыркүйекте  қала  үстінен  алғаш  рет  фашистердің  "Юнкерс-88"  әскери  ұшағы 

көрінеді. Ол қала маңындағы Жұмыскер жұмысшылар поселкесі мен балыққұты комбинаты 

тұсынан  листовкалар  тастайды.  Одан  кейін  бірнеше  рет  қалаға  қарай  бағытталған 

бомбалаушы ұшақтардың жолы кесіледі. Ал қазан-қараша айларында қала маңындағы мұнай 

қоры  жиналған  Ширина  ауылының,  Қарабатан  елді  мекені,  қазіргі  Маңғыстау  облысына 

қарасты  Таушық  поселкесі  маңайынан  бомбалар  тасталады  [3,  58].  Бұл  нысандардың 

бомбалауға  таңдалуы  да  тегіннен  тегін  еместі.  Себебі  ол  жерлер  мұнай  қоры  бар 

резервуарлар сақталған, сонымен бірге мұнай өндіруге қатысты нысандар болған еді.  

Гурьев облысының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдан шебіндегі аймақ ретіндегі 

маңызын  дәлелдеген  құжаттар  мемлекеттік  мұрағаттар  жүйесінде  сақталған.  Кейінгі 

жылдары  тарихшы  ғалым  Х.Табылдиевтің  зерттеуімен  облыстың  соғыс  жылдарындағы 

тарихы құжаттар негізінде зерттеліп, көпшіліктің назарына ұсынылған болатын [3].     

Ұлы  Отан  соғысының  Қазақстанның  саяси,  әлеуметтік,  экономикалық,  мәдени 

тарихына  әсері аса зор болды, ол еліміздің демографиялық ахуалына кері әсерін тигізді.  

Ұлы Отан соғысы тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, ол сонымен бірге 

тұтас бір әулеттердің де тағдырына әсер етті. Осындай соғыс өрті шарпыған әулеттің бірі - 

ақын Қиса Көпжановтың отбасы. 

Қиса Көпжанұлы Атырау өңірінің Жайық бойына танымал ақын 1887 жылы (енді бір 

деректер бойынша 1884 жылы) қазіргі Атырау облысы Индер ауданының Шыңбай аталған 

жерінде  дүниеге  келген.  Әкесі  Көпжан  кезінде  мұсылманша  оқыған  сауатты  адам  болған 

екен. Қазіргі Есбол ауылына қарасты қырлықта «Көпжан бейіті» аталған қорым бар. Діндар, 

сауатты  Көпжан  заманының  ақын-жырауларымен,  атақты  Мұрат  Мөңкеұлымен  таныс, 

дәмдес болғаны, Қисаның да Мұраттың өз аузынан талай жырларды естегенін өлкентаушы 

Мәжит Мұқтарұлы жазады [4, 17].  

Жайық  өзені  бойындағы  орыс-казак  селениелерімен  аралас-құралас  болған  Қиса 

Көпжанұлы  ерте  жасынан  Астрахань,  Теке,  Орынбор  жағында  мал  айдап  барған 

жәрмеңкелерге қатысқан, балық айлауменде айналысып, балықшылармен Астраханға дейін 

барып  жүрген.  Қалмақ  бай-көпесі  Саға  Аюшевтің  шараушылығында  жалшылықта  болған. 

Осы жылдары ол орыс және қалмақ тілдерін жетік меңгеріп алады.   

Қисаның  ақындығына  дәлел  болар  көптеген  өлеңдері  бар.  Бірқатар  шығармаларының 

біразы  жергілікті  тұрғын-қарттардың  айтуымен  сақталған.  Өкінішке  орай  кезінде  жазылып 

хатқа түсірілмегендіктен көбі бүгінде ұмыт қалған. Өлеңдерінің ішінде танымал өнертанушы 

Илья Жақановтың («Үзілген ән»), өлкетанушы Мәжит Мұктаровтың («Ақын Қиса»,  «Неше 

бір  дүлдүл  өткен  жоқ»),  журналист-жазушы  Өтепберген  Әлімгереевтің  («Атырау 

қаламгерлері») зерттеулерінде кейінгі жылдары жарық көруде.  Өлеңдерінің ішінде танымал 

болған  «Ақсақ қоймен айтысы»,  «Балсан қызбен айтысы»,  «Астараханға сапары»,  «Қашым 

болысқа  айтқаны»  бар.  Ал  бірқатар  әндері  «Сағындым,  Жайық»,  «Ауылым  Қызылқоға 

кемерінде»  1989  жылы  әнші  Қуанғали  Жұмалиевтің  орындауында  таспаға  түскен,  қазіргі 

кезде  «Сағындым,  Жайық»  әнін  дәстүрлі  әндерді  орындаушы  белгілі  әнші  Сәуле 

Жанпейісова орындап жүр. 

Біздің  мақаламызға  арқау  болған  Қиса  Қазан  төңкерісінен  кейінгі  азамат  соғысы 

жылдарында  Жайық  бойындағы  атамандар  Киселев,  Толстов,  Митрясов  бандаларының  көз 

қырына  ілегеді.  Ресей  патшасы  тақтан  кетіп,  елге  теңдік  тиді  деген  хабар  қырға  жеткенде 

«Етегі ақ патшаның түріліпті» деп ән салып, халықты теңдікке шақырған Қиса ақын патша 

үкіметінің  билігін  сақтап  қалуға  ұмтылған  бандалардың  қуғынан  ұшырайды.  1921  жылы 

қайта  күш  алған  бандылар  Калмыковты,  Гурьевті  алғаннан  соң  кеңес  үкіметіне  қарсы 

әрекеттерін қайта күшейтті. Сондықтан олар жаңа үкіметке жәрдем қылып, азық-түлік, пішен 

тауып  беріп,  бандылардың  іс  әрекетін,  жасырынған  жерлерін  хабарлап  отырған  Қисаның 

көзін құртуды ойлайды. Олардың өзінің ізіне түскенін естіген Қисаға жасырынуды ұсынған 


 

368 


жолдастарына  «егер  мені  таппаса  менің  үй  ішімді,  бала-шағамды  ұстап,  оларға  зақым 

келеді»,- деп қашпай қалады [4, 18].   

1957  жылы  өмірден  өткен  жары  Талшынайдан  естігендері  негізінде  қарындастары 

Бәкиза мен Батиханың айтуы бойынша, үй жанындағы ерттеулі атының тыпыршып тұрғанын 

байқаған ақын «мені аңдыған бұлар, шамасы, тоғай ішінде жүрген болды ғой» депті. «Атың 

жүйрік, қашсаң оларға жеткізбейсің» деген жарына да «мен кетсем сендерге қиын болар»,- 

деп қалып қояды.  

Көп  ұзамай  тоғай  арасынан  шыққан  Ополон  Пастухов  пен  оның  қа  сындағылары 

ақынды үйінен ұстап, жаңдақ атқа мінгізіп алып кетеді.   Сөйтіп ақын 1921 жылдың жазында 

Жайық бойындағы тоғай арасында тығылып жүріп өзінің ізін аңдыған бандылардың қолынан 

қаза табады.  

Атырау  өңірінде  осылай  аты  қалған  Қисаның  Бердіғали,  Қабдығали,  Сапарғали  атты 

ұлдары Ұлы Отан соғысына қатысып, үшеуі де майдан даласынан оралмады. 

Оның  ұлы  Көпжанов  Сапарғали  Қисаұлы  да  жастайынан  ақындығымен  көзге  түскен 

жас  екен.  Ол  1939  жылы  кеңестік  әскер  қатарына  шақырылып,  Фин  соғысына  қатысады. 

Одан елге оралғалы тұрған шағында Ұлы Отан соғысы басталып кетеді.  Майдан даласынан 

қайтып елге оралған жоқ. Елде қалған анасына жазған хаттарын тек қана өлеңдетіп жазады 

екен.  Осы  сөздеріміздің  дәоелі  болуы  үшін  ел  аузында,  бауырларының  есінде  сақталған 

«Сапардың хаттарынан» үзінділерді келтіре кетейік: 

«Анасына хаттарынан» 

Әкемді Қиса көрмедім, 

Көрсемде жас боп білмедім. 

Әкемді ақын Қиса жау атты, 

Бала-шаға жылапты. 

Қиса әкем «тәтәйім» деп алады екен, 

Өлеңді домдыбамен қағады екен. 

Бұл күнде сол Сапарың батыс шепте, 

Білмейтін төрт жасында қалған екен. 

*** 

Аман барсам ақ мама, 



Отырарсың алтын тақ. 

Жау жойылад кешікпей, 

Күш алуда біздің жақ. 

Ана, жаудан қашпаймын, 

Асықпаймын, саспаймын. 

Сұм жауды тез жоюға,  

Алдында жүріп бастаймын. 

Сапарың оқ атады, 

 

Қасымда жоқ Сәлиім.  



(досы Шүйінішқалиев Сәли) 

Көңілге сол батады. 

Тілекке мама мен тойдым, 

Елге түгел сәлем деп, 

Сапарың деп қол қойдым. 

«Ағайындарына хатынан» 

Аман бол елде қалған ағалары, 

Ағаны жоғарыға бағаладым. 

Сәлем де елде қалған жеңгелерге, 

Жеңгеге ешбір жандар тең келер ме? 

Сәлем деймін қамқоршы қарындасқа, 

Тілегім қабыл болсын өскен жасқа. 

Және де сәлем сүйгенге, 


 

369 


Сүйсініп басын игенге. [5,8] 

Қисаұлы Сапар ақынның (Сапарғали) соғыста жүріп еліне туған, жеріне арнап жазған 

сәлем хаттарын осылай өлеңнен құралған еді. Өкінішке орай, Ұлы  Отан  соғысы  бүкіл  елге 

миллиондаған шығындардың бірі болып ішінде Сапар ақын да кетті.  

Осылайша  XX  ғасырдың  адамзатқа  қайғы-қасірет  әкелген  соғыстарында  ақындар 

отбасының  әкелі-балалы  екеуі  де  жау  қолынан  қаза  болды.  Бірі  азамат  соғысында  туған 

ауылында,  екіншісі  Ұлы  Отан  соғысының  майдан  даласында    елінен  шетте  қыршын  кетті. 

Сөйтіп,  ақын  Қиса  кКпжановтың  үш  ұлы  да  бұл  соғыстың  құрбандары  болып,  тұтас  бір 

әулетттің азаматтары  тоқтады.    

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

 

1.

 



Белан П.С. Казахстанцы в битве на Волге. –Алма-Ата, Ғылым, 1990.-270 с. 

2.

 



Жертв и разрушении не было. / Известие АН Каз ССР. Серия общественных наук. Выпуск №4, 

1965.  


3.

 

Табылдиев Х.Б. 1941-1945: Гурьев прифронтовой. / Прикаспийская коммуна. 25 мая 2010 г. 



4.

 

Мұқтаров М. Қиса ақын. / Мұратану (Мәдениет қорының Атырау облыстық бөлімшесі). Атырау. -



1992. 

5.

 



Қалың жұрт Сапар ақынды ұмытпаса екен. / Дендер, 16 қыркүйек 2010 ж. 

 

 



 

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЕРЛІКТЕРДІ ДӘРІПТЕУ АРҚЫЛЫ 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНА ОТАНСҮЙГІШТІК ҚАСИЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

М.С. Ибраемова  

т.ғ.к.,  доцент 



Н.А. Махетова студент 

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 

(Семей, Қазақстан) 

 

Тарихты  оқу  барысында  оқушылар  отаншылдыққа,  өз  халқына,  басқа  да  халықтарға 



деген сүйіспеншілікке, жауынгерлікке, еңбек сүйгіштікке, Отан үшін кез-келген қиындыққа 

әзір тұруға, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастыққа, қоғам үшін, халық үшін, ел 

үшін қызмет етуге дайын болуға, адалдыққа, шыншылдыққа, тазалыққа, қарапайымдылыққа, 

кішіпейілділікке, өз мүддесінен халық, Отан мүддесін жоғары қою сияқты басқа да тамаша 

қасиеттерге тәрбиеленеді.  Бұл қасиеттердің бәрі қосылып оқушыларда жоғары адамгершілік 

сапаны қалыптастырады. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушысы.  Жас 

ұрпаққа  патриоттық  тәрбие  берудің  негізгі  идеялары  Елбасының  "Қазақстан-2030" 

стратегиялық  жолдауында:  "Олар...  күллі  әлемге  әйгілі  әрі  сыйлы,  өз  елінің  патриоттары 

болады",-делінсе,  ҚР-ның  "Білім  туралы  Заңында"  "Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеттері 

азаматтық  пен  ел-жандылықты,  өз  Отаны  ҚР-на  сүйіспеншілікке,  мемлекеттік  рәміздерді 

құрметтеуге, халық дәстүрін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне 

баулу,  қазақ  халқы  мен  республиканың  басқа  халықтарының  тарихын,  әдет-ғұрпы  мен 

дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру" делінген[1]. Осыған 

орай,  бүгінгі  жас  ұрпақты  патриоттыққа  тәрбиелеу,  жеке  тұлға  талабы,  қоғам  қажеттілігі. 

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халықтардың ұлтқа, дінге, тілге қарамай ел үшін, жер үшін 

жауға  тойтарыс  беріп,  ерлік  көрсетуі,  қазіргі  жастар  арасында  дәріптелуі  өте  маңызды. 

Себебі, сол зұлмат жылдарда қан аз төгілмеді. Кеңес-герман майданындағы адам шығыны 8 

млн. 646 мыңға жетті[2]. Жесір қалған ана, ашқұрсақ бала, тыл жұмысындағы қарт, бұның 

барлығы сол жылдардың ашық көрінісі болды. Бұл  «Ұлы жеңіс» біздің ата-бабаларымызға 

оңайға соқпағанын білу  әрбір азамтаттың міндеті. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы  соғыс 

қимылдарын,  майдангерлер  мен  тыл  жұмысындағы  қарапайым    халықтың  ерен  еңбегін  


 

370 


деректермен көрсету арқылы, оқушылар санасына  «отансүйгіштік» деген ұғымды сіңірудің 

бірден-біржолы  болып табылады. 

Бүгінгі  таңда  тәуелсіз  Қазақстан  мемлекетінің  мәніндегі  жаңа  тарихы  жасалып  келе 

жатқан кезде – оны әлі пайымдау қажет болады, өткен тарихымызға деген көзқарастың да 

дәлелдене  түсуі  керек  екені  ескерілуі  тиіс.  Қоғамда  идеологиялық  таптаурыннан,  бірізгілік 

пен үстірттік, үстемелеуден ада, шынайы тарих қажет. 

Ұлы  Отан  соғысының  даңқты  тарихының  беттеріне  жазылған  қазақстандықтардың 

ерлігі  аз  болған  жоқ.  Еліміздің  басқа  да  халықтарының  ұл-қыздарымен  қатар  біздің 

республиканың жастары да жаумен Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі майдан шептерінде 

ерлікпен  шайқасты.  Даңқты  Брест  қамалын  қорғаушылардың  қатарында  мыңдаған 

қазақстандықтар  болды.  Олардың  арасында  Ғ.  Жұматов,  Ш.  Шолтаров,  В.  Лобанов,  К. 

Әбдірахманов,  К.  Иманқұлов,  Е.  Качанов,  В.  Фурсов  т.  б.  Жаумен  жан  аямай  шайқасып, 

ерліктің үлгісін көрсетті[3]. Қазақстандық генерал-майор И. В. Панфилов пен комиссар А. С. 

Егоров басқарған 316-атқыштар дивизиясының аты аңызға айналды. Бұл дивизия 1941 жылы 

26 

қазаннан 18 қарашаға дейін ерлікпен жауға қарсы шайқасты. 1941 жылы 18 қарашада И. 



В.  Панфилов  ерлікпен  қаза  тапты.  Кейіннен  «28 панфиловшы»  ерлігі  аңызға  айналды. 

Панфиловшы,  ротаның  саяси  жетекшісі,  қазақстандық  КСРО  батыры  П.  Б.  Вихрев  те 

ерлікпен  қаза  тапты[4].  Өжеттік  пен  ерлікке  бару  кездейсоқтық  емес.  Отаны  мен  артында 

қалған  елінің  алдында  жауынгерлік  борышты  өтеуде  болаттай  берік  тәртіпке  бойұсыну. 

Осындай  тарихи  оқиғалар  туралы  материалдарда  қазақ  халқының  рухы  мен  намысын 

шыңдайтын оқиғалар және оның объективтік себептерін ашып көрсетуге мүмкіндік жасайды. 

Отан  сүйгіштікке  тәрбиелеу  ісіне  осындай  Ұлы  Отан  соғысы  тарихын  баяндайтын 

материалдар елеулі үлес қосады. Өйткені, мұнда туған Отанымыздың қазақ елін ішкі-сыртқы 

жаулардан  қорғап  қалу  жолында  жүргізілген даңқты  күрес  тарихы, тарихи  қысқа  мерзімде 

республикамыздың  экономикасы  мен  мәдениетінің  қарыштап  алға  басқанын  нақты  тарихи 

деректер мен көрсету Отанына деген мақтаныш сезімін туғызады, қоғамға, өз Отанына, туған 

республикасына деген сүйіспеншілігін арттырады. 

Кеңес  елінде,  әсіресе  жастарды,  мектеп  оқушыларын  тәрбиелеуде  отансүйгіштік, 

интернационалдық тәрбиеге баса назар аударылып, тәрбиенің бұл саласы кеңінен өріс алды. 

Бұл  бағыттағы  жұмыстар  сабақтан  тыс  уақытта  да,  сабақ  үстінде  де,  белсенді  жүргізілді. 

Жеке  оқу  пәндері  арасында  қоғамдық  пәндер,  әсіресе  тарих  пәні  тәрбиенің  бұл  салаларын 

жүзеге асыруда ерекше орыналады.Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен майдангерлер 

тарихын  оқи  отырып,  жастар  бойына  сол  рухты,  сол  қайратты  сіңіру  өте  маңызды  роль 

атқарады. Ұлы Отан соғысына барлығы 35 миллион адам қатысқан. Соның ішінде соғысқа 

Орталық  Азия  республикаларынан  3  миллионға  жуық  адамқатысса,  оның  1  миллион  366 

мыңы  қазақстандықтар  екен[5].  Олардың  арасында  жауды  атып  түсіруде  рекордтық 

көрсеткішке ие болған снайперлер де, сан түрлі соғыс тактикасы мен жеңісті жақындатуға 

септігін тигізген, бойында ұлтымызға тән батырлық рухы бар қандастарымыз да аз болмаған. 

Сондықтан да Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін халыққа білім беру 

саласында  болған  өзгерістердің  бірі  –  «Қазақстан  тарихы»  пәнінде  орын  алып  келген 

тәрбиелеу  ісіндегі  сыңаржақтықты  жою.  Енді  «Қазақстан  тарихы»  пәнінің  жаңа 

бағдарламалары    мен  оқулықтарында  халықтар  тапқа,  ал  елдер  дос,  не  дұшпан  елдерге 

бөлінбейді.  Оқушылар  өз  елінің  де,  басқа  елдердің  де  халықтарына  құрметпен  қарауға 

тәрбиеленеді.  Бұл бағыт Қазақстан Республикасының Конституциясында ( Алматы, 1995, І-

бөлім,  2-бап),  мемлекеттік  органдар  тарапынан  қабылданған  қаулы-қарарларда, 

тұжырымдамаларда,  Президент  Н.Назарбаевтың  еңбектерінде,  сөйлеген  сөздерінде  көрініс 

тапқан [6]. 

Мұғалімнің  тарихты  оқыту  барысында  көңіл  бөлетін  міндеті  –  тәрбиелік  мақсатта 

пайдаланатын  материалдың  мазмұнын  толықтыру  және  оны  оқытудың  әдіс-тәсілдерін 

белгілеу. Тарихи материалды тәрбиелік мәнде толық пайдаланылуы үшін, мұғалім әңгімесі 

оқушылардың жүрегіне, сезіміне, эмоциясына, бір сөзбен айтқанда, ішкі жан дүниесіне әсер 

етіп, оларды толғанысқа түсіріп, ойландыратындай болуы керек. Әрине, осыдан кейін оқушы 


 

371 


өзінше қорытынды жасайды, демек, оқушы жасаған қорытынды оның өзінің ми қызметінің 

нәтижесі болуы керек. 

Қазақстандық  отаншылдыққа,  ұлтжандылыққа,  елдегі  барлық  халықтарға  достық 

қатынасқа  тәрбиелеу  аса  маңызды  міндет.    Республика  тәуелсіздік  алғанға  дейін 

«Қазақстандық  отаншылдыққа  тәрбиелеу»  деген  сөз  тіркесті  қолданған  жоқ.  Кеңес  Одағы 

елдегі  барлық  халықтардың  Отаны,  яғни  «КСРО  –  біздің  Отанымыз»  деп  үйретілді.  Қазір 

Қазақстан  Республикасы  –  Тәуелсіз  мемлекет.    Мұнда  көптеген  ұлттар  мен  халықтардың 

өкілдері мекендейді. Осы тәуелсіз жас мемлекеттің ойдағыдай дамып, гүлденуі үшін барлық 

халықтардың  бір-бірімен  тату-тәтті,  сыйластық,  ынтымақтастық  қатынас  жасауы  тиіс.  

Қазақстан  олардың  бәрінің  Отаны  болғандықтан  біздің  елді  мекендеген  барлық  халықтар 

Қазақстандық  Отаншылдық  рухында  тәрбиелену  қажет.  Сондықтан  мемлекет  басшылары 

барлық ұлттар мен халықтардың ұлттық мүдделеріне сай келетін көптеген шараларды жүзеге 

асырды.   

Оқушыларды  ерлікке,  жауынгерлікке,  бытылдыққа  тәрбиелеу  де  отаншылдыққа 

тәрбиелеумен тікелей байланысты. 

Соғыс  “саясатының”  негізінде  қандай  мақсаты  болғанын  талқылаумен  қоса,  біздің 

міндетіміз  оқушыларға    сол  жылдардағы  адамдар  мен  тарихи  оқиғалар  туралы  әңгімелеу. 

Кешегі  немесе  бүгінгі  соғыстың  зұлымдық  екенін,  онымен  адамзаттың  келіспейтіндігін 

жеткізу.  

 

Ұлы  Отан  соғысындағы  үлкен  зұлмат  пен  қиыншылық  тек  халықтың  мойынында  екенін 



түсіндіру. Оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдандағы және тылдағы ерліктер 

туралы  материалдарды  әңгімелей  отырып,  ерлік,  жауынгерлікке,  еңбекқорлыққа  тәрбиелеу 

әлде  қайда  күрделі  міндет.  Мұндағы  негізгі  мақсат  –  оқушыларды  елін,  халқын  қорғай 

алатындай батыл, ер, жауынгер етіп отансүйгіштікке тәрбиелеу. Достық, көршілік қатынас ел 

басына қауіп төнген кезде айқын көрінеді. 1941 ж неміс әскерлері Кеңес үкіметінің жеріне 

басып кіргенде, қазақ, өзбек, қырғыз,  грузин, башқұрт сияқты барлық ұлттар «бір жағадан 

бас, бір жеңнен қол шығаратындай»  ынтымақтастықпен  бірлесе отырып, бар күш жігерін, 

отан  қорғауға  жұмылдырды.  Қазақ  халқы  мен  орыс  және  басқа  да  халықтар  арасында 

қалыптасқан достық негізін, оның объективтік себептерін дәлелдейтін Отан соғысы кезіндегі 

материалдар  жеткілікті.  Ерлік  көрсеткен  нар  тұлғалы  қазақстандықтар  жоғары  да  атап 

кеткеніміздей, аз болмады. Солардың ішінде рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев тек 

қазақ жұртының ғана емес, бүкіл әлем аузында. Өрімдей жас Әлия мен Мәншүктің нәзік жан 

болғанына  қарамай,  майданға  сұранып,  бар  күш  жігерін  салып,  жауға  тойтарыс  беруден 

тынбаған батырлығы.  

Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы  халықтың  қиын-қыстау  кезеңді  бастан  кешуі,  жас 

мөлшеріне  қарамай,  майданда,  тылда  еңбек  етуі  әрбір  оқушы  білуге  тиіс.  Бүгінгі  күнде 

қалыптасып отырған бейбітшілік, жайма-шуақ заман барлығы осы бабалар ерлігінің арқасы. 

 

Ешқашанда 



жауынгерлер 

ерлігі 


мен 

жеңісті 


еңбегімен 

соққан  


еңбекшілердің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ 

ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары қылып, достық пен бірлік туралы 

түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.  

 


Каталог: data
data -> С. торайғыровтың публицистикасы
data -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
data -> Байдалиев Д. Д
data -> «Қазақ» газетіндегі ұлт-азаттық көтеріліс туралы мақалалардың маңызы
data -> Бағдарламасы бойынша ескертпе (сайтқа орналастыру үшін)
data -> РеспубликалыҚ оҚу-Әдiстемелiк ЖуРнал мазмҰны содеРЖание Ө. Шеденов., а аРна
data -> Литература Межрегиональной олимпиады школьников «Высшая проба» по праву для учащихся 10 классов
data -> Урок русского языка в 11-м классе по теме: "Сложные предложения с различными видами связи"


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   70


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет