Сборник материалов Международной научно-практической конференции



жүктеу 7.44 Mb.
Pdf просмотр
бет60/70
Дата22.12.2016
өлшемі7.44 Mb.
түріСборник
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   70

Пайдалынылған әдебиеттер тізімі: 

 

1.



 

Мырзахметов М. Бауыржан батыр // Жалын.-Алматы,-1991.-№12.7 б. 

2.

 

Ибрагимов Ә. Қаһарман // Қазақ батырлары. 2006.-Қазақ.-№10.4-5 б. 



3.

 

Момышұлы Б.Ұшқан ұя. Көптомдық шығармалар жинағы.1 том.-Алматы, «Өнер», 2010. 260 б. 



 

423 


ЕҢБЕК ТАРЛАНЫ-ЫБЫРАЙ ЖАҚАЕВ 

 

Р.Д. Оразымбетова  

Тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы 

КМҚК «Құрылыс колледжі» 

(

Семей, Қазақстан) 



 

Ыбырай  Жақаев!  Қазақ  халқының  бұрынғы,  қазіргі  мемлекетіміздің  тарихындағы  ірі, 

іргелі  тұлғалардың  бірі.  Еңбек  сүйгіштіктің,  адамдықтың,  адалдықтың,  азаматтықтың 

өлшемі.  Ыбекең  күріштен  дүниежүзілік  рекорд  жасады.  Ал  көршілес  Ақтөбе  облысынан 

Шығанақ  Берсиев  тары  дақылынан  сондай  әлемдік  ірі  көрсеткішке  қол  жеткізді.  Қазақтың 

осы  екі  қара  шалының,  еңбектің  пайғамбарларының  дүниежүзілік  рекорд  жасауы 

кездейсоқтық  па,  әлде  заңдылық  па?  Елдің,  жердің,  судың  қасиеті  ме,  әлде  ата-бабаның 

аруағының  құдіреті  ме?.  Бәрінің  де  қатысы  бар  сияқты  мұнда.  Оның  үстіне  күріш,  тары 

керемет дақылдар ғой. Күріштен жағымды, жұғымды, жеңіл, денсаулыққа пайдалы әлденеше 

тағамдар  дайындауға  болады.  Шығыс  халықтарының  дендерінің  сау  болып,  көптеп  өсіп-

өнуінің  салиқалы  себебі  осы  күріште  деген  де  пайым  бар.  Патшаның  баласының:  “Халық 

қарны ашса неге сыр күріш жемейді?” (сыр күріш – сүтке пісірілген күріш ботқа) дегені де 

тегін емес шығар.  

Ал тары дақылының қасиеттері де ерекше. Одан сөк, талқан, жас балаға беретін жарма, 

көже,  майсөк,  жент  жасайды.  Майсөк  қазақтың  белгілі  астарында  құрметті  қонағына 

ұсынатын  қадірлі  тағам.  Ақтөбеліктер  сөкті  шайға  салып  ішеді.  Оның  қасиеті  сол,  ол 

адамның қарнын аштырмайды да, шөлдетпейді де. Сондықтан да ежелден оны үлкен кісілер 

ораза тұтқанда, таң сәріде сүтке, айранға салып, майға бұлғап жеп алады, күн батқанша былқ 

етпейді.  Қызығы  сол:  үлкен  кісілердің  тісі  бола  бермейді  ғой,  оның  үстіне  ас  дұрыс 

қорытылуы үшін оны 25 рет шайнау керек. Ал адамның туғаннан бастап жаралған кемшілігі 

– 

ешкімнің  де  оған  шыдамы  жете  бермейді,  сондықтан  олар  жеген  кезде  бір  тояды,  біраз 



уақыт  өткен  соң  шала  шайналған  сөк,  бөртіп,  көлемін  ұлғайтып  екінші  рет  тойдырады, 

сөйтіп  жүргенде  кеш  те  болады.  Бірде  Сталин  Қазақстан  басшылары  Скворцов  пен 

Шаяхметовтен: “Сіздерде бір стратегиялық маңызы бар дақыл өседі дейді”, — деп сұрапты. 

Екеуі: “Біз бірден жауап беруге дайын емеспіз, елге барып мән-жайын біліп баяндайық”, – 

дейді. 

Алматыға  келіп  ғалымдармен,  мамандармен,  диқандармен  ақылдасып  ол  дақылдың 



тары екендігін Сталинге баяндапты. Міне, сол күннен бастап бұл дақылдың бағы жанып, оны 

өсіруге мән беріліп, нәтижесінде Шығанақ Берсиев дүниежүзілік рекорд жасайды. Осының 

өзі  біздің  халқымыздың  дәрежесін,  мүмкіншілігін,  қарым-қабілетінің  артық  болмаса, 

ешкімнен  де  кем  еместігін  көрсетіп  тұрған  жоқ  па?  Сондықтан  да  жақсылықты  да, 

жаңалықты  да  өз  елімізден,  өз  жерімізден,  өз  халқымыздан  іздеуіміз  керек.  Ыбекеңді 

айтқанда  Шығанақ  Берсиевті,  Жазылбек  Қуанышбаевты,  Нұрмолда  Алдабергеновті  бірге 

атағанымыз  орынды  болады.  Жақсы  адамдар  тірісінде  қатарласып  бірге  жүргісі  келеді, 

өлгенде де рухтарының бірге болғанын қалайды. Бұл еңбек тарландары тылдағы   еңбектің 

пайғамбарлары.  Тағдырлас,  замандас  олар  қазақтың  беделі  мен  берекесін,  абыройы  мен 

атағын  арттыру  үшін  жаралған  жандар.      Мысалы:  адам  арасындағы  достықтың  қалай 

болатндығы  бұл  еңбек  тарландарының  арасындағы  достық  қарым-қатынста  кездеседі. 

Ыбекең мен Жазекеңнің арасындағы түсіністік, тілектестік, ілтипат, сыйластық, достық бірге 

туғаннан  да  артық,  елге  өнеге,  үлгі  боларлық  екі  ұлы  адамның  шынайы,  жарқын  да 

жарасымды  достығы  еді.  Кезінде  Жазекең  Ыбекеңе  інілік  жолмен  сәлем  беріп  те,  көңілін 

сұрап та келетін. Ыбекең мен Жазекеңнің үлкен достығы жөнінде Асқар Тоқмағамбетов: 

         

“Кездесті, міне, солай екі батыр, 

Боп қалды қосылғандай екі ғасыр, 

Бірі тау, бірі теңіз секілденіп

Екеуі жұбын жазбай келе жатыр,” – деп шабыттана жырлайды. 



 

424 


Ыбекең, Шықаң, Жазекең, Нұрекең – “диқан ата”, “шопан ата”, “дала академигі” – ХХ 

ғасырдың  нағыз  еңбек  тарландары.  Еліміздің  тарихында  ол  еңбек  тарландарының  орны 

ерекше. Бұл қариялар – өмірдің өзінен оқығандар, алдындағы көргенін, естігенін көкірегіне 

тоқығандар,  осы  мол  мұраны  кейінгілерге  кемеңгерлікпен  қалдырғандар.  Бұл  еңбек 

тарланадары  –  өмірі  асып-тасуды  білмеген,  елден  асып  өмір  сүрмеген,  дүниенің  бар  кілті 

еңбекте ғана екенін өзінен бастап, өзгеге де ұқтырып кеткен ұлы жандар. 

Еңбек  майданының  әйгілі  майталманы,  талдықорғандық  айтулы  азамат,  ұлты  поляк 

Николай Никитич Головацкий: 

– 

Біз алты ағайындымыз, — деп марқаяды екен. 



– 

Бауырларыңызды атаңызшы?, — деген сауалға: 

Олар:  Дінмұхаммед  Ахметұлы  Қонаев,  Ыбырай  Жақаев,  Жазылбек  Қуанышбаев, 



Нұрмолда  Алдабергенов,  Николай  Кузнецов  және  мен.  Өйткені,  біздердің  бәріміз­де  алды 

үш,  арты  екі  мәртеден  Социалистік  Еңбек  Ері  атағын  алып,  омырауымызға  Алтын 

жұлдыздарды жарқырата таққанбыз, – дейді. Міне, мақтануды мүлде білмейтін, артық сөзге 

әсте жоқ, тек ілкімді істің ғана адамының жүрекжарды ілтипаты осылай болады.  Расында, ол 

ақиқат.  Қасиетті  қазақ  жерінің  осынау  алыптарын  өшпес  даңққа  бөлеген,  оларды 

табыстырған, туыс еткен – жоғары мәртебелі құдіретті, киелі  әрекет- Еңбек! 

Ыбекең күрішшілік кәсіпке жасы елуден асқанда барып кіріскендігін көңілге бір түйіп 

қоялық.  Жақсылықтың  ерте,  кеші  жоқ  деген  осы  да.  “Ол  оқымаған,  бірақ  өмірден  көп 

тоқыған  кісі.  Еңбектің  көзін  тауып,  байлықтың  өзін  тапқан  қайраткер.  Еңбегімен  өмірге 

өрнек салып, еңбегімен поэма жазған адам”-, дейді Асқар Тоқмағамбетов. 

Ыбекең  төккен  әрбір  тамшы  тер  өзіне,  еліне,  халқына  бақыт  пен  береке,  абырой  мен 

атақ, өнеге, дәстүр, ырыс болды, нан болды, ән болды, тіптен тарихтың өшпес беттері болды 

деуге әбден сияды. Диқан бабаның тұла бойы тұнып тұрған жақсылық, өнегелі іс және асыл 

қасиет.  Олай  дейтінім,  бір  Ыбекеңнің  өзі  еңбек  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  адамының 

қаншалықты құдіреттілігін, мүмкіншілігінің мол екенін көрсетті. 

Ыбырай Жақаев – дән патшасы, ақ күріштің атасы, ол өзінің өшпес тарихын кетпенмен, 

термен  жазған,  бірнеше  ғасырда  дүниеге  бір-ақ  келетін  адам.  Ұлы  Отан  соғысындағы 

жеңістен  кейінгі  үш  жыл  қатарынан  Ыбекең  әлем  жұртшылығының  еріксіз  таңдайын 

қаққызды. 1945 жылы күріштің әр гектарынан 156 центнерден, 1946 жылы 160, 1947 жылы 

171 центнерден өнім жинап, дүниежүзілік рекорд жасады. 

Қазақтың қара шалының далалық дана ақыл ойымен, бойындағы Алланың аманаты мен 

сыйы – жойқын күш жігерімен, киелі, күректей қолымен, кәрі бәйтеректің жер бетіне шығып 

кеткен  тамырындай  салалы  саусақтарымен  қара  жерді  қарс  айырып  жасаған  бұл  рекорды 

бүкіл әлемді таңдандырды, таңқалдырды. Бұл рекорд өркениетке, озық технологияға, білімге, 

ғылымға  бізден  әлдеқайда  бұрын  жеткен  жапондықтардың  жағасын  ұстатты,  кәрістерді 

қайран қалдырды. Ақын Асқар Тоқмағамбетов:  

“Отыр, міне, ортамызда, секілді бір

тау биігі Гималай. 

Рекорд жасап, бар әлемге аты шыққан, 

Ер  Жақаев  Ыбырай”,  –  деп  жырлайтындығы  тегін  емес.  Мұндай  еңбектің  асыл 

қасиеттілігі  тек  қазақ  халқына  тән  асыл  дүние.  Тағы  да  саясат  басындағылар  Ы.Жақаевты 

қайта-қайта шақырып, мазалағанда айтқаны:  “Басымды қатырып, мені кеңсеге неге шақыра 

бересіңдер.  Жер  әне,  су  әне,  өнім  әне,  тексере  беріңдер.  Ал  мен  Айманкүлдің  дауысын, 

Нартайдың әнін сағындым”, деп көрші ауылға кете барды. Нартайы – Нартай, ал Айманкүлі 

айтулы ақын Әбділда Тәжібаевтың анасы.  

1957  жылы  65  жастағы  Ыбырай  Жақаевты  колхозшылар  сыртынан  құжат  толтырып, 

жоғары  жақпен  келісіп,  зорлап колхозға төраға  етіп  сайлайды.  Ыбекең  барынша  қарсылық 

білдіреді,  бармаған  жері,  баспаған  тауы  қалмайды.  Ақырында  Алматыға  дейін  барып, 

бастықтықтан  әрең  құтылады.    Бұдан  мансаптың  құлы  емес,  еңбектің  құлы  болғандығын 

байқау  қиын  еместігін  түсінуге  болады.    Еңбек  тарланы  Ы.Жақаев  сом  денелі,  әр  саусағы 

қамшының сабындай, қорғасыннан құйылғандай өте қарулы кісі болған деседі. Жас кезінде  


 

425 


күрестерге  қатысып,  белдескенін  жыққан,  жауырыны  жерге  тимеген  қарапайым  еңбекші. 

“Ыбырай  жүгіргенде  жер  дүрсілдейді”,  –  дейді  екен  әкесі.  Тақы  қасиеті  Ыбекең  сабырлы, 

салмақты,  ұстамды,  ашудың  емес,  ақылдың,  даудың  емес,  мәміленің  адамы  болған.  Сөзге 

сараң, билік айтуға таласпайтын, көп көріп, көңілге түйгені мол болса да ақылгөйсінбейтін, 

сыр аша, сыр шаша бермейтін тұйық, жұмбақ тұлға болған адам. Сөздің емес, істің адамы 

болатын. Диқан баба бұл кісі жөнінде қалам тартпаған, пікір айтпаған сол замандағы қазақ 

зиялысы кемде кем. Соның бірі, бірегейі Әбділда Тәжібаев.  

Ағатай! 


Кешегі көшпелі қазақ баласы ең 

үстінде туған ырғала басқан түйенің. 

Бүкіл дүниеге даңқы тараған 

Диқан атамсың,  

Сүйенерімсің, сүйерім. 

Топырақтың, судың, жарықтың 

Сырына қанық киелім. 

Мен бүгін сексенге келген тойыңда 

Ақ қырау басқан, 

Аздап шаршаған басымды 

Алдыңа келіп иемін. 

Өзіңмен бірге мерейі асты елдің де, 

Қуанттың жұртты мен қазақпын деп келдің де, 

Мандаттарымның қадірі өтпес жерлерде, 

Өте беремін мен Жақаевпын деймін де, – деп жырлады.  

Қазақ  әдебиетінің  классигі  Сәбит  Мұқанов  өзінің  “Сырдария”  романын  жазу  үстінде 

Ыбырай Жақаевтың үйінде айдан астам жатып, атақты шығармасының бас кейіпкері ретінде 

дала академигінің мінез-құлқын, бітім-болмысын, өмір салтын зерделей зерттеген. Екеуінің 

арасында айтылмаған сыр, шертілмеген әңгіме қалмаған. Ақыр соңында әдебиет алыбы мен 

даңғайыр диқан сыйлас, қимас дос болып кеткен. Ыбырай Жақаевтың дала академигі деген 

теңеуінің өмірге келуіне бірден-бір себепкер болған да осы достық жарасымдылығы.  

Диқан  ата    еңбекке  шыдамды,  егістік  маңайынан  шықпайтын.  Жерді  өзі  таңдайды, 

арық, атыздарын өзі белгілейді, өзі қаздырады, өзі соқтырады. Өзі мұрап, өзі агроном, бәрін 

біледі, оқымай тоқыған. Жердің тұздылығын тілімен анықтайды. Бір өзі – бір лаборатория. 

Күрішті  қолмен  сеуіп,  су  жіберер  кезде  бірер  қап  дәнді  құлақтардың  сағасына  тастайды, 

атыздағы күрішпен бірге ол да бөртіп, өсіп жатады. Кейін оны күріш көшкен, сирек шыққан 

жерлерге, атыз жиектеріне қолдан себетін.  

Адам  қаншалықты  күшті,  құдіретті  болғанымен  ол  өз  шыңына  шығу  үшін  оған 

соншалықты  көптеген  қолдаушылар,  жәрдемшілер,  көмекшілер,  кеңесшілер,  тілектестер, 

бапкерлер  керек.  Ыбекеңе  тағдыр  осының  бәрін  оңынан  кездестірді.  Әсіресе,  диқанның 

өмірлік  бригадирі  Қойшыбай  Оразымбетов  пен  білгір,  жаңашыл  агроном  Әнес 

Алтынбековтің  еңбегі  ерекше.    Диқан  ата    шәкіртсіз  емес  еді.  Қарт  диқанның  құтты 

жолымен, ақ батасымен 91 Социалистік Еңбек Ері тәрбиеленді. Дүние жүзі халықтарының 

3/2-


сі күрішпен тамақтанады. Сыр бойы халқы да бұл дақылды ардақтайды, аялайды. “Күміс 

күріш”,  “Сыр  сұлуы”,  “Сыр  аруы”,  “Сыр  маржаны”,  деп  әнге  қосады.  Ежелгі  күншығыс 

елдерінде  аса  құрмет  тұтатын  дақыл,  тіпті  күрішті  патшаның  өзі  бастап  себепкен.  Сол 

дақылды  қазақ  жерінде,  Сыр  елінде  бірінші  боп  сеуіп,  халқының  қанына  сіңірген  Ыбырай 

шынында қай патшадан кем?!. 

Ыбекеңнің  тәніне,  жанына,  қанына  адалдық,  кіршіксіз  пәктік  анасының  ақ  сүтімен, 

атасының  ақ  батасымен  сіңірілген.  Жақай  ақсақал  алғаш  ауылдан  ұзап    шыққан  баласы 

Ыбырайға: “Өзін бір ойлап, өзгені екі ойлаған ер – нағыз ер. Кеудеңде жан барда, адам атыңа 

дақ  түсірме.  Аштан  өлсең  өл,  тек  азғындап  өлме,  былғаныш  өмірден  адал  ажал  артық. 

Жолың болсын”, деп ақ тілек білдіреді. Міне, атаның аманаты осындай болған. 



 

426 


«Ыбырай  атақ  үшін  еңбек  еткен  жоқ.  Ұлы  Отан  соғысы  жылдары    қай  еңбек  адамы  

атақ  үшін  еңбектенді.  Олар  еңбектен  нағыз  бақыт,  ләззат,  рахат  тапты.  Соншама  атақ-

абырой, даңқ, бақ Ыбекеңді астырмады, тастырмады, састырмады. Ештеңе болмағандай бір 

қарапайым  қалпынан  айнымай,  ауытқымай  дүниеден  озды  жарықтық»,-деп  жазады,  көз 

көргендер 

Осылайша ақ күріштің атасы, еңбек тарланы Ы.Жақаевтың еңбегін бағалап бүгінгі күні 

талай  шаралар  атқарылды.  Әрине  мемлекет  қамқорлығымен  туған  өлкесі  ел  боп  игі 

бастамаларды атқарды.  Соның бірі 1985 жылы Ыбырай Жақаевтың 90 жылдығына арналған 

мемориалдық  кешеннің  құрылысы  аяқталды.    Ыбекеңнің  ескерткіші,  Ұлы  Отан  соғысында 

қаза  болғандардың  мемориалы,  еңбек  озаттарының  көрнекті  тақтасы  гүлмен  көмкерілді.   

Осылайша  өз  еліңнің,  жеріңнің  тұлғасын  дәріптеу    бүгінгі  күні  жастарға  берілетін 

патриоттық тәрбиенің басы болғанын баршамыз білеміз. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай  

тек соғыс ардагерлері мен бірге жеңісті жақындатуға үлес қосқан тыл еңбек тарландарының 

еселі  еңбегін  айту  бізге  парыз.  Жас  ұрпаққа  бүгінгі  бейбіт  өмірдің  әрбір  сағаты,  минуты, 

секунды  өте  қымбатқа  түскендігі  осындай  елі,  жері  және  Отаны  үшін  тайсалмай    көзсіз 

ерлікке  барған    еңбек  тарландырының  да  ерлігін  насихаттау  қажет.    «Мәңгілік  ел» 

идеясының  жүзеге  асуыда  осы  шаралардан  басталады.  Сөз  соңында  ,  жас  ұрпаққа 

тағылымды тәрбие беруге барлығымыз бірлікпен қадам жасайық. 

 

Пайдалынылған әдебиеттер тізімі: 

 

1. 



Қазақстан тарихы Астана, 2009 

2. 


А.Тоқмағамбетов  

3. 


С.Мұқанов «Сырдария» романы 

4. 


//Егеменді Қазақстан газеті 

 

 



 

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ПАНАСЫЗ БАЛАЛАР МӘСЕЛЕСІ  

 

Д.М. Маратова  

Тарих магистрі, аға оқытушы 

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 

 

(Астана, Қазақстан) 



 

Өркениетті қоғамның тарихи даму кезеңіндегі алға қойған саяси бағыттарының ішінде 

ең  алдымен  әдетте,  өз  арасындағы  ең  әлсіз  топ  қатарына  жататын  балалар,  қарт  адамдар, 

мүгедектер  сынды  әлеуметтік  топтарға  көмек  қолын  созуды  қарастыруы  қажет.  Оларды 

өмірлік құндылықтармен қамтамасыз етіп отыруға лайықты жағдай жасалуы тиіс. Кез келген 

дамыған мемлекеттің қамқорлыққа зәру адамдарға жәрдем жасауы адамгершілік жетістіктер 

қатарына  жатады.  Балалар  мен  жасөспірімдер  мәселесі  қашан  және  қай  мемлекетте 

болмасын,  қоғамның  әлеуметтік  саласындағы  басты  мәселелердің  бірі  болып  қала  бермек. 

Өйткені  олар  кез-келген  мемлекеттің  болашағы,  сол  елдің  келешекте  өсіп-өркендеуіне, 

дамуына өзіндік үлес қосар ұрпағы болып табылады. «Балам дейтін елі болмаса, елім дейтін 

бала  қайдан  болсын»  -  деп  Ахмет  Байтұрсынов  айтқандай,  тағдыр  тауқыметіне  ұшырап 

жетімдік көрген немесе асыраушысынан айрылған еліміздің жас азаматтары өз елінде оқып, 

дұрыс тәлім-тәрбие алғанда ғана отанын сүйетін азамат болып қалыптасады.    

Кеңестік кезеңдегі большевиктердің билікке келуімен орын алған жаңа республиканың 

пайда болуы, тоталитарлық жүйенің мемлекет ішінде әртүрлі салаларда жүргізген саясаты – 

индустриаландыру,  ірі  байларды  тәркілеу,  ұжымдастыру,  аштық  т.б.)  дәстүрлі  қазақ 

қоғамының дамуына іріткі салды. Осының арқасында бұрын соңды болып көрмеген «жетім 

бала»  деген  ұғым  жаңадан  пайда  болды,  балалар  ата-анасынан  ажырап,  аштыққа, 

қаңғыбастыққа ұшырады. Қазақ қоғамында тұңғыш рет жетімдерді орналастыратын арнайы 


 

427 


мекемелер  пайда  болды.  Осы  ХХ  ғасырдың  20-жылдарынан  бастап  күн  тәртібіне  «жетім 

бала»,  қаңғыбастыққа  ұшыраған  «панасыз  бала»  мәселесі  қойылды  да,  большевиктер  ата-

анасынан айырылған балаларды өз қамқорлығына алып, әлеуметтік қасіреттің алдын – алуға 

немесе жоюға тиісті шараларды іске асырды.  

1936  жылы  14  наурызда  Өлкелік  балалар  комиссиясының  құрылғанына  15  жыл 

толуына орай, Қазақ КСР ОАК-нің төралқасы «Қазақ ОАК-нің жанындағы балалар жағдайын 

жақсарту  үшін  құрылған  комиссияның  жұмысы  туралы»  қаулы  қабылдайды.  Бұл  қаулыда 

Атқарушы  комитет,  оның  Төралқасы,  Өлкелік  балалар  комиссиясы,  оның  аймақтық 

бөлімшелерінің жемісті жұмысы атап өтіліп, кейбір олқылықтар сынға да алынды. Себебі, өз 

қызметі  барысында  балалар  комиссиясы  панасыздық,  жетімдік  мәселесін  шешу  жолында 

біршама  нақты  жұмыстар  атқарып,  оларға  мемлекет  тарапынан  көмек  көрсететін  біртұтас 

жүйені  қалыптастырды.  Алайда,  елде  балалар  мен  жасөспірімдер  панасыздығы  жойылды 

дегенмен,  ендігі  ретте  жасөспірім  құқық  бұзушылармен,  бұзақылармен  күрес  жүргізу  ата-

аналардың  балаларға  тәрбие  беруді  күшейту  жолында  көп  жұмыстарды  әлі  атқару  қажет 

болды.  Панасыз  балалар  мәселесін  шешу  жолында  Өлкелік  балалар  комиссиясы  1921-1936 

жылдары бас штаб міндетін атқарды. Ұлы Отан соғысы басталғанға дейінгі  уақытта РСФСР 

Халық ағарту комитетінің қарамағында барлығы: 112 мың мектеп, 11 мың кітапхана, 44  мың 

мәдениет үйлері, клубтар, мұражайлар, 439 педагогикалық училищелер, 1703 балалар үйлері 

мен 4985 бала бақшалары болды.  

Ұлы  Отан  соғысының  басталуымен  орын  алған  әскери  жағдайда  елдің  саяси  және 

әлеуметтік-экономикалық дамуының тежелуі балалар панасыздығы мен қадағалаусыз қалуы 

мәселесін  ушықтыра  түсті.    Соғыс  жылдары  ер  адамдардың  майданға  аттануы  және  басқа 

ересек  адамдардың  өндірісте  күні-түні  жұмыс  атқаруы,  балаларға  білім  беру  және 

мәдениеттік  қызмет  көрсету  орындарының  жұмыс  жасамауы  салдарынан  мектепке  дейінгі 

және  де  мектеп  жасындағы  балалар  ата-ананың  және  педагогикалық  қызметкерлер 

тарапынан болатын бақылаудан тыс қалып отырды. Көп уақытын көшеде өткізетін балалар 

мен  жасөспірімдер  панасыз  және  қадағалаусыз  өмір  сүрді.  Олардың  арасында  жасалған 

қылмыстық  әрекеттер  күрт  артты.  Мысалы,  1941  жылмен  салыстырғанда  кәмелетке 

толмағандардың жасаған қылмыс саны 1942 жылы 61% өссе, ал 1944 жылы бұл көрсеткіш – 

181% құрады. Кәмелетке толмаған құқық бұзушылармен күресті бұл жолы тек милиция ғана 

орындады. Балалар арасындағы қылмыс бұзушылықтың алдын алу мақсатында 1942 жылы 

23  қаңтарда  КСРО  Халық  Комиссарлар  кеңесі  кәмелетке  толмағандар  арасында  құқық 

бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Ата-анасыз қалған балаларды орналастыру туралы» 

қаулы  қабылданды.  Бұл  қаулының  негізінде  15  жасқа  дейінгі  барлық  панасыз  балаларды 

орналастыру  мақсатында  арнайы  қабылдау-тарату  орталықтарының  желілері  кеңейтілді. 

Панасыз  және  қадағалаусыз  қалаған  балалардың  патронатын  ұйымдастыру  соғыс  кезіндегі 

адамдардың патриоттық сезімдерінің асқақ болуы нәтижесінде өз жемісін берді. Өз балалары 

жоқ  отбасылар  үшін  бұндай  патронат  түрін  жүзеге  асыру  міндетті    болып  саналды.  Оған 

қосымша көшеден «жиналған» панасыз балаларды орналастыру үшін балалар мекемелерінің 

санын арттыру  жұмыстары да қарастырылды [1].  

Партия  мен  үкімет  ата-аналарынан  айырылған  және  елімізге  соғыс  ошақтары 

қалыптасқан  аудандардан  көшірілген  жүздеген  мың  балаларға  қолайлы  жағдайлар  жасау, 

оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлді. 1942 жылдың басында Халық 

Комиссарлар  Кеңесі  «Панасыз  балалармен  жұмыс  туралы»  арнаулы  қаулы  қабылдады. 

Қаулы  бойынша,  облыстық  атқару  комитетінің  жанында  ерекше  комиссиялар 

ұйымдастырылды. Аудандық оқу бөлімдерінде панасыз және бақылаусыз қалған балалармен 

жұмыс  жасайтын  инспекторлар  лауазымы  енгізілді.  Балаларды  қабылдау  және  балалар 

үйлерінің  жүйесі,  ересек  жеткіншектерді  жұмысқа  орналастыру  шаралары  іске  асырылды. 

Сонымен  қатар,  бұл  бағыттағы  барлық  жұмыстарды  жұмылдырушы  орталық  ретінде  Ішкі 

Істер  Халық  комиссариаты  жанынан  арнайы  бөлімдер  ұйымдастырылуы  тапсырылды. 

Жергілікті  кеңестер  жанындағы  комиссиялар  өз  жұмыстарына  кәсіподақ  және  комсомол 

ұйымдарын,  білім  беру  мекемелері  мен  көмек  көрсету  орындарын  кеңінен  тартты. 



 

428 


Комиссиялар  балалардың  туыстары  арасынан  немесе  ата-аналарының  достары  ішінен 

қамқоршылар  тағайындауға,  жас  жеткіншектерді  балалар  үйіне  орналастыруға,  ересек 

балаларды өндіріс орындарында шәкірт ретінде немесе ұжымдық шаруашылықта жұмысшы 

ретінде қабылдатуға мүмкіндік алды.  

Елде  орын  алған  әскери  жағдай  панасыз  балаларды  тіркеу  жүйесін  жетілдіруді  талап 

етті.  Осы  мақсатта  1942  жылдың  23  қаңтарында  Ішкі  істер  Халық  комиссариаты 

басқармалары қарамағында орталық аймақтық, қалалық, аудандық негізде балалар жайында 

мәліметтер жинақтайтын ақпараттық – мекен-жай үстелдері ұйымдастырылды. Бұл жерлерде 

қабылдау-тарату  орындарында  орналасқан,  балалар  мекемелеріне  жіберілген  немесе 

патронаттық асырауға берілген балалардың барлығы тіркеуде болуы тиіс еді.  

Ата-ана қамқорлығынсыз, панасыз қалған балаларды орналастыру, оларға тәрбие беру 

жергілікті кеңестер мен бірқатар министрліктерге жүктелді. Атап айтсақ: 

-

 

Ағарту (балалар үйлері); 



-

 

Денсаулық сақтау (бөбектер үйлері және мүгедектерге арналған ауруханалық балалар 



үйлері); 

-

 



Еңбек резервтері (ұстаханалық училищелер және ФЗУ (Фабрика-зауыт училищелері); 

-

 



Ішкі істер (балалар бөлмелері, қабылдау-таратқыштар, колониялар) [2]. 

 

1-



кесте:  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы  КСРО  бойынша  тіркелген  панасыз 

және қадағалаусыз қалған балалар жайындағы мәлімет [3] 

 

 



Милицияның 

балалар 


бөлмесінде 

тіркелгендер 

Панасыз 

қалаған 


балалар 

саны 


Алынған балалар  

Ата-аналары 

және 

олардың 


орнындағы 

адамдарды 

жауапқа 

тарту 


Барлығы   Оның ішінде 

Панасыз 


балалар 

Қадалаусыз 

балалар 

1942 


212705 


377223 

124367 


252856 

1943 



633 

347048 


802445 

277948 


524497 

1944 



1058 

596121 


1 17668 

432898 


740770 

160360 


1945 



823751 

185543 


638208 



* - 



мәліметтер жоқ 

 

1943  жылы  15  маусымда  «Балалар  панасыздығы  мен  қадағалаусыздығы  және 



бұзақылығымен  күресті  күшейту  туралы»  қаулы  қабылданды.  Осы  уақытқа  дейін  жұмыс 

атқарып жатқан еңбек колонияларына қоса, ұсақ қылмыс  жасағаны  үшін ұсталған панасыз 

және  қадағалаусыз  қалған  балаларды  орналастыру  үшін  жаңадан  еңбекпен  тәрбиелеу 

колониялары ашылды.  Балалар бұл колонияларда 16 жасқа дейін қалып отырды. Олар бұл 

уақыт  аралығында  белгілі  бір  біліктілікті  игеріп  алу  мүмкіндігіне  ие  болды.  Бұл  олардың 

алдағы  уақытта  сыртқы  өмірге  бейімделуге  мүмкіндік  беретін  еді.  Ішкі  Істер  Халық 

комиссариаты еңбекпен тәрбиелеу колонияларының басқармасы «Балалар панасыздығы мен 

қадағалаусыз  қалуымен  күрес  жүргізу»  мекемесіне  қарады.  Ерекше  дарынды  болып,  көзге 

түскен  балалар  үшін  ІІХК  арнайы  еңбекпен  тәрбиелеу  колониялар  ашу  туралы  шешім  де 

қабылдады.  Балалар  мекемелерін  тиісті  дәрежеде  бақылауда  ұстау  және  осындай  ретте 

нормативті  –  құқықтық  актілерді  қабылдау  қатаң  бақылауда  болғанның  өзінде  көптеген 

арнайы  мекемелерде  орналасқан  балалардың  жағдайы  ауыр  болды.  Мекемелердің 

материалдық жағдайы төмен болып, балалардың тамақтандыру нашар ұйымдастырылды.  

Жоғарыда  көрсетілген  қаулыларда  балалар  панасыздығының  алдын  алуға  қатысты 

жергілікті кеңестер жанында ата-анасыз қалған балаларды орналыстыру жөніндегі комиссия 

құру  және  балалар  мен  жасөспірімдердің  панасыздығы  және  қадағалаусыздығымен  күрес 

бөлімдерін  Ішкі  Істер  Халық  Комиссариатының  құрамындағы  осы  бағытта  алдын  алу 


 

429 


шараларын  жүргізетін  координациялық  орталығы  ретінде  қарастыру  көзделді.  Яғни,  бұдан 

байқағанымыз,  соғыс  жылдары  балалар  панасыздығымен  күресті  тек  Ішкі  істер  органдары 

атқарды.  КСРО  ІІХК  кәмелетке  толмаған  (11-16  жас  аралығындағы  балалар  мен 

жасөспірімдер) қылмыскерлерге арналған балалар колонияларын ашу міндеті жүктелді. 1943 

жылдың аяғына қарай одақ көлеміндегі мұндай колониялар саны 50 мыңға жетті. Темір жол, 

су  жолы  көліктерінде  орналасқан  милиция  бөлімшелерінде  арнайы  балалар  бөлмелері 

ашылды. Егер, 1943 жылы бұндай бөлмелердің саны 633 болса, 1944 жылы оның саны 1058 

жетті.  Бұл  жерге  милиция  қызметкерлері  тарапынан  көшеден  ұсталған  панасыз  балалар,  3 

жасқа дейінгі тастанды балалар (оларды кейін бөбектер үйлеріне жіберіп отырды) әкелінді. 

Ал,  3  жастан  асқан,  ата-анасы  жоқ  балалар  «Балалардың  қабылдау-тарату  орындарына» 

ауыстырылды. Жоғалған балаларды іздеу жұмыстарын жүргізу үшін Ішкі Істер Министрілігі 

Бас басқармасы жанынан мекен-жай анықтама бюросы құрылды (Чкалов обл., Бугуруслан қ.) 

[4].  

1944  жылдың  ортасына  қарай  жаңадан  Балалар  милиция  бөлмесі  деп  аталатын 



әкімшілік  құрылым  қалыптасты.  Бұл  мекеме  балаларды  қабылдап,  оларды  туысқандарына 

немесе  балалар  мекемесіне  жөнелту  жұмыстарын  атқаруды  үлгермей  жатқан  қабылдау-

таратқыштардың жұмысын жеңілдету мақсатын көздеді.  

Соғыстың  аяқталған  кезінде,  1945  жылы  ІІХК  балаларды  қабылдау-тарату 

орындарында  орналасқан  панасыз  балалар  саны  біршама  азайды.  Бұл,  ең  алдымен,  кеңес 

халқының  соғысты  жеңіспен  аяқтап,  халықтың  тұрмыс-тіршілігінің  жақсаруымен 

түсіндіріледі. Ата-аналары соғыстан оралып, көп балалар өз үйлеріне қайтарылды. 1945-1946 

оқу жылында алдағы жылдармен салыстырғанда, мектепке барған оқушылардың саны арты. 

Сонымен қатар, ІІХК органдарының балалар панасыздығының алдын алу немесе болдырмау 

мақсатында  жүргізілген  жұмыстары  балалар  панасыздығы,  олардың  қадағалаусыз  қалуы 

және қылмыстық әрекет жасау деңгейінің төмендеуіне өз әсерін тигізді.  

Осылайша,  1941-1945  жылдары  Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  орын  алған  қиындықтарға 

қарамастан,  Ішкі  істер  мекемелері  кәмелетке  толмаған  балалар  арасында  панасыздық, 

қадағалаусыздық  және  қылмыстық  істердің  таралуын  болдырмау  үшін  мақсатты  түрде 

белсенді  жұмыстар  жүргізілді.  Мемлекеттік  органдар,  партиялық  және  қоғамдық  ұйымдар, 

шаруашылық  және  басқа  да    мекемелер  өзара  бірігіп,  балалар  мәселесін  шешуде  кешенді 

түрде  жұмыстар  атқарды.  Жоғарыда  қабылданған  қаулылар,  атқарылған  жұмыстардың 

нәтижесінде, көптеген балалардың еліміздің бейбіт болашағына теріс әсерін тигізетін түрлі 

әрекеттерден  аулақ  болып,  қалыпты  өмірге,  оқу  жүйесіне  бейімделіп  өмір  сүруіне  жайдай 

жасады.  

 


Каталог: data
data -> С. торайғыровтың публицистикасы
data -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
data -> Байдалиев Д. Д
data -> «Қазақ» газетіндегі ұлт-азаттық көтеріліс туралы мақалалардың маңызы
data -> Бағдарламасы бойынша ескертпе (сайтқа орналастыру үшін)
data -> РеспубликалыҚ оҚу-Әдiстемелiк ЖуРнал мазмҰны содеРЖание Ө. Шеденов., а аРна
data -> Литература Межрегиональной олимпиады школьников «Высшая проба» по праву для учащихся 10 классов
data -> Урок русского языка в 11-м классе по теме: "Сложные предложения с различными видами связи"


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   70


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет