Сборник материалов Международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет64/70
Дата22.12.2016
өлшемі7,44 Mb.
#183
түріСборник
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   70

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

 

1  Северо-Казахстанская  область  в  послевоенный  период  (1946  –  1957  гг.)  //  Северо-Казахстанская 



область в 1917 – 1957 гг. Сб. статей. – Алматы: Казахское государственное издание, 1957. – 155 с. 

2 Ковальский С.Л., Маданов Х.М. Освоение целинных земель в Казахстане. – Алма-Ата: Наука, 1986. 

– 

224 с.  


3 Маликова С.З. Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы кеңестік аграрлық саясаттың әлеуметтік-

экономикалық салдары (1954 – 1964 жылдар) / Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі 

үшін дайындалған диссертация. – Астана, 2010. – 132 б. 

4 Золотая книга целины – 50 лет: Целинникам СКО посвящается. – Петропавловск, 2004.  

5 Освоение целинных и залежных земель в Кустанайской области. Сб. документов и материалов / Гл. 

ред. Байлин М.И., сост.: Карпухина А.А., Нурсеитова Г.Б., Орманов Б.К., Тащанова С.Н. –  

6 Әбуев Қ. Қазақстан тарихының «ақтаңдақ» беттерінен. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 144 б. 

7  Директивы  КПСС  и  Советского  правительства  по  хозяйственным  вопросам.  Т.  ІV.  –  Москва: 

Госполитиздат, 1967. 

8  Социально-политическая  история  Приишимья  (Тезисы  выступлений  на  конференции).  – 

Целиноград, 1990. 


 

451 


9  Бельгибаев  М.Е.  О  некоторых  последствиях  освоения  целинных  и  залежных  земель  в  Северном 

Казахстане // Социально-политическая история Приишимья (Тезисы выступлений на конференции). – 

Целиноград, 1990. 

10  Подвиг  с  именем  Целина:  Сборник,  посвященный  60-летию  освоения  целинных  и  залежных 

земель в Акмолинской области на основе документов ГА г. Астаны / Гл. ред. Шокаева А.А., сост.: 

Акбаров Н.М., Куштаева Г.А., Тулегенова А.У. – Астана, 2014 

11  Целинная  эпопея  в  свидетельсвах  и  оценках  /  Актасова  Д.Е.,  Жилкова  С.А.,  Коновалов  А.П., 

Фесенко Н.А. – Семей: «Тенгри», 2011. – 194 с. 

 

 

 

«ОТАН ТАҒДЫРЫ СЫН САҒАТТА»  

(ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗБЕН АТАМНЫҢ ЖЕҢІСКЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ) 

 

Б.Қ. Базен 

«Тарих» мамандығының II курс магистранты 

Шәкәрім атындағы  мемлекеттік университеті 

(

Семей, Қазақстан) 



 

Тарихтың ұлы көшінде өз елінің елдігін, өз жерінің кеңдігін қорғап шапқыншы жауға 

қарсы әділет соғыс жүргізген халықтардың талай талай ерлігі бар. Уақыт талабы ізін жоғалта 

алмайтын  жылдар  өткен  сайын  шоттықтанып  ұлылығы  арта  биіктей  түсетін  осындай 

оқиғалардың  бірі  бұрынғы  КСРО  халықтарының  Ұлы  Отан  соғысындағы  жеңісі.  Ол  кезең 

КСРО  халықтары  үшін  от  шашып,  жалын  құшқан,оқ  борап,  өліп  сепкен  бүгінгі  сәулетті 

болашақ үшін құрбан болған шейіт жандардың қанымен жазылған қаһырлы кезең. Адамзат 

өзінің даму тарихында басынан көшкен қан төгіс соғыстар мен шайқастардың талайын біледі 

және оның зардыбын да көрді.Соңғы бес мың жыл ішінде адам баласы 14,5 мың ірілі ұсақты 

соғыстарды басынан өткізген көрінеді, яғни бұл жылдар ішінде жер бетінде үш жүз жылдан 

артық ғана тыныш бейбіт өмір болып қалған уақыт соғыс жағдыйында өтіпті. Жер ана осы 

қырғын соғыстарда  төрт миллиардтан астам адамынан айырылған екен.  

Жалпыға мәлім ХХ ғасырдың елеулі оқиғасы болып табылатын 1939-1945 жылдардағы 

екінші  дүниежүзілік  соғыс  Ұлы  Отан  соғысы.  Бұл  көлемі  және  адам  шығыны  жөнінен 

дүниедегі ең жойқын, ең қырғын соғыс болатын. Соғысқа 64 мемлекет тартылды оған жер 

халқының  80%-ы  қатысты.  Ал  совет  герман  майданы  осы  сұрапыл  соғыстың  негізгі  басты 

аренасы болды. Фащистік Германия 1941жылғы маусымның 22-ші жұлдызында таң сәріде, 

опасыздықпен КСРО территориясына кенет шабуыл бастады.  

Халықтардың  бейбіт  өміріндегі  еңбегін  герман  империалимінің  тұтқиылдан  жасаған 

шабуылы  көмек  етті.  Ендігі  жерде  елдің  бүкіл  экономикасы,  күш  жігері  соғыс  мүддесіне 

жауды  жеңу  мақсатына  жұмылдырылды.  Герман  вермахтының  Барбаросса  деп  аталатын 

қауырт соғыс жоспары соғыс басталмастан көп бұрын дайындалған болатын.  

КСРО  территориясына  шабуыл  жасау  қарсаңында  92  француз,  22  бельгиялық,  18 

голланд,  12  ағылшын,  30  чехословак  дивизиясы  фашистік  агрессорлардың  қолына  көшті. 

1941 жылдың маусымында Германия окупацияланған 11 елдері 6.5 мың кәсіпорын олар үшін 

өнім  өндіріп  тұрды.  3.1  миллион  шетел  жұмысшысы  немістерге  жұмыс  жасады.  Жаудың 

шапқыншы  армиясы  жиырма  екінші  маусыға  дейін  әскер  құрамы  жағынан  батыс 

шекаралардағы округтеріміздің адам құрамынан 1.8 есе орта және ауыр танктер жөнінен 1.5 

есе жаңа үлгідегі әскери самолеттер жөнінен 3.2 есе зеңбіріктермен минометтер жөнінен 1.25 

есе басым болды [1,б. 3]. 

Қараңғы түнді жамылған жау бақайшығына дейін қаруланған 5.5 миллион солдаты мен 

офицері, 4.5 мың самолеті, 4300 танкісі бар 190 дивизия КСРО шекарасына басып кірді. Ал 

шабуыл жасау үшін күні бұрын күшті топтар жасақталған. Негізгі соққы берілген бағыттарда 

дұшпанның күш  құралы  жағынан  басымдылығы  мұнан  да  әлде  қайда  көп  еді.  Сол  күні ақ 

КСРО  Жоғыры  Совет  Президиумының  жарлығымен  елдің  еуропалық  бөлігі  соғыс 

жағдайына көшірілді, 14 округі бойынша әскери міндеттерге мобилизация жарияланды, бір 



 

452 


аптадан  кейін  Мемлекеттік  Қорғаныс  Қызметі  құрылды.  Күштің  тең  емес  екендігіне 

қарамастан  шекаралық  аудандардағы  әскери  бөлімдері  жауға  қайыспай  қарсы  тұрып  ауыр 

ұрыстар  жүргізді.  Баренц  теңізінен  Қара  теңізге  дейін  аралықта  ауыр  қан  төгіс  шайқастар 

басталды.  Қорғаныс  комитетінің  шешімімен  он  алты  жастан  елу  жасқа  дейінгң  ер 

азаматтарды әскери іске міндетті түрде тарту, үйрету туралы ереже енгізілді. Жер жерлерден 

митингтер  мен  жиындар  өтіп,  онда  жұмысшылар  мен  шаруалар,  интелегенция  өкілдері 

бірауыздан  дереу  жауынгерлік  вахтаға  тұрып,  Отан  қорғауға  әзір  екендіктерін  мәлімдеді. 

Үкіметтің шықыруымен жауға қарсы шайқаста елді берік қамалға айналдыру қажет болды, 

бүкіл  экономика  халықтың  күш  жігері  соңыс  мүддесіне,  жауды  жеңу  мақсатына 

бағындырылды [2,б.51-53]. 

Көпұлтты Қазақстанның бір миллион жиырма мыңға тарта ұл мен қызы әскер қатарына 

шақырылып, майданға аттандырылды. Осы кезде Семей жерінен де талай бохдақтар майдан 

даласына аттанды. Олардың бір талайы туып өскен Ертіс жағасына орала алмады.  

Семей  қаласы  Ұлы  Отан  соғысы  жылдары  ірі  мобилизациялық  орталық  болып 

саналғандығы мәлім. Бұл қалада «Бәрі де майдан үшін!» деген ұранмен тылдағы еңбеккерлер 

аянбай  еңбек  етті.  Ұрыс  даласына  азық  түлік  өнімдері  мен  әскери  құрал  жабдыөтар 

жөнелтіліп  отырды.  Сол  жылдар  күллі  әлем  бойынша  жиырма  жеті  млн  адамның  өмірі 

қиылды  десек,  соның  ішінде  бір  миллион  жеті  жүз  мың  адам  қазақстандықтар  болған.  Ал 

осы көрсеткіштің ішіндегі елу мың адам осы Семей шаһарынан аттанған қыршындар еді. Бір 

ғана қала үшін бұл аз көрсеткіш емес екендігі анық.  

Отан соғысының шежіресіне Семейлік жауынгерлер аса зор үлес қосты. Олар жаумен 

ерлікпен  шайқасып  жатқан  Қызыл  Армияның  алғы  шебінде  болды.  Соғыстың  алғышқы 

күндерінен  ақ  мыңдаған  семейлік  армия  қатарына  шақырылып,майданның  алғы  шебіне 

жіберілді.Отандық  қорғаудың  алдыңғы  қатарында  коммунистер  мен  комсомолдар  болды. 

Соғыстың  алғашқы  күндерінен қан  майданға  6950  коммунист,  16  мың  комсомол  мүшелері 

аттанды.  Семейліктер  өз  территориясында  екі  атқыштар  дивизиясы  жасақталғандығын 

мақтаныш  сезіммен  айта  алады.  Бұл  дивизиялар  құрамының  жетпіс  пайызынан  астамы 

қазақтар  болды.  1941  жылдың  26  қыркүйегінде  Батыс  майданға  238-  дивизиясы  жіберілді. 

Қызыл Армия бас штабының 1,6 қазандығы жарлығы бойынша дивизия 49- Армия құрамына 

енді. Басты мақсат біздің қорғаныс шебімізді жау әскерінің шабуылына тойтарыс беріп, Ока 

өзенінің  Шығыс  жақ  жағалауына  жібермеу  болды.  Осы  жауапты  тапсырманы  орындай 

отырып,дивизияның  әскери  бөлімшелері  22  қазанда  Енгышевка  Алексин  Шукино  Дугно 

шебінде  қорғанысқа  көшті.  Бұл  учаскідегі  жаудың  шабуылы  тоқтатылды.  Сөйтіп  неміс 

фашистерінің Тула Москва тасжолына шығу жөніндегі жоспары жүзеге аспай қалды.  

Қараша  айында  дивизия  Гудерианның  танк  дивизияларымен  кескілескен  ұрыстарға 

қатысты.  Желтоқсан  айның  5-6-ында  Совет  Армиясы  Москва  түбінде  жауға  қатты  соққы 

берген  шабуылға  шықты.  1941жылы  күзінде  Семей  қаласында  8-атқыштар  дивизиясы 

жасақталып, олардың бөлімшелері жауынгерлік әзірден өтті.   8-дивизия 1942жылдың шілде 

айның  9-10  күндерінде  Воронеж  қаласының  солтүстік  аймағындағы  Ливна  қаласының 

учаскілерінде  жаудың шабуылына тосқауын қойды. Сталинградтағы жеңістен кейін дивизия 

Воронеж Касторнен операциясына қатысты. Бұл 1942-1943 жылдың қысқы кезеңіндегі совет 

әскерлері  жүргізген  аса  маңызды  шабуылдардың  бірі  болып  есептеледі.  8-дивизия  бүдан 

кейінгі кезеңдерде 13- Армияның алғы шебінде топқа енгізіліп, қыстың аса ауыр жағдайында 

жаудың  күшті  қорғаныс  бекіністерін  бұзды.  Осыдан  кейін  оңтүстікке  қарай  бе  алып 

Армияның басқа әскери құрамымен бірлесе отырып, жаудың үлкен тобын көріп талқандады. 

Дивизияның  жауынгерлері  Касторнаяға  бірінші  болып  кіріп,  Совет  туын  тікті.  8-атқыштар 

дивизиясының  жауынгерлері  тарихи  Курс  шайқасының  барлық  учаскілерінде  жаумен 

ерлікпен шайқасты. Курс аймағындағы шайқаста көрсеткен батырлығы үшін дивизияның 564 

офицері  мен  жауынгерлері  мемлекеттік  наградаларға  ие  болды.  Дивизияның  жауынгерлік 

тарихынан  Днепер  өзенінен  шабуылмен  өту  кезеңі  ерекше  орын  алды.  Әрқилы  құрал 

жабдықтар шебер падалана отырып, дивизияның негізгі күштері бір түннің ішінде Днепрдың 

оң  жақ  жағалауына  Киевтің  солтүстігіне  өтіп  алды.  Соның  нәтижесінде  өзенен  өту  үшін 

паромдар салуға өолайлы жағдай туды, бөлімгелердің шабуыл жасау аймағы кеңейді, сөйтіп 

он үш армияның Днепрдің оң жақ жағалауындағы бекінісі күшейтілді [3,б.1-5]. 



 

453 


Ерлік пен батылдығы үшін 44 семейлік жауынгерлерге Совет Одағының батыры атағы 

берілген, 11 адам 3 дәрежелі Даңқ орденімен наградталған. Мысалға, Семейлік батырлардың 

жауынгерлік өмірінен кейбір жайларды айта кетем: 

1942 жылы Көкпекті ауданынвң тұрғыны Қойкелді Аухадиев майданға аттанады. 1943 

жылдың күзіне батыр жауынгер жаудың үш танкысын атып түсереді, екі танкасын өртейді. 

Бұған  қоса  қару  жарақ  тиеген  үш  жүк  машинасын,  екі  өздігінен  жүретін  зеңбірігін,  бес 

пулеметін  құрамымен  жойып  жібереді.  Бір  топ  батыл  жауынгерлерді  бастаған  Аухадиев 

Днепрдің  оң  жақ  жағалауындағы  біздің  бөлімшелердің  негізгікүштерін  өткізді  және  осы 

ұрыста  өзі  оққа  ұшты,  Гвардия  кіші  сержанты  Қ.Аухадиевке  өшпес  ерлігі  үшін  Совет 

Одағының Батыры беріледі.  

1941  жылдың  қараша  айныда  кіші  лейтатант  Әнуарбек  Керімбаев  Ленинград 

майданының  бір  топ  байланысшы  жауынгерлерін  бастап  жаудың  жер  астындағы  байланыс 

жүйесін басып алып аса  маңызда мағлұматтар алуға жағдай туғызды. Осы опрация үстінде 

Керімбаев ерлікпен қаза тапты.  

Жарма  станциясының  тұрғыны  ұшқыш  Петр  Иосифович  Теряев  ерлігімен  даңққа 

бөленді.  Ерлігі  мен  батырлығы  үшін  Қызыл  Ту  орденімен  Ллександр  Невский  орденімен 

наградталған.  1945  жылы  15  сәуірінде  гвардия  майоры  теряевке  Совет  Одағының  Батыры 

деген атақ береді.  

Ұшқыш  Николай  Дмитриевич  Авдеев  Орел,  Курс,  Белград,  Брянкс,  Полтава,  Киев, 

Витебск, Рославль  маңындағы әуе шабуылдарында неміс фашистерін талқандауға белсенді 

қатысты. Ленинград түбіндегі айқастарда жауға қатты соққы берді. Авдеевтің жеке есебінде 

250-


ден астам әуе шабуылдары болған. Отан үшін айқаста Семейлік Петр Железняков аскан 

ерлік көрсетті. Ол авиэскадрилияның командирі болған. Майдандағы ерліктері үшін Қызыл 

Ту, Қызыл Жұлдыз, Александр Невский ордендерімен, көптеген медальдармен наградталған.  

 

Дивизия  құрамындағы  13  адам  Совет  Одағының  батыры  атанды.  Солардың  бірі 



семейлік  Николай  Николаевич  Силин.Силиннің  жұбайы  Нелита  Андреева  1941жылдың 

тамызында  өзі  тіленіп  майданға  аттанып,  1944  жылдың  наурыз  айына  дейін  алдыңғы 

шебінде болды.             

Қатардағы  жауынгер  Фазыл  Әділбаев  үш  рет  бірдей  Даңқ  ордендерін  өзінде  шабуыл 

жасап  өтудегі  ерліктері  үшін  алды.  Бірінші  награда  Припять  өзені  үшін,  екінші  Висла, 

үшінші Эльба үшін берілді.  

Үш  бірдей  даңқ  ордендерінің  иегерлері  қатарында  біздің  жерлестеріміз  Борков  Петр 

Николаевич, Маслин Федор Егорович, Александр Михайлович, Киселев Николай Ивановичч 

және басқа да көптеген жауынгер бар.  

Абай  ауданындағы  Архат  ауылының  қызы  Баян  Байғожина  Алматыда  студент  болып 

жүріп,  майданға  өз  тілегімен  аттанды.  Мерген  жауынгер  жүздеген  неміс  офицерлері  мен 

солдаттарын  оққа  ұшырған.  Баян  соғыстың  алғашқы  күнінен  аяғына  дейін  қатысады. 

Берлинге  шабуыл  жасаушылардың  алдыңғы  шебінде.  Осы  шацқас  үстінде  қаза  табады. 

Жауынгер  қазақ  қызының  ерлігі  Отан  соғысы,  Қызыл  Жұлдыз,  жауынгерлік  Даңқ 

ордендерімен атап өтіледі [4].   

Семейлік  ұшқыш  Қажытай  Шалабаев  жауынгерлік  даңқа  бөлінген  адам.  Қазақтың 

халық  батыры  Қажымұқан  Мұнайтбасовтың  жеке  қаржысына  жасалған  ұшақпен  Қажытай 

жаудың талай ұшақтарын соғыс техникасын құртты. Қажытай Қажымұқан батыр сыйлаған 

ұшақпен  Берлинге  жетіп,  жау  ордасын  талқандауға  қатысты.  Қажытай  өміріндегі  осы 

кезеңдегі орынды мақтаныш етеді. Көптеген наградалар иегерлері Қажытай Шалабаев [4]. 

Рас,  мен  бейбіт  өмірдің  ұланымын  және  соғыстың  азабы  мен  тозағы  жайлы  айтқан 

сөзім  аз  көрінер,  дегенмен  баяндамамның  толыққанды  мазмұны  осы  Ұлы  Отан  соғысы 

кезіндегі  Семейліктер  жайлы  болғандықтан  мен  өз  атам  жайлы  қосқым  келеді.  Атамның 

балалық шағы халқымыздың басына қасірет әкелген 1925-1932 жылдарға тұспа тұс келді.  

Атам  Смағулов  Базен  1925  жылы  Ақсуат  ауданы,  Қызыл  Кесік  ауылы,  Егіндібұлақ 

деген жерде туып өскен. 1933 жылдан мектеп оқушысы болып 8 жылдық білім алып шыққан. 

Шешесі  яғни  менің  әжем  Қабижамал  Қажиакпарқызы  1935  жылы  екінші    рет  Жунісов 

Смағұл  деген  азаматқа  тұрмысқа  шыққан.  Руы  Найман  оның  ішінде  Қыдыр,  Сәмембет. 

Жунісов  Смағұл  1941жылы  қыркүйекте  Сталинград  майданында  қайтыс  болған.  Кейін 


 

454 


боздақтар  жинағына  енгізілген.  Екі  әке,  бір  шешеден  бес  ағайынды  қалған.  Мархаметтен 

Базен,  Абайкен.  Смағұлдан  Есқазы,  Тілеуғазы,  Сайлауғазы.  Ертеде  тууы  туралы  куәлік 

болмаған. Тек ауыл советінің тізіміне алынған.Сол себепті 1925-жылдан 1941- жылға дейін 

әкесі  Мархаметтің  атында  болып,  1941  жылы  армияға  шақырылғанда  Жүнісов  Смағұлдың 

атында  шақырылған,  содан  бері  атамның  тегі  Смағұл  болып  аталды.    1941  жылы  соғыс 

басталысымен  16  жасында  8  жылдық  біліммен  әскер  қатарына  шақырылған.  Шешесі  мен 

інілері  шығарып  салған.  Өзінен  кейінгі  інісі  Абайкен  бауырларына  бас  болып,  анасының 

жанында  қалған.  Әскер  қатарына  алысымен  бірден  соғысқа  араластырмай  екі  жыл  бойы 

соғысқа дайвндалған.  

1943 жылы  23 ақпанда әскери ант қабылдаған. 1943 жылдың қаңтар айынан 23 ақпанға 

дейін  Забайкальедегі  әскери  округте  53-ші  атқыштар  полкында  телеграфист  болған.  Ұлы 

Отан соғысының қырғын шайқастарына 1945 жылдың 9 тамызынан 3 қыркүйек айларында 

қатынасқан.  1943  жылдың  ақпан  айынан  1947  жылдың  наурызына  дейін  327  атқыштар 

полкында телеграфист болған.  1947 жылдың наурызынан осы жылдың қазан айына дейін 81-

ші  жеке  артирелия  бөлімінде  радиотелеграфист  болған.  1947  жылдың  10  қазанынан  1948 

жылдың 13наурызына дейін 60-шы жеке пулеметпен ататын полкта болған. 1945 жылы неміс 

фашистерінен  өз  жерлерін  азат  еткен  соң  1948  жылға  дейін  Қиыр  Шығысты  Жапон 

Басқыншылардан  азат  етіп,  соғыс  алаңдарын  қайта  қалпына  келтіруге  қатынасқан.    1948 

жылдың сәуір айында елге оралып еңбек жолын бастаған.  

Атамның еңбек жолы. 

-

 

1948  жылдың  сәуірінен  1948  жылдың  тамызына  дейін  Аксуат  ауданы,  аудандық 



ауылшаруашылық бөлімінде Статистік қызметінде болған. 

-

 



1948 жылдың тамызынан 1950 жылға дейін Аксуат аудандық Комсомол Комитетінің 

есеп учет бөлімінің меңгерушісі, одан соң ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болған. 

-

 

 1950-



1954  жылдары  Аудандық  ішкі  істер  бөлімінде  Спец  Комендатурада  қызмет 

жасаған. 

-

 

1954-



1959  жылдары  Ақсуат  аудандық  Партия  Комитетінің  партия билеті  есеп  санақ 

меңгерушісі, соңғы бңр жылда аудандық партия комитетінің нұсқаушысы болған.  

-

 

1959-



1963 жылдары 4 жылдық Алматыдағы Партия мектебінің тыңдаушысы болған. 

-

 



1963-1965 

жылдары  Көкпекті  ауданы  «Большевик»  совхозында  партком  секретары 

болған. 

-

 



1965-

1967 жылдары Ақсуат ауданы Аудандық байланыс бөлімінде қызмет істеген. 

-

 

1967-



1989  жылдарда  Ойшілік  ауылы  «Комсомол»  совхозында  совхоз  директорының 

шаруашылық  жөніндегі  орынбасары,  ойшілік  ауылдық  советінің  төраға,  совхоз  партия 

комитетінің меңгерушісі болып қызмет еткен.  

-

 



1989 

жылдан еңбек демалысында. 

Қазірде  атам  еңбек  және  соғыс  ардагері.  Міне  биыл  атамның  90  жылдық  мерейтойы 

соғыстың  70  жылдығына  сәйкес  келді.  Бәйбішесі  Нурбаева  Нурбәтіш  1927  жылы  дүниеге 

келген,  тылды  еңбек  еткен  ардагер.  Совхозда  да  ұзақ  жылдар  еңбек  еткен.  2007  жылы 

дүниеден  өтті.  Елу  жыл  бірге  бақытты  өмір  сүріп,  алты  ұл,  екі  қыз  тәрбиелеген.  Барлығы 

оқыған,  жоғары  білімді,  отбасын  құрған.  Қазірде  Атамның  22  немере,  19  шөбересі  бар. 

Немерелері де жоғары білімді әр салада қызмет атқарады. 

Алған наградалары: 

«Ұлы Отан соғысы ордені» медалі; «За боевое заслуги» 

«За победу Германией»; 

«За победу над Японией» 

«100 лет Жукова» медалі; 

«Ұлы Отан Соғысы Жеңісі құрметіне» юбилейлік медальдар және «Совет Армиясының 

Юбилейлік» медальдары бар. 

Еңбекте алған медальдары: 

«Тың  және  тыңайған  жерлерді  игерген»  медалі,  «Лениннің  туғанына  150  жылдық» 

медалі, «Астананың 100 жылдық» медалі.  

«Ұлы  Отан  соғысы  кезіндегі  халықтар  достығының  бірлігі,  тәртіптің  күштілігі, 

патриоттық  сезімнің  жоғарлығы  ерекше  еді.  Отанды,  болашақты  қорғап  қалуымыздың  да, 



 

455 


Ұлы Жеңіске жетуіміздің де негізгі күші осылар» деп айтқан атамның сөздері менің де ой 

пікіріме келісті нүктесін қояды. Атамның Ұлы Жеңіске қосқан үлесі менің санамда сақталып, 

қатталып  қалмақ.  «Отан  соғысының  ардагері,  республикалық  дәрежедегі  дербес  зейнеткер. 

Партия  және  еңбек  ардагері  деген  сөз  тіркестері  тізбектеліп,  өз  атым  тегіммен  қоса 

айтылғанда  бұл  сөздер  маған  қасиетті  дұға,  шарапатты  бойтұмар,  барлық  еңбек,  маңдай 

теріме берілген қортынды әділ баға деп білемін» Бұл атамның сөзінің қортындысы. 

Соңғы зеңбіріктің үні өшкелі қашан Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 

биыл 70 жыл, яғни жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, жылдар жылжып, ұрпақ жаңарып 

жатса  да  отты  жылдардың  оқиғалары  халық    жадынан  кетер  емес.  Ерліктің  дастаны  қай 

халықтың  болмасын  тарихынан  лайыөты  орын  алып,  ұрпақтан  ұрпаққа  өнеге  ретінде  жете 

бермек. Көп ұлтты халықтардың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандыңы ерлік шежіресімен 

ерекше  орын  алуға  тиіс.  Тіпті,  тағы  да  ондаған  жылдар,ғасырлар  өтер  уақыт  кемесі  өмір 

толқынымен  тоқтаусыз,  үздіксіз  алға  жылжыған  сайын  халықтарымыздың  Ұлы  Отан 

Соғысындығы    ерлігі  мәңгі  өшпейді.  Өйткені  ол  әділдіктің  жолында,  адамзаттың  болашғы 

мен бақыты жолында жасалған Ұлы Ерлік. Мен атамның бойындағы бір тамшы қаны менде 

де  бар  екендіне  шаттанамын.  Тегімнің  атамның  есімінде  болғандығын  мақтан  тұтам. 

Асылдарымызды ардақтап, қадірімізді ұлықтауға не жетсін.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

 

1.

 



Гулжаухар  Көкебаева:  Фашистік  Германияға  кеңестер  одағы  көмектесті//Айқын-2008.№115-

24маусым 3б. 

2.

 

Тайшығашова С. «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында»// Қазақстан тарихы: Әдіст. Журнал 



2010-

№3-51-59б. 

3.

 

Көкбаев Т. Соғыс тағылымы// Дала мен қала 2010-10мамыр 1,6б. 



4.

 

«Боздақтар»-Книга памяти Казахстана».- Алма- Ата, 1995. 



  

 

 

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ТАУ-КЕН 

ӨНДІРІСІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ 

 

Е.Б. Калиаскарова  

6М011400-«Тарих» мамандығының 1 курс магистранты. 

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 

(Семей, Қазақстан) 

 

Тау-кен ісі – ғылым мен техниканың жер қойнауын игеру, пайдалы қазылымдар өндіру 



жұмыстарын  қамтитын  саласы.  Ол  жер  қыртысына  техногендік  әсер  етудің  барлық  түрін 

қамтиды.  Тау-кен  ісі  негізінен  жер  қойнауындағы  пайдалы  қазбаларға  барлау  жүргізу, 

құрамы мен сапасын анықтау, өндіру жүйесін тағайындау, алынған пайдалы қазылымдарды 

алғашқы  өңдеуден  өткізу  және  тау-кен  технологиясы  саласында  ғылыми-зерттеуші 

жұмыстарын жүргізумен айналысады. Содан кейін ғана кен қазу үшін дайындық жұмыстары 

(кенді  ашу,  дайындық  қазбалар  жасау,  жер  астылық  және  жер  үстілік  қажетті  құрылыстар 

тұрғызу, т.б.) орындалып, кен белгіленген жүйемен қазыла бастайды. Пайдалы қазылымдар 

өнеркәсіптің,  тасымал  көліктің,  ауыл  шаруашылығының,  құрылыстың  таптырмайтын 

шикізаты  болып  саналады.  Сондықтан  да  тау-кен  ісі  дүниежүзілік  экономикада  өнеркәсіп 

өндірісінің ең маңызды салаларының бірі болып саналады. Өндіріс - өзінің өміріне қажетті 

материалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі. 

Кез  келген  өнімді  өндіру  үшін  төрт  элемент  керек:  сол  өнімді  дайындайтын  табиғи  зат; 

өнімді  дайындау  үрдісінде  пайдаланылатын  еңбек  құралы;  адам  еңбегі,  оның  мақсатты 

бағытталған қызметі; аталған үш элементті өндіріске қосатын ұйымдастырушы. Жалпы осы 



 

456 


екі  ұғымды  қорытындылай  келе,  тау-кен  өндірісі  пайдалы  қазбаларды  игеру  арқылы 

материалдық, әлеуметтік жағдайды жақсарту, жаңғырту мүмкіндіктерін қарастырады. 

Қазақстан  Республикасы  өз  тәуелсіздігіне  ие  болған  соң  отандық  тарих  ғылымы  да 

басқа қоғамдық ғылымдар сияқты жалаң идеологияның шырмауынан босанып, еркіндікке ие 

болды.  Тарих  ғылымының  алдында  кең  мүмкіндіктер  ашылды.  Бұрын,  яғни  кеңестік 

тоталитарлы  жүйе  зерттеуге  мүмкіндік  бермей  келген  көптеген,  аса  маңызды  да  қажетті 

мәселелер  енді  ұлттық  көзқарас  тұрғысынан  жан-жақты  зерттеліне  бастады.  Осындай  аса 

маңызды өзекті мәселелердің бірі және бірегейі тау-кен өндірісі болып табылады. 

Шығыс  Қазақстандағы  тау-кен  өндірісінің  тарихы  бірнеше  мың  жылды  қамтығаны 

және ол өз тарихында бірнеше даму кезеңдерін басынан өткізгені белгілі. Аймақтың тау-кен 

өндірісі  ісі  қазақ  жерлерін  Ресейдің  отарлау  саясатымен  тығыз  байланыста  болған  кезеңі 

(ХІХ  ғасырдың  ІІ  жартысы  –  XX  ғасырдың  басы)  маңызды  тарихи  беттердің  бірі  болып 

табылады. 

Тау-кен  өндірісіне  қатысты  тарихнаманы  тақырыбына,  қозғаған  мәселесіне  орай 

бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады. 

Оның  алғашқы  тобын  кенді  жерлерді  зерттеуге  қатысты  еңбектер  құрайды.  Мысалы, 

Қазақстанның  алтын  кені  бар  жерлер  туралы  деректер  академик  П.С.  Палластың  [1],  А. 

Левшиннің [1] еңбектерінде кездеседі. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазына тарапынан 

пайдалы  қазбаларды  және  алтын  кені  бар  жерлерді  іздестіру  мақсатында  арнайы  алтын 

іздеуші  партиялар  құрылған,  олардың  басында  тау-кен  инженерлері  тұрды.  Олардың 

қатарында Г.Д. Романовский [2], Л. Влангали [2], А. Татаринов [2], А. Краснопольский бар. 

Тау-кен  инженерлері  өзерінің  зерттеулерінде  алтын  кені  бар  жерлердің,  өзендердің, 

таулардың географиялық, геогностикалық сипатамасын берумен қатар, алтын кәсібінің даму 

деңгейіне тоқталады. 

Зерттеулер  ішінен  ерекше  орынды  Ресей  Тау-кен  департаментінің  арнайы 

бағдарламасымен  жүргізілген  «статистикалық-экономикалық  және  техникалық  зерттеулер» 

алады.  Тау-кен  инженерлері  А.А.  Сборовскийдің  [3]  Көкшетау  облысындағы,  В.Д. 

Коцовскийдің  [3]  Семей-Жетісу  облыстарындағы  алтын  өнеркәсібінің  статистикалық-

экономикалық,  техникалық  жағын  қамтыған  зерттеулерін  ерекше  атауға  болады.  Зерттеу 

жұмыстарында алтын кен орындарының физикалық-географиялық, геологиялық жағдайына, 

өндіріс жұмыстарының жекелеген түрлеріне сипаттама беріледі. Еңбектер жоғары деңгейде 

жүйеленуімен ерекшеленеді. 

Қазақстан  КСРО-ның  жетекші  индустриялық  аудандарын  ауыл  шаруашылығы 

шикізатымен  және  азық-түлікпен  қамтамасыз  ететін  аймақ  ретінде  танылса,  30-жылдары 

республика  өнеркәсіптің  өндіруші  салаларының  көмір,  мұнай,  түсті  металдар,  тұз  т.б. 

өнімдерін  беретін  шикізат  көзіне  айнала  бастады.  Сөйтіп  Қазақстан  индустриясының 

шикізаттық  бағыт-бағдары  кең  көлемді  сипаталып,  ауыл  шаруашылығы  ғана  емес,  ауыр, 

жеңіл және тамақ өнеркәсібінің жетекші салаларын да қамтыды. 

Түсті  металдарды,  көмірді,  мұнайды  және  басқа  да  пайдалы  қазбаларды  шығаруға 

ерекше  көңіл  бөлінді.  Қазақстанның  елсіз  және  жартылай  елді  мекендерінде  жаңадан 

құрылған  осы  кәсіпорындардың  көпшілігі  бірден  одақтық  маңызға  ие  болды.  Бұл 

Қазақстанда  шығарылатын  түсті  металдардың,  мұнайдың,  көмірдің,  басқа  да  пайдалы 

қазбалардың КСРО-ның индустриясы дамыған аймақтарына жіберілетініне ғана байланысты 

болған  жоқ,  сонымен  бірге  ол  байлықтарды  өндіру  ісінде  тұтас  елді  шетелдерге  тәуелді 

болудан  құтқаруға  көмектесті.  Мұндай  жағдай  ең  алдымен  Қазақстанда  асыл,  сирек  және 

түсті  металдар  шығарылуының  дамуына  қатысты  болды,  оларға  деген  қажеттілік  машина 

жасау құрылыстары мен осы саланың өсуіне сәйкес күрт өсе түсті. 

Соғыстың алғашқы айларында Кеңестер мемлекеті соғысқа дейінгі жылдары салынған 

өндіріс  қуатының  көп  бөлігінен  айырылды.  Бұл  жағдаймен  бір  мезгілде  мемлекет 

экономикасын әскери өмірге бейімдеу іс-шаралары жүзеге асырылды. Қысқа мерзім ішінде 

республика халық шаруашылығын соғысқа бейімдеп қайта құру қиын болды. Бірінші кезекте 

елдің  қорғаныс  мұқтажына  жұмыс  істейтін  халық  шаруашылығы  материалдық  және  адам 



 

457 


ресурстарымен  қамтамасыз  етілді.  Халық  шаруашылығы  салаларында  негізінен  әйелдер, 

қариялар,  жасөспірім  балалар  еңбектенді.  Соғыс  уақытының  талабына  сай  жұмыс  күні 

ұзартылды  және  еңбек  демалыстары  жойылды.  Барлық  азық-түлік  пен  шикізат  қорлары 

майданға  жіберілгендіктен  халық  азық-түлік  және  өнеркәсіп  өнімдерімен  белгіленген 

мөлшерде ғана қамтамасыз етілді.  

Соғыстың  алғашқы  күндерінде  КСРО  үкіметі  жанынан  эвакуация  жөніндегі  Кеңес 

құрылды.  Ал,  Қазақ  КСР  Халық  Комиссарлар  Кеңесі  жанынан  эвакуациямен  келген  

халықты,  өнеркәсіп  орындарын  орналастыру  жөніндегі  бөлімдер  ашылды.  1941  жылдың 

жазынан  бастап  Қазақстанға  көшірілген  халықты  әкелген  эшалондар  келе  бастады.  Қазақ 

Республикасына  әсіресе,  1941  жылғы  тамыз-желтоқсан  айларында  халық  көп  келді.  1941 

жылдың  аяғында  тылға  көшірілген  12  млн.  халықтың  386492-сі  Қазақстанға 

орналастырылды. Бұл көрсеткіш 1942 жылы 532,5 мыңға өсті. Жергілікті өкімет ұйымдары 

эвакуациямен келген халықтың мұқтажын қанағаттандыруға бағытталған шараларды жүзеге 

асырды [4].  

Соғыс  жылдары  қорғаныс  өнеркәсібі  үшін  Қазақстан  металлургтері  күні-түні  еңбек 

етті.  Өндірілген  100  т.  молибденнің  60  тоннасын  Шығыс  Қоңырат   руднигі  өндірді. 

Қазақстан  соғыс  жылдары  Одақ  бойынша  өндірілген  барлық  қорғасының  85%, 

полиметалдың –70 %, висмуттің – 50%,  вольфрамның 20% өндірді [5].  

Республиканың  қорғасын-мырыш  өнеркәсібінің  дамуында  Кенді  Алтайға  зор  мән 

берілді:  Риддерде  қорғасын  балқыту  және  мырыш  қоспасын  шығару  ісі  тез  өркендей 

бастаған еді. 1939 жылғы мамырда Өскемен қорғасын-мырыш зауытының құрылысы қолға 

алынды. Сондай-ақ ұзақ уақыт тоқтап тұрған Ертіс зауыты қайта іске қосылды. Мұның бәрі 

Қазақстанға бірінші және екінші бесжылдықта өндірілген көлемде мол мыс беруге мүмкіндік 

берді. 


Егер  республиканың  ірі  өнеркәсібінің  жалпы  өнім  құрылымындағы  түсті 

металлургияның үлесі 1927-1928 жылдары 6,1% болса, 1939 жылы ол 12,3%-ға жетті, яғни 

осы  12  жыл  ішінде  екі  еседен  артық  өсті.  Тұтастай  алғанда,  түсті  металлургияның  жалпы 

өнімі  1939  жылы  1913  жылмен  салыстырғанда  17,1  есе,  ал  1927-1928  жылдарға  қарағанда 

25,8 есе өсті. 1940 жылдың 1 қаңтарына қарай түсті металлургияның негізгі өндірістік қоры 

1928 жылдың 1 қазанымен салыстырғанда 27,2 есеге артты [5]. 

ХХ  ғасырдың  20  -  30  жылдарында  тау  -  кен  кәсіпорындарындағы  ұлттық 

жұмысшыларды дайындауда мемлекет үлкен жетістіктерге жеткені күмәнсіз. Бұл жылдары 

кәсіптік деңгейі жоғары жұмысшыларды даярлаудың тиімді әдістері мен көп сатылы, жан - 

жақты  жұмыстар  жүргізілгеніне  көз  жеткіздік.  Сондай-ақ  жұмысшы  мәселесінде  болашақ 

мамандарды даярлау мен олардың басқару жұмыстарына араласуына үлкен мән берілді. Бұл 

әрекеттер барысы көп сатылы және түрлі аспектілік түрде өтті.  

Бірақ  бұл  жылдары  тау-кен  кәсіпорындарындағы  ұлттық  жұмысшылардың 

қалыптасуын  қарастыра  келе  әлде  болса  кәсіптік  деңгейі  жоғары  ұлттық  жұмысшыларды 

даярлау,  мамандығын  көтеру  жұмыстарының  қажет  екендігі  қорытындыланған.  Міне,  осы 

мәселені шешу кейінгі 30 - 40 жылдарда қарқынды жүрді. Қазақстандағы ұлттық тау - кен 

жұмысшыларын  дайындаудың  бұрынғы  ФЗО,  жұмысшы  училищелері,  техникумдар 

түрлерімен  қоса,  жаңадан  индивидуальды-бригадалық  оқыту,  техминимумдар  сияқты  оқу 

түрлерін меңгеріп, кәсіптік деңгейі жоғары мамандарды даярлау кең өріс алды. Осыған орай, 

1930  жылы  елдің  тау  -  кен  өнер  кәсіпорындарына  500  қазақ  жұмысшыларын  тау  -  кен 

саласына  оқуға  жіберді.  Осы  кезге  дейін  қазақ  жұмысшылары  көбінесе  қара  жұмыстарды 

атқарса,  уақыт  өте  келе  жағдай  өзгерді.  Жаппай  дайындықтардан  өткізу  барысында  10 

мыңдаған  қазақ  жұмысшылары  кәсіби  мамандық  алды.  1930  жылы  Қазақстанда  ірі 

өнеркәсіптегі жұмысшалардың саны 78 мың адам болды. Яғни 1913 жылмен салыстырғанда 

төрт  есе  көп  еді  [5].  Егер  революцияға  дейінгі  кезде  өнеркәсіп  саласының  жеңіл  түріндегі 

жұмысшылардың  саны  басым  болса,  бірінші  бесжылдықтың  қортындысында 

жұмысшылардың көбі ауыр өнеркәсіпте істеді. Өнеркәсіптік жұмысшылардың басым бөлігі 

Шығыс Қазақстанда болды. 



 

458 


Тау-кен  өндірісі  тарихына  арналған  зерттеулердің  үлкен  бір  тобын  кеңестік 

ғалымдардың  еңбектері  құрайды.  1920-1930  жылдардағы  зерттеулер  кеңес  үкіметінің 

алғашқы  экономикалық  дағдарыс  үстіндегі  алтын  өнеркәсібін  көтеру  шараларымен  тығыз 

байланысты  болды.  Себебі,  жаңа  экономикалық  саясат  кезеңіндегі  аса  маңызды  міндеттер 

елдегі  тауар-ақша  қатынастарын  қалпына  келтіру,  капиталистік  батыспен  сауда 

байланыстарын  орнату  болды.  Сауда  қатынастарын  дамыту  алтындық  негізі  бар  тұрақты 

валютаны қажет етті. Б. Пазухин Қазақстанның революцияға дейінгі тау-кен өнеркәсібіндегі 

шетел  капиталы  және  акционерлік  қоғамдардың  құрылу  тарихын  зерттейді. 

Кәсіпорындардың экономикалық жағдайына металлург ретінде баға берген. 

Сонымен  қорытындылай  келе,  Шығыс  Қазақстандағы  тау-кен  өндірісінің  пайда 

болуында  табиғи-экономикалық  факторлардың  үлкен  рөл  ойнағанын  атап  өтуіміз  керек. 

Біріншіден,      қомақты  қаржы  салуды  аса  қажет  етпейтін  шашыраңқы  кен  орындарының 

көптеп  ашылуы,   алтынды қабатты жауып жатқан бос қабат қалың болмауы,    алтынның 

механикалық жолмен жеңіл бөлінуі, алтын жууда өзен суларының жеткілікті түрде болуы, 

алтын  сапасының  жоғары  болуы  еді.  Екіншіден,  кен  бар  жерлердің  ірі  елді-мекендерге 

орналасуы,  өлкедегі  жұмыс  күшінің  молдығы,  арзандығы      жалпы  тау-кен  өндірісінің 

дамуына  негіз берді. 

Жалпы  алғанда,  мемлекет  жұмысшылардың  әлеуметтік  мәселесіне  жеткілікті  көңіл 

бөлмеді,  кәсіпкерлерді  міндеттейтін  үкіметтік  заңдар  болмады.  Нәтижесінде,  кен 

орындарындағы  жұмысшылардың  құқықсыздығы–кәсіпкерліктің  пайдалы  көзі  болды. 

Аталған  кезең  ішінде  Шығыс  Қазақстан  бойынша  қарастырылған  тау-кен  өндірісінің 

қалыптасу  және  даму  процестері  Отан  тарихындағы  өзекті  мәселелердің  бірі  болып 

табылады.  Тау-кен  өндірісі  мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық  тұрғысынан  тұрақты 

дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан да, тау-кен өндірісінің даму эволюциясы ешқашан 

маңыздылығын жоғалтпайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет