Сборник материалов Международной научно-практической конференции



жүктеу 7.44 Mb.
Pdf просмотр
бет66/70
Дата22.12.2016
өлшемі7.44 Mb.
түріСборник
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70

Список литературы: 

 

1.

 



Москва, Кремль, Выступление по радио Заместителя Председателя Совета Народных Комиссаров 

Союза  СССР  и  Народного  Комиссара  Иностранных  дел  тов.  В.М.  Молоток  22  июня  1941  года// 

Акмолинская правда.- 1941, 28 июня. 

2.

 



Н.С. Васильев, Готовы защищать Родину!// Акмолинская правда.- 1941, 24 июня. 

3.

 



Ф. Чапский, Детская художественная олимпиада// Акмолинская правда.- 1941, 24 июня. 

4.

 



Главкинопрокат, На экранах  «Зари»// Акмолинская правда.- 1941, 24 июня - 29 июля. 

5.

 



Белан П.С. Казахстанцы в боях за свободу Украины и Молдавии 1941-1945 гг.-Алма-Ата: Наука, 

1984. - 


176с., С.11. 

6.

 



http://arh.akmol.kz/news/newsread/news_id-14. 

7.

 



Все силы, все ресурсы Казахстана для победы над врагом!// Акмолинская правда.-1941, 5 июля. 

8.

 



А.Ю.  Безугольный.  Современный  историографический  взгляд  на  ВОВ//  Военно  –  исторический 

журнал. №1, 2011.- С.43. 



 

 

 

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА 

 

Темірханова А.С. 

М. Қозыбаев атындағы CҚМУ магистранты 

Ғылыми жетекші: т.ғ.д., профессор Ибраева А.Ғ. 

(

Петропавловск, Қазақстан) 



 

Ұлы Отан соғысы бұрынғы Кеңес Одағының кеңістігіндегі әрбір отбасының ғана емес, 

Еуропа,  АҚШ,  Жапония  елдерінің  өмірінде  де  өшпес  ізін  қалдырғаны  ақиқат. 

Басқыншыларды жеңу бағасы да өлшеусіз – ол миллиондаған адамның құрбан болған өмірі. 

Жауды жеңу біздің аталарымыздың, әкелеріміздің батырлығы, ержүректігі және Отанды сүю 

сияқты қастерлі сезімдерімен қашалып, бостандығымыз бен тәуелсіздігіміздің кепілі болды. 

Бәрі  де  өзгереді:  мемлекеттің  атауы,  аумақтық  шекаралар,  айтулы  күндер,  алайда  осынау 

өшпейтін ерлік адамдар жүрегінде мәңгілікке қалады. 

Осыдан  жарты  ғасырдан  астам  уақыт  бұрын,  бүкіл  еліміздегі  сияқты,  Солтүстік 

Қазақстанның  ұлдары  мен  қыздары  да  ата-ана  туған  туыс,  дос-жарандарымен  қош  айтыса 

отырып  Отан  ананы  фашизм  апатынан  қорғау  үшін  майданға  аттанды.  Соғыстың  алғашқы 

екі  жылының  өзінде  ақ  облыс  әскери  комиссариаттары  70  мыңнан  астам  адамды  Қызыл 

Әскер қатарына шақырып үлгерді. Олар соғысқа не үшін бара жатқанын терең түсінді және 

басқыншы жауды жеңетіндеріне кәміл сенді. 

Осынау солтүстікқазақстандықтар барлық майданда болып, Ұлы Отан соғысындағы аса 

ірі  шайқастарға,  атап  айтқанда  Брест  пен  Смоленск  түбіндегі,  Москва  мен  Ленинград 

түбіндегі,  Сталинград, Тула,  Орелдағы,  Курск  доғасы  мен  Днепр,  Белоруссиядағы,  Шығыс 

Европа  елдері  мен  Германиядағы,  Манчжурия  мен  Қиыр  шығыстағы  тағы  басқа  сұрапыл 

шайқастардың бәріне қатысты. Құрлықта да, теңізде де, әуеде де ерлік пен қаһармандықтың 

үлгісін көрсетті. Ұлы жеңіске үлкен үлес қосты. 

Алайда  бұл  соғыстың  бүкіл  еліміз  сияқты,  солтүстікқазақстандықтарға  да  әкелген 

қайғы-қасыреті  аз  болған  жоқ.  Ол  сан  мыңдаған  адамның  жүрегіне  жазылмас  жара  салды. 



 

465 


Облыс  бойынша  32  мың  жауынгер  соғыстан  қайтып  оралмады.  Гитлерлік  Германияның 

елімізге тұтқұйылдан соғыс бастағанын ести сала бүкіл кеңестер одағының халқы бар күш-

жігерін Отан қорғау ісіне жұмылдырды. 

Соғыстың  алғашқы  жылында  Петропавл  қаласы  Батыстан  көшірілген  20  зауыттың 

ұжымы  мен  қондырғыларын  қабылдады.  Ғ.  239,  347,  641,  675,  АЛД  қорғаныс 

кәсіпорындарының тобы құрылды. Тері илеу, хром зауыттарының, байпақ аяқ киім, махорка 

фабрикаларының,  өнеркәсіп  артельдерінің  қуаты  екіүш  есе  өсті.  Мыңдаған  қалалықтар  – 

қарттар, әйелдер, жасөспірімдер бұл кәсіпорындардың ұжымын құрады. Петропавл теміржол 

бөлімшесінің  теміржолшылары  жанқиярлықпен  еңбек  етті.  Жұмысшы  депосы  соғыс 

қимылына  қатысушы  әскерге  «Солтүстікқазақстандық»  брондыпойызын,  ал  вагон  депосы 

пойыз-моншаны  және  әскери  асхана  жасап  жіберді.  Соғыс  жылдарында  майдангерлер  мен 

гвардияшылар бригадалары, екіжүздіктер және үшжүздіктер қозғалысы, шикізат пен электр 

энергиясын  үнемдеу  үшін  қозғалыс  кеңінен  қанат  жайды.  Адамдар  қиыншылықты  жеңе 

отырып,  жарым  көңіл,  жарты  құрсақ  бола  жүріп,  тұрмыстың  қиындығына  мойымай, 

шикізатпен,  электр  энергиясымен,  отынмен  және  құрал-жабдықпен  қамтамасыз  етудегі 

үзілістерге қарамастан Отанды гитлершіл басқыншылардан қорғау жолында бар күш-жігерін 

аямай жұмсады [1, 15 б.]. 

Ауылдағы  жағдай  бұдан  да  күрделі  болатын.  Ерлерді  әскерге  алу,  тракторларды, 

автомашиналарды майданға жіберу, жылқы басының азаюы аграрлық сектордың өндірістік 

базасының  күрт  қысқаруына  әкеп  соқтырды.  Егістік  алқаптардың  төрттен  бірі  қысқарды. 

Мал  ұстайтын  қоралардың  жайсыздығы,  1942-1943  жж.  болған  қуаңшылық  малдың  санын 

кемітіп,  оның  өнімділігін  төмендетті.  Бірақ  осындай  жағдайдың  өзінде  облыстың 

еңбекшілері  жау  қолынан  азат  етілген  аудандардың  шаруашылықтарын  қалпына  келтіруге 

көмектесті – Сталинградта Донецк теміржолын, Орлов облысын қалпына келтіруге қаражат 

жіберіп, Украинаға мыңдаған ірі қара мал берді. 

Соғыстың  алғашқы  күндері  облыстың  еңбек  ұжымдарында,  барлық  өндіріс 

орындарында,  құрылыс  мекемелері  мен  оқу  орындарында  мыңдаған  еңбекшілердің 

қатысуымен 

көп 

адам 


жиналған 

митингілер 

мен 

жиналыстар 



болып, 

солтүстікқазақстандықтар  Отанды  қорғауға,  елдің  қорғаныс  қабілетін  күшейтуге  дайын 

екендіктерін  білдірді.  Жүздеген  жігіттер  мен  қыздар  әскерге  шақыру  орындарына  «Мені 

майданға  жіберіңіз!»  деген  өтінішпен  келді.  Петропавлдықтар  еліміз  халықтары  мен  бірге 

қатыгез  жаудан  өз  Отандарын  қорғауға  көтерілді.  Сол  уақытта  болып  өткен  бір  митингіге 

қатысушылардың  қабылдаған  шешімінде:  «Біз  партия  мен  үкімет  шақыра  қалған  сәтте-ақ, 

станоктардағы  жұмыс  орнымызды  қолымызға  қару  алып,  әскери  қызметке  ауыстыруға 

дайынбыз!», – деп жарияланды. Бірінші болып Қызыл Армия қатарына әскери мамандығы 

бар, тәжірбиелі: запастығы командирлер мен саяси жетекшілер, коммунистер мен комсомол 

мүшелері  шақырылды.  Бір  аптаның  ішінде  Петропавл  қаласынан  әскери  авиацияға,  танк 

және  жаяу  әскери  бөлімшелеріне  мыңдаған  адамдар  аттанып  кетті.  Қалалық  партия  мен 

комсомол  комитеттерінің  жолдамасымен  көптеген  коммунистер  мен  комсомол  мүшелері 

әскери училищелер мен полк жанынан құрылған даярлау мектептеріне оқуға жіберілді. 

Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  92  мыңнан  астам  солтүстікқазақстандық  әскерге 

алынды, 34 мың адам еңбек әскеріне, жіберілді; солтүстікқазақстандық 56 жауынгер Кеңес 

Одағының  Батыры  атағын  алды,  11  адам  Даңқ  орденінің  толық  иегері  болды.  Облыстың 

Жадынама  Кітабы  мәліметтері  бойынша  соғыс  барысында  45364  адам  қаза  тапты,  яғни 

майданға кеткен әрбір екінші адам үйіне оралған жоқ.  

Петропавл  қаласында  жаңадан  әскери  бөлімшілер  құрамалары  құрыла  бастады.  Тез 

арада  жеке  атқыштар  батальоны  құрылып,  іле-шала  майданға  аттандырылды.  Соғыс 

басталғаннан  кейінгі  бес  күн  ішінде  Петропавлдан  майданға  702-құрылыс  батальоны 

аттанды.  1941  жылы  тамызда  Солтүстік-Батыс  майданға  Қазақстанның  солтүстік 

облыстарындағы  әскери  міндеттілерден  құралған  314-атқыштар  дивизиясы  жіберілді. 

Дивизия  Ленинград  түбінде,  Балтық  жағалауында  жаумен  шайқасты,  Польшада, 

Чехословакияда жауды талқандады. Александр Невский орденімен наградталған.  


 

466 


Ленинград қаласын қорғау Ұлы Отан соғысының тарихынан айрықша орын алды. Жау 

Ленинград қаласына бір миллионнан астам адамнан тұратын күшпен шабуыл жасады, оларда 

1

7  мыңнан  астам  зеңбірек  пен  миномет,  1500-дей  танк  және  2  мың  самолет  болды. 



Ленинград  900  күн  бойы  қоршауда  тұрды.  Қаланың  жүздеген  тұрғындары  мен 

қорғаушылары  қаза  тапты,  олардың  басым  көпшілігі  алғашқы  ең  ауыр  ашаршылық 

күндерінде  және  қоршаудағы  суық  кезінде  көз  жұмды.  Осындай  қиын-қыстау  күн  таяп, 

Ленинград  қаласына  қара  бұлт  төнген  кезде  Ленинградтықтарға  Қазақстанда  жасақталған 

310, 314-

атқыштар  дивизиясы  көмекке  барады.  310  атқыштар  дивизиясы  1941  ж.  шілде 

айында  Ақмолада  құрылған.  Ал  314  атқыштар  дивизиясы  Петропавлда  құрылып,  қалада 

құрылған  ең  ірі  құрама  болып  тарихта  қалды.  Дивизияның  құрамына  негізінен  Петропавл 

қаласының  өкілдері  алынды.  Өнеркәсіп  пен  транспорт  орындары  дивизияны  материалдық 

ресурстармен,  транспортпен,  киім-кешекпен  және  тамақпен  қамтамасыз  етті.  Дивизия 

құрамында  Солтүстік  Қазақстан  облысының  еңбекшілерінен  басқа,  Қостанай,  Көкшетау, 

Ақмола,  Павлодар  облыстарының  тұрғындары  болды.  Дивизия  басшылығы  мен  саяси 

жетекшілер  қалалық  партия  ұйымдарының  көмегімен  жауынгерлердің  әскери 

жаттығуларына,  саяси  шыңдалып,  патриоттық  тәрбие  алуына  көп  күш  салды.  Дивизия 

командирі генерал-майор А.Д. Шеменков еді [2, 45 б.]. 

Дивизия штабын – полковник В.И. Кувшин, ал дивизия полктерін – А.А. Мироненко, 

В.П. Томашевич, Я.С. Скачков және П.Ф. Ивашко басқарды. Бұлар тәжібиелері мол, өз кезіне 

сай  әскери  дайындықтан  өткен  жандар  еді.  Дивизияның  әскери  комиссары  болып  М.М. 

Мартыненко тағайындалды. 

Ал  оның  саяси  бөлімінің  бастығы  И.  Куценко  болды.  Құрама  штабының  саяси 

бөлімінде  және  басқада  әскери  бөлімдерде  саяси-тәрбие  жұмысын  жолға  қоюға  облыстан 

партия ұйымдары жіберген коммунистер мен комсомолецтер ерекше рөл атқарды. Жергілікті 

партия ұйымдары жаңадан жасақталып жатқан құрамаға 1800 коммунист пен комсомолецті 

жіберді. Бұлар әскери тәртіпті нығайтып жауынгерлерді патриоттық және интернационалдық 

рухта  тәрбиелеу  жолында  орсасан  зор  жұмыстар  жүргізді.  Советтік  Отанды  қорғаудағы  әр 

жауынгер  мен  командирдің  міндеттерін  терең  түсіндіріп,  оларды  ауыр  жылдарға  төтеп 

беруге  баулыды.  1941  жылғы  4  тамызда  дивизия  жасақталып  болып,  ендігі  жерде 

жауынгерлерді  әскери  өнерге  үйрету,  соғыс  жағдайына  жедел  жаттықтыру  жұмысы  қызу 

қолға  алынды.  1941  жылдың  тамыз  айының  аяғында  314  атқыштер  дивизиясы  Солт-Батыс 

майданға аттандырылды. Тамыз айының аяғында Тихвин қаласының маңынан бір-ақ шықты. 

314-

дивизияның бөлімдері Свирь өзенінің бойындағы Лодейное Поле қаласының маңына 7 



қыркүйекте  орналасып,  генерал  В.Д.  Цветаевтің  7-армиясының  құрамына  қосылды.  Бұл 

кезде  жау  Ленинградтың  Ладога  көлі  маңындағы  жалғыз  ашық  байланыс  жолын  кесіп 

тастауға ұмтылып қауіп төндіріп тұр еді. Оңтүстік жақтан неміс әскерлері шабуыл жасаса, 

солтүстіктен,  Онега-Ладога  мойнағы  тұсынан  фин  әскерлері  шабуыл  жасады.  Финдер 

Гитлердің одақтасы ретінде Россияның, көп жерін олжалағысы келіп еді. Бұл кезде финдер 

Лодейное  Поле  қаласының  маңында  Свирь  өзенінен  өтіп,  Ладога  көлінің  оңтүстігінде 

шабуыл жасап келе жатқан өздерінің одақтасы – неміс әскерімен қосылғысы келді. Олардың 

бұл мақсатын жүзеге асырмау үшін совет командованиесі шұғыл шаралар қолданды. 

Свирь  өзеніне  таяу  жердегі  Заостровье  станциясында  эшелоннан  түскен  314-

дивизияның бөлімдері өзеннен өтпек болған фин әскерлерімен шұғыл түрде шайқасқа түсті. 

Ұрысқа  кіріскен  осы  күндерде  дивизияның  полктеріне  ұзындығы  130  километрлік  шепте 

қорғаныс  ұрыстарын  жүргізуге  тура  келді.  Кейіннен  қыркүйектің  аяқ  кезінде  өздерінің 

көмекке  келген  21  және  114-дивизиялардың  арқасында  314-дивизияның  қорғаныс  шебі  30 

километр  ғана  болып  қалды.  Свирь  өзенінің  бойында  Совет  жауынгерлерінің  фин 

әскерлерімен жүргізген табанды ұрыстары финдердің неміс әскерлерімен қосылуы жөніндегі 

жоспарын  жүзеге  асыртпай  тастады.  Сөйтіп  финдерге  қарсы  бағытта  яғни  Ладога  көлінің  

оңтүстігінде ұрыс жүргізіп жатқан неміс корпусының жағдайын жақсарту үшін Свирь өзені 

маңында  қайткенде  де  біздің  әскерлердің  шебін  бұзып  өтуді  талап  еткен  неміс 



 

467 


командованиесінің  дегені  орындалмады.  Дивизия  бөлімдерінің  бәрі  бұйрықты  бұлжытпай 

орындай отырып, ерекше табандылық көрсетті. 

Құрама  басшыларының  Солтүстік  Қазақстан  облысының  еңбекшілеріне  жолдаған 

есебінде көрсеткендей алғашқы бес айдың ішінде дивизияның 160-тан астам жауынгері мен 

офицерін  шайқаста  айрықша  көзге  түскені  үшін-үкімет  наградаларына  ұсынды.  Олардың 

ішінде  1941  жылғы  16  желтоқсанда  өз  денесімен  жау  пулеметінің  үнін  өшіріп,  өз  өмірін 

құрбан  ету  арқылы  қарулас  жолдастарын  құтқарып  қалған  атқыштар  бөлімінің  командирі 

Н.И.Сафронов, телефоншы К.Қайықпаев, Пресновкада туып-өскен коммунист М.И.Ралдугин 

бар еді. 

Басқада  құрамалар  сияқты  314-дивизияда  да  1941  жылдың  күзінде  мергендер 

қозғалысы кеңінен өрістеді. Оны бастаған Солтүстік Қазақстан Облысындағы Степан Разин 

атындағы  ауыл  шаруашылық  артелінің  бұрынғы  колхозшысы,  1074-атқыштар  полкының 

қатарындағы жауынгері Г.П. Зубаков болды. Бұдан кейінгі ұрыстарда құрама жауынгерлері 

ерлік  көрсетіп  отырды.  Олар  өз  өмірлерін  қия  отырып,  фашистердің  шепті  бұзып  өтуіне 

мүмкіндік  бермеді.  Бұл  жөнінде  соғыстан  кейін  неміс  генералы  К.Типпельскирх  «Екінші 

дүниежүзілік соғыстың тарихы» атты еңбегінде фин армиясының немістердің тапсырмасын 

орындай алмағанын мойындайды. Ал екінші бір неміс генералы Бутлар естелігінде жоғарыда 

айтылғандарды қуаттай келіп: «Жазғы науқанның ортасында Свирь өзеніне қарай финдердің 

шапшаң жылжығанына қарамастан бұл маңда неміс әскерлерімен қосылуының сәті түспеді» 

– 

деп жазды. 



1944  жылы  Ораниенбаунның  оңтүстігінде  2-Екпінді  армияның  құрамында  314-

дивизияның  полктері  шабуыл  жүргізді.  Дұшпанның  табан  тірескен  қарсылығын  баса 

отырып,  дивизияның  бөлімдері  1944  жылғы  1  февральда  Кингисепп  қаласын  азат  етіп, 

Нарваға шықты. Құрамаға «Кингисепптік дивизия» деген құрметті атақ берілді [3, 98 б.]. 

1944  жылдың  жазында  Ладогадан  фин  шығанағына  дейін  Ленинград  майданы 

әскерлерінің құрамында 314-дивизияда шайқас жүргізді. 

Қайғылы  әрi  батырлыққа  толы  Ленинградты  қоршауға  алу  1941  жылы  10  маусымда 

басталды.  Қоршауда  қалған  900  күн  Ленинградты  ерлiк,  батырлық  пен  қайсарлықтың 

символына  айналдырды.  1944  жылы  14  қаңтарда  Кеңес  әскерi  жауды  тойтарып,  ал  1944 

жылы 27 қаңтарда блокада алынады, салтанатты түрде атылған салют әлемге Ленинградтың 

тоығымен азат екендiгiн паш еттi. 

Мыңдаған  петропавлдықтар  Москва  түбіндегі  шайқаста  даңқы  шыққан  8-ші 

гвардиялық Панфилов дивизиясының сапында ерлікпен соғысты. Қала басшылығы дивизия 

командованиесімен  тығыз  байланыс  орната  білді.  Құраманың  делегациясы  Петропавлға 

келіп,  қала  еңбекшілерімен  кездесулер  ұйымдастырып,  жауынгерлердің  ерліктері  жайында 

әңгімелеп беріп отырды. Майдан мен тылдың осындай тығыздығы отан сүйгіштікке баулуда 

орасан зор роль атқарды.  

Ленинград қаласын қоршаудан азат еткен соң 314-атқыштар дивизиясы 1944 жылдың 

күзінде  Польша  жеріне  аяқ  басты.  Ол  мұнда  1-Украина  майданы  әскерлерінің  құрамында 

ұрысқа  түсті.  1945  жылғы  14  қаңтарда  314-атқыштар  дивизиясы  шайқаса  отырып  248 

километр  ілгері  кетіп,  Нида,  Бела,  Черна,  Брыница,  Одер  өзендерінен  өтті,  18  қаланы,  26 

темір жол станциясын және басқа да 263 елді мекенді жаудан тазартты. 1945 жылдың наурыз 

айында 314-дивизия Козель (Козле) қаласын және Леобщюцті (Глубчище) шабуылмен алып, 

гитлершілдердің  Оппелнь  тобын  талқандауға  қатысты.  Осы  ұрыстан  соң  Солтүстік 

Қазақстандық  құрама  II  дәрежелі  Кутузов  орденімен  наградталды.  314-Кингиспптік 

атқыштар  дивизиясы  Чехословакияның  Солтүстік  аудандарында  жорық  жолын  аяқтады  [4, 

59 б.]. 

Қорыта  айтқанда,  Солтүстік  Қазақстанда  құрылған  бұл  дивизияның  жауынгерлері 

Ленинград  қоршауын  бұзу,  Ленинград-Новгород  және  Прага  бағыты  сияқты  шешуші 

операцияларға  қатысты.  Құрама  бөлімдерінің  бұл  шайқастарда  көрсеткен  ерлігі  мен 

қаһармандығы Жоғарғы Бас Қолбасшының бұйрығында 7 мәрте атап көрсетілді. 

Соғыс  қимылдары  жүргізілмесе  де,  Қазақстан  аумағында  соғыстың  ауыртпалықтары 

республика жұртын күйзелтіп, әл-ауқатын қатты құлдыратты. 


 

468 


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

 

1. История Казахстана: белые пятна. – А.:Қазақстан,1991. – 285 с. 



2. Қозыбаев М.К.Қазақстан қаһарлы жылдарда. – А.;1985. – 180 б. 

3. 


Қозыбаев М.К.Казакстан-арсенал фронта. – А.;1970. – 235 с. 

4. 


Североказахстанцы в годы ВОВ (1941-1945). – Петропавловск, 1990. – 345 с. 

 

 



 

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНА 70 ЖЫЛ:  

ОТАНСҮЙГІШТІК ИДЕОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІ 

 

А. Құрманғалиев  

Л.Н. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық Университетінің 

Археологи және этнология мамандығының І курс магистранты 

Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Үмітқалиев Ұ.Ү. 

(Астана, Қазақстан) 

 

Елбасымыздың  «Нұрлы жол – болашаққа бастау жол» атты жолдауында  «2015 жыл - 



ұлттық  тарихымызды  ұлықтау  және  бүгінгі  биіктерімізді  бағалау  тұрғысынан  мерейлі 

белестер  жылы»  деп  атап  өткен  болатын.  Қазақ  хандығының  550  жылдығын,  Қазақстан 

халқы  Ассамблеясы  мен  Конституциямыздың  20  жылдығын,  Ұлы  Жеңістің  70  жылдығын 

ерекше атап өткен болатын. 

Ұлы Жеңіске биыл  70 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы 

шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері 

қуаныштан  лүпіл  қақты...  Кеңес  Одағының  тұрғындары  5  жыл  бойы  күндей  күркіреген 

соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... 

Миллиондаған  адамдар  мерт  болды.  Миллиондаған  адамдар  мүгедек  болды. 

Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде 

жеңіс  туы  желбірей  көтерілді.  Осы  жеңісте  Қазақстаннан  шыққан  қаһарманмен 

жауынгерлердің  қанымен,  жанымен  мына  жарық  өмір  үшін  аянбай  ұмтылған  зор  үлестері 

бар еді. 

Біз  Жеңіс  күнін  жақындатқан,  қаратүнек  фашизмге  қарсы  жан  аямай  күрескен  әрбір 

жауынгерге  қарыздармыз.  Ұлы  Отан  соғысы  және  Ұлы  Жеңіс.  Бұл  екі  сөз  бір-бірінен 

толықтыра  түседі.  Ұлы  Жеңіс  біздің  халқымыздың  орасан  зор  құрбандықтарымен  келген 

қасіретті арифметикасы.       

Соғыс  салған  зардап  әлі  күнге  дейін  толық  жойылған  жоқ.  Олардың  Отан  үшін  қан 

кешкен  әрбір  қадамы,  жеңісті  жақындата  түскен  әрбір  күні  ұмытылмайды.  Өйткені,  ерлік 

шежіресі  ұрпаққа  ұлағат,  ертеңгі  күнге  үлгі  боларлық  сабақ.  Биыл  ТМД  елдері  осы 

соғыстағы  ортақ  ұлы  Жеңістің  70  жылдығын  мерекелеуде.  Біз  соғыстан  кейін  туған  ұрпақ 

кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың – қазақтар мен қазақстандықтардың 

жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана 

білеміз.     

Жеңістің  70  жылдығы  қарсаңында  Ұлы  Отан  соғысында  қаза  тапқан  боздақтардың 

рухына  бас  иіп,  олардың  ерлігінің  саяси  –  кейінгі  буынның  азаматтық  парызы.  Соғыста 

біздің  әкелеріміз  ежелден  еркіндік  аңсаған  ер  қазақтың  өршіл  рухын,  батырлығын  әлемге 

паш етті. Қазақ ұлты ұландарының антқа адалдығын көрсетті. 

Отан  соғысы  майдандарында,  жау  тылындағы  партизандар  мен  Еуропа  елдеріндегі 

қарсыласу  қозғалысы  қатарында  шайқасып,  фашизм  концлагерьлерінде  қаза  тапқан  өжет, 

қайсар қандастарымыз рухына бас иеміз. Әрине соғысты, оның қорытындыларын бағалауда 

әр  ұрпақтың  өз  көқарасы  болуы  мүмкін.  Уақыттың  тарихи-саяси  оқиғаларды  бағалауға, 

саралауға  өз  таңбасын  салуы  –  табиғи  құбылыс.  Бірақ  олар  түбегейлі,  принципті  мәселеде 


 

469 


өзгермеуі  керек.  Көлемі,  қаталдығы,  адам  және  материалдық  шығыны  жағынан  екінші 

дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең жойқын соғыс болды. 

Ол дүние жүзі халықтарының бестен төртінің тағдырына әсер етті. Соғыс қимылдары 

әлемнің 40  мемлекетінің аумағында жүрді. Ең соңғы деректер бойынша бұл алапатта 60 мил. 

адам қаза тапты. Кеңес Одағының адам шығыны ресми түрде 27 мил. деп есептеледі. Әлем 

1941  жылы  соғыста  кім  бастап,  оған  адамзат  тарихында  бұрын-соңды  болып  көрмеген 

қандай қатер төніп тұрғанын бірден сезді. 

Бүгінгі  ұрпаққа  Ұлы  Отан  соғысындағы  Кеңес  Одағы  мен  оның  халықтарының 

жеңісінің факторлары туралы айту парыз. Оны жас ұрпақ  білуі керек. Ол соғыстағы жеңістің 

қайнар  көздері,  негіздері  мен  қозғаушы  күштері  туралы  ондаған,  тіпті  мыңдаған  еңбектер 

жазылған. 

Қазақстанның  Ұлы  Жеңіске  үлесі  айрықша  болды.  Республикамыз  халқы 

қаһарлы  жылдары  тас  -  түйіндей  бекілді.  Қазақстан  халқының  соғыс  қажеттеріне 

жұмылдырылуы 24% жеткен. Ал екі майданда бірдей соғысқан Германия халқының соғысқа 

жұмылдырылуы 12 % болған. Осы деректен-ақ тылдағы еліміз халқына қандай ауыртпалық 

түскенін айқын көруге болады. Салмақ әйелдер мен жасөспірімдерге түсті. Соғыс жылдары 

өнеркәсіпте  еңбек  еткендердің  50%  жеңіл,  сондай-  ақ  тамақ  өнеркәсібінде  85-90%,  ауыл 

шаруашылығында 80%  астамы әйелдер болды. Жастар жұмыс істейтіндердің 35-40% құрған. 

Осындай  жұмысшылар  құрамымен  Қазақстан  соғыс  жылдары  КСРО-да  өндірілген 

молибденнің 60%, металдық  висмуттың  65%, полиметалл рудаларының  79%, мыстың  35%, 

қорғасынның  83%  берді.  Батыс  аудандардан  көшірілген  220  кәсіпорынды  қабылдап, 

қысқа  мерзімде іске қосты. Өз халқының тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы төмен бола тұрса 

да  республикамыз  соғыс  жылдары  орталыққа  4 829  мың  тонна  астық, 600 мың  тонна  ет 

тапсырды [1]. 

Республика  малшылары  Қызыл  Армияға  110  мың  ат  берді,  бұл  10  атты  әскер 

дивизиясын  құруға  жетті.  Соғыс  өртіне  шалынған  аймақтардан  эвакуацияланған  жүздеген 

мың  адамдарды,  кейіннен  саяси-сүргінге  түсіп,  депортацияға  ұшыраған  1  миллионға  жуық 

әртүрлі  этнос  өкілдерін  қабылдады.  Мұның  бәрі  республикадағы  әлеуметтік-тұрмыстық 

жағдайды одан әрі күрделендірілгені белгілі. 

Халқымыз осының бәріне ерекше төзімділік көрсетіп, тағдыр талқысымен келгендерге 

қол  ұшын  берді.  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы  ерлігі  үшін  500  қазақстандық  Кеңес 

Одағының Батыры атағын алды. Биылғы жылы Ұлы Отан соғысының  аяқталғанына  70 жыл 

толып отыр. Соңғы мәліметтер бойынша, бұрынғы Кеңес Одағының  27 миллиондай адамын 

жалмаған сұрапыл соғыста Қазақстаннан  1 миллон  600 мыңдай жауынгер  жауларға қарсы 

жан  аямай  шайқасты.  Одақ  бойынша  12  мыңнан  астам  жауынгерлер,  командирлер, 

қолбасшылар,  партизандар,  қарапайым  халық  өкілдері  1994  жылы  белгіленген  ең  жоғарғы 

атақ – Кеңес Одағының Батыр атағын иеленеді. Солардың қатарында осы үлкен атаққа қазақ 

ұлтының   103  азаматы  ие  болыпты.  Бұрынғы  деректерде,  тіпті  тарих  оқулықтарының 

беттерінде бұл сан  бірде 97, бірде  98  болып беріліп келген болатын [1]. 

Қазақсан  Ұлы  Отан  соғысына  біртұтас  елдің  құрамдас  елдің  құрамдас  бөлігі  ретінде 

кірісті.  Мемлекеттік  Қорғаныс  комитетінің  1941  жылғы  қаулысымен  Қазақстан  және  Орта 

Азия,  Кавказ  Респуликаларында  ұлттық  әскери  құрамалар  жасақтала  бастады.  Сол  жылы 

қазақ жерінде жеті атқыштар дивизиясы, үш атты әскер дивизиясы, үш атқыштар бригадасы 

құрылды. 

Қазақстанда  жасақталған  316  атқыштар  дивизиясының  (командирі  генерал  –  мойор 

И.В.Панфилов)  бөлімшелері  1941  жылдың  16  қарашасында  Мәскеуге  өршелене  ұмтылған 

неміс  басқыншыларының  тегеурінді  шабуылын  тойтарып,  жанқиярлық  ерліктің  жарқын 

үлгісін  көрсетті.  Волоколамск  тас  жолындағы  Дубосеково  бекетін  қорғаған  атақты  28  –ші 

панфиловшылар  сапында  Н.Есболатов,  Ә.  Қосаев,  А.Қожабергенов,  М.Сеңгірбаев  сынды 

қазақ жауынгерлері қаһармандықпен шайқасты. Осы жылдың 18-21 қарашасында Мәскеуді 

жаудан  қорғау  шайқастарында  ботальион  командирі,  аға  лейтенант  Бауыржан 

Момышұлының сарбаздары асқан ерлік көрсетіп, даңққа бөленді. 



 

470 


1942  жылы  Бородино  селосының  маңындағы  қиян-кескі  ұрыста  қазақ  жауынгері 

Т.Тоқтаров  ішін  оқ  тіліп,  ішек-қарны  ақтарылып  түссе  де  атысты  тоқтатпады.  Арыстанша 

алысып жүріп, 49 фашисті жер жастандырған Төлегеннің ерлігін асқақтатқан «Жас қазақ» әні 

бүкіл майдан даласына жайылды. Тарихқа «Сталинград шайқасы» деген атпен енген алапат 

ұрыс 6.5 айға (1942 жылдың шілдесінен -1943 жылдың ақпанына дейін) созылып, ақырында, 

неміс басқыншыларының бетін қайтарып, меселін басқан бетбұрысты  кезеңге айналды. 

1943  жылы  Невель  қаласы  үшін  ұрыста  пулеметші  Мәншүк  Мәметова  ерлікпен  қаза 

тапты.  Оған  Кеңес  одағының  Батыр  атағы  берілді.  1944  жылы  жойқын  шабуылға  шыққан 

Кеңес әскерлері 900 күн жау құрсауында қалып, адамзат тарихы білмеген азапты күндерді 

бастан  өткеріп  жатқан  Ленинград  қаласын  азат  етті.  «Ленинградтық  өренім»  деген  жыр 

жолдап, аштық пен жалаңаштықтан қиналған қала тұрғындарының жігерін жанып, рухтарын 

көтере білді. 

Ұлы  Отан  соғысы  4  жылға  созылды.  Майдан  даласында  600  мыңнан  астам 

қазақстандық қаза тапты. Соғыста қаза тапқандардың саны туралы мәлімет бүкіл әлемді дүр 

сілкіндірді.  Жекелеген  мәліметтер  бойынша,  адамзат  тарихындағы  бұл  ең  зұлмат  соғыс  20 

миллионнан астам кеңес азаматтарының өмірін қиды. 1 710 қала және 70 мыңнан астам село-

деревнялар,  31  850  өнеркәсіптік  кәсіпорын,  65  мың  шақырым  темір  жол,  4  100  теміржол 

стансасы,  36  мың  пошта-телеграф  мекемесі,  телефон  стансасы  және  басқа  да  байланыс 

бекеттері  жермен-жексен  болған  немесе  жартылай  қираған.  40  мыңдай  аурухана  немесе 

басқа  да  емдеу  мекемелері,  74  мың  мектеп,  техникум,  жоғары  оқу  орны,  ғылыми-зерттеу 

институттары,  42  мың  кітапхана  және  басқа  да  көптеген  нысандар  жойып  жіберілген, 

тоналған [1]. 

Бүгін  Қазақстанның  барлық  қалалары  мен  ауылдарында  Даңқ  монументтеріне,  Ұлы 

Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері 

өтуде. Бұл соғысты ешкім де ұмытпауы, ешнәрсе де ұмытылмауы керек. 

Ұлы  Жеңіс  әкелген  құндылықтар  туралы  айтқанда  ойға  ең  алдымен  сол  бір  қантөгіс, 

жиһангерлік  соғыстан  аман  қайтқан  ағаларымыз  бен  апаларымыздың  соғыстан  кейінгі 

қоғамдық  өмірдің  әр  саласында  атқарған  адамгершілік,  тәрбиелік,  отансүйгіштік,  жас 

ұрпаққа  қамқорлық,  әділеттілік  пен  тазалықтық  қорғаушысы  болған  ерекше  миссиясы 

туралы айту парыз. Иә, майдангерлер қай салада да үлгі  болды. 

Бүгінгі  Тәуелсіз  Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық  жүйесіне,  Қазақстанның 

индустриялы,  аграрлы  ел  болып  қалыптасуындағы  басқару  мектебін  құрудағы  рөлін  айту 

парыз.  Отан  соғысынан  қайтқан  жеңімпаздар  аса  құштарлықпен,  адалдықпен,  іскерлікпен 

еңбек  етті.  Отан  соғысы  жеңімпаздарының  ерекше  миссиясы  туралы  айтқанда 

ғалымдарымыздың екінші тылдағы ерлігі туралы айту қажет. Белгілі ғалымдар М.Ғабдуллин, 

С.Аманжолов,  С.Бәйішев,  А,Нүсіпбеков,  С.Зимонов,  А.Абдуллин,  Ә.Қайдаров  және 

басқалары соғыс кезінде ең қиын сәттерде жауынгерлердің арасына саяси-  тәрбие жұмысын 

жүргізіп,  алдыңғы  шепте  аянбай  соғысса,  соғыстан  кейін  ғылымның  бүкіл  бір  саласына 

бағдар, басшылық жасап, Қазақстанда іргелі ғылымның дамуына ерекше үлес қосты [2]. 

Ұлттық  акдемияның  академиктері  атанды.  Соғыстың  от-майданында  жүріп  «алты 

малтаны  ас  етіп»,  «толарсақтан  қан  кеше  жүріп»,  елге жеңімпаз  ретінде  оралған  олар 

соғыстың ерлік рухын, адам бойындағы бар қасиетке сын болған алапат қиыншылықта өзінің 

азаматтық  арына  дақ  түсірмей,  тіпті  дәлірек  айтсақ  қазақ  ұлты  ұландарының  ерлігі  мен 

мәрттігі, жанкештілігі  мен  төзімділігі  туралы  бүгінгі  ұрпаққа  жеткізген  кешегі  өткен 

Бауыржан  Момышұлы  мен  Қасым  Аманжолов,  Жұбан  Молдағалиев  бастаған  жазушылар 

мен  ақындардың  шығармашылық  ерлігін,  бүгінгі  ортамыздағы  қайырымдылық  пен 

әділдіктің, 

патриоттықтың 

жыршысы 

мен 


күзетшісіндей Әбдіжәміл Нүрпейісов, 

Әзілхан  Нұршайықов,  Мұзафар  Әлімбаев,  Қалмұқан  Исабаев  және  басқаларды  айту  парыз 

[2]. 

Иә, 1945 жылдан бері көп оқиға болды. Бірнеше ұрпақ ауысты. Елімізде түрлі күрделі 



оқиғалар болды. Әлемнің саяси картасында Тәуелсіз  Қазақстан мемлекеті берік орын тепті. 

Кеңес  жауынгерлерін  өз  туының  астына  топтастырған  коммунистік  идеология  мұрағатқа 

кетті.  Соғыстың  қорытындысында  қалыптасқан  социалистік  лагерь,  әлем  саяси  дамуының 


 

471 


бағытын  анықтаған  Ялта  бейбітшілік  шарты,  Варшава  шарты  ыдырады.  Кеңес  халқының 

Ұлы Отан соғысындағы ерлігі әлемді таңқалдырып, мойындатты. Оған қазақстандықтар мен 

қазақтар  қосқан  қасиетті  де  қаһармандық  ерлік  үлес  –  ерлікті  біз  мақтан  тұтамыз.  Аға 

ұрпақтың  ерлігі  мен  әскери  даңқы  жас  ұрпақты  Отанымыздың  болашағы  үшін  азаматтық 

жауапкершілікке,  елін  қорғауға  әзір  болу  рухын  сіңіреді.  Олардың  ерлігі  алдында  тағзым 

етіп бас ию тірілерге қажет. 

Ер есімі - ел  есінде мәңгі сақталады. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес. Тәуелсіз 

Қазақстан елі өз боздақтарын қастерлеп, қасиеттейді! Біз өз аталарымызды  мақтан тұтамыз 

өйткені,  олар  біз  үшін  Отан  үшін  қасық  қандары  қалғанша  күресіп,  бізге  жеңіс  сыйлады. 

Бұл жеңістің басты себебі, әрине, халқымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі, қайтпас қайсар 

ерлігі,  сын  сағаттағы  отаншылдық  қасиеті.  Екіншіден,  ортақ  жауға  қарсы  күрестегі  көп 

ұлтты КСРО халықтарының ынтымағы мен достығы еді. 

Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жеңнен қол, бір жеңнен бас 

шығарып  отанын қорғады.  «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» - дей келе Ұлы Отан 

соғысының 70  жылдығына орай  ата-бабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың  ерен 

ерліктерін,  жер,  Отан,  біздердің  жарқын  болашағымыз  үшін  жасаған  ерліктерін  мәңгілікке 

есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша жылдар өтседе,  бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан 

әрбір  батырларымздың  тарих  төрінен  орын  алатыны  және  ұрпақтары  мәңгі  жеңіс  алауын 

сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді әрқашанда жүрек түпкірімізде ұстаймыз.   

Ешқандай гуманистік, философиялық мәні жоқ солақай ұрандарды жалау қылып, еліміз 

үшін «түсініксіз» идеяны насихаттауға белді саясаткерлер, тарихшы ғалымдар сыни көзқарас 

тұрғысынан талқылайтын мүмкіндіктер туғызу керек. Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен 

қазіргі күні жоғары оқу орындарында  «Сыни ойлау» деген пән енгізілді. Пәннің мақсаты - 

адамзат  қоғамында  орын  алатын  кез  келген  тұжырымдарды,  идеяларды  сыни  қабылдау, 

байыбына  жете  зерттеу  арқылы,  объективті  шындыққа  қол  жеткізу.  Менің  жеке  пікірімді 

Жеңіс күнін тойлауға қарсылық деп ұқпай, «сыни ойлау» қағидатымен тәуелсіз еліміз үшін 

маңызды  Азат  идеологияны  қалыптастыру  талпыныстары  деп  қарастыру  жөн.  Өкінішке 

қарай, санамызда  «ақтандақтар» өте көп ғана, Қазақстан қоғамы құқықтық, инновациялық, 

индустриялық тұрғыдан өркендеп дами алады.    

 


Каталог: data
data -> С. торайғыровтың публицистикасы
data -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
data -> Байдалиев Д. Д
data -> «Қазақ» газетіндегі ұлт-азаттық көтеріліс туралы мақалалардың маңызы
data -> Бағдарламасы бойынша ескертпе (сайтқа орналастыру үшін)
data -> РеспубликалыҚ оҚу-Әдiстемелiк ЖуРнал мазмҰны содеРЖание Ө. Шеденов., а аРна
data -> Литература Межрегиональной олимпиады школьников «Высшая проба» по праву для учащихся 10 классов
data -> Урок русского языка в 11-м классе по теме: "Сложные предложения с различными видами связи"


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет