Сборник материалов международной научной конференции кипчаки евразии: история, язык и



жүктеу 4.03 Mb.
Pdf просмотр
бет23/41
Дата15.03.2017
өлшемі4.03 Mb.
түріСборник
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

XIII Ғ. СОҢЫ МЕН XIV Ғ.БАСЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ДЕШТІ 

ҚЫПШАҚТЫҢ ЭТНОСАЯСИ ТАРИХЫНЫҢ 

КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ 

 

 

Б.Б.Кәрібаев                                                        

Қазақстан, Алматы                                                           

әл-Фараби атындағы Қазақ 

Ұлттық Университеті 

 

       Ортағасырлық  Қазақстан  тарихындағы  әрбір  кезеңнің  өзіндік  алатын 

орны ерекше және  маңызы зор.  Сондай кезеңнің біріне - XIII ғасырдың басы 

мен  XV  ғасырдың  ортасы    аралығы  жатады.  Бұл  кезең  саяси  тарих 

тұрғысынан  алып  қарағанда  Алтын  Орда,  Ақ  Орда,  Ноғай  Ордасы, 

Әбілқайыр  хандығы  секілді  мемлекеттердің  тарихымен  тікелей  байланысты 

болса, этникалық тарих тұрғысынан қарағанда, алғашқы кезеңде қыпшақтану 

үдерісінің  жүруімен,  ал  одан  кейін  ұлттық  сипаттағы  этностардың  тарих 

төріне көтерілуімен ерекшеленеді.    

      Жалпы алғанда осы кезеңдегі  Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы саяси 

тарихтың бағыты мен барысы біршама белгілі. Ал ондағы кейбір жекелеген 

мәселелерге нақтырақ қарар болсақ, шешілген мәселелерден гөрі шешілмеген 

мәселелердің  көп  екенін,  шынайы,  ғылыми  негіздегі  дұрыс  жауаптарды 

қажет ететін  сұрақтардың көп екенін байқаймыз. Сондай мәселелер Шығыс 

Дешті Қыпшақ аумағында моңғолдар үстемдігінен кейінгі кезеңде жергілікті 

этникалық  негізде  құрылған  алғашқы  мемлекет  –  Ақ  Орда  мемлекетінің 

тарихында жетіп артылады. Тіпті тарихтың басқа салалары мен аспектілерін 

айтпағанның өзінде, бір қарағанда көзге жеңіл, оңай  болып көрінетін саяси 

тарихтың  өзінде  көмескі  тұстар    өте  көп.  Әрине,  оның  ең  басты  себебі  – 

деректердің, оның ішінде жазба дерек мәліметтерінің тапшылығынан болып 

отыр.  Дей  тұрсақ  та,  ондай  мәселелер  бәрібір  де  өз  шешімін  табуды  қажет 

етеді.  Ол  үшін  тарихи  мәселелерді  зерттеу  барысында  белгілі    ғылыми 

тәсілдермен қатар, жаңа жолдар мен әдіс-тәсілдер түрлерін іздестіріп, оларды 

тиімді  қолдана білу керек. Біз де осындай жолмен осы жұмысымызда XIV-

XV  ғасырлардағы  Ақ  Орда  мемлекетіндегі  саяси  тарихтың    кейбір  

мәселелерін шешіп көруге тырысамыз. 

       Тек қана Ақ Орда мемлекетінде ғана емес, сонымен бірге біз қарастырып 

отырған кезеңде бүкіл Дешті Қыпшақ аумағында өмір сүрген мемлекеттердің 

бәрінің  саяси  тарихында  зерттеушілер  назарына  іліне  бермейтін  бір  мәселе 

бар, ол – жоғарғы билікті мұрагерлену мәселесі. Басқаша айтқанда, бірнеше 

ұлы  және  бірнеше  інілері  бар  ресми  хан  қайтыс  болғаннан  кейін  оның 

орнына кім отырады деген мәселе. Бұл сұраққа дұрыс жауап табылған кезде 

біз,  XIV-XVI  ғасырларда  бүкіл  Дешті  Қыпшақ  аумағында  өмір  сүрген  

мемлекеттердің  саяси  тарихындағы  маңызды  бір  мәселе  –  тақ  үшін  болған 

күрестердің  себептерін  анықтауға    жол  таба  аламыз.  Бізге  бұл  мәселелерді 

дұрыс  шешуге  жазба  дерек  мәліметтерінің  аздығы  қол  байлау  болғанымен, 

этникалық  тарихтағы  оң  шешімін  тапқан  мәселелер  жәрдемдесе  алады.  Ол 


мәселеге  -  Дешті  Қыпшақ  аумағында  XIII-XIV  ғасырларда  болған  

қыпшақтану  үдерісінің  барысы  мен  нәтижелері    жатады.  Қарастырып 

отырған  кезеңдегі  саяси  мәселелерді  этникалық  тарих  тұрғысынан,  яғни 

қыпшақтану тұрғысынан қарастырсақ, билікті мұралануға байланысты кейбір 

сұрақтардың жауабының шеті көріне бастайды. 

       Қарастырып  отырған  тарихи  уақыт  ішіндегі    Шығыс  Дешті  Қыпшақ 

аумағында  өткен  саяси  мәселелерді  шешу  үшін  алдымен  осы  аумақтағы 

болған  этникалық  мәселелерге,  оның  ішінде  қыпшақтану  үдерісіне 

тоқталалық. 

       ХІІІ  ғасырдың  басы  мен  ХІV  ғасырдың  бірінші  жартысы  аралығындағы 

Жошы  ұлысының  тарихына  этникалық  тарих  тұрғысынан  қарасақ,  осы 

кезеңнің ең басты ерекшелігіне – монғол жаулап алушылығына дейінгі Дешті 

Қыпшақ аумағындағы этнопроцестердің қайта жандана бастауы мен жаулап 

алу  барысында  аумаққа  келген  түрік  және  монғол  тілдес  тайпалардың 

қыпшақтануы үдерісінің жүруі мен аяқталуы жатады. Бұл ерекшелік Жошы 

ұлысының сол қанаты болып саналатын Шығыс Дешті Қыпшақ аумағына да 

қатысты. 

      Біз  бұған  дейінгі  зерттеулерімізде  XIII-XIV  ғасырлардағы  Жошы  ұлысы 

аумағындағы  моңғолдық  этнотоптардың  қыпшақтық  этноортаға  сіңісуі 

мәселесіне,  яғни  қыпшақтану  үдерісі  мәселесіне  кеңірек  тоқталғанбыз[1]. 

Соған байланысты бұл жерде оны қайталап жатпай, тек  сол зерттеу негізінде  

қол жеткізген негізгі тұжырымдар мен қорытындыларды ғана атап өтелік.  

      Қыпшақтану үдерісінің бір ғасырдай уақыт ішінде жемісті жүруіне біздің 

көрсетуіміз бойынша мынадай факторлар мен алғышарттар әсер етеді.  

      Біріншіден,  монғолдардың  жаулап  алуы  мен  одан  кейін  Ұлыстардың 

құрылған кезінен бастап ХІV ғасырдың бірінші жартысына дейінгі аралықта 

Жошы  Ұлысында  Шағатай,  Үгедей  Ұлыстарына  қарағанда  саяси 

тұрақтылықтың  сақталуы  мен  ішкі  саяси  жағдайдың  біршама  қалыпты 

дамуы,  сондай-ақ  Жошы  Ұлысындағы  хандардың  бағындырылған 

халықтарға  қатысты  жүргізген  саясатында  жергілікті  халықтармен 

жақындасу,  олардың  өкілдерін  мемлекеттік  билікке  араластыру,  сауда-

саттыққа қолдау көрсету сияқты бағыттың үстем болуы бұрынғы этникалық 

процестердің  қайта  жандануына,  сондай-ақ  аз  санды  монғолдық 

этнокомпоненттердің  қыпшақтық  этноортаға  тез  араласып,  сіңісіп  кетуіне 

қолайлы жағдайлар жасайды. 

      Екіншіден,  жаңадан  пайда  болған  Ұлыстарда  мемлекеттік  басқару-

әкімшілік  жүйесінің  әскери-әкімшілік  негізде  құрылуы,  соның  негізінде 

Ұлыстардың  ондық,  жүздік,  мыңдық,  түмендік  деп  аталатын  әкімшілік 

бірліктерге  сай  бөлінуі  аз  санды  монғолдарды  қалың  қыпшақтар  ортасына 

тарыдай  шашып  жібереді.  Көшпелі  өмірдің  заңдылығына  сай  бір-бірінен 

оқшау 

орналасқан 



әкімшілік 

бірліктердегі 

монғолдар 

бір-бірінен 

оқшауланып,  әкімшілік  бірліктердің  басым  бөлігін  құраған  жергілікті 

қыпшақ  тайпаларымен  араласады.  Бұл  жағдай  да  монғолдардың  тез  сіңісіп 

кетуінде басты факторлардың бірі боп есептеледі. 

      Үшіншіден,  Жошы  Ұлысының  сол  қанаты  боп  саналатын  Орда  Ежен 

Ұлысында  өмір  сүрген  арғын,  қыпшақ,  қоңырат,  найман,  керей,  уақ,  меркіт 


және  т.б.  тайпалар  мен  рулар  арасында  туысқандық-құдалық  секілді 

байланыстардың  дамуы,  Ұлысты  билеген  әулет  өкілдерінің  аталған  ру-

тайпалармен 

туысқандық 

байланыстар 

орнатуы 


монғолдық 

этнокомпоненттердің  қыпшақтануында  басты  роль  атқарып,  қыпшақтану 

үдерісінің жылдам жүруіне толық мүмкіндіктер жасайды. 

      Төртіншіден,  моңғолдар  жаулап  алуына  дейін  бүкіл  Дешті  Қыпшақ 

аумағында  өмір  сүрген  тайпалардың  ортақ  тілі  болған  қыпшақ  (куман, 

половец)  тілі  өзінің  негізгі  функциясын  жоғалтпай,  ХІІІ-ХІV  ғғ.  Алтын 

Орданың  негізгі  ресми  тілі  болып  қала  береді.  Ауыз  әдебиетінің  үлгілері, 

жазба  әдебиет  туындылары,  халықаралық  сөздік,  ресми  құаттар  қыпшақ 

тілінде 

айтылып, 

жазылады. 

Қыпшақтық 

этностың 

монғолдық 

этноэлементтерді  жұтып  қойғаны  секілді  қыпшақ  тілі  де  монғол  тілінің 

қолдану  аясының  шеңберін  тарылтып,  жойып  жібереді.  Тіл  факторы  да 

монғолдардың 

қыпшақтану 

процесінде 

басты 


рольдердің 

бірін 


атқарады[1,141-153]. 

       Қыпшақтану  үдерісіндегі  аса  маңызды  фактордың  бірі  –  ислам факторы 

болды.  Осыған  байланысты  біз  төмендегідей  тұжырымдарды  өз 

жұмысымызда алға тартқан едік. 

        Біріншіден,  ислам  дінінің    қыпшақтану  барысында  маңызды  роль 

атқаруына  ең  алдымен,  Алтын  Орда  хандарының  исламға  қолдау  көрсетуі, 

оның кең түрде таралуына жағдай жасауы жатады. Батый ханнан Өзбек ханға 

дейінгі  Алтын  Орда  хандарын  діни  көзқарастарына  қарай  шартты  түрде  екі 

топқа  бөліп,  бірін  –  мұсылмандықты  қабылдамаса  да, ислам  дініне    зиянын 

тигізбегендер,  екіншісін  –  мұсылмандықты  қабылдап,  исламға  кең  қолдау 

көрсеткендер деуге болады. Бірінші топқа  – Батый, Мөңке Темір, Тулабұқа, 

Тоқтай  хандарды,  ал  екінші  топқа  –  Берке,  Тудамөңке,  Өзбек  хандарды 

жатқызуға болады. 

      Екіншіден,  ислам  діні  биліктің  жоғарғы  деңгейінен  қолдау  тапқаннан 

кейін,  Алтын  Орданың  қоғамдық  өмірінің  барлық  жағына  тереңдеп  енеді, 

әсіресе  этникалық  үдерістердің  руханилық  факторына  негіз  болады. 

Этникалық  процестерге  қатысушы  барлық  этнокомпоненттер  үшін  ортақ 

рухани  кеңістік  пен  ортақ  құндылықтарды  қалыптастырады.  Нәтижесінде 

әрбір  этноэлемент  ислам  діні  арқылы  басқа  этноэлементтермен  іштей 

жақындасады, өздерін ортақ бір рухани кеңістіктің мүшесі ретінде сезінеді. 

      Үшіншіден,  ислам  дінінің  бүкіл  Алтын  Ордада  ресми  дінге  айналуы  -  

оның  сонда  толық  және  түпкілікті  жеңіске  жеткендігін,  сонымен  бірге 

қыпшақтану үдерісінің өз мәресіне жеткендігін және рухани негізі ислам діні 

болған жаңа типтегі этностың қалыптасқандығын көрсетеді. 

      Төртіншіден,  Алтын  Ордадағы  секілді  оның  сол  қанаты  немесе  шығыс  

бөлігі болып саналған Орда Ежен ұлысында да ислам діні ұлыс билеушілері 

тарапынан зор қолдауға ие болады. Ол әсіресе, Өзбек ханның тұсында ұлыста 

билік  құрған  Ерзен  ханның  кезінде  қатты  байқалады.  ХІІІ  ғасырдың 

ортасынан  ХІҮ  ғасырдың  ортасына  дейінгі  Жошы  ұрпақтарының 

шежіресіндегі  жеке  тұлғалардың  есімдеріне  бұрынғы  түріктік-монғолдық 

атаулармен бірге мұсылманша есімдер көбейе бастайды. Бұл дерек исламның 

билеуші әулеті арасында да кең таралып, мұсылмандық дәстүр олардың өмір 



сүру заңына айналғандығын дәлелейді[1,153-166].  

      Қыпшақтану үдерісінің аяқталған кезеңі жөніндегі мәселеге келсек, жазба 

деректерге, оның ішінде араб тілді авторлардың еңбектеріндегі мәліметтерге 

терең  талдаулар  жасау  арқылы  біз,  бұл  процесті  ХІV  ғасырдың  басында 

толық және түпкілікті аяқталған деп есептейміз. 

      Енді  этникалық  үдерістердің  Шығыс  Дешті  Қыпшақ  аумағындағы  саяси 

дамуларға қалай әсер еткені жөніндегі мәселелерге тоқталсақ. 

      Қыпшақтану  үдерісіне  саяси  факторлардың  қалай  әсер  еткенін  жоғарыда 

атап  өттік.  Өз  кезегінде  саяси  даму  барысына  бүкіл  Жошы  ұлысындағы 

қыпшақтану үдерісі де әсерін тигізе бастайды. Біз оны  мемлекеттік билікті 

мұралану барысындағы қыпшақтық және моңғолдық дәстүрлер  арасындағы 

күрестен 

байқаймыз. 

Қыпшақтану 

үдерісі 

тек 


қана 

моңғолдық 

этноэлементтердің  жергілікті  этноортаға  сіңісуі  ғана  емес,  сонымен  бірге 

барлық  моңғолдық  дәстүрлердің  де  бірте-бірте  жойылып,  оның  орнына 

жергілікті  немесе  қыпшақтық  дәстүрлердің  қоғамдық  өмірдің  барлық 

саласына  таралуы  болып  табылады.  Егерде  XIII  ғасырдың  соңына  дейін 

билікті  мұралануда  Шыңғысхан  тұсында  үстем  болған  моңғолдық  дәстүр 

жеке  дара  қолданылып  келсе,  ғасырдың  соңынан  бастап    қыпшақтану 

барысының  тереңдеуімен  билікті  мұралану  дәстүріндегі  қыпшақтық  бағыт  

күш  ала  бастайды.  Сөйтіп,  көп  жағдайда  XIII-XV  ғасырлардағы    Жошы 

ұлысындағы  ішкі  саяси  оқиғалардың  көпшілігі  билеуші  әулет  өкілдері 

арасындағы тақ үшін таластармен сипатталса, олардың бәрінің себебіне – екі 

дәстүр  арасындағы  күрестер  жатады.  XIII  ғасырдың  соңы  мен  XIV  ғасыр 

басындағы    Шығыс  Дешті  Қыпшақ  аумағындағы  шиеленіскен  ішкі  саяси  

оқиғалардың  себептеріне  ордаежендік  әулет  өкілдерінің  тақ  үшін  алғашқы 

күрестері дәлел бола алады. 

     Енді осы күрестер барысына тоқталсақ. 

     Шығыс Дешті Қыпшақтың саяси тарихындағы алғашқы тақ үшін таластар 

Ордаеженнің шөберелері – ресми тақта отырған Баян хан мен тақтан үміткер 

Құбұлық  арасында  басталады.  Бұл  туралы  ең  алғаш  мәлімет  беруші  парсы 

тарихшысы  Рашид  ад-дин  (1247-1318)  оқиға  барысын  былайша  баяндайды: 

«...Қазіргі  кезде  Баян  әкесі  Қонышаның  орнында  отыр...  Оның  алдында 

Темірбұқаның  ұлы  Құбұлық  мынадай  оған  былайша  қарсылық  білдірді: 

«Ұлысты  бұрын  менің  әкем  басқарды,  сол  себепті  ол  (ұлыс)  мұрагерлік 

бойынша  маған  тиесілі»,  деп  жасақ  жиды  және  Хайду  мен  Дувадан  әскер 

алып,  Баянға  кенеттен  бас  салды»[2].  Одан  әрі  «Джамиғ  ат-тауарихтың» 

авторы  Баянның  Құбұлықтан  жеңіліс  тапқанын,  сөйтіп    Алтын  Ордадағы 

Тоқтай  ханға  барып,  көмек  сұрағанын,  Тоқтай  хан  мен    Ноғай  арасында 

соғыстың жүріп жатқанына байланысты және Газан хан тарапынан қауіптің 

барлығына байланысты Алтын Орда ханының жылы сөзден басқа ешқандай 

көмек  бере  алмағанын,  тек  Баян  ханға  ұлысты  басқару  туралы  жарлық 

бергенін баяндайды[2].   

      Алтын  Орда  мен  Ақ  Ордадағы  хандардың  билік  құрған  кестесінде  Баян 

хан  1301-1309  жылдар  аралығында  билік  құрған  деп  көрсетіледі  де, 

ескертпеде  Баянның  әкесі  Қонышаның  1301  жылдан  бірнеше  жыл  бұрын 

қайтыс  болғаны  айтылады[3,454].  Рашид  ад-диннің  мәліметтеріне  тереңірек 



үңілсек, Ордаежен шөберелері арасындағы тақ үшін күрестің Қоныша қайтыс 

болған кезден басталғанын көреміз. Ал Қонышаның кенеттен, түнде ұйқыда 

жатып  о  дүниелек  болғанын  парсылық  автор  тайға  таңба  басқандай 

айтады[2,42].  Айтпай  келген  ажалдың  салдары  сонда,  Қоныша    тақ 

мұрагеріне  кімнің  лайықты  екенін  өсиет  етіп  айтуға  үлгірмей    кетеді.  Ал 

тақтан үміткер    ордаежендік сұлтандардың, яғни Ордаежен шөберелерінің 

саны  сол  тұста  –  32  болған  екен.  Оның  4-еуі  үлкен  ұл  Сартақтайдың 

немерелері,  18-і  -  екінші  ұл  Құлидың,    ал  10-ы  -  жетінші  ұл  Хұлағудың 

немерелері[2,41-48].  Көріп  отырғанымыздай,  Қонышаның  кенеттен  болған 

өлімінен  кейін  таққа  үміткерлер  саны  жетіп  артылып  отыр.  Баян  – 

Ордаеженнің үлкен ұлының әулетінен болса, Құбұлық – Ордаеженнің ең кіші 

ұлының  әулетінің  өкілінен  тарайды.  Екеуі  де  билеуші  әулеттің  өкілі 

болғандықтан екеуінің де тақтан үміттенуі заңдылық. 

      Тақ  үшін  таластың  XIII  ғасырдың  соңы  –  XIV  ғасырдың  басында  болуы 

жоғарыда атап өткен қыпшақтану үдерісінің аяқталуымен қатар келіп отыр. 

Бұл  кез  –  моңғолдық  этноэлементтердің  қыпшақтануымен  бірге 

қыпшақтанған  ру-тайпа  жетекшілерінің  саяси  өмірге  белсене  араласа 

бастаған  кезі  болатын.  Таққа  үміткерлердің  жеңіске  жетуі  көп  жағдайда 

оларды  қолдаушылардың  санына  тікелей  байланысты  еді.  Моңғолдарға 

дейінгі  Шығыс  Дешті  Қыпшақ  аумағында  өмір  сүрген  тайпалардың 

ертефеодалдық мемлекеттілігінде хандық билікті мұралануда билеуші әулет 

өкілдері      арасында  үлкендік  принципі  басты  орында  болған,  яғни  билікке 

әкеден  соң  ұлы  емес,  әкенің  бауырларының  бірі  келген[4,282].  Ал 

моңғолдарда  болса  керісінше,  Шыңғысхан  заманынан  бері  билікке  әкенің 

ұлдарының  бірі  отыратын  болғаны  белгілі.  Моңғол  ипериясының  негізін 

қалаушының үлкен ұлдарының бәрі жаулап алынған аумақтарда билік құрса, 

ең  кіші  ұл  –Төленің  Моңғолияда  қалып,  ата  жұртты  иеленуі  принциптің 

басқаша  болғанын  көрсетеді.  Тіпті,  XVI  ғасырдың  басында  Мауереннахр 

аумағында  жеңіске  жетіп,  темір  әулетінің  орнына  жаңа  –  Шайбанилық 

әулеттің  негізін  салып  берген  Мұхаммед  Шайбани  хан  мемлекетті  басқару 

мен  билікті  мұралануда  бұрынғы  шыңғыстық  дәстүрді  қалпына  келтірмек 

болғаны  белгілі.  Ол  үшін  улемдер  мен  білікті  адамдардың  арнайы  жиыны  

бірнеше  рет  Герат,  Бұхара  қалаларында  өткізіліп,  бұл  мәселе  қайта-қайта  

талқыға  түседі.  Сол  жиындарға  қатысқан    Фазлаллах  Рузбихан  Исфахани 

билікті  мұралануда  шариат  заңы  бойынша  атаның  мүлкі  немересіне  емес, 

ұлдарына тиесілі деген пікірді қолдайды[5,59-61]. Басқаша айтқанда, хандық 

билік  атадан  соң  оның  немересіне  емес,  атаның  үлкен  ұлдарының  біріне 

берілуі  тиіс.  Шынында  да  Мұхаммед  Шайбани  хан  қаза  тапқаннан  кейін 

Мауереннахрдағы  билік  Шайбани  ханның  ұлына  емес,  түрік  халықтарының 

дәстүрі  бойынша  шибанилық  сұлтандардың  сол  тұстағы  жас  жағынан  ең 

үлкені – Көшкінші ханға өтеді[6,270-271].    

       Баян  ханның  шығу  тегіне  қарасақ,    оның  ата-бабаларының  бәрі  де 

тұңғыштар  екенін  көреміз.  Шыңғысханның  бәйбішеден  туған  төрт  ұлының 

үлкені Жошы хан, ал оның көптеген ұлдарының ең біріншісі – Ордаежен. Ол 

туралы деректе былай делінеді: «Орда - Жошы ханның үлкен әйелі Сартақтан 

туды.  Әкесінің  тірі  кезінде  және  одан  кейін  де  үлкен  құрметте  және  сыйлы 



болды. Жошының мұрагері екінші ұл - Бату болса да, Менгу қағанның оларға 

жазған  жарлықтары  мен  ясаларында  Орданың  есімі  алдына  қойылып 

тұрды»[2,41].  Ордаеженнің  тұңғышы  –  Сартақтай,  оның  әйелдері  көп 

болғанымен  деректе  бір  ғана  ұлының  есімі  айтылады,  ол  –  Қоныша.  Рашид 

ад-дин  бойынша  Қоныша  ұзақ  жылдар  бойы  әкесінің  ұлысын  басқарған 

[2,42].  Өз  кезегінде  Қонышаның  төрт  ұлы  болғандығы  және  олардың  ең 

үлкені - Баян екендігі белгілі[2,43].  

      Ал  енді  Баянның  қарсыласы  Құбұлыққа  келсек,  ол  да  Ордаеженнің 

ұрпағы  болып  келеді.  Ордаеженнің  жетінші  ұлы,  яғни  ең  кенже  ұлы  – 

Хұлағу.  Хұлағудан  Темірбұқа,  ал  оның  алты  ұлының  бірі  –  Құбұлық[2,47]. 

Біз  келтіріп  отырған  шежірелік  салыстыру  үлкендік  принцип  бойынша 

биліктің  Баян  ханға  тиесілі  екендігін  дәлелдейді.  Бұл  дегеніміз  –  сол 

жылдары  Шығыс  Дешті  Қыпшақта  басқа  дәстүрлермен  бірге  билікті 

мұралануда    қыпшақтық  дәстүрдің  де  жеңіске  жете  бастағанын  көрсетеді.   

Ал Құбұлық болса, бұрынғы дәстүрге негіздеп хандық билікке таласып отыр. 

      Біз  бұл  күресте  ішкі  және  сыртқы  саяси  факторлардың  болғандығын 

теріске  шығармаймыз.  Мысалы,  Құбұлыққа  Хайду  мен  Дува  хандардың 

тікелей әскери көмек бергенін Рашид ад-дин атап өтеді[2,43-44]. Біздің басты 

мақсатымыз  Шығыс  Дешті  Қыпшақ  аумағындағы  этникалық  үдерістер 

барысының саяси оқиғаларға тигізген әсері болғандықтан саяси факторларды 

талдауға бармаймыз. Оның өзі жеке, арнай түрде қарастыруды қажет етеді.    

     Рашид  ад-дин  екі  үміткердің  арасындағы  күрес  барысы  мен  оның 

нәтижелерін  ғана  айтып  өтсе,  қыпшақтану  үдерісі  арқылы  біз,  күрестің  туу 

себептері  мен  тақ  үшін  күресушілерді  жергілікті  тайпалардың  қайсысы 

қолдағанын  түсіндіруге  мүмкіндік  аламыз.    Баян  ханды  қолдаушылар 

жергілікті және қыпшақтанған тайпалардың жетекшілері де, оның қарсыласы 

жағында    әлі  де  болса  моңғолдық  дәстүрді  жақтаушылар  болған    секілді. 

Дерек  мәліметінде  жазылғандай,  Баян  хан  күрестің  алғашқы  кезеңінде 

жеңіліске  ұшырайды.  Бірақ  ол  ішкі  күрестің  салдарынан  емес,  сыртқы 

күштердің – Хайду мен Дува хандардың Құбұлыққа тікелей әскери қолдауы 

нәтижесінде болған. 

      Осылайша,  қыпшақтық  және  моңғолдық  дәстүрлердің  тақты  мұралануға 

байланысты  қайшылықты  тұстарын  анықтай  келе,  біз  XIII  -  XIV  ғасырлар 

шенінде Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында болған билеуші әулет арасындағы 

күрестердің  басты себептерін анықтай аламыз. Дәл осындай жолмен тек  Ақ 

Орда  аумағындағы  ғана  емес,  сонымен  бірге  Алтын  Ордадағы  ішкі  саяси 

оқиғалардың  себептері  мен  барысын  анықтауға  болады  деген  жалпы 

қорытындыға келеміз.      



 

 

Әдебиеттер тізімі: 

1.

 



Кәрібаев  Б.Б.  Қазақ  хандығының  құрылу  тарихы.  Тарих 

ғылымдарының  докторы  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  дайындалған 

диссертацияның қолжазбасы. Алматы, 2009.- 341 бет. 

2.

 



Рашид  ад-дин.  Сборник  летописей.  Мына  жинақта:  Сборник 

материалов относящихся к истории Золотой Орды. II. Извлечения из 



персидских 

сочинений, 

собранные 

В.Г.Тизенгаузеном 

и 

обработанные А.А.Ромаскеевичем и С.А.Волиным. М.,- Л. 1941. 



3.

 

Лэн-Пуль  Стэнли  Мусульманские  династии.  Мына  жинақта:  Абуль-



Гази-Багадур-хан.Родословное  древо  тюрков.  Иоакинф.  История 

первых  четырех  ханов  дома  Чингизова.  Лэн-Пуль  Стэнли 

Мусульманские династии. Москва-Ташкент-Бишкек, 1996.-544 с. 

4.

 



Ахинжанов  С.М.  Кипчаки  в  истории  средневекового  Казахстана. 

Издание исправленное.- Алматы: Ғылым, 1995. - 296 с. 

5.

 

Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани. Михман наме-йи Бухара(Записки 



Бухарского 

гостя). 


Перевод, 

предисловие 

и 

примечания 



Р.П.Джалиловой. Под редакцией А.К.Арендса. Москва, 1976. 

6.

 



Гафуров  Б.Г.  Таджики.  Древнейшая,  древняя  и  средневековая 

история. Книга II. – Душанбе: Ирфон, 1989. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



ХАРАКТЕР БРАЧНО-СЕМЕЙНОГО ПРАВА  

В УЛУСЕ ДЖУЧИ 

 

 

Жумаганбетов Т.С.                                                                                          

Казахстан, Актобе 

Актюбинский государственный                                                                       

университет им. К.Жубанова  


Каталог: media -> upload
upload -> Болат Боранбай Қазақ тіл білімінің Қалыптасуы мен дамуы
upload -> Әож 930 (574) Қолжазба құқығында
upload -> Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар Хандықтың құрылуы
upload -> ТӨленова зирабүбі Маймаққызы, Қр бғМ ҒК
upload -> С. Мәжитов Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Пікір жазған К. Л. Есмағамбетов
upload -> Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ сайлаушыларынан аманат (1917 ж.) Серікбаев Е. Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, т.ғ. к.,доцент
upload -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
upload -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
upload -> Ж. Е. Жаппасов XVI-XVIII ғҒ. ҚАзақ-орыс
upload -> Жоба бакалавриаттың тарихшы емес мамандықтары үшін


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет