Сборник материалов VIІІ международной научной конференции студентов и молодых ученых «Наука и образование 2013»



Pdf көрінісі
бет37/44
Дата22.12.2016
өлшемі3,14 Mb.
#63
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44
часть  из  целей  не  реализуема.  В  качестве  доводов  можно  привести  несоответствие 
некоторых  стран  СНГ  критериям  введения  единой  валюты,  довольно  низкий  уровень 
интеграции, отсутствие желания у лидеров стран СНГ к валютному объединению. 
Подводя  итог,  нужно  подчеркнуть,  что  Президент  РК  Нурсултан  Абишевич, 
предложив  идею  о  создании  единой  мировой  валюты,  заставил  по-иному  смотреть  на 
мировой  финансовый  рынок.  Маховик  глобализации  запущен.  И  вполне  возможно,  что  в 
ближайшем будущем в мире появится новая финансовая система, функционирующая во имя  
интересов  и  целей  всех,  без  исключения,    государств  мира.  В  разное  время  выдвигались 
различные подходы по поводу образования единой мировой валюты. Отказ развитых стран 
Запада от  проведения реформ в отношении мировой валютной системы вовсе не означает, 
что  проблема  введения  глобальной  валюты  вообще  полностью  исчерпала  себя,  перестала 
быть  предметом  дискуссий  в  научном  сообществе.  Остаются  вполне  воплотимые  в  жизнь 

 
283 
идеи  у  сторонников  кейнсианства,  которые  предполагают  возможность  появления  мировой 
валюты,  которая  вытеснит национальную  валюту  из  международного  оборота.  Р.  Манделл, 
которого называют создателем единой  европейской  валюты  евро, выступает за проведение 
практичной  и  компромиссной  валютной  реформы.  Опираясь  на  опыт  Европейского 
валютного  союза,  Манделл  предлагает  сформировать  новую  «валютную  зону  в  виде  зоны 
фиксированного валютного курса». 
 
Список использованных источников 
 
1.
 
«Единая  мировая  валюта:  глобальная  инициатива  Нурсултана  Назарбаева». 
http://www.kazenergy.com
.  
2.
 
«Единая  валюта  в  интеграционных  группировках»-  Еременко  А.А.  Автореферат. 
Москва, 2000. 
3.
 
«Нужна  ли  Казахстану  единая  валюта  в  рамках  ТС?»-  Ковалев  С.А.  Публикация  на 
group-global.org 2012.  
4.
 
«Доступ  к  единой  мировой  валюте»-  Б.Р.  Ласыев.  Публикация  на  group-global.org 
2012. 
5.
 
«Формирование  и  развитие  единых  валют  в  условиях  глобализации».-  Мискин  А.С. 
Автореферат. Томск, 2007.  
 
 
УДК 540.32 
 
ЖАҢА ҼЛЕМДІК ВАЛЮТА ЖҤЙЕСІН ЕНГІЗУ-  ДҤНИЕЖҤЗІЛІК ВАЛЮТА-
ҚАРЖЫ ЖҤЙЕСІ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ 
 
Мұхатай Г.Ш.,
flower.my@mail.ru
 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті, Астана, Қазақстан  
Ғылыми жетекші -э.ғ.к., доцент Керімбек Ғ.Е. 
 
 Жаһандану  жағдайындағы  дҥниежҥзілік  валюта-қаржы  жҥйесінің  дамуының  жаңа 
парадигмасы  «жаңа  ҽлемдік  валюта  жҥйесін»  енгізу  болмақ.  Барша  ҽлемді  толғандырған 
сҧрақ:  «Неге  доллар?»,  «Долларды  ауыстыратын  ҽлемдік  валюта  бар  ма?»    «Бҥкілҽлемдік 
валюта» туралы ойларды барша ҽлем жарыса айтуда жҽне ҽрбіреуі ҿз пікірлерін білдіруде.    
 Бҥгінде ҽлемде пайдаланылып келе жатқан резервтік валюталардың бірде-бірі тауарлар мен 
қызметтердің шынайы қҧнын нақты бағалай да, ҿлшей де алмайды. Дҥниежҥзілік валюта  – 
доллар да ақаулы, оны Елбасы Н.Назарбаев бейнелі тҥрде ―ақаулы капитал‖, «дефектал» деп 
атаған. Соңғы жҥз жылда доллар он еседен астамға қҧнсызданған. Бҧл ҥрдіс соңғы жылдары 
ҥдей тҥсті [1]. 
       «Жаңа  ҽлемдік  валюта»  қҧруды  Елбасы  Н.Ҽ.Назарбаев  ҧсынған  болатын,  сондықтан 
Қазақстан  есімі  ҽлемдік  тарихта  біртҧтас  ғаламдық  ақша  идеясын  ҧсынған  ел  ретінде 
сақталмақ [2].  
Елбасымыз  тҥбегейлі  жаңару  жоспарын  қҧрып,  жаңа  ҽлемдік  резервтік  валюта  шығарып, 
оны «алтын» деп атауды ҧсынды. Ол ҿз сҿзінде: «Ертедегі гректер дамудың жоғары кезеңін 
―акме‖ деген ҽдемі сҿзбен белгілепті. Біздің ҧрпақтарымыз бір кездері осынау жаңа ақаусыз 
жаңа атау таңдап алатын болады. Бірақ та қазірдің ҿзінде ҿз бойына осынау жоғары сапаны – 
―акмені‖  қамти  алатыны  тҥсінікті:  мҽселен,  акме-капитал,  немесе  –  ―акметал‖.  Осылайша, 
Н.Назарбаев жаңа ҽлемдік валютаны алғаш «акметал» деп атауды да айтқан болатын [3].  
      «Қазақстан  президенті  ҽлемге  ортақ  валюта  ҧсынуда»  атты  мақаласында 
«Forbes» 
журналы
  «Халықаралық  ортақ  валюта  жасау  идеясы  бҧрыннан  болғанын,  1940  жылы 
ағылшын экономисті Джон Майнард Кейнерс Ҽлемдік орталық банктің «Банкор» атты ақша 
бірлігін  пайдалануды  ҧсынғанын,  АҚШ  президенті  Франклин  Рузвельдің  ҽкімшілігі  де 

 
284 
«Унитас»  атты  ҿзінің  осындай  идеясын  кҿпшілікке  жария  еткенін  жазған  болатын  [4]. 
Дегенмен  жаһандану  заманында  валюта-қаржы  жҥйесіне  ҿзгеріс  енгізу  парадигмасын 
Н.Назарбаев  алғашқылардың  бірі  болып  ҧсынды.  Н.Назарбаевтың  бҧл  идеясын 
қолдағандардың  ішінде  Нобель  сыйлығының  иегері,  еуро  валютасын  қҧрастырған  Роберт 
Мундельдің  болуы  халықаралық  саясатта  аталған  тақырыптың  мҽн-маңызын  арттырды. 
Канадалық  экономист Еуропа  аймағына  ортақ  валюта  енгізу  тҽжірибесімен  бҿлісе  отырып: 
«Осы  тақырып  тҿңірегінде  айтқан  ҽлемдік  валоюта  жобасын  жҥзеге  асыру  жоспары 
жҿніндегі  Нҧрсҧлтан  Назарбаевтың  айтқан  ойларымен  толықтай  келісемін.  Оның  айтқан 
сҿздері бҥгінгі кҥні ҿзекті» деп атап кҿрсетті [5].  
Халықаралық  валюта  қорының  басшысы   Доминик  Стросс-Кан  «Ҽлемдік  жалғыз  ғана 
резервтік  валюта  ретінде  АҚШ  долларының  кҥні  бітуге  жақын»    дей  келе,   ғаламдастыру 
кезеңі  жаңа экономиканың мҽнін арттыра тҥсетін жаңа бҥкілҽлемдік валютаны талап етуде 
деген мҽліметтерді айтты [6]. Соңғы кезде АҚШ доллары - ҽлемдік резервтік валюта болудан 
қалып  барады  деген  пікірлер  жиі  естілуде.  Осыған  ҧқсас  кҿзқарасты  Қытайдың  Орталық 
банкінің  тҿрағасы  Чжоу  Сяочуань  да  айтты.  Қытайдың  бас  банкирі  жаңа  ҽлемдік  резервтік 
валюта  болуға  тиіс  деп  мҽлімдеді.  Оның  айтуынша,  «ҽлем  доллардан  ҽлдеқайда  тҧрақты 
резервтік валютаға мҧқтаж болып отыр" [7].   
       Ресей  Федерациясының  президенті  Д.Медведев  те  2008-2009  жылдардағы  дағдарыс 
кезінде доллардың тҧрақсыз болғанын тілге тиек ете отырып, қазіргі жҥйеге жаңа резервтік 
валюталар  тҥріндегі  қосымша  тірек  керектігін  атап  ҿтті  де,  "Мен  бҧл  орайда  рубльдің 
ҽлемдік  валютаға  айналуына  ҥміті  зор  деп  санаймын",  -  деп  мҽлімдеген  болатын.  РФ 
президенті қытай юаны да болашағы зор резервтік валютаның бірі екенін еске салды. "Ҽзірге 
қытайлық  достарымыз  оны  айырбасталатын  валюта  ретінде  енгізуді  қолға  алған  жоқ,  егер 
олар  осындай  шешім  қабылдайтын  болса,  кҿптеген  мемлекеттер  ҿз  резервтерін  юаньға 
айырбастайтынына кҥмҽн жоқ", - деді жҽне бҧл қазірдің ҿзінде "ҿмірдің талабы" деп қосты 
[8]. 
     Ҽлемнің кҿптеген мемлекеттері долларға сенімсіздікпен қарап отыр. Кейбір мемлекеттер 
сауда-саттықты доллармен жасаудан бас тартып та ҥлгерді. Ҽрине, бҧған дейін ҽр мемлекет 
жеке-дара ҿз ҧстанымын білдірген болса, енді БҦҦ жаңа валюта мҽселесін кҿтеріп отыр [9]. 
БҦҦ-ның  баяндамасында  «қазіргі  қаржы  жҥйесі  тиімсіз,  ҽлемдік  экономиканың  дамуын 
тежеуде  ҽрі  қаржы  жҽне  экономикалық  дағдарыстың  бірден-бір  себепкері»  деп  атап 
кҿрсеткен.  UNCTAD  сарапшылары  долларды  жасанды  валютаға  алмастыру  халықаралық 
сауда мен мемлекеттік қарыздар тҿңірегіндегі теңсіздікті жояды деп санайды жҽне айырбас 
курстарын реттеу ҥшін Бреттон-Вудск келісіміне ҧқсас жҥйе қҧруды ҧсынады [10].  
Ҽлемдік  валюта  жҥйесі  
валюталық
 қатынастарды  ҧйымдастырудың  жҽне  реттеудің 
мемлекетаралық  келісіммен  баянды  етілген  нысаны  болуы  тиіс  [11].  Ҽлемдік  валюта  – 
қаржы қатынастарын долларландырудың келеңсіз факторлары қаржы дағдарысы барысында 
айрықша  кҿрінді.  Жаһандану  жағдайында  мҧның  ҿзі  американдық  ақша  бірлігінің  рҿлін 
ҽлемдік  резервтік  валюта,  жалпыға  ортақ  балама  ретінде  сақтауға  ҧмтылыс  пен  жаңа 
ойыншылардың пайда болуы  – еуро, иена, юань, рубльдің арасындағы қарама-қайшылыққа 
соқтырды. Жаһандық дағдарыстан шығудың мҽні осынау ҿздерін ҽлдеқашан тҥгесіп болған 
ҽлемдік  валюталардан  жаңа  саладағы  жаңа  қаржы  қҧралдарына  кҿшу  болып  отыр  [12]. 
Ҽлемдік  жаңа  қаржы  қҧралының  бірнеше  нҧсқалары  ҧсынылуда.  Бірақ,  олардың  қай-
қайсысының  да  ҿзіне  тҽн  кемшіліктері  бар.  Ел  Президенті  Нҧрсҧлтан  Назарбаев  ескі 
валюталардың  орнын  басуға  келетін  ҿңірлік  жҽне  ҽлемдік  қаржы  қҧралдарының  жаңа 
санатының 
мынадай 
жеті 
ҿлшемді 
қамту 
қажеттігін 
атап 
кҿрсетті 
[13]: 
1)Ескі  заңсыз  ҽлемдік  резервтік  валютаға  қарағанда  жаңа  заңды  ҽлемдік  валюта  болады. 
Оның мҽртебесін Ҽлемдік заң тҧрғысында қорғау керек. 
2)Бҧл  –  бір  ғана  елдің  (яғни,  АҚШ)  қаржы  орталығы  адамдардың  шағын  тобының  мҥддесі 
ҥшін эмитациялайтын ескі тоталитарлық валютаға қарағанда бҥкіл адамзаттың мҥддесі ҥшін 
жаңа  демократиялық  валюта  болады. Жаңа  ҽлемдік  валютаны  пайдаланушы  субъектілердің 
қҧқықтарын қорғауы тиіс. 

 
285 
3)Бҧл  –  шынайы  қҧнды  нақты  ҿлшеудің  қҧралы.  Арнаулы  қадағалау  органы,  мҽселен, 
Бҥкілҽлемдік  монополияға  қарсы  валюта  комитеті  бақылайтын,  сондай-ақ  ҽлемдік 
валютаның  кез  келген  эмитенттеріне  немесе  сатушыларына  қандай  да  бір  артықшылық 
беруді ҥзілді-кесілді жоққа шығаруға тиіс.  
4)Бҧл - табыс ҿндірісін бақылаудың жаңа қаржылық қҧралы. Ҽлемдік валютаның ҿркениетті 
Рыногы  барлық  қатысушылардың  –  сатушылар  мен  сатып  алушылардың  Ортақ  шарты 
негізінде белгіленеді. 
5)Бҧл  –  ҽлем  мен  адамзаттың  біртҧтас  ҧзақ  мерзімді  даму  мақсаттарына  қызмет  ететін 
бҽсекелестік пен пайда табудың тҧтас, мҥдделес, жаңа қаржылық қҧралы. Билік тармақтары 
жаңа  ҽлемдік  валютаны  пайдаланушылардың  белгіленген  эмиссиялар  жҥйесін  Ҽлемдік  заң 
аясында бақылау мҥмкіндігі болуы тиіс. 
6)Ҽлемдік валюта туралы заң негізінде жауапкершілік шегін белгілеуі тиіс. 
7)Бҧл  –  адамзат  дамуының  асқақ  мҧраттарына  толы  пайымдалған  пайда  табудың, 
бҽсекелестік  пен  дамудың  жаңа  қаржылық  қҧралы.  Жаңа  ҽлемдік  валюта  жҥйесінің  тетігі 
ғасырдың  болашақ  сынақтары  мен  болашақты  болжалдауға  оза  жҥретін  мониторингтің 
арнаулы жҥйесі негізінде қҧрылуы тиіс. 
      Ҽлемдік қаржы-валюта жҥйесін ҿзгертуге дҧрыс ҧсыныстар айтқан деп есептеймін. Бҧлар 
тҥрлі  Бҥкілҽлемдік  қҧрылымдардың,  экономикалық  жҽне  қаржылық  қана  емес,  сонымен 
бірге мҽдени, ғылыми қҧрылымдардың барлық қабаттарында талқылануды талап етеді. Бірақ 
та бҧл туралы қызықты да пайдалы қҧбылыс ретінде айтып жатуы ҥшін байыпты тақырыпты 
тҥбегейлі шешімдер тҧрғысына ғана ауыстыру міндетті емес. Адамзат қатер туғызатын тҥрлі 
тҥбегейлі  эксперименттердің  ҿзінде  талай  рет  сынаған  болатын  [14].  Қағидатты  тҥрде 
осындай  жаңа  сапаға  ие  валютаны  ойластыру  мен  енгізу  адамзатты  жаһандық  дағдарыстан 
кепілді тҥрде алып шығудың айқын да сенімді жолы болып табылатындығы талас тудырмаса 
керек.  Мҧндай  жол  ҽлемдік  валюта-қаржы  жҥйесінің  гендік  кодының  ҿзін  тҥбегейлі  тҥрде 
ҿзгертеді  ҽрі  осы  дағдарыстың  терең  себеп-салдарларын  жоюға  кепілдік  береді. Жаңа 
тҧрпатты валютаны ойластыру мен енгізу кезегі жеткен, нақты жҥзеге асыруға болатын ҽрі 
прагматикалық міндет.  
       Нақты экономиканың проблемаларын терең тҥсінетін  президент Н.Назарбаев жаһандық 
экономиканы  біртҧтас  валютаға  кҿшіру  ҥшін  қажетті  тҧтас  ҧсыныстар  шоғырын  назарға 
салған.  «Мен  жаңа  ҥйлесімді  жҥйенің  даму  негізі-  жаңа  ҽлемдік  валюта  болатынына 
сенімдімін.  Бҧл  ҥшін  ең  алдымен  ҽлемдік  валюта  туралы  ҽлемнің  басым  елдерінің 
парламенттерімен  қабылданған,  БҦҦ-мен  мақҧлданған  жалпы  заң  болуы  шарт»  [15].  Сол 
себептен  де  президент  Назарбаев  «ҿзге  ҥйлесімді  жҥйенің  дамуына  жаңа  ҽлемдік  валюта 
кҿмектеседі  деп  сеніммен  айта  аламын»  дейді.  Ол  ҥшін  ең  алдымен  БҦҦ  мақҧлдайтын, 
ҽлемнің басым елдері қол қоятын «Ҽлемдік валюта жҿніндегі» заң қажет деп атап кҿрсетті. 
Оның  айтуынша,  бҧл  жҥйе  адамзат  тарихындағы  алғашқы  заңды  ҽлемдік  валютаға 
қол жеткізер  еді  [16]. Мҧндағы  сындарлы  ҧсыныстар  қатарында  оның  жҧмыс  істеуіне 
қажетті  қҧқықтық  базаны  қҧру,  тиісті  эмиссиялық  орталықтардың,  тиімді  жҧмыс  істейтін 
ҽлемдік  қаржы  жҥйесіне  басқа  да  қажетті  элементтер  қалыптастыру  бар.  Бҧл  ретте 
Н.Назарбаев  орынды  тҥрде  жинақталған  бҥкілҽлемдік  тҽжірибені  барынша  пайдалану, 
мҽселені  шешуге  Біріккен  ҧлттар  ҧйымы,  Халықаралық  валюта  қоры,  Бҥкіл  дҥниежҥзілік 
сауда ҧйымы жҽне басқа қҧрылымдарды тарту қажет деп біледі. Назарбаев ҧсынып отырған 
ҧлттық валюталардан жоғары тҧратын бірыңғай валютаны ертерек қабылдамаса, қаржылық 
қиындықтар кҥн санап қыртыстанып, жаһандық экономика жазылмас дертке шалдығудың аз-
ақ  алдында  тҧр  [17].  Оның  ҥстіне,  ҽлемдік  қоғамдастықтың  жаңа  ғасырдың  жаңа 
онжылдығына қадам басқандығын,  қазіргі процестердің дҥние дамуының жаңа қарсаңында 
тҧрғандығын  ескерсек,  қазақ  мемлекеті  басшысының  бастамасы  шҧғыл  шешілуі  тиіс, 
ғаламдық мҽселе [18].  
     Елбасының жаңа демократияялық заңды  ҽлемдік валюта қҧру идеясын қолдаушылардың 
бірі  –  Иран.  «Біз  Қазақстан  президентінің  ҽлемдік  валюта  қҧру  туралы  идеясын  ҿте  жақсы 
жҽне  дҧрыс  ҧсыныс  деп  есептейміз.  Себебі  ҽлемді  ортақ,  нақты  жҽне  тең  басқару  ҥшін 

 
286 
біртҧтас  ҽлемдік  валюта  керек.  Сондай-ақ  біртҧтас  халықаралық  валюта  қҧруға  алғышарт 
болатын  біртҧтас  ҿңірлік  валюта  қҧруға  қатысты  ҧсынысты  да  қолдаймыз.  Бҧл  ретте  ең 
алдымен  ҽділетті  ҽлемдік  қаржы  жҥйесін,  жаңа  халықаралық  жҽне  экономикалық  негізді 
қалыптастыру қажет. Сонда ғана ортақ ҽлемдік валюта ҽділетті жҥйеде дҧрыс ҽрекет ететін 
болады», — деп ҿз пікірін білдірді Иран президенті Махмҧд Ахмадинежад [19]. 
Қазақстан  басшысы  ҽлемдік  валютаға  қалай  жетудің  жолдарын  да  кҿрсетті.  Ол  ҥшін  ескі, 
ақаулы  ҽлемдік  валютадан  біртіндеп  арылатын  аймақтық  есеп  айырысу  валютасын  енгізу 
керек  дейді  [20].  Мҽселен,  ол  ҧлттық  валютадан  бас  тартпай  ҽрі  аймақтық  валюта  енгізген 
ЕуроОдақ  елдеріндегі  еуроны  мысалға  алды. Бҥгінде  аймақтық  валюта  Парсы  шығанағы, 
Латын  Америкасы  елдерінде  жҧмыс  істейді  деген  президент  дҽл  осындай  ақшаны 
Еуразиялық  экономикалық  қауымдастық  аясында  да  қҧруды  ҧсынды  [21].  Есеп  айырысу 
ақшасын  президент  бҧл  жолы  «евраз,  евразия  немесе  алтын»  деп  атауды  ҧсынды.  Осы 
ҧсыныстарының  барлығын  жетекші  жиырма  елдің  бас  қосуында  алға  тарту  ҥшін  жҧмыс 
тобын қҧратындығын да жария етті[22].  
Қорытындылай  келе,  жаһандану  заманында  дҥниежҥзілік  валюта-қаржы  жҥйесінің  дамуы 
ҥшін барша ҽлем жаңа бҥкілҽлемдік валюта қабылдау керек. Бҧл валюта доллар сияқты тек 
бір  елдің  (яғни,  АҚШ)  мҥддесі  ҥшін  қызмет  етпейді,  ол  барша  ҽлем  елдерінің  мҥддесін 
қорғайды.  Бҧл  валюта  Елбасы  атап  кеткендей,  демократиялы,  заңды,  халықаралық  саудада 
тауар  қҧнын  нақты  белгілейтін,  Ҽлемдік  заң  жҥзімен  қорғалатын,  баршаға  тең  валюта 
болмақ.  Бҧл  барлық  дҥниежҥзілік  ҧйымдар  мен  бҥкіл  мемлекеттердің  қолдауымен  жҥзеге 
асуы  тиіс.  Ҽр  ел  ҿз  пайдасына  тартып,  жаңа  ҽлемдік  валюта  ретінде  ҿздерінің  ҧлттық 
валюталарын  ҧсынуда.  Бҧл  «доллар»  сияқты  тағы  да  тек  бір  ел  игілігіне  қызмет  ететін 
ҽділетсіз валюта болады. Сондықтан ҽлем оның атауы (алтын, акметал, еураз) қандай болса 
да,  ҽйтеуір  жаңа  бҥкілҽлемдік  валюта  қабылдауы  керек  жҽне  бҧл  мҽселені  шешуге  барша 
ҽлем атсалысуы тиіс. Ҽрине, ҽлемдік резервтік валюта «долларды» ығыстырып, жаңа валюта 
қабылдай  салу  оңай  шаруа  емес.  Бҧл  ҧзақ  уақыт  пен  эксперименттерді  қажет  етеді.  Міне, 
сондықтан  ҽлемдік  валюта-қаржы  жҥйесіне  ҿзгеріс  енгізу  мҽселесін  қазірден  бҥкіл  ҽлем 
бірігіп қолға алған жҿн.  
 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 
 
1.Н.Назарбаев, «Дағдарыстан шығу кілті» мақаласы, «Российская газета», 2009 жылғы 2 
ақпан 
2.Азаттық радиосының ресми сайты 
http://www.azattyq.org
 
3.Н.Назарбаев, «Бесінші жол» атты мақала, «Известия», 2009 жыл 22 қыркҥйек 
4.
«Forbes» журналы
ның ресми сайтынан алынған мҽлімет 
http://www.forbes.com
 
5.Асхат Еркімбай, «Ҽлемдік валюта идеясы ―марғау елдерді‖ ҧйқысынан оята алмады» атты мақала, 
«Жас Алаш» газеті, 18 наурыз, 2009  
6.
http://www.bnews.kz
 
7.
http://www.inform.kz/
 
8.Ескендір Елемес, «Медведев рубльдің ҽлемдік резервтік валюта болатынына ҥмітті», «Жас 
Алаш» газеті, №35 (15597) 6 мамыр, 2011   
9.
http://news.nur.kz
Ақпарат кҿзі:  
ИА "Казинформ"
 
10.Бек Датҧлы, «Жаңа валюта жақсылық нышаны ма?» мақаласы,  
http://abai.kz
 
11.
http://kk.wikipedia.org
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мҽлімет 
12.
http://portal.agun.kz
 «Қазіргі заманғы ҽлемдік валюта нарығының тҥсінігі»  
13.Н.Назарбаев, «Ҽлемдік дағдарыс туралы жеті қарапайым сҧрақ жҽне шексіз кҥрделі 
жауаптар», «Егемен Қазақстан» газеті, 17 ақпан 2009 жыл 
14.
http://www.aikyn.kz
 
15.
http://neweurasia.net
 
16.Айхан Шҽріп, «Назарбаев ҽлемдік ортақ валюта қҧру идеясын қайта кҿтерді», «Айқын» 
газеті, 04.05.2011. 

 
287 
17.
http://personal.akorda.kz/
 Елбасы Н.Назарбаевтың жеке ресми сайты 
18.Баян 
Жанҧзақова, 
«Ҽлемдік 
валюта 
не 
ҥшін 
керек?» 
мақаласы, 
http://www.masa.kz
19.
http://kazakh.clan.su
 
20.
http://magistr.kz/
 
21.
http://www.minplan.gov.kz
Қазақстан Республикасы экономика жҽне бюджеттік жоспарлау 
министрлігінің ресми-интернет ресурсы 
22.
www.goverment.kz
 
 
 
УДК 540.32 
ЕВРО – ЖАҢА ҼЛЕМДІК ВАЛЮТА 
 
Токтыбай М.З., 
masli._86@mail.ru
 
«Қаржы академиясы» АҚ, Астана, Қазақстан 
 
Соңғы  жылдары  ҽлемдік  қаржы  қҧрылымында  кҿптеген  ҿзгерістер  болды,  сонымен 
бірге  жаңа  «валюталық  жағрафия»  қалыптасты.  Аталған  ҥрдістің  ҿзектілігі  болып 
халықаралық  қаржы  нарығындағы  бірыңғай  еуропалық  валютаның  пайда  болуы  мен 
тҧрақтануы табылады. Ең алғаш рет ҽлемдік валюта дҽрежесіне сай келетін АҚШ долларына 
бҽсекелес  евро  пайда  болды.  Евро  енгізілгенге  дейін  еуропалық  валюталардың  бірі  неміс 
маркасы ҽлемдік валюта  нарығында маңызды рҿл атқарғанмен, ҿзінің беделін тек Еуропада 
ғана асыра алды.  
XIX-  XX  ғасырдың  басында  ҽртҥрлі  мемлекеттер  арасында  валюталық  одақ  қҧру 
мҽселелері  қарастырылған  еді.  Бҧл  уақытта  ақша  жҥйесі  мен  халықаралық  қаржылық 
қатынастар  алтын  мен  кҥміске  негізделді.  Инфляциямен  туындаған  мҽселелер  осы  бағалы 
металдардың  жаңа  ірі  кен  орындарын  ашу  кезінде  ғана  туындады.  Ақша  саясаты  мен 
орталық банктер қҧрылу кезеңдерінде еді. Дегенмен де ҿтіп кеткен тҽжірибелер бҥгінгі кҥні 
қазірдің ҿзінде қызығушылық танытады [1].    
 
Еуропадағы  ең  алғашқы  валюталық  одақ  болып  Австрия-германдық  валюта  одағы 
қҧрылған  еді  (1857-  1866  жж.).    1857  ж.  Австрия  Германия  кеден  одағының  мҥшелерімен 
келісім -шарт жасасып, оның негізінде ҥш тҥрлі валюта шартты тҧрақты айналым курсымен 
жҽне  жалпы  есеп  бірлігі  болып  ҿзара  байланыста  еді.  Дегенмен  де  ҧлттық  валюталардың 
орнына  бірыңғай  ақшаны  шығару  болжанбағанды.  Араларында  реттеуге  келмейтін  қарама-
қайшылықтар  мен  ҿздерінің  алған  қойған  мҽндеттерін  орындамаған  жағдайда  даулы 
мҽселелер туындағанда оны шешу ҥшін ҧлттық орган немесе келісімге келу жолы болмады.  
1866 ж.  Австрия мен Пруссия арасындағы саяси даулар соғысқа айналып, одақ ҿз жҧмысын 
тоқтатуға мҽжбҥр болды [2].      
Францияда  1865 ж. Латын валюта одағы қҧрылды (1865- 1878 жж.), оның қҧрамына 
Франция,  Бельгия,  Италия  жҽне  Швейцария  енді.  Франция  бҧл  одақта  негізгі  рҿл  атқарды. 
Қалған  ҥш  мемлекет  алтын  мен  кҥміс  арасындағы  анықталған  арақатынаспен  француздық 
бейметал стандартын қабылдаған еді. Келісім- шарттың мақсаты заңды тҿлем қҧралы ретінде 
ҧлттық  қазынашылықпен  қабылданатын  тиындардың  бір  тҥріне  жету  еді.  Эмиссия  ҽрбір 
елдің халықтарының салыстырмалы ҿлшеміне негізделген формулаға сҽйкес шектелді.   
Одақтың  банкноттарды  пайдаланудың  кеңейтілуі  ескерілмегендіктен,  сонымен  қатар 
кҥмістің  алтынға  қарағанда  қҧнының  тҿмендеуі  келісім  шартта  қарастырылмаған  еді.  1878 
жылы одақ кҥміс тиындарды ҽзірлеуін тоқтатуға келісіп, ҿз жҧмысын тоқтатты. Ҿйткені бҧл 
кезеңде ол бірінші дҥниежҥзілік соғысының зардабын шегіп отырған еді [3].    
 Скандинавия    валюта  одағы    (1875-  1917  жж.)  бірыңғай  тиындарды  шығару  туралы 
Дания,  Норвегия  мен  Швеция  арасындағы  келісім-шарт  негізінде  қҧрылды.  Конвенцияда 
банкнот айналымына қатысты нҧсқаулықтар болмады, дегенмен де кейінгілері осы елдерде 
кеңінен  қолданыс  тапты.  Оған  қарамастан  олардың  орталық  банктері  бір-бірінің 
банкноттарын  қабылдай  бастап,  ҽрбір  банкпен  қабылданатын  ағымдағы  балансты 

 
288 
несиелендіру  ҥшін  бір-біріне  жеткізе  бастады.  Алтынды  ҥнемдеу  операцияларымен  жҽне 
тиімді  халықаралық  клиринг  тетігін  қҧра  отыра,  одақ  бірінші  дҥниежҥзілік  соғысқа  дейін 
ҿмір сҥрді.   
Бірінші дҥниежҥзілік соғыс скандинавиялық елдердің экономикалық жҽне қаржылық 
жҥйесін  нашарлатты.  Осы  елдердегі  баға  қҧрылымының  сҽйкессіздігі  олардың 
валюталарының салыстырмалы айналым бағасының бҧзылуына алып келді 1917 ж. бҧл елдер 
тек алтынды қолданғандықтан, одақтың қҧлауына алып келді.  
 Бельгиялық-  люксембург  экономикалық  одағы    1921  ж.  ҿз  жҧмысын  бастап,  
Люксембург  франкі  бельгиялық  франкке  бірде  -бір  негізде  қҧрылды.  Екінші  дҥниежҥзілік 
соғыс кезінде  қоршауға алынған Люксембург неміс валюта зонасының қарамағында қалып, 
бірақ  та  қайта  қарастырылған  1944  ж.  келісім-шарт  бельгиялық  жҽне  люксембургтық 
франктың  бірдей  бағасын  растады.  1981  ж.  нақты  айқындалған  келісім  -шарт  аталған 
валюталық  ассоциациясы  негізінде  қҧрылымын  анықтады.  Бельгиялық    банкноттар  мен 
тиындар  Люксембургтегі  банкноттар  заңды  тҿлем  қҧралы  болып  табылады,  ал 
люксембургтік  банкноттар  мен  тиындар  Бельгияда  тҿлем  қҧралы  болмады,  бірақ  ешбір 
жоғалтусыз  бельгиялық  банкнотқа  ауыстырылуы  мҥмкін.  Барлық  валютаға  қойылатын 
сыртқы  бағасы  барлығында  бірдей.  Курстық  саясат  ҥш  елдің  валютасында  ҿзара  келісім-
шарт  арқылы  жҥзеге  асырылды.  Бҧл  елдер  арасындағы  экономикалық  кҿрсеткіштердің 
ҽртҥрлі болуына қарамастан, валюталық одақ 70 жыл бойы ҽрекет етуде.  
1979 жылдың 13 наурызынан Еуропалық  Валюта Жҥйесі  8 елде енгізілді:  Германия, 
Франция, Бенилюкс, Италия, Ирландия, Дания.  
ЕВЖ  тетігінде  ҥш  элемент  болды:  еуропалық  валюта  бірлігі-  ЭКЮ;  валюталық 
курстың  бірлескен  режімі-  ―супержылан‖  (қазақ  тіліне  аударғанда)  Еуропалық  валюта 
бірлестігінің қоры.  
ЭКЮ – қҧрамдаушы валюта, оны Бірлестікке кіретін елдердің ҧлттық валюталарының 
себеті  қҧрады,  оның  ішінде  елдегі  ҽрбір  қатысушының  ҥлесі  ҿзара  сауда  мен  жалпы 
жиынтықты ҿнімнің мҿлшеріне байланысты болды. Жеңілдіктер келесі тҥрде бҿліп таралды:  
· 32,7 % Неміс маркасы;  
· 20,8 % Француздық франк;  
· 11,2 % Ағылшын фунты;  
· 10,2 % Голландтық гульден; 
· 7,2 % Итальяндық лира; 
· 8,7 % Бельгия жҽне люксембург франкі; 
· 4,2 % Испан песетасы; 
· 2,7 % Дат кронасы; 
· 1,1 % Ирландтық фунт; 
· 0,7 % Португалиялық эскудо; 
· 0,5 % Грек драхмасы. 
ЕО  елдеріндегі  айналым  курсының  тетігіндегі  валютаның  2,25  пайыздан  бірінен 
екіншісіне салыстырмалы тҥрде 15 пайыздан артық емес диапазонда ҿзгеруін шектеді.  
ЕВЖ қҧру туралы шешім ЭКЮ келесідей болатынын қарастырған еді:  
1. валюталық курсты анықтайтын тетік аясындағы есептеулер ҥшін негіз;  
2. ЕЭЖ елдері-мҥшелері бойынша орташа кҿрсеткіштен осы жҥйеге енетін кез-келген ақша 
бірліктерінің курсының ауытқуларынан анықтау ҥшін негіз; 
3.кредиттерді  ҧсыну  мен  келісім-шарттарға  отыру,  валюталық  интервенцияларды  жҥзеге 
асыру қҧралы;  
4.  ЕЭО  валюталық  органдары  арасында  жҽне  орталық  банктер  мҥше-елдерінің  арасындағы 
есептесу қҧралы;  
5. шынайы резервтік актив.  
Батыс  еуропалық  интеграцияның  дамуының  жаңа  кезеңі-  1989  жылдың  сҽуірінде 
Ж.Делор комитетімен ҽзірленген валюталық жҽне экономикалық одақтың қҧру бағдарламасы 
болып  табылады.  «Делора»  жоспары  жалпы  нарықтың  қҧрылуын,  ЕО  бҽсекелестікті 

 
289 
ынталандыру,  мемлекеттік  бюджеттің  тапшылығын  шектеу,  экономикалық  ҿсу  мен  бағаны 
тҧрақтандыру,  инфляцияны  ҧстап  тҧру  мақсатында  экономикалық,  бюджеттік,  салықтық 
саясатты  оңтайландыруды  қарастырды.  «Делора»  жоспары  негізінде  1991  жылдың 
желтоқсанында  Еуропалық  одақ  туралы  экономикалық-валюталық  одақтың  кезең  кезеңмен 
қалыптасуын қарастыратын Маастрихт келісім-шарты жасалды [4].    
Бірінші кезең 1990 жылдың шілдесінде ЕО капитал қозғалуы бойынша валюталардың 
шектеулігін  толығымен  жою  арқылы  басталды.  Яғни  экономикалық  даму  деңгейіне 
жақындау  мен  инфляция  қарқынының  тҿмендеуі  мен  бюджет  тапшылығының  қысқаруына 
кҿп кҿңіл бҿлінді.  
Екінші  кезең  1994  жылдың  қаңтарында  Франкфурт-на-Майнеде  Еуропалық  валюта 
институтында  мҥше-елдердің  орталық  банкті  басқарушылардың  қҧрамымен  қҧрумен 
басталды  (Орталық  Бірлестік  Банкі).  Келешек  валютаның  басымдықтары  анық  кҿріне 
бастағандай  белгілері  кҿрінген  1995  жыл  айқындаушы  болып  табылды.  Мадридтегі 
Еуропалық  Одақтың  желтоқсан  айындағы  отырысында  1999  жылдың  1  қаңтарынан  бастап 
бірыңғай валютаны енгізу мен оның атауы қарастырылды. Ҥкімет басшылары бҧл бірыңғай 
валютаны «евро» деп атады. ЕО мҥше барлық 15 ел кҿзқарасы бойынша ол аймақтың тарихи 
жҽне  мҽдени  бірыңғайлығын  кҿрсетеді  жҽне  де  ешқандай  ҧлттық  ерекшеліктергі  бҿлуді 
кҿрсетпейді.  Экю  атауының  сақталуына  қарсы  кҿзқарасты  Германия  ҧстанды,  олардың 
кҿзқарасы  бойынша  қоғамдық  ойлармен  еуропалық  валюта  интеграциясының  бҧрыңғы 
сҽтсіздіктері,  валюта  тоқыраулары  мен  дағдарыс  естерінде  қалады  деп  тоқталып  ҿтті. 
Сонымен  бірге  бҧл  қысқартылған  атау  француздық  кҿне  алтын  мен  кҥмістен  орындалатын 
тиындардың  атауына  сҽйкес  келді.  Евромарка  атауы  Францияға  ҧнамады,  ҿйткені  бҧл 
атаумен олар «бір германдық ҥлгіні» кҿрген еді. 
Айналымға 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500 евро жеті банкноты, сонымен қатар 1/100, 2/100, 
5/100,  1/10,  2/10,  5/10,  1  жҽне  2  евро  сегіз  тиыны  тҥсті.  Ҧзақ  уақыт  бойы  ЕО  келешек 
еуропалық  ақшаның  бейнесі  бойынша  ҽңгімелер  болды.  Банкноттар  бетінде  Еуропаның 
«аталар» бейнесін қою жҽне онда ҧлттық белгілерге арналған орындарды айқындап кҿрсету 
ҧсынылды.  Бірақ  та,  сол  жҽне  ҿзгесі  ірі  елдердің  кҿшбасшылығын,  сонымен  қатар  шағын 
халықтың  ҧлттық  сезімі  мен  кҿптеген  еуропалық  соғыстарды  еске  тҥсіру  арқылы  олардың 
кҿңіліне ақау тҥсірумен бірдей болды.  
1996  ж.  соңында  Еуропалық  валюта  институты  Батыс  Еуропаның  сҽулет  ҥлгісіне 
негізделген  евро  банкнотының  кҿркемделу  нҧсқасын  қабылдады.  Банкнотта  сҽулет 
ескерткіштері  немесе  ғимараттары  емес,  керісінше  олардың  кҿне  дҽуірден  жаңа  заман 
ҥлгілеріне  сҽйкес  ҽртҥрлі  кезеңдегі    еуропалық  сҽулет  ҥлгілері  алынды.  Бҧдан  басқа, 
парақтағы  белгілер  латын  жҽне  грек  ҽріптерімен  «евро»  жазуын,  ЕО  туын,  эмитент 
деректемесін  жҽне  ЕОБ  президентінің  қолынан  тҧрды.  олар  сҽйкесінше  жалған  жасаудан 
қорғаныш жҥйесімен қамтамасыз етілген. Валютаны ЕО елдеріндегі келесі талаптарға жауап 
бере алатын елдеріне енгізу жҿнінде шешім қабылданды:  
1.  Инфляцияның  тҿменгі  деңгейімен    ЕЭО  мҥше-елдер  орта  кҿрсеткіші  1,5  %  аспайтын 
инфляция кҿрсеткіші болуы.  
2. Мемлекеттік қарыз ЖІҾ  60 %  артық болмауы керек.  
3. Мемлекеттік тапшылық ЖІҾ 3 % аспауы керек.  
4. Кем дегенде екі жыл ішінде айналым курстары тетігімен қарастырылған валюта курсының 
ауытқу шегі қадағалануы керек.  
5.    Ҧзақмерзімді  пайыз  ҥстемесі  инфляцияның  тҿменгі  деңгейімен  ҥш  ел  ҥшін  орташа 
кҿрсеткіштен 2 % аспауы жҿн.  
Бҧл  шарттар  шынымен  де  қатаң,  бірақ  оларды  орындамай  бірыңғай  валютаға  ауысу 
мҥмкін  емес,  не  ҧлттық  байлықтың  дамыған  елдерден  одан  тҿмен  деңгейлі  елге  ауысып 
қҧнсыздану болса, келешекте –валютаның, сонымен қатар одақтың экономикалық жҥйесінің 
тҧтастай жойылуына алып келетіні кҿрінді.  
Жаңа  валютаға  ауысу  ҥш  фазадан  ҿтуді  қарастырды.  Біріншісі  1998  жылдың  2 
мамырындағы  Еуропа  Кеңесінің  жоғарыда  кҿрсетілген  шарттарды  қанағаттандыратын 

 
290 
валюта одағы мҥшелерінің бірінші қҧрамы жҿнінде шешім қабылдаумен басталды. Ол 1997 
жылдағы  барлық  ескерілген  экономикалық  кҿрсеткіштер  негізінде  бҧл  шешім  қабылданған 
еді.  11  елде:  Германия,  Франция,  Италия,  Бельгия,  Нидерландия,  Люксембург,  Ирландия, 
Португалия, Испания, Австрия мен  Финляндияда бірыңғай валютаны енгізу қарастырылды. 
Грекия  бекітілген  шешімдерді  қанағаттандыра  алмады.  Дания  бҧл  валюталық  одаққа 
қатыспауды  жҿн  кҿрген  еді.    Ҧлыбритания  саяси  жҽне  экономикалық  шешімдері  бойынша 
қатысудан  бас  тартқан  еді.  Соңғысы  қазіргі  уақытта  бҧл  ел  шыңдану  фазасында,  мҧнымен 
бірге  пайыз  ҥстемесі  ЕО  ең  жоғарғысы  болып  табылады  (тек  қана  Грекияда  жоғары).  Ол 
оның тҿмендеуіне мҥмкіндік бермейді.  
Валюталық  одақ  қҧрамы  мҥшелері  анықталған  соң  Брюссельде  болған  кездесуде 
Еуропалық  орталық  банкті  қҧру  (ЕОБ)  жҽне  11  мҥше-елдер  арасындағы  екіжақты  айналым 
курсының болуы жҿніне шешім қабылданды.   
Екінші  фазасы 1999 жылдың 1 қаңтарында басталды. Барлық  мҥше елдермен евроға 
қатысты  1  экюге  тең  келетін  айналым  курсы  бекітілді.    Ҿтпелі  кезең  уақытында  (1999 
жылдың  басы  мен  2002  жылдың  басында)  евро  ҧлттық  валюталармен  қатар  банк 
операцияларында  қолданыс  таба  бастады.  Банктердің    1999  жылдан  бастап  ҿзінің 
клиенттеріне  евромен  келісім-шарт  жҽне  қызмет  кҿрсетуге  мҥмкіндіктері  болды.  Евро 
бойынша  операцияларды  жҥргізу  2002  жылдың  басында  ғана  басталды.  Экономикалық 
кҿзқарас бойынша валюталық одақ 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет ете бастады. 
Дегенмен де евробанкноттар мен тиындар айналымға тек 3 жылдан кейін ғана қосылды. Бҧл 
кезеңде евро еркін тҥрде ақшалайсыз есептесулерде пайдалана бастады. 1997 жылы кҿптеген 
еуропалық  компаниялар  1999  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  ҿз  еркімен  ақшалай  емес 
есептесулерді евроға ауыстыратынын хабарлады.  
 
Ҥшінші  фазада  2002  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  евробанкноттарды  айналымға 
енгізумен  2002  жылдың  бірінші  жарты  жылдығында  ҧлттық  банкноттар  мен  тиындармен 
қатар  заңды  тҿлем  қҧралы  болып  табылып,  2002  жылдың  1  шілдесінде  айналымнан  заңды 
тҿлем  қҧралы  статусын  жоғалтады.  1  шілдеден  бастап  барлық  операцияларда  айналымға 
евро ғана қалуы керек деген шешім қабылдады.  
Бірыңғай  тҿлем  қҧралын  енгізу  кез-келген  жердегі  тауарға  жҽне  Еуропаның  кез-
келген  нҥктесіндегі  компьютерлік  желілері  арқылы  қолжетімділікті  жҽне  тҿлем  жҥргізу 
жылдамдығын  арттыратын  электронды  тҿлеумен  тауар  мен  қызмет  кҿрсету  арасындағы 
бҽсекелестікті  жояды.  Сонымен  қатар  несие,  ипотека  бойынша  пайыз  ҥстемелерінің 
тҿмендеуін  кҥтуге  болады.  Бҧл  Еуропа  кеңістігіндегі  валютаның  халықаралық  қаржы 
нарығына  шығуы  оның  беделінің  резервті  екенін  кҿрсетеді.  Бҧл  валюта  долларға  сҽйкес 
келетін жҽне оның бірден- бір қарсыласы болатын валюта. Мҧнымен бірге кез-келген азамат 
ҥшін  табыс  басқа  елге  келгенде,  сол  ауқымдағы  жҽне  сол  валютамен  қызмет  жасайды. 
Сонымен  қатар  сарапшылардың  пікірі  бойынша  евро  азаматтар  мен  кҽсіпорындардың  жыл 
сайын  8  млрд.  долларды  ҥнемдеп  қалуға  мҥмкіндік  береді.  ЕО  аумағында  ешбір  кедергісіз 
жылжи  алады,  ҿйткені  қатысушы  мҥше-елдер  барлық  кҿрсеткіштер  бойынша  бірдей  жҽне 
кез-келген тосқауылды қою мҽнсіз. 
 
Еуропалық  одақтың  ақырғы  мақсаты  американдық  долларға  бҽсекелес  бола  алатын 
жаңа  халықаралық  валютаны  қҧру.  Осы  себеп  бойынша  да  ЭВЖ  Еуропалық  одақ  аясында 
шектелмеуі  тиіс:  халықаралық  қаржылық  жҽне  валюталық  нарықтардағы      біріккен 
Еуропаның  кҥшеюімен  евро  Орталық  жҽне  Шығыс  Еуропа  елдерінің  валюталары  тҧрақты 
тҥрде    ауысуда.  Еуропалық  валюта  одағы  барлық  қиындықтар  мен  ҿсудің  қарама-
қайшылығына  қарамастан  барлық  континенттің  бҿліктері  ҥшін  тартылу  орталығы  болып 
табылады.  Бҧл  тенденциялар  барлық  елдер  ҥшін  тиімді  экономикалық  интеграциялауға 
тырысатын елдерді қызықтырады. 
Бірыңғай  валютаны  (евро)  енгізуге  негізделген  Еуропалық  экономикалық  жҽне 
қаржылық  одақты  қҧру  біздің  уақытымыздағы  ең  ауқымды  жобалардың  бірі  болып 
табылады.  Бірыңғай  валютаның  енгізілуі  Еуропада  біздің  елімізбен  бірге  Еуропалық  одақ 
мемлекеттері  арасындағы  экономикалық  жҽне  саяси  қарым-қатынастарында  айқын  кҿрініс 

 
291 
табады.  Ҽлемдік  валюта  арасындағы  таңдаудың  пайда  болуымен  ҿзіндік  стратегияны 
дайындау қажеттілігі, ҿзіндік экономикалық жҽне валюталық саясатты бағалау мен ҽлемдік 
басымдықтарды талдау қажеттілігі туындайды [5].    
Қорытындылай  келгенде,  евроның  болуы  –ҽлемдік  саясат  пен  экономиканың 
дамуындағы  маңызды  сҽт  болып  табылады.  Жаңа  европалық  валютамен  11  мҥше- 
мемлекеттің  экономикалық  жҽне  валюта  одағы    негізінде  халықаралық  экономикалық 
интегрирлеудің басты нысанын алады. Соңғы жарты ғасырдың ішінде ҽлемдік валюта жҽне 
қаржы нарығында АҚШ долларына тҿтеп бере алатын валюта пайда болды. Евроның пайда 
болуы  Қазақстанның  стратегиялық  кҿзқарастарын  жҽне  оның  ҽлемдік  экономикаға  енудегі 
жағдайларын  барынша  ҿзгертеді.  Барлық  валюта  саясаты  мен  айналымдарында  Қазақстан 
алдындағы  сыртқы  экономикалық  қарым  қатынас  міндеттерін  шешу  ҥшін  айқара 
мҥмкіндіктер ашылуда. 
Қазірде  ҽлемдегі  экономикалық  жҽне  шаруашылық  қатынастар  кҥннен-кҥнге 
дамуымен  халықаралық  валюта  қатынастарының  ҿркендеуi  ҿндiргiш  кҥштердiң  қарқынды 
ҿсуiмен,  халықаралық  еңбек  бҿлiнiсiнiң  тереңдеуiмен,  шаруашылық  байланыстардың 
жаһанданумен  сипатталады.  Валюталық  жҥйе  -  ҧлттық  заңдылықтарымен  немесе  мемлекет 
аралық  келiсiм  шарттарымен  бекiтiлетiн  валюталық  қатынастарды  ҧйымдастыру  формасын 
бiлдiредi.  Сондықтан  да    Қазақстан  Рсепубликасының  ҽлемдiк  экономикалық  қатынастарда 
ҧтылмауы  жҽне  ҽлемдік  нарықта  алдынғы  қатарлы  30  елдің  қатарына  қосылуы  ҥшiн  iшкi 
экономикалық  ҿсумен  қатар,  халықаралық  экономикалық  қатынастарды  дамыту,  соның 
iшiнде  ҿзектi  саласы  халықаралық  валюталық  қатынастардың  дамуы  жҽне  валюталық 
бағамды  ҧлттық  деңгейде  тҧрақтандырудың  елiмiз  ҥшiн  маңызы  зор  екенін  кҿруге  болады 
[6].    Ҿйткенi  бiздiң  экономикамызда  теңгемiз  еркiн  айналысқа  шыққандықтан,  ҽлемдегi 
валюта  ҿзгерiстерi  бiзге  зор  ықпалын  тигізеді.  Сондай-ақ,  бҥгінгі  таңда  барлық 
экономиканың,  қаржы  жҥйесінің  жҽне  банктердің  қызмет  ету  барысы  тікелей  валюталық 
бағамның ҿзгерісіне немесе оның жағдайына тікелей байланысты болады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет