Сборник материалов VIІІ международной научной конференции студентов и молодых ученых «Наука и образование 2013»



Pdf көрінісі
бет42/44
Дата22.12.2016
өлшемі3,14 Mb.
#63
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44

 
 
Список использованных источников 
 
1.
 
Демченко  С.К., Саломатова  Т.Г. Рыночные  и  государственные  регуляторы  в 
формировании  инновационной  стратегии  развития  малого  и  среднего  бизнеса  // 
Креативная экономика. — 2010. — № 9 (45). — c. 46-52
 
2.
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті 

  Елбасы  Н.Ҽ.Назарбаевтың  «Қазақстан-
2050»  стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан 
халқына Жолдауы 
3.
 
Предпринимательство:  Учебник  для  вузов/  под  ред.  проф.  В.Я.  Горфиннеля,  проф. 
Г.Б. Полянка, проф. В.А. Швандра. —  М.:ЮНИТИ, 2000. — с. 475 
 
4.
 
www.abai.kz
 
5.
 
www.stat.kz
 
 
 
ҼОЖ [33:502] (100+574) 
 
«ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАНЫ» ЕНГІЗУ: ҼЛЕМДІК ТҼЖІРИБЕ ЖҼНЕ ҚАЗАҚСТАН 
 
Арғынғазинов А. А., 
A_Argyngazinov@mail.ru
 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті, Астана 
Ғылыми жетекшісі –  Н. Досмағанбетов 
 
«Жасыл экономика» ҧғымы ғылыми айналымға соңғы 20 жылда еніп, берік орнықты. 
Ағылшын  тілінде  жасыл  экономиканың  «Green  economics», «Ecologicaleconomics»  атты  екі 
баламалы  атауы  бар,  сондықтан  да  кей  жағдайда  жасыл  экономика  «экология  (табиғатты 
қорғау)  экономикасы»  деп  те  аталады.  Жасыл  экономика  тҧжырымдамасы  бойынша, 
экономика – қоршаған ортаның тҽуелді бҿлігі, экономика қоршаған ортаның белгілі шегінен 
орын  алып,  ҿмір  сҥреді.  «Жасыл  экономика»  деп  адамдардың  ҿмір  сапасын  арттырып, 
ҽлеуметтік  ҽділеттілікті  қамтамасыз  ететін,  қоршаған  ортаға  тҿнетін  қатерді  азайтып,  оның 
жҧтаңдануын  болдырмайтын  экономиканы  айтамыз  (ЮНЕП  анықтамасы)  [1].  ЮНЕП-тің 
(БҦҦ-ның  Қоршаған  орта  бағдарламасы)  келесі  анықтамасына  жҥгінер  болсақ,  «жасыл 
экономика»  –  табыстың  ҿсуі  мен  еңбекпен  қамту  кҿмірсулар  мен  ластаушы  заттарды 
тастауды  азайтатын,  энергия  мен  ресурстарды  пайдану  тиімділігін  арттыратын, 
биоалуантҥрліліктер пен экожҥйелік қызметтің жоғалуының алдын алатын мемлекеттік жҽне 
жеке  инвестициялар  арқылы  қамтамасыз  етілетін  экономика  [1].  «Жасыл  экономика» 
тҧжырымдамасы  –  тҧрақты  даму  мҽселелерін  қарастыратын  феминистік  экономика, 
постмодернизм,  қоршаған  ортаны  қорғау  экономикасы,  антиглобалистика,  халықаралық 
қатынастар  теориясы  тҽрізді  экономикалық  жҽне  философиялық  ғылымдардың  синтезінен 
пайда болған кҥрделі тҧжырымдама.  «Жасыл экономика» тҧжырымдамасы – экономикалық 
жҽне жаратылыстану ғылымдарының тоғысуынан туындаған, басқа экономикалық пҽндерге 
қарағанда  зерттеу  ауқымы  кең,  зерттеу  ҽдістері  мен  тҽсілдері  кҿп,  жас  ғылыми 
тҧжырымдама.  Сондықтан  да  зерттеу  ҽдістерінің  алуан  тҥрлілігінің  нҽтижесінде  ҽр  тҥрлі 
мультидисциплинарлық  ҽдістерді  пайдалана  отырып,  қоғамдық  жҽне  жаратылыстану 
ғылымдарының аясындағы экономика дамуының саяси жҽне ҽлеуметтік аспектілері негізінде 

 
325 
қазіргі  жағдайды  зерттей  аламыз.  Экономикалық  даму  мен  ҿсу  модельдері    бір  жағынан 
жаратылыстану ҥрдістерін, екінші жағынан саяси экономия саласын қамти отыра қҧрылады.  
«Жасыл экономика» тҧжырымдамасы 3 негізгі қағидаға сҥйенеді: 
 
шектеулі кеңістікте ҽсер ету аясын шексіз кеңейту мҥмкін емес; 
 
шектеулі 
ресурстар 
жағдайында 
шексіз 
ҿскен 
қажеттіліктерді 
қанағаттандыруды талап ету мҥмкін болмайды; 
 
Жер бетіндегі барлық нҽрсе бір-бірімен тығыз байланысты [2]. 
Ағылшын  ғалымы  М.  Кеннет  «жасыл  экономиканың»  пайда  болуына  алып  келген 
тҿмендегі идеяларды ерекше атап кҿрсетеді: 

 
себеп, тҥсінік, жадтың айқындалу идеясы (У. С. Джевонс, Л. Вальрас); 

 
сын теориясы (Ю. Хабермас жҽне т.б.); 

 
қҧрылым мен мекеме жайлы идея (Т. Б. Веблен жҽне т.б.); 

 
кейбір постмодернистік тҥсініктер (Соджа, Ж. Деррида); 

 
феминистік теориялар (М. Куипер, Г. Нельсон); 

 
экологиялық-феминистік идеялар (Д. Салле жҽне т.б.) [3]. 
Ресейлік зерттеуші А. Игнатьева «жасыл экономиканың» қалыптасуына себеп болған 
алғышарттарды тҿрт кезеңге бҿліп қарастырады: 1-кезең (1950-1960 жж.) – экономиканың 
қоршаған  орта  мен  адамға  қауіпті  ҽсерін  тҥсіну  кезеңі;  2-кезең  (1960-1970  жж.)  – 
экономикалық  дамудың  нҽтижесінде  табиғи  ресурстарды  шектен  тыс  пайдалану,  қоршаған 
ортаны ластау экономиканың ҿзіне қатерлі екенін ҧғыну кезеңі; 3-кезең (1980-1990 жж.) – 
экономикалық ҿсімді, ҿнеркҽсіпті дамытуды мақсатты тҥрде экологиялық бейімдеу кезеңі; 4-
кезең (2000-2010 жж.) – тҧрақты даму тҧжырымдамасының орнығу кезеңі [4, с. 30-33].   
«Жасыл  экономика»  тҧжырымдамасын  қалыптастырушылар  қазіргі  таңдағы 
экономикалық  жҥйені  жетілмеген  деп  санайды.  Бірақ,  қазіргі  жҥйе  адамдардың  ҿмір 
сапасының  жақсаруына,  ҽсіресе,  адамдардың  жекелеген  топтарының  ҿмір  сҥру  деңгейін 
кҿтеруге ықпал етті. Сонымен бірге қазіргі экономикалық жҥйенің қызмет ету барысындағы 
теріс  ықпалдарын  да  кҿрсетуіміз  қажет.  Экономикалық  жҥйенің  кемшіліктері  қатарына 
экологиялық мҽселелер (климаттың ҿзгеруі, шҿлдену, биоалуантҥрліліктің жоғалуы), табиғи 
капиталдың жҧтаңдануы, кедейліктің жаппай таралуы, ауыз судың жеткіліксіздігі, азық-тҥлік 
ҿнімдерінің,  энергияның  жетіспеушілігі,  елдер  мен  адамдардың  теңсіздігі  жатады.  Мҧның 
барлығы қазіргі жҽне болашақтағы ҧрпақтарға қауіп тҿндіреді.  
«Жасыл экономика» қоғамдағы негізгі 4 мҽселені бҿліп кҿрсетеді: 

 
экологиялық; 

 
интеллектуалдық; 

 
саяси; 

 
этикалық. 
Бҧл  мҽселелер  категориясына  ҽлеуметтік  зардаптар  мен  қоршаған  ортаға  ҽсер  етуге 
алаңдаушылық,  ҽлеуметтік  жҽне  табиғи  капиталдың  жоғары  қҧндылығын  тҥсіну, 
ресурстарды  пайдалану  тиімділігі,  тҧрақты  тҧтыну  мен  ҿндіру,  «жасыл»  жҧмыс 
орындарының  кҿмегімен  макроэкономикалық  мақсаттарға  жауап  беру,  негізгі  салалардағы 
ҿсу мен бҽсеке деңгейін арттыру жатады.  
«Жасыл  экономика»  тҧжырымдамасын  дамытуда  Азия  жҽне  Тынық  мҧхиты 
аймағының  Экономикалық  жҽне  ҽлеуметтік  комиссиясы  (ЭСКАТО)  ерекше  ҥлес  қосты. 
ЭСКАТО бастамасының негізінде «жасыл ҿсу» стратегиясы қабылданып, негізгі тҿрт басым 
бағытты қамтыды: 
 
тҧтыну мен ҿндірудің ҥйлесімді моделі; 
 
кҽсіпорындар мен нарықтарды «жасылдандыру»; 
 
тҧрақты инфрақҧрылым; 
 
«жасыл» салықтық жҽне бюджеттік реформалар [5]. 
Ҽлемдік  тҽжірибеде  «жасыл  экономиканы»    ҽлемдік  қауымдастық  жаңғыру 
экономикасы ретінде қабылдап, қолданысқа  енгізуде; 2006 жылдан бері «
International Journal 
of  Green  Economics
»  журналы  жарық  кҿреді,  Жасыл  ҿсудің  Ғаламдық  институты, 

 
326 
Ҧлыбританияда Жасыл экономика институты  қҧрылған. БҦҦ Қоршаған орта бағдарламасы 
да  (ЮНЕП)  «жасыл  экономиканың»  ҽлемдік  кеңістікте  таралуы  мен  орнығуында  ҥлес 
қосуда.  «Жасыл  экономика»  мҽселелерін  дамыту  мақсатында  Бразилияда  ҿткен  «Рио+» 
дҥниежҥзілік тҧрақты ламу Конференциясы (2012) ерекше оқиға қатарына жатады. Кҿптеген 
елдер  қазіргі  таңда  ҿздерінің  ҧлттық  саясаты  мен  даму  стратегиясында  «жасыл 
экономиканың»  ҽр  алуан  қҧралдарын  қолдануда.  Латын  Америкасы  жҽне  Кариб  бассейні 
елдерінде «жасыл экономика» негізінен кедейшілік пен теңсіздік мҽселелерін шешу, базалық 
инфрақҧрылымды,  ҿсуші  халық  санын  қызметтермен  қамтамасыз  ету    контекстінде 
қарастырылады. Корея Республикасы мен Қытайда экономикалық  ынталандырудың ҧлттық 
пакеттерінің  «жасыл»  ҥлесі  ҽлемдегі  алдыңғы  қатардан  орын  алады.  Корея  Республикасы 
«жасыл  ҿсудің»  тҧжырымдамасын  ҧлттық  стратегия  ретінде  жҥзеге  асыруды  жариялаған 
алғашқы  мемлекет  болып  табылады.  «Жасыл»  ҿсудің  бес  жылдық  (2009-2013)  жоспары, 
«жасыл  ҿсу»  бойынша  президенттік  комиссия  қҧрылды.  Сонымен  бірге  тҿменгі  кҿмірсулы 
«жасыл  ҿсудің»  рамалық  актісі  қабылданды. Стратегия  минималды  энергиялық  жҽне  басқа 
да  ресурстарды  пайдалана  отырып,  экономикалық  қызмет  масштабын  сақтауға, 
пайдаланылатын  энергия  мен  ресурстардың  қоршаған  ортаға  ықпалын  нҿлдік  деңгейге 
жеткізуге, табиғат қорғау қызметі мен экономикалық ҿсімді қозғаушы кҥштерге инвестиция 
салуға бағытталған [5]. Қытайдың 12-ші бес жылдық жоспарының (2011-2015 жж.) «Жасыл 
даму»  атты  бҿлімінде  келесідей  стратегиялық  бағыттар  айқындалған:  климаттың  ҿзгеруі, 
ресурстарды  ҥнемдеу  жҽне  оларды  басқару,  экономикадағы  шеңберлі  айналым,  қоршаған 
ортаны  қорғау,  экожҥйелерді  қорғау  жҽне  қалпына  келтіру,  су  ресурстарын  қорғау,  апатты 
жағдайлардың  алдын  алу.  Бҧл  бағыттармен  байланысты  мақсатты  кҿрсеткіштерге  қол 
жеткізу кҿзделген: кҿмірсу қалдықтарын шығаруды жан басына шаққандағы ЖІҾ-нің 17 % 
дейін    азайту,  азот  жҽне  оның  оксидтерін  2015  жылға  қарай  10  %  азайту.  Энергиялық 
тиімділік  саласы  бойынша  Қытай  2020  жылы  бастапқы  энергияның  20  %  қалыпқа  келетін 
ресурстар  есебінен  алуды  жоспарлап  отыр.  Жапонияның  «жасыл»  инновациялар 
саласындағы  ҧлттық  стратегиялық  жоспары  қоршаған  ортаны  қорғау  бойынша  нарық 
кҿлемін ҧлғайтуға 50 трлн жапон иенін, жаңа жҧмыс орындарын ашуға 1, 4 млн жапон иенін 
бҿлуге  бағытталған.  Ирландияның  2007-2013  жылдарға  арналған  ҧлттық  даму  жоспарында 
инвестициялық  басымдықтарға  шамаланған  қаржылық  ассигнованиялар  қарастырылған, 
оның ішінде қоршаған орта бойынша транспорт, қалдықтарды басқару, климаттың ҿзгерісі, 
қоршаған  орта  бойынша  ғылыми  зерттеулер,  тҧрақты  энергия  мҽселелеріне  арналған. 
Данияның «жасыл ҿсу» туралы келісімі қоршаған ортаны қорғау мен замануи жҽне бҽсекеге 
қабілетті  ауыл  шаруашылығын,  азық-тҥлік  ҿнеркҽсібін,  дамытуға  бағытталған.  2015  жылға 
дейінгі  «жасыл  ҿсудің»  капиталы  13,  5  млрд  дат  кронасын  қҧрайды,  ол  мемлекетке 
экологиялық  міндеттерді  орындауға,  экономикалық  ҿсім  мен  жҧмыспен  қамтылу  деңгейін 
кҿтеруге кҿмектеседі [5].  
Ҽлемдік  тҽжірибені  ескере  отырып,  қазіргі  жағдайдағы  «қоңыр  экономика»  тҽн, 
экономика  мҧнай-газ,  кен  ҿндіру,    ауыр  ҿнеркҽсіп  секторына  тҽуелді,  мҧнай-газ  секторы 
ҧлттық ЖІҾ-нің   30 %, ел экспортының 60 % қҧрайтын, даму тетіктері энергия мен табиғи 
ресурстарды  тиімді  пайдалануға  негізделген,  тҧрақты  ҿсу  артқан  сайын  экологиялық 
стандарттарға  байланысты  мҽселелер  туындаған,  ҿндіруші  салаға  тҽуелділік  ҿзге  ҿңдеуші 
секторлардағы  инновациялық  дамуды  кемітетін,  ҽлемдегі  он  бірінші  энергия  сыйымды  ел 
Қазақстан ҥшін «жасыл экономикаға» кҿшудің маңызы зор. Бҧл жҿнінде Мемлекет басшысы  
Н.  Назарбаев  «Қазақстан-2050»  стратегиясында:  «Барлық  дамығанелдер баламалы  жҽне 
«жасыл»  энергетикалық  технологияларға  инвестицияны ҧлғайтуда»,  «Бізге ҿз  табиғи 
байлықтарымызға  деген  кҿзқарасымызды  ой  елегінен  ҿткізудің принципті  маңызы  бар.  Біз 
оларды  сатудан  қазынамызға кіріс  қҧя  отырып,  оларды  дҧрыс  басқаруды, ең  бастысы, 
еліміздің  табиғи  байлығын  орнықты  экономикалық  ҿсуге  барынша  тиімді  кіріктіруді 
ҥйренуіміз керек» деген болатын [6]. 
Қазақстанда  «жасыл  экономикаға»  кҿшудің  тҧжырымдамасы  2013  жылы 
қабылданатын  болады  жҽне  ол  2050  жылға  дейінгі  аралықты  қамтиды.  Еліміздегі  «Жасыл 

 
327 
даму»  бағдарламасы  «жасыл  экономиға»  кҿшудің  бастапқы  бағдарламасы  іспетті.  «Жасыл 
экономиканы»  Қазақстанда  енгізу  ҥшін  «жасыл  экономиканың»  ҽрбір  қҧраушысы  негізінде 
қазіргі мҥмкіндіктерді талдау қажет: 
1.
 
Энергия (электр энергиясы, жылу, мұнай, газ) – елдегі қалдықтың 40 % энергия ҿндіру 
саласы қҧрайды [7]. Мҧнай-газ секторы елдің ЖІҾ 30 %, экспорттың 60 % қҧрайды [8]. 
Сондықтан да мемлекет экономикалық ҿсу барысында ҽрі қарай да мҧнай-газ секторына, 
энергетика секторы кҿмірдің мол қорына сҥйенетін болады.  
2.
 
Су  –  2015  жылға  дейін  суды  пайдалануды  екі  есеге  дейін  қысқартуды  кҿздеп  отырған 
мемлекет  ҥшін  маңызды  ресурс.  Қолжетімді,  қауіпсіз  ауыз  суды  пайдалану  мҥмкіндігі 
жоқ тҧрғындардың ҥлесі 20 % жуық, сумен қамтамасыз ету ел ЖІҾ-нің 2 % жуық [9]. 
3.
 
Қалдықтар.  Қалдықтарды  екінші  реттік  ҿңдеу  кҿлемі  20  %  жуық  [10].  Ҥкімет 
қалдықтарды жоюдың қазіргі деңгейін 2020 жылы 70 % жеткізуді кҿздеп отыр, ол ҥшін 
елдегі  қалдықтарды  басқару  жҥйесін  қайта  қҧрылымдап,  жаңғырту  қажет.  Жыл  сайын 
700 млн. тонна ҿндіріс қалдықтары, 3, 5 млн. тонна тҧрмыстық қалдықтар, 92 млн. тонна 
жануарлардың қалдықтары қоршаған ортаға шығарылады, мҧның барлығы Қазақстанды 
қауіпті  қалдықтар  мен  тҧрақты  органикалық  ластаушылардың  жиналуы  бойынша 
Шығыс Еуропа мен ТМД елдері арасындағы екінші мемлекет етуде [7]. 
4.
 
Ауыл  шаруашылығы,  балық  және  орман  шаруашылығы.  Бҧл  секторға  ел  бойынша 
шығатын  парниктік  газдың  (оның  ішінде  орман  шаруашылығының  парниктік  газдарды 
жҧтуы)  10  %  тиесілі  [7].  Ауыл  шаруашылығы  ҧлттық  ЖІҾ-нің  5  %  жуығын,  ҧлттық 
экспорттың  2  %  жуығын  қҧрайды  [11].  Саладағы  еңбектің  аз  ҿнімділігіне  қарамастан, 
астық  бойынша  ҿсу  қарқыны  жоғары,  сондықтан  да  Қазақстан  ҽлемдегі  астық 
экспорттаушы жетекші бес елдің қатарына кіреді. 
5.
 
Транспорт. Тасымалдардың кҿбі дизель немесе бензиннің негізінде жҥзеге асырылады. 
Сол  себепті,  саланың  парниктік  газ  шығарудағы  жалпы  ҥлесі  8  %  тең  [7].  Тасымал 
нарығы ҧлттық ЖІҾ-нің                                7 % қҧрайды [11]. Ҥкімет транспорт саласын 
елдің сауда ҽлеуетін арттырудағы маңызды сектор ретінде санайды.    
Қазақстанда  «жасыл  экономиканы»  енгізу  бойынша  оның  жоғарыда  кҿрсетілген 
негізгі бес қҧраушысы бойынша жҥйелі жҧмыс жҥргізілетін болса, елдің экономикалық ҽл-
ауқаты  артары  сҿзсіз.  «Жасыл  экономика»  Қазақстан  ҥшін  тиімді  жоба,  себебі,  еліміздің 
қалыпқа  келетін  энергия  кҿздерін  ҿндіруде,  ауыл  шаруашылығында  «жасыл» 
технологияларды  пайдалануда  ҽлеуеті  жоғары.  Қазақстанда  «жасыл  экономиканың» 
енгізілуі: 
-
 
энергия тапшылығы мҽселесін шешеді; 
-
 
желдің  жылдамдығы  жоғары  аймақтарда  (Жоңғар  қақпасы,  т.б.)  ЖЭС  (жел  электр 
станциясы),  таулы  су  ҿзендерінде  СЭС-терді  дамытуға  мҥмкіндік  беріп,  сол  арқылы 
жаңа жҧмыс орындарымен қамтамасыз етеді; 
-
 
парниктік газдардың шығуын Киото хаттамасына сҽйкес, 15 % дейін азайтады; 
-
 
кҥн энергетикасының кҿмегімен жайылымға  жарамды жерлерде агроҿнеркҽсіп кешенін 
дамытады; 
-
 
тҧрмысқа  пайдаланылатын  су  ресурстарын  қайта  ҿңдеудің  нҽтижесінде  ҿнеркҽсіпте 
пайдалану мҥмкіндігі туады, сол арқылы суды пайдалану 2 есеге дейін азаяды; 
-
 
қайта ҿңдеу нҽтижесінде органикалық жҽне ҿзге де қалдықтар тҧрмыста пайдаланылып, 
сҽйкесінше, қоршаған ортаның жағдайы тҧрақтандырылады; 
-
 
биоотын негізінде автомобильдерді шығатын парниктік газдар мҿлшері нҿлдік деңгейге 
жеткізіледі; 
-
 
жылу жҥйесі баламалы отын кҿздері негізінде қызмет етіп, табиғи ресурстарды ҿлшеусіз 
пайдалану шектеледі; 
-
 
нанотехнология,  ақпараттық  технология,  экономикалық  экология  салалары  бойынша 
жаңа ҥлгідегі сапалы мамандар даярлауға жол ашады
-
 
«жасыл  экономика»  нҽтижесінде  ҥнемделген  қаражат  елдің  макроэкономикалық 
деңгейдегі мҽселелерін шешуге жҧмсалады. 

 
328 
Елімізде  «жасыл  экономикаға»  кҿшу  бойынша  жҧмыстардың  басы  ретінде  Мойнақ 
ГЭС-ның  салынуын,    2017  жылы  елімізде  ҿткізілетін  «жасыл  экономика»  мҽселелерін 
қамтитын  «ЭКСПО-2017»  халықаралық  кҿрмесін  атауымызға  болады.  Сонымен  бірге 
Қ.И.Сҽтпаев  атындағы  Қазақ  ҧлттық  техникалық  университетінде  тҧрақты  даму  зерттеу 
орталығы  қҧрылып,  ғылыми-зерттеу  жҧмыстарын  жҥргізуде.  «Жасыл  экономиканы» 
енгізудегі жетекшілік Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен «Қазатомҿнеркҽсіп» ҧлттық 
компаниясына жҥктелген.  
Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясында кҿрсетілген ҿндірістік сала, тҧрғын ҥй-
коммуналдық  шаруашылық  саласы  жҽне  басқа  да  салалар  бойынша  белгілеген  міндеттері 
«жасыл  экономика»  тҧжырымдамасына  толығымен  сҽйкес  келеді.  «Жасыл  экономика»    – 
Қазақстанның 2050 жылға қарай экономикалық, ҽлеуметтік, саяси қҧндылықтарының жҥйелі 
дамуының,  ҽлемнің  дамыған  30  мемлекетінің  қатарына  қосылуының  басты  шарты  жҽне 
кепілі. 
 
Қолданған әдебиеттер тізімі 
 
1.  Навстречу  «зеленой»  экономике:  пути  к  устойчивому  развитию  и  искоренению  бедности 
— Обобщающий доклад для представителей властных структур.ЮНЕП, 2011. 
2.  Green  economics  //  электронды  ресурс:  Жасыл  экономика  институты  (Ҧлыбритания)  / 
http://www.greeneconomics.org.uk/
 
3. М. Kennet.Green Economics: setting the scene. Aims, context, and philosophical underpinning of 
the distinctive new solutions offered by Green Economics. – London, 2012. 
4.
 
А.
 
И
ГНАТЬЕВА
.
 
З
ЕЛЕНАЯ  ЭКОНОМИКА
:
  ПРАКТИЧЕСКИЙ  ВЕКТОР  УСТОЙЧИВОГО 
РАЗВИТИЯ  ИЛИ  ПОЛИТИЧЕСКИЙ  КОМПРОМИСС
?
 
//
 
Р
ОССИЯ  В  ОКРУЖАЮЩЕМ  МИРЕ
:
 
2011.
 
У
СТОЙЧИВОЕ  РАЗВИТИЕ
:
  ЭКОЛОГИЯ
,
  ПОЛИТИКА
,
  ЭКОНОМИКА
.–
 
М.:
 
И
ЗД
-
ВО 
МНЭПУ,
 
2011.
 

 
292
 С

5.  А.  Храмков.  «Зеленая  экономика»  для  Казахстана  //  электронды  ресурс:/                                                                                                       
http://kazakh-zerno.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=70216&Itemid=108
 
6.  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  –  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты  //  ҚР 
Президенті Н. Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы. 
7. Kazakhstan National Inventory Submissions 2012 to UNFCCC. 
8. BMI Kazakhstan Oil & Gas Sector Report 2012, ADB Country Partnership Strategy: Kazakhstan 
2012–2016. 
9.  Development  of  Kazakhstan  National  Green  Growth  Plan  by  Korean  Global  Green  Growth 
Institute, 2012. 
10. 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» бағдарламасы. 
11. ҚР Ҧлттық статистика агенттігі // электронды ресурс / http:// www. stat.kz 
 
 
УДК[339.543:658] (574) 
 
ҼЛЕМ ЕЛДЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ ҚАРЖЫЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ 
ДАҒДАРЫСТАН ШЫҒУ ЖОЛДАРЫ 
 
Жұмағұлов Т.С. 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті, Астана 
Ғылыми жетекші - Ғ.Е Керімбек  
 
 
Қазақстан Республикасының ҽлемнің дамыған алпауыт елдерінің қатарынан табылуы 
ҥшін экономикалық  реформаларды ҥнемі  жаңартып ҽрі  жаңғыртып отыру қажет. Бҧл ретте 
Елбасы Нҧрсҧлтан Ҽбішҧлы Назарбаевтың кемел ойлары Қазақстанның ҿркениет жолымен 
дамуына  даңғыл  бағыт  беруде.  Бҧған  қатысты    Президентіміз  ел  Тҽуелсіздігінің  20 

 
329 
жылдығының қҧрметіне арналған салтанатты жиналыста Астана экономикалық  форумының 
негізінде  (электронды  желілік  Бреттон-Вуд  сияқты)  «G-global»  сҧхбат  алаңын  қҧруды 
ҧсынды. Бҥгінгі  таңда  «G-global»  сҧхбат  алаңы  ҽлемнің  128  елінен  қатысушыларды  бірік-
тіреді,  олар  пікірталастар  мен  жарыссҿздер  пішімінде  ҽлемдік  қаржы  дағдарысынан  шығу 
стратегияларын  айқындайды.  [1].  Бҧл  идеяны  Нобель  сыйлығының  лауреаты  Роберт 
Манделл,  Джон  Нэш,  Роберт  Корнберг,  Эрик  Маскин,  Джон  Ауманн,  Финн  Кидланд, 
Джеймс  Миррлис,  сондай-ақ  халықаралық  бизнес  жҽне  білім,  ғылым  ҧйымдарының 
ҿкілдері жоғары бағалады. 
Бҥгінде елдер мен континенттерді тітірентіп тҧрған жаһандық ҽлемдік дағдарыс – бҧл 
адамзат ҽлі біліп болмаған айрықша қҧбылыс. Ол ҽлем тарихында теңдесі жоқ жҽне ҽлемдік 
тҽртіпті,  барлық  экономикалық  бастауларды  тҥбегейлі  ҿзгертетін  қҧбылыстар  санатына 
жататыны анық. 
Қаржылық-экономикалық дағдарыстан шығудың жолдарын іздестіру ҽр 
елдің қаржы жҥйесінің дҧрыс ҧйымдастырылуын қарастырудан басталады.  
Қаржы  жҥйесі  -  белгілі  бір  қоғамдық-экономикалық  формация  шеңберінде  ҿмір 
сҥретін  қаржы  мекемелерінің  жиынтығы,  яғни  ҿзара  байланысты  салалар  (кҽсіпорын, 
сақтандыру қаржысы мен мемлекеттік қаржы) мен буындардың (қаржы мекемелерінің, салық 
жҥйесінің қҧрылымдык бҿлімшелері, т.б.) жиынтығы. Қаржы жҥйесінің қҧрылымы дамыған 
жҽне дамушы елдерде ҽр тҥрлі болады.   
Дамыған елдердің қаржы жҥйесінің қҧрамына:  мемлекеттік бюджетті қамтитын жҥйе, 
муниципалдық  қаржы,  бюджеттен  тыс  арнаулы  қорлар,  мемлекеттік  кҽсіпорындардың, 
корпорациялардың  қаржысы,  жекеше  ҧлттық  жҽне  ҧлтаралық  корпорациялардың  қаржысы 
кіреді. Бҧл қаржы жҥйесі 3 буынды қамтиды: 
1.
 
Мемлекеттік  бюжет.  Мемлекеттік  бюжет  –  мемлекеттің  ақшалай  қаражатының 
орталықтандырылған  қоры.  Ҽлеуметтік-экономикалық  мазмҧны  бойынша  –  ҧлттық 
табысты  қайта  бҿлудің  басты  қҧралы  болып  табылады.  Шығыс  елдерінің  кҿп  бҿлігі 
мемлекеттік бюджетті ҽскери (қорғаныс) мақсатқа экономиканы реттеуге жҧмсалатын 
шығынды,  ҽлеуметтік  шығынды,  мемлекеттік  басқару  аппаратын  ҧстауда,  дамушы 
елдерге жҽрдемқаржы мен несие алуда пайдаланады. 
2.
 
Аймақтық  жҽне  муниципалдық  қаржы.  Олардың  қҧрамына  мунициалдық 
қҧрылымдарға  тиесілі  кҽсіпорындардың  қаржысы,  дербес  муниципалдық  қорлар 
жатады. Бҧл жҥйеде жергілікті бюджеттер жетекші маңызға ие. 
3.
 
Бюджеттен  тыс  арнаулы  қорлар.  Нарықтық  экономикасы  дамыған  елдерде 
кҽсіпорындар  қызметкерлерінің,  кҽсіпкерлердің  сақтандыру  жарнасынан,  мемлекеттік 
бюджеттен  бҿлінетін  жҽрдемқаржыдан  қҧралатын  ҧлттық  сақтандыру  қорлары  аса  ірі 
бюджеттен тыс қорлар болып табылады. Бҧл қорлар жҽрдемақы тҿлеуде пайдаланылады. [2] 
 
Дағдарыстың  негізгі  себебіне  қаржылық  нарықта  орын  алған  ҥйлеспеушілікті 
жатқызуға  болады.  Қаржылық  жинақтардың  барлық  қатары  ҿзінің  нақты  тҥбінен  ҥзіліп, 
нҽтижесінде  ҿзіндік  кҿпсатылы  туынды  қаржылық  трансакциялардың  пайда  болуына 
соқтырды  жҽне  олар  кҥшті  қарқын  алды.  Олардың  кҿпшілігі  мҥмкіншіліктерге  қарамастан, 
қаржылық  ресурстар  мҽнін  кҿрсетеді  жҽне  ҽлемдік  экономикаға  ҥлкен  зиянын  тигізеді. 
Ҧстатпайтын манипуляция барысында жасанды ақшалар шектен тыс ҧлғайды. Оларды тіпті 
атақты қаржыгерлер де пайдаланды. Оған Насдак қор биржасының бҧрынғы тҿрағасы Роберт 
Мэдоффтың  тҧтқындалуы  дҽлел.  Ол  ҥлкен  қаржылық  пирамида  қҧрып,  инвесторларға  60 
миллиард доллар зиян келтірді.              
 
Ҽлемдік  қаржы  дағдарысының  басты  себебі  ретінде  қаржы  жҥйесі  қызметіндегі 
шектеулерден  бас  тартуды  айтуға  болады.  Ол  ҿз    кезегінде  материалдық  қорғансыз 
деривативтерді  сатудағы  қаржы-алыпсатарлық  операцияларға  негізделген  «виртуалды 
экономиканы»  тудырды.  Дамыған  елдердің  қаржылық  тҧрақсыздығы  дамушы  елдердің 
ҿаржылық жағдайының нашарлануына ҽкеп соғады.  
 
Қаржылық  дағдарыстан  шығудың  айқын    жолдары  бар.  Қаржылық  дағдарыс  қаупін 
сейілту  ҥшін  ҿндірістегі  орта  жҽне  шағын  бизнес  іс-шара  аясын  ҧлғайтып,  экономиканы 
қолдау  ҥшін  қолдан  келер  барлық  шараларды  жҧзеге  асыру  қажет.  Инвесторлар  мҥддесін 

 
330 
қорғау  мақсатында  тҥбегейлі  шаралар  атқарып,  жобаларын  жҥзеге  асыруда  лицензиялар 
алуға мҥмкіндік беру керек. Атап айтқанда, ол инвестицияларды сақтау ҽрі кірісі мол пайда 
табу  мақсатында  ҿрістеуі  шарт.  Бҧл  ретте  сыбайлас  жемқорлықты  азайту  қажет.  Сыбайлас 
жемқорлықты  азайту  қаржы-экономикалық  операциялары  жақсартуға  жол  ашып,  кҿлеңкелі 
экономиканы  қысқартып  ашық  қаржы  есебін  жҥргізуне  қолайлы  мҥмкіндіктер  береді. 
Сондықтан да жаңа қоғамдық  қҧндылықтар, яғни экономикалық  жағдайды қалыптастыруға 
қолайлы  мҥмкіндіктер  тудыруымыз  керек.  Демек  моральдық  ҿқндылықтарды  да  тҥбегейлі 
жақсарту шарт. 
Мемлекеттік  тҧрғыдан  тҧрғын  ҥй  қҧрылысын  кең  кҿлемде  қолдауды  қалыптастыру 
қажет.  Ҿндірісті  экспорттаудың  жоспарын  жасап,  инвесторларды  қорғайтын  резервті  жҽне 
инвесторларды қорғайтын қор керек. 
Ауылшаруашылық саласы ҥшін лизингтік бағдарламаларды дамыту қажет. 
Экономика  субъектілерінің  қолма  қол  ақшасыз  тҿлемге  біртіндеп  кҿшуі  кҿлеңкелі 
экономика келеңсіздіктерін анықтауға мҥмкіндік тудырады. 
Дағдарыстың  ҽлеуметтік  салдарын  тҿмендету  мақсатында  ҧлттық  жобаларды  «қайта 
жҥктеуді»  жҽне  дағдарыс  жағдайында  қоғамдық  инфроқҧрылымдарды  модернезациялау  іс-
шараларын жҥзеге асыру керек. 
 
Жаһандық экономикалық дағдарыс ҿріс алып келе жатқаннан бастап долларға балама 
валюта табу қажеттілігі туралы сарапшылар ғана емес, ірі мемлекеттердің кҿшбасшылары да 
айта  бастады.  2003  жылы  ҿңірлік  еуразиялық  валюта  қҧру  бастамасын  кҿтеріп,  2009  жылы 
ҽлемдік  қор  валютасы  ретінде  долларды  ауыстыру  идеясын  ҧсынған  Қазақстан  бҧл  істе 
алғашқылардың  бірі  болды  деуге  болады.  Қазақстан  басшысы  «Дағдарыстың  кілті»  атты 
талдау  мақаласында  жаңа  ҽлемдік  валюта  —  «ақметалды»  қолданысқа  енгізудің  пайдалы 
екеніне салмақты дҽлелдер келтіреді. Ҽлемдік қаржы жҥйесін қайта қҧру туралы Нҧрсҧлтан 
Назарбаевтың  ҧсынысын  Ресей  мен  Қытай  басшысы  қолдап,  қуаттады.  ҚХР  тҿрағасы  Ху 
Цзиньтао  ҧлттық  валюталар  Шанхай  Ынтымақтастық  Ҧйымы  елдері  арасында  есеп 
жҥргізуде  жҽне  ҧйым  аясында  ҧлтаралық  есеп  алмасу  бірліктерін  жасауда  қолданылуы 
мҥмкін екенін жоққа шығармайды. Содан кейін бҧл тақырыпты ресей президенті іліп ҽкетіп, 
ізінше ҿз кҿзқарасын білдірді. Ол, атап айтқанда, кҿптеген ҽлемдік қаржы орталықтары мен 
ҽлемдік  қор  валюталары  есебінен  жаһандық  қаржы  жҥйелерінің  тҧрақтылығын  арттыруға 
шақырды.  Қазақстан,  Ресей  жҽне  Қытай  кҿшбасшыларының  батыл  мҽлімдемесінен  кейін 
кҿптеген елдерде долларды ауыстыруы тиіс жаңа халықаралық валюта қҧру қажеттігі туралы 
жиі айтыла бастады.  
Елбасы  Нҧрсҧлтан  Назарбаев  ҧсынған «G-global»  жобасы  маңызды  ҽлеуметтік-
экономикалық проблемаларды мемлекетаралық деңгейде талқылауға арналған. Оның ішінде 
осыдан  тҿрт-бес  жыл  бҧрын  басталып,  бҥгінде  Еуропаны  тҧралатып,  Азияны  теңселтіп 
тҧрған  қаржы  дағдарысын  еңсерудің  негізгі  жолдары  қарастылады.  Яғни,  G-global  алаңы 
дағдарыстан  шығуға  мҥмкіндік  береді.  [3]   Бҧл  ҿзекті  мҽселеге  Елбасымыз  ҥнемі  назар 
аударып  келеді,  атап  айтқанда  Қазақстан  Ислам  Ынтымақтастық  Ҧйымы  мемлекеттерімен 
біріге  отырып,  2012  жылы  жаһандық  дағдарысқа  қарсы  конфереция  ҿткізу  бастамасын 
қолдап отырғанын тілге тиек етіп, «оған бҥкіл ҽлем мемлекеттері қатысады, сонда БҦҦ-ның 
дағдарысқа  қарсы  ҽлемдік  реформалар  Жоспарын  жасап  шығаруға  мҥмкіндік  болар  еді. 
Осыған  орай,  Астана  экономикалық  форумының  негізгі  ҧйымдастырушылары  болып 
табылатын  Ғалымдардың  Еуразиялық  экономикалық  клубы  жаңа  ҽлемдік  қаржы  жҥйесінің 
жҽне бірегей ҽлемдік валютаның қызмет ету механизмін ҽзірледі», - деген еді. [4]  
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
 
1. Ҽлемдік пікірсайыс сахнасы. // ―Егемен Қазақстан‖. 2012, 22 мамыр.  
2. Қазақстан Ҧлттық энциклопедиясы. 10 -том. – Алматы, 2008.  
3. 
www.group-global.org
 
4. G-global алаңын қҧру – дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы.// www.bnews.kz. 

 
331 
 
УДК[339.543:658] (574) 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет