Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014


Мемлекеттiк бақылау жəне қадағалау жүзеге асырылатын жеке



жүктеу 5.79 Mb.
Pdf просмотр
бет14/77
Дата28.01.2017
өлшемі5.79 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   77

Мемлекеттiк бақылау жəне қадағалау жүзеге асырылатын жеке 

кəсiпкерлiк субъектiлерi қызметiнiң салалары

    Ескерту.  Қосымшаға  өзгерiстер  енгiзiлдi - ҚР 2011.01.26 № 400-

IV  (алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейiн  күнтiзбелiк  отыз  күн 

өткен  соң  қолданысқа  енгiзiледi), 2011.07.21 № 470-IV  (алғашқы  ресми 

жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 

2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.06 

№ 529-IV  (алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейiн  күнтiзбелiк  жиырма 



бiр  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгiзiледi), 2012.01.09 № 533-IV  (алғашқы 

ресми  жарияланғанынан  кейiн  күнтiзбелiк  он  күн  өткен  соң  қолданысқа

енгiзiледi), 2012.01.25 № 548-IV  (алғашқы  ресми  жарияланғанынан  ке-

йiн  күнтiзбелiк  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгiзiледi), 2012.01.18 № 

546-IV  (алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейiн  күнтiзбелiк  отыз  күн 



өткен  соң  қолданысқа  енгiзiледi), 2012.06.22 № 21-V  (алғашқы  ресми 

жарияланғанынан  кейiн  күнтiзбелiк  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  ен-

гiзiледi), 2012.01.13  № 542-IV (2012.07.26  бастап  қолданысқа  енгiзiледi), 

2012.07.10  № 36-V  (алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейiн  күнтiзбелiк

он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.11.26 № 57-V (алғашқы рес-

ми  жарияланғанынан  кейiн  күнтiзбелiк  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  ен-

гiзiледi); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш ай 

өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы 

ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа ен-

гiзiледi)  Конституциялық  заңымен; 04.07.2013 № 132-V  (алғашқы  ресми 

жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) 

Заңымен.

1. Мемлекеттiк бақылау:

1) электр энергетикасы саласында;

 1-1) энергия үнемдеу жəне энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласында;

2) жер қойнауын пайдалану саласындағы келiсiмшарттар талаптарының 

сақталуына;

3) жер қойнауын зерттеу жəне пайдалану саласында;

4)  алып  тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V  (алғашқы  ресми 



жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) 

Заңымен;

4-1) газ жəне газбен жабдықтау саласында;

5) халықтың радиациялық қауiпсiздiгi саласында;


Мемлекеттік тіл саясаты

112


6) мұнай операцияларын жүргiзу саласында;

7) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiнiң өндiрiлуiне жəне айналымы-

на;

8) атом энергиясы саласында;



9) автомобиль көлiгi саласында;

10) темiр жол көлiгi саласында;

11) Мемлекеттiк шекарадан өткiзу пункттерiнде көлiк құралдарының ие-

лерi  мен  тасымалдаушының  жолаушылар  алдындағы  азаматтық-құқықтық 

жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында;

12) көлiк саласында;

12-1) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында;

12-2) iшкi су көлiгi саласында;

13) өнiмдi тиеп жiберу алдындағы кезеңге жəне (немесе) оның түпкiлiктi 

пайдаланылуына экспорттық бақылау саласында;

14) техникалық реттеу саласында;

15) сəйкестiктi бағалау саласындағы Қазақстан Республикасының аккре-

диттеу туралы заңнамасының сақталуына;

16) метрология саласында;

17) тұрғын үй қатынастары саласында;

18) асыл тұқымды мал шаруашылығы жəне ара шаруашылығы саласын-

да;

19) жануарлар дүниесiн қорғау, молайту жəне пайдалану саласында;



20) тұқым шаруашылығы саласында;

21) астық нарығын реттеу саласында;

22) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен 

орман өсiру саласында;

23) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану жəне қорғау сала-

сында;


24) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласында;

25) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;

26) мақтаның қауiпсiздiгi жəне сапасы саласында;

27) жердi пайдалану мен қорғауға;

28) геодезиялық жəне картографиялық қызметке;

29) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру жəне пай-

далану саласында;

30) шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiне;

31) қалдықтармен жұмысқа;

32) мiндеттi экологиялық сақтандыруға;

33)  табиғи  жəне  техногендiк  сипаттағы  төтенше  жағдайлардың  алдын 

алу жəне оларды жою саласында;

34) азаматтық қорғаныс саласында;

35) алып тасталды - ҚР 2012.06.22 № 21-V (алғашқы ресми жариялан-



ғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

36) өрт қауiпсiздiгi саласында;

37) қызметi үшiншi тұлғаларға нұқсан келтiру қаупiмен байланысты объек-

тiлер  иелерiнiң  азаматтық-құқықтық  жауапкершiлiгiн  мiндеттi  сақтандыру 

саласында;


Мемлекеттік тіл саясаты

113


38) дəрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 

техника айналысы саласында;

39) көрсетiлетiн медициналық жəне арнаулы əлеуметтiк қызметтердiң са-

пасына;


40) халыққа жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егудiң ұйымдастырылуына 

жəне өткiзiлуiне;

41) жұқпалы аурулардың алдын алу жөнiндегi iс-шаралардың ұйым-

дастырылуына жəне өткiзiлуiне;

42) бiлiм беру жүйесiне;

43) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры жəне мұрағаттар 

туралы заңнамасының сақталуына;

44)  еңбек  туралы  жəне  еңбек  қауiпсiздiгi  мен  еңбектi  қорғау  туралы 

Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауға;

45)  қызметкердi  еңбек  (қызмет)  мiндеттерiн  атқарған  кезде  оны  жаза-

тайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру саласында;

46) халықты жұмыспен қамту саласында;

47) мүгедектердi əлеуметтiк қорғау саласында;

48) арнаулы əлеуметтiк қызметтер ұсыну саласында;

49)  бұқаралық  ақпарат  құралдары  туралы  Қазақстан  Республикасы 

заңнамасының сақталуына;

49-1) телерадио хабарларын тарату саласында;

50) байланыс саласында;

51) ақпараттандыру саласында;

52)  электрондық  құжат  жəне  электрондық  цифрлық  қолтаңба  туралы 

Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;

РҚАО-ның ескертпесi!

53) тармақшаны жаңа редакцияда енгiзу көзделген - 21.06.2013 № 106-

V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

53) салық жəне басқа да мiндеттi төлемдердiң бюджетке түсуiне, сондай-

ақ  жинақтаушы  зейнетақы  қорларына  мiндеттi  зейнетақы  жарналарының 

жəне Мемлекеттiк əлеуметтiк сақтандыру қорына əлеуметтiк аударымдардың 

толық жəне уақтылы аударылуына;

54) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiн-

де салықтық емес түсiмдердiң түсуiне;

55) трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде;

56) заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) жəне 

терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республи-

касы заңнамасының сақталуына;

57)  сырттай  байқау  рəсiмдерiнiң,  оңалту  рəсiмдерiнiң,  конкурстық  iс 

жүргiзудiң өткiзiлуiне;

58)  валюталық  операцияларды  жəне  валюталық  құндылықтарды 

пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыруға;

59) құзыретi шегiнде қаржылық ұйымдардың қызметiне;

59-1) микроқаржы ұйымдарының қызметiне;

60) төлемдер жəне ақша аударымдары, вексель айналымдары мəселелерi 

бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының жəне Қазақстан Республи-

касы валюта заңнамасының сақталуына;



Мемлекеттік тіл саясаты

114


61) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жариялан-

ғанынан  кейiн  күнтiзбелiк  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгiзiледi) 

аңымен;

62) экономикалық шоғырлануға;

63)  Қазақстан  Республикасының  монополияға  қарсы  заңнамасының 

сақталуына;

64) авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар, өнеркəсiптiк меншiк, селек-

циялық  жетiстiктер,  интегралдық  микросхема  топологиясы  объектiлерiн 

пайдалануға;

65)  нормативтiк  құқықтық  актiлердiң  ресми  мəтiнiн  кейiннен  жариялау 

саласында;

66) бағалау қызметi саласында;

67) табиғи монополиялар салаларында;

68)  реттелетiн  нарық  субъектiлерiнiң  табиғи  монополиялар  жəне  рет-

телетiн  нарықтар  туралы  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  бел-

гiленген  мiндеттердi  жəне  Қазақстан  Республикасының  Үкiметi  белгiле-

ген, мемлекет реттеп отыратын бағалар енгiзiлетiн өнiмдер, тауарлар жəне 

көрсетiлетiн  қызметтер  номенклатурасы  бойынша  белгiленген  бағаларды 

сақтауына;

69) мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының 

сақталуына;

70) жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiне;

71) азаматтық жəне қызметтiк қару мен оның патрондарының, азаматтық 

пиротехникалық  заттар  мен  оларды  қолданып  жасалған  бұйымдардың  ай-

налымы  саласында  жұмыспен  қамтылған  жеке  жəне  заңды  тұлғалардың 

қызметiне;

72) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жариялан-

ғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

73) жарылғыш жəне улы заттарды, радиоактивтi материалдар мен заттар-

ды  қолдану  мен  олардың  жұмыс  iстеуiнiң  белгiленген  қағидаларының 

сақталуына;

74) шетелдiк жұмыс күшiн тарту қағидаларының сақталуына;

75) күзет қызметiне;

75-1)  күзет  дабылы  құралдарын  монтаждау,  орнату  жəне  оларға 

техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметке;

75-2)  Қазақстан  Республикасының  Қарулы  Күштерi,  басқа  да  əскерлерi 

жəне əскери құрамалары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттiк органдар күзететiн 

Қазақстан Республикасының объектiлерiн қоспағанда, террористiк тұрғыдан 

осал  объектiлердiң  терроризмге  қарсы  қорғалу  жағдайына  жəне  олардың 

басшыларының  Қазақстан  Республикасының  терроризмге  қарсы  iс-қимыл 

туралы заңнамасында көзделген талаптарды орындауына;

76) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына;

77)  көлiк  құралдарының  иелерi  мен  тасымалдаушының  жолаушылар 

алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру сала-

сында;


78)  туристiк  қызмет  туралы  Қазақстан  Республикасы  заңнамасының 

сақталуына;

79) аудиторлық қызмет жəне кəсiптiк аудиторлық ұйымдар қызметi сала-

сында;


Мемлекеттік тіл саясаты

115


80)  ойын  бизнесi  туралы  Қазақстан  Республикасы  заңнамасының 

сақталуына;

81)  тауар  биржалары  туралы  Қазақстан  Республикасы  заңнамасының 

сақталуына;

82) дене шынықтыру жəне спорт саласындағы Қазақстан Республикасы 

заңнамасының сақталуына;

83)  спорт  объектiлерiн  пайдалану,  оларға  техникалық  қызмет  көрсету 

жөнiндегi  стандарттардың,  қағидалар  мен  нормалардың  сақталуы  нысана-

сында;

84) спортта допингке қарсы iс-шаралардың жүргiзiлуiне;



85) бухгалтерлiк есеп жəне қаржылық есептiлiк саласында;

86) өңiрлiк қаржы орталығына қатысушылардың Қазақстан Республика-

сының еңбек заңнамасы саласындағы қызметiне;

87) тарихи-мəдени мұра объектiлерiнiң қорғалуына жəне пайдаланылуына;

88) мемлекеттiк статистика саласында;

89) жеке кəсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау жəне қорғау саласында;

90) биоотын айналымы саласында;

91) биоотын өндiру саласында;

92)  Қазақстан  Республикасының  сауда  қызметiн  реттеу  туралы 

заңнамасын сақтауда;

92-1) ғарыш қызметi саласында;

93)  Қазақстан  Республикасының  арнайы  экономикалық  аймақтар  тура-

лы заңнамасын сақтауда;

93-1)  Қазақстан  Республикасының  жарнама  туралы  заңнамасының 

сақталуына;

94) сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс саласында;

95) ветеринария саласында;

96) өсiмдiктердi қорғау жəне олардың карантинi саласында;

97)  Қазақстан  Республикасының  магистральдық  құбыр  туралы 

заңнамасын сақтауда;

98) автомобиль жолдары саласында;

99) бала құқықтарын қорғау саласында;

100) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi жəне айналымы сала-

сында;


101) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi жəне айналымы саласында;

102) лицензиялық бақылау саласында;

103) улардың, қару-жарақтың, əскери техниканың жəне жекелеген қару 

түрлерiнiң,  жарылғыш  жəне  пиротехникалық  заттар  мен  оларды  қолдана 

отырып жасалатын бұйымдардың айналымы саласында;

104) өнеркəсiп саласында;

105) ұйымдардың, əскери мiндеттiлердiң жəне əскерге шақырылушы-

лардың əскери мiндеттiлер мен əскерге шақырылушыларды əскери есеп-

ке алу қағидаларын сақтауына;

106)  деректемелер  мен  көрнекi  ақпаратты  орналастыру  бөлiгiнде 

Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуына;

107)  қалалар  мен  елдi  мекендердi  абаттандыру  қағидаларының 

сақталуына жүзеге асырылады.


Мемлекеттік тіл саясаты

116


2. Мемлекеттiк қадағалау:

1) Қазақстан Республикасының əуе кеңiстiгiн пайдалану саласында;

2) азаматтық авиация қызметiне;

3) халықаралық əуе тасымалдарына;

4) авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге;

5) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында;

6) iшкi су көлiгi саласында;

7) сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс саласында;

8) ветеринария саласында;

9) өсiмдiктер карантинi саласында;

10) санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласында;

11) қаржы нарығына жəне қаржы ұйымдарына;

11-1) микроқаржы ұйымдарының қызметiне;

12) кредиттiк бюролар қызметiне;

13) инвестициялық қорлар қызметiне;

14) жануарлар дүниесiн қорғау, молайту жəне пайдалану саласында;

15) орман қорын сақтау, қорғау, пайдалану, ормандарды молайту жəне ор-

ман өсiру саласында;

16) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;

17) өнеркəсiптiк қауiпсiздiк саласында жүзеге асырылады.



Мемлекеттік тіл саясаты

117


Телерадио хабарларын тарату туралы

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV Заңы



10-бап. Теле-, радиобағдарламалардың тілі

1.  Отандық  теле-,  радиоарналардың  теле-,  радиобағдарламалары  қазақ 

тілінде жəне басқа тілдерде таратылады.

2.  Қазақ  тіліндегі  теле-,  радиобағдарламалардың  апта  сайынғы  көлемі 

уақыты жағынан басқа тілдердегі теле-, радиобағдарламалардың жиынтық 

көлемiнен кем болмауға тиiс.

Қазақ тіліндегі теле-, радио бағдарламалардың жергілікті уақыт бойын-

ша нөл сағаттан бастап есептелетін, əрқайсысының ұзақтығы алты сағаттық 

уақыт аралығындағы көлемі басқа тілдердегі теле-, радиобағдарламалардың 

жиынтық көлемiнен кем болмауға тиiс.

Телеарналарда  тарату  кезінде  субтитр  түріндегі  телебағдарламалар 

мен  фильмдердің  аудармасы  қазақ  тіліндегі  телебағдарламалардың  жалпы 

көлеміне есептелмейді.

3. Дыбыстық сүйемелдеудің көпарналы берілуін пайдаланатын телеарна-

лар негізгі дыбыстық сүйемелдеуді қазақ тілінде пайдалануға тиіс.

4.  Осы  баптың  талаптары  осы  Заңның 19-бабына  сəйкес  есепке  қою 

рəсімінен өткен шетелдік теле-, радиоарналарға қолданылмайды.

5. Отандық теле-, радиоарналардың шетелдік аудиторияға трансляциясы 

қазақ тілінде жəне басқа тілдерде жүзеге асырылады.


Мемлекеттік тіл саясаты

118


Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ономас-

тика мəселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 72-V Заңы

«Егемен Қазақстан» 24.01.2013 ж. № 48 (27987); Қазақстан Республикасы 

Парламентiнiң Жаршысы, 2013 ж., № 2 (2627), 11-құжат



РҚАО-ның ескертпесi!

Осы Заңның қолданысқа енгiзiлу тəртiбiн 2-баптан қараңыз.

 

1-бап.  Қазақстан  Республикасының  мына  заңнамалық  актiлерiне 

өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы  Қазақстан  Республикасының  Əкiмшiлiк 

құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 

Жаршысы, 2001 ж.,  № 5-6, 24-құжат;  № 17-18, 241-құжат;  № 21-22, 

281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; 

№ 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; 

№ 15, 122, 139-құжаттар;  № 18, 142-құжат;  № 21-22, 160-құжат;  № 23, 

171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 

97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 

№ 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 

72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 

№ 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 

52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 

15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 

4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; 

№ 5-6, 40-құжат;  № 9, 67-құжат;  № 10, 69-құжат;  № 12, 88-құжат;  № 13, 

99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; 

№ 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 

180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 

57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 

114-құжат;  № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж.,  № 2-3, 7, 21-құжаттар; 

№ 9-10, 47, 48-құжаттар;  № 13-14, 62, 63-құжаттар;  № 15-16, 70, 72, 73, 

74, 75, 76-құжаттар;  № 17, 79, 80, 82-құжаттар;  № 18, 84, 86-құжаттар;  № 

19, 88-құжат;  № 23, 97, 115, 117-құжаттар;  № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 

133, 134-құжаттар; 2010 ж.,  № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар;  № 5, 23-құжат;  № 7, 

28, 32-құжаттар;  № 8, 41-құжат;  № 9, 44-құжат;  № 11, 58-құжат;  № 13, 

67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; 

№ 22, 128, 130-құжаттар;  № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж.,  № 1, 2, 3, 7, 

9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 


Мемлекеттік тіл саясаты

119


8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 

14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; 

№ 21, 161-құжат;  № 24, 196-құжат; 2012 ж.,  № 1, 5-құжат;  № 2, 9, 11, 13, 

14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 

36-құжаттар;  № 8, 64-құжат;  № 10, 77-құжат;  № 12, 84, 85-құжаттар;  № 

13, 91-құжат;  № 14, 92, 93, 94-құжаттар;  № 15, 97-құжат; 2012 жылғы 5 

желтоқсанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерiн-

де жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерi-

не  микроқаржы  ұйымдарының  қызметi  мəселелерi  бойынша  өзгерiстер 

мен  толықтырулар  енгiзу  туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы  Қазақстан 

Республикасының Заңы):

1) мазмұнындағы 81-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«81-бап.  Қазақстан  Республикасының  тiл  туралы  заңнамасын  бұзғаны 

үшiн жауаптылық»;

2) 81-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«81-бап.  Қазақстан  Республикасының  тiл  туралы  заңнамасын

бұзғаны үшiн жауаптылық.

1.  Лауазымды  адамның  тiлдi  бiлмеу  желеуiмен  жеке  жəне  заңды 

тұлғалардың  өтiнiштерiн  қабылдаудан  бас  тартуы,  сондай-ақ  оларды  мəнi 

бойынша қарамауы – он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 

салуға əкеп соғады.

2. Деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру жөнiндегi талаптар-

ды бұзу – ескерту жасауға əкеп соғады.

3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, əкiмшiлiк жаза қолданылғаннан 

кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-əрекет – лауазымды адамдарға, 

дара  кəсiпкерлерге,  шағын  кəсiпкерлiк  субъектiлерi  немесе  коммерциялық 

емес  ұйымдар  болып  табылатын  заңды  тұлғаларға – он,  орта  кəсiпкерлiк 

субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, iрi кəсiпкерлiк 

субъектiлерi  болып  табылатын  заңды  тұлғаларға – елу  айлық  есептiк 

көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады.»;

3) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында:

он төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«мəдениет  жəне  ақпарат  саласындағы  уəкiлеттi  органның (81 (бiрiншi 

бөлiгi), 82, 130-баптар);»;

елу  алтыншы  абзацтағы «127, (екiншi  бөлiгi)»  деген  сөздер «81 (екiншi 

жəне үшiншi бөлiктерi), 127 (екiншi бөлiгi),» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. «Қазақстан Республикасының əкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 

1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан 

Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 23-24, 507-құжат; 

1995 ж., № 23, 146-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршы-

сы, 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 18, 111-құжат; 2009 

ж., № 2-3, 9-құжат; № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):

1)  бүкiл  мəтiн  бойынша  «поселке», «поселкелер», «поселкелерге», 

«поселкелерi», «поселкелердi», «поселкелердiң»  деген  сөздер  тиiсiнше 

«кент», «кенттер», «кенттерге», «кенттерi», «кенттердi», «кенттердiң» деген 

сөздермен ауыстырылсын;

2) бүкiл мəтiн бойынша «ауыл (село)», «ауылдық (селолық)», «ауылдардың 

(селолардың)», «ауылдарды (селоларды)», «ауылдар (селолар)», «ауылдарға 



Мемлекеттік тіл саясаты

120


(селоларға)»  деген  сөздер  тиiсiнше  «ауыл», «ауылдық», «ауылдардың», 

«ауылдарды», «ауылдар», «ауылдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 2-бапта:

қазақ  тiлiндегi  мəтiннiң  бесiншi  бөлiгiндегi «селолық»  жəне  алтыншы 

бөлiгiндегi «селоларға» деген сөздер тиiсiнше «ауылдық» жəне «ауылдарға» 

деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы жетiншi жəне сегiзiншi бөлiктермен толықтырыл-

сын:


«Елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерi болады.

Шағын  аудандар,  алаңдар,  даңғылдар,  бульварлар,  көшелер,  тұйық 

көшелер,  саябақтар,  скверлер,  көпiрлер  жəне  басқа  да  бөлiктер  елдi 

мекендердiң құрамдас бөлiктерi болып табылады.»;

4) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«7-бап. Ономастика комиссиялары

Ономастика  комиссиялары  Қазақстан  Республикасының  аумағындағы 

əкiмшiлiк-аумақтық  бiрлiктерге,  елдi  мекендердiң  құрамдас  бөлiктерiне, 

əуежайларға,  порттарға,  темiржол  вокзалдарына,  темiржол  стансаларына, 

метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-

географиялық жəне мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру 

жəне оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау 

мен  өзгерту  жəне  мемлекеттiк  заңды  тұлғаларға,  мемлекет  қатысатын 

заңды  тұлғаларға  жеке  адамдардың  есiмдерiн  беру,  сондай-ақ  Қазақстан 

Республикасының  тарихи-мəдени  мұрасының  құрамдас  бөлiгi  ретiнде  та-

рихи  атауларды  қалпына  келтiру,  сақтау  жөнiндегi  жұмысты  ретке  келтiру 

мақсатында құрылады.

Қазақстан  Республикасының  Үкiметi  жанынан  Республикалық  ономас-

тика  комиссиясы,  облыстардың,  республикалық  маңызы  бар  қалалардың, 

астананың жергiлiктi атқарушы органдары жанынан облыстық ономастика 

комиссиялары, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономас-

тика комиссиялары құрылады.»;

5) 9-баптың 4) тармақшасы  «транскрипциясын»  деген  сөзден  кейiн 

«нақтылау мен» деген сөздермен толықтырылсын;

6) 10-бапта:

3) жəне 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«3)  Қазақстан  Республикасының  аумағындағы  əуежайларға,  порттарға, 

темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансалары-

на,  автовокзалдарға,  автостансаларға,  физикалық-географиялық  жəне  мем-

лекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта 

атау,  олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту  жəне 

мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке 

адамдардың есiмдерiн беру қағидаларын бекiтедi;

4)  Республикалық  ономастика  комиссиясының  қорытындысы  негiзiн-

де  жəне  тиiстi  аумақ  халқының,  оның  жергiлiктi  өкiлдi  жəне  атқарушы 

органдарының пiкiрiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Прези-

дентiне облыстарға, аудандарға, қалаларға атау беру жəне оларды қайта атау, 

сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту ту-

ралы ұсыныстар енгiзедi;»;


Мемлекеттік тіл саясаты

121


мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негiзiн-

де  Қазақстан  Республикасының  аумағындағы  əуежайларға,  порттарға,  те-

мiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, 

автовокзалдарға,  автостансаларға,  физикалық-географиялық  жəне  мемле-

кет  меншiгiндегi  басқа  да  объектiлерге  атау  беру,  сондай-ақ  оларды  қайта 

атау,  олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту  жəне 

мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке 

адамдардың есiмдерiн беру туралы шешiм қабылдайды;»;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6)  өзiне  Конституцияда,  осы  Заңда,  Қазақстан  Республикасының  өзге 

де  заңдарында  жəне  Қазақстан  Республикасы  Президентiнiң  актiлерiнде 

жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;

7) 11-баптың бiрiншi бөлiгiнде:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

 «4) тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, аудандардың жергiлiктi 

өкiлдi жəне атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстық ономасти-

ка  комиссиясының  қорытындысы  негiзiнде  ауылдарға,  кенттерге,  ауылдық 

округтерге  атау  беру,  оларды  қайта  атау,  сондай-ақ  олардың  атауларының 

транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөнiндегi мəселелердi шешедi;»;

мынадай мазмұндағы 4-1) жəне 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«4-1) тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, Республикалық оно-

мастика  комиссиясының  қорытындысы  негiзiнде  облыстық  маңызы  бар 

қалалардың қаладағы аудандарына, құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды 

қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен 

өзгерту жөнiндегi мəселелердi шешедi;

4-2) Республикалық ономастика комиссиясының қарауына əуежайларға, 

порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, автовокзалдарға, 

автостансаларға,  метрополитен  стансаларына,  физикалық-географиялық 

жəне мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ олар-

ды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту 

жəне мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға 

жеке адамдардың есiмдерiн беру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;»;

8) 12-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жа-

зылсын:

«5-1) тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, облыстық ономасти-



ка  комиссиясының  қорытындысы  негiзiнде  аудандық  маңызы  бар  қаланың 

құрамдас  бөлiктерiне  атау  беру,  оларды  қайта  атау,  сондай-ақ  олардың 

атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөнiндегi мəселелердi 

шешедi;»;

9) 13-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi 

жəне атқарушы органдары:

тиiстi  аумақ  халқының  пiкiрiн  ескере  отырып,  Республикалық  ономас-

тика  комиссиясымен  келiсiлген  республикалық  маңызы  бар  қалалардың, 

астананың ономастика комиссиясының қорытындысы негiзiнде республика-

лық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың  қаладағы  аудандарына,  құрамдас 


Мемлекеттік тіл саясаты

122


бөлiктерiне  атау  беру,  оларды  қайта  атау,  сондай-ақ  олардың  атауларының 

транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөнiндегi мəселелердi шешедi;

Республикалық  ономастика  комиссиясының  қарауына  əуежайларға, 

порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, автовокзалдарға, 

автостансаларға,  метрополитен  стансаларына,  физикалық-географиялық 

жəне мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, оларды қайта 

атау,  сондай-ақ  олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен 

өзгерту  жəне  мемлекеттiк  заңды  тұлғаларға,  мемлекет  қатысатын  заңды 

тұлғаларға жеке адамдардың есiмдерiн беру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;»;

10) 14-бапта:

 1) тармақшадағы «немесе селолар» деген сөздер алып тасталсын;

 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4)  тиiстi  аумақ  халқының  пiкiрiн  ескере  отырып,  облыстық  ономасти-

ка комиссиясының қорытындысы негiзiнде осы елдi мекендердiң құрамдас 

бөлiктерiне  атау  беру,  оларды  қайта  атау,  сондай-ақ  олардың  атауларының 

транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөнiндегi мəселелердi шешедi.»;

11) 3-бөлiм мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:

«14-1-бап.  Əкiмшiлiк-аумақтық  бiрлiктерге,  елдi  мекендердiң  құрамдас 

бөлiктерiне  атау  беру  жəне  оларды  қайта  атау,  сондай-ақ  олардың 

атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту  кезiнде  тиiстi  аумақ 

халқының пiкiрiн ескеру.

1. Əкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне 

атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипция-

сын  нақтылау  мен  өзгерту  кезiнде  тиiстi  аумақ  халқының  пiкiрiн  ескерудi 

Қазақстан  Республикасының  Үкiметi  айқындайтын  тəртiппен  жергiлiктi 

атқарушы органдар жүргiзедi.

2.  Тиiстi  аумақ  халқының  пiкiрiн  ескеру  қорытындылары  бойынша 

жергiлiктi өкiлдi жəне атқарушы органдар бiрлескен шешiммен əкiмшiлiк-

аумақтық бiрлiктерге, елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне атау беру, олар-

ды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау 

мен  өзгерту  жөнiндегi  ұсыныстарды  тиiстi  ономастика  комиссияларының 

қарауына енгiзедi.»;

12) 15-баптың 2) тармақшасындағы  «кəсiпорындардың,  мекемелер  мен 

ұйымдардың» деген сөздер «заңды тұлғалардың» деген сөздермен ауысты-

рылсын.

3. «Қазақстан  Республикасындағы  тiл  туралы» 1997 жылғы 11 шiл-



дедегi  Қазақстан  Республикасының  Заңына  (Қазақстан  Республика-

сы  Парламентiнiң  Жаршысы, 1997 ж.,  № 13-14, 202-құжат; 2004 ж.,  № 

23, 142-құжат; 2006 ж.,  № 10, 52-құжат; 2007 ж.,  № 19, 147-құжат;  № 20, 

152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 

2012 ж., № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат):

1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1)  диаспора – өзiнiң  тарихи  шығу  тегiнен  тысқары  елде  тұрып  жатқан 

халықтың бiр бөлiгi (этностық қауымдастық);

2) ономастика – тiл бiлiмiнiң жалқы есiмдердi, олардың пайда болуы мен 

өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бөлiмi;



Мемлекеттік тіл саясаты

123


3)  ономастика  комиссиясы – Қазақстан  Республикасының  аумағындағы 

əкiмшiлiк-аумақтық  бiрлiктерге,  елдi  мекендердiң  құрамдас  бөлiктерiне, 

əуежайларға,  порттарға,  темiржол  вокзалдарына,  темiржол  стансаларына, 

метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-

географиялық жəне мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру 

жəне оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау 

мен  өзгерту  жəне  мемлекеттiк  заңды  тұлғаларға,  мемлекет  қатысатын 

заңды  тұлғаларға  жеке  адамдардың  есiмдерiн  беру,  сондай-ақ  Қазақстан 

Республикасының тарихи-мəдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тари-

хи  атауларды  қалпына  келтiру  жəне  сақтау  бойынша  бiрыңғай  көзқарасты 

қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстарды əзiрлейтiн консультациялық-кеңесшi 

орган;


4)  орфография – дұрыс  жазу  ережесi,  сөйленген  сөздi (сөздер  мен 

грамматикалық тұлғаларды) жазбаша беру тəсiлдерiнiң бiрiздiлiгiн белгiлей-

тiн қағидалар жүйесi;

5)  Республикалық  терминология  комиссиясы – экономиканың, 

ғылымның, техниканың жəне мəдениеттiң барлық салалары бойынша қазақ 

тiлiнiң  терминологиялық  лексикасы  саласындағы  ұсыныстарды  əзiрлейтiн 

консультациялық-кеңесшi орган;

6) топонимика – ономастиканың географиялық объектiлердiң атауларын, 

олардың пайда болуының, өзгеруiнiң жəне қолданылуының заңдылықтарын 

зерттейтiн бөлiмi;

 7) транслитерация – бiр графикалық жүйедегi мəтiндер мен жекелеген 

сөздердi басқа графикалық жүйенiң құралдарымен əрiппе-əрiп арқылы беру;

8)  уəкiлеттi  орган – тiлдердi  дамыту  саласындағы  басшылықты  жəне 

салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.»;

2) 19-баптың  бiрiншi  бөлiгiндегi «Елдi  мекендердiң,  көшелердiң, 

алаңдардың»  деген  сөздер  «Əкiмшiлiк-аумақтық  бiрлiктердiң,  елдi 

мекендердiң құрамдас бөлiктерiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 23-баптың төртiншi бөлiгi алып тасталсын;

4) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«24-бап.  Қазақстан  Республикасының  тiл  туралы  заңнамасын  бұзғаны 

үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының бұзылуына кiнəлi 

мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары не жауапты хатшылары неме-

се Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды 

адамдар, сондай-ақ жеке жəне заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының 

заңдарына сəйкес жауаптылықта болады.

Лауазымды адамның мемлекеттiк тiлдi бiлмеу желеуiмен жеке жəне заңды 

тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдаудан бас тартуы, мемлекеттiк тiлдiң жəне 

басқа  да  тiлдердiң  қолданылу  салаларында  олардың  пайдаланылуына  кез 

келген кедергi келтiру, сондай-ақ деректемелер мен көрнекi ақпаратты орна-

ластыру бойынша талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында 

көзделген жауаптылыққа əкеп соғады.»;

5) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:

«24-1-бап.  Қазақстан  Республикасы  Үкiметiнiң  құзыретi  Қазақстан 

Республикасының Үкiметi:


Мемлекеттік тіл саясаты

124


1)  республикалық  терминология  жəне  ономастика  комиссияларын 

құрады;


2)  облыстық  ономастика  комиссиялары  жəне  республикалық  маңызы  бар 

қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгi ереженi бекiтедi;

3)  өзiне  Конституцияда,  осы  Заңда,  Қазақстан  Республикасының  өзге 

де  заңдарында  жəне  Қазақстан  Республикасы  Президентiнiң  актiлерiнде 

жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;

6) 25-бапта:

3)  тармақшадағы «(республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың)» 

деген сөздер «, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген 

сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

«5-1) республикалық терминология жəне ономастика комиссияларының 

қызметiн қамтамасыз етедi;»;

6) тармақшадағы «терминологиялық жəне ономастикалық комиссиялар-

дың» деген сөздер «ономастика комиссияларының» деген сөздермен ауыс-

тырылсын;

7) 25-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«25-1-бап. Ономастика комиссияларының құзыретi

1. Республикалық ономастика комиссиясының құзыретiне:

1) ономастика мəселелерi бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар əзiрлеу;

2)  облыстарға,  аудандар  мен  қалаларға  атау  беру,  оларды  қайта  атау, 

сондай-ақ  олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту 

бойынша қорытындылар беру;

3) Қазақстан Республикасының аумағындағы əуежайларға, порттарға, те-

мiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, 

автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық жəне мемлекет 

меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ 

олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту  жəне  мем-

лекеттiк  заңды  тұлғаларға,  мемлекет  қатысатын  заңды  тұлғаларға  жеке 

адамдардың есiмдерiн беру бойынша қорытындылар беру;

4)  облыстық  маңызы  бар  қалалардың  қаладағы  аудандарына,  құрамдас 

бөлiктерiне  атау  беру,  оларды  қайта  атау,  сондай-ақ  олардың  атауларының 

транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қорытындылар беру;

5)  республикалық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың  қаладағы  ау-

дандарына,  құрамдас  бөлiктерiне  атау  беру,  оларды  қайта  атау,  сондай-ақ 

олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту  бойын-

ша  республикалық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың  ономастика 

комиссияларының қорытындыларына келiсiм беру жатады.

2. Облыстық ономастика комиссияларының құзыретiне:

1) ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру, оларды қайта атау, 

сондай-ақ  олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту 

бойынша қорытындылар беру;

2)  аудандық  маңызы  бар  қалалардың,  кенттiң,  ауылдың,  ауылдық 

округтiң  құрамдас  бөлiктерiне  атау  беру,  оларды  қайта  атау,  сондай-ақ 

олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту  бойынша 

қорытындылар беру жатады.


Мемлекеттік тіл саясаты

125


3.  Республикалық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың  ономастика 

комиссияларының  құзыретiне  Республикалық  ономастика  комиссиясымен 

келiсiлгеннен  кейiн – республикалық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың 

қаладағы  аудандарына,  құрамдас  бөлiктерiне  атау  беру,  оларды  қайта  атау, 

сондай-ақ  олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту 

бойынша қорытындылар беру жатады.

4. Жергiлiктi өкiлдi жəне атқарушы органдар əкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк-

терге, елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, 

сондай-ақ  олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту 

бойынша шешiмдi тиiстi ономастика комиссияларының оң қорытындылары 

болған кезде ғана қабылдайды.»;

8) 25-2 бапта:

тақырыптағы, бiрiншi абзацтағы «(республикалық маңызы бар қаланың, 

астананың)» деген сөздер «, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» 

деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1)  деректемелер  мен  көрнекi  ақпаратты  орналастыру  бөлiгiнде 

Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды 

жүзеге асырады;»;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3)  Қазақстан  Республикасының  тiл  туралы  заңнамасында  белгiлен-

ген  талаптардың  бұзылуын  жою  туралы  ұсынымдар  бередi,  Қазақстан 

Республикасының  əкiмшiлiк  құқық  бұзушылық  туралы  заңнамасында 

көзделген  негiзде  жəне  тəртiппен  əкiмшiлiк  ықпал  ету  шараларын 

қолданады;»;

мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) «Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттiк  бақылау  жəне 

қадағалау  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңына  сəйкес  тексерулер 

жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын əзiрлейдi жəне бекiтедi;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5)  облыстық  ономастика  комиссиясының,  республикалық  маңызы  бар 

қаланың,  астананың  ономастика  комиссияларының  қызметiн  қамтамасыз 

етедi;»;

9) 25-3-баптың 3) тармақшасындағы  «ауылдардың  (селолардың)», 

«ауылдық (селолық)» деген сөздер тиiсiнше «ауылдардың», «ауылдық» де-

ген сөздермен ауыстырылсын;

10) мынадай мазмұндағы 25-5-баппен толықтырылсын:

«25-5-бап. Ономастика жұмысының критерийлерi

Қазақстан  Республикасының  аумағындағы  əкiмшiлiк-аумақтық  бiрлiк-

терге,  елдi  мекендердiң  құрамдас  бөлiктерiне,  əуежайларға,  порттарға,  те-

мiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, 

автовокзалдарға,  автостансаларға,  физикалық-географиялық  жəне  мемле-

кет  меншiгiндегi  басқа  да  объектiлерге  атау  беру  жəне  оларды  қайта  атау, 

сондай-ақ  олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту 

жəне мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға 

жеке адамдардың есiмдерiн беру жөнiндегi ономастика жұмысының крите-

рийлерi:


Мемлекеттік тіл саясаты

126


1) тарихи, географиялық, табиғи жəне мəдени ерекшелiктердi ескеру;

2) əдеби тiл нормаларына сəйкестiк;

3)  бiр  əкiмшiлiк-аумақтық  бiрлiктiң  шегiндегi  елдi  мекендерге,  елдi 

мекендердiң құрамдас бөлiктерiне бiр атауды бiр мəрте ғана беру;

4) жеке адамның есiмiмен аталған, ол берiлген (өзгертiлген) күннен бас-

тап кемiнде он жыл өткен соң берiлген есiмдi қайта атау, оны өзгерту;

5) аса көрнектi мемлекет жəне қоғам қайраткерлерiнiң, ғылым, мəдениет 

қайраткерлерiнiң  жəне  Қазақстан  Республикасы  мен  əлемдiк  қоғамдастық 

алдында еңбек сiңiрген басқа да жеке адамдар қайтыс болған күннен бастап 

кемiнде бес жыл өткен соң олардың есiмдерiн беру болып табылады».

4. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау жəне қадағалау 

туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы  Қазақстан  Республикасының  Заңына 

(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; 

№ 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 

2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; 

№ 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2012 

жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» га-

зеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық ак-

тiлерiне микроқаржы ұйымдарының қызметi мəселелерi бойынша өзгерiстер 

мен  толықтырулар  енгiзу  туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы  Қазақстан 

Республикасының Заңы):

көрсетiлген  Заңға  қосымшаның 1-тармағының 105) тармақшасындағы 

«сақтауына  жүзеге  асырылады.»  деген  сөздер  «сақтауына;»  деген  сөзбен 

ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 106) тармақшамен толықтырылсын:

«106)  деректемелер  мен  көрнекi  ақпаратты  орналастыру  бөлiгiнде 

Қазақстан  Республикасының  тiл  туралы  заңнамасының  сақталуына  жүзеге 

асырылады.».

 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш ай өткен соң 

қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   77


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет