Сборник нормативно-правовых актов Астана 2014


-2-бап.  Облыстың,  республикалық  маңызы  бар  қаланың



Pdf көрінісі
бет9/77
Дата28.01.2017
өлшемі5,79 Mb.
#2867
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   77

25-2-бап.  Облыстың,  республикалық  маңызы  бар  қаланың, 

астананың жергiлiктi атқарушы органының құзыретi

 

Ескерту.  Тақырыпқа  өзгерiс  енгiзiлдi - ҚР 2013.01.21 № 72-V  Заңымен 



(алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейiн  үш  ай  өткен  соң  қолданысқа  ен-

гiзiледi).

Облыстың,  республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың  жергiлiктi 

атқарушы органы: 

1) тiлдердi қолдану мен дамытудың өңiрлiк бағдарламасын əзiрлеп, бекi-

тедi жəне оның орындалуын қамтамасыз етедi;

2)  орталық  атқарушы  органдардың  аумақтық  бөлiмшелерiнiң  жəне 

аудандық  атқарушы  органдардың  Қазақстан  Республикасының  тiл  туралы 

заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

2-1) деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру бөлiгiнде Қазақстан 

Республикасының  тiл  туралы  заңнамасының  сақталуын  бақылауды  жүзеге 

асырады;

3)  Қазақстан  Республикасының  тiл  туралы  заңнамасында  белгiлен-

ген  талаптардың  бұзылуын  жою  туралы  ұсынымдар  бередi,  Қазақстан 

Республикасының  əкiмшiлiк  құқық  бұзушылық  туралы  заңнамасында 

көзделген негiзде жəне тəртiппен əкiмшiлiк ықпал ету шараларын қолданады;

3-1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау жəне қадағалау 

туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес тексерулер жүргiзудiң 

жартыжылдық жоспарларын əзiрлейдi жəне бекiтедi;

4) мемлекеттiк тiлдi жəне басқа тiлдердi дамытуға бағытталған облыстық 

маңызы бар шаралар кешенiн жүзеге асырады; 

5) облыстық ономастика комиссиясының, республикалық маңызы бар қала-

ның, астананың ономастика комиссияларының қызметiн қамтамасыз етедi;

6) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының 

заңнамасымен  жергiлiктi  атқарушы  органдарға  жүктелетiн  өзге  де 

өкiлеттiктердi жүзеге асырады;

Ескерту. 25-2-баппен толықтырылды - ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 

бастап  күшiне  енедi);  өзгерiстер  енгiзiлдi - ҚР 05.07.2011 № 452-IV 

(13.10.2011  бастап  қолданысқа  енгiзiледi); 21.01.2013 № 72-V  (алғашқы 

ресми  жарияланғанынан  кейiн  үш  ай  өткен  соң  қолданысқа  енгiзiледi) 

Заңдарымен.

 

25-3-бап.  Ауданның  (облыстық  маңызы  бар  қаланың)  жергiлiктi 



атқарушы органының құзыретi 

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы:



Мемлекеттік тіл саясаты

68

1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында тiлдердi қолдану 



жəне  дамытудың  өңiрлiк  бағдарламасын  iске  асыру  жөнiндегi iс-шаралар 

жоспарын əзiрлейдi жəне оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi;

2) мемлекеттiк тiлдi жəне басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық 

(облыстық маңызы бар қала) деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;

3)  облыстардың  атқарушы  органдарына  ауылдардың,  кенттердiң, 

ауылдық  округтердiң  атауы  жəне  олардың  атауларын  өзгерту,  сондай-ақ 

олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;

4) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының 

заңнамасымен  жергiлiктi  атқарушы  органдарға  жүктелетiн  өзге  де 

өкiлеттiктердi жүзеге асырады.



Ескерту. 25-3-баппен  толықтырылды - ҚР 20.12.2004 № 13  Заңымен 

(01.01.2005 бастап күшiне енедi); өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 05.07.2011 № 452-

IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгiзiледi); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы 



ресми  жарияланғанынан  кейiн  үш  ай  өткен  соң  қолданысқа  енгiзiледi) 

Заңдарымен.

25-4-бап. Қазақстан Республикасы тiл туралы заңнамасының 

сақталуын мемлекеттiк бақылау

Қазақстан Республикасы тiл туралы заңнамасының сақталуын мемлекет-

тiк бақылау тексеру нысанында жəне өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

Тексеру  «Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттiк  бақылау  жəне 

қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жүзеге асы-

рылады.


Мемлекеттiк  бақылаудың  өзге  де  нысандары  осы  Заңға  сəйкес  жүзеге 

асырылады.

 Ескерту. 25-4-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы 

ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа ен-

гiзiледi) Заңымен.

25-5-бап. Ономастика жұмысының критерийлерi

Қазақстан  Республикасының  аумағындағы  əкiмшiлiк-аумақтық  бiрлiк-

терге,  елдi  мекендердiң  құрамдас  бөлiктерiне,  əуежайларға,  порттарға,  те-

мiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, 

автовокзалдарға,  автостансаларға,  физикалық-географиялық  жəне  мемле-

кет  меншiгiндегi  басқа  да  объектiлерге  атау  беру  жəне  оларды  қайта  атау, 

сондай-ақ  олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту 

жəне мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға 

жеке адамдардың есiмдерiн беру жөнiндегi ономастика жұмысының крите-

рийлерi:


1) тарихи, географиялық, табиғи жəне мəдени ерекшелiктердi ескеру;

2) əдеби тiл нормаларына сəйкестiк;

3)  бiр  əкiмшiлiк-аумақтық  бiрлiктiң  шегiндегi  елдi  мекендерге,  елдi 

мекендердiң құрамдас бөлiктерiне бiр атауды бiр мəрте ғана беру;

4) жеке адамның есiмiмен аталған, ол берiлген (өзгертiлген) күннен бас-


Мемлекеттік тіл саясаты

69

тап кемiнде он жыл өткен соң берiлген есiмдi қайта атау, оны өзгерту;



5) аса көрнектi мемлекет жəне қоғам қайраткерлерiнiң, ғылым, мəдениет 

қайраткерлерiнiң  жəне  Қазақстан  Республикасы  мен  əлемдiк  қоғамдастық 

алдында еңбек сiңiрген басқа да жеке адамдар қайтыс болған күннен бастап 

кемiнде бес жыл өткен соң олардың есiмдерiн беру болып табылады.

  Ескерту. 5-тарау 25-5-баппен  толықтырылды - ҚР 21.01.2013 № 

72-V  Заңымен  (алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейiн  үш  ай  өткен  соң 



қолданысқа енгiзiледi).

26-бап. <*> 

Ескерту. 26-бап  алынып  тасталды - Қазақстан  Республикасының 

2004.12.20. № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен. 

6-тарау. ТIЛДI ШЕТ ЕЛДЕРМЕН ЖƏНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 

ҰЙЫМДАРМЕН ҚАТЫНАСТАРДА ПАЙДАЛАНУ

27-бап. Тiл - халықаралық қызметте

Қазақстан  Республикасының  дипломатиялық  өкiлдiктерi  мен  Қазақстан 

Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкiлдiктерiнiң қызметi 

мемлекеттiк  тiлде,  қажет  болған  жағдайда  басқа  да  тiлдердi  пайдаланып 

жүзеге асырылады. 

Екiжақты  халықаралық  шарттар,  əдетте,  уағдаласушы  тараптардың 

мемлекеттiк  тiлдерiнде  жасалады,  көпжақты  халықаралық  шарттар  оған 

қатысушылардың келiсiмiмен белгiленген тiлдерде жасалады.

Қазақстан  Республикасында  басқа  мемлекеттер  өкiлдерiмен  өткiзiлетiн 

ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар басқа тiлдерге аударылып, мемле-

кеттiк тiлде жүргiзiледi. 


Мемлекеттік тіл саясаты

70

Қазақстан Республикасының əкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 Заңы

МАЗМҰНЫ


Ескерту. Мəтiнде «бөлiм» деген сөздiң алдындағы «I - IV» деген цифр-

лар  тиiсiнше «1 - 4» деген  цифрлармен  ауыстырылды - ҚР 20.12.2004 № 

13 (01.01.2005 бастап күшiне енедi) Заңымен.

 РҚАО-ның ескертпесi!

Ескерту.  Бүкiл  мəтiн  бойынша  «поселке», «поселкелер», «поселкелер-

ге», «поселкелерi», «поселкелердi», «поселкелердiң»  деген  сөздер  тиiсiнше 

«кент», «кенттер», «кенттерге», «кенттерi», «кенттердi», «кенттердiң» 

деген  сөздермен; «ауыл  (село)», «ауылдық  (селолық)», «ауылдардың 

(селолардың)», «ауылдарды (селоларды)», «ауылдар (селолар)», «ауылдарға 

(селоларға)»  деген  сөздер  тиiсiнше  «ауыл», «ауылдық», «ауылдардың», 

«ауылдарды», «ауылдар», «ауылдарға» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 

21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш ай өткен соң 

қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

1-бөлiм. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Қазақстан Республикасы əкiмшiлiк-аумақтық

құрылысының жүйесi 

Қазақстан  Республикасы  əкiмшiлiк-аумақтық  құрылысының  жүйесiне 

мынадай  əкiмшiлiк-аумақтық  бiрлiктер  кiредi:  ауыл,  кент,  ауылдық  округ, 

қаладағы аудан, қала, аудан, облыс.

 2-бап. Əкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң категориялары 

 

Қазақстан  Республикасы  аумағының  республикалық  жəне  жергiлiктi 



мүдделерiн  қолайлы  ұштастыру  негiзiнде  мемлекеттiк  басқаруды  жүзеге 

асыру негiзгi екi категорияға - аймақтарға жəне елдi мекендерге бөлiнедi.

Аймақ - республиканың бiрнеше елдi мекендерi енгiзiлетiн, оның мүддесi 

үшiн құрылатын жəне басқарылатын республика аумағының бiр бөлiгi.

Республикалық əкiмшiлiк-аумақтық құрылыстың негiзгi буындары ретiн-

де облыс, аудан жəне ауылдық округ аймақтар болып табылады.

Елдi  мекен - республика  аумағының  халық  жинақы  орналасқан,  кемiн-

де 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылық жəне басқа қоғамдық қызметi 

нəтижесiнде қалыптасқан, заңда белгiленген тəртiпте есепке алынған жəне 

тiркелген, жергiлiктi өкiлдi жəне атқарушы органдар басқаратын бiр бөлiгi.



Мемлекеттік тіл саясаты

71

Қазақстан  Республикасы  аумағындағы  елдi  мекендер  қалалық  жəне 



ауылдық елдi мекендерге бөлiнедi.

Қалалық  елдi  мекендерге  республикалық,  облыстық  жəне  аудандық 

маңыздағы  қалалар,  сондай-ақ  олардың  əкiмшiлiк  бағыныстылығының 

аумағындағы  кенттер;  ауылдарға - олардың  əкiмшiлiк  бағыныстылығына 

қарамастан қалған барлық елдi мекендер жатады.

Елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерi болады.

Шағын  аудандар,  алаңдар,  даңғылдар,  бульварлар,  көшелер,  тұйық 

көшелер,  саябақтар,  скверлер,  көпiрлер  жəне  басқа  да  бөлiктер  елдi 

мекендердiң құрамдас бөлiктерi болып табылады.

Халқының саны 400 мың адамнан асатын облыстық маңызы бар қаладағы, 

республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан қаладағы аудан бо-

лып табылады.



Ескерту. 2-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 11.05.2004 № 552 (қолданысқа 

енгiзiлу тəртiбiн 2-баптан қараңыз), 04.11.2006 № 184 (01.01.2007 бастап 

қолданысқа енгiзiледi); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан 

кейiн үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 3-бап. Қалалар мен басқа елдi мекендердiң категориялары 

 

Қалалар жəне басқа елдi мекендер:



1) республикалық маңыздағы қалаларға бөлiнедi, бұларға ерекше мемле-

кеттiк маңызы бар жəне, əдетте, бiр миллион адамнан астам халқы бар елдi 

мекендер жатқызылуы мүмкiн;

2) облыстық маңызы бар қалаларға бөлiнедi, бұларға саны 50 мың адам-

нан  асатын,  дамыған  өндiрiстiк  жəне  əлеуметтiк  инфрақұрылымы  бар, iрi 

экономикалық  жəне  мəдени  орталықтар  болып  табылатын  елдi  мекендер 

жатқызылуы мүмкiн;

3) аудандық маңызы бар қалаларға бөлiнедi, бұларға аумағында өнеркəсiп 

орындары, коммуналдық шаруашылығы, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, оқу 

жəне мəдени-ағарту, емдеу мен сауда объектiлерiнiң дамыған жүйесi, кемiн-

де 10 мың адам халқы бар, оның халқының жалпы санының үштен екiсiнен 

астамы  жұмысшылар,  қызметшiлер  мен  олардың  отбасы  мүшелерi  болып 

табылатын елдi мекендер жатқызылуы мүмкiн;

4) кенттерге бөлiнедi, бұларға өнеркəсiп орындарының, құрылыстардың, 

темiр жол стансаларының жəне басқа экономикалық маңызды объектiлердiң 

жанындағы, кемiнде 3 мың адамы бар, оның кемiнде үштен екiсi жұмысшылар, 

қызметшiлер жəне олардың отбасы мүшелерi болып табылатын елдi мекен-

дер жатқызылуы мүмкiн;

кемiнде екi мың адам халқы бар, оның жыл сайын емделу мен тынығу 

үшiн  келетiндер  саны  кемiнде  тең  жартысын  құрайтын,  емдiк  маңызы  бар 

жерлерде  орналасқан  елдi  мекендер  де  кенттерге  теңестiрiледi;  оларға 

қалалықтардың  жазғы  демалыс  орындары  болып  табылатын,  ересек  хал-

қының кемiнде 25 процентi ауыл шаруашылығымен ұдайы айналысатын сая-

жай кенттерi де жатқызылуы мүмкiн;

5)  ауыл - саны  кемiнде 50 адам  болатын,  халқының  кемiнде  жартысын 

ауыл,  орман  жəне  аңшылық  шаруашылығында,  бал  ара  шаруашылығында, 



Мемлекеттік тіл саясаты

72

балық  аулау  мен  балық  өсiру  шаруашылығында  жұмыс  iстейтiн 



қызметкерлер, олардың отбасы мүшелерi жəне денсаулық сақтау, əлеуметтiк 

қамсыздандыру, бiлiм беру, мəдениет жəне спорт мамандары құрайтын елдi 

мекен;

6)  халқының  саны  кемiнде 50 адам  шаруа  жəне  басқа  да  қоныстар  ең 



жуық елдi мекеннiң құрамына енгiзiледi.

Ескерту. 3-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 04.11.2006 № 184 (01.01.2007 бас-

тап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 

 

4-бап. Қазақстан Республикасының əкiмшiлiк-аумақтық құрылыс 



туралы заңнамасы 

1.  Қазақстан  Республикасының  əкiмшiлiк-аумақтық  құрылыс  туралы 

заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi жəне 

осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық ак-

тiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта 

осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық 

шарттың ережелерi қолданылады. 



Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.04.2009 № 154-IV Заңымен. 

5-бап.  Əкiмшiлiк-аумақтық  бiрлiктердi  құру,  тарату,  олардың  ше-

караларын  белгiлеу  жəне  өзгерту,  оларға  ат  қою  жəне  олардың  атын 

өзгерту туралы шешiмдер қабылдайтын органдар 

 

Қазақстан  Республикасының  Президентi  мен  Үкiметi,  жергiлiктi  өкiлдi 



жəне атқарушы органдар өз өкiлеттiктерi шегiнде əкiмшiлiк-аумақтық бiр-

лiктердi  құру  жəне  тарату,  олардың  шекараларын  белгiлеу  жəне  өзгерту, 

оларға ат қою мен олардың атын өзгерту туралы шешiмдер қабылдайды.

Ескерту. 5-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң19.12.1995 № 2691 

Жарлығымен.

 6-бап. Облыстар мен аудандарға, қалаларға ат қою мен олардың ат-

тарын өзгертуге байланысты шығындар

 

Облыстарға, аудандарға, қалаларға ат қою мен олардың аттарын өзгертуге 



байланысты шығындар бюджет қаражаты есебiнен жұмсалады.

Ескерту. 6-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бас-

тап күшiне енедi) Заңымен. 

7-бап. Ономастика комиссиялары

 

Ономастика  комиссиялары  Қазақстан  Республикасының  аумағындағы 



əкiмшiлiк-аумақтық  бiрлiктерге,  елдi  мекендердiң  құрамдас  бөлiктерiне, 

əуежайларға,  порттарға,  темiржол  вокзалдарына,  темiржол  стансаларына, 

метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-

географиялық жəне мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру 



Мемлекеттік тіл саясаты

73

жəне оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау 



мен  өзгерту  жəне  мемлекеттiк  заңды  тұлғаларға,  мемлекет  қатысатын 

заңды  тұлғаларға  жеке  адамдардың  есiмдерiн  беру,  сондай-ақ  Қазақстан 

Республикасының  тарихи-мəдени  мұрасының  құрамдас  бөлiгi  ретiнде  та-

рихи  атауларды  қалпына  келтiру,  сақтау  жөнiндегi  жұмысты  ретке  келтiру 

мақсатында құрылады.

Қазақстан  Республикасының  Үкiметi  жанынан  Республикалық  ономас-

тика  комиссиясы,  облыстардың,  республикалық  маңызы  бар  қалалардың, 

астананың жергiлiктi атқарушы органдары жанынан облыстық ономастика 

комиссиялары, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономас-

тика комиссиялары құрылады.



Ескерту. 7-бап  жаңа  редакцияда - ҚР 21.01.2013 № 72-V  Заңымен 

(алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейiн  үш  ай  өткен  соң  қолданысқа  ен-

гiзiледi).

 8-бап. Əкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердi есепке алу мен тiркеу, олар-



ды есептi деректерден шығару 

Тұрақты халқының саны елу адамнан асатын жəне дербес елдi мекендер 

деп саналатын қоныстар есепке алынады жəне тiркелуге жатады.

Қызметтiк мақсаттағы объектiлер болып табылатын жалғыз үйлер, фер-

малар, қоныстар (орманшылардың, жол қараушылардың, жол шеберлерiнiң 

үйлерi,  зайымкелер,  қыстаулар,  дала  қостары,  метеостансалар  жəне  т.б.) 

əкiмшiлiк немесе аумақтық тұрғыдан байланысты елдi мекендер құрамында 

есепке алынады.

Қалалардың,  кенттердiң  немесе  ауылдардың  құрамына  енгiзiлген  жəне 

олардың бiр бөлiгiне айналған елдi мекендер, сондай-ақ тұрғындарының бəрi 

кетiп  қалған  немесе  қоныс  аударған  қоныстар  дербес  əкiмшiлiк-аумақтық 

бiрлiктер мəртебесiнен айырылады жəне есептi деректерден шығарылады.



Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бас-

тап күшiне енедi) Заңымен. 

2 бөлiм. ƏКIМШIЛIК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС МƏСЕЛЕЛЕРIН 

ШЕШУ ЖӨНIНДЕГI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРГАНДАРДЫҢ 

ӨКIЛЕТТIКТЕРI

9-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiктерi

 

Қазақстан  Республикасының  Президентi  Қазақстан  Республика-



сы  Үкiметiнiң  ұсынуы  бойынша  жəне  жергiлiктi  өкiлдi  жəне  атқарушы 

органдардың пiкiрiн ескере отырып:

1) облыстар мен аудандарды құрады жəне таратады, олардың əкiмшiлiк 

орталықтарын белгiлейдi жəне көшiредi;

2)  республикалық  маңызы  бар  облыстар  менқалалардың  шекараларын 

белгiлейдi жəне өзгертедi;



Мемлекеттік тіл саясаты

74

3) елдi мекендердi республикалық, облыстық жəне аудандық маңызы бар 



қалалардың санаттарына жатқызады, олардың бағыныстылығын белгiлейдi 

жəне өзгертедi;

4) облыстарға, аудандар мен қалаларға ат қою жəне олардың атын өзгерту, 

сондай-ақ  олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту 

мəселелерiн шешедi;

5) Қазақстан Республикасының Конституциясына жəне заңдарына сəйкес 

басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 19.12.1995 № 2691 

Жарлығымен,  өзгерiстер  енгiзiлдi - ҚР 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 



бастап  қолданысқа  енгiзiледi); 21.01.2013 № 72-V  (алғашқы  ресми 

жарияланғанынан кейiн үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 

10-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi



Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 

бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

 

Қазақстан Республикасының Үкiметi:



1) Қазақстан Республикасының Президентiне облыстар мен аудандарды 

құру жəне тарату, олардың əкiмшiлiк орталықтарын белгiлеу жəне өзгерту, 

облыстар  мен  республикалық  маңызы  бар  қалалардың  шекараларын  бел-

гiлеу жəне өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;

2)  Қазақстан  Республикасының  Президентiне  елдi  мекендердi 

республикалық,  облыстық  жəне  аудандық  маңызы  бар  қалалардың  кате-

горияларына  жатқызу,  олардың  бағыныстылығын  белгiлеу  жəне  өзгерту

туралы ұсыныстар енгiзедi;

3) Қазақстан Республикасының аумағындағы əуежайларға, порттарға, те-

мiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, 

автовокзалдарға,  автостансаларға,  физикалық-географиялық  жəне  мемле-

кет  меншiгiндегi  басқа  да  объектiлерге  атау  беру,  сондай-ақ  оларды  қайта 

атау,  олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту  жəне 

мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке 

адамдардың есiмдерiн беру қағидаларын бекiтедi;

4)  Республикалық  ономастика  комиссиясының  қорытындысы  негiзiн-

де  жəне  тиiстi  аумақ  халқының,  оның  жергiлiктi  өкiлдi  жəне  атқарушы 

органдарының пiкiрiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Прези-

дентiне облыстарға, аудандарға, қалаларға атау беру жəне оларды қайта атау, 

сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту ту-

ралы ұсыныстар енгiзедi;

4-1) Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негiзiнде 

Қазақстан  Республикасының  аумағындағы  əуежайларға,  порттарға,  темiр-

жол  вокзалдарына,  темiржол  стансаларына,  метрополитен  стансаларына, 

автовокзалдарға,  автостансаларға,  физикалық-географиялық  жəне  мемле-

кет  меншiгiндегi  басқа  да  объектiлерге  атау  беру,  сондай-ақ  оларды  қайта 

атау,  олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту  жəне 

мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке 

адамдардың есiмдерiн беру туралы шешiм қабылдайды;

5) <*>


Мемлекеттік тіл саясаты

75

6)  өзiне  Конституцияда,  осы  Заңда,  Қазақстан  Республикасының  өзге 



де  заңдарында  жəне  Қазақстан  Республикасы  Президентiнiң  актiлерiнде 

жүктелген өзге де функцияларды орындайды.



Ескерту. 10-бапқа  өзгерiс  енгiзiлдi - ҚР  Президентiнiң 19.12.1995 № 

2691 Жарлығымен; өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бас-

тап  күшiне  енедi); 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап  қолданысқа 

енгiзiледi); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш 

ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

3-бөлiм. ЖЕРГIЛIКТI ӨКIЛДI ЖƏНЕ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ 

ƏКIМШIЛIК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС МƏСЕЛЕЛЕРIН ШЕШУ 

ЖӨНIНДЕГI ӨКIЛЕТТIКТЕРI

11-бап. Облыстық өкiлдi жəне атқарушы органдардың  өкiлеттiктерi 

Облыстық өкiлдi жəне атқарушы органдар бiрлескен шешiмiмен:

1)  Қазақстан  Республикасының  Үкiметiне  облыстың  шекарасын 

өзгерту  туралы,  облыс  аудандарын  құру  жəне  тарату,  олардың  əкiмшiлiк 

орталықтарын белгiлеу жəне көшiру туралы, елдi мекендердi республикалық, 

облыстық жəне аудандық маңызы бар қалалардың категорияларына жатқызу 

туралы ұсыныстар енгiзедi;

2) Үкiметiмен келiсiм бойынша облыс аудандарының, облыстық маңызы 

бар қалалардың шекараларын белгiлейдi жəне өзгертедi; сондай-ақ аудандық 

маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердiң шекараларын белгiлейдi жəне 

өзгертедi; кенттердi, ауылдарды бiр ауданнан екiншi ауданға немесе қалалық 

өкiмет органдарының əкiмшiлiк бағынысына беру туралы мəселелердi ше-

шедi;

3)  аудандық  (облыстық  маңызы  бар  қаланың)  өкiлдi  жəне  атқарушы 



органдарының пiкiрiн ескере отырып, қала емес елдi мекендердi осы Заңмен 

белгiленген  басқа  елдi  мекендердiң  категорияларына  жатқызады;  кенттер-

дi,  ауылдарды,  ауылдық  округтердi  құрады,  таратады  жəне  қайта  құрады, 

сондай-ақ олардың бағыныстылығын өзгертедi;

4) тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, аудандардың жергiлiктi 

өкiлдi жəне атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстық ономасти-

ка  комиссиясының  қорытындысы  негiзiнде  ауылдарға,  кенттерге,  ауылдық 

округтерге  атау  беру,  оларды  қайта  атау,  сондай-ақ  олардың  атауларының 

транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөнiндегi мəселелердi шешедi;

4-1) тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, Республикалық оно-

мастика  комиссиясының  қорытындысы  негiзiнде  облыстық  маңызы  бар 

қалалардың қаладағы аудандарына, құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды 

қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен 

өзгерту жөнiндегi мəселелердi шешедi;

4-2) Республикалық ономастика комиссиясының қарауына əуежайларға, 

порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, автовокзалдарға, 

автостансаларға,  метрополитен  стансаларына,  физикалық-географиялық 

жəне мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ олар-



Мемлекеттік тіл саясаты

76

ды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту 



жəне мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға 

жеке адамдардың есiмдерiн беру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

5)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  жергiлiктi  өкiлдi  жəне 

атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Облыстық атқарушы органдар аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) 

атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстардың шекараларындағы 

қазiргi жəне жаңадан құрылатын əкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер мен жекеле-

ген елдi мекендердi есепке алады жəне тiркейдi, сондай-ақ оларды есептi де-

ректерден шығарады.

Ескерту. 11-бапқа  өзгерiс  енгiзiлдi - ҚР  Президентiнiң19.12.1995  № 

2691  Жарлығымен,  өзгерiстер  енгiзiлдi - ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 

бастап күшiне енедi), 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа 

енгiзiледi); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн үш 

ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет