Сборник школьных сочинений на патриотическую тему по ре зультатам Республиканского конкурса на лучшее школьное сочинение



Pdf көрінісі
бет25/71
Дата13.02.2017
өлшемі3,11 Mb.
#4011
түріСборник
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   71

Казахстан, армия, патриотизм

сударства. Мы должны изучать языки, путешествовать по миру, быть 

открытыми новым знаниям, любить и ценить Родину. Казахи говорят: 

«Нет земли лучше Родины, нет людей лучше, чем на Родине» («Туған 

жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас»). 

Молодое поколение должно опираться на опыт и мудрость стар-

шего поколения и выбрать верный путь к государству, где царят мир 

и спокойствие, где граждане свободны и равны, а власть справедлива 

и закон один для всех. Наше поколение должно научиться не только 

пользоваться ресурсами своей земли, но и поднять промышленность, 

которая будет производить товары, конкурентоспособные в мире. Я 

хочу показать Казахстан всему миру, так как его природа уникальна. 

Я хочу, чтобы мы были лучше своих родителей, ценили семью, были 

неравнодушны к чужому горю, чтобы в государстве не осталось оди-

ноких детей и стариков. Я хочу, чтобы образование и здравоохранение 

в нашей стране было лучшим в мире, чтобы студенты всей планеты 

мечтали учиться в этом государстве, а старики хотели бы поселиться 

здесь и встретить безбедную старость.

Казахстан – это страна, которой можно гордиться, которая застав-

ляет сердце ее народа биться чаще, когда звучит национальный гимн, 

поднимается флаг. Казахстан – это страна патриотов, которые уважа-

ют и любят свою Родину всем сердцем и делают все для ее процвета-

ния и дальнейшего развития.

Қадим Қымбат

М. Мәметова атындағы № 27 физика-математика

 бағытындағы мектеп лицейінің 10 сынып оқушысы, Орал қаласы

Ерлік - ұрпаққа ұран, елге – мұра

Ұшқан  құстың  қанаты  талып,  шығысынан  шыққан  күн  баты-

сына  әзер  жететін  кең  жазиралы  даланы  мекен  еткен  қазақ  деген 

іргелі  елміз.  Ғасырлар  бойы  осы  кең  дала  төсін  тұлпар  тұяғымен 

дүбірлеткен бағы мен соры кезектесе отырып, досқа ақ пейілін, қасқа 

найзасын,дауға  қылышын  сілтеген  ата-  бабамыздың  ғұмыр  бойы 

аңсағаны  да,  тілегені  де  –  еркіндік.  Болашақтан  үмітін  үзбеген  аға 

ұрпақ тағдырлары қаншама рет тағдыр таразысына түсіп, қыл үстінде 

тұрса да «құт дарып, қыдыр қонған» туған жерді көздің қарашығындай 

сақтай білді. Теңдік пен татулықты,елдік пен еркіндікті ту етіп ұстаған 



257

Сочинения школьников Западно-Казахстанской области

«бастаса қолдың көсемі, сөйлесе сөздің шешені» болған аталарымыз 

бен  найзаның  ұшы,  қылыштың  қыры,  садақтың  жебесіне  тайсал-

май қарсы тұрған аға-апаларымыздың арқасында еліміз «ақ түйенің 

қарны жарылған» тәуелсіздік таңына жетті. 

Тәуелсіздік...  Қандай  ыстық,  қарапайым  әрі  қасиетті  сөз.  Осы-

нау  қасиетті  ұғымды  аңсап  күткен  қазақ  баласы  екі  жарым  ғасыр 

бойы  дұғадай  жаттап,  ұрпақтан-ұрпаққа  найзаның  ұшы,қылыштың 

жүзімен, ата-баба қанымен аманат етті, намыс жігерін болат кездіктей 

жаныған  батыр  бабаларымыздың  азаттық  жолындағы  күрестері  – 

осының жемісі.

Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Бүгінгі ұрпақ егемендік 

ғасырлар бойғы күрестің, «Елім, жерім» деген жан дауыстың, қасық 

қандарын  қиып,  елі  үшін  жанын  пида  еткен  аға-апаларымыздың 

қанымен келгендігін есте сақтағанымыз жөн.

«Ерлік  –  ұрпаққа  ұран,  елге  –  мұра  »деген  бабалар  өсиетін 

бойына  дарытқан  халқымыз  бүгінде  жас  ұрпақтың  бойындағы 

патриотизмді  дамыту  үшін  зор  көңіл  бөлуде  Елбасының  бастауы-

мен ұйымдастырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жас 

Ұлан» ұйымы – осының айқын көрінісі. Біз, жастар, «Бір жеңнен қол, 

бір  жағадан  бас  шығарып»,  бір  қозғалысқа  бірігіп,  биік  асуларды 

бағындыруымыз қажет. 

«Жас Ұлан» ұйымы осы игі істердің бастауы деп ойлаймын. Осы 

орайда  жас  ұрпақтың  болашағына  алаңдаулы  Нұрсұлтан  атамыз 

бен  еліміздегі  белсенді  жастардың  ойы  ұштасып  жатқандай.  Себебі 

құрамына  оқу  үлгерімімен,  үлгілі  тәртібімен  көзге  түскен  үздік 

оқушыларды қабылдайтын ұйымның мақсаты – елім деп еміренген, 

батыр да дана, ақылды да айбарлы, сәулелі де сезімді, ұшқыр да озық 

ойлы,  саналы  да  үмітті  ұрпақ  тәрбиелеу  болып  отыр.  Бүгінгі  кезде 

рухани  дүниесі  кең,  ұлтын  сүйетін,  білімге  деген  құштарлығы  мол, 

дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды қастерлейтін жас азамат 

қалыптастыруда ұйымның атқарар жұмыстары көп екендігіне сенімім 

мол.  Қазіргідей  жаһандану  кезеңінде  ұлттық  құндылықтар  әлсіреп, 

замандас  ұл-қыздарымыз  қазақы  болмысымызға  сай  келмейтін 

әрекеттерге бой ұрып жатқан бүгінгі заманда қоғамымызға осындай 

ұйымдар қажет-ақ. Менің ойымша, жас ұрпақты ұлтжандылық рухта 

тәрбиелеу үшін ұлттық идеологиямыз мықты болуы керек. Сондықтан 

да  осындай  ұйым  тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарында-ақ  құрылуы 

керек еді деген ой да келеді. «Дегенмен, ештен кеш жақсы» дегендей, 

ұйым  жас  өскіндердің  талай  ізгілікті  шарасына  арқау  болып,тәрбие 



258

Казахстан, армия, патриотизм

жұмысына жәрдемін тигізіп, патриоттық сезімнің мән-мазмұнын бай-

ыта түсетініне кәміл сенемін.

Иә, мен күні күлімдеген, таңы жарқыраған тәуелсіздіктің жиыр-

масыншы жылын артқа тастаған ұлан-ғайыр кең даласы,жаны жайсаң 

жомарт халқы бар Қазақстан деген үлкен әрі қуатты елдің ұланымын. 

Ел тәуелсіздігінің болашағы мен тағдыры жастардың саяси-азаматтық, 

рухани  бағдар  –  ұстанымына,  патриотизміне,  қандай  азаматтық 

құндылықтарды қастерлеп бағалайтындығына тікелей байланысты. 

Сондықтан да туған жерімізді, телегей теңізімізді, ұшар басын мәңгі 

қар басқан зеңгір тауды, көкпеңбек орман-тоғайды,көз жеткізгісіз да-

ламызды қорғап, қастерлеу егеменді елдің төл перзенттері, тәуелсіз 

мемлекеттің  ұландары  –  біздің  міндетіміз  деп  ойлаймын.  Елбасы-

мыз  Н.Ә.Назарбаев:  «Болашақтың  іргесін  бірге  қалайық!»  дегендей, 

болашағымызды бірге кемелдендірейік, Жас ұландар!

Рахметоллина Алина

 9 класс СОШ № 40 г. Уральск



Моя Родина

Думая о родине, мы думаем о той великой и прекрасной стране, в 

который родились, связываем свою родину со сложной и интересной, 

насыщенной и, иной раз, даже трагической историей родной земли.

Моя Родина – Казахстан. Казахстан гордится храбрыми батырами, 

талантливыми  поэтами  и  акынами,  писателями,  которые  воспевали 

любовь к казахской земле, призывали любить и уважать друг друга, 

сохранять мир и заботиться о будущем.

Моя Родина – государство, которое находится в Центральной Азии 

и Восточной Европе. Все, чем богата наша земля, вызывает у меня ува-

жение и чувство гордости. Безграничной радостью наполняется серд-

це, когда слышу слова восхищения о нашем крае, о Казахстане. На ка-

захской земле под одним шаныраком живут и трудятся люди более ста 

двадцати национальностей.

Столицей Казахстана является Астана. Это очень красивый город. 

Там живет наш Президент – Нурсултан Абишевич Назарбаев. Он уже 21 

год правит нашим государством. И благодаря ему, наш народ процве-

тает с каждым днем. Я учусь в школе №40. В свободное время я инте-



259

Сочинения школьников Западно-Казахстанской области

ресуюсь биологией и географией. Я хотела бы рассказать о растениях 

Казахстана. 

В Казахстане свыше шести тысяч видов растений. Бетпак-Дала - 

занимающая пространство между озером  Балхаш и реками Чу и Сары-

су. Песчаные пустыни представлены в Казахстане такими массивами 

как Кызылкум (к западу от реки Сырдарья), Мойынкум (южнее Бет-

пак-Далы и реки Чу). Чаще всего барханы покрыты саксаулом и песча-

ной акацией. И все это просторы нашей страны

 Я люблю свою Родину, которой я горжусь и ценю!



 Өтегенов Жарқын

8 сынып, №40 ЖОББМ оқушы Орал қаласы



XXI ғасырдың көшбасшылары

Өз ортасында беделі биік, қандай қадам жасаса да, нық сеніммен 

алға жүретін адам нағыз көшбасшы бола алады.

Жауапкершілік, терең ой, батылдық, тапқырлық сынды қасиеттер 

жаңа заман көшбасшыларының бойында болуы тиіс. Қазіргі жастар, 

яғни XXI ғасырдың ұрпағы бұл қасиеттердің барлығына ие десем қате 

болмас. Олардың әрқайсысы ақылды, белсенді болып өсіп, болашаққа 

жаңа қадам жасайтын көшбасшылар. Мемлекетіміздегі, қоғамдағы са-

лалар осындай жандардың арқасында дами түсіп, үлкен жетістіктерге 

жетуде.  Олар  әлемдік  ареналарда  Отанымыздың  мәртебесін  биікке 

көтеруде.

Біздер  XXI  ғасырдың  көшбасшылары,  Қазақстанның  болашағы 

өзімізді  бар  қырымыздан  танытып,  жан-  жақты  болуға  тырысу-

дамыз.  Әрбір  күнімізді  өте  тиімді  өткізудеміз,  өйткені  біздер  өнер 

саласында  талантымызды  шыңдасақ,  білім-  ғылым  жағынан  да 

бәйгелерден сүрінбей өтудеміз. Дебаттар, конференциялар, байқаулар 

біздерді  бәсекелестікке  емес,  алға  ұмтылуға  жетелеуде.  Рухани 

құндылықтарымызды дәріптей отырып, ішкі жан дүниемізді байыта 

түсудеміз.

Болашағымыздың  жарқын  болуын  тілейтін  біздер  үнемі 

ізденіс  үстінде  жүреміз,  жаңа,  тың  дүниелердің  жұмбағын  шешуге 

тырысамыз.  Ұлтымыздың  өткенін,  салт-дәстүрін  құрметтей  оты-

рып,  жаңашыл,  батыл  қадамдар  жасап,  тәуекелге  бел  буып,  қиын 

шешімдер қабылдаудан еш жасқанбаймыз. Оқу орындарында ресми, 



260

Казахстан, армия, патриотизм

мерекелік  шаралар  ұйымдастырып,  егде  жастағы  адамдарға  көмек 

қолын созып, өзімізден кішілерге қолдау көрсетудеміз. Мүмкіндіктері 

шектеулі, қиын жағдайдағы пенделерді материалдық жағынан болма-

са да, рухани жағынан демеудеміз. Тақырыптары, мақсаттары әртүрлі 

акциялардың, флеш-мобтардың ортасынан табыламыз. Дәл осындай 

көшбасшы  болудың  арқасында  өзімізді,  келешек  ұрпақты  ешқандай 

пайда  алып  келмейтін  зиянды  әдеттерден  алшақтатамыз.  Салауат-

ты өмір салтын ұстанудың көмегімен,спорттық сайыстарға қатысып, 

денсаулығымызды сақтаймыз. 

Патриоттық  сезімімізді  оятып,  жандандырып,  еліміздің, 

ата-анамыздың,  ұстаздарымыздың,  бізге  сенетін  адамдардың 

мерейін  үстемдету  үшін,  олардың  үмітін  ақтау  үшін  еш  аянбаймыз. 

Қазақстанның бар жас ұрпағы өздерін нағыз көшбасшы болуға жете-

лесе деймін...

Каиргалиева Айжан

8 сынып, Қ. Мырзалиев атындағы

жалпы орта білім беретін мектеп, Казталов ауданы

Мен Тәуелсіз елдің ұланымын

Қазақстан  –  қазақ  халқының  ата-баба  мекені,  ежелгі  қонысы. 

Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі 

ұлттардан  құрылған  халқымен  ерекшеленеді.  Тарихы  сан  ғасырдың 

тереңіне  кететін  халқымыздың  қазақ  аталған  бертінгі  дәуірінде  ел 

бастаған  көсемдер,  сөз  бастаған  шешендер,  «ертеден  шапса,  кеш-

те озған, ылдидан шапса, төске озған» жүйрік ақындар, ердің құнын 

екі-ақ  ауыз  сөзбен  шешкен  дана  билер,  қалың  жауға  қарсы  шапқан 

ержүрек  батырлар,  ел  қамын  жеген  ардақты  аналар  аз  болмаған. 

Олардың есімдері халық аузында да, жазба әдебиеттерде де өз орнын 

тапқан.

 Жұмыр жердің тыныс тіршілігін жіті бағып, оның тағдырын, асы-



лы мен жасығын тарих таразысына салып, зерделеген – ұлы көне өмір 

көші.  Осы  көште  қарға  тамырла  қазақ  халқының  қатпар-қатпар  та-

рих қойнауына көз жүгіртсек, шулы ғасырдың жұмыр басты пенденің 

шақшадай  басын  шарадай  етіп,  шаршы  топты  шырғалаңға  тартқан 

шағы да, еьегін жаспен жуған қасіреті де жеткілікті.


261

Сочинения школьников Западно-Казахстанской области

Өткен  талай  замандарда  ата-бабам  аңсап  кеткен  азаттық, 

Тәуелсіздік ұғымы – қастерлі де қасиетті ұғым. Тарих парақтарын са-

ралап қарасақ, қазақтың өрлігі мен ерлігі, қайсарлығы мен қайтапас 

мінезі, жаужүректігіне куә боламыз. Иә, жері мен елі, Отаны үшін аян-

бай қызмет етіп, әділдікті жақтап, шындық жолын қуып, жанын пида 

етуге әрдайым дайын болған батырларымыз аз емес қой. Сол батыр 

бабаларымыздың ұрпағы, бүгінгі жастар – бабалар аманаттап кеткен 

ұлан-ғайыр жердің иесі, ел ертеңі.

Еліміздің жедел дамитынынасенімдімін. Себебі, елдің болашақта 

тізгінін  ұстайтын  ұлдарымыздың  бойында  тектілік,  дарын  бар. 

«Қазақтар талай жерде тұтасымен қырылып қалуға шақ қалды. Бірақ, 

өмірге  құштарлық  қайтадан  жығылған  еңсені  көтеріп,  тәуекелге 

бел буғызады», - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, арттағы 

ерлігімізді мақтан тұтып, жарқын болашағымыздан үміт күткен жас 

ұландармыз.

«Не  деген  бақытты  еді  келер  ұрпақ»  деп  XXғасырдағы  қазақ 

өлеңінің хас шебері Қ. Аманжолов жырлағандай, тәу етер тәуелсіздігін 

аталған тұстағы қазақ жұртының ұл мен қызының бақ-тәлейі бөлек-

ақ. Олай дейтінім: білектің күші, найзаның ұшымен келіп, Абылай хан 

арман еткен тәуелсіздік, еркіндікке қол жеткіздік.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары, бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі! 

– дегендей, ел болашағы – жастардың қолында. Қазір XXI ғасыр – жаңа 

ұрпақ  кезеңі.  Сондықтан  Елбасымыз  бен  Үкімент  жастардың  апалы 

білім алуына жете көңіл бөліп отыр.

«Болашақ»  бағдарламасы  бойынша  жүздеген  дарынды  ба-

ралар  шет  елдерде  білім  алуда.  Облыс  орталықтарында  дарын-

ды  балаларға  арналған  мектеп-интернаттар  бар.  Барлық  мектеп-

тер  компьютерлендірілуде,  жаңа  оқу  орындары  ашылуда.  Айта 

берсек, жасалған жақсылықтарға біздердің, жастардың, жақсылықпен 

қайтарымы  болуы  керек.  Бос  сандалыс,  жүріс  пен  «дайын  асқа 

тік  қасық»  тірліктен  гөрі,  ел  болашағы  –  басқа  емес,  біздер  екенін 

толыққанды ұғуымыз қажет. Мемлекетіміздің болашағы бізге тәуелді. 

Сондықтан ел дамуына үлкен үлес қосуымыз қажет. Соның бір дәлелі 

– «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарының мүшелері.

«Жас  Ұлан»,  «Жас  Қыран»  балалар  мен  жасөспірімдер  ұйымына 

2-толқын қаьылдау рәсімі өтіп, оған біздің мектебімізден ең белсенді 

деген бірнеше оқушы қабылданды. Бұл – біздің мектебіміз үшін үлкен 

мақтаныш.  Жас  Ұланға  қабылданып,  мойнына  галстук,  кеудесіне 


262

Казахстан, армия, патриотизм

төсбелгі тағылған оқушылардың жүзінен патриоттық сезімдері, өз От-

анына деген берік сенімділігі мен махаббаттары есіп тұрды.

Біз  –  еліміздің  патриотымыз,  сондықтан,  негізгі  тірегіміз 

мемлекетіміз  болып  табылмақ.  Мұндай  ұйымда  мектебіміздің  ең 

белсенді және ең білімді оқушылармен жұмыстану – мен үшін үлкен 

мақтаныш.  Тәуелсіз  елімнің  шынайы  патриоты  болғандықтан 

Елбасымыздың бастамасымен құрылған «Жас Ұлан» ұйымына мүше 

болу  үлкен  жауапкершілікті  талап  етеді.  «Еліңнің  ұлы  болсаң,  еліңе 

жаның  ашыса,  азаматтық  намысың  болса,  қазақтың  ұлттық  жалғыз 

мемлекетінің  нығайып-көркеюі  жолында  жан  теріңді  сығып  жүріп 

еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екенін ұмытпа!» - деп Елбасы-

мыз айтқандай, мен бүгін партада отырған шәкірт болсам, болашақта 

жоғары білім алып, елімнің дамуына өз үлесімді қосқым келеді. 

Отан! Бүгінгі таңда саған деген махаббатымды үздік оқуыммен, 

өнеріммен,  талабыммен,  бақытты  болашаққа  ұмтылысыммен 

дәлелдермін!

Еліме  деген  махаббат-жүоегімнің  түкпірінде  орналасқан  мәңгі 

алауы  өшпес  жанып  жатқан  шырақ.  Жалын  маздайды,  жанады,  от 

болып  лаулайды.  Оны  Сібірден  соққан  суық  жел  де  өшіре  алмайды, 

көзімнен  жас  шығаратын  ызғарлы  аяз  да,  мейлі,  жер  айналып,  тау 

құлап, аспан көшсін, бірақ Отанға деген адал махаббатымды ешқандай 

құбылыс өшіре алмайды.

Отан! Аман бол сен! Сен барда мен сенің перзентің, қанатыңмын! 

Сенің кәдеңе жарасақ – сол бақыт! Елім, жерім деп еміренген өршіл 

ақын Мағжан:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін!

– деп болашаққа жастарға үлкен сенім артқан. Ғасырдан ғасырға 

жібек желі болып жалғасып келе жатқан балалар аманатын орындап 

жалғастыру  біздің  еншімізге  тиген  ардақты  іс  екенін  жүрегімізбен 

сезініп,  мақтан  етеміз!  Себебі,  біз  –  көркейіп,  гүлденіп  келе  жатқан 

бейбіт те тыныш, Тәуелсіз еліміздің Жас Ұланымыз!


263

Сочинения школьников Западно-Казахстанской области

Демеуова Аяжан

 7 сынып оқушысы, Жаңажол жалпы орта

 білім беретін мектебі, Казталов ауданы

 

Еліміз артып отырған үлкен жауапкершілікке 



лайық болу – біздің тікелей міндетіміз

Тәуелсіздік...  Осы  сөзде  қаншама  мән,  шаттық,  бақыт  жа-

тыр  десеңізші!  Осы  бір  ғана  сөз  елдің  тыныштығын,азаттығын, 

бостандығын,  ынтымағын  білдіреді.  Осы  тәуелсіздікке  жету 

үшін  қанша  аға-апаларымыз  тер  төккен.  Міне,  сол  бір  ғана  сөздің 

арқасында алтын күн аспанымызда нұрын шашып тұр. Біздің ел – азат 

ел!  Тәуелсіздігінің  жиырма  жылдығын  тұғырға  байлаған  асқақ  ел. 

Осы  жиырма  жыл  ішінде  талай  жетістікке,  талай  күйініш-сүйінішке 

бөленіп, талай өрлеудің жолында келе жатырмыз. Еліміздің кірпішін 

қалаған Елбасымыз бар.

Ал  біз  болсақ,  тәуелсіздіктің  туы  желбіреген  жас  ұрпақпыз. 

Ел  сенімін  ақтар  ұланбыз.  Елбасымыз  бізді  бекерден  бекер  «Жас 

Ұлан»,  «Жас  Қыран»  деп  атамаған.  Бұның  астарында  үлкен  мән  жа-

тыр.  Бізді  қырандай  қырағы,  тұлпардай  жүйрік  болсын  деп,  бізге 

көп  көңіл  бөлген.  Арнайы  төсбелгі  мен  галстуктері  бөлінді.  Бұл 

дегеніміз біздің нағыз Ұлан, Қыран атануымыз. Яғни, осы атаққа ие 

болғандықтан,  сол  атаққа  сай  болуымыз  керек.  Ата-бабамыз  аңсап 

келген  тәуелсіздікті  қазіргі  таңда  мемлекет  болып,  ел  болып  өзінің 

баға жетпес нәзік байлығын біздің алақанымызға тапсырғалы отыр. 

Сондықтан да еліміздің ертеңі мен бүгінгі, атар таңы мен батар күні 

біздің қолымызда. 

Еліміз артып отырған үлкен жауапкершілікке лайық болу – біздің 

тікелей міндетіміз. Осыны бір сәтке де есімізден шығармай, өз-өзімізді 

қазірден  бастап  тәрбиелеуіміз  қажет  деп  білеміз.  Өйткені,  біз  сонау 

«Ақтабан  шұбырынды»  да  өз  елін  жаңғар  шапқыншыларына  бер-

мей  алып  қалған  Абылайдың,  қанды  майданда  жігерлі  бола  білген 

Бауыржанның,  сонау  майданда  елі  үшін  төсін  оққа  тіккен  қазақтың 

батыр  қаздары  Әлия  мен  Мәншүктің,  сонау  ижаңбырша  жауған 

оттың  арасында  Берлиннің  биік  шыңына  алғаш  туымызды  тіккен 

Р.  Қошқарбаевтің,  сонау  1986  жылы  16  желтоқсанда  тәуелсіздік  жо-

лында  құрбан  болған  Ләззат  пен  Қайраттың  ұрпағамыз.  Осынша-

ма  адамдардың  қанына  боялып,  қиындық  пен  уысымызға  түскен 

тәуелсіздігімізге немқұрайлы қарауға біздің қақымыз бар ма? Елімізді 


264

Казахстан, армия, патриотизм

дамыға елдердің алдыңғы қатарына енгізіп, ата-бабамыз өсиет етіп 

қалдырған кең-байтақ даласын бүкіл әлемге мойындатып, ұрпақтан 

ұрпаққа табыс ету біздің тікелей міндетіміз деп білеміз.

Біздің  әрбір  таңымыз  бойымызға  ата-бабаның  қанымен  сіңген 

отан сүйгіштікпен, еліне, жеріне деген ар-намысымызбен атауы керек. 

Біздің бағындырар биігіміз, алар шыңымыз әлі алдымызда. 

«Жас  Ұлан»  -  сені  өз  міндетіңе  жауапкершілікпен  қарауға 

шақырамыз!!!

 Ғиззат Әнел 

9 сынып оқушысы Ә.Молдағұлова атындағы

 № 38 мектеп-лицейі Орал қаласы

Жетекшісі: Ажкеева Гаухар



 Ұлттық мүдде – ел қазығы, ел бағы.

Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, 

азаматтық намысың болса, қазақтың 

ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып,

 көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. 

Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!













Н.Ә. Назарбаев

Шұғыласынан  нұр  шашып,  өз  жылуымен  жыл  басы  Наурыз  да 

келді. Қос етек көйлектері желбіреп, үкілері үлбіреп, шашбаулары сыл-

дырап, басқан іздері білінбей, белдерін қынай байлап, қазақ киімін ки-

ген менің сыныптастарым Наурыз мерекесіне дайындалуда. Қарағанда 

көз  тоятын  мұндай  әдемі  ұлттық  киімге  бай  сән  өнері,  күмбірлеген 

күй өнері, әуелеген ән өнері, таң қалдырған би өнері, ұлттық спорт, 

тағылымға  толы  ұлттық  салт-дәстүр  –  бәрі  менің  ұлтымның  тамы-

рын тереңге жайған текті халық екендігінің дәлеліндей. Мен өзімнің 

қазақ  болып  жаралғаныма  шын  бақыттымын.  Басынан  «ақтабан 

шұбырынды,  Алқакөл  сұламаны»  өткеріп,  жетпіс  жылдың  үстінде 

қызыл  империяның  құрамында  болған  біздің  елімізге,  ұлттық 

құндылықтарымызға  қызыға  да  қызғана  қараған  көршілеріміз  көп 

болғанына тарих дәлел: күштеп отарлау саясаты, ұжымдастыру, ұлт 

интеллигенттерінің репрессияға ұшырауы тарихқа қанмен жазылған 

кезеңдер  еді.  Осы  сұрапылдарда  ұлтымызды  ұлт  ретінде  жойылу-



265

Сочинения школьников Западно-Казахстанской области

дан  сақтаған  ұлттық  сана,  ұлттық  мүдде,  ұлттық  құндылық  еді.  Әр 

шаңырақ  жасырын  баласын  бесікке  салып,  сүндетке  отырғызып, 

шаңырақ көтеріп, Наурыз тойлап, көрісіп, салт – дәстүрді сақтап, келер 

ұрпағына жеткізді. Сондықтан да жерлесіміз Ж.Молдағалиев: 

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім,-

деп жырлады. Ата - бабаларымыз көздің қарашығындай сақтап, 

аманаттаған  ұлттық  құндылықтарды  сақтау  жүрегінде  «мен  – 

қазақпын!»  деген  әр  қазақ  баласының  борышы  деп  білемін.  Ереуіл 

атқа ер салып, найзамен ел намысын қорғаған бабалар заманы өтті. 

Бейбіт өмірде аттандамай келіп, қойны-қонышыңа кіріп, «төр менікі» 

дейтін жымысқы жаудан қорғанар сақтық пен барымызды әлемге паш 

етіп, мақтана көрсететін сұңғылалық менің замандастарымның бойы-

нан табылатынына сенемін. 

Патриот  деген  кім?  Ол  жарқыратып,  жалаулатып,  көрсетіп 

істейтін іс емес. Ол – пенденің өзінің ұлт перзентімін деп ұлттың «мен» 

дегізерлік қасиеттерін тануы.

Ол – пенденің ұлттық мүддеге табынуы.

Ол  –  пенденің  қара  басының  мақсатын  ұлттық  мүддеге 

бағындыруы.

Ол – пенденің ұлт үшін қабырғасы қайысып, қара нардай тартқан 

жүктен майысып, ағынан жарылуы. 

Ол – пенденің өз ұлтының шыққан тауы биік болсын деп, мәртебесі 

басқа халықтардан озсын деп, жеңісіне сүйсініп, сүрінгеніне күйініп, 

қуануы мен қамығуы. 

Ол – пенденің ұлтынан қол үзгенде өзегі өртеніп, көңілі құлазып, 

барын жоғалтқандай, аңсап сағынуы. 

Ол – ұлт басына күн туғанда ұлтын сүйгіш жанның керек жерден 

табылуы, ұлт намысын қорғауға дайындығы керек. 

Қорытып айтқанда, ұлттық намыс өз ұлтының «мен» дегізерлік 

қасиеттерін  қызғыштай  қорғайтын,  ұлтты  іргелі,  жоғары  деңгейге 

көтеруді  аңсайтын  да  қолдайтын,  ісімен  де  күшімен  де  ұлттық  на-

мыс  туын  көтеріп,  қара  басын,  керек  болса,  мәңгілікке  жолдайтын 

қаракет иесі. Әр патриот өзінің ұлттық санасына мығым болуы керек. 

Ал  ұлттық  санаға  идеология,  психология,  менталитет,  патриотизм, 



266


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет