Сборник состоит из четырех разделов: Государственный язык



Pdf көрінісі
бет4/29
Дата22.12.2016
өлшемі1,82 Mb.
#29
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Прохоревич В.М. Организация методической работы в школе // Завуч. 
Управление современной школой, 2006 г. – № 1.
2. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – Москва: Пе-
дагогика, 1989 г.
3. Шаталов В.Ф. Точка опры. – Москва, 1987 г.
4.  Ғалымжанова  М.А.  Коммуникативтік  қарым-қатынас  арқылы  білім 
сапасын көтеру // Открытая школа, 2006 г. – № 7.
Шаншарбаева А.Ж., мектеп-гимназия, Аягоз қаласы
МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ 
САБАҚТЫН ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
Жаңа ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға 
жаңаша  білім  беру  жолында  түбегейлі  өзгешеліктер  жүріп  жатыр. 
Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатұлы: «Жалғыз 
Шаншарбаева А.Ж.
МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ 
АРҚЫЛЫ САБАҚТЫН ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

34
сүйеніш,  жалғыз  үміт  –  оқуда.  Теңдікке  жетсек  те,  жұрттығымызды 
сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың 
арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Надан 
жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман» – деп ғылым, білім, оқудың 
маңызын қара халыққа көрсеткен [1].
Білімнің  сапасын  көтерудің  қазіргі  таңда  жолдары  көп.  Ең  ба-
стысы  білімді  де  білікті,  ұшқыр  ойлы  шығармашылық  қабілеті  мол 
ұстаздың шəкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі. 
Сапалы  білім  беру  дегеніміз  –  ғылымға  негізделген  жүйелі 
бағдарлама  бойынша  теориялық  практикалық  іске,  еңбекке  баулу 
дүниетанымын  кеңейту.  Баланың  бойындағы  бар  қабілетін  кемеліне 
келтіріп жетілдіру болып табылады [2].
Модульдік оқыту технологиясының негізі – модуль. Осы техноло-
гияны басшылыққа ала отырып, бағдарламада берілген тақырыптарды 
логикалық  бір  жүйеге  келтіріп,  модульдерге  бөлдім.  Бұл  модульдік 
оқытудың негізгі идеясы – жаңғырту. Оның мазмұны:
- оқытудың жалпы мақсатын қою; 
- жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу
- оқушылардың білім деңгейін алдын-ала бағалау;
- оқу əрекеттерінің жиынтығы;
- нəтижені бағалау.
Оқушыларды  оқу  мақсатымен  модульмен  таныстырамын. 
Оқушылар: оқу мақсатын, өзіне қойылатын талапты, лексикалық жəне 
грамматикалық  тақырыпты,  модульдің  мазмұнын,  жұмыс-үрдісін, 
нəтижесінің бағаланып жəне түзетіліп отыратынын біледі.
Оқыту модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады:
- кіріспе (модульге, тақырыпқа енгізу),
- сөйлесу бөлімі (оқушылардың өзара сөйлесуін ұйымдастыру),
- қорытынды бөлімі (бақылау, тест).
Əрбір оқу модуліндегі сабақ санының ауытқуы тақырыпқа байла-
нысты бестен тоғызға дейін тиімді деп есептеймін, себебі сөз қорының 
молаюы  аз  мөлшермен  беріліп  қайта-қайта  жаңартылып,  өз  пікірін 
ортаға сала алатындай болуы керек.
Сөйлесу  бөлімін  педагогика  жəне  психология  ғалымдарының 
жетістіктерін  басшылыққа  ала  отырып,  оқушылардың  қабылдау 
деңгейлері 
мен 
қабілеттеріне 
қарай 
ұйымдастырамын. 
М. 
Жанпейісованың  сөйлесу  бөлімін  құру  қағидаларына  сүйене  отырып, 
жеке тұлғаны дамытатын кез-келген əрекет емес орындау əрекеті екенін 
Раздел 1. 
Государственный язык как основа 
табильности независимого государства

35
ескере  отырып,  оқушының  танымдық  қызметпен  айналысуына,  ақыл-
ой жұмысына қанағаттануына жағдай жасаймын. Міндетті түрде, сабақ 
барысында, оқушының іс-əрекетінің төрт түрін: тыңдау, оқу, жазу жəне 
əңгімелесуді  қолданамын.  Модульдердің    нəтижелі  болуын  көздеп, 
сөйлесу сабағының түрін өзгерте отырып, əртүрлі белсенді формаларды 
пайдалану арқылы іске асырамын. Олар: топтық; жұптық; жеке топтық; 
ұжымдық.
Оқытудың  басты  ерекшелігі  –  оқушылардың  қарым-қатынасы 
арқылы тіл дамыту, тұлғаның дамуына жағдай жасау.
Оқушы + оқушымен + топпен + ұжыммен + мұғаліммен қатынаста 
болуына  жағдай  тудыру.  Сөйлесу  сабағы  үстінде  тапсырманың 
жеңілдігімен  күрделіге  қарай  бірнеше  іс-əрекет  формалары  ауысып 
отырады.  Мысалы:  сабақтың  басында  сөздікпен  жұмыс  жүргізгенде 
жұптық  немесе  бекіту  кезінде  топтық  форманы  немесе  жеке  топтық 
жұмысты қолданамын.
Осыған  орай  балалардың  өзіндік  жұмысын  ұйымдастырудың 
маңызы өте зор. Өйткені сол арқылы балалардың  іс-əрекетінің дербестігі 
артады, бала білімді болады. Балалардың өзіндік жұмысына мұғалімнің 
тапсырмасы бойынша өздері жоспар жасап істің тəсілін анықтап, оның 
нəтижесін  бағалап  орындайтын  жұмыстары  жатады.  Сонымен  қатар 
балалардың  өзіндік  жұмысының  жоғары  түріне  олардың  өз  еркімен 
жаңа  амал-тəсілдер  қолданып  жасайтын  шығармашылық  жұмыстары 
жатады [1].
Модульдік технологияны пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін 
арттырудағы  көзделетін  мақсат  –  балаға  білімді  даяр  түрде  берілмей, 
мұғалім баяндап бермей, олардын алдына белгілі проблеманы міндетті 
қойып, соны өздері шештіруге бағыттау. Модульдік оқыту шеңберінде 
ұстаз  бен  оқушы  арасында  өзара  түсіністік  пен  тығыз  қарым-қатынас 
орынайды.  Бұл  жүйе  баланы  жеке  тұлға  ретінде  қарауға  мүмкіндік 
туғызады. 
Модульдік оқытудың ұтымдылығы:
- бақылау, салыстыру, жалпылау негізінде жаңа білімді өздігінен 
меңгеруге жағдай жасайды;
- оқушылар белсенділігі, яғни, олар қате жауап берсе де ескеріліп, 
талқыға салынып дұрыс жауапқа жете алады;
- бастауыш жəне орта буын арасында сабақтастық сақталады
- оқушының жалпы даму белсенділігі, ақыл-ойы, жігері, рухани-
адаматтық қасиеттерінің дамуы; 
Шаншарбаева А.Ж.
МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ 
АРҚЫЛЫ САБАҚТЫН ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

36
- жүйе шығармашыл тұлғаны дайындайды;
- қазіргі қоғамдағы өмірге дайындайды [6].
Деңгейлік  оқытудың  негізгі  ерекшелігі  баланың  білетіні  мен 
білмейтінің  жəне  проблемалы  міндетті  шешуге  дайын  тұрған  тəсіл 
болғандықтан, проблемалы жағдай пайда болады, осыған орай, баланың  
ізденушілік əрекеті мен ынтасы күшейе түседі. Деңгейліп оқыту техно-
логиясы тиімді нəтижелі болу үшін 
а) жеке тұлға ерекшеліктеріне, 
б) психологиялық даму ерекшеліктеріне
в) пəн бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын. 
Сабақ  өткізу  формаларын  жəне  түсіндіру  əдістерінің  жаңа 
тəсілдерін  күнделікті  сабаққа  қолдануға  тырысамын.  Көбінесе  мына 
жағдайларға көңіл бөлемін: 
1) сабақтың мазмұны, 
2) сабақты өткізудегі тəсілдері мен əдістерін таңдау, 
3) сабақтың нəтижелігі [5].
Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқушыларды өз бетімен 
жұмыс  жасауға  тəрбиелеу,  үйрету,  шығармашылық  қабілетін  дамыту. 
Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін 
іске  асырады.  Өйткені,  ол  оқушының  ойлауын,  елестету  мен  есте 
сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз 
етеді.  Сабақтың  ерекшелігі  жəне  оның  тиімділігін  арттырудың  негізгі 
тəсілдерінің бірі-оқушыларға деңгейлік тапсырма беру. 
Мен өз тəжірибемде Т.М. Жанпейісова негізін қалаған «Модульдік 
технология»  элементтерін  пайдаланамын.  Əсіресе  ортаңғы  буында 
бұл  технологияда  кең  тараған  танымдық  ойын  түрлері  қолданылуға 
тиімді. Ойын баланың барлық маңызды ақыл-ой əрекеті, онда баланың 
барлық  қабілеттерінің  дамуына,  ойында  айналасындағы  дүние  жайлы 
түсініктері кеңеюге, тілінің дамуына, байланыстыра сөйлеуін дамытуға, 
құрбыларымен жақындасуына көмектеседі.
Өз сабақтарымда, сабақтан тыс жұмыстарда əр түрлі танымдық 
ойындарды жиі қолданамын. Бұл: «Өз жартыңды тап», «Қатеңді тап», 
«Қазымыр оқушы», «Даналық ағашы», «Блиц турнир», т.б.
Бұл  ойындар  оқушылардың  қызығушылықтарын  оятады, 
білімдерін  айқындайды.  Сондықтан  бұл  ойындарды  оқушылардың 
білімдерін бекіткенде, бір тақырыптан келесі тақырыпқа көшкенде, бір 
үлкен тарау аяқтағанда қолдануға болады. 
Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар 
Раздел 1. 
Государственный язык как основа 
табильности независимого государства

37
қажет-ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік 
ұйымдастырушыға əртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. 
Рухани  жаңару,  даму  өзінен-өзі  жүзеге  аспайды,  ол  үшін  жас 
толқын  –  жастардың  бойына  ұлтымыздың  асыл  қасиеттерін  сіңіріп 
ғылым мен білімді баулу керек. Сондықтан мемлекеттік тілді оқыту ба-
рысында: баланың жеке тұлға ретінде басымдылығын көздейтін білім 
беруді мақсат етіп қойдым.
Қоғамдағы оқу-ағарту саласында  түбегейлі  өзгерістер жүргізі-
луде.  Оқу  үрдісінің  мақсаты  мен  мазмұны  жаңарып,  жаңа  мазмұнды 
білімді іске асыру əдіс-тəсілдері, технологияларды да игерілуде.
Қазақ  тілі  мұғлімімінің,  яғни,  менің  міндетім  мəдениетті  түрде 
білімімен, іскерлігімен қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мəртебесін 
көтеру, осы мақсатқа жететін тиімді жол іздеу [7].
Сапалы  білімді  қамтамасыз  етуде  қазіргі  қолданылып  жатқан 
əдіс-амалдар өте мол, оқушылардың қызығушылығын арттыруда жаңа 
технологиялар  да  артуда,  тек  əр  ұстаз,  өз  оқушыларына  ыңғайлысын 
қолдана білуден ұтады. 
ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Жəркенов М. Əдебиет пəнін өмірмен байланыстыра оқыту. – Алматы, 
1984 ж.
2.  Занков  Л.В.  Избранные  педагогические  труды.  –  М.:  «Педагогика», 
1990 г.
3. Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсеңділігін арттыру жолдары. – А.: 
«Мектеп», 1978 ж.
4. Раман Г. «Дамыту əрекеттерін ұйымдастыру», 2009 ж.
5. Оспанова Д. «Оқшау сөздерді дамыта оқыту технологиясын қолдана 
отырып қайталау», 2006 ж.
6  Жəнəбілова  А.  «Дамыта  оқыту  технологиясында  тіл  дамыту 
жұмыстары».
7. Жанпейсова М.Н. «Модульдік оқыту технологиясы». – Алматы, 2002 
ж.
Шаншарбаева А.Ж.
МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ 
АРҚЫЛЫ САБАҚТЫН ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

38
Адырбекова Ж.Т., «№ 27 жалпы орта білім беретен мектебі» КММ
ОРЫС МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА 
ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Орыс  мектебі  оқушыларының    қатынас  тілі  –  орыс  тілі.  Қазақ 
отбасының  балалары  ана  тілінде  азды-көпті  сөйлегенімен,  қарапайым 
деңгеймен  шектеледі.  Оқушылардың  сөздік  қоры  жеткіліксіз,  сабақты 
айтуға келгенде негіздеп сөйлеу, ойын дұрыс жеткізу, дəлелдеу қиынға 
соғады. Ал тақырыпты талдау, талқылау, өз идеяларын ұсыну, пікір ал-
масу  деген  талаптарға,  жасыратыны  жоқ,  қабілеттері  төмен.  Сонымен 
қатар,  оқушылар  диалогті  біржақты,  бірсарынды  жүргізеді.  Осы 
жайттарды өзгертуде диалогтік оқыту септігін тигізетіні сөзсіз.
Тарих, география, қоғамтану, əдебиет сабақтарында диалогтік 
оқытуды  жүйелі,  ұтымды  пайдалану      оқушының  көзқарасын  дұрыс 
жеткізе  білу,  ойын  негіздеу,  дəлелдеу  дағдыларын  қалыптастыруға 
ықпал етеді. Гуманитарлық пəндерде диалогтік оқыту сабақ мақсатын 
іске  асыратын  тиімді  əдістердің  бірі  деп  қарайтын  болсақ,  тіл 
сабақтарындағы бұл оқыту түрі тіл дамытудың жиі қолданылатын 
бірден-бір жолы. 
Əрине,  əрбір  пəн  мұғалімі  сабақтарында  диалогті  пайдалана-
ды.  Бірақ  қаншалықты  тиімді  жəне  нəтижелі?  Бұл  əдіске  мұғалім 
жаңа  қырынан  қарау  керектігін  Кембридж  бағдарламасының  тео-
риясы  мəлімдейді.  Сонымен  қатар  сабақ  барысында  оқушылардың 
бірлескен  сұхбаты,  əңгіме  түрлерін  қолдану  оқыту  үдерісін  едəуір 
жақсартатынын өз тəжірибемде байқадым.  
Ғылыми  зерттеу  нəтижелері  сабақта  диалогтың  маңызды 
роль  атқаратынын  дəлелдеген.  Сонымен  қатар,  Мерсер  мен  Лит-
лтон  өз  еңбектерінде (2007 жыл)  диалог  сабақта  оқушылардың 
қызығушылығын  арттырумен  қатар,  олардың  білім  деңгейінің 
өсуіне  үлес  қосатындығын  атап  көрсетеді.  Аталған  авторлардың 
зерттеулерінде  ересектермен  интерактивті  қарым-қатынас  пен  до-
старымен  бірігіп  жүргізілген  жұмыстың  балалардың  оқуына  жəне 
танымдық  дамуына  əсер  ететіндігі  айтылған.  «Мұғалім-оқушы», 
сондай-ақ  «оқушы-оқушы»  арасында  шығармашылықпен  өтетін,  өз 
пікірін негізді, тұжырымды түрде білдіруге жетелейтін əңгімені ын-
таландырып,  қуаттайтын  оқыту  əдістерін  «диалогтік    оқыту»  деп 
атауға болады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 98 бет.)
Раздел 1. 
Государственный язык как основа 
табильности независимого государства

39
Мерсердің зерттеуіне сəйкес, əңгімелесу оқушылардың оқуының 
ажырамас бөлшегі болып табылады. Ғалым əңгіменің үш түрін ажы-
ратып, сипаттама берген:
- əңгіме-дебат;
 - кумулятивтік əңгіме;
 - зерттеушілік əңгіме. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 99 бет.)
Əңгіме-дебат  кезінде  талқыланып  жатқан  мəселе  бойын-
ша  оқушылардың  пікірлері  бір-бірінен  алшақ  болады,  əркім  өз  пікірін 
қорғап қалуға тырысады, яғни пікірсайыс түрінде болады. 
Кумулятивтік  əңгімеде  балалар  бір-бірлерінің  ойларымен 
механикалық түрде келісе береді, шыдамдылықпен тыңдайды, идея ай-
тылады, қайталанады, бірақ үнемі бағалана бермейді.
  Ал  зерттеушілік  əңгіме  барысында  бір-бірлеріне  сұрақтар 
қойып, тақырыпқа байланысты көңілге қонымды мəліметтер айтады, 
бұл əңгімелесудің бір ерекшелігі бір-бірінің ойымен келісуі де, келіспеуі 
де мүмкін. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол 
жету  аясындағы  табысты  талқылауларда  əңгіменің  зерттеушілік 
түрі  басымдыққа  ие  болады.  Ғалымның    бұл  тұжырымы  тəжірибе 
кезеңінде нақты дəлелденді.
Диалогтік тəсіл қандай мақсаттарға жетуге бағытталған?
Сабақ кезінде оқушыларды  ғылыми ойлауда белсенділікке тарту.
Оларға мəселені немесе тақырыпты тереңірек түсінуге көмектесу.
Болашақта  пəнге қатысуын ынталандыру.
Барлық сыныптың жəне шағын топтардың талқылау сапасын арт-
тыру.
Диалогтік оқыту бұл:
-  мұғалімнің  тəрбиелік,  «əмірлі»  əңгімесі  мен  оқушылармен 
ашық диалогы арасында тепе-теңдікке жету;
- оқушылардың ойын білу жəне олардың дəлелдемелерін күшейту 
үшін бүкіл сыныптың талқылауын пайдалану; 
- оларды құру жəне даулау арқылы оқушылардың идеяларын пай-
далану;
-  сыныпта ашық талқылау жүргізуге оқушыларды ынталандыру;
- топтық жұмысты оңтайлы пайдалану;
- оқушылардың ауыз жаппай сөйлеуі; 
-  мұғалім  тарапынан  қажетті  түсіндірулерді,  нұсқаулар  мен 
түзетулер жасамау емес, бүкіл сыныптың əңгімесін дамыту болып та-
былады.
Адырбекова Ж.Т.
ОРЫС МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ 
ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ДИАЛОГТІК 
ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

40
Диалогтік  оқытуда  сұрақ  –  жауап  жұмысы  да  назар  аударатын 
маңызды  мəселе,  себебі  дұрыс  сұрақтар  арқылы  ғана  диалог  өрбиді, 
ал  оқушының  жауабына  қарай  мұғалім  келесі  əрекетін  болжай-
ды.  Оқушылардың  танымдық  əрекетін  дамытудың  тағы  бір  тəсілі  – 
оқушылардың  бір-біріне  сұрақ  қоюы.  Сыныпта  сұрақ  қою  оқушының 
негізгі  дағдылардың бірі, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ 
оң бағытта жалғасады, материал мазмұнын ашуға жəне кеңейте түсуге 
болады. 
Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер 
қолданатын  сұрақтардың  екі  түрі  бар  –  төмен  дəрежелі  жəне  жоғары 
дəрежелі  сұрақтар.  Кей  кездері  төмен  дəрежелі  сұрақтарды  «жабық» 
немесе  «дұрыс  емес»  сұрақтар  деп  те  атайды.  Олар  жаттап  алуға 
бағытталған.  Ал  жоғары  дəрежелі  сұрақтар  қойылғанда,  оқушылар 
ақпаратты  белгілі  бір  жолдармен  қолдануға,  қайта  құруға,  кеңейтуге, 
бағалауға жəне талдауға тиіс болады.
Сонымен қатар, оқушының білім алуы үшін сұрақ қоюдың түрткі 
болу,  сынақтан  өткізу,  басқаға  бағыттау  сияқты  əртүрлі  тəсілдерін 
пайдалануға болады.
Түрткі болу: түрткі болуға арналған  сұрақтар бірінші жауап 
алу үшін жəне оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет; 
сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалдарға оралу, еске түсіру, 
ойға салу, жауаптың дұрысын қабылдау жəне толығырақ жауап беру-
ге итермелеу.
Сынықтан  өткізу:  сынақтан  өткізуге  арналған  сұрақтар 
анағұрлым  толық  жауап  беруге,  өз  ойларын  анық  білдіруге,  өз  идея-
ларыгн  дамытуға  көмектесетіндей  етіп  құрылуы  қажет,  сондай-ақ, 
«Мысал  келтіре  аласыз  ба?»  деген  сияқты  сұрақтар  тапсырманы 
орындау барысында оқушыларға бағдар беріп отырады.
Басқаға бағыттау: сұрақты басқа оқушыға қайта бағыттау, 
мысалы, «көмектесе алатындар бар ма?».
Оқуды  дамытудағы  сұрақтардың  маңызын  қарастыратын 
болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім:
-  оқушыларды 
тақырып 
бойынша 
сындарлы 
сөйлеуге 
бағыттайды;
-  білімге құштарлығын арттырады жəне зерттеуге ынталан-
дырады;
-  оқушылардың сын тұрғысынан ойлауға ықпал етеді;
-  оқушылардың  бір-бірінен  үйренуге,  басқа  оқушылардың  иде-
Раздел 1. 
Государственный язык как основа 
табильности независимого государства
Раздел 1. 
Государственный язык как основа 
табильности независимого государства

41
ясын  құрметтеуіне  жəне  бағалауына  септігін  тигізеді. (Мұғалімге 
арналған нұсқаулық, 101 бет.)
Александердің  тұжырымдамасы  бойынша  оқытудағы  əңгіме – 
қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, əңгіме 
барысында  идеялар  екі  жақты  бағытта  жүріп,  соның  негізінде 
оқушының  білім  алу  үдерісі  алға  жылжитын  белсенді  үдеріс.  Диалог 
барысында  оқушылар  нəтижеге  жету  үшін  күш-жігерін  жұмсайды 
жəне Мерсердің айтуынша, білімді бірлесіп алуда немесе пікір алмасу 
барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Бірлесіп ойлау 
оқушылармен диалог құру арқылы іске асады.
Барнс (1971 жыл) «сыныпта  тіл  қаншалықты  қолданылса, 
оқушылардың білім алуына соншалықты əсер ететінін» айтады.
Қорыта айтқанда, мұғаліммен жəне басқа оқушымен əңгімелесу 
–  оқушының  əрекет  белсенділгін  қамтамасыз  ететін  жəне  түсінігін 
дамытатын  маңызды  құрал.  Ғалымдардың  зерттеулері  мен  теорияны 
басшылыққа ала отырып, диалогтік оқыту тіл сабақтарындағы оқушы 
белсенділігін мен пəнге  қызығушылығын арттыратын тиімді əдістердің 
бірі деп тұжырымдауға болады. 
Сабақтарымда  топтық  əңгімені  тиімді  пайдаланып  келемін. 
Топтық  жұмыс  кезінде  тығыз  қарым-қатынас  оқушыларды  біріктіріп, 
танымдық  əрекетін  дамытады.  Оқу  үрдісі  барысында  оқушылардың 
достығы  нығайып,  оқуға  деген  жаңа  көзқарастары  қалыптасып,  олар 
білімдерін жетілдіріп, жан-жақты дамуына мүмкіндік алады. Сабақтарда 
кері байланыс орната отырып, оқушылардың рефлексияларымен таны-
са  келе,  шəкірттердің  тек  жаңаша  сабақ  түрлері  мен  топтық  жұмыс, 
əңгімелесуді ғана ұнатқандығы ғана емес, сонымен қатар олардың білім 
алғаны,  ойларының  дамығаны,  сөздік  қорының  толыққанын  байқауға 
болады.
ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. 
2.  Əлімов  А.  Интербелсенді  əдістемені  ЖОО-да  қолдану  мəселелері. 
Оқу құралы. 
3. Үлестірмелі материалдар II-апта.
4. Құдайбергенова С. Іс-əрекеттегі зерттеу.
5. Ғаламтор материалдары. 
Адырбекова Ж.Т.
ОРЫС МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ 
ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ДИАЛОГТІК 
ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Адырбекова Ж.Т.
ОРЫС МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ 
ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ДИАЛОГТІК 
ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

42
Торина Л.Г., Федеральное государственное бюджетное образователь-
ное учреждение высшего профессионального образования 
«Московский государственный университет экономики, 
статистики и информатики (МЭСИ)», Хакасский филиал МЭСИ
УКРЕПЛЕНИЕ ПОЗИЦИЙ РУССКОГО ЯЗЫКА 
СРЕДИ СОВРЕМЕННОЙ МОЛОДЁЖИ
Неотъемлемой частью культуры каждой страны является ее язык. 
В свою очередь, язык является инструментом культуры, который фор-
мирует личность человека, его видение мира, менталитет, отношение к 
людям. Русский язык для России – это главное средство коммуникации 
и  зеркало  национальной  культуры.  Не  будет  преувеличением  сказать, 
что  русский  язык  –  это  одна  из  основ  российской  государственности. 
Огромная  роль  русского  языка  в  современном  мире  определяется  его 
культурной ценностью, его мощью и величием. 
Необходимо обратить особое внимание на важность в укрепле-
нии  позиций  русского  языка  у  современного  молодёжного  поколения, 
ведь именно на этот возраст приходится окончательное формирование 
мировоззрения,  складываются  моральные  принципы  и  формируются 
различные стереотипы. В этот период очень важно направить это раз-
витие в нужном, правильном направлении и воспитать в личности опре-
делённые  морально-этические  нормы.  Особое  место  среди  молодёжи 
занимает студенчество – будущая деловая и интеллектуальная элита об-
щества, люди, которые будут в дальнейшем определять и реализовывать 
основные пути его развития. Кроме этого, сегодня в молодежной среде 
студенчество является лидером мнений, оказывая влияние на формиро-
вание ценностей у молодёжи в целом. Снижение уровня грамотности и 
культуры речи является основной проблемой молодого поколения. Наш 
язык – это великое богатство, которое мы должны беречь, хранить и раз-
вивать. Мы же в последнее время засоряем его иностранными словами, 
упрощаем и перестаем уделять должное внимание культуре речи и гра-
мотности. Для выяснения факторов, влияющих на уровень грамотности 
и культуры речи, было проведено  анкетирование студентов Хакасско-
го филиала МЭСИ. Анкетирование показало, что наибольшее влияние 
на уровень культуры речи оказывают средства массовой информации и 
коммуникации  (телевидение,  радио,  реклама,  Интернет,  сотовые  теле-
фоны). На второй план ушли учёба и образование. А чтению книг, где 
Раздел 1. 
Государственный язык как основа 
табильности независимого государства

43
содержатся  эталоны  культурной  речи,  отводится,  к  сожалению,  чуть 
ли не последнее место. Одной из проблем является загрязнение языка 
молодёжным сленгом. Молодежный жаргон – это особая форма языка. 
С  определенного  возраста  многие  из  нас  окунаются  в  его  стихию,  но 
со временем как бы «выныривают» на поверхность литературного раз-
говорного  языка.  Молодежный  жаргон  основан  на  игре  со  словом,  на 
особом отношении к жизни, отвергающим все, что правильно, стабиль-
но,  скучно,  рутинно.  Нередко  и  люди  старших  поколений  сохраняют 
пристрастие  к  жаргону.  В  лексике  молодежного  жаргона  соседствуют 
две  крайние  черты.  С  одной  стороны,  конкретность,  четкость  опреде-
ления: хвост – несданный экзамен или зачет, тормоз – медленно, тупо 
соображающий  человек.  С  другой  стороны,  аморфность,  размытость 
значения  –  порой  жаргонные  слова  и  выражения  невозможно  точно 
перевести на литературный язык: клевый – трудно определимая поло-
жительная характеристика лица или предмета, заимствованная из язы-
ка бродячих торговцев XIX в., крутой – положительная характеристика 
лица. В последнее десятилетие молодежный жаргон активно пополняет 
компьютерная  лексика:  метафористически  переосмысленные  русские 
слова (чайник, зависать, взломать) и многочисленные англоязычные за-
имствования (юзер, хакер, винт, винды, мыло). Электронное письмо не 
вернуло школьников к грамматике и орфографии, как ожидалось ранее. 
Оно «узаконило» молодежный сленг и не привило детям навыков гра-
мотного письма. Другая черта молодежного жаргона – ограниченность 
тематики. Выделяется около десятка семантических классов наименова-
ний, внутри которых много синонимов. Это – названия частей тела (фо-
нари, рубильник, клешни), одежды и обуви (шузы, свингера, прикид), 
денег  (баксы,  бабки,  кусок,  лимон),  некоторых  действий  и  состояний 
(вырубиться,  тащиться,  приколоться)  и  другие.  Но  для  многих  людей 
жаргон становится любимой игрой, и та же многогранность позволяет 
создавать  сложные  взаимодействия  смыслов.  Емкие,  звучные,  краси-
вые слова родного языка заменяются словесной «шелухой», за которой 
нет содержания. Например, целый синонимический ряд слов: прекрас-
но,  восхитительно,  великолепно,  замечательно,  чудесно,  изумительно, 
очаровательно  –  заменяется  ничего  не  значащими  клево  или  классно! 
Этот  жаргон  внедряется  не  только  в  речь  молодежи,  но  и  продолжает 
жить в речи взрослых, становится привычным, не говоря уже о более 
страшном явлении – повсеместном, почти узаконенном мате… Учёные 
доказали, что вся «нехорошая» лексика – исконно родная, славянская, 
Торина Л.Г.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет