Сценарий 2022 жыл Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілген залға музыка ырғағымен сәнді киінген балалар залға кіреді



бет1/4
Дата31.12.2021
өлшемі24,6 Kb.
#23736
түріСценарий
  1   2   3   4

Төрлет, төрлет жаңа жыл! (жаңа жылдық сценарий 2022 жыл)

Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілген залға музыка ырғағымен сәнді киінген балалар залға кіреді.



Тәрбиеші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,

Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.

Ән: «Кел, кел жаңа жыл!»

Балалардың орындауында «Мақтақыз» көрінісін тамашалайық!

Келген қонақтармен ойын: «Жаңылтпашты қайтала»

1-оқушы:

Құс қайтты, қыс келді

Қыс қайтты, құс келді

2-оқушы:

Шырша сынса өспейді

Сынса шырша өспейді

3-оқушы:

Қыста боран болады

Қыздар шәлі орамал оранар

Тәрбиеші:

Келіңдер жас ұландар,

Ертегімді тыңдаңдар.

Ертегімді сан қилы

Қызық – қызық сырлар бар.

Жаңа жылдың кешінде

Аңдар келіп бір шешімге

Достаспақшы ниетпен

Жиналыпты келісімге.

Соныменен, балалар

Жаңа жылға арналған

Ертегіні көріңдер



(Мерекелік музыка ойналады)

Шыршаның артынын Лунтик – 1-оқушы, Ара –2- оқушы шағады да:

Ау, жарандар, ал қарандар

Жауып тұр қар себелеп.

Көкке толды, жерге қонды

Сансыз аппақ көбелек.

Тым алыстан, Айдан келдым

Досымды да ерте келдім

Сендермен ойнап – күліп

Көп қызыққа батар едім

Секіріп билеп жүрген Лунтик пен араның алдынан Аю – 3-оқушы мен Маша – 4-оқушы шығады.

Лунтик: Амансыз ба, аю паң!

Аю: Жаңа жылдың алдында

Тойды еске алдым да

Ұйқымды ашып, сергідім

Ұйықтамаймын мен бүгін

Қасыма ертіп қызымды

Жылды қарсы алайық

Би билеп, ән салайық.

Жаңа жылдың тойында

«Жан салайық» ойынға!

Барлығы қол ұстасып, билейды. Сол кезде қуана Смешариктер келеді. Смешариктер – 5-оқушы,6-оқушы,7-оқушы.

Сәлем, достар, аман ба?

Нұр берді шырша алаңға

Кәне, шашу шашайық,

Тойлап, көніл ашайық.

Бәрі билеп жатқанда,

Босқа қарап тұрмайық

Өнерін жұрт көреді

Тауып өз сыңарымды

Тайсалмай, биге түсіп,

Тарқатам құмарымды.

Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан

Жүрген жерің күлкілі ән!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет