Сценарий тақырыбы : "Қоянның үйі"



бет1/4
Дата03.02.2023
өлшемі19,46 Kb.
#65097
түріСценарий
  1   2   3   4

СЦЕНАРИЙ ТАҚЫРЫБЫ : "Қоянның үйі"
"Қоянның үйі"
Жаңа жыл әнімен залға ақшақар кіреді балалармен.
Ақшақар:
Жаңа жыл еңселеніп еніп тұр,
Жаңа үмітпен,жақсылықпен келіп тұр!
Ойындағы бар мейірін,қуанышын
Балдырғандар,өздеріңе беріп тұр!
Ақшақар:-Балалар,бүгін бізде қандай мереке білесіңдер ме?
Балалар:Жаңа жыл!
Ақшақар:Кәне,балалар, барлығымыз жаңа жыл мерекесіне арнап дайындаған әнімізді айтып берейік.
Ән"Жаңа жыл,жаңа жыл,сен келдің"
Аяз атаның музыкасы ойнайды.
Ақшақар:Балалар,естіп тұрсыңдар ма?Бізге аяз ата келе жатқан сияқты.Кәне,балалар,аяз атадан тығылып қалайық.(балалар орындықтар артына тығылып қалады)
(Көңілді күймен аяз ата кіреді де ән айтады)
Аяз ата:
Армысыздар,халайық,
Бармысыздар,халайық
Жаңа жылды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!
Шырқа,шырқа жаңа жыр
Құтты болсын жаңа жыл! 2 рет қайталау.
-Мына балабақшаның балалары қайда екен,әлде менен тығылып қалды ма? (өтірік іздейді)
Қайдасыңдар ,балалар
Неге тығылып қалдыңдар?
Сылдырмақты алайын
Қатты,қатты соғайын
Сылдыр, сылдыр ,сылдырмақ
Сылдырлашы былдырлап
Дыбысыңды естісін
Балалар шығып билесін (Балалар шығады да билейді)
А-а! Шықтыңдарма? Амансыңдарма,балаларым!Бір жыл болды сендерді көрмегеніме.Қалай өсіп қалыпсыңдар!қазір сылдырмағымды қояйын,сосын бірге жаңа жылды тойлайық.
Ақшақар:Аяз ата шаршаған шығарсыз,мына әсем шыршаның жанына біраз отырып, дем алыңыз балалардың тақпақтарын тамашалаңыз.Кәне,балалар аяз атаға және жаңа жыл мерекесіне арнап дайындаған тақпақтарымызды айтып берейік.
Ақшақар:Келе ғой ортаға...
Аяз ата :Тамаша!Ал,шырша неге бізбен бірге қуанбайды?
Жарық шамын жандырмайды?
Ақшақар:Аяз ата,балалар сенімен бірге бірлесіп шыршаға сиқырлы сөздерін айтып берсе,мүмкін шырша шамын жағатын шығар?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет