Сценарий "tik-tok house"



Дата25.11.2022
өлшемі16,97 Kb.
#52586
түріСценарий

Сценарий “tik–tok house”
Жүргізуші 1: -Армысыздар құрметті көрермендер! Сіздерді бүгінгі өткізіліп отырған «ТИК ТОК ХАУС» сайысында көргенімізге қуаныштымыз
.
Жүргізуші 2: Бұл іс-шара, біздің жатақханамыздағы креативті студенттеріміздің талантын шыңдап, қанат бітіріп, белсенді өмірге жол ашатын байқаулардың бірі болады деп ойлаймыз.
Өрендерге бақ тілеп, қуанышқа бөлейтін
Сезімтал мен зерегін таразылап көретін
Тарландардың бағасын әділ шешіп беретін.
Қазылар алқасымен таныс болайық.
Жүргізуші 1:Сөз кезегін әділ қазы алқалары: Университетіміздің спикер орынбасары Сағыныш Игенбердыева ,жатақханамыздың төрайымы Нұрмухаметова Диана және төрағасы Байғалиев Нұрсұлтанға берейік.


Жүргізуші2: Қатысушыларымыз 1-ші кезеңге дайындалғанша, жатақханамыздың талантты студенті Нұрсұлтанның ән шәшуына кезек берейік.
Жүргізуші1:“Қазағымның жастары,
Ашық болып аспаны,
Жалын атып жас жаны,
Қосыла берсе бастары” деп отырып жарысқа қатысушы командалар таныс болсақ:

  1. Команда

  2. Команда

  3. Команда



Жүргізуші2: Командаларымызды сайыстың ретімен таныстырсақ.
1-ші кезең: Таныстыру, яғни әр команда шығып өздерін....
2-ші кезең: Ойын
3-ші кезең: командалар арасындағы баттл.


Жүргізуші1: Олай болса, қатысушыларға сәттілік тілеп бірінші кезеңімізді бастайық.
Ортаға 1-ші команданы өздерін таныстыруға шақырамыз.
Ортада келесі 2-ші команда.
Ендігі кезек 3-ші командада.
Жүргізуші2: Келесі кезекте 2-ші кезең. Бұл кезеңде тик-ток желісіндегі ойындар болады.
Жүргізуші1:Ойын шарттарын түсіндіру үшін ортаға Нұршуақ, Гүлназ және Ұнарды шақырамыз.


Жүргізуші2: Ендігі кезек 3-ші кезеңге келіп жетті. Қатысушыларымыз бұл кезеңде баттлға түседі.

Жүргізуші 1: Талантты қатысушыларымыз 3 кезеңнен де сәтті өтіп, соңғы 4ші “Үздіктердің үздігі” атты кезеңімізге жетті!




Жүргізуші 2: Бұл кезеңде 3 команда капитаны ортаға шығып, тик-ток желісіндегі трендтерді қайталайды. Қатысушыларымызды ортаға шақырайық.


Жүргізуші1: Бүгінгі сайысымыз мәресіне жетуге тәмәм, қазылар алқаларымыздың әділ шешімі қабылданғанша Есхаттың өнерін тамашалайық.


Жүргізуші2: Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздарымыз алдағы уақытта көптеген байқаудың жеңімпаздары атанып, орындаушылық шеберлігімен талғампаздығымен үлкен – үлкен табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз дей келе сайысымызды жабық деп жариялаймыз!
Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет