Сəбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев)



жүктеу 1.88 Mb.
Pdf просмотр
бет13/24
Дата29.12.2016
өлшемі1.88 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24

  
1. Қабылдау түсiнiгi 
            
Жоғарыда 
айтқанымыздай, 
түйсiктер 
қарапайым 
бей-нелеудiң 
жеке 
формаларының  шеңберiнен  шыға  алмайды.  Ал  сыртқы  дүниенi  бейнелеудiң  шындықты 
процесi  бұл  формалардан  анағұрлым  бай  келедi.  Адам  бiрiнен  бiрi  бөлектенiп,  дербес 
оқшауланған  түр  не  түс,  дыбыс  не  иiс  сезiмдерiмен  шектелмей,  заттар  мен  формалар, 
күрделi  құрылымдар  мен  жағдайлар  əлемiнде  жасайды,  субъектi  нендей  затты 
қабылдамасын, оны түйсiктер жиынтығы демей, тұтас бейне деп таниды. Бұл бейнелердi 
қабылдауда  адам  бөлектенген  түйсiктер  шегiнен  асып,  сезiм  мүшелерiнiң  бiрлiктi 
қызметiне  арқа  сүйеумен  бiртұтас  күрделi  жүйеге  өтедi.  Бiрiктiрудiң  мұндай  түрi  бiр 
сезiмдiк қызмет аймағында да (суретке қарай, бiз əртүрлi көру əсерлерiн бiр, бүтiн бейнеге 
бiрiктiремiз,  сондай-ақ,  бiрнеше  сезiмдiк  қызмет  ауқымымен  (апельсиндi  тану  үшiн  бiз 
көру,  сипай  сезу,  дəм,  бұларға  қоса  жемiс  жөнiндегi  бiлiмдерiмiздi  байланыстырамыз) 
орындалуы  мүмкiн.  Осындай  психикалық  бiрiктiрудiң  нəтижесiнде  ғана  дербес  түйсiктер 
бiртұтас  қабылдауға  айналып,  дара  белгiлер  мен  қасиеттердi  бейнелеуден  тұтас  заттар 
мен жағдаяттарды тануға ойысамыз. 
            Бүрыннан белгiлi заттарды (кiтап, үй) танудың ешбiр қиындығы жоқ - қажеттi пiкiрге 
келу үшiн адам қабыл-данатын объектiнiң бiр-екi белгiсiн бiрiктiрсе, жетiп жатыр.  Ал жаңа 
немесе  бейтаныс  заттардың  қабылданып,  танылуы  əлдеқайда  күрделiрек  əрi  көптеген 
формалардың  бiр-бiрiне  қатынасын  ұғу  негiзiнде  орындалады.  Мұндай  заттардың  толық 
қабылдануы  олардың  мəндi  тараптарын  айыра  бiлу,  онша  қажеттi  болмаған  белгiлерiн 
елемеу  арқылы  түсiнiктi  болған  бөлшектерiн  бiртұтас  заттық  мағынаға  келтiру  сияқты 
күрделi талдау-бiрiктiру жұмыстың нəтижесiнде iске асады. 
             Қабылдау - аса  көп  талдап,  бiрiктiру  қызметiн  керек  ететiн  құрылымды  əрi 
белсендi  психикалық  əрекет.  Бұл  күрделiлiк  пен  белсендiлiк  келесi  жəйттерден  көрiнедi. 
Ең  алдымен,  ақпарат  ағымы - бұл  сезiм  мүшелерi  жəй  тiтiркенуiнiң  нəтижесiнде 
қозулардың  шеткi  қабылдаушы  мүшелерден  миға  жетуi  ғана  емес.  Қабылдау  қызметiне 
қозғалыс əрекеттерi де қосылады (мəндi тетiктерiн байқастыру үшiн заттарды түртiп көру 
мен  көзбен  шолып  шығу;  дауыс  ағымындағы  мəндi  ерекшелiктердi  анықтау   мақсатында 
тиiстi  дыбыстарды  əуендеп  не  күбiрлей  қайталау).  Сондықтан  да,  психикалық  қабылдау
процесiн субъектiнiң затты тануға бағытталған тiкелей iс-əрекетi деп қарастырған жөн. 
             Сонымен  бiрге,  қабылдау  өткен  тəжiрибе  iздерiн  жаңғыртуға  да  байланысты. 
Осыған  орай  субъектi  өзiне  келiп  жеткен  ақпаратты  бұрыннан  бар  бiлiктерiмен 
салыстырады,  мəндi  белгiлерiн  айырады,  жаңа  ақпараттың  болар  маңызы  жөнiнде 
болжам  жасайды;  қабылданған  затты  тиiстi  категориялар  тобына  жатқызу  жөнiнде 
ұйғарым қабылдайды. Былайша айтқанда, субъектiнiң танымдық iс-əрекетi көрнекiлiк пен 
ойластыру  негiзiнде  өтiп,  қабылданатын  объектi  неғұрлым  бейтаныс  əрi  күрделi  болса, 
ондағы көрнекiлiк басымдау келедi. 
             Мiне  сондықтан  да,  қабылдау  барысындағы  iс-əрекет  ешқашан  да  бiр  сезiм 
қызметiнiң  аймағымен  шектелмей,  бiрнеше  сезiм  мүшелерiнiң  жұмысы  нəтижесiнде 
қалып-тасады.  Жəне  бiр,  маңызды  жағдаят:  заттың  санада  қабылдануы  еш  уақытта 
қарапайым, жəй деңгейде орындалуы мүмкiн емес, ол психикалық iс-əрекеттiң ең жоғары 
сатысы - тiлмен  тiкелей  байланысты.  Адам  затқа  жəй  назар  аударып,  оның  қасиеттерiн 
енжар  танып  қоймастан,  олар  iшiндегi  мəндi  деп  есептегендерiн  айыра  талдай  жəне
бiрiктiре, заттық бейнеге келтiрiп, оны сөзбен баламаластырады, соның арқасында заттың 

қасиеттерi  мен  сапаларын  тереңдете  тани  отырып,  белгiлi  категориялар  тобына қосады. 
Мысалы,  адам  уақыт  көрсететiн  механизiмдi  қабылдай,  танып,  оны  "сағат"  сөзiмен 
атайды,  əрi  осы  механизм  үшiн  онша  қажеттi  маңызға  ие  болмаған  сағаттың  түрi,  түсi, 
көлемi сияқты белгiлерге мəн берместен, оның негiзгi қызметтiк қасиетi - уақыт көрсетуге 
айыра зейiн аударады. Сонымен қатар, бiр сəтте адам қабылданып жатқан затын белгiлi 
категорияға  жатқызып,  сырттай  ұқсас  болған  басқа  категория  заттарынан   (барометр,  
компас)  айырады.  Осының  бəрi  субъектiнiң  қабылдау  iс-əрекетi  өзiнiң  психологиялық 
құрылымы бойынша бейнелi ой iсiне жақын екендiгiн дəлелдейдi. 
             Сонымен,  қабылдау - бұл  заттар  мен  құбылыстардың  өз  қасиеттерi  жəне 
бөлшектерiмен  бiрiге,  сезiм  мүшелерiне  тiкелей  əсер  етуiнiң  нəтижесiнде  тұтас  түрде 
бейнеленуi. 
  
2. Түйсiк пен қабылдау арақатынасы 
            Түйсiк пен қабылдау өзара тығыз байланысқан жан құбылыстары. Бұлардың екеуi 
де  бiздiң  санамыздан  тəуелсiз  жасап,  түйсiк  мүшелерiмiздiң  əсерленуiнен  туындайтын 
объектив  шындықтың  сезiмдiк  бейнесi.  Бұл  тараптан  түйсiк  пен  қабылдау  өзара  жақын 
келедi.  Бiрақ  қабылдау - нақты  затты  немесе  құбылысты  сезiмдiк  тануға  негiзделедi, 
қабыл-дауда  бiз  көз  алдымызға  белгiлi  мағынаға  толы  адамдар,  заттар,  құбылыстар 
əлемiн  келтiремiз  жəне  олардың  бəрiнiң  де  өзара  күрделi,  əрқилы  қатынастарға  түскенiн 
байқап, бiлемiз. Осы қатынастар арқасында куəсi мен қатысушысы өзiмiз болған мəндi де 
маңызды  жағдайлар  түзiледi.  Ал  түйсiк  болса - қоршаған  орта  əсерiнен  болатын,  бiрақ 
толық  жетiлмеген,  нақты заттық кейiпке келмеген жеке сезiмдiк қасиеттердiң бейнеленуi. 
Бұл тұрғыдан түйсiк пен қабылдау сананың екi əртүрлi формалары немесе заттық дүниеге 
деген екi бiр-бiрiне ұқсамаған қатынастарын бiлдiредi. Осыдан, түйсiк пен қабылдау өзара 
бiрлiкте де, сондай-ақ өзiндiк ерекшелiктерiне ие. Олар психикалық бейнелеудiң сезiмдiк 
- қабылдау деңгейiн құрайды. Бұл деңгейде əңгiме бiздiң сезiм мүшелерiмiзге заттар мен 
құбылыстардың тiкелей əсер етуiнен пайда болатын бейнелер жөнiнде болуы мүмкiн. 
  
3. Қабылдаудың қасиеттерi 
             Қабылдаудың  заттық  тектiлiгi.  Қабылдаудың  бұл  қасиетi  оның  объектив 
болмыстық  көрiнiсiмен  түсiндiрiледi,  яғни  сыртқы  дүниеден  алынатын  ақпарат  көзi  осы 
объектив  дүниенiң  өзiнде  болуы.  Заттай  қабылдау  адамның  тума  қасиетi  емес,  ол  өмiр 
бойы  қалыптасып, iс-əрекеттiң  барша  саласында  бағыттау-реттеу  қызметiн  атқарады. 
Қоршаған  дүниенi  заттай  тану  сол  затпен  жанасу  барысындағы  қозғалыс  процестерiнiң 
негiзiнде  орнығады  (И.  М.  Сеченов).  Қозғалыс  болмаған  жерде  бiздiң  қабылдауымыз 
заттық қасиетiнен айрылып, сыртқы ортамен байланысқа келе алмаған болар едi.  
             Қабылдаудың  заттық  негiздi  болуы  əрекет-қылықты  реттеуде  үлкен  маңызға  ие. 
Əдетте, бiз нақты нысанды басқалардан түрi мен сипатына қарай бөлмеймiз, бiз үшiн бұл 
жағдайда ең қажеттiсi оның тұрмыстық қажеттiлiкке жарайтын негiзгi қасиеттерi. Мысалы, 
пышақ  кесуге  жараса - пышақ,  болмаса  əншейiн  металл.  Қабылдаудағы  басты  мiндет  -
осы қасиеттердi тану. 
             Қабылдаудың  тұтастығы.  Түйсiк,  жоғарыда  айт-қанымыздай,  заттардың  жеке 
қасиеттерiнен  ақпарат  жинауға  қажет,  ал  қабылдауда  сол  заттардың  қарапайым
бөлшектерi жөнiндегi бiлiктердi бiрiктiру арқылы тұтастай бейне жаратамыз. 
             Түйсiк  құрайтын  бөлiктер  өзара  өте  тығыз  əрi  күштi  байланысқан,  мұны  бiз  сезiм 
мүшелерiмiзге  кейбiр  заттардың  бiр  қасиетi  немесе  бөлiгi  ғана  əсер  етуден-ақ  бiздiң 
санамызда  сол  заттың  күрделi  бейнесi  туындайды  (мақпал,  мəрмəр  тас).  Мұндай 
танымның  негiзiнде  бiздiң  бұрынғы  тəжiрбиемiзде  көру  мен  сипай  сезу  арасындағы 
шартты рефлекстi қалыптас-қан байланыстар жатыр. 
             Тұтастық - қабылдаудың  құрылымды  болуымен  бай-ланысты.  Қабылдау  көп 
жағдайда  бiздiң  мезеттiк  түйсiну-лерiмiзге  тура  келе  бермейдi,  əрi  сол  түйсiктердiң 
қарапайым  қосындысынан  жасалмайды.  Адам,  əдетте,  нақты  түйсiнуден  дербестенiп, 
дерексiзденген  қорытынды  құрылымды  қабылдайды,  ал  бұл  қорытындыға  келу  бiршама 
уақыт өтуiн талап қылады. Егер сiз қандай да бiр əуендi тыңдай қалсаңыз, алғашқы естiген 
нотаңыз келесi нота берiлгенше құлағыңыздан кетпей қояды. Əдетте, тыңдаушы үшiн əн-

күй бiрiнен соң бiрi келетiн ноталарымен емес, бiртұтас əуенiмен мəндi. 
             Қабылдаудың  тұтастығы  мен  құрылымдығы  бейне-ленушi  қоршаған  дүние 
нысандарының шындыққа сай өзiндiк ерекшелiктерiнен туындайды. 
             Қабылдау  тұрақтылығы  (константтығы).  Қабылдау  тұрақтылығы  деп  өзгерген 
жағдайларға  қарамастан  заттың  кейбiр  қасиеттерiнiң  бiр  тектi  сақталуын  айтамыз. 
Өзгерiстер  орынын  толықтыру  қабiлетiне  ие  қабылдаушы  талдағыш-тардан  құрылатын 
тұрақтылыққа  орай   бiз  қоршаған  дүние  заттарын  бiр  қалыпты  күйiнде  танып,  бiлемiз. 
Көбiне заттардың түрi, көлемi мен формасы мызғымас қалпында бейнеленедi. 
             Қабылдаудың  мағыналылығы.  Қабылданған  нысан  тұтас,  оның  мəнi  сөзбен 
берiледi, мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрi - тану. Тану 
жалпылап  тану  немесе  талғаусыз  тану  жəне  даралап  тану  болып  бөлiнедi.  Жалпылап 
тануда  нəрселердiң   жай-жапсары  терең  бiлiне  бермейдi,  ал  даралап  тануда  заттар  мен 
құбылыстарды айыру анық əрi толық түрде өтедi. 
            Апперцепция. Қабылдау процесi тек тiтiркенуден ғана пайда болмай, субъектiнiң 
өзiне  де  байланысты  көрiнiс  бередi.  Қабылдайтын  көз,  құлақ  емес,  əрекетшең  адам, 
сондықтан  қабылданған  бейне  мазмұны  қабылдаушы  тұлға  ерекшелiк-терiмен  де 
сипатталады.  Қабылдау  нəтижесiнiң  жеке  адам  психикалық  өмiрiне,  оның  тұлғалық 
ерекшелiктерiне тəуелдiлiгi апперцепция деп аталады. Қабылдау барысында адамның 
өткен өмiр тəжiрибесi үлкен рөл ойнайды. Сондықтан да бiр заттың өзiн əрқилы адамдар 
(бiлiмiне,  тəжiрибесiне,  тəрбиеленген  ортасына,  жасына,  ұлтына,  қызметтiк  дəрежесiне, 
т.т. орай) əртүрлi қабылдайды. 
            Қабылдау мазмұны адамның алдына қойған мақсат, мүддесiне де орайлас келедi. 
Ниет,  көңiл  шарпуларының  ықпалымен  қабылдау  мазмұны  уақытша  өзгерiске  де  түсуi 
мүмкiн. Мұндай уақытша апперцепция адамның əртүрлi алдануы - иллюзия салдарынан 
жаңсақ пiкiрлер туғызатын жағдайларда болады. 
             Жүйке  жүйесiнiң  ауруға  шалдығуына  байланысты  жалған,  терiс,  бұрмаланған 
бейнелер туындайды. Мұн-дайдағы қабылдау  галлюцинация деп аталады. 
  
4. Қабылдаудың физиологиялық негiздерi 
             Қабылдау  да  түйсiк  секiлдi  рефлекторлы  процесс.  Оның  негiзiнде  қоршаған  орта 
заттары  мен  құбылыста-рының  рецепторларға  əсер  етуiнен  үлкен  ми  сыңарлары 
қабығында  пайда  болған  шартты  рефлекстер  мен  уақытша  жүйке  байланыстары  жатыр. 
Ми  қабығы  бөлектерiне  келiп  түскен  құрамды  тiтiркендiргiштер  күрделi  талдаудан  өтiп, 
бiрiгiп  жатады.  Қабылдау  нысаны  талдау  арқылы  жалпы  ортадан  (фон)  бөлiп  алынады, 
сонымен бiрге оның барша қасиеттерi бiртұтас сапалық бейнеге бiрiктiрiледi. 
             Түйсiкпен  салыстырғанда  қабылдау  процесi  ми  қыз-метiнiң  ең  жоғары  талдану-
бiрiгу  формасы.  Талдау  болмай,  қабылданатын  зат  не  құбылыстың  мəн  жайына  жету
мүмкiн  емес.  Мысалы,   түсiнiксiз  тiлдегi  ауызша  баянның  басы  мен  аяғын  аңдау  мүмкiн 
емес,  тұтасқан  дыбыстық  сарын.  Ал  ендi  осы  баянды  түсiнiп,  қабылдау  үшiн  оны  бөлек 
тiркестер  мен  сөздерге  мағынасына  орай  жiктеу  қажет,  яғни  естiп  тұрғанымызды  дұрыс 
қабылдауымыз  үшiн  талдаумен  бiр  уақытта  бiрiктiру  əрекетi  де  жүрiп  жатады.  Осының 
арқасында  бiз  дараланған  дыбыстарды  ғана  қабылдап  қоймастан,  тұтас  сөздер  мен  сөз 
тiркестерiн ұғамыз. Мұндағы бiрiгiм уақытша жүйке байланыстарының түзiлуiмен жасалып 
отыр. Жалпы қабылдау жүйке байланыстарының екi түрiне негiзделген: бiрiншi байланыс 
түрi талдағыш төңiрегiнде түзiлген де, екiншiсiне - талдағыштар арасындағы байланыс-тар 
себептi.  Бiрiншi  жүйке  байланысы  ағзаға  бiр  тектi  құрамды  тiтiркендiргiштердiң  əсер 
етуiнен  болады,  мысалы,  есту  талдағышына  əсер  етушi  жеке  дыбыстардың  ерекше 
бiрiкпесiнен  пайда  болған  əн-күй  бiртұтас  күрделi  тiтiркен-дiргiш  ретiнде  қабылданады. 
Бұл үлкен ми сыңарларында өтетiн бiрiгу процесi мен күрделi синтездiң болуынан. 
             Қүрамды  тiтiркендiргiштердiң  əсерiнен  түзiлетiн  жүйке  байланыстарының  екiншi 
түрi - əртүрлi талдағыш-тардың аралық байланысынан, заттар немесе кеңiстiктi қабылдау, 
көру, қозғалыс, сипап-сезу жəне басқа да түй-сiктердiң өзара байланысынан жүзеге келедi 
(И.  П.  Сеченев).  Адамдағы  бұл  ассоциацияларға  нақты  зат  не  кеңiстiктегi  қатынастарды 
белгiлейтiн сөздiң дыбыстық бейнесi қосылады. Заттардың көлемi мен жайласу аралығын
қабылдауда көру түйсiгi бұлшық еттер түйсiгiмен байланыспай болмайды. 

            Қабылдау негiзiнде жатқан уақытша жүйке байла-ныстары объектив дүние заттары 
мен  құбылыстарының    шындық  арақатынастарының  болуынан  туындайды.  Əртүрлi 
талдағыштар  арасында  орныққан  байланыстардың  жəрдемi-мен  бiз  арнайы  талдағышты
болмаған  заттар  мен  құбылыстар  қасиеттерiн  де  қабылдап,  бейнелей  аламыз  (мысалы, 
зат  аумағы,  меншiктi  салмақ  жəне  т.б.).  Түйсiкке  қарағанда  қабылдау  барысында  бiздiң 
дүниенi тереңiрек қабылдап, дəлiрек тануымыз осыдан. 
             Сонымен,  қабылдау  сынды  бейне  түзушi  күрделi  процесс  негiзiнде  бiр 
талдағыштың өзiндегi жəне талда-ғыштар аралық байланыстар жататынын аңдадық. Осы 
байланыстар  арқылы  бiз  тiтiркендiргiштердi  жете  танып,  күрделi  тұтастық  құраған  зат 
қасиеттерiнiң өзара ықпалды əрекеттерiн ескеремiз. 
  
5. Қабылдау   формалары 
            Ғылым болмыс жасауының екi түрлi формасы бар деп санайды. Олар - кеңiстiк пен 
уақыт. Бұл формалар шексiз. Уақыт пен кеңiстiктi түйсiну адамның тiршiлiк етуiне қолайлы 
жағдай жасап, дұрыс бағдар көрсетедi. Сол арқылы адам объектив дүниенi бейнелегенде 
өзiнiң  өмiр  сүретiн  ортасы  жайында  қажеттi  мəлiметтердi  бiлiп,  тiршiлiк  ету  жағдайына 
бейiмделедi. 
             Кеңiстiк  нысандарын  қабылдау - күрделi  процесс.  Дүниедегi  заттардың  барлығы 
кеңiстiкте орналасқан. Олардың əрқайсысының белгiлi түр-тұрпаты бар: ұзын-қысқа, ендi-
енсiз,  биiк-аласа,  үлкен-кiшi  т.б.  Олар  бiзден  түрлi  қашық-тықта  орналасқан.  Кеңiстiктегi 
заттардың  көлемiн  бiр  көзбен  монокулярлық   -  көру  нəрселердiң  тереңдiгi  жөнiнде  дəл 
мағлұмат бере алмайды. Бинокулярлық көруде екi көзге түсетiн кескiн қосылып, нəрсенiң 
бедерi айқын сезiлiп, бiр кескiнге айналады. Осылайша көрiп, қабылдауда заттар тұтасып, 
олардың  қашықтығы,  қоршауы,  шамасы,  түр-түсi,  рельеф-бедерi  əртарапты  байқалып, 
анық та нақты бейнеге түседi . 
            Қашықтық пен заттар көлемiн қабылдауда көздiң конвергенциясы, яғни екi көзбен 
көретiн  затқа  бiр  көздей  болып  əрекет  етiп,  жақын  жердегi  нəрселердi  ажыратудан 
байқалады.  Ал  алыстағы  нəрселерге  қарауда  олардың  екi  бөлiнiп  кетуi  дивергенция
делiнедi. Көздiң түрлiше қашықтық-тағы заттарды көруге бейiмделу қабiлетi аккомодация 
(көз  үйрену)  деп  аталынады.  Қашықтықтағы  нəрселердi  қабылдау  адамның  өмiр 
тəжiрибесiмен байланысты. Кеңiстiктi қабылдау жас кезден басталады. Бұл ретте, орман 
iшiнде  өскен  бала  мен  кең  далада  өскен  баланың  кеңiстiктi  қабылдауы  түрлiше  болып 
келедi. 
             Заттың  бағытын  қабылдау  көздiң  торлы  қабығындағы  сəулеленумен  қатар  дене
қозғалысының жағдайына да байланысты. Адам заттардың бағытын тiк тұрып, не отырып, 
көлбеу  жағдайда  ғана  дұрыс  қабылдайды.  Кеңiстiктi  дұрыс  қабылдаудың  көлiк 
жүргiзушiлер, ұшқыштар мен ғарыш-керлер, суретшiлер мен əскери қызметкерлер, дəлдiк 
аппарат жасайтын мамандар үшiн маңызы зор. 
             Уақыт  та - материя  өмiр  сүруiнiң  объектив  формасы.  Дүниедегi  материя  мен 
заттардың бəрi де кеңiстiк пен уақыт iшiнде қозғалыста болып, оларда қабылдау бiрнеше 
құрылым бiрлiктерi арқылы, құбылыстың белгiлi бiр ырғағымен өтедi, қарқын дəрежесiмен 
өлшенедi. Қарқын - уақыттың бiрiздi тездiгiнiң не баяулығының көрсеткiшi.  
             Уақытты  қабылдауда  субъективтi  мезеттер  ерекше  орын  алады.  Өткен  шақ 
жылдам,  қысқа  мерзiмде  өткен  сияқты.  Оны  дəуiр,  кезең,  ғасыр,  жылдармен  өлшейдi. 
Соған орай өткен уақиғалар көмескi болып қабылданады. Осы шақ та ғасыр, жыл, ай, күн, 
сағатпен  өлшенедi.  Бұл  нақтылы  iзбен  қабылданады.  Өткен  шақтың  тез  өтуi,  келер 
шақтың ұзақ болып көрiнуi субъектив жағдайларға байланысты. Уақыт қызықты болса, тез 
өтедi, қызықсыз болса, ұзаққа созылады. 
  
6. Бақылау жəне қабылдауға тəрбилеу 
             Қабылдау  ниеттелмеген  (ырықсыз)  жəне  ниеттелген  (ырықты)  болып  екiге 
бөлiнедi.  Ниеттелмеген  қабылдауда  алдын  ала  белгiленген  мақсат  не  мiндеттi 
көздемеймiз, ол сыртқы орта ықпалынан туындайды. Ал ниеттелген қабылдау, керiсiнше, 
əуел  бастан  алға  қойылған  мiндетпен  реттелiп,  қажеттi  зат  немесе  құбылысқа  назар 
аудару  мақсаты  қойы-лады.  Ниеттi  қабылдау  қандай  да  iс-əрекетке  қосылып,  оның 

орындалу  барысында  жүзеге  асады.  Бiрақ  кейде  қабылдау  өз  бетiнше  бiршама  дербес 
əрекет сипатына да ие болуы мүмкiн. 
             Өз  алдына  қабылдау  дербес  iс-əрекет  түрiнде  бақылау  процесiнде  көрiнедi. 
Бақылау - бұл  қабылдау  объектiсiне  түскен  құбылысты  немесе  онда  жүрiп  жатқан 
өзгерiстердi белгiлi мақсатпен, жоспарлы жəне ұзақ уақыт аралығында назарда ұстап, 
зерттеп беру. 
             Бақылау - адамның  қоршаған  дүниенi  сезiмдiк  тануы-ның  белсендi  формасы. 
Дербес  бағдарлы  мақсаты  бар  iс-əрекет  ретiнде  бақылау  алғашқыдан-ақ  оның  бағытын 
айқындайтын  мақсаты  мен  мiндеттерiн  сөзбен  өрнектеуден  басталады.  Бақылаудың 
табысты болуы оның алдына қойыл-ған мiндеттiң өте анық əрi түсiнiктi болуына тəуелдi. 
Жоспар-лы  ниеттелiп,  ұзақ  мерзiмге  созылатындықтан  жəне  танымдық  мақсатты
қабылдау болғандықтан бақылау жұмысы арнайы дайындықты керек етедi (бақыланатын 
материалмен алдын ала танысу, суреттерiн көзден өткiзу, заттың сипаттамасымен танысу 
т.б.).  Дайындық  барысында  аса  қажет  жұмыстар:  бақылау  мiндетiн  түсiнiп  алу,  бақылау 
барысында  орындала-тын  талаптарды  жете  тану,  күнi  бұрын  бақылаудың  жоспары  мен 
əдiстерiн  анықтап  алу.  Бақылау  белсендiлiгi,  яғни  бақылаушының  зерттеу  барысындағы
ойлау  қабiлетi  мен  жедел  қимыл  əрекетi  үлкен  маңызға  ие.  Затпен  айналыса,  оған 
араласа,  қатынас  жасай  отырып,  адам  бақылаудағы  нысанның  көп  қырлары  мен
сырларын  түбегейлi  бiле  алады.  Əрине  мұн-дай  жұмыстың  жоспарлы  əрi  бiрiздi,  үздiксiз 
болғаны жөн.  
             Затты  жан-жақты  əрi  кең  бақылау  нəтижесiнде  зерттеушi  анық,  сонымен  бiрге 
жүйелi жұмыс белгiлеп, бақылауындағы нысанның əрi бөлiгiн белгiлi тəртiпте бiрiнен соң 
бiрiн  қарастыру  мүмкiндiгiне  жетiседi,  осыдан  ешнəрсе  көзден  таса  қалмайды,  бұрын 
қабылдап, танығанына қайта оралып, уақыт оздырмайды. 
            Бақылау iсiне болған адам қатынасы үлкен мəнге ие. Ұзақ жаттығудың арқасында 
бақылағыштық  қабiлет  дамиды,  яғни  адам  бiр  көргенге  көзге  түспейтiн,  онша  қажет 
еместей  көрiнетiн  заттың  майда  ерекшелiктерiн  байқауға  үйренедi.  Бақылағыштық 
қасиеттi дарыту мақсатында келесi жаттығу-ларды орындау қажет: əртүрлi заттарды жəне 
олардың  тарап-тарын  салыстыру;  зат  бөлiктерi  арасындағы  байланыс  пен  өзара 
ықпалына  назар  аудару;  бiр  қарағаннан  заттар  мен  құбылыстардың  көбiрек  қасиет, 
сапаларын қамту; елеусiз өзгерiстерге де мəн берiп, назар аудару; қабылданатын заттың
мəндi тараптарын айыру.  
             Бақылағыштық  қабiлеттi  дамыту  үшiн  қабылдаудың  нəтижелi  болуына  қажеттi 
келесi шарттар орындалып баруы тиiс: мiндет анықтығы; алдын ала дайындық; жүйелiлiк; 
жоспарлы  болуы  т.б.  Адам  өмiрi  мен  қызметiнiң  барша  саласында  бақылағыштықтың 
маңызы  үлкен.  Ал  адамның  бұл  қасиетiнiң  қажеттi  деңгейде  болуы  үшiн  оны  балалық 
жастан ойын мен оқу барысында тəрбиелеп бару керек. 
  
Қайталау жəне бекiту сұрақтары 
1.  Қабылдау процесiнiң мазмұндық сипаты қандай? 
2.
      
Қабылдау құбылысына байланысты қандай қасиеттердi атай аласыз? 
3. Түйсiк пен қабылдаудың арақатынасы қандай? 
4. Қабылдау физиологиялық тұрғыдан қалай түсiндiрiледi? 
5. Қабылдаудың күрделi формаларымен байланысты құбы-     
     лыстар қандай? 
6. Бақылау мен қабылдаудың өзара байланысының мəнi неде?

12-дəрiсбаян
 
  
ЕС
 
  
Жоспары:   1. Ес жөнiнде түсiнiк.  
2. Ес теориялары.   
3. Ес түрлерi.  
4. Ес процестерi. 
  
1. Ес жөнiнде түсiнiк 
             Бiздiң  əрбiр  толғанысымыз,  əсерленуiмiз  бен  əрекет-қылығымыз  санамызда 
бiршама  уақыт  (ұзақ,  қысқа)  сақта-лып,  қажеттi  жағдайларда  қайта  жаңғыртуға  келетiн 
iздер  салатыны  баршаға  мəлiм.  Осыдан,  өткен  тəжiрибемiзден  қалған  iздердi 
жадымызда  қалдырып,  сақтап,  кейiн  бұрын  бiлгендерiмiздi  жойып  алмастан,  оларды 
қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталады. 
            Сонымен ес - бiр-бiрiмен ұштасқан дара бөлектерден құралған күрделi психикалық 
процесс.  Ес  адамға  өте  қажет  жан  құбылысы.  Оның  арқасында  субъектi  жеке  басының 
өмiрлiк тəжiрибесiн жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратады. 
             Жантану  ғылымы,  осыдан,  өз  алдына  келесi  мəселе-лердi  шешу  мiндетiн 
белгiлейдi:  санадағы  өткен  тəжiрибе  iздерi  қаншама  уақыт  сақталуы  мүмкiн?;  есте 
қалдырудың  ұзақ  не  қысқа  мерзiмдi  болуы  нелiктен?;  ес  iздерi  қандай  өзгерiстерге  түсуi 
мүмкiн?; естiң адам танымына ықпалы қандай? 
             Сұрақтарға  жауап  iздеуде  психология  өзiнiң  алғашқы  эксперименттерiн  осы  ес 
проблемасын  зерттеумен  байланыс-тырды.  Өткен  ғасырдың 80-жылдары  немiс 
психологi             Г.  Эббингауз  ойлаумен  байланысты  болмаған  таза  ес  заңды-лықтарын 
ашты:  мағынасыз  əрiп  буындарын  жаттай  отырып,  материалды  есте  қалдырудың  негiзгi 
шектерiн  белгiледi.  Ал  психиатр  Э.  Крепелина  аталған  тəсiлдi  психикалық  ауытқуы  бар 
сырқарттардың есте қалдыру (жаттау) əрекетiн тексеру үшiн қолданды. Адам есiнiң бекуi 
жəне  қайта  жаңғыруымен  бай-ланысты  негiзгi  заңдар  Г.  Э.  Мюллер  еңбектерiнде  жария 
етiлдi. 
            Алғашқы кездегi ес зерттеулерi көбiне саналы iс-əре-кетпен байланыстырылды, ал 
ХIХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында ғылыми iздену шеңберi кеңейе түстi, ендi талдау аймағына 
есте сақтаудың жалпы табиғи, адамға да, жануарға да бiрдей механизмдерi алынды. Бұл 
тұрғыдан  зерттеу  жүргiзген  американ  психологi  Торндайк  жануарлардағы  дағдылардың 
қалыптасу заңдылықтарын ашып бердi. Бұл үшiн ол жануар-ларды лабиринтте жол табуға 
жаттықтырып, 
одан 
қалып-тасатын 
дағдылардың 
бiрiздi 
беку 
процесiн 
байқастырды.              ХХ  ғ.  алғашқы  он  жылдығында  ес  процесiн  зерттеу  жаңа  ғылыми 
формаға  енiп,  ол  И.  П.  Павлов  ашқан  шартты  рефлекстер  əдiсiмен  байланысты  болды. 
Есте  қалдыруға  ықпал  жасаушы  жаңа  шартты  байланыстардың  пайда  болуы  мен  олар-
дың сақталу жолдары осы И. П. Павлов жаңалығына орай белгiлендi. Бұл кезеңге дейiнгi 
психологиялық зерттеулер естiң ең қарапайым процестерiмен ғана шектелген едi. 
             Ал  естiң  ең  жоғары,  адамға  өз  өмiрiнiң  қалаған  кезiңiн  жадқа  түсiрiп,  оны 
пайдалануға  мүмкiндiк  туғызатын  ырықты  жəне  саналы  формалары  тек  философтар
тарапынан  қарас-тырылып,  олар  естiң  табиғи  формаларына  қарсы  қойылды  да,  жоғары 
сананың  туындысы  деп  танылды.  Сондықтан  да  естiң  жоғары  формаларының  пайда 
болуы  мен  даму  себептерiн  айқындау  философ-идеалистер  күн  тəртiбiнде  тiптi  де 
қойылмады. (А. Бергсон) 
             Естiң  жоғары  формаларының  жүйелi  зерттелуi  орыс  ғалымы  Л.  С.  Выготский 
есiмiмен  байланысты.  Ол 20-жылдар  аяғында  өз  шəкiрттерiмен  бiрлiкте  естiң  жоғары 
формалары-ның дамуы жөнiндегi мəселенi қозғай отырып, олардың əлеуметтiк негiзге ие 
психикалық  iс-əрекеттiң  күрделi  түрi  екенiн  алғашқы  рет  дəлелдедi.  Ұлы  ғалымның 
iзбасарлары            А.  А.  Смирнов  жəне  П.  И.  Зинченко  естiң  саналы  iс-əрекет-пен 
байланыстылығы  жөнiндегi  жаңа,  əрi  мəндi  заңдарын  ашып,  есте  қалдырудың  алға 
қойылған  мақсатқа  тəуелдi  болатынын  дəлелдеп-əрi  күрделi  материалды  есте 
қалдырудың тəсiлдерiн белгiлеп, ұстаз тағлиматын одан əрi толықтырды. 

             Ес  психологиясын  зерттеудiң  бiршама  нəтижелi  болуына  қарамастан,  естiң 
физиологиялық  механизмдерi  мен  өзiндiк  табиғаты  көпке  дейiн  сыр  болып,  философтар 
мен  психологтар  естi "материяның  жалпы  қасиетi"  деуден  аспады.  Кейiнгi 30 жыл  iшiнде 
ғана  бұл  ғылым  бағытында  кейбiр  саңлақтар  көрiнiс  бердi.  Бұл  кезендегi  зерттеулер 
нəтижесiнде  есте  қалдыру,  сақтау  жəне  жаңғырту  тереңде  жатқан  био-химиялық 
өзгерiстермен  байланысты  екенi  анықталып,  оның  РНК  (рибонуклейн  қышқылы) 
құрамындағы  ауысуларға  тəуелдiлiгi  жəне  ес  iздерiн  биохимиялық  жолдармен  екiншi 
ағзаға егуге болатыны дəлелдендi. 
            Ақырында, ес iздерiн сақтауға қажеттi ми аймағын табуға жəне есте қалдыру мен
ұмытудың  жүйкелiк  механизм-дерiн  ашуға  ниеттелген  зерттеулер  жарық  көрдi.  Қазiргi 
күнде  ес  процесiн  тану  психологиялық,  физиологиялық  жəне  био-химиялық  негiздердегi 
iзденiстерге  сүйенуде.  Осыдан,  адам  есi - бiртектi  қарапайым  қызметтен  құралмайтыны 
белгiлi болып отыр. Оның құрамы сан - алуан. П. Линдсей мен Д. Норман естiң бiр-бiрiне 
ұқсамас 3 типi болатынын алға тартады:              1) сезiмдiк əсердiң тiкелей, нақты iзi; 2) 
қысқа мерзiмдi ес;          3) ұзақ мерзiмдi ес. 
             Сезiмдiк  əсердiң  тiкелей,  нақты  iзi.  Бұл  ес  жүйесi  бiздiң  сезiм  мүшемiз 
қабылдаған  дүние  көрiнiстерiн  толық  əрi  дəл  сақтауға  жəрдем  бередi.  Мұндай  жолмен 
еске  түскен  қоршаған  орта  ақпараты  есiмiзде  өте  қысқа  мерзiмге  ғана  орнығып, 0,1-0,5 
сек. iшiнде жойылып кетедi. 
             1.  Қолыңызды 4 саусағаңызбен  қағып,  кейiн  одан  келген  сезiмнiң  қалайша 
өшетiнiне  мəн  береңiз:  қағу  тоқтағаннан  соң  да,  болған  қаққылау  сезiмi  бiршама  уақыт 
сақталып барып, соң жойылады да, кейiн тек қаққы əрекетi болғаны ғана есiңiзде қалады. 
             2.  Көзiңiздi  бiраз  жұма  тұрып,  кейiн  сəл  мезетте  ашумен,  қайта  жұмыңыз.  Ашып-
жұму  арасында  қас-қағымда  көрген  заттарыңыздың  бейнесi  нақ  күйiнде  көз  алдыңызда 
бiраз сақталып, кейiн жайымен жойыла бастайды. 
             3.  Қалам  не  сұқ  саусағыңызды  көз  алдыңызда  оңды-солды  жүргiзсеңiз,  қозғалған 
затқа оның бұлдыр сағымы ергенiн байқайсыз. 
             Қысқа  мерзiмдi  есте  жоғарыда  баяндалған  жүйедегiге  қарағанда  материал 
басқаша тұрақтайды. Бұл жағдайда есте қалған бейне сезiмдiк деңгейдегi толық көрiнiстей 
болмай,  оқиғаның  қандай  да  бiр  шағын  баламасына  сəйкес  келедi.  Мысалы,  сiзге 
қаратылған  ақпарат  оны  құрайтын  дыбыстар  жүйесiнде  қабылданбай,  бiртұтас  сөздер 
қалпында  еске  алынады.  Əдетте,  ұсынылған  материалдың  ең  мəндi  деген 3-4 бiрлiгi 
немесе  кейiнгi  элементтерi  ғана  қабылданады.  Саналы,  ерiк  күшiн  қосумен  сол 
қабылданған  сөздiк  материалды  бiрнеше  рет  қайталай  отырып,  оны  есте  бiршама  ұзақ 
мерзiм  сақтауға  болады.  Ал  сезiмдiк  естегi  нақты  бейне  қайталан-байды,  ол  секундке 
жетпей, жойылады да, ұзарта сақтауға келмейдi. 
             Ұзақ  мерзiмдi  ес.  Баршаға  белгiлiдей,  осы  мезетте  болған  оқиға  мен  атам 
заманда  жүз  берген  тарихи  жағдайларды  есте  сақтаудың  арасында  айтарлықтай  өзге-
шелiк бар. Осыдан, ұзақ мерзiмдi ес - жадта сақтау жүйесiнiң маңызды да əрi күрделi түрi. 
Жоғарыда  келтiрiлген 2 ес  жүйесiнiң  қамту  аймағы  өте  шектелген:  бiрiншiсi - шағын 
уақытқа жұмыс iстесе, екiншiсi - материалдың кiшi бiр бөлiгiн ғана ұстап қалуға қабiлеттi. 
Ал  ұзақ  мерзiмдi  естiң  уақыты  да,  қамту  көлемi  де  шексiз.  Бiрнеше  минуттан  артық 
сақталғанның бəрi ұзақ мерзiмдi еске кiредi. 
             Ұзақ  мерзiмдi  еске  байланысты  қиыншылық - бұл  санадағы  ақпаратты  iздестiрiп, 
таңдап,  қажеттiсiн  таба  бiлу.  Ал  есiмiздегi  мəлiметтiң  көптiгi  соншалықты,  оны  санмен 
айғақтау мүмкiн емес. Солай болса да, сана қорымыздан қажеттi дерек дер кезiнде шыға 
келетiнiне таңданбасқа болмайды. 
            Бiрақ ұзақ мерзiмдi естiң де аймақ көлемiнiң шегi барын мойындамасқа болмайды, 
себебi ол өлшем мимен байланысты. Ғылымда дəлелденгендей, ми 10 млрд. Нейрон-нан 
тұрады, ал əрбiр нейрон аса көп санды ақпарат сақтауға қабiлеттi. Бiрақ əрбiр жеке адам 
миiнiң  есте  қалдырып,  сақтау  мүмкiндiгi  оның  биологиялық,  əлеуметтiк  дамуына 
тəуелдi.                        
Каталог: repository -> history
history -> С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009
history -> М. Б. Әмірханов ¤. Д. Сандықбаева
history -> Анықтамалық қолданба Пікірлер Ұғымдар
history -> Айг‰л Аязбайқызы Жумадуллаева
history -> Графикалық компьютерлік модельдеу
history -> Мәшімбаев С. М. Еуропа және америка
history -> Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы
history -> Булгакова Д. А
history -> Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет