Сəбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев)



Pdf көрінісі
бет15/24
Дата29.12.2016
өлшемі1,88 Mb.
#678
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24

қайта жаңғыртушы ес; 2) тану есi; 3) тану мен жаңғыртуды жеңiлдетушi ес. Мысалы, 
оқушы  өлеңдi  жаттап  алды.  Егер  уақыт  өтуiмен  шəкiрт  жаттағанын  түгелдей  жаңғырта, 
айтып  берсе,  онда  балада  бiрiншi  деңгейдегi,  ең  жоғарғы  естiң  болғаны;  егер  оқушы 
жаттағанын  айтып  беруде  көп  қателессе,  бiрақ  оны  кiтаптан  немесе  басқаның  айтуында 
тани  алса,  екiншi  деңгейлi  еске  ие  болғаны;  егер  оқушы  жаттағанын  өз  бетiнше  кiтаптан 
да,  басқаның  еске  салуымен  де  қайталап,  айтып  бере  алмай,  бiрақ  толық  еске  түсiрiп, 
айтып  беру  үшiн,  қайта  жаттауда  аз  уақытта  нəтижеге  ерiсе  алса,  онда  үшiншi  деңгейлi 
еске ие болғаны. 
              Ұмыту  материал  құрылымын  түзуде,  яғни  жоспар-лауда,  оның  кейбiр  мəндi 
бөлшектерiн  назардан  тыс  қал-дыруда,  жаңа  жаттағандарын  ескiлерiмен  шатастыруда 
көрiнiс бередi. Ұмытшақтықты жеңу үшiн оның туындауына себепшi келесi заңдылықтарды 
бiлу қажет
             1.  Ұмытудың  уақыт  iшiнде  желiсi  əртүрлi.  Жатталған-ның  есте  тұрмауы  əсiресе 
материалды бiрiншi қабылдаудың iзiн ала болады, ал кейiн дейдiлеген ақпарат ұмытыла 
бермейдi.  
            2. Қабылданған материалды қайталап бару жұмыс-тарын кейiнге ысырып қоймай, 
дер мезгiлiнде орындап тұрған жөн. 
            3. Қабылдаудың iзiн ала ұмытылған материал бiр-қанша уақыт өтуiмен қайта еске 
оралады. Бұл құбылыс пси-хологияда реминисценция деп аталған. 
             4.  Материалдың  тез  ұмытылуы,  оның  түсiнiксiздiгiнен,  мағынасына  жете  ене
алмағандықтан  да  болады.  Сондықтан  əрдайым  мұғалiм  ұсынылған  материалдың 
жеткiлiктi  деңгейде  түсiнiмдi  болғанын  анықтап  алғаннан  соң  ғана  оны  есте  қалдыруға
байланысты жаттығуларға өткенi дұрыс. 
            5. Адамның ұмытшақ болуының үлкен бiр себебi- оның айналысқан материалының 
қызықты  болмай,  тұрмыс-тық  қажеттiлiкпен  байланыспауынан  келiп  шығады.  Осыдан  да 
ересек  адамдардың  көбi  өз  кəсiбiне,  өмiрлiк  қызығуларына  орай  өткен  оқиғалар  мен
кезiккен ақпараттарды жадынан шығармайды. 
6.  Ұмыту  желiсi  материал  көлемi  мен  оны  игеру  қиыншылықтарына  тiкелей 
байланысты. 
7.  Ұмыту  процесiнiң  кем  болуы  үшiн  жаттау  қызметi-нен  кейiнгi iс-əрекет  алдыңғы 
жаттауға  кедергi  болмай,  оны  қайталауға  байланысты  жұмыстармен  ұштастыруға
мүмкiндiк бергенi орынды. 
             8.  Ұмытшақтыққа  себепшi  көп  факторлардың  iшiнде  аса  қатерлiсi  адам  жүйке 
жүйесiнiң əртүрлi сырқаттарға шалдығуы мен бас құрылымының кездейсоқ соққылар мен
жарақаттар алуы. Ұмыту қызмет бабымен шаршауға да бай-ланысты. Қажеттi материалға 
назар  аударуға  кедергi  келтiретiн  шектен  тыс  əсерлер  де  ұмытшақ  болуға  өз  ықпалын
тигiзбей қоймайды. 
             Ұмытшақтықпен  күресте  жоғарыда  келтiрiлген  жаттау-дың  ғылыми  негiзделген 
əдiстерiн бiлу көп жəрдемiн тигiзерi сөзсiз. Бұл ұсыныстарды елемеуден материалды есте
қалдыру  мен  есте  сақтау  үшiн  бекерге  уақыт  жойып,  көп  еңбек  сарп  етiп,  ақырында 
межелеген нəтижеге жете алмай қалу екiнiң бiрiнде болатын жағдай. 
             Естiң  бұзылысы.  Ес  қызметiнiң  қажеттi  деңгейiнен   керi  ауытқуы  астарында 
психологиялық  талдауды  қажет  ететiн  əртүрлi  жағдаяттар  жатыр.  Мидың  психикалық 
қалпы  ең  алдымен  ес  бұзылысынан  көрiнедi.  Мұндай  ақыл-ес  сырқаты  көбiне  ағымдағы 
оқиғаларды  есте  қалдыруға  қажет  болған  ырықсыз  (тiкелей)  естiң  бұзылуымен 
байланысты, яғни адам жаңа ғана көрген, бiлгенiн қас қағым уақыт өтпей ұмытады, бiрақ 
өткендегiлерiн  түгелдей,  жақсы  болжастыра  алады.  Науқас  адам  атам  заманда  не 
оқығаны,  қандай  қызмет  атқар-ғаны  жөнiнде  жай-жапсарын  қалдырмай  еске  түсiрiп  беруi 

мүмкiн, ал осы бүгiн тамақтанды ма, жоқ па; қажет адамы-мен кездестi ме, кездеспедi ме -
бұған жауап таба алмай, мүдiрiп қалуы таң қалғандай. Бұл адамдағы қайта жаңғырту, еске 
түсiре, жадқа айтып беру қабiлетiнiң жойылуы деген сөз. 
             Ес  бұзылысы  кейде  өткендегi  оқиғаларды  да  қайта  тiктей  алмаудан  көрiнедi: 
науқас адам өмiрiнде не болғаны-нан түк хабарсыз, бұрынғыны бүгiнгiсiмен шатастырады, 
жыл,  айларын  алмастырады,  яғни  уақыт  пен  кеңiстiк  өлшем-дерiн  таразылай  алмайтын 
жағдайға  түседi.  Сонымен  бiрге,  науқас  адам  санасында  өте  бiр  ұзақ  уақытта  болған 
қандай да бiр оқиға, жағдай естен кетпестей орын тебуi мүмкiн.    
             Кейбiр  жағдайларда  ес  өз  желiсiнiң  (динамика)  бұзылуынан  да  көрiнедi:  адам 
белгiлi  бiр  уақыт  аралығында  тəп  тəуiр  жаттап,  материалды  қайта  жаңғырта  алса,  ал 
қысқа  бiр  мерзiм  өтумен  бұл  қабiлетiнен  айырыла  қалады.  Мұндай  сырқатқа 
шалдыққандар  кейде  оқыған,  бiлгендерiн  түгелiмен  еске  түсiре,  тəптiштеп  айтып  берiп 
отырса,  бiраздан  соң  əйтеуiр  жай  нəрсенi  есiне  түсiре  алмай,  қиналады.  Мұндай 
жайлардан адам есi үзiлiске түсiп, оның ой жүрiсiнiң бұзылғанын байқаймыз. 
             Ес  бұзылыстарын  зерттеу  ми  сырқаттарының  бел-гiлерiн  дəл  танып, 
болжастырумен бiрге адамның өте күрделi ес қызметiнiң психологиялық тетiктерiне жəне 
жалпы ми табиғатына байланысты сырларды ашуға мүмкiндiк бередi. 
Қайталау жəне бекiту сұрақтары 
1.
      
Қандай психикалық құбылысты ес деп атаймыз? 
2.
      
Ес табиғатын түсiндiруге байланысты жүргiзiлген зерттеу 
     лер мəнi неде? 
3.
      
Естiң қызметтiк сапасына орай түрлерi қандай? 
4.
      
Ес теорияларының əрқилы болуының негiзi неге                        
     байланысты? 
5.
      
Жадта қалдыру, қайта жаңғырту үшiн орындалған  əрекет      
     тердiң сипатына орай ес қандай түрлерге бөлiнедi? 
6.   Есте қалдыру формалары қандай? 
7.   Берiк есте қалдыру үшiн орындалатын шарттар қандай? 
8.  Тану жəне қайта жаңғыртудың мəнi жəне олардың   
     ерекшелiктерi қандай? 
9. Ұмыту деген не жəне ол қандай себептерден туындайды? 
10. Ес бұзылысы неден көрiнедi? 

13-дəрiсбаян
 
  
ОЙЛАУ
 
  
Жоспары:   1. Ойлау жөнiнде түсiнiк.  
2. Ойлау жөнiндегi теориялар.  
3. Ойлау формалары.  
4. Ой қызметтерi.  
5. Ойлау əрекетi түрлерi.  
6. Ойлау жəне жеке адам. 
  
1. Ойлау жөнiнде түсiнiк 
             Адам  өзiне  қоршаған  ортадан  келiп  түскен  ақпарат  арқылы  тек  сыртқы  дүние
көрiнiстерiн  нақтылап  қоймастан,  қабылданған  заттың  iшкi,  мағыналық  тараптарына  да 
назар аударады, заттардың өздерi жоқ болса да, олардың тұрқы мен қасиеттерiн жобалап 
таниды, уақыт пен кеңiстiкке орай болмыс өзгерiстерiн болжастырады, ұшқыр ой қанатын 
ерттеп,  əлем  мен  мəңгiлiкте  шарықтайды.  Мұның  бəрi  де  ойлау  процесiне  байланысты 
адамзат  мүмкiндiгi.  Жантану  ғылымында  ойлау - бұл  тұлғаның  шындықты  жалпылама 
жəне  жанама  бейнелеуге  бағытталған  танымдық  əрекетi.  Түйсiк  пен  қабылдаудан 
бастау ала отырып, ойлау тiкелей сезiмдiк бiлiктер аймағынан шығып, нақты қабылдаумен 
бiлуге  мүмкiн  болмаған  дүние  құбылыстарын  жанама  қоры-тындылау  арқылы  бiлiп, 
танымдық  шектерiмiздi  кеңейтуде  жəрдемдеседi.  Мысалы,  айна  сыртында  iлулi  тұрған 
термо-метрге қарап, күннiң суықтығын байқаймыз. 
            Түйсiк пен қабылдау құбылыстардың жеке тараптары-ның əр мезгiлдегi кездейсоқ 
байланыстарын  танытады.  Ал  ойлауда  сол  түйсiктер  мен  қабылдау  деректерi  топтас-
тырылады,  салыстырылады,  олардың  арасындағы  қатынастар  ашылып,  ажыратылады. 
Сезiмдiк негiзде танылған заттар мен құбылыстардың қасиеттерiне сүйене отырып, ойлау 
арқылы  заттардың  тiкелей  көрiнбеген,  тереңдегi  жаңа  қырлары  мен  сырларын 
топшылайды.  Сонымен,  ойлау  қоршаған  дүниенiң  мəнiн  жалпылай  түсiнуге,  болмысты 
заңдылықты байланыс-тар мен қатынастар негiзiнде тануға мүмкiндiк бередi. 
            Заттар арасындағы байланыстар мен қатынастарды ашу - ойлаудың басты мiндетi, 
осыдан-ақ  ойлаудың  болмысты  тереңдей  тануға  бағытталған  ерекше  сипаты  көрiнедi. 
Ойлау  қатынастар  мен  байланыстарды  ғана  емес,  сонымен  бiрге  қасиеттер  мен  мəндi 
белгiлейдi;  бiрақ  қатынастар  тек  ойлаумен  ғана  көрiнiп  қоймайды.  Шынында  да,  бiздiң 
қабылдаудағы  танитынымыз  дербес  элементтердiң  жай  қосындысы  емес,  осы  деңгейдiң 
өзiнде  де  болмыс  қасиеттерi  мен  заттары  өзара  қатынасты  бiрлiкте  болып,  ойлаудың 
дүниетанымдық  қызметiне  арқау  болады.  Бiрақ  қабылдауда  заттар  мен  құбылыстардың
қасиеттерi  бiздiң  санамызға  жеке-дара,  кейде  мəнсiз,  кездейсоқ  белгiлерiмен  келiп  түсуi 
мүмкiн. Осыдан, ойлаудың мiндетi кездейсоқ сəйкестiктерден ажыратып, нақты заңдылық-
тарға негiзделген мəндi, қажеттi байланыстарды танып, аша бiлу. 
             Қажеттi  əрi  мəндi  байланыстарды  аша  отырып,  назарға  алғандардан
кездейсоқтарын  бөлумен  ойлау  жалқыдан  жалпыға  өтедi.  Кеңiстiк  пен  уақыт  аймағында 
шектелген,  жеке-дара  жағдайлардың  кездейсоқ  тоғысынан  құралған  байланыстар
жалқылық  сипатқа  ие  болады,  ал  əрқандай  мəн  кездейсоқ  жағдайлардың  өзгерiсiне 
қарамастан  жалпы  сипат-қа  ие,  ойлаудың  қызметi  осы  мəндi  байланыстарды  ашумен, 
оларды  қорытындылап,  жалпыластыру;  ойлау,  осыдан,  жалқыдан  жалпыға,  жалпыдан 
жалқыға  бағытталған  бай-ланыстарды  тану  жолындағы  психикалық  əрекет  желiсi. 
Сондықтан  да  ойлау  жанама  байланыстар  мен  қатынастарға  негiзделген  объектив 
шындықтың қорытындысы. 
             Теориялық  таным  əрекетi  ретiнде  ойлау  ықпалды  қимылмен  тығыз  байланысқан. 
Адам  болмысқа  əсер  жасау  арқылы  оны  түсiнедi,  дүниенi  өзгерте,  қайта  жасай  отырып, 
оның  мəн-жайын  тереңдей  айырады.  Осыдан  ойлау  əрекетпен  немесе  əрекет  ойлаумен
жай  қосарлана  жүрмейдi,  əрекет  ойлаудың  ең  бастапқы  формасы,  яғни  əрекет,  қимыл 
болмаған  жерде  ойлау  процесi  де  жоқ. Iс-тəжiрибе,  қимыл-əрекет  ойлау  дұрыстығы  мен 
дəлдiгiнiң  негiзi  де,  ақырғы  нəтижесi  де;  жалпы  iс-тəжiрибеге  тəуелдiлiгiн  сақтаумен, 

теориялық  ойлау  өзiнiң  алғашқы  əрi  жеке,  кездейсоқ  практикалық  жағдайларға 
бағыныштылығынан  құтылады.  Қорытынды  түсiнiм  мен  жалпы  шешiмге  келтiре  алу 
мүмкiндiгiнен  ойлаудың  басқа  психикалық  процестерден  өзгешелiгi  айтарлықтай.  Бiр 
мəселе бойынша қабылданған қорытынды нəтижесiн тапқан жалғыз-ақ проблемаға тиiстi 
орындалмай,  бүкiл  сол  тақылеттi  көптеген  сұрақтарға  жауап  болған - теориялық  шешiм 
ретiнде  қабылданады.  Жеке  дерекке  орай  қабылданған  ой,  ендi  бiр  сұрақ  аймағынан 
шығып, қорытындылық маңызға ие болумен, теорияға не теорияның құрамды бiр бөлiгiне 
айналады. Ойлау процесiнде қандай да бiр мəселе қайталай,  жаңадан ашыла бермейдi, 
онда  жалпыланған  түрде  мəселе  шешiмдерiнiң  принциптерi  айқындалып,  практиканың 
болашақта  кезiгетiн  мiндеттерiнiң  орындалу  жолдары  болжастырылады,  яғни  ойлау 
арқылы  жос-пар  түзiледi.  Осыдан,  ойлауға  байланысты  адам  практикаға  жол  көрсететiн, 
əрекетке  жетекшi  болған  теорияға  қол  жеткiзедi,  объектив  шындықты  танытатын 
диалектика  жолын  ашады.  Əрекет  негiзiнде  дамып,  ойлау,  ақырында, iс-қимыл-ды 
ұйымдастыруға жəне оған басшылық етуге себiн тигiздi. 
  
2. Ойлау жөнiндегi теориялар 
            Ойлау проблемасы көп дəуiрге дейiн психология саласы болудан гөрi, философия 
мен  логика  нысаны  болып  келдi.  Сондақтан  да  ойлау  процесiн  зерттеуде  ғылым  бағыт-
тары арасындағы күрес бiрде толастамаған. Ойлау жөнiндегi алғашқы  бағыт классикалық 
сенсуализм  тұжырымын  негiзге  алып,  алғаш  сезiмдiк  танымда  болмаған  дүние  санада 
бейне-ленуi мүмкiн емес деген шешiмдi уағыздады. Алайда бұл теориялық тоқтам көбiне 
ойлауды  ес,  елес  бейнелерiнiң  бiрлiгi  немесе  ассоциация  нəтижелерi  деп  үстiрт 
түсiндiредi. Бұлай топшылаудан өнiмдi де белсендi процесс ретiнде танылмаған ойлау өз 
алдына дербес, процестiк сипатынан айрылып, жақын кезеңдерге дейiн ғылымда арнайы 
зерт-теулер аумағынан тыс қалды.  
             Қарама-қарсы  бағытты  ұстанған  идеалист  философтар  ойлауды  адам  рухының
айрықша,  қарапайым  бөлшектерге  жiктелмейтiн  процесс  формасы  деп  таныды.  Бiздiң 
заманы-мызда  ойлауды  рухтың  символдық  белсендiлiгiнiң  көрiнiсi  ретiнде   тану  
неоканттық  философияға негiз болып отыр. Ойлау - психикалық iс-əрекеттiң ерекше түрi 
деп психология-да алғашқы жария еткен Вюрцбургтық ғылыми мектеп болды. Бұл бағытта 
өз  тұжырымдарын  эксперименталды  дəлелдеуге  ұмтылған  ХХ  ғасыр  басындағы  немiс 
психологтары                    (О.  Кюлье,  А.  Мессер,  К.  Бюлер,  Н.  Ах)  ойлауды  одан  əрi 
бөлшектенбес  сана  қызметi  деп  бiлдi;  оны  сезiмдiк  негiз  бен  сөздiк  өрнектен  бөлектедi, 
оны таза рухқа телiп, бұл мəселеде идеалистiк тарапқа қолдау бердi.  
            Сонымен ойлаудың ғылыми шешiмi табылмай, бұл жөнiндегi проблема тығырыққа 
тiрелдi.  Ендi  жантану  ғы-лымы  алдында  бұл  құбылысты  материалистiк  тұрғыдан  түсiн-
дiруден басқа жол қалмады. Мұндай түсiнiмнiң мəнi келесi-дей едi: ойлау - өз тамыры мен 
тарихына  ие,  заттасқан  iс-əрекет  формаларын  сипаттайтын  тарихи  қалыптасқан  құрал-
жабдықтарға  сүйенедi  жəне  тiлдiк  жүйенi  негiзгi  құрал  ретiнде  пайдаланады.  Бұл 
мiндеттердi  атқару  үшiн  шынайы  ғылым  ойлауды  "рух  көрiнiсiне"  теңдестiрмей,  оны 
қоғамдық  тарих  желiсiнде  қалыптасып,  алғашқыда  затпен  тiкелей  байланысқан  əрекет 
ретiнде  орындалатын,  мəндiк  байланыс-қан  жəне  арақатынастағы  тiл  жүйесiн 
пайдаланатын процесс, ал кейiн iшкi "ақыл-ой қызметiне" айналып, қысқартылған формаға
келетiн сана əрекетi деп тануы қажет болды.  
             Адамның  ойлау  қызметi  үшiн  сезiмдiк  танымға  қарағанда,  сөйлеу  мен  тiл 
əлдеқайда маңызды. Ойлаудың ең жоғарғы формасы - сөздi-логикалы ой. Тек қана осы ой 
формасында  адам  тiлдiк  таңбаларды  қолданумен  күрделi  байланыстар  мен 
қатынастарды  бейнелейдi,  түсiнiктер  қалыптастырып,  қорытынды  жасаумен  күрделi 
теориялық  мəселелердi  шешедi.  Адамның  ойлау  қызметi,  қандай  да  формада
орындалмасын, тiл қатысынсыз жүзеге келмейдi. Ойлау процесi жануарларға да тəн, бiрақ 
олардың  ой  жүйесi  көрнекiлiкке  құрылып,  белгiлi  мезетте  көз  алдында  тұрған  нақты 
заттармен  ғана  байланысты.  Ал  адам  өз  ойы  арқылы  танылуы  тиiс  нысаннан  тiкелей 
байланысын  үзiп,  оның  қасиеттерi  мен  сипаттарын  тiлдiк  белгiлермен  өрнектеп, 
тыңдаушыға  жеткiзе  алады.  Сонымен,  ғылыми  психология  үшiн  сөз  тек  тiлдесу  қажетiн 
орындап қана қоймастан, негiзгi ойлау құралы да болып есептеледi.  

            Бiрақ ойлау мен сөздiң ажыралмас байланысынан ой мен сөздi бiр нəрсе екен деп 
қарастыруға болмайды. Екеуiнiң төл табиғаты əрқандай. Мұның дəлелi: бiр ойды əрқилы 
сөзбен  өрнектеуiмiз;  қысылтаяңда  бiлдiрейiн  деген  ойымыз-ды  жеткiзуге  сөз  таба  алмай 
күйзелуiмiз; кейде көп сөйлеп, бiрде-бiр ойды жеткiзе алмауымыз, т.с.с.  
  
3.  Ойлау   формалары 
Бiр нəрсе туралы ойлағанда бiз əрқашан да үғымға сүйенемiз. Ұғым дегенiмiз - зат 
немесе қүбылыстың жалпы, сондай-ақ мəндi қасиеттерiн бейнелейтiн ой. 
Ұғым - заттың  бейнесi  елестен  ерекше.  Мысалы,  өзiмiз  тұратын  үй  жөнiндегi 
түсiнiгiмiзде бiз нақ сол үйдi барлық ерекшелiктерiмен (жаңа, қызыл кiрпiштен, бес қабат) 
ойға  келтiремiз.  Ал: "Үй-адамның  баспанасы"  деп  ойлайтын  болсақ,  бiз  белгiлi  бiр  үйдi 
айтпай,  кез  келген  үй,  баспана  жөнiнде  қорытылған  үғымды  пайдаланамыз. Cондықтан 
үғым  елестен  гөрi  кеңiрек  келедi.  Көрнекi  бейнеде  көз  алдымызға  елестете 
алмайтындарымызды  ұғым  жəрдемiмен  өренектеймiз  Мысалы,  бiз  мың  бұрышы  бар 
геометриялық  фигураны  ойша  көре  алмаймыз,  бiрақ  "мың  бұрыш"  деген  үғым  бар,  бiз 
практикада мұндай фигураның болуы мүмкiн екендiгiн мойындаймыз. 
Ұғымды  сөзбен  жеткiзуге  болады.  Бiрақ,  ұғым  мен  сөз  екеуi  теңдес  емес: 1) бiр 
ұғымның өзiн түрлiше сөздермен айтуға болады ("самолет", "аэроплан")  2) бiр сөздiң өзi 
кейде əр түрлi ұғымдарды бiлдiредi: "Ат" - есiм, "Ат" - жануар. 3) бiр ұғымның өзi əр тiлде 
"əрқандай" сөздермен берiледi (орысша-хлеб, қазақша-нан). 
Заттар жəне құбылыстар олардың арасындағы бай-ланыстар мен қатынастар туралы 
ойды  бiз  пiкiр  формасында  бiлемiз,  мысалы: "далада  жаңбыр  жауып  тұр": "оқушы  есептi 
шешкен жоқ". Осыдан, пiкiр дегенiмiз ойлау формасы, мүнда бiр нəрсе не мақүлданады, 
не  терiске  шығарылады.  Пiкiрде,  көбiнесе,  ұғымның  мазмұны  ашылады:  "Жантану  -
адамның  психикалық  өмiрiнiң  заңдылықтары  туралы  ғылым". "Жантану"  ұғымының 
мазмұны осы пiкiрден көрiнедi. 
Бiр  немесе  бiрнеше  пiкiр  негiзiнде  нақты  бiр  қорытынды  жасалады.  Мысалы,  бiз  екi 
пiкiр  айтсақ: "Құс-жануар", "Жануарлар  оттегiсiз  өмiр  сүре  алмайды".  Бiрiншi  жəне  екiншi 
пiкiрлерге  сүйене  отырып,  бiз  үшiншi  пiкiр  айтамыз:  демек – "Құстар  оттегiсiз  өмiр  сүре 
алмайды".  
Бiр  немесе  бiрнеше  пiкiрден  жаңа  пiкiр  шығаратын  ойлау  формасы - ой 
қортындылары  деп  аталады.  Ой  қоры-тындыларының  мысалы  ретiнде  геометриялық 
теорема дəлелдерiн алуға болады. 
Ой қорытындылары  индуктивтiк жəне дедуктивтiк болып келедi. Индуктивтiк ой 
қорытындылары жеке фак-тiлердiң негiзiнде қорытынды жасау, жалпы пiкiр айту.  
Дедуктивтiк  ой  қорытындылары  дегенiмiз - жалпы  ережеден  жеке  қорытынды 
жасау. 
Қорытынды  пiкiрге  келудiң  екi  түрi  де - адамның  айналадағы  дүние  туралы  бiлiмiн 
кеңейтуге көмектеседi.    
Ой қорытындыларының объектив пiкiрлерге негiзде-летiн процесi логикалық ойлау 
деп,  ал  дүрыс  ойлаудың  формалары  мен  заңдары  туралы  ғылым  логика  деп  аталады. 
Логикалық  ойлаудың  ерекшелiгi - қорытындылардың  қисын-дылығында,  олардың 
шындыққа  сай  келуiнде.  Логикалық  ойлауға  түскен  қүбылыс  түсiндiрiледi,  себептерi  мен 
салдар-лары  катесiз  анықталады.  Ұғымдар  арасындағы  байланыстар  мен  қатынастар
логикалық  ойлау  жолымен  ашылады.  Бұл  байланыстар  мен  қатынастардың  дүрыстығын
терiске шығаруға болмайтыны пiкiрлерде  көрсетiледi.   
4. Ой қызметтерi 
             Ой  əрекетi  барысында  адам  қоршаған  дүниенi  танып,  бiлу  үшiн  ерекше  ақыл 
қызметтерiн  орындайды.  Бұл  нақты  қызметтер  өзара  байланысқан,  бiрi-бiрiне  ауысып 
отыратын ойлардың əрқилы əдiстерiнен құралады. Бұлардың негiзгiлерi: талдау, бiрiктiру, 
салыстыру, дерексiздендiру, нақтылау жəне қорытындылау. 
             Талдау - бұл  оймен  бүтiндi  жiктеу  немесе  бүтiннен  оның  қырларын,  əрекет  не 
қатынас  бiрлiктерiн  бөлiп  алу.  Қарапайым  формадағы  талдау - əрқандай  затты 
практикалық қажетiкке орай құрама бөлшектерге ажырату. Мысалы, балаларды қандайда 
өсiмдiкпен  таныстыруда  оның  құрамын  көрсетуден  байқаймыз  (тамыры,  сабағы, 

жапырағы). Талдау тəжiрибелiк (ойлау - сөйлеу процесiнде жүрiп жатады) жəне ақылдық
(теориялық)  болып  бөлiнедi.  Егер  талдау  жоғарыда  аталған  ой  операцияларына
ұштаспаса  онда  ол  қате,  механис-тiк  сипат  алады.  Мұндай  талдау  элементтерi  жас 
балаларда  көптеп  кездеседi:  бала  ойыншығын  тез  бұзуға  ғана  шебер,  оны  құрастыру, 
бөлшектерiн салыстырып, қандайда қоры-тынды шығару - сəбидiң ойына да келмейдi.  
             Бiрiктiру - бұл  əрқилы  бөлшектер,  қасиеттер  мен  əрекет-қимылдарды  тұтас 
бiрлiкке  топтастыру.  Бiрiктiру  операциясы  талдау  əдiстерiне  қарама-қарсы.  Бұл  қызмет 
барысында  жеке  заттар  мен  құбылыстар  күрделi,  бүтiн  құбылысқа  қатысы  бар  бөлшек, 
элементтер  тобы  ретiнде  қарастырылады.  Əрдайым  бiрiктiру  бөлiктердiң  қарадүрсiн 
жиынтығын  не  қосындысын  аңдатпайды.  Мысалы,  автокөлiктiң  жүздеген  бөлшектерiн 
құрастырғандағы  мақсат  металл  үйiн-дiсiн  шығару  емес,  пайдалы  əрекетке  келетiн 
машина  тұрғызу.  Оттегi  мен  сутегiн  синтездей  отырып  жаңа  сападағы  зат - су 
алатынымыз  баршаға  мəлiм.  Ой  процесiндегi  талдау  мен  бiрiктiру  əрекеттерi  оқу 
жұмысында  аса  үлкен  маңызға  ие.  Бала  жекелеп  талдаумен  əрiптердi  тануға  қол 
жеткiзедi,  ал  кейiн  сол  игерген  əрiптердiң  басын  бiрiктiрiп  буын  құрайды,  буыннан - сөз, 
сөзден - сөйлем, сөйлемдердi бiрiктiрiп - мəтiн мазмұнын шығарады.  
            Талдау мен бiрiктiру ажыралмас бiрлiкте жүрiп жатады. Əрдайым бiртұтас бүтiндiк 
сипатқа ие болған зат қана талдануы мүмкiн. Бiрiктiру де талдауға негiзделедi: қандай да 
бөлiктер  мен  элементтердi  бiр  бүтiнге  келтiру  үшiн,  осы  бөлiктердiң  өзiн  жəне  олардың 
белгiлерiн  талдаудан  танимыз.  Ойлау  барысында  талдау  мен  бiрiктiру  бiрiн-бiрi 
ауыстырып, кезекпен алғы шепке шығып тұрады. Талдаудың не бiрiктiрудiң ойлау кезiнде 
көбiрек қажет болуы материал сипаты мен орындалатын жұмыстың шарттарына, сондай-
ақ адамның ақыл-ой қабiлетiне тəуелдi.  
             Салыстыру - бұл  əрқандай  заттар  мен  құбылыс-тардың  не  ойлардың  бөлiктерi 
арасындағы  ұқсастықтар  мен  айырмашылықтарды  бiлуге  бағышталған  ой  əрекетi.  Күн-
делiктi  тұрмыстық  салыстырулар  бiр  затты  екiншiсiне  беттес-тiру  арқылы  жеңiл-ақ 
орындалады.  Кеңiстiктегi өлшеу мен салмақты таразылау да осы салыстырудың көрiнiсi. 
Салыс-тыру түрлерi  келесiдей: 1) бiр жақты  (бiр белгiсi  бойынша,  толық  болмаған); 2) 
көптарапты  (толық,  барша  белгiлерiн  ескерумен); 3) үстiрт  жəне  тереңдей; 4) тiкелей 
жəне  жанама.  Салыстыру  белгiлi  бiр  байланыс  не  қатынас  бойынша  жүргiзiлуi  шарт 
(форма, түс-түр, салмақ, ұзындық немесе уақыт). Iс-əрекеттi терең əрi дəл тану үшiн аса 
қажет  ойлау  қасиетi - бұл  ұқсас  əртүрлi  заттардың  айырмашылығын,  өзара  бөлек 
заттардың - ортақ, ұқсас тараптарын сезiне бiлу.  
             Дерексiздендiру  -  бұл  зерттелiп  жатқан  нысанның  қандайда  бiр  белгiсiн  бөлiп 
алып,  қалғандарын  елемеу.  Мысалы,  бiз  көзге  жағымды  əсер  еткен  жасыл  түстi  ғана 
назарға  ала  отырып,  ол  түстес  заттардың  өзiне  мəн  бере  бермеймiз.  Бұл  процестегi 
нысаннан бөлiп қаралған түр-түс белгi заттың басқа қасиеттерiнен оқшау қарастырылып, 
ойлаудың дербес элементiне айналады.  Дерексiздену,  яғни бiр сапаның заттық  негiзiнен 
бөлiнiп  қаралуы  талдау  нəтижесiнде  жүзеге  келедi.  Дəл  осы  дерексiздендiру  арқылы 
ұзындық,  ендiк,  сандық,  теңдiк  жəне  құндылық  т.б.  түсiнiктерi  қалып-тасқан. 
Дерексiздендiру - танылуға  қажет  нəрсенiң  ерекшелiгi  жəне  оны  зерттеуде  қойылған 
мақсатқа тəуелдi күрделi процесс. Аталған ойлау қызметiнiң жəрдемiмен адам жалқы əрi 
нақты  заттың  шеңберiнде  қалып  қоймай,  көп  заттарға  ортақ  жалпы  ұғым  пайда  етуге
мүмкiндiк  алады.  Сонымен  бiрге  абстракция  сезiмдiк  ақпаратқа  негiзделедi,  түйсiктерден 
келген əсерлер болмаса, абстракт ой мазмұнынан жұрдай болып, мəнсiз баянның көзiне 
айналады.  Дерексiздендiру  түрлерiнiң  арасында - тiкелей  iс-əрекетке  қосылған  тəжiри-
белiк, сезiмдiк немесе сыртқы түсiнiктермен берiлген ең жоғары, жанама абстракциялауды 
бөлiп қарастыруға болады.  
            Нақтылау - ойдың жалпы жəне дерексiз күйден мазмұн ашуға керек болған көрнекi 
зат  пен  деректi  мысалға  ойысуы.  Адам  əрдайым  нақтылауды  айтылған  пiкiр  басқалар-ға 
түсiнiксiз болса, жалпыланған қасиет, белгiнi бiр нəрсенiң мысалында дəлелдеу қажеттiгi 
туындағанда пайдаланады.  
             Қорыту - заттар  мен  құбылыстарды  ортақ  жəне  мəндi  белгiлерiне  орай  ойда 
бiрiктiру.  Мысалы,  алма,  алмұрт,  өрiк  жəне  т.б.  ұқсастықтан  олардың  бəрiн  бiр  "жемiс" 
деген  түсiнiкпен  арнайы  топтық  категорияға  қосамыз.  Ой  əрекетi  қандай  да  нəтиже 

топшылауға  бағышталады.  Мысалы,  психолог  адамдарды  олардың  даму  барысындағы
жалпы, ортақ заңдылықтарды ашу үшiн зерттейдi. Бiрқатар заттар-дағы белгiлi қасиеттер 
тобының  əрбiр  жеке  заттарда  қайта-ланып  келуi,  олар  арасында  қандайда  маңызды 
байланыстың  барлығынан  хабардар  етедi.  Солайда  болса,  қорытындылауда  заттардың 
ерекше,  жалқылық  белгiлерiн  шектемей,  оларды  мəндi,  жалпыланған  байланыстарды 
ашуға пайдалану қажет.  
             Қарапайым  қорытындылау  нысанның  жеке-дара,  кездейсоқ  белгiлерiне 
негiзделедi.  Объектiнiң  əртүрлi  тараптары  бойынша  жан-жақты  қорытындылануы  бiраз 
күрделiрек.  Ең  күрделi  қорытынды  тек  жəне  түр  белгiлерiнiң  нақты  ажыратылып,  заттың 
белгiлi бiр түсiнiктер жүйесiне келтiрiлуiмен байланысты.  
             Аталған  ой  iс-əрекеттерi  өзара  байланыссыз,  дербес  iске  аспайды.  Бұлардың 
негiзiнде  жоғары  деңгейдегi  топтас-тыру,  жүйелестiру  қызметтерi  жатыр.  Əрбiр  ойлау 
əрекетi  өзiне  сəйкес  ақыл  қызметiне  арқау  болады  да  адам  ойының  белсендiлiк, 
əрекетшең, шығармашылық жаңғырту қабiлетiнiң сипатын баса танытады. Адамның ойлау 
жұмысы əрқилы мезеттiк қимыл-əрекеттердi қамтып, түрлi деңгей, формалар-да iске асып, 
ойлау түрлерiнiң сан-алуандығынан хабар бередi.  
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет