Сəбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев)



жүктеу 1.88 Mb.
Pdf просмотр
бет16/24
Дата29.12.2016
өлшемі1.88 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24

5. Ой əрекетi түрлерi 
            Психологияда ойлау түрлерi мен оларды топтастыру проблемасы бiрнеше бағытта 
шешiмiн табуда.  
             1.  Көлемдiк  ауқымына  орай  ойлау  əрекетiнiң  түрлерi - дискурсивтiк:  өз  кезең, 
кезегiмен  өрiстей  дамыған  ойлау  процесi;  интуитивтiк:  желiсi  қарқынды,  кезеңдерi 
нақтылан-баған, мазмұны толық ұғылмаған ойлау процесi.  
             2.  Шешiлуi  қажет  мəселелердiң  қайталанбастығы  мен  жаңалығына  орай  ойлау
шығармашыл (өнiмдi) жəне қайта жаңғыртушы (қайта жасаушы) болады. Шығармашыл
ойлау  жаңа  идеяларды  туындатуға  бағытталады,  оның  нəтижесiнде  қандай  да  мəселе, 
проблеманың  соны,  қайталанбас  шешiмi  табылып,  не  бұрыннан  бар  шешiмнiң  жетiлген 
əдiсi  жүзеге  келедi.  Шығармашыл  ойлау  барысында  танымдық  iс-əрекеттiң  төркiн, iшкi 
мəн-мағынасына, құнына, мақсатына сай жаңа ой-пiкiр құрылымдары пайда болады. Бұл 
арада  iске  асатын  жаңалықтың  екi  түрiн  айыра  бiлу  қажет: 1) жалпы  болмыс 
заңдылықтарына  бейiмделген,  ғылымда  бұрын  бол-маған  объективтi  жаңалық; 2) нақты 
тұлға  ой-өрiсiнен  бастау  алған  субъективтi  жаңалық.  Шығармашыл  ойдың  дамуына 
кедергi  болатын  факторлар: 1) шектен  тыс  сыншылдық;                     2)  шешiм  iздеудегi 
асығыстық; 3) iшкi  шек  қоюшылық  (цензура); 4) регидшiлдiк  (ескi  бiлiмдердi  қолдануға 
əуесқойлық);                 5)  конформизм  (сырт  көзге  мазақ  болу  қаупiнен  туындаған  тар-
тыншақтық).  Қайта  жаңғыртушы  ой  əрекетiнiң  шығарма-шылдықтан  айырмашылығы  -
дайын бiлiмдермен ептiлiк-тердi қолданып, ескi сүрлеумен жүре бiлу.  
             3.  Шешiлетiн  мəселелердiң  сипатына  байланысты  ой  əркетi  теориялық жəне 
тəжiрибелiк  болып  бөлiнедi.  Психологияда  көп  уақыттарға  дейiн  нысандардың  заңды-
лықтары мен қасиеттерiн ашуға арналған ойдың теориялық қыры ғана ескерiлiп, зерттелiп 
келдi.  Теориялық  ақыл-ой   əркеттерi iске  асырылуы  тиiс  практикалық  iс-əрекеттердiң 
бастауы,  негiзi  деп  түсiндiрiлдi.  Əрқандай  теориялық  оймен  ұштаспаған  əрекет  ақылдық
емес, тек дағдылық, одан əрi тума бiткен деп сипатталды. Осының нəтижесiнде бiр-бiрiне 
тiкелей  қарсы  екi  ой  əркетi  жөнiнде  көзқарас  бекiдi:                     1)  əрқандай  ақылдың 
қатысынсыз  орындалатын  əрекет;              2)  теориялық  ойлау  негiзiнде  жүзеге  келетiн 
əрекет. 
            Жəне бiр жағынан, практикалық ойлау объектив құбылыс деп қаралғанның өзiнде 
де,  ол  сезiмдiк  қимыл  деңгейiндегi  ой  жұмысы  сипатында  ескерiлдi,  сондықтан  да 
тəжiрибелiк  ақыл  жұмысы  қабылдау  құбылысынан  бөлiктен-бей,  тiкелей  затпен 
байланысқан  қимылдарға  теңгерiлдi.  Алайда,  өмiрде  тек  "теоретиктер"  ғана  ой  толғап 
қоймайды. Тəжiрибелiк ойлау - бұл сəби ойының бастау формасы емес, ересек адамның 
пiсiп жетiлген ойлау қабiлетi (Б. М. Теплов). Шынында да, күнделiктi тұрмысымызда терең 
ой  толғау-ларын  қажет  ететiн  кейбiр  күрделi  қызметтер  туындайтыны  бəрiмiзге  аян. 
Тəжiрибелiк  ойлау  мақсат  белгiлеумен,  жоспар,  жоба  түзумен  байланысты,  кей  кезде 
ойластыруға  уақыт  жетпей,  ой  жұмысы-мыз  күрделене  түсiп,  басымыз  шыр  болатынын 

байқап  жүрмiз.  Бүның  бəрi "теориялық  ойдың"  дəлелi  емес  пе?  Практиктiң  болжастыра 
(гипотеза)  жұмыс  қылу  мүмкiндiгi  шектелген,  оның  дұрыстығын  тексерiп  отыруға  өмiр 
ағымы  күтпейдi.  Адам  ақылының  ең  жоғары  деңгейiндегi  көрiнiсiн  ұлы  жасампаз 
практиктер Абылайхан мен Бауыржан Момышұлы жəне дана теоретиктер əл-Фараби мен 
Қаныш Сəтпаевтардың қызметтерiнен тереңдей байқаймыз. 
             4.  Ойлау  түрлерiн  классификациялауға  байланысты  психологияда  кең  тараған
бағыттардың  бiрi - шешiлуi  тиiс  болған  мəселенiң  мазмұнын  негiзге  алу,  осыдан 
ойлау:                      1)  затты-əрекеттiк; 2) көрнекi-бейнелi; 3) сөздi-логикалы болып 
түрленедi.  Затты-əрекеттiк  ойлаудың  көрiнiс  сипаты:  қалып-тасқан  жағдайды  жаңалай 
өзгертудегi ой iсi белгiлi затқа тiкелей бағытталған нақты əрекетпен бiрге жүредi. Бұл ой 
формасы 3 жасқа дейiнгi сəбилерге тəн. Бұл кезеңде бала заттарды бiрiн бiрiне беттестiре 
салыстырады;  ойыншығын  бөлек-бөлек  сындыра,  бұзып  талдайды;  таяқшалары  мен 
кубиктерiн  бiр  ортаға  үйiп,  бiрiктiредi;  ойыншықтарын  түр-түсiне  орай  қосып, 
қорытындылайды.  Бұл  ойлау  формасы  ересектер  тəжiрибесiнде  де  көптеп  кездеседi. 
Мысалы,  үй  жиһаздарын  ауыстырғанда;  бұрыннан  таныс  болмаған  механизмдермен
жұмыс  iстеген  сынаушылар  мен  конструк-торлар  қызметiнде,  яғни  нəтижесi  əлi  күңгiрт 
болған əрекет-тердi орындау барысында қолданымын табады.  
            Көрнекi-бейнелi ойлау заттар мен құбылыстардың тiкелей өздерi емес, олардың 
есте  қалған  елес,  тұрпаттарын  пайымдаумен  орындалады.  Мұндай  ойлауда  заттың 
тұтастай сипаты толық əрi жан-жақты көрiнiс бередi. Бұл тұрғыдан көрнектi-бейнелi ойлау 
қиялдаумен жанасып кетедi.  
             Қарапайым  формада  көрнекi-бейнелi  ойлау 4-7 жастағы  балаларға  тəн.  Бұл 
кезеңде  таным  тiкелей  əрекетпен  емес,  дейдiлеген  нысанды  қабылдап,  көрнекi-бейнесiн 
еске,  көз  алдына  келтiрумен  байланысты.  Баланың  дəлелдеулерi  тiкелей  заттың  өзiне 
негiзделген қандайда ой жүргiзуден бұрын сол заттың бейнесiн есiне түсiредi, орындайтын 
iсi  мен  оның  нəтижесiн  суреттеп,  болжайды.  Көрнекi-бейнелi  ойлау  арқылы  өзi  жоқ  не 
көрiнбейтiн  заттың  кескiн  бедерi  тұрғызылады.  Осындай  жолмен  ғылымда  атом 
ядросының схема сызбасы, жер шарының iшкi құрылымы танылған.  
             Сөздi-логикалы  ойлау  қызметi  тiлдiк  құралдарға  сүйенiп,  ойлау  процесi  өзiнiң 
тарихи  жəне  онтогенездiк  дамуының  соңғы  кезеңдерiнде  пайда  болған.  Сөздi-логикалы 
ойлау  тiкелей  бейнеге  ие  болмаған  түсiнiктердi,  логикалық  құрылымдарды  пайдаланады 
(мысалы,  құн,  адалдық,  мақта-ныш  т.с.с.).  Осы  ойлау  түрiнiң  арқасында  адам  жалпы 
заңдылықтарды  ашып,  қоғамның  даму  желiсiн  алдын  ала  болжап,  сан  алуан  көрнекi 
материалды жалпыланған, қорытынды күйiне келтiредi.  
             Сонымен  бiрге  ескеретiн  жəйт,  ойлау  қаншама  дерек-сiзденгенiмен,  ол  көрнекi-
сезiмдiк  тəжiрибеден  бөлектенбейдi.  Əр  адамдағы  абстракт  түсiнiк  өзiнiң  сезiмдiк 
бастауына ие, сонымен де ол нақты шындықпен байланысын үзбейдi.  
             Ойлаудың  барша  түрлерi  өзара  тығыз  байланысқан.  Қандай  да  тəжiрибелiк  iске 
кiрiсу  алдын  бiз  оның  нəтижелiк  бейнесiн  көз  алдымызға  келтiремiз,  яғни  болашақ  iстi 
теориялық болжастырамыз.  
  
6. Ойлау жəне жеке адам 
             Əр  адамда  оның  ақыл-қабiлетiне  орай  өзiндiк  ойлау  ерекшелiгi  болады.  Осы 
ерекшелiктен  əр  тұлғаның  ақыл  сапасы  көрiнедi. "Ақыл"  түсiнiгiнiң  ауқымы  "ойлау" 
түсiнiгiнен  кеңiрек  келедi,  себебi "ақылдылық"  интеллект  сияқты  тек  ойлау  қабiлетiнен 
көрiнбей,  басқа  да  таным  процестерiнiң  тұтастай  желiсiнен  байқалады.  Кей  адамдар 
ойлауда  көрнекi-бейнелердi  көбiрек  пайдаланса,  басқалар  теориялық  тұжырымдарды 
негiзiне  алып,  ой  жүгiртедi.  Ой  əрекетiнiң  ерекшелiгi  сондай-ақ  адам  көңiл-күйiмен  де, 
оның топтаған бiлiмдерi мен еңбек, тұрмыс тəжiрибесiне де, өзiнде қалыптастырған ойлау 
əдiстерiне де тəуелдi келедi.  
             Ойлау  процесiнiң  жеке  кезеңдерiн  қарастыра  отырып,  əрқандай  ой  əрекетiнiң 
мiндет,  мақсат  белгiлеу,  яғни  бастап-қы  кезеңдегi  ойлаудың  жеке,  дара  ерекшелiгi 
адамның  дербестiгi  мен  белсендiлiгiнен  көрiнетiнiн  байқаймыз.  Тұлға-ның  ойлау
дербестiгi оның жаңа мəселелер мен пробле-маларды қоя бiлiп, оларды тың əдiстермен 
шеше  бiлуiнде,  ал  бұл  қабiлет  өз  кезеңiнде  ойлаудың  белсендiлiгiмен,  яғни  кезiккен 

мiндеттер  мен  мəселелердi  өз  бетiнше  шешуге  ұмтылыс  жасап,  өзiнше  шешiм  жолдары 
мен құралдарын барластыра алумен байланысты. Ойлаудың мұндай ерекшелiгi, əсiресе, 
мектеп   алды   жастағы   балаларда   көп  байқалады,  қызығушылығы  басым  болған 3-4 
жастағы сəбилер үлкен-дерге "неге олай?", "неге бұлай?" деген сұрақтарды жиi қояды.  
             Мəселе  шешуге  орай  құбылыстар  байланысын  (ассо-циация) iздестiрiп,  болжам 
(гипотеза)  жасауда  ойлау  қасиетi-нiң  ауқымдығы,  яғни  қойылған  проблеманы  тұтастай 
көре  бiлiп,  оған  байланысты  болмыс  сырларын  көптен  қамтып,  өткендi,  қазiргi  мен 
болашақ  жағдайларды  ұштастыра  пайда-лана  бiлу  үлкен  мəнге  ие.  Мұндай  адамдарды 
көбiне "өрiсi кең" деп сипаттаймыз.  
             Əрқандай  шешiм  сындарлы  ойға  түсiп,  жұрттың  айтқанын  не  өз  топшылауыңды 
жалаң құптай салмай, терең сын талдауына келтiрiп, "оң" не "қарсы" тараптарын таразы-
лағанды  талап  етедi.  Сындарлы  ақыл  сипаты  адамның  объек-тив  жағдайлар  мен  өз  iс-
əрекетiне  орынды  баға  беру  қабiлетi-нен,  нақты  бағыт  ұсынып,  алға  тартылған 
болшамдарды  жан-жақты  өлшестiрiп,  оларды  тексеру  нəтижелерiн  объектив  бағалай 
алуынан  келiп  шығады.  Сындарлы  ой  дамуының  негiзi  əрбiр  тұлғаның  терең  бiлiмдiлiгi 
мен тəжiрибесiнде.  
             Шешiм  қорытындысын  тексеру  барысында  жəне  оның  нəтижелерiн  практикаға 
ендiруде ойлау икемдiлiгi үлкен маңызға ие. Ой икемдiлiгi əрқандай субъекттiң қандай да 
мəселе  бойынша  қатып  қалған  көрсетпелер  мен  бұрыннан  қалыптасқан  əдiстердiң 
құрсауында қалып қоймай, жағдай-лар өзгерiсiне орай жылдам да жаңа шешiмдерге келе 
алуын  көрсетедi.  Бұрыннан  қабылданған  ойлау  жəне  əрекет  стерео-типтерiнен 
(қайталанып  тұратын  əрекет-өрнек)  құтылу  өте  күрделi,  салмақ  түсiретiн,  қажеттi 
ойластыруды талап ететiн процесс. Бұл адамды ой еркiндiгiне, жаңашыл ойлауға арнайы 
тəрбиелеудi керек етедi.  
             Ойлаудың  жеке  дара  ерекшелiктерiн  əңгiмелей  отырып,  келесi  жəйттi  естен 
шығаруға болмайды: ой толғайтын мидың өзi емес, адам, бiртұтас тұлға. Талай даналық 
ойлардың пайдасыз болжам деңгейiнде қалып жатқанының куəсiмiз, сондықтан əрқандай 
ұшқыр  ойдың  жасампаз,  белсендi  əрекетпен  ұштасқаны,  əр  адамның  өз  дарынды 
қызметiн пайдалы, өнiмдi еңбек əрекетiне жұмсағаны жөн. 
  
Қайталау жəне бекiту сұрақтары 
1.  Ойлау түсiнiгi ненi бiлдiредi? 
2.  Ойлау жəне түйсiк пен қабылдау араларындағы ерекшелiк қандай? 
3.  Ойлау мiндетi мен оның орындалу процесi қалай жүредi? 
4.   Ойлау  процесiне  орай  материалистер  мен  идеалистер  арасындағы  қайшылықтар
неден? 
5.  Ойлаудың формалары мен сипаты қандай? 
6.  Ойлау қызметтерi жөнiнде не бiлесiз? 
7.  Ойлау əрекеттерiн топтастыру принциптерi қандай? 
8.  Теориялық ойлау мен практикалық ой байланысы жəне олардың өзара ықпалы қалай
жүредi? 
9.  Ойлау қабiлетiне орай жеке адам ерекшелiктерi қандай? 
10. Ойлай бiлу мен ақылдылықтың бiрлiгi, айырмашылығы неде?

14-дəрiсбаян
 
  
ҚИЯЛ
 
  
Жоспары:   1. Қиял жөнiнде түсiнiк.  
2. Қиялдың физиологиялық негiздерi. 
3. Қиял түрлерi.  
                        4. Шығармашыл қиял əдiстерi.  
5. Қиял жəне жеке адам. 
  
1. Қиял жөнiнде түсiнiк 
             Адам  санасындағы  бейнелер  бұрын  қабылданған  заттар  мен  құбылыстарды  ғана
қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұнына ешқашан тiкелей қабылданбаған, мысалы, тарих 
тұңғиығындағы  немесе  ұзақ  болашақтағы  суреттемелер;  көрiп,  бiлмеген,  тiптi  болуы 
мүмкiн  емес  оқиғалар,  көрмеген  мақұлықтар - енуi  мүмкiн.  Бейнелер  арқасында  адам 
уақыт  пен  кеңiстiк  аясындағы  нақты  болмыстан  шығып,  шексiздiк  əлемiне  есiк  ашады. 
Адам  тəжiрибесiн  түрлендiрушi  жəне  өзгерiске  келтiрушi  тосын  бейнелер  қиялдың  негiзгi 
сипатын құрайды. 
             Əдетте,  күнделiктi  өмiрдегi  қиял  не  фантазия  мəнi  ғылымдағы  осы  сөздермен 
берiлетiн  ұғымдардан  басқашалау.  Тұрмыста  бiз  шындыққа  сай  келмейтiн,  практикалық 
маңыз-мағынаға   ие  болмағанның  бəрiн  қиял  не  фантазия  деп  атай  саламыз.  Ал, 
шынында, қиял əрқандай шығармашылық iс-əрекеттiң негiзi ретiнде көркем-өнер, ғылыми 
жəне  техникалық  ой  туындыларына  арқау  болумен  мəдени  өмiрдiң  барша  салаларында
көрiнедi. Бұл тұрғыдан табиғаттың бергенiнен өзгеше адам қолынан өнген өнер, мəдениет 
əлемiнiң бəрi дерлiк қиял мен осы қиялға негiзделген шығар-машылықтың  жемiсi. 
             "Əрқандай  бейне,  мейлi iрi,  мейлi  кiшi  болсын,  нақты  қалыпқа  келiп,  орнықты 
шындыққа  айналудың  алдын  ойда  түзiлген  жаңа  байланыстар  мен  қатынастар  негiзiнде 
жасалған  қиял  түрiнде  iске  асады" (Рибо).  Алайда,  қиял  қандай  түрде  көрiнiс  бермесiн, 
(жеке адам қиялы, не ұжымдық қиял) өздiк ерекшелiгiн жоймайды əрi тек өзiне тəн ерекше 
мазмұнға ие. Қиял бейнелерiнiң естегi суреттемелерден негiзгi айырмашы-лығы - олардың 
нақты  болмысқа  байланысты  қатынасынан  туындайды.  Ес  бейнелерi-өткен  тəжiрибенiң 
қайта  жаңғыруы,  сондықтан  да  естiң  негiзгi  қызметi  өткен  тəжiрибе  нəтижелерiн 
мүмкiндiгiнше  өзгермеген  формада  сақтау,  ал  қиял  процесiнде  қай  бейне  болмасын, 
өзгерiске  түседi,  осынысымен  де  қиял  əрқандай  шығармашылық  ұмтылыстың  мiндеттi 
шартын құрайды. 
            Сонымен бiрге, қиял арқасында адам өз iсiн бастамай тұрып-ақ, болашақ еңбегiнiң 
нəтижесiн күнi бұрын болжас-тыра алады. Қиял жəрдемiмен болашақ нəтиженi күтудiң өзi 
адам  еңбегiнiң  жануарлар  тума  қылығынан  түпкiлiктi  өзгешелiгiн  танытады.  Қиялдың 
алдағы  iс-əрекет  өнiмiн  болжастыруға  мүмкiндiк  ашуы  адамның  еңбекке  деген 
құлшынысына, мақсатқа жетудегi ынта-жiгерiне  қосымша қуат қосады. 
             Кейде  фантазия  керi  ықпал  да  жасауы  мүмкiн.  Алдағы  күтiлген  жағымсыз 
жағдайлар немесе қауiп-қатер мен бақыт-сыздықтар адамды күштi күйзелiске тап қылып, 
оны нақты  оқиғаға сай келмейтiн, шектен тыс, орынсыз қимыл - əрекетке келтiредi. Мұның 
дəлелi - кенеттен болған өрт кезiнде кей адамдар көрiнiп тұрған көмектi шыдаммен күту-
дiң орнына көп қабат үйлердiң жоғарғы қабаттарынан өзiн тастап, мерт болғаны. Қиялдың 
зияны халықта "Қорыққанға қос көрiнедi" мəтелiнде дəл айтылған. Қиялдың бүгiнгi өмiрден 
арқан бойы алда болып, болашақта күтiлген кей оқиғаларды күнi бұрын танытуы қиял мен 
ойлаудың  арасында  тығыз  байланыстың  барын  бiлдiредi.  Ойлау  сияқты  қиял  да 
проблемалық жағдайда, жеке адам қажетсiнуiнен,  қоғамдық сананың даму деңгейiне сай 
туындайды.  Мысалы,  егер  ежелгi  дүние  адамдары  арасында  жаратылыстың  пайда
болуын  түсiндiру  қажетiнен  дiни  бейнелер  келiп  шықса,  бүгiнгi  күнде  бұл  үшiн  космостық 
келгiндiлердiң фантастикалық көрiнiс-терi қолданылады. 
            Бiрақ,  қиял дүниенi жалпылай жəне жанама таны-татын,  ұғымдық мазмұнды негiз 
еткен ойлаудан  ерекше-ленедi,  себебi ол жарқын елестер  түрiнде көрiнiп,  нақты бейнелi 
формада  жасалады.  Қиялда  түзiлетiн  нақты,  дəл  бейнелерде  көбiне  заттық  болмыстан

алшақ  теориялық  ойлар  ашылып  отырады.  Əрбiр  қаламгер,  суреткер  шығармашылық 
еңбегiнде  өз  ойын  басқаларға  дерексiзденген  ұғымдармен  емес,  нақ  бейнелермен 
түсiндiруге  тырысады.  Мұның  дəлелi  тымсал,  ертегi,  мақал-мəтелдер,  əрқандай 
көркемөнер  туындысында  бiз  көрнекi  бейнемен  ашылатын  негiзгi  ой,  идеяны 
iздестiретiнiмiз табиғи нəрсе. 
            Қиялға тəн жəне бiр ерекше белгi - оның бастау деректерi толық əрi дəл талдауға 
келмейтiн,  мазмұны  өте  күмiлжi  жағдайларды  болжастыруда  қолданылуы.  Мұндай  да 
белгiлi  деректерде  қатаң  заңдылықтарға  негiзделетiн  ойлауды  қолдану  қиын.  Бұл 
тұрғыдан, қиял ойлаудың қандай да бiр "орынбасар" формасы ретiнде қызмет атқарады. 
             Ой  мен  қиялдың  арасындағы  тығыз  байланысты  атай  отырып,  К.  Д.  Ушинский: 
"Мықты, кемелденген қиял - ақылдылықтың нышаны", - деген. 
             Сонымен,  қиял  -  алда  күтiлген  проблемдiк  жағдайлар  анық  болмаған  кездерде 
оқиғаның соңғы нəтижесiн күнi бұрын болжастырумен қандай да əрекет бағдарламасын
түзуге жəрдемдесетiн психикалық процесс
             Адам  қиялы  бұрын  көрiп,  бiлмеген  заттар  мен  құбы-лыстарды  өрнектеуге  шебер. 
Дегенмен,  сол  ғажайып,  əлемде  жоқ  нəрселердiң  бейнесi  өзiмiз  күнделiктi  көрiп,  танып 
жүрген  заттарымыздың  құрылым  элементтерiнiң  қосындысы-нан  жасалады.  Қандай  да 
жаңалықты  (машина  не  үй)  адам  алдымен  бұрыннан  таныс,  өзi  пайдаланып  жүрген 
бөлшектер мен материалдардан өз ойында құрайды. Сондықтан адамның бiлiмi неғұрлым 
мол, өмiр тəжiрибесi ауқымды, өзi зерделi жəне сезiмтал келсе, оның қиялы ғажайып əрi 
қызық бейнелер жасауға бейiм келедi. 
             Л.  С.  Рубинштейннiң  пiкiрiне  зер  салсақ,  шығарма-шылық  қиялдың  қуаты  мен 
деңгейi  келесi  екi  белгiмен  анықталады:  1)  қиял  туындысы  мəндiк  жəне  мағыналық 
шарттардан  асып  кетпеуi  лазым;  2)  қиял  өзiне  негiз  болған  деректерден  жаңалығы 
жəне қайталанбастығымен ерекше-ленуi тиiс. Осы екi талапқа сай келмеген қай қиял да 
фантастика, бiрақ Тəжiрибелiк жағынан пайдасыз. 
             Қиял  маңызы  орасан.  Ол  тек  жазушыларға  кейiпкерлер  бейнесiн  жасауға  не 
суретшiге  болашақ  картинасының  сюжетiн  iздестiруге  қажеттiгiмен  ғана  шектелмейдi. 
Фантазия-сы  болмаған  ғалым  құбылыс  себептерi   жөнiнде  болжам  (гипотеза)  жасай 
алмайды; мұғалiм дəрiс барысын, шəкiрт-тердiң оқуға деген қатынасын күнi бұрын қияли 
талдамай,  сабақ  дайындай  алмайды.  Жалпы  оқу  процесiнiң  өзi  қиялсыз  шектеулi  болар 
едi, тарих, география, астрономия жəне басқа пəндер тек қиял қанатында ғана игерiледi. 
  
2. Қиялдың физиологиялық негiздерi 
             Барша  психикалық  процесстер  секiлдi  қиял  да  үлкен  ми  сыңарлары  қабығының 
өнiмi. Қиял бейнелерi оң жəне сол ми сыңарының жұмысына байланысты пайда болады. 
Оң  ми  сыңары  дүние  көрiнiстерiн  қарапайым  түрге  келтiрiп,  олардың  бiртұтастығы  мен 
үйлесiмдiлiгiнен,  композициялық  бiрлестiгi-нен  хабар  бередi,  осыдан  адамда  əрқилы 
бейнелер  негiзiнде  эстетикалық  сезiмдер  өрiстейдi.  Ал  сол  тараптағы  ми  сыңары  келiп 
түскен  ақпараттарды  реттеп,  оларды  сөзбен  өрнектеу  қызметiн  атқарады,  осыдан  бейне 
мен ой  ажырамас бiрлiкте екенiн байқаймыз. "Ақылдан ажыратылған фантазия құбыжық 
тудырады, ақылды арқау еткен фантазия - өнер атасы, ғажайыптар бұлағы" (Ф. Гойя). 
            Қиялдың физиологиялық негiзi - жүйке байланыс-тарының iске қосылуы, бұзылуы, 
қайта түзiлуi мен жаңа жүйелерге бiрiгуi. Осының арқасында бұрынғы тəжiрибеден өзгеше, 
бiрақ одан мүлде ажырап кетпеген, жаңа бейнелер келiп шығады. Қиялдың сонша күрделi 
болуы,  алдын  ала  оның  мазмұндық  сипатын  болжастырудың  қиындығы,  қиялдың  көңiл-
күймен  байланыстылығы  қиял  жасаушы  тетiктердiң  тек  ми  қабығында  ғана  емес,  мидың 
терең, тар бөлiктерiнде жайғасатынын пайымдатады. 
             Сонымен  бiрге,  мида  пайда  болған  бейнелер  шеткi  процестердiң  қызметтерiн 
өзгертумен,  оларға  реттеу  ықпалын  жасайды.  Бұл  тұрғыдан  барша  психикалық 
процестердiң арасында қиял денедегi органикалық процестермен аса тығыз байланысқан
əрi  оларды  əсерлi  өзгерiстерге  келтiрiп  отырады.  Қапелiмде  қиялына  бiрдеңе  түсе  кетiп, 
адамның  өзiнен  өзi  шошынып,  терге  малынып,  қызарып-бозарып,  дiрiлдей  қалатынын 
байқаған  боларсыз.  Осындай  қиялдың  əсерiнен  кей  кездерi  адам  өзiн  сырқатқа  да 
ұрындырады.  Тiптi,  дəрiгерлiк  институттардың  төменгi  сынып  студенттерi  оқылып  жатқан 

дəрiстердiң  əсерiнен  қиялға  енiп,  өздерiнде  болмаған  аурулардың  белгiлерiн  iздеп,  əлек 
болады.  Мұндай  өзiн-өзi  қияли  сендiрудiң  салдарынан  адам  қатерлi  жағдайға  душар 
болуы мүмкiн. Мажар психиатры  Иштван Гарди осының дəлелi ретiнде мынадай болған 
оқиғаны  келтiредi:  суытқыш-тар  зауытының  жұмыскерi  рефрежератор  машинаның 
қорабында қамалып қалады. Оның ойынша, суытқыш жүйе iске қосылған болады. Күн өте, 
таңертең оны денесiнiң асқына суынуынан өлген мəйiтiнiн тауып алып, болған жағдайдың 
себептерiн тексергенде,  рефражератор суытқыш жүйеге қосылмағанын, ол өлiм суықтан 
емес,  суытқыш  iшiнде  адамның  тоңып  өлетiнiн  қиялдап,  соны  күтуден  болғаны 
анықталған. 
             Кейде  психологиялық  ауытқудан  сырқатқа  шалды-ғудың  себебi  маман,  өрнек 
тұтқан  адамдардың  сөзiн  дұрыс  қабылдамаудан  да  болады.  Ойланбай  айтып  салған 
дəрiгердiң бiр ауыз сөзi шипа iздеп алдына келген адамда ауыр сырқат күмəнiн туғызған 
жағдайлар  болған. Осы күмəннiң кесiрiнен кешегi сап-сау адамда сырқат белгiлерi қозып, 
ятрогендiк деп аталатын науқас өршiп кеткен. 
             Осындай  психикалық  зақымдану  кейбiр  ойсыз,  педа-гогикалық  мəдениетi  кем 
мұғалiмдердiң оқушыға айтылған ескертулерiнен де туындайды. Осының салдарынан жас 
шəкiртте  дидактогендiк  ауру  меңдейдi,  яғни  бала  мұғалiмдi  көруден  қорқып,  қалтырай 
бастайды,  тақтаға  шықса  күмiлжiп,  сөйлей  алмайды,  оқу  жұмысын  орындау  қабiлетiнен 
айрылады. 
             Сонымен  бiрге,  қиял  бейнелерiн  орынды,  дұрыс  қолдану  арқылы  адам  денесiнде 
жүрiп жатқан табиғи процес-тердi басқарып, дамытуға да болады. Шынында да, əжеңiздiң 
дайындаған  майлы  құртының  қышқыл  дəмiн  қиялдап,  есiңiзге  алып  көрiңiзшi,  сол  бойда 
тап  сол  құрт   аузыңызға  түскендей,  сiлекейiңiз  шұбырып  бередi.  Қызығы,  сол  сiлекейдi 
өзiңiзге өзiңiз бұйырып, ағыза алмайсыз. 
            Қиял күшiн арқау еткен француз аптекарi Эмиль Куэ "Саналы сендiру арқылы өзiн 
өзi   басқару  мектебi"  деп  аталған  жаңа  емдеу  əдiсiн  ашқан.  Сырқат  адам  өзiне  қолайлы 
жағдайда жайғасып (жатып не отырған күйi), өзiн ешқандай сырқаты жоқтай сезiнiп, 20-30 
мəрте  өзiн  өзi  сендiрудiң  келесiдей  формуласын  қайталайды: "Мен  тəуiр  боламын,  мен 
тəуiрмiн... . Сырқат  бəсеңдедi.  Сырқат  кеттi...".  Бiрнеше  минутқа  созылған  осындай 
сеанстер күнiне 3-4 рет, əсiресе ұйқыға кетер  алдындағы сабырға түсiп, босаңсыған күйде 
орындалады. Осы күндегi аутогендiк емдеу əдiсi осы Эмиль Куэ жаңалығына негiзделген.
             Адам  өзiнiң  iшкi  дене  мүшелерiнiң  қалпын  елес-тетумен  қатар,  қиял  арқылы  өз 
дене  мүшелерiнiң  қимылын  да  (қол,  аяқ,  асқазан,  жүрек  соғысы  жəне  т.б.)  қажеттi 
жағдайға  келтiре алады.  Зерттеулер барысында  осындай қиял басқарымындағы  бұлшық
еттерде  нақты  əрекеттер  жасалып  жатқандағыдай  импульстер  пайда  болатыны
дəлелденген.  Қиял  негiзiнде  бұлшық  еттерде  туындайтын  мұндай  əрекеттердi  ғылымда 
идеомоторлық деп атау қабылданған. 
  
3. Қиял түрлерi 
             Қиял  қызметi  əрқилы  деңгейде  көрiнуi  мүмкiн.  Оның  көп  түрлi  болуының  басты 
себебi  ең  алдымен  əр  адамның  өз  қиялын  басқаруға  деген  саналы  бағытынан.  Əрекет 
дəрежесiне  орай  қиял  енжар  жəне  белсендi  болып,  екiге  бөлiнедi.  Енжар қиялдан 
тұрмысқа  аспайтын,  қажетсiз  не  болуы  мүмкiн  емес  бейнелер  қалыптасады.   Қиял 
мұндайда  адамды  толық  баурап,  шын  əрекет  қажеттiгiнен  ажыратады.  Бұған  мысал 
ретiнде  жатып  алып,  бос  қиялмен  нəтиже  бермес  арманға  шомған  Н.  Гогольдiң  "Өлi 
жандар"  поэмасындағы  Манилов  бейнесiн  келтiруге  болады.                     Ш.  Айтматовтың 
"Ақiрет" романындағы Авдий Каллистратов та осындай кейiпкерге меңзес. 
             Енжар  қиял  ниеттелген  не  ниетсiз  болуы  мүмкiн.  Ниеттелген  енжар  қиял  ерiк 
күшiмен байланыспаған бейнелер пайда етедi. Мұндай бейнелер əлi болары не болмасы 
белгiсiз армандаудан келiп шығады, ол жеке адамның қажетсiнуiне байланысты. Мысалы, 
жарысқа  түсетiн  спортшы,  емтиханға  бара  жатқан  студент  не  армандайтыны  айтпаса  да
белгiлi. Əлбетте, бiрi жеңiс тұғырына көтерiлгенiн, екiншiсi "5" алғанын елестетедi. 
             Енжар  қиялдауда  адам,  əдетте,  тек  өзiне  жағымды,  ұнамды  арманға  түседi.  Ал 
егер  мұндай  арманшылдық  өнiмдi iс-əрекетпен  ұштаспай,  адамның  психикалық  өмiрiнде 
басымдау келсе, онда тұлға дамуының қандай да  кесапатқа ұшырағаны. 
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет