Сəбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев)


 Қазiргi заман психологиясының мiндеттерi



жүктеу 1.88 Mb.
Pdf просмотр
бет2/24
Дата29.12.2016
өлшемі1.88 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

               2. Қазiргi заман психологиясының мiндеттерi  
Қазiргi  кезеңде  психология  ғылымы  алдында  тұрған  теориялық  жəне  практикалық
мiндеттердiң  сан  қилылығына  орай  үлкен  қарқынмен  дамуда.  Психологияның  негiзгi 
мiндетi   психикалық  iс-əрекеттi  оның  даму  барысымен  байланыстыра  зерттеу.  Соңғы  он 
жылдықтарда психологиялық зерттеулер аймағы бiршама кеңейiп, жаңа ғылыми бағыттар
мен  салалар  дүниеге  келдi.  Психология  ғылымының  түсiнiктер  қоры  өзгердi,  жаңа 
болжамдар мен тұжырымдар үздiксiз өрiстеуде, психология бұрын кезiкпеген эмпирикалық 
деректермен  толығуда.  Б.  Ф.  Ломов  "Психологияның  методологиялық  жəне  теориялық
проблемалары" атты еңбегiнде қазiргi заман ғылы-мының жағдайын сипаттай келе, "бүгiнгi 
күнде психоло-гияның əдiснамалық проблемалары мен оның жалпы теориясын бұдан да
былай  тереңдетiп  зерттеудiң  қажеттiгi  күрт  жоғарылады", - деп  жазады.  Психологияның 
зерттейтiн құбылыстар əлемi ұланғайыр. Оның iшiне күрделiлiгi əр деңгейдегi адам қалпы 
мен қасиеттерi, процестерi, яғни сезiм мүшелерiне əсер етушi объектiнiң қарапайым жеке 
белгiлерiнен бастап, жеке адам мотивтерiнiң тайталасы кiредi.  
             Жантану  ғылымы  үшiн  ең  маңызды  мəселелердiң  бiрi - зерттелушi  
құбылыстардың   мəн-мағынасын   ашып  беру.  Осыған  байланысты  əдiснамалық 
мəселелер туындайды.  
            Психикалық құбылыстардың мəнiн тануда                    Б. Ф. Ломов өзiнiң еңбегiнде 
психология  ғылымының  тiрек  категорияларын,  олардың  жүйелi  өзара  байланысын, 
жалпы-лығын,  сонымен  бiрге  бұл  категориялардың  өзiндiк  дербестiкте  екенiн  айқындап 
берген.  Ғалым  психологияның  келесi  тiрек  категорияларын  атайды:  бейнелеу 
категориясы, iс-əрекет  категориясы,  жеке  адам  категориясы,  тiл-қатынас  категориясы, 
сондай-ақ жалпылық мағынасына орай категория санына жататын түсiнiктер - "əлеуметтiк" 
жəне  "биологиялық".  Адамның  əлеуметтiк  жəне  табиғат  қасиет-терiнiң  объектив 
байланыстарын,  оның  дамуындағы  биологиялық  жəне  əлеуметтiк  себеп-салдарлық 
қатынастарды айқындау ғылым мiндеттерiнiң ең бiр қиыны. 
             Алғашқы  он  жылдықтарда  психологияның  теориялық  (дүниетанымдық)  тарапы 
басымдау болды. Ал қазiргi кезеңде оның қоғамдағы рөлi көп өзгерiске ұшырады. Ол ендi 
бiлiм  жүйесiндегi,  өндiрiстегi,  мемлекеттiк  басқару,  медицина,  спорт  жəне  т.б.  кəсiбi 
практикалық  қызметтiң  ерекше  саласына  айналып  барады.  Психология  ғылымының 

практикалық  мiндеттердi  шешуге  араласуынан  оның  теориясының  даму  жағдайлары  да
бiршама өзгердi. Шешiмi психологиялық бiлiктiлiктi қажет еткен мiндеттер адамдық фактор 
маңызының  жоғарылауынан  қоғам  өмiрiнiң  барша  тарапында  əр  қилы  формада  пайда
болуда. "Адамдық фактор" дегенiмiз  əрбiр  азамат тұлғаға тəн болып, олардың нақты iс-
əрекетiнде  көрiнiс  беретiн  əлеуметтiк-психологиялық,  психо-логиялық  жəне  психо-
физиологиялық қасиеттердiң кең ауқымы.  
             Бiз  бұл  жерде  осы  күнгi  қоғамдық  тəжiрибенiң  психология  алдына  қойған 
талаптарының бəрiн талдау мiндетiн алмай (өйткенi, адам араласқан жердiң бəрiнде мың 
сан  мiндет),  бала  психикасының  дамуына  байланысты  психологияның  маңызын  қысқа
атап өтпекпiз. Халықты бiлiмдендiру жүйесiнiң барша бөлiктерiнде (мектепке дейiнгi, орта, 
жалпы бiлiм берушi, орта арнаулы, жоғары мектеп) психологиямен сабақтас проблемалар 
шексiз. Психикалық құбылыстардың жүйесiн түгелiмен  қарапайым түйсiктен бастап, жеке 
адам  психикалық  қасиеттерiне  дейiн - оларды  басқарушы  объектив  заңдылықтарды  ашу
үшiн  зерттеу,  оқу  мен  тəрбиенiң  теориялық  негiзiн,  қоғамдық  мiндеттерiн,  ұйымдастыру 
формаларын анықтап белгiлеуде орасан маңызға ие. 
            Психология  ғылымының  қолданбалық  мəнiн  қоғам  түсiнiп,  қабылдауынан  халыққа 
бiлiм  беру  мекемелерiнде  кең  психологиялық  қызмет  тармақтарын  iске  қосу  идеясы  өз 
қолдауын тапты. Қазiргi күнде бұл қызмет қалыптасып, дамуда, ол келешекте ғылым мен 
оның нəтижелерiн практикаға ендiруде дəнекер жүйе болуы кəмiл.  
  
3.  Психологияның ғылымдар жүйесiндегi орны  
             Психологияның  басқа  ғылымдар  жүйесiндегi  орнын  тануға  орай  психологиялық 
деректердiң  басқа  ғылымдарда  пайдалану  мүмкiндiктерiн  жəне  керiсiнше,  психология 
олардың  нəтижелерiн  өзiне  қалай  қолданатынын  жете  түсiнуге  болады.  Əр  түрлi  тарихи 
дəуiрлердегi  ғылымдар  арасындағы  психологияның  орны  жантаным  бiлiмдерiнiң  даму 
деңгейi мен сараптау схемасынан келiп шығады. Атап айту керек, қоғамның рухани даму
тарихында бiрде бiр бiлiм саласы ғылымдар жүйесiндегi өз орнын психология сияқты жиi 
өзгертiп  тұрған  емес.  Қазiргi  күнде  академик  Б.  М.  Кедров  ұсынған  сарап  əдiсi 
қабылданған.  Бұл  əдiс  ғылымдар  арасындағы  мазмұндық  жақындыққа  орай  көп  тарапты
байланыстарға  негiзделген.  Ұсынылған  схема - шыңдарына  жаратылыстану,  əлеуметтiк 
жəне  философиялық  ғылымдар  қонақтаған - үш  бұрыш  формасында.  Ғылымдардың 
негiзгi  тобының  мұндай  орналасуы  олардың  пəнi  мен  əдiстерiнiң  психология  пəнi  мен 
əдiстерiне  нақты  жақындығынан.  Зерттеу  барысында  қойылған  мiндеттерге  орай 
психология өз бағытын бұрыш шыңдарының бiрiне бұрып отырады.  
            Психологияның жалпы ғылыми бiлiмдер жүйесiндегi қызметi - зерттеу объектi адам 
болған барша ғылым салаларының жетiстiктерiн бiрiктiрiп, байланыстыру.  
             Психологияның  аталған  ғылымдық  үш  бұрышпен  байланысының  мазмұндық
сипаты қандай? 
             Психологияның  негiзгi  мiндетi  психикалық  iс-əрекет  заңдарын  даму  барысында 
зерттеп, тану. Осы заңдар арқылы объектив дүниенiң адам миында қалай бейнеленетiнi, 
осыған  орай  оның  əрекеттерi  қалай  реттелетiнi,  психикалық  қызметтiң  дамуы  мен  жеке 
адамның психикалық қасиеттерi қалай қалыптасқаны айқындалады. Психиканың объектив
шындық  бейнесi  екенi  белгiлi,  сондықтан  психологиялық  зерттеулер  ең  алдымен
психикалық  құбылыстардың   адамның   объектив  өмiр  шарттары  мен  қызметiне 
тəуелдiлiгiн  тануға  бағытталуы  тиiс.  Сонымен  бiрге,  адамдардың  əрқандай  iс-əрекетi 
барлық  уақытта  адам  өмiрiнiң  объектив  жағдайларымен  байланысып  қалмастан,  оның 
субъектив  мезеттерiмен  де  қатынаста  болады.  Ғылыми  психология  барша  психикалық 
құбылыстардың (қаншама күрделi болмасын) материалдық негiзi бас миы қыртысындағы 
уақытша  байланыстар  жүйесi  болатындығына  арқа  сүйей  отырып,  субъектив  жəне 
объектив  жағдайлардың  өзара  ықпалды  болатынын  шынайы  заңдылықты  дəлелдеуге
негiздеп  бере  алады.  Осы  байланыстардың  түзiлуi  жəне  олардың  қызметтес  болуынан 
психикалық  құбылыстар  адам  iс-əрекетiне  ықпал  жасап,  оны  реттеп,  бағыттайды, 
шындықты санада бейнелеуде адамға өз əсерiн тигiзедi.  
             Сонымен,  психикалық  құбылыстардың  адам  өмiрi  мен  əрекетiнiң  объектив 
жағдайларына  тəуелдi  заңдылықтарын  аша  отырып,  психология  осы  əсерлердiң  мидағы 

бейнелену  механизмдерiн  де  айқындайды.  Осыған  орай,  психология  физиологиямен, 
дəлiрек  айтсақ,  жоғары  жүйке  қызметi  физиологиясымен  өте  жақын  байланыста  болуы
сөзсiз.  
             Психологияның  дербес  ғылымға  айналуында  оның  ХIХ  ғ.  басталған 
жаратылыстану  ғылымдарымен  бiрлiкте  зерттелуi  үлкен  маңызға  ие  болды.  Осы 
байланыстың нəтижесiнде психологияға экспериментальдық əдiс ендi.            (Г. Фехнер), 
рефлекторлық  теория  ашылды  (И.  М.  Сеченов,  И.  П.  Павлов).  Қазiргi  заман  психология 
проблемаларының  зерттелуiне  Ч.  Дарвиннiң  эволюциялық  теориясы  да  үлкен  ықпалын
тигiзiп,  тiршiлiк иелерiнiң құбылмалы орта жағдайларына икемделудегi  психиканың рөлiн 
анықтауға,  жоғары  психикалық  əрекет  формаларының  қарапайым  түрлерден
туындайтынын түсiнуге мүмкiндiк бердi.    
             Психолог  жеткiлiктi  дəрежеде  өсiмдiктер  мен  жануар-лар  тiршiлiгiндегi 
ерекшелiктердi  айыра  бiлуi  қажет.  Əсiресе,  бiртектi  сулы  ортада  жасаған  бiр 
жасушалылардың  клеткалы  өмiр  тұрпатынан  қоршаған  ортада  белсендi  бағдар-
бағыттылықты талап ететiн құрылықтағы тiршiлiк иесi - көп жасушалылардың күрделi өмiр 
формасына  өтудегi  өзгерiстерiн  анықтап  бiлген  жөн.  Жəндiктер  дүниесi  мен  жоғары 
омыртқалылардың  тiршiлiк  принциптерi  арасындағы  айырма-шылықтарды  да  бiлгеннiң 
маңызы үлкен. Икемделудiң жалпы биологиялық принциптерiн бiлмей, жануарлар қылық-
əрекеттерiнiң  ерекше  бiтiстерiн  дəл  түсiну  мүмкiн  емес,  ал  онсыз  адамның  күрделi 
формадағы  психикалық  əрекеттерiн  ұғу  биологиялық  тұғырынан  айырылады.  Сонымен 
бiрге  естен  шығармайтын  жəйт,  психология  ғылымының  пəндiк  негiзiн  құрайтын 
деректердi ешуақытта биологиялық дерек-термен баламаластыруға болмайды.  
             Психология  үшiн  оның  қоғамдық  ғылымдармен  бай-ланысы  үлкен  маңызға  ие. 
Тарих,  экономика,  этнография,  əлеуметтану,  өнертану,  заң  жəне  т.б.  зерттеулерiндегi 
проблемалар  əрдайым  психологиямен  тiкелей  байланысты.  Көп  жағдайда  адамдардың 
жеке жəне ұжымдық əрекеттерiнiң механизмi, əрекет, əдет, əлеуметтiк бағыт, тəртiп-талап 
стереотиптерiнiң  қалыптасу  заңдылықтары  жөнiндегi  бiлiм-дердi  пайдаланбай,  кəйiп, 
сезiм,  психологиялық  климатты  танып  бiлмей,  жеке  адамның  ерекшелiктерi  мен  
психологиялық   қасиеттерiн,   қабiлетiн,  сезiмiн,  мiнезiн,  адам  аралық  қатынастарын 
зерттемей,  əлеуметтiк  процестер  мен  құбылыстардың  мəнi  толық  ашылмайды,  яғни, 
ықшамдап  айтсақ,  əлеуметтiк  процестердi  зерттеуде  психологиялық  факторды  ескеру
заңды  қажеттiлiк.  Психологиялық  факторлар  өздiгiнен  əлеуметтiк  процестердi  бағыттай 
алмайды,  керiсiнше,  олардың  өзiн  осы  қоғамдық  процестердi  талдау  арқылы  түсiну 
мүмкiн.  Адамның  психикалық  iс-əрекеттерiнiң  негiзгi  формалары  қоғамдық  тарих 
шарттарына орай туындап, дəстүрлi объектив iс-əрекет жағдайында өрiсiн тауып, еңбекке, 
еңбек  құралдары  мен  тiлдi  қолдануға  байланысты  қалыптасады.  Келтiрiлген  пiкiрлер 
психологияның  қоғамдық  ғылымдармен  болған  байланысының  маңыздылығын  дəлелдеп
тұр.  Егер  жануар  қылық-əрекетiнiң  қалыптасуы  тiршiлiктiң  биологиялық  жағдайларына 
түбегейлi  тəуелдi  болса,  адам  қы-лығының  қалыптасуы  қоғамдық  тарих  шарттарымен
ажы-рамас  байланыста.  Ең  алдымен  психикалық  əрекет-қы-лықтық  адамға  тəн
ерекшелiктерiн  зерттейтiн  психология  ғылымы  қоғамның  негiзгi  заңдарын  қорытушы 
əлеуметтiк ғылымдар деректерiнсiз бiр қадам да iлгерiлей алмайды. Адамның психикалық 
əрекетiне  арқау  болатын  қоғамдық  шарттарды  зейiндiлiкпен  көре  бiлу  психологияның 
берiк ғылыми тұғырға орнығуына мүмкiндiк бередi.  
             Психологияның  педагогикамен  байланысына  аса  назар  аударған  жөн.  Əлбетте, 
бұл  сабақтастық  бұрыннан  да  белгiлi,  кезiнде  К.  Д.  Ушинский: "Адамды  жан-жақты 
тəрбиелеу  үшiн  оны  жан-жақты  зерттеу  қажет", - деген  едi.  Бұл  арада  психологияның 
практикалық  маңызы  нақты  көрiнiп  тұр.  Егер  педагогика  психологиялық  құбылыстардың
табиғаты  жөнiндегi  бiлiмдерге  сүйенбесе,  онда  ол  қара-дүрсiн  педагогикалық   кеңестер 
мен  көрсетпелер  жиынтығына  айналып,  шын  мəнiнде  ғылым  болудан  қалып,  мұғалiмге 
ешқандай  жəрдем  бере  алмайды.  Педагогиканың  барша  салаларының  (жалпы  теория, 
дидактика,  пəн  əдiстемесi,  тəрбие  теориясы)  даму  барысында  психологиялық 
зерттеулердi  қажет  ететiн  проблемалар  туындап  отырады.  Психикалық  процесс  жүру 
заңдылықтарын;  бiлiм,  ептiлiк  жəне  дағдылардың  қалыптасуын;  адам  қабiлеттерi  мен 
мотивтерiн,  оның  психикалық  дамуын  тұтастай  бiлу  оқудың  əр  сатысындағы  бiлiм 

мазмұнын анықтау, оқу мен тəрбиенiң ең тиiмдi əдiстерiн нақтылау жəне т.б. сияқты өзектi 
педагогикалық проблемаларды шешуде келелi мағына-маңызға ие. 
             Қазiргi  кезеңде  нарықтық  қоғам  оқушысын  неге  үйрету  керек?  Ғылым  топтаған 
асқар  тау  ақпарат  қорынан  мектеп  үшiн  нендей  бiлiмдi  жəне  оны  қалай  алу  керек? -
дегендей мың сан проблема қордаланып тұр. Бұлардың бəрiне  шешiм табу, адамның əр 
жас деңгейiндегi психикалық даму мүмкiндiктерiн жəне олардың жедел шемдерiн белгiлеу 
педагогикалық психологияның мiндетi. 
             Психологияның  аса  қажеттiгi  педагогиканың  тəрбие  проблемаларына  орай
байқалады.  Тəрбиенiң  мақсаты  даму  жолындағы  қоғам  талаптарына  сай  жеке  адамды
қалыптастыру.  Ал  бұл  мақсатқа  жету  жеке  адамның  қалыптасу  заңдылықтарын:  бағыт-
бағдар,  қабiлет,  қажеттiлiк,  дүниетаным  жəне  т.б.  зерттеудi  қажет  етедi.  Айтылғандар 
қазiргi заман психологиясының ғылымдар тоғысында тұрғанының дəлелi, яғни психология 
бiр жағында философия ғылымдары,  
екiншi  тарапында  жаратылыстану  ғылымдары,  үшiншi  жағында  əлеуметтiк  ғылымдар 
болған аралықта орналасқан. 
             Солай  болса  да,  барша  ғылымдармен  байланыса,  психология  өз  пəнiне,  өзiнiң 
теориялық  принциптерiне  жəне  өзiнiң  зерттеу  əдiстерiне  иелiгiмен  дербестенетiнiн 
ұмытпау  керек.  Дербес  ғылым  ретiнде  психология  аймағында  өзара  байланысы  сырт
көзге  байқала  бермейтiн  бiршама  ерекше  бiлiм  салалары  ұштасып  жатады,  мысалы, 
психофизиология 
мен 
əлеуметтiк 
психология. 
Бұлар, 
сырттай 
қарағанға 
"сыйыспайтындай"  болғанымен,  бiр  ғылым  саласынан,   себебi   олардың   түпкi   де  
түбегейлi  мiндетi  бiр - психикалық  құбылыстың  мəнiн  зерттеу.  Психология  қай  ғылым 
саласымен байланысса да, оның зерттеу объектiсi жалғыз-ақ: ол - адам, оның психикалық 
процестерi, қалыптары жəне қасиеттерi. 
  
4. Психология салалары 
            Психологиялық бiлiмдердiң даму ерекшелiктерi психо-логияның басқа ғылымдарға 
тəуелдi  байланысынан  ғана  емес.  Көп  жағдайда  олар  қоғамдық  практиканың  өрiстеп 
жатқан  қажеттерiмен  белгiленедi.  Егер  психология  алғашқы  уақытта  теориялық  тарабы
басымдау,  дүниетанымдық  пəн  болса,  ол  қазiргi  кезде  өзiнiң  танымдық  қызметiн  сақтай 
отырып,  өндiрiстi,  мемлекеттi  басқарудағы,  бiлiм  беру  жүйесiндегi,  денсаулық,  заң 
мекемелерiндегi,  мəдениеттегi,  спорттағы  жəне  т.б.  кəсiби  практикалық  iс-əрекеттiң  бiр 
саласына айналуда. 
            Сонымен, осы заман психологиясы көп тармақты бiлiмдер жүйесi ретiнде танылып, 
əртүрлi  еңбек  тəжiри-бесiмен  байланысуда.  Əдетте,  психология  салаларын  жiк-теудiң 
негiзгi  принципi - психиканың  iс-əрекетте  даму  принципi.  Сондықтан,  көбiнесе 
психология  салаларын  топтастыру  негiзiне  адамдардың  əртүрлi  еңбектiк  əрекеттерi 
алынады. Осыған орай психология келесi салаларға бөлiнедi. 
             Еңбек  психологиясы  адамның  қоғамдық  өнiмге  бағыт-талған  əрекетiнiң 
психологиялық  ерекшелiктерiн,  еңбектi  ғылыми  ұйымдастырудың  психологиялық
тараптарын  зерттеумен  бiрге  психология  ғылымының  дербес  салаларына  айналған
бiлiмдерге  жiктеледi.  Олардың  iшiнде:  инженерлiк  психология,  авиация  психологиясы, 
ғарыштық психология  т.б. бар. 
             Педагогикалық  психологияның  қызметi  адамды  оқыту  мен  тəрбиелеудiң 
психологиялық  заңдылықтарын  ашу.  Оның  бөлiмдерi:  оқу  психологиясы,  тəрбие 
психологиясы,  сондай-ақ  мұғалiм  психологиясы,  дамуы  жетiмсiз  балаларды  оқыту-
тəрбиелеу психологиясы. 
             Медициналық  психология  дəрiгер  қызметi  мен  сырқат  адам  мiнез-құлығының 
психологиялық  мəнiн  зерттейдi.  Ол  психикалық  құбылыстардың  ми  физиологиялық
құрылым-дарымен  байланысын  айқындаушы  нейропсихология;  емдiк  дəрiлердiң 
адамның  психикалық  жағдайына  ықпалын  белгiлеушi   фармакопсихология;  науқасты 
емдеуде  қолданылатын  психикалық  əсерлердi  зерттейтiн  психотерапия;  психикалық 
алдын алу профилактика жəне психогигиена тарауларына бөлiнедi. 
             Заң  психологиясы  құқық  жүйесiн  iске  асыруға  бай-ланысты  психикалық
мəселелердi қарастырады. Онда бiрнеше салаларға жiктеледi: қылмыскер психологиясы, 

үкiм шығару-шы мен орындаушы психологиясы жəне т.б. 
            Əскери психология адамның соғыс жағдайындағы қылық-əрекетiн; қолбасшы мен 
оның билiгiндегi сарбаз арасындағы қарым-қатынастың психологиялық тараптары, əскердi 
рухтандырушы үгiт-насихат психологиясының əдiс-терiн жəне т.б. зерттейдi. 
             Аталған  топ  қатарына  спорт,  сауда,  ғылым  жəне  өнер  шығармашылық 
психологиясы да кiредi. 
            Психология тармақтарын топтастыру негiзiне дамудың психологиялық қырлары да 
алынуы  мүмкiн.  Бұл  жағдайда  психологияның  даму  принципi  iске  асады.  Осыған 
байланысты психология келесi салаларға бөлiнедi: 
            Жас сатыларының психологиясы жеке адамның əртүрлi психикалық процестерi 
мен  психикалық  қасиеттерiнiң  онто-генезiн  зерттейдi  де  келесi  салаларды  өз  iшiне 
қамтиды:  балалар  психологиясы,  жас  өспiрiмдер  психологиясы,  ересек  адамдар 
психологиясы мен кəрiлiк психологиясы (геронтология). 
             Дамуы  қалыптан  шыққандар  психологиясы  немесе  арнайы  психология: 
олигофренопсихология 
(ақыл-ойы 
кемдер), 
сурдопсихология 
(кереңдер), 
тифлопсихология (зағиптер). 
             Салыстырмалы  психология - психикалық  өмiрдiң  филогенетикалық  (бiртұтас 
даму) формаларын зерттейдi. 
             Психология  салаларын  топтастырудың  жəне  бiр  жолы - қоғам  мен  жеке  адам
арасында  болған  қатынастарды  ескеру.  Бұл  əдiске  орай  "Əлеуметтiк  психология"
атымен  психология-ның көптеген салалары бiрiгедi. Əлеуметтiк психология адамдардың 
əртүрлi  ұйымдасқан  ресми  немесе  ұйымдаспаған,  бейресми  топтарда  көрiнiс  беретiн 
психикалық болмысын зерттеумен шұғылданады. 
             Жоғарыда  келтiрiлген  деректер  психологияның  қолдану  аймағының  кең  екенiнен 
хабар  бередi.  Мұнда  орындалатын  мiндеттердiң  де  сипаты  сан  алуан:  адамның 
қарапайым  қабылдауын  зерттеуден  бастап,  жалпы  өрiс  алған  күрделi  психикалық 
құбылыстарды  тануға  дейiн.  Психология-лық  бiтiстердi  қазiргi  заманның  дүниежүзiлiк 
проблемаларына  байланысты  да  (бейбiтшiлiк  үшiн  күрес,  қоршаған  ортаны  қорғау, 
ғарышты  игеру  жəне  т.б.),  адамдардың  күнделiктi  тұрмысына  орай  да  (эмоциональдық 
күйзелiстi басу, адам аралық қақтығыстарды үйлестiру жəне т.б.) зерттеп, олар бойынша 
қажеттi  шешiмдерге  қол  жеткiзуге  болады.  Бұлай  болуы  орынды  да,  себебi  аталған 
проблемалардың бəрi қалайда адамға байланысты болғандықтан, бiздi ең алдымен оның 
психикалық жан дүниесi қызықтыратыны сөзсiз. 
             Барша  психология  салаларының  iшiнде  айрықша  орынды  жалпы  психология
иеленетiнiн  атап  өткен  жөн.  Бұл  тараудың  негiзгi  мiндетi  психологияның  əдiснамалық 
проблемалары  мен  тарихын,  психикалық  құбылыстар  пайда  болуының,  дамуының  жəне 
болмысының  жалпыланған  заңдылықтарын  ғылыми  нақтылау.  Сонымен  бiрге  жалпы 
психология  танымдық  жəне  практикалық  iс-əрекеттi  де  зерттейдi.  Жалпы  психология 
зерттеулерiнiң  нəтижесi   психология  ғылымының  барша  салалары  мен  бөлiмдерiнiң  iрге 
тасы қызметiн атқарады. 
             Жалпы  психология  курсында  жантану  ғылымының  теориялық  принциптерi  мен 
маңызды  əдiстерi  жөнiнде   таным  берiлiп,  оның  негiзгi  пəндiк  түсiнiктерi  сипатталады. 
Барластыру  қолайлығымен  бұл  түсiнiктер  үш  негiзгi  категориялар  төңiрегiнде 
топтастырылады:  психикалық  процестер,  психикалық  қалыптар  мен  психикалық 
қасиеттер немесе жеке адамның дара ерекшелiктерi. 
  
  
  
Қайталау жəне бақылау сұрақтары 
1.
  
Адам - ғылымдық зерттеу объектi болуының мəнi неде? 
2.  Адам психологиясын зерттеудiң ерекшелiгi қандай? 
3.  Алғашқы тұрмыстық психология танымдарын жинақтау қалай жүрдi? 
4.  Психология ғылымының қалыптасуындағы алғашқы кезеңге сипаттама берiңiз? 
5.   Р.  Декарттың  психологияға  енгiзген  жаңалығы  жəне  ол  сол  кезеңдегi  ғылымның 
дамуына қандай əсер еттi? 

6.  Психология дамуында "Бихевиоризм" бағытының мəнiн ашып берiңiз? 
7.  Диалектикалық материализм психология ғылымына қандай өзгерiстер енгiздi? 
8.   Психиканың  рефлекторлық  сипаты  жəне  онымен  байланысты  құбылыстарды  ашып
берiңiз? 
9.  Психология ғылымының мiндеттерiн айқындаушы фактор-ларды атаңыз? 
10. Психологияның философия, жаратылыстану, əлеуметтiк ғылым-    
     дармен байланыс себептерiнiң сипаты қандай? 
11. Психология салалары жəне оларды топтастыру      принциптерi қандай? 
  

2-дəрiсбаян  
 
  
ПСИХОЛОГИЯДА ҚАЛЫПТАСҚАН ҒЫЛЫМИ 
 
БАҒЫТ-БАҒДАРЛАР
 
  
Жоспары:   1. Психиканың рефлекторлық сипаты      
                       2. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы  психология дағдарысы.  
                       3. Батыстық  психологияның бүгiнгi даму бағыты.  
                       4. Ғылыми психология принциптерi мен  жалпы зерттеу əдiстерi.  
  
1. Психиканың рефлекторлық сипаты 
             Адам  анатомиясын  зерттеген  жаратылыстанушылар  мен  дəрiгерлер  ежелгi 
дəуiрлерде-ақ  психикалық  құбылыс-тардың  ми  қызметiмен  байланыстылығы  жөнiнде 
болжам  айтқан,  əрi  психикалық  сырқаттарды  сол  ми  қызметiнiң  бұзылу  салдарынан  деп 
топшылаған.  Мұндай  пiкiр,  көзқарастарға  жарақат  немесе  сырқаттан  зақымданған  адам
бас миына бақылаулар негiз болған. Осындай сырқаттарға кезiккен адамның психикалық 
қызметi  күрт бұзылысқа келедi:  көзi  көрмейдi, құлақ естiмейдi,  ес,  ойлау,  сөйлеу қабiлетi 
кемидi, кейде өз қозғалысын басқара алмай қалады жəне т.б. Осы психикалық əрекет пен 
ми  жұмысының  арасындағы  байланысты  ашу  психиканы  ғылыми  зерттеудегi  алғашқы 
қадам  ғана  болды.  Бұл  əлi  психикалық  iс-əрекет  негiзiнде  қандай  физиологиялық 
механизмдер жатқанын түсiндiрiп бере алмайды.  
             Психологиядағы  бұл  ғылыми  мəселе  өз  шешiмiн  барша  психикалық  iс-əрекет 
түрлерiнiң  рефлекторлық  сипатына  байланысты  ғана  табуы  мүмкiн.  Бұл  проблеманы 
айқындауда орыс ғалым-психологтары М. М. Сеченов (1829-1905) пен И. П. Павлов (1849-
1936)  көп  еңбек  сiңiрген.              М.  М.  Сеченов  өзiнiң  əйгiлi "Бас  ми  рефлекстерi" (1863) 
еңбегiнде  рефлекторлық  принциптi  адамның  бас  миы  қызметiне,  одан  əрi  барша 
психикалық iс-əрекетiне жая қолданды. Ол "адамның бүкiл саналы да санасыз (астарлы) 
өмiрдегi  əрекеттерi  өзiнiң  туындауы  жағынан  рефлекстерге  байланысты,  немесе 
рефлекстiк  əдiс", - деп  жазған.  Бұл  психиканы  объективтi  түсiнудегi  алғашқы  қадам  едi. 
Бас миы рефлекстерiн шұқшия талдай отырып, Сеченов оның басты үш байланыс бiрлiгiн 
анықтады:  бастапқы  бiрлiк  жүйке  қозуы  процесiнде  миға  берiлетiн  сыртқы 
тiтiркендiргiштер;  ортаңғы  бiрлiк  мидағы  қозу  жəне  тежелу  процестерi  жəне  солардың 
нəтижесiнде психикалық қалыптардың (түйсiк, ой, сезiм, т.б.) пайда болуы; ақырғы бiрлiк 
сыртқы  қозғалыстар.  Бұл  тiзбектегi  ортаңғы  бiрлiктiң  психикалық  элементтерi  қалған  екi 
шеткi (сыртқы  тiтiркендiргiштер  мен  жауапты  əрекеттер)  бiрлiктерсiз  жасамайды. 
Сондықтан  да  барша  психикалық  құбылыстар  бүкiл  рефлекторлық  процестiң  бөлiнбес 
құрамы.  Сеченовтың  рефлекс  бiрлiктерiнiң  ажыралмас  байланысы  жөнiндегi  тұжырымы 
психикалық  iс-əрекеттi  ғылыми  тұрғы-дан  түсiнуде  үлкен  маңызға  ие  болды.  Психикалық 
қызметтi сыртқы ықпалдардан да, адам қылық-əрекеттерiнен де бөлiп қарауға болмайды. 
Психикалық  құбылыс  субъектiнiң  жалғыз  толғанысымен  шектелiп  қалмайды,  егер  олай 
болғанда, психикалық дүние (ой, ес, қиял т.б.) нақты өмiрлiк маңызға ие болмас едi.  
            Психикалық iс-əрекеттiң рефлекторлық принципiне орай Сеченов - адам iс-əрекетi 
мен қылығы сыртқы əсерлердiң себебiнен туындайтыны жөнiнде ғылыми психология үшiн 
өте  маңызды  қорытынды  жасады.  Ол  "Бастапқыда  қандай  да  əрекеттiң  себебi  əрдайым 
тысқы  сезiмдiк  қозуда,  онсыз  ешқандай  ой  өрiстеуi  мүмкiн  емес", - деп  жазды.  Сонымен 
бiрге  ғалым  сыртқы  жағдайлар  əсерiн  үстiрт  түсiнбеу  қажеттiгiн  ескерткен.  Бұл  арада 
əңгiме  тек  көрiнiп  тұрған  нақты  тыс  əсер  жөнiнде  ғана  емес,  сыртқы  жағдай  əсерлерi 
тобына адамның өткенде кезiккен əсерлерi, барша өмiр тəжiрибесi қамтылады. Осылайша 
И.  М.  Сеченов  рефлекстiң  миға  байланысты  бiрлiгiн  оның  табиғи  бастауынан  (сезiм 
мүшелерiне  əсер)  жəне  ақырынан   (жауап  қозғалыс-қимылдар)  бөлiп,  оқшаулау  орынсыз 
екенiн көрсетiп бердi.  
             Психикалық  процестердiң  атқаратын  мiндетi  қандай?  Бұл  əрекеттi  өзгермелi 
жағдайларға  сай  етiп  отыру - сигналдық  жəне  реттеу  қызметтерi.  Психикалық  құбылыс 
жауап  əрекеттi  өздiгiнен  реттей  алмайды.  Бұл  сыртқы  дүние  жөнiндегi  ақпарат  келiп 
түсушi,  сақталушы,  жəне  өңделушi  мидың  белгiлi  бөлiмдерiнiң  қасиетi,  қызметi. 

Психикалық көрiнiстер бұл  мидың  сыртқы жəне iшкi  (организмнiң  физиологиялық  жүйе 
ретiндегi  қалпы)  əсерлерге  жауабы,  яғни  психикалық  құбылыс - бұл  нақ  осы  мезетте
(түйсiк,  қабыл-дау)  өткен  тəжiрибеде  болған  (ес),  осы  əсерлердi  қорытын-дылап  немесе 
олардың  нəтижесiн  бiлуге  жəрдемдескен  (ойлау,  қиялдау)  тiтiркендiргiштерге  жауап 
əрекеттердi реттеушi механизм. И. М. Сеченов ғылымға психиканың рефлекстiгi мен iс-
Каталог: repository -> history
history -> С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009
history -> М. Б. Әмірханов ¤. Д. Сандықбаева
history -> Анықтамалық қолданба Пікірлер Ұғымдар
history -> Айг‰л Аязбайқызы Жумадуллаева
history -> Графикалық компьютерлік модельдеу
history -> Мәшімбаев С. М. Еуропа және америка
history -> Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы
history -> Булгакова Д. А
history -> Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет