Сəбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев)



жүктеу 1.88 Mb.
Pdf просмотр
бет20/24
Дата29.12.2016
өлшемі1.88 Mb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

5. Ерiк  сапалары 
             Əрбiр  адамның  ерiк  əрекетi  өзiндiк  ерекшелiкке  ие,  себебi  ол  жеке  тұлғаның 
тұрақты  қасиеттерiнiң  көрiнiсi.  Ерiктiң  саналы  ұйымдастырылуы  мен  ретке  келуi  адамға 
өзiнiң  сезiмдерiн,  қылығын,  танымдық  процестерiн  басқаруға  мүмкiндiк  бередi.  Ерiк 
аймағындағы  жеке-дара  ерекшелiктер  адам  еркiнiң  тұтастай  да  сипатын  не  ерiк  проце-
сiндегi  жеке  бөлiктердiң  мазмұнын  құрауы  мүмкiн.  Ерiк  сипаттарының  жалпы  бiрiгуiн 
танытатын  құбылыс - ерiк  күшi.  Ерiк  күшi  ерiктiк  əрекеттiң  барша  кезеңдерiнде  қажет, 
əсiресе оның айқын көрiнiсi кедергiлердi жеңу мен қажеттi нəтижеге жетуде көрiнедi. Осы 
игерiлген  кедергiлер  сипатын  талдай  отырып,  адамның  ерiк  күшiнiң  объектив  бағасын 
пайымдаймыз.  Адамың  өз  құмарлығы  мен  көрсеқызарлығын  бұғаулауы,  өз  сезiмдерiнiң 
шектен  тыс  шарпуына  жол  бермей,  ақылмен  сараланбаған  қылықтар   жетегiне  түспеуi -
бəрi де осы ерiк күшiне байланысты. 
            Ерiктiк əрекеттiң жалпыланған сипаты мүдделi мақсатта көрiнедi. Мүдделi мақсат
- бұл жеке тұлғаның өз iс-əрекетiн белгiлi бiр нəтижеге бағыттай алуы. Осы қасиетке орай 
адамның  басқа  да  ерiк  сапаларының  мазмұны  мен  даму  денгейiн  анықтаймыз.  Мүдделi 
мақсат  өмiрлiк  принциптер  мен  мұраттарды  көздеген,  стратегиялық,  не  жақын, 
бөлектенген əрекеттердi орындауға бағытталған нақты қызметтiк, оперативтiк болып бө-
лiнедi.  Мүдделi  мақсаты  бар  адам  алдына  анық  та  нақ  меже  белгiлеп,  майда-шүйдеге 
елеңдей  бермейдi.  Мұндай  адамдар  не  қалайтынына,  қай  бағытта  қадам  атқанына,  не 
үшiн күресетiнiне ешуақыт күмəнданбайды. Бұл тұлғалар - қоғамның нағыз жетекшiлерi. 
            Ерiк əрекетiнiң бастапқы, iске қосылу кезеңi көбiне ынталылық, дербестiк, еркiндiк 
сапаларымен байланысты. 
             Ынталылық - мол  да  жарқын  идеяларға,  байыпты  жоспар  мен  ұшқыр  қиялға 
негiзделедi.  Көп  адамдар  үшiн  ең  қиыны  өз  енжарлығын  жеңу,  қалыптас-қан  iс-əрекет 
тəсiлiн өзгерту. Мұндайлар өз бетiнше ешбiр iске кiрiсе алмай, тысқы ықпал, нұсқауларды 
күтумен  болады.  Осыдан  ынталылық  дербестiкпен  тiкелей  байланыс-ты.  Дербестiк  -
ерiктiк  əрекет  барысында  адамның  əрқандай  себептер  жетегiне  түспей,  басқалардың 
кеңестерi  мен  ұсыныстарына  сындарлы  баға  берумен,  өз  наным,  сенiмдерi  негiзiнде  iс-
əрекетке келу қасиетi.  
             Дербестiкке  ие  адам  басқаның  жəрдемiнсiз-ақ  мəселе  таңдай  алады,  соған  орай 
мақсат белгiлейдi, өзгенiң түрткiсi мен сыбырына алаңдамайды. Əдетте мұндай тұлғалар 
өз көзқарасын белсендi қорғап, мақсат, əдiс пен тəсiлдерiн саналы бағалаумен, жалтақсыз 
iске  қоса  алады.  Ынталылық  пен  дербестiк  жеке  адамның  ерiктiк  сапасы  ретiнде,  бiр 
жағынан,  сенгiштiк,  иi  бостық,  енжарлық  сияқты  қасиеттерге  қарсы;  екiншi  тараптан, 
басқаның ой-пiкiрiн, көзқарасын түгелдей жоққа шығарудан  (позитивизм) аулақ қасиет. 
             Iс-əрекетке  ниеттелу  кезеңiнде  ерiктiң  ұстамдылық  қасиетi  процеске  қосылады. 
Ұстамдылық  əрекетi - сезiм,  ой-пiкiр,  қалыптан  тыс  көңiл-күйдi  тоқтамға  келтiрiп,  бiраз 
тежейдi.  Ұстамды  адам  орындалатын  iстiң  түрiне  қарап,  оған  қажеттi  өз  белсендiлiгiнiң 
денгейiн  барластырады.  Сонымен,  ол көздеген  мақсатына асығып,  ырықсыз  əрекеттерге 
ұшырамай, байыппен жетедi. 
             Iс-əрекеттiң  сан  алуан  түрткiлерiнiң  iшiнен  қажеттi  болғанын  таңдау  мен  шешiм 
қабылдау  кезеңiнде  ерiктiң  батылдық  қасиетi  бой  көрсетедi.  Батылдық - бұл  əрқандай 
iске  байланысты  ерiктiң  жылдам,  орынды  əрi  берiк  шешiм  қабылдау  мен  оны  жүзеге 
келтiре  алу  қасиетi.  Сырттай  қарағанға,  батылдық  ешбiр  толғаныссыз  өтетiндей,  батыл 
адамның  мақсат  таңдауы  жеңiл  де  оңай  болатын  сияқты.  Əдетте,  олай  емес.  Батыл 

адамдар  өз  iс-əрекеттерiнiң  мақ-сатын  терең  де  жан-жақты,  үлкен  толғанысқа  түсiп, 
ойлас-тырады,  жоспарлайды.  Ал  iске  кiрiсу  кезеңi  келгенде  баяғы  толғаныстың  бəрiн 
ысырып тастап, жедел шешiм қабылдауға қабiлеттi. 
             Батыл  қимылды  адамдар  iс  шешiмiн  қабылдаудан  iстiң  өзiн  орындауға  жылдам
ауыса  алады.  Кейде  адам  қандай  да  шешiмге  бел  байлағанымен, iстiң  өзiне  келгенде 
босбелбеулiк танытады, осыдан жұмыс басталмай қалады. Мұндайда батылдыққа тiрек -
ержүректiк  қорқыныштың  бəрiн  басып,  адамды  тəуекелге  келтiрушi  қасиет. Iс-əрекеттегi 
батылдық  көзсiздiкке  тiкелей  қарсы.  Егер  iс-жағдайлары  болымсыздық  танытса,  батыл 
адам əрекетiн кiдiртiп, кейiн қалдыра алады. 
             Iс-əрекеттiң  орындалу  кезеңiнде  шалттық  пен  табан-дылық  үлкен  маңызға  ие. 
Шалт  адамдар  өздерiнiң  барша  күшiн  көзделген  мақсатқа  тез  шоғырландыра  алады. 
Бiрақ көптеген жағдайларда шалт əрекет iстiң бастапқы кезеңiнде  өте  қарқынды  болып,  
кейiн  iс  неғұрлым   ұзаққа  созылған  сайын  ол  үдемелi  кеми  бастайды  да  тiптi  байқал-
майтындай  деңгейге  түседi.  Осыдан,  шалттық  табандылықпен  ұштасса  ғана  жеке
адамдық қасиеттiң ең жоғары көрсеткiшiне айналады. Табандылық - бұл адамның ұдайы, 
шалт  əрекет-терiн  бiрде  төмендетпей,  көрiнген  қиыншылықтарға  төзе  бiлуi.  Өз  табан-
дылығынан  адам  қоршаған  жағдайлар  iшiнен  қажетiн  табуға  шебер.  Сəтсiздiкте  мүдiру, 
күмəнға  берiлу - табанды  адамға  жат  қасиеттер,  басқалардың  қарсылығын,  мiнеп  -
шенегенiн бұл өткiр мiнездi тұлғалар елей бермейдi. 
             Табандылық  та  батылдық  сияқты  əртүрлi  деңгейде  көрiнiс  бередi,  бiрақ  бұл 
екеуiнiң  шектен  тыс  дамуы  керi  сипатқа  соқтыруы  мүмкiн.  Мысалы,  кейде  ақылды,  тiптi 
дарынды адамдар өз шешiмiн қорғай алмай, алғашқы кедергi-ден-ақ сескенiп, оны жеңудiң 
амалына көзiн жеткiзе алмай, жалғастырайын десе, ерiк күшi жетпей, iстен бас тартатыны 
да болады. Бұл жағдайда адамда қара басының тəндiк мүддесi басымдау болып ақыл, ой 
мен сыртқы жағдай талаптары далада қалады. Кейде адам бастаған iсiнiң тiзгiнiн қолдан 
жаздырып  алып,  əрекет  нəтижесiнiң  болымсыздығына  көзi  жетiп  тұрса  да, "болғаны 
болар"  деумен,  илеуге  келмейтiн,  ақыл  қонымдылығы  жоқ  ерiк  сапасы - өжеттiк пен 
қиқарлықты  қару етедi. 
            Қабылданған шешiмнiң орындалуы үшiн өзiндiк бақылау мен өзiндiк баға үлкен 
маңызға  ие.  Егер  адам  өз  iс-əрекетiне  орынды  бақылау  жүргiзе  алса  ғана,  көзделген 
мақсат  iске  асады.  Олай  болмаса,  алға  қойылған  мiндет  пен  оған  қажеттi  қылық-əрекет 
арасында  сəйкессiздiк  туады.  Мақсатқа  жету  процесiнде  өзiндiк  бақылау  жоғары 
мүдделердiң  қарапайым  ниеттерден,  жалпы  принциптердiң  мезеттiк  қалау  мен 
құмарлықтан үстемдiгiн қамтамасыз етедi. Ал өзiндiк бағаға байланысты бақылау сипаты 
мен  дəлдiгi  өзгерiске  келедi.  Қандай  да  терiс  бағадан  адам  өзiнiң  керi  мiнез  бiтiстерiн 
орынсыз,  ұлғайта  танып,  осыдан  өзiне  деген  сенiмiн  жойып, iстен  бас  тартады.  Өзiндiк 
ұнамды бағаның да зиянды тарапы бар. Мұндайда адам обьектив бақылауды өзiндiк əсiре 
мадақтауға айналдырып жiбередi. 
  
6. Жеке адам жəне ерiк тəрбиесi 
            Қандай да ерiктiк əрекетке араласа отырып, адам оның iзгi нəтижесiне байланысты 
өзiне  жауапкерлiк  жүктейдi. Iс-əрекеттiң  əлеуметтiк  мəндi  нəтижесi  алғашқы  ниет 
шеңберi-нен  толастап  қоғамдық  iс   сипатын  алады.  Субъекттiң  осы  iске  болған  жеке 
жауапкерлiгi  өз  əрекеттерiнiң  салдарын  қоғамдық-тарихи  талаптар  тұрғысынан  сараптай 
бiлу  қабiлетiнен  көрiнедi.  Əлеумет  ортасында  қалыптасқан  заң,  мораль,  əдет-ғұрып  пен 
дəстүрлерге орай iс жақсылық не жамандық болып бағаланады. 
            Адамдар өзара атқаратын бiрдей iсiнiң көп түрлi орындалу дəрежесiмен ғана емес, 
өз iсiнiң жауапкерлiгiн кiмге артатынына да байланысты. Əдетте, iс нəтижесi сəтсiз келсе, 
адам жауапкерлiктi бiреуге не сыртқы жағдайларға ысыра салуға бейiм келедi, ал жұмыс 
нəтижесi мақтауға тұрарлық болса, ол нəтижеге өзiнен басқа бiрде бiреудi жолатқысы жоқ. 
            Психологияда бақылау локусы (локус-орын, Д. Роттер) деген ұғым қабылданған. 
Осыған орай өз қылықтары мен iстерiнiң себебiн тыстан iздеушiлер сыртқы бақылаулы
ал себеп-салдардың көзiн өзiнен табуға тырысатындар iшкi бақылаулы болып бөлiнедi. 
Экстернальды,  яғни  сыртқы  себептерге  жүгiнетiндер  əрдайым  өз  қабiлеттерiне 
сенiмсiздiкпен  қарайды,  тұрақсыздық  көрсетедi,  мегзегенiн  кейiнге  қалдыруға  бейiм, 

жауапкерлiгi  кем,  төңiрегiндегi-лердiң  бəрi  оны  қобалжытады,  осыдан  ол  күмəншiл, 
шамданғыш, ызақор. Ал интерналды адамдар өз қылықтары мен iстерiнiң жауапкершiлiгiн 
өздерi  көтеруге  қабiлеттi.  Мұндай  тұлғалардың  өзiне  деген  сенiмi  мол,  мақсатқа  жету 
жолында бұлар бiр iздiлiк пен табандылық танытады, өз iсiне талдау жасай алады, мiнезi 
байсалды, қайырымды, қауымшыл əрi тəуелсiз келедi. 
            Ерiк əрекеттерiнiң iшкi не сыртқы бақылауда болуы-ның ұнамды да керi əлеуметтiк 
салдары  бар,  сонымен  бiрге  олар  тəрбие  барысында  қалыптасып,  тұлғаның  тұрақты 
қасиет-терiне өтедi. 
             Адам  еркi  басқа  да  көптеген  қасиеттермен  ерекше-ленедi.  Олардың   iшiнде  аса 
маңыздылары:  ерлiк,  тəртiптiлiк, iскерлiк  т.с.с. - бұлардың  бəрi  де  жоғарыда  аталған
ерiк сапа, қасиеттерiмен тығыз байланысты. 
             Ерiктiң  ұнамсыз  тараптарының  бəрi  тұрмыстағы  кəдiмгi  ерiншектiкпен ұштасады. 
Ерiншекте  iске  деген  құлық,  ниет,  оны  орындауға  талпыныс  болмайды.  Қызығы,  көп 
адамдар  ерiншектiгiн  бетiне  басқанға  "бауыр  етi  жарылып"  өкпелегенiмен,  бұл  қасиетiн 
"қайтейiн,  осылаймын"  деп  жеп-жеңiл  мойындай  салады,  өзiнiң  тұрмыстық  ебедейсiздiгi 
мен əлжуаздығын ақтау үшiн оны психологиялық қорғаныс құралы ғып пайдаланады. 
             Барлық  ерiк  сапалары  мен  қасиеттерi  адамның  өмiр  барысында, iс-əрекетке 
араласуынан қалыптасады. Бұл дамуда əсiресе балалық шақ үлкен маңызға ие. Əрқандай 
психикалық  процесс  сияқты  ерiк  те  өз  бетiнен  болмай,  жеке  адамның  жан-жақты 
кемелденуiмен  бiрге  өрiстейдi.  Балалық  шақта  өрбитiн  ерiк  қасиеттерi  көптеген 
əлеуметтiк-қоғамдық  ықпалдарға  тəуелдi,  солардың  iшiнде  отбасының  орыны  ерекше. 
Балалардағы   ерiк  қылықтарына  байланысты  кемшi-лiктер:  өжеттiк  пен  тентектiктiң  көзi 
ата-аналардың қате тəрбиесiнен: уақытында ұстамдылыққа үйретпеген, тiлегенi-нiң бəрiн 
қанағаттандыруға  тырысқан,  белгiлi  тежеулерге  үйретiлмеген,  т.с.с.  Ал  қандай  да  бiр 
əрекетте күш сала бiлуге дайындық өздiгiнен болмайды, оған арнайы үйрету қажет, тиiстi 
əдеттерге баулудан сəби ерiк күшiн дұрыс та қажет бағытта жұмсауға дағдыланады. 
             Отбасы  тəрбиесiнiң  жəне  бiр  болымсыз  қыры - баланы,  əдетте,  орындалмайтын, 
əл  мүмкiндiгiнен  тыс  жүктеме,  тапсырмаға  жегу.  Осыдан  белi  бекiмеген  жас  тұлғада 
бастаған  iсiн  аяқтамау  əдетi  қалыптасады,  жұмыс  нəтижесiнен  қандай  да  лəззат 
қуанышына бөлене алмай, бала түңiледi, бұдан былайғы тапсырыстарға бет қақпайды. 
             Бала  əрекетi  негiзiнен  елiктеуден  болады.  Осыдан  ерiк  қасиеттерiнiң 
қалыптасуында  ата-ана,  тəрбиешi  т.б.  өнеге-үлгiсi  маңызды  келедi.  Көркем  əдебиет  пен 
кинофильмдердегi сан-қилы кедергiлердi өз батылдығы мен табандылығының арқасында
жеңе бiлген кейiпкерлер де баланың ерiк күшiн тəрбиелеуде орасан жəрдем бередi. 
            Балада ерiк тəрбиелеудiң жəне бiр жағдайы оны қалтқысыз тəртiпке үйрету: жүрiс-
тұрыста,  сабақ  дайындауда,  үй  жұмысын  орындауда  т.б.   Ерiк - бұл  дұрыс 
ұйымдастырылған  еңбек  деуiмiз  осыдан.  Балалық  шағынан  қалыптаспаса,  ерiк  күшi 
болымсыз адам дұрыс еңбектене де алмайды; шаршаса, дем алып, қанағат та таппайды. 
             Ерiк  қасиеттерiн  қалыптастыруда  баланың  дене  тəрбиесiне  мəн  беру  қажет. 
Себебi  тəн  əлжуаздығынан  жас  өспiрiм  өмiрдiң  қай  саласында  да  қалаған  жүктеменi 
көтере  алмайды,  əйтеуiр  бiр  кедергiден  өтуге  шамасы  жетпей,  көңiл  күйзелiсiне  түседi. 
Дене  жаттығуы  мол  болып,  басқалармен  күш  сынасуға  дағдыланған  бала  өз  ерiк  күшiн 
ұстамға алып, оны қажетiне бағыттау қабiлетiн игередi. 
             Жас  шақта  бала  өмiрi - негiзiнен  ойынмен  тiкелей  байланысты.  Ал  ойын - бұл 
белгiлi  қалып,  ерекше  талап.  Осыларды  ырықсыз,  ойын  мазмұнына  қызығумен  орындай 
жүрiп,  қандай  да  ерiктiк  сапаларға  дағдыланғанын  бала  сезбей  де  қалады.  Ойын 
баладағы ерiк күштерiнiң арқауына айналады. Ойынға үлкен мəн берудiң қажеттiгi осыдан.
             Ерiк  тəрбиесiнде  балалар  ұжымының  маңызы  айтар-лықтай.  Ұжымдық  өмiрге 
араласа отырып, бала өз қылығын басқалардың талғамына көндiрiп, икемдiлiкке үйренедi. 
Өз  қатарына  қарай  отырып,  бала  өзiнде  табандылық  пен  батыл-дық  қалыптастырады, 
көпшiлiк  алдында  қорқақтығына   намыстанып,  оны  жасыруға  не  тiптi  жоюға  тырысып 
бағады, ал бұл тырысу  ерiк күшiн керек етедi. 
             Бала  еркiнiң  даму  көзi - бұл  еңбек.  Əрқандай  еңбектiк  iс-əрекет  ерiк  қатысынсыз 
орындалуы  мүмкiн  емес.  Сондықтан  бала  белi  қажеттi  дəрежеде  бекiгеннен,  оны  өнiмдi 
еңбекке қосу - басты шарт. 

  
Қайталау жəне бекiту сұрақтары 
1. Ерiк құбылысының мəн-мағынасын қалай түсiнесiз? 
2. Ерiктiң ырықты жəне ырықсыз əрекеттермен байланысы қандай? 
3. Ежелгi қауымдағы ерiк түсiнiгi қандай болған? 
4. Ортағасырлардағы ерiк түсiнiгiнiң ерекшелiгi неде? 
5. И. П. Павловтың "еркiндiк инстинктi" теориясын қалай түсiнесiз? 
6. З. Фрейдтiң "психоанализдiк" теориясының мəнi неде? 
7. Ерiк құбылысын осы заманғы ғылым қалай түсiндiредi? 
8.  Ерiктiң  физиологиялық  негiзi  жəне  онымен  байланысты  екi  сигналдық  жүйе  қызметiнiң 
мақсаты қандай? 
9. Ерiк құрылымын айқындайтын категориялар жəне олардың сипаттамасы қандай? 
10. Ерiк сапаларына қандай бiрлiктер кiредi? 
10.
  
Жеке адамның ерiк қасиеттерiнiң түрлерi жəне оларды қалай тəрбиелеуге болады?

17-дəрiсбаян
 
  
СЕЗIМ
 
  
Жоспар:       1. Сезiм жөнiнде түсiнiк  
2. Сезiм ерекшелiктерi  
3. Сезiм қызметтерi  
4. Сезiм негiздерi  
5.Сезiм түрлерi 
  
1. Сезiм жөнiнде түсiнiк 
             Қоршаған  ортада  кезiккендердiң  бəрi  адамда  оларға  деген  қандай  да  бағамдау
қатынасы мен сезiмдер пайда етедi. Олардың бiрi ұнап - қуантса, екiншiсi - қапаландырып, 
жеккөрушiлiк  тудырады.  Сезiм  түрi  сан-аулан.  Төңiректегi  нысандардың  жеке  қасиеттерi 
мен  сапаларының  өзi  де  адамның  белгiлi  сезiмiне  себепшi  болады,  мысалы,  түсi 
ұнамайды,  дауысы  жағымсыз,  дəмi   татымсыз  т.с.  Өмiр  жағдайлары  мен  тұрмыс 
оқиғалары  күрделiрек  сезiмдерге  себепшi  келедi.  Сезiм  ауқымы  өте  кең:  өкiнiш  пен 
қанағаттану, қуаныш пен қорқыныш, таңдану мен жиiркену - мұндай сезiм  түрлерiн шексiз 
келтiруге  болады.  Сезiм - бұл  адамның  қоршаған  болмыс  заттары  жəне 
құбылыстарымен  қатынас  жасауынан  туындаған  əрқилы  формада  көрiнiс  беретiн
толғаныс,  күйзелiстерi.  Адам  сезiмi  тiршiлiк  үшiн  керектi  де  пайдалы  қасиет. 
Толғаныссыз өмiр - өшкен өмiр.  Ұлы ғұлама Ə. Науаи "Сезiмсiз адам - кесек, махаббатсыз 
адам – есек", - деген екен. Көп сезiмдерге адамның өзi құштар. Егер сол сезiмдер қандай 
да себептермен болмай қалса, адам "эмоциялық ашырқауға" келiп, оның орнын толтыру 
үшiн əн-күй тыңдайды, əсерлi фильмдер көрiп не қым-қиғаш оқиғалы кiтаптар оқиды. 
             Психологтар  көп  заманнан  берi  осы  сезiм  мəселесiнiң  төркiнiн  ашумен 
айналысуда.  ХVIII-ХIХ  ғасырларда  бұл  сұрақ  төңiрегiнде  ортақ  көзқарас  пайымдалмады, 
дегенмен  интеллектуалистiк  теория  бағыты  кең  өрiс  алды.  Бұл  бағыт  мəнi - адамдағы 
барша  органикалық  көрiнiстердiң  негiзi  психикалық  құбылыстардан  деген  тұжырымнан
шығарылды. Немiс психологi Гербарттың ұйғарымы бойынша барша сезiмдiк дүниенiң iрге 
тасы елестер деп саналды. Бұл теорияға орай сезiм-елестер арасындағы байланыстарға 
сай  қарама-қайшылықтарға  жауап  ретiнде  жүзеге  келедi.  Мысалы,  дүниеден  өткен 
адамның  бейнесiн  тiрiлермен  салыстырудан  қайғы  пайда  болады.  Өз  негiзiнде  бұл  кейiп 
ырықсыз  көз  жасын  төгуге  не  жалпы  қасiреттi  күй  бiлдiрушi  əрекет-қылыққа  себепшi 
болады. 
             Немiс  ғалымы  В.  Вундт  та  осы  бағытты  қолдады,  бiрақ  оның  тұжырымдары 
эклектиктi, яғни əртүрлi психологиялық қарама-қарсы көзқарастарды қалай болса, солай 
қоса салуға негiзделген едi. Оның пiкiрiнше эмоция - бұл алдымен сезiмнiң елес жүрiсiне 
тiкелей  ықпал  етуiмен  сипатталатын  адамның  iшкi  өзгерiстерi,  ал  кей  жағдайда, iшкi 
өзгерiстердiң сезiмге əсерi, ал органикалық процестер - эмоцияның салдары ғана. 
            Эмоцияның қазiргi заман тарихы У. Джемстiң 1884 ж. жарияланған "Эмоция деген 
не"  атты  мақаласынан  басталды.          У.  Джемс  жəне  бұған  байланыссыз  Г.  Ланге 
пайымдаған  теория  бойынша:  сезiмнiң  туындау  себебi - сыртқы  ырықты  қозғалыстар
сонымен  бiрге, iшкi  ырықсыз  жүрек  толғаныстарынан  болатын  адамның  кейiп 
өзгерiстерiнен.  Осы  өзгерiстерден  туындайтын  адам  əсерлерiнiң  бəрi - эмоциялық  күйдi 
танытады. "Бiздiң  қайғыруымыз - жылағанымыздан;  қорқуымыз - қалтырауымыздан; 
қуанғанымыз - күлгенiмiз-ден" (У.  Джемс).  Сонымен,  эмоция  салдары  болған  дене 
шетiндегi (перифериялық) органикалық өзгерiстер,  ғалымдар ойынша, сезiмдер себебiне 
ауысады.  Осыдан  эмоциялардың  ырықты  реттелуiнiң  қарадүрсiн  түсiнiктемесi  берiледi: 
мысалы, ұнамды эмоцияға тəн əрекеттердi əдейi жасаумен қажет болмаған қасiрет сезiмiн 
басуға болады-мыс. 
            Джемс-Ланге тұжырымы бiрқанша қарсы көзқарастар пайда еттi. Негiзгi сын айтқан 
У.  Кеннон:  əртүрлi  сезiмдерге  байланысты  жауап  əрекеттер  бiр-бiрiне  өте  ұқсас, 
сондықтан олар адамның сан-алуан эмоциялық қасиеттерiне сай келе бермейдi. Мысалы, 
қазақ  келiсу  сезiмiне  орай  басын  изейдi,  ал  болгар - шайқайды;  африканың  бiр  тайпа 

өкiлдерi сүйген адамының бетiне түкiретiн көрiнедi, ал қазаққа бүйтiп көр... Сонымен бiрге, 
адамның  əдейi iстеген  жасанды  əрекеттерi  қажеттi  көңiл-күйдi  бере  алмайды.  Кейде, 
мысалы,  жағдайға  орай  "молдамыз"  шығып,  сiресе  бағып,  соңына  шыдай  алмай,  күлiп 
жiберетiнiмiз осыдан. 
            Психологтардың үлкен тобы сезiмдi жай-күйлiк қалып аймағынан шығарып, дененiң 
əсер  еткен  жағдайға,  оқиғаға  болған  жауап  əрекетi  деп  танығанды  жөн  көредi.  Мұндай 
түсiнiк  Ч.  Дарвин  еңбектерiнде  де  берiлген.  Эмоциялық  əрекеттердiң  көбi  өздерiнiң 
пайдалы  болуымен  қажет,  мысалы,  жануар  қаһары  жауын  қорқыту  үшiн  керек,  немесе 
олардың  кейбiрi  өткен  эволюциялық  дамудың  бiр  кезеңiнде  қажет  болған  əрекеттердiң 
нəсiлден  нəсiлге  ауысып  келе  жатқан  қалдығы.  Мысалы,  алақанның  қорқыныштан 
дымқылдануы  бiр  уақыттары  бiздiң  маймыл  тектес  бабаларымызға  қауiп-қатер  төнгенде 
ағаш  бұтақшаларын  берiк  ұстауға  жəрдемiн  тигiзген.  Кейiн  бұл  теорияны            Э. 
Клапаред жалғастырды. Ол "қандай да бiр сезiмнiң туындауы - адамның кезiккен жағдайға 
икемделе  алмауынан.  Егер  адам  қашып,  құтыла  алатын  болса,  ешқандай  қорқыныш 
сезiмiне түспейдi", - деп жазады. 
             Ендiгi  бiр  оқшауланған  теориялар  тобы  сезiм  табиғатын  адамның  ақыл-ой 
(когнитив) мүмкiндiктерiмен байланыстырады. Олар iшiнде Л. Фестингердiң сана үйлесiм-
сiздiгi  теориясы  өз  алдына.  Бұл  көзқарастың  мəнi:  адам  бiр  нысан  жөнiнде  бiрiне  бiрi 
психологиялық  қарсы  екi  пайым  ортасында  таңдау  ете  алмай,  күйзелiс  эмоциясына 
түседi,  яғни  санадағы  "бiлiмдер"  үйлесiмсiздiгiнен  жағымсыз  сезiм  пайда  болады.  Ал  iс-
əрекеттiң нақты нəтижесi мен көзделген ниет өзара сəйкес келсе, адамда жағымды сезiм 
туады. Ақыл-ой  үйлесiмсiздiгiнен құтылудың екi жолы бар: 1) өз ниетiңдi шындыққа сəйкес 
өзгерту; 2) ниетке  сай  болатындай  əрекеттiң  жаңа  жолдарын  iздестiру.  Сонымен, 
когнитивтiк теория адамның сезiмдiк кейпiн оның əрекет, қылықтарының негiзгi себепшiсi 
ретiнде қарастырады. 
  
2. Сезiм ерекшелiктерi 
            Адам сезiмi дара тұлғалық қасиет. Осыған орай əр адам нақты жағдайда бiр зат не 
құбылысқа  өзiнше  баға  берiп,  белгiлi  бiр,  екiншi  адамдағыға  ұқсамайтын  көңiл  кейпiне 
берiледi.  Аш  адам  мен  тоқ  адамның  бiр  тағамға  болған  əр  түрлi  қатынасы  осыдан.  Еске 
түскен  заттар  не  оқиғалардың  да  бағамының  бiрдей  болмауы  да  осы  себеппен 
түсiндiрiледi: əдетте, қуанышты жағдайларда араласқан объектер (адам, зат, оқиға) жылы 
сезiммен еске алынады. Əрқандай сезiм жеке тұлғаның мəндi сипатын бiлдiредi. 
             Сезiмдер  адамның  қоршаған  дүниеге  қатынасын  ғана  бiлдiрiп  қоймастан,  ол 
жөнiндегi  ақпарат  көзi  де  болып  табылады.  Бұл  тұрғыдан  нысан  бейнесi  эмоцияның 
танымдық  тарапы  болады  да,  ал  сол  мезеттегi  адам  кейпi  сезiмнiң  субъектив  элементiн 
танытады. 
            Сезiмдер адамның қасиеттерiмен тығыз баланысты. Субъектi қажеттiлiгi жəне сол 
қажеттiлiктi  қанағаттандыруға  бағытталған  ерекше  қызметiне  орай  сезiмдер  екi iрi  топқа 
бөлiнедi.  Бiрiншiсi - қажет  заттардың  объектив  мазмұнына  жаңа,  айрықша  мəн  қосып, 
оларды  қанағаттандыру  əрекетiнiң  сеп-түрткiсiне  айналдырушы  сезiмдер.  Мұндай 
толғаныстардың пайда болуы үшiн аса қажетсiну жəне оған сай заттар қолда болуы керек. 
Көңiл-күй  серпiнiсi  қажеттiлiкпен  үйлесе  келе, iс-əрекеттiң  бастауын  бередi,  оған 
ынталандырады  жəне  бағыт-бағдарлы  жетекшiсiне  айналады.  Осылайша,  мұндай 
сезiмдер  iс-əрекетпен  сəйкестiкке  түседi.  Бұл  эмоциялар  психологияда  жетекшi ниеттер
аталған                      (В. К. Вилюнас). 
             Екiншi  эмоциялық  құбылыстар  тобына - жетекшi  ниет,  яғни  басталған  iшкi  не 
сыртқы  iс-əрекет  iзiмен  туын-дайтын  сезiмдер  кiредi.  Бұлар  сол  əрекеттердiң 
орындалуына  тиiмдi  не  кедергi  болған  жағдайларға  (үмiт,  ыза),  жетiскен  нəтижелерге 
(қуаныш, өкiнiш) немесе қалыптасқан не мүмкiн болар ситуацияларға (қатерлену, сенiмдi 
болу) субъектiнiң қатынасын сипаттайды. Мұндай сезiмдiк толғаныстар жетекшi ниеттерге 
негiзделгенiнен əдейi немесе ырықты деп аталады. Осыдан, көзделген мақсатқа жетуде 
алда шыққан кедергi бiр түрлi сезiм туындатса, ендi сол кедергi жаудан құтылуда пайдалы 
болуымен екiншi бiр сезiм пайда етедi, яғни ырықты сезiмдер нақты жағдайға, сол сəттегi 
өмiрлiк маңыздылыққа орай мəн алады.

             Сонымен,  сезiм  екi  себептен  пайда  болады,  бiрiншiсi - адамның  объектiге 
қатынасын  айқындайтын  қажеттiлiктер;  екiншiсi - адамның  осы  нысанның  тиiстi 
қасиеттерiн  түсiнiп,  оны  санада  бейнелеу  қабiлетi.  Объектив  жəне  субъектив 
жағдайлардың  өзара  байланысынан  адамның  қоршаған  дүниеге  саналы  баға  беруiмен 
қатар жеке эмоционал көз-қарасының себептерi ашылады. 
            Сезiмдердiң өзiндiк ерекшелiгi олардың қарама-қарсылықты сипатынан көрiнедi. 
Мұндай  сипат  қарапайым  əсерленуге  де  (рахаттану-қысылу),  сондай-ақ  күрделi 
толғаныстарға да (ұнату-жеккөру, қуаныш-мұң, көңiлдi-қайғылы, т.б.) тəн. 
             Сезiмдерге  ғана  тəн  аса  маңызды  сипат - олардың  бiрiгiмдi  (интегралды)  келуi. 
Сезiм бүкiл дененi билеп, адам кейпiн ерекше əсерге бөлейдi. Барша дене қызметтерiнiң 
басын бiр сəтте бiрiктiрумен  сезiм өздiгiнен организмге пайдалы не зиян əсердiң хабаршы 
қызметiн  атқарады.  Сезiмдiк  сигнал  əсер  орны  мен  дененiң  жауап  əрекетi  айқындалмай 
жатып та санаға жетуi мүмкiн. 
             Сезiмдердiң  жəне  бiр  маңызды  ерекшелiгi - олардың  денедегi  тiршiлiк
Каталог: repository -> history
history -> С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009
history -> М. Б. Әмірханов ¤. Д. Сандықбаева
history -> Анықтамалық қолданба Пікірлер Ұғымдар
history -> Айг‰л Аязбайқызы Жумадуллаева
history -> Графикалық компьютерлік модельдеу
history -> Мәшімбаев С. М. Еуропа және америка
history -> Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы
history -> Булгакова Д. А
history -> Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет