Сəбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев)



Pdf көрінісі
бет21/24
Дата29.12.2016
өлшемі1,88 Mb.
#678
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

əрекеттермен  тiкелей  байланыста  болуы.  Сезiм  ықпалынан  адамның  iшкi  тəн  қызметi 
өзгерiске түседi: қан айналымы, дем алыс, ас қорыту, iшкi жəне сыртқы секреция бездерi. 
Шектен  тыс  ұзақ  уақыт  жəне  қарқынды  болған  көңiл-күй  толғаныстары  организмдi 
сырқатқа  шалдықтырады:  қорқыныш - жүрек  ауруларына  соқтырып,  ашу - бауырды, 
жабырқау мен мұң - асқазанды бұзады              (М. И. Аствацатуров). 
             Сезiмдер  тарихи-əлеуметтiк  негiзге  ие.  Олар  əртүрлi  халықтарда,  əртүрлi 
кезеңдерде  мəн-мағынасы  мен  көрiну  формасын  ауыстырып  отырған.  Қоғам  дамуымен 
сезiмдер  де  өзгерiп  барады.  Түрлi  дəуiрде  өмiр  сүрген  адамдардың  ұқсас,  тiптi  бiр  тектi 
заттың  өзiне  жасаған  қатынасы  бiрiн  бiрi  қайталамайды.  Сезiм  ұдайы  қозғалыста  болып, 
тұрақты жəне ауыспалы элементтердiң тұтастай бiрлiгiнен құралады. Бұл сезiм желiсiнде, 
бiр  жағынан - бiр  iздi  қысқа  мерзiмдi  толғаныстар  құрылымын:  пайда  болу,   өрбу, 
шыңына  жету,  сөну,  екiншi  жағынан - əртүрлi  толғаныстар  түйдегiнен  түзiлген  ұзақ 
мерзiмдi  сезiмдер  құрылымын  айыруға  болады.  Барша  сезiмдер  жүйесiнiң  өлшемi  бiрi 
бiрiне  қайшы  келген  екi  бағытта  берiледi (В.  Вундт):  сүйсiну-жеркену,  қозу-тыншу, 
көңiлдену-мүңаю, т.б. 
             Егер  сүйсiну  не  жеккөру  сезiмi  көп  жағдайда  заттың  өзiндiк  ерекшелiктерiне, 
олардың  адам  өмiрiндегi  маңызына  немесе  нақты  бiр  ситуация  мəнiне  орай  туындаса, 
одан болатын қозудың дəрежесi сол сезiмнiң өзiмен шарттас келедi. Мысалы, қаһар-дүлей 
қызбалық   формасында  көрiнiс  берсе,  керсiнше,  қанағаттану - адамның  сабырлы, 
байсалды күйiнен бiлiнедi. 
             Көп  түрлiлiгi  мен  күрделi  болуынан  сезiмдердi  жете  танып,  қалтқысыз  басқару 
мүмкiн  емес.  Бұл  жағдай  өз  сезiмiңдi  суреттеп,  айтып  беру  үшiн  сөз  жеткiзе  алмауда  
байқалады:  қолданған  сөздердiң  мəнi  бұлыңғыр,  көңiл-күй  қалпына  сəйкес  болмай 
шығады. 
  
3. Сезiм  қызметтерi 
             Адам  сезiмдерi  ұзаққа  созылған  филогенетикалық  даму  тарихына  байланысты
көптеген ерекше сипаттағы қызметтердi атқаратын болды. 
            Сезiмнiң бейнелеу қызметi оқиғаларға жалпыланған баға беруде көрiнедi. Көңiл-
күйдiң  бүкiл  ағзаны  билеуiнен,  сезiм  арқылы  бiз  қандай  да  əсердiң  пайдалы  не  зиянды
екенiн  оның  салдары  денеге  белгiлi  бiр  таңба  түсiрмей  тұрып-ақ  байқап,  жауап  не 
қорғаныс  əрекетке  келемiз.  Мысалы,  жолды  кесiп,  өтiп  бара  жатқан  жолаушы  көшедегi 
көлiк  қозғалысын  барластырумен  əртүрлi  деңгейдегi  қорқыныш  сезiмiнде  болуы  мүмкiн. 
Оқиғалардың эмоционалдық бағамы адамның дара толғаныс қабiлетiнiң негiзiнде берiлуi 
ықтимал,  бiрақ  мұндай  сезiмдiк  нəтиже  көбiне  өнер  туындылары  мен  көпшiлiк  ақпарат 
құралдары,  т.б.  арқылы  басқа  адамдармен  қатынас  жасау  барысындағы  көңiл-күй 
ортақтастығынан  қалыптаса-ды.  Сезiмнiң   бейнелеу  қызметiне  орай  адам  қоршаған 
ортада  бағыт-бағдар  топшылайды,  заттар  мен  құбылыстарға  қажет-тiгiне   қарай  баға 
бередi. Бұл тұрғыдан сезiм ақпарат алды немесе хабар жеткiзу мiндетiн атқарады. Денеде 
пайда  болған  күйзелiс  не  көңiл-күй  жайсыздығы  адам  қажеттiлiктерiнiң  қалайынша 
қанағаттандырылып  жатқаны,  кезiгетiн  кедергi-лердiң  сипаты  туралы,  ең  алдымен  неге 

назар аударылуы қажет екендiгi жөнiнде субъектiге ақпарат  жеткiзедi. 
             Сезiмнiң  ақпараттық  не  бейнелеу  мүмкiндiгi  ниеттеу  немесе  ынталандыру
қызметiмен  тiкелей  байланысты.  Мысалы,  жолаушы  алдына  жақындап  қалған 
транспортты  көре,  қауiп  төнгенiнен,  қадамын  жеделдете  түседi.  Затқа  не  одан  керi 
бағытталған  құмарлық,  тiлек,  ұмтылыс  эмоцияның  өзiне  тəн,  одан  ажыратылмас,  бiрлiктi 
құбылыстар (С. Л. Рубинштейн). Алда тұрған мəселенiң шешiлу жолына бағыт беретiн де 
осы сезiмдер. Эмоционалды толғаныс мазмұнында қажеттiлiктiң қанағаттандырылуы үшiн 
керек  заттың  бейнесi  көрiнiп,  содан  заттың  өзiне  деген  əуесқойлық  пайда  болып,  ол  өз 
кезегiнде адамды əрекеттi орындауға ниеттейдi, ынталандырады.  
            Оқу процесiне тiкелей қатысына байланысты сезiм  қуаттау, қолдау қызметiн де
атқарады.  Күштi  эмоциональды  көңiл-күйге  себепшi  болған  оқиғалар  оқушы  санасында 
жеңiл  қабылданып,  ұзақ  уақыт  есте  сақталады.  Табыс  не  сəтсiздiк  сезiмдерi  баланың 
оқуға болған ынтасына күш, қуат берiп не оны тiптi өшiрiп жiберуi мүмкiн. 
             Белгiлi  сəтте  маңыздылау  қажеттiлiктi  таңдау  бары-сында  сол  қажеттiлiкке  негiз 
болар  көп  сеп-түрткiлердiң  таласы  туындайды.  Осы  жағдайда  сезiмнiң  ауысу  қызметi
iске қосылып, эмоция адамды қандай да талғамға бағыттайды. Мысалы, адам өзiнiң тума 
жан  сақтау  ниетi  мен  қоғамда  қабылданған  əлеуметтiк  талаптар  арасындағы  қарама-
қарсылықты жеңе алмай, күйзелiске түсетiнi белгiлi, яғни қандай да əрекеттi iстейiн десе -
өз  тiршiлiгiне  зиян, iстемесе - ұят,  көпшiлiктiң  сынына  ұшырайды.  Осындай  қорқыныш 
жəне  борыш,  қорқыныш  жəне  ұят  тайталасында  сезiм  мəнiн,  оның  өз  талғам-талабына 
сай  келу,  келмеуiн  барластырумен  адам  көздеген  iс-əрекетiн  сол  сəттегi  қажеттi  арнаға 
ауыстырады. 
            Жоғарыда аталған сезiм қызметiмен сыбайлас эмо-цияның икемдесу қызметiн да 
атап  өткен  жөн.  Ч.  Дарвиннiң  пiкiрiнше,  сезiмдер  тiршiлiк  иелерiнiң  өз  қажеттiлiгiне  орай 
келген жағдайларды анықтау құралы ретiнде пайда болған. Дер кезiнде организмде пайда
болған эмоциядан жануар қоршаған ортаға икемделу мүмкiндiгiне келген. 
             Сезiмнiң  коммуникативтiк  (ақпарат  алмасу)  қызметi  де  адам  өмiрiнде  үлкен 
маңызға  ие.  Ым-ишара,  дене  қозғалыс-тары  сезiмдiк  белгi  ретiнде  адамның  өз 
толғаныстарын, қоршаған орта заттары мен құбылыстары жөнiндегi өз қатынас-талғамын 
басқаларға  жеткiзуге  жəрдемiн  тигiзетiнi  белгiлi.  Ым-ишара,  қас-қабақ  қимылдары,  дене 
қалпы, үн ырғағы - бəрi де сезiм "тiлi" болуымен, адам ойынан гөрi, оның көңiл-күй кейпiн 
айқындау  танытады.  Зерттеулер  дəлелденгендей,  сезiмдердiң  бəрi  бiрдей  анық  таныла 
бермейдi.  Мысалы,  өте  айқын  бiлiнетiн - үрей  (сыналғандардың - 57%), одан  кейiн  -
жеркенiш (48%), содан кейiн - таңдану (34%). 
             Коммуникативтiк  қызмет  аймағында  сезiм  арқылы  адам  өзiн  қоршаған  сыртқы 
ортаға  не  iшкi  жан  дүниесiне  ықпал  жасау  қабiлетiне  ие.  Мысалы,  əлi  есейе  қоймаған 
сəби  шатқаяқтап  жылауымен  ата-анасын  өз  дегенiне  көндiретiнiн  сезе  қояды  да,  бұдан 
былай осы əдiстi жиi қолданып, мүддесiне жетудi əдетке айналдырады. 
  
4. Сезiм  негiздерi 
             Сезiмдер  организмде  жүрiп  жататын  ерекше  про-цестермен  байланысқан.  Бұл 
процестердiң  көзi  негiзiнен  сыртқы  дүние  өзгерiстерiнде,  дегенмен,  олар  бүкiл  дене 
əрекет-қимылына əсер етедi. Осыдан, мысалы, көңiл-күй қандай да күйзелiске келсе, қан 
айналымы өзгередi, жүрек соғуы шапшаңдайды не бəсеңдейдi, қан қысымы ауысады, қан 
тамырларының  күш-қуаты  артады  не  кемидi  т.б.  Нəтижеде,  бiр  жан  толғанысынан  адам 
қызарады,  екiншiсiнен - бозарады.  Сезiмдiк  өмiрдiң  барша  өзгерiстерiне  өте  нəзiк  -
адамның жүрек ағзасы. Халық ауызында көп жағдайға байланысты "жүрегiм қатты соғып 
тұр", "жүрек  шыдамайды", "жүрегiм  орнына  түстi"  т.б.  сөз  тiркестерiнiң  жиi  қолданыла-
тыны  осыдан.  Дене  мүшелерiнiң  қай-қайсысындағы  болмашы  өзгерiс  жүрекке  əсерiн 
тигiзбей өтпейдi (ас қорыту, тыныс алу, бездер жүйесiндегi т.б.). 
             Алайда,  адам  организмiнiң  құрылымы  симпатикалық  жүйке  жүйесiнiң  қызметiне 
тəуелдi.  Осы  жүйенiң  қозуынан  бүйректен  адреналин  сұйықтығы  бөлiнедi.  Адреналин 
дене  ағзалары  əрекетiне  өзгерiс  ендiрiп,  оларды  шектен  тыс  тəн  қуатын  жұмсауға
дайындайды:  қауiп-қатер  төнгенде  бұлшық  еттерге  қан  жеткiзу  күшейедi,  ас  қорыту 
ағзаларының  жұмысы  бəсеңдейдi, iшкi  органдардан  қан  сыртқа  тебедi.  Бұлшық  еттерге 

қарқынды  əрекетке  келуi  үшiн  көп  мөлшерде  қант  жеткiзiледi,  себебi  қант - бұлшық  ет 
қуатының негiзi. 
             Сезiмдердiң  пайда  болуы  мен  қалыптасуында  үлкен  ми  жарымшарлар  қабығы
маңызды  қызмет  атқарады.  Ми  қабығы  эмоция  желiсi  мен  көрiнiсiн  реттеп,  денедегi 
барлық  құбылыстарды  өз  бақылауына  алады,  қабық  асты  орталық-тарын  тежеумен, 
оларға басшылық етедi. 
            Егер ми қабығында шектен тыс қозу туса (шаршаған-да, iшкiлiктен, т.б.) қабықтан 
төмен  жайғасқан  ми  бөлiктерi  ырықсыз  əрекетке  келiп,  адам  өзiнiң  əдеттегi 
ұстамдылығынан  айрылады.  Үлкен  ми  жарымшарлары  алынған  жануар  болмашы
себептен күштi əрi тұрақты эмоционалдық күйзелiсте болады. Ал кең жайылған тежелуге 
тап келсе, мұндай жануар сылбыр халге түседi, оның əрекет-қылығы əлсiрейдi, жүрек, қан 
тамыр жұмыстары мен тыныс алуы бəсеңдейдi. 
             Сезiмнiң  негiзi  болған  физиологиялық  процесс  бастауын  ми  қабығында  ала
отырып,  төмендегi  қабық  асты  орталықтарына  тарайды.  Эксперименттер  кезiнде  мидiң 
кейбiр  аймақтарын  қоздырса,  жағымды  эмоция  туып,  жануар  сол  əсердiң  қайталанғанын 
қалау  сыңайын  танытқан.  Бұл  ми  бөлiгi  рахаттану  орталығы  аталған.  Ал  екiншi  бiр  ми 
аймағына  əсер  түскенде,  жануар  тынышсызданып,  қиналған  күй  көрсеткен,  осыдан 
мұндай  жүйке  жүйесi  қиналу  орталығы  аталған.  Осы  күнде  мидiң  сол  жарым  шарында
жағымды  эмоциялар  туындап,  ал  оң  жарым  шарында  жайсыз  сезiмдер  өрiс  алатыны 
дəлелденiп отыр. 
            Адамның эмоционалдық өмiрiне қуат берушi жүйке - ретикулярлы формация деп 
аталады.  Əртүрлi  сезiм  ағзаларынан  жүйке  ықпалдарын  ала  отырып,  ретикулярлы 
формация  оларды  өңдеп,  бас  миының  үлкен  жарым  шарларына  жеткiзедi.  Қуат 
жинақтағышы  ретiнде  бұл  жүйке  ми  белсендiлiгiн  көтередi  не  төмендетедi,  сыртқы 
тiтiркендiргiш-терге жауап əрекеттердi босаңсытады не iркiп барады. 
             Адамның  сезiмдiк  болмысында  екiншi  сигналдық  жүйенiң  маңызы  үлкен. 
Толғаныс  тек  сыртқы  əсерлерден  туындап  қоймайды,  ол  үшiн  сөз  бен  ойдың  ықпалы 
күштi.  Осыдан,  адам  кiтап  оқудан  не  ақпарат  естуден  белгiлi  эмоциялық  күйге  түседi. 
Жоғары,  адами  сезiмдердiң  интел-лектуалды,  моральдық,  эстетикалық-физиологиялық 
негiзi осы екiншi сигнал жүйесiнде. 
             Екiншi  сигналдық  жүйенiң  бiрiншi  сигналдық  жүйе-мен  бiртұтастық  байланысынан 
адам өз сезiмдерi мен олар-дың қоғамға сай тысқы көрiнiстерiн саналы реттеп отырады. 
            Басқа тұлғалардың сезiмдiк кейпiн олардың мəнерлi қозғалыс-қимылдарынан, ым-
ишарасынан,  мойын-бас  бұруынан  т.б.  айқын  тануға  болады.  Əрбiр  сезiмнiң  өзiне  сай 
əрекет түрi бар. Мысалы, қорыққанда көз аларады, дiрiл пайда болып, бет бозарады, ал 
қуаныш жанар жарқылынан, бет қызаруы мен əрекеттер жеделдеуiнен бiлiнедi. 
             Сезiм,  əрине,  бiздiң  тек  ойымыз  ғана  емес,  сол  ойға  болған   қатынасымызды  да 
бiлдiретiн сөзiмiз бен сөйлеу мəнерiмiзде анық көрiнедi. Мұнда дауыс ырғағының да рөлi 
үлкен.  Осыдан  бiз  тiптi  де  түсiнбейтiн  тiлде  айтылып  жатқанды  тыңдай  отырып, 
айтушының  қандай  күйде  екенiн  қалтқысыз  тануымыз  мүмкiн.  Толғаныстардың  түрлi 
мазмұнына орай сөйлеу қарқыны өзгередi, сөйлем құрылымы бұзылады. 
             Сезiм  əлпетi  ол  сезiмдердiң  өздерi  сияқты  қоғамдық  сипатқа  ие.  Əрқандай 
қауымның  өзi  қабылдап,  қалыпқа  айналдырған  əдептiлiк,  кiшiпейiлдiлiк,  тəрбиелiлiк 
шектерi  əртүрлi.  Сезiмдiк  əрекет-қимылдардың  шектен  тыс  болуын  кей  адамдар  тобы
тəрбие  кемшiлiгi  деп  бiледi,  ал  екiншiсiнде - бұл  жағдай  жалғандықпен  ұштастырылады. 
Адамдардың жиi араласып, қатысуынан сезiмдiк əрекеттер баийды, бiр түрге бiрiгiп, сан-
алуан  эмоция  реңктерiн  жеткiзудiң  жалпыланған  қорына  айналады.  Сонымен,  сезiм 
бiлдiрудiң  формалары  мен  олардың  қолданымы  нақты  қоғамдық  қатынастармен
анықталып, əлеуметтiк бақылау объектiсiн құрайды. 
  
5. Сезiм түрлерi 
            Адам сезiмiнiң көрiнiстерi əрқилы: қарқынды да ұзаққа созылған, созылыңқы, бiрақ 
əлсiз  (қайғы);  күштi,  бiрақ  қысқа  мерзiмдi (қуаныш) - болуы  мүмкiн.  Сонымен  бiрге, 
сезiмдер  тереңдiгi,  саналылығы,  тектiлiгi,  пайда болу жəне сөну шарттары,  денеге  əсерi, 
даму  желiсi,  бағыты,  көрiну  тəсiлi  т.б.  жағынан  əрқилы  сипатты  келедi.  Сезiмнiң  iшкi 

жайылу аймағы мен сыртқы əрекетi де бiрдей емес. 
             Субъектив  толғаныстарға  байланысты  сезiмдер  екi  топқа  бөлiнедi:  тiршiлiк 
қажеттiлiктердi  қанағаттандырып,  рахатқа  бөлеушi  ұнамды  сезiмдер;  тiршiлiк 
қажеттiлiктердiң  орындалмауынан  қанағаттанбау  кейпiне  түсiретiн  жағымсыз  сезiмдер. 
Орындалып  жатқан  адам  қажеттiлiктерiнiң  деңгейiне  орай  сезiмдер  қарапайым  жəне 
күрделi  келедi.  Қарапайым-дары - ашу,  қорқыныш,  уайым,  қызғаныш,  күндеушiлiк  т.б.; 
күрделiлерi - моральдық, эстетикалық жəне отан сүйгiштiк. 
            Көрiну əлпетiне орай барша эмоционалдық қалыптар келесiдей түрлерге жiктеледi: 
көңiл-күй, кейiп, эмоция, аффект, стресс, фрустрация, құмарлық, жоғары сезiмдер. 
             Көңiл - субъектiге  қандай  да  эмоционалды  реңктi  сақтап  қалуға  не  жоюға  ықпал 
жасаушы  психикалық  процестiң  ерекше  сигналдық  түрi:  кейбiр  түр-түс,  дыбыстар,  иiстер 
өздерiнiң  негiзгi  мəнiне  байланыссыз  бiздiң  есiмiзге  түсуден  жағымды  не  жағымсыз 
сезiмдер  тудырады.  Мысалы,  жақсы  əн,  тəттi  тағамның  өзi  де  ұнамай  қалуы  мүмкiн. 
Мұның бəрi бiздiң сол сəттегi көңiлiмiзге байланысты. Егер көңiл тұрақты жиiркенушiлiкпен 
ұштасса, бұл идиосинкразия сырқатының белгiсi. 
            Көңiлде қоршаған ортадағы заттар мен құбылыс-тардың жиi кездесетiн пайдалы не 
зиянды  тараптарының  жалпыланған  бейнесi  қалыптасады.  Осының  арқасында  көңiл 
күтiлген  əсер  жөнiнде  оны  бұрынғы  естегi  ақпараттармен  салыстырып  отырмастан,  күнi 
iлгерi  шалт  шешiм  қабылдауға  көмегiн  тигiзедi.  Көңiл  көбiне  субъектив  сипатқа  ие: 
қызықты кiтап, сыпайы сұхбаттас т.б. бiр адамда жақсы сезiм тудырса, екiншi тұлғаға тiптi 
жақпай  қалуы  əдеттегi  құбылыс.  Көңiл  сипаты  iс-əрекеттiң  желiсiне  де  байланысты. 
Қажеттi, бастауында ұнаған iс, бiрақ өзiнiң ұзаққа созылғандығынан адамды жалықтырып, 
көңiлсiз күйге түсiретiнi белгiлi. Сырттай байқала бермейтiн адам көңiлiн танып, оны орны-
мен пайдаланса, жеке не қоғамдық еңбек, оқу жемiстi нəтижесiн бередi. 
            Кейiп - бiраз уақыт бойы адамның көңiлiн билеп, мiнез-құлыққа əсер ететiн жалпы 
эмоциялық күй. Өмiр тiршiлiгiнде адамның сезiмi бiр объектiге бағытталып, оған қуанады 
не күйзеледi, бiреудi сүйедi, бiр нəрседен шошиды. Адам кейпiнiң көрiнiсi белгiлi сезiмге, 
себептерге  байланысты.  Мысалы,  ұнамсыз  хабар  естiген  адамның  көңiлi  түсiңкi  болып, 
оның бойын қобалжу, уайым билейдi. Жұмысы сəттi болып, реттеле бастаса, оның көңiлi 
тасиды, шаттық лебi ұзаққа созылады. 
             Адам  кейпi  тiршiлiк  жағдайына  байланысты  құбыл-малы  болып  отырады.  Егер 
адам шаршап-шалдығып, ауырып жүрсе, оның кейпi солғын болады. Ал денi сау, ұйқысы 
қанық, көңiлi көтерiңкi болса, адам мəз болып, жадырай түседi. Адамның кейпiне табиғат 
көрiнiсi,  жыл  маусымдары,  ауа  райы  сияқты  құбылыстар  да  айтарлықтай  əсер  етедi. 
Рухани  байлығы  мол,  мақсат-мiндетi  айқын  адам  ауыр  жағ-дайларға  да  мойын  ұсынбай, 
өмiр сүрiп, жұмыс iстей алады, өз кейпiн меңгерiп, оған иелiк етедi (Ə. Алдамұратов). 
            Эмоция (сезiм шарпуы) - сезiмнiң тiкелей қатынастағы уақытша көрiнiсi. Мысалы, 
сахнадағы айтыскер ақындардың бiр ауыз тапқыр сөзiне бола, көрермендердiң бiр мезет 
дүрiлдете қол соғып, қошемет айқай салуы.  
             Iс-əрекетке  ықпал  жасау  тұрғысынан  эмоциялар  стеникалық  жəне  астеникалық
болып  бөлiнедi.  Стеникалық  эмоциялар  адамға  қуат  берiп, iс-əрекетке  ынталандырады. 
Бұл жағдайда адам "тау қопаруға" дайын тұрады. Керiсiнше, кейде толғаныстан адамның 
аяқ  алысы  байланады,  енжарлық  басады - бұл  астеникалық  эмоция  көрiнiсi.  Осыдан, 
жағдайға,  дара  ерекшелiктерге  орай  эмоция  адам  қылығына  əртүрлi  ықпал  жасауы 
мүмкiн. Мысалы, қорқыныш сезiмiнiң саналы болуынан адам өзiн жинақтап, қатерге қарсы 
шабуылға шығады. Ал сол қорқыныш адамды шiдерлеп, "тiзесi қалтырайтын" дəрежеге де 
келтiредi. 
             Қуаныш - орындалуы  күмəндi  болып  тұрған  қажет-тiлiктiң  толық 
қанағаттандырылуына байланысты туындайтын ұнамды эмоционалды күй. 
             Таңдану - күтiлмеген  оқиғаға  байланысты  пайда  болатын  эмоциялық  белгi. 
Таңдану  бұрыннан  бар  сезiмдердi  тежейдi.  Осыдан  зейiн  толығымен  таңдануға  себеп 
болған нысанға ауысады, кейiн ол қызығушылық ниетке жол ашады
             Қасiрет - алғашында  аз  да  болса  сенiм  күттiрген  маңызды  өмiр  қажеттiгiнiң 
орындалмауы  не  оның  орындал-майтыны  жөнiнде  ақпарат  алудан  болатын  жағымсыз 
эмоциялық күй. 

             Қаһар - субъектте  өте  маңызды  қажеттiлiктiң  күштi  кедергiге  ұшырап, 
орындалу  мүмкiндiгiнiң  кенеттен  жойы-луына  байланысты  пайда  болып,  дүлей  көрiнiс 
беретiн ұнам-сыз эмоциялық қалып. 
             Жеркену - тiкелей  қатынаста  болған  объектердiң  (заттар,  адамдар, 
құбылыстар,  оқиғалар  т.б.)  жеке  адам  идеологиясына,  адамгершiлiк  не  эстетикалық 
талғамына ымырасыз қарама-қарсылықты болуынан туындайтын ұнамсыз сезiм түрi. 
            Жек көру - адам аралық қатынастарда субъектiнiң көзқарас, өмiрлiк салты мен 
сезiм  объектi  қылықтарының  бiр-бiрiне  сəйкес  келмеуiнен  жүз  беретiн  ұнамсыз  көңiл-
күй
            Қорқыныш - субъектте өз тiршiлiгiне шын немесе болуы мүмкiн қатер жөнiнде 
ақпарат алумен бiрге пайда болатын сезiмдiк құбылыс
             Ұят - субъектiнiң  өз  қылық-əрекеттерi,  ниеттерi  жəне  сырт  келбетiнiң 
басқалар күткендей не өз принциптерiне орайлас болмағанын түсiнуден келiп шығатын 
ұнамсыз сезiм түрi. 
             Эмоциялық  толғаныстар  бiр  тектi  болмайды.  Бiр  объекттiң  өзi  бiрiне  бiрi  қайшы 
келген  əрқилы  сезiмдiк  күйдi  пайда  етедi.  Бұл  құбылыс  амбиваленттi  (екi  ұшты)  деп 
аталады.  Амбиваленттi  жағдай  адамдағы  тұрақты  қалып  пен  нақты  оқиғаға  байланысты
оның сезiмi арасындағы қайшы-лықтан туындайды: мысалы, махаббат жəне қызғаныштан 
болатын өшпендiлiк екеуi бiрге жүредi. 
             Өте  күштi  эмоциялық  əрекет  көрiнiсi - аффект  қысқа  да  қарқынды  өтуiмен 
ерекшеленедi. Бұл сезiм құбылысы субъектi үшiн өте қажеттi болған өмiр жағдайларының 
кенеттен  өзгерiске  түсуiнен  болады.  Аффектте  адамның  қозғалыс  əрекеттерi  ұстамсыз 
күйге  келiп, iшкi  ағзалар  қызметi  күйзелiске  ұшырайды:  тiлден  қалады,  жүрегi  ұстайды, 
есiнен танады т.б. Бұл қорыққаннан да, қатты қуаныштан да болады. 
            Денi сау адам бойын аффект кернеген кезде ақыл-есiнен танбайды. Адам бойында 
қаншалықты ашу-ыза болғанымен, оны долылыққа жеткiзбей, аффектiнi ауыздықтап, ерiк 
күшiне бағындыруына болады. Осы орайда, халық даналығында "Ашу дұшпан, ақыл дос, 
ақылыңа ақыл қос" деген мақалдың тағлымдық маңызы зор. 
             Адамның  көңiл-күйiнiң  кейпiн  бiлдiретiн  жəйттiң  бiрi  психологияда  фрустрация
(көңiлдiң  бұзылуы,  межелi iстiң  жүзеге  аспай  қалуы)  деп  аталады.  Жоспарланған  iсi  мен 
мүдделi  мақсаты  түрлi  себептер  мен  кедергiлерге  ұшырып,  адам  оған  ренжидi,  көңiлi 
құлазып,  қайғырып,  күйзеледi,  ашуға  булығады.  Қанағаттанбаушылық  сезiмiнен  жан 
дүниесi  қиналады.  Адамның  сезiмi  мен  эмоциясы  жағымсыз  күйге  ұшырайды. 
Фрустрациялық жағдайда көңiл өшпендiлiк, кейiс пен қаһар тудыруға бейiм келедi. 
             Эмпатия - қайғы-қасiреттi  жағдайлар  мен  қиыншы-лықтарға  ұшыраған
өзгелерге жанашырлық бiлдiрiп, солар-дың ауыр халi өз басыңа түскендей сезiну. 
            Қүмарлық. Құмарлық көрiнiсi анық, ұзақ уақытқа созылады. Ол əрқашан белгiлi бiр 
затқа  бағытталады.  Құмар-лық - адамның  белсендi iс-əрекетiн  оятатын  күштi  сезiм
Оның ұнамды жəне ұнамсыз жақтары бар. Мысалы, оқуға деген құмарлық адам қабiлетiн 
тəрбиелейдi,  мəдениетiн  дамытып,  өмiрдегi  мақсат-мүддесiне  жеткiзедi.  Ал  ұнамсыз 
құмарлық  адамның  еркiн  нашарлатады,  жан  дүниесiн  аздырып,  бей-берекетсiздiкке 
ұшыратады. Ұлы Абай "Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар ..." деп бекер айтпаған. 
  
6. Жоғары деңгейдегi сезiмдер 
             Адам  жан  дүниесiнiң  сыры  қоршаған  ортаға  əсер-ленiп  қана  қоймай,  оның 
құпияларын танып бiлуге ұмты-луында.  Мұндай  əрекет адам сезiмiнiң жоғары деңгейдегi 
саналы  əрекетiн,  эстетикалық  талғамы  мен  адамгершiлiк-моральдық  қасиеттерiн  сезiне 
бiлетiн  көңiл-күйiне  байланыс-ты.  Жоғары  деңгейдегi  сезiмдердiң  ақыл-ой,  эстетикалық 
жəне моральдық-адамгершiлiк түрлерi бар. 
             Ақыл-ой  сезiмi  адамның  таным  əрекетiмен  байланысты.  Сезiмнiң  бұл  түрi -
балалардың  оқып  бiлiм  алуға,  ересектердiң  өз  қызметiне,  шығармашылық  пен  өнерге 
деген  көңiл-күй  қатынасы.  Адамның  шындықты  тануға  деген  ақыл-ой  сезiмi  ең  алдымен 
таңданудан  басталады.  Таңдану  кiсiнi  əрбiр  нəрсенiң,  құбылыстың,  оқиғаның  мəн-жайын 
жан-жақты  танып,  оларды  тереңiрек  түсiнуге  жетелейдi,  оның  iзденiмпаздық  əрекетiн 
тудырады. Iздену барысында адам түрлi жорамалдардан бастап, теориялық тұжырымдар 

жасай-ды.  Күмəндi  жайттарды  тəжiрибе  жетiстiктерiмен  салыстыра  отырып,  тексередi. 
Ақиқаттығы   айқындалған  ойды  қорытып,  теориялық  пайымдаулар  туғызады. 
Болжамдарды анықтау барысында адамда ақиқатқа қалайда қол жететiндiгiне деген сенiм 
сезiмi  пайда  болады.  Сенiм  оған  күш-қуат  берiп,  көңiлiн  көтередi.  Ақыл-ой  сезiмi -
адамның кез-келген iс-əрекетiндегi рухтандырушылық маңызы зор көңiл-күй. 
            Эстетикалық сезiм - объектив шындықты бейнелеп, оның əсемдiгi мен сұлулығын, 
жарасымдылығы  мен  сенiм-дiлiгiн  қабылдап,  оған  əсерленудегi  көңiл-күй.  Əсемдiктi 
қабылдап,  оған  сүйсiну,  лəззаттанып,  рухани  күшiн  арттыру  сезiмi   -  адамның  өмiр 
тiршiлiгiнде  бiртiндеп  қалыптасатын  жағдай.  Əсемдiктi  қабылдау  туа  пайда  болмайды. 
Əсемдiк  əлемi  адамға  өзiнiң  сұлулығымен,  табиғи  жарасымдылығымен  жəне  шынайы
көркемдiлiгiмен  əсер  етiп,  адамның  мақсат-мүддесiне,  рухани  қажеттiгiне  лайықты 
дамиды. 
            Эстетикалық сезiм - мазмұны мен мағынасы жəне түр-сипаты жағынан ауқымы кең 
ұғым.  Психология  эстетика-лық  сезiмдi  табиғат  пен  адам  қоғамындағы  əсемдiктiң  адам-
ның  жан  дүниесiнде  бейнеленiп,  оның  мiнез  құлқына,  дүниетанымына  ықпал  етiп 
отыратын  жағымды  құбылыс,  сонымен  қатар  көңiл-күйiн  шалқытып, iс-əрекеттерiн  өрiс-
тетушi  ықпал  ретiнде  қарастырады.  Өнер  мен  музыка,  əн-күй  мен  көркем  шығарма 
адамның  жан  дүниесiн  тебiрентiп,  өмiрдiң  неғұрлым  мазмұнды  болуына  əсер  етедi,  оны 
шабыт-тандыра  түседi.  Мектеп  пен  оқу  орындары  түлектерiн  əсем-дiктi  қабылдап,  оған 
əсерленуге,  дүниенiң  сұлулығынан  лəззаттанып,  өз  дүниетанымын  дамытып  отыруға 
тəрбиелеудi эстетика пəнi арқылы жүзеге асырады. 
             Адамгершiлiк-моральдық  сезiмдер  қоғам  талабына  орай  адамның  өз  мiнезiнiң 
лайық  не  лайық  еместiгiн  сезiнген  көңiл-күйiн  бiлдiредi.  Адамгершiлiк  сезiмi  моральдық 
сезiм  деп  те  айтылады. "Мораль" - "морале"  деген  француз  сөзi.  Мағынасы  -
адамгершiлiк.  Адамгершiлiк  сезiм  қоғамның  тарихи  дамуына  байланысты.  Қоғамның 
экономикалық  жағдайы,  саяси-идеялық  бағдары,  ондағы  таптар  мен  топтар-дың 
əлеуметтiк жағдайы - мұның бəрi адамгершiлiк сезiм көрiнiсiнен байқалып тұрады.  
             Адамгершiлiк  сезiмiнiң  принципi  мен  жалпы  негiзi - белгiлi  бiр  қоғамдық-
экономикалық  сатыларда  əлеумет  мүшесiнде  қалыптасып  отыратын  мiнез-құлық 
көрiнiстерi. Гуманистiк жəне демократия үстемдiк ететiн қоғамдағы адамгершiлiк сезiмдер 
-  борыш  сезiмi,  əркiмнiң  өз  халқы  алдындағы  азаматтық  қасиеттерiн  құрмет  тұтуы,  əрбiр 
адам-ның  жеке-даралық  қасиеттерiн  сыйлау,  үлкенге  құрмет,  кiшiге  қамқорлық, 
отбасындағы  өзара  сыйластық  жəне  əр  түрлi  ұлттар  мен  ұлыстардың,  этностардың 
өкiлдерiне  деген  жалпы  гуманистiк  қарым-қатынас.  Адамгершiлiк  сезiм  кiсiнiң  өткен 
өмiрiндегi  елестерiне,  мақсат-мiндеттерiн  жүзеге  асыруы  мен  идеяларына  жəне
дүниетанымдық көзқарасы мен қоғамдық iс-əрекет түрлерiне байланысты болып келедi. 
            Адамның жоғары деңгейдегi сезiмдерiнiң қалыптасып, дамып отыруы ең алдымен 
өзiнiң  жеке  басына  деген  жауап-кершiлiктi  сезiнуiнде  жатыр.  Екiншiден,  ол  отбасындағы 
тағылым-тəрбиеге, мектеп пен қоғамдық ұйымдардың қамқорлығына орай өрiстейдi. 
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет