Сəбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев)



Pdf көрінісі
бет24/24
Дата29.12.2016
өлшемі1,88 Mb.
#678
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

            Мiнездiк бiтiс асқынуы    психологияда - мiнездiң кейбiр бiтiстерiнiң қалыптан тыс 
дамып,  тұлға  психикасының  "əлсiз  жерлерi"  формасында  көрiнiс  беруi.  Мұндай  да  адам 
жалпы  тұрақты  қасиеттерге  ие  бола  тұра,  кейбiр  əсерлерге  өте  шəмшiл,  шыдамсыз 
келедi. Асқынба мiнез адамы қиын жағдайларда төзiмдiлiктен айрылып, мiнез-құлығының 
ақаулығын  жасыра  алмайды.  Тұлғалық мiнез асқынуына тап болған адам  қоршаған орта
əсерлерiне  берiлгiш,  психикалық  күйзелiске  көп  түседi.  Егер  жағымсыз  əсерлер  мiнездiң 
"əлсiз  жерлерiне"  соққы  болып  тиетiндей  жағдай  болса,  адам  қылығы  күрт  өзгередi, 
мiнездiң  шектен  тыс  дамыған  бiтiстерi  адам  билiгiне  ырық  бермей,  басқа  ұнамды 
қасиеттердiң бəрiн жоққа шығарады. Кейбiр адамдардың жəй əзiл немесе сын көтермеуi, 
екiншiлердiң - орынды, орынсыз тiке, шыншыл болуы - осы мiнез бiтiсi асқынуының айқын 
мысалы.  Мiнез-дiң  мұндай  ұнамсыз  жəйтi  жасөспiрiм  шақта  қарқынды  дамып,  уақыт 
өтумен  қалыпты  күйге  түсуi  мүмкiн,  ал  адамды  қоршаған  ұнамсыз  жағдайлар  басымдау
болса, психикалық сырқаттарға тап қылады. 
  
6. Мiнездiң ұлттық  ерекшелiктерi 
      Ұлттық  мiнез  адамдардың  тарихи  қалыптасқан  бiрлес-тiгi  мен  iрi  топтары  болып 
саналатын  этностың,  үлттың,  халықтың  өмiр  тiршiлiгi  мен  əлеуметтiк  жағдайының  түтас-
тығы  арқылы  танылады.  Əрбiр  халық  пен  үлттың,  этностың  өзiндiк  мiнез-құлықтарының 
ерекшелiктерi  болатындығы - тарихи  шындық  жəне  объектив  фактор.  Қазақ  халқының 
түркi тектес өзге халықтардан ерекшеленiп түратын өзiндiк сипат-қасиеттерi бар. Ыбырай 
Алтынсарин  еңбектерiнде  өз  халқының  мiнез-қүлқына  тəн  бiрсыпыра  қасиеттердi  атап 
көрсет-кендi. Оның анықтауынша, қазақ халқына қарапайымдылық пен кiшiпейiлдiк, ашық-
жарқын  көңiл  мен  кеңпейiлдiлiк,  өзге  нəсiлдi  адамдарға  деген  достық  жəне  сыйластық 
көзқарас,  қонақжайлылық  пен  пайымшылдық  сияқты  қасиеттер  тəн.  Сондай-ақ,  олардың 
бойында  өзге  де  мiнез-құлық  сипаттары  бар.  Бұл  орайда,  қазақтардың  өз  жерi  мен 
Отанына,  туған  елiне  деген  шексiз  сүйiспеншiлiгi,  мал  шаруашылығымен  айналасуға 
икемдiлiгi,  меймандостығы  мен  балажандығы,  өмiрдiң  қиыншылықтары  мен  əдiлетсiз 
iстерге  төзiмдiлiгi,  сөз  өнерiн  ардақтауы,  шешендiк  қабiлетi,  еңбексүйгiштiгi  мен 
шыдамдылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттерi болып табылады. Əрбiр ұлт пен ұлысқа, 
этнос  пен  тайпаға  тəн  қасиеттердiң  жай-жапсары - əлеуметтiк  психология  саласы  -
этникалық психологияның зерттейтiн төл пəнi. 
Адамның  мiнез-құлқының  өзгерiп  отыруына  əлеумет-тiк  жағдайдың  үнемi  ықпал 
етiп, оның жаңа сапаларын қалыптастырып отыратындығы ғылыми түрғыдан анықтылған
тарихи шындық жəне объектив фактор.        
  
7. Мiнез жəне адамның жас сатылары 
            Адамның алғашқы өмiр қадамдары тiршiлiк проблема-ларын шешуден гөрi көбiрек 
төңiректегi оқиғалар мен құбы-лыстарды бақылауға бағытталады. Негiзiнен объекттермен 
қатынасқа  түсе  отырып,  бала  болмыс  мəнiн  түсiнуге  ұмтылады.  Соған  байланысты  өз
қылық-əрекеттерi-нiң  орынды  не  орынсыз  екенiн  бағамдай  бастайды.  Баланың 

сезiмталдығы  жас  ұлғайған  сайын  кеми  бастайды.  Солайда  болса,  балалық  шақта 
игерiлген тəржiрибе мен бiлiм бозбалалық кезеңнiң тұрақты мiнез бiтiстерiне арқау бередi. 
             Бозбалалық  шақтың  өмiрге  қойған  талаптары  өте  жоғары  да  бiрбеткей  келедi, 
қажеттiктер  ауқымы  кеңейедi,  аласапыран,  күйзелiсi  мол,  ерiк  күшiн  керек  ететiн  өмiр 
басталады.  Қоршаған  дүниемен  белсендi  араласу,  тiкелей  қатынас  жасау  сырттай 
бақылаудан  гөрi  анағұрлым  қиын.  Көрер  көзге  əдемi iс,  оқиға,  зат  нақты  орындауға
келгенде  сүйкiмсiз  де  ауыр  болуы  мүмкiн.  Жағдайға  билiк  ету  оңай  емес,  ал  өзiңдi  өзiң 
басқаруың  одан  да  күрделiрек.  Өмiр  бұрқасынында  əрекет  ете  бiлу  алғы  шарт,  ал  кей 
жағдайларда  өз  əрекетiң  басқалар  қимылынан  ұтымды  болғаны  керек.  Бұрын  жағымды 
түр-түс,  əуенге  толы  дүние  ендi  бозбаланы  əлеуметтiк  талаптар  мен  қалтқысыз 
мiндеттерге  орайды.  Бозбалалық  шақтың  дағдарысынан  балалық  шақтағы  жасан-ды 
бағыт моделi құрдымға кетiп, "бақыт" мəн-мағынасы өзгерiске келедi. Бақытқа деген көзсiз 
ұмтылыс ендi "бақыт-сыздықтың" қорқынышына ауысады. Бiрақ бұл жаста бұрқасын қуат 
мол,  сондықтан  қиыншылықтардың  бəрi  де  өтпелi.  Болашаққа  деген  сенiм  шексiз. 
Сонымен  бiрге,  өзiңдi  дербес,  бiрде  бiреуге  керегi  жоқ  дүние  екенiңдi  сезiп,  оқшау-лана 
түсесiң. Бiрақ дүние жұмбақ, оны тануға болған ұмтылыс өте күштi. 
             Адамның  ендiгi  өмiр  желiсi  көп  шарпусыз,  байсалды  да  аңдап  басу  кейпiне  келе 
бастайды. Өмiрдiң бəрi тек бақыт-тан тұрмайтынын түсiнiп, адам қанағат, шүкiршiлiкке бой 
бағындыру  қажеттiгiн  аңдай  түседi.  Қиялдық  өмiрден  кешегi  бала  нақты,  күтiлмеген, 
бұлтарыстары  көп  ақиқат  өмiрге  өте  бастайды.  Ендi  бозбала  өзiнiң  бар  қуат-жiгерiн 
пайдалы  да  қажеттi,  қолынан  келер  iске  бағыштайды.  Тəжiрибе,  нақты  iс-əрекетке 
араласудан  жас  жiгiт,  бойжеткен  бұрынғы  жалған  түсiнiк,  ұғымдарынан  арыла  бастайды. 
Өмiр ендi адамға iшкi тұңғиық, тылсым тарапынан танылып, айқындала түседi. Тұлғаның 
əлеуметтiк  кемелденуi  байқалады.  Бiрақ  əлiде  жас  жiгiт  басқаларды  бағалауда  өз  сезiм 
өлшемiне  көбiрек  сенедi,  махаббат,  достық,  əлеуметтiк  қатынастардың  басқа  да  форма-
ларында өзiнiң тұлғалық бейнесiн нығайта түседi.  
            36-40 жаста адам өмiрдiң жаңа сатылық деңгейiне көтерiледi. Осы шақтан бастап 
өмiр  қуаты  кеми  бастайды.  Бiрақ  бұл  процесс  алғашында  рухани  құндылықтар  молды-
лығынан онша байқала бермейдi. 
             Ал  адам  егде  тартқан  сайын  оның  көптеген  рухани  құндылықтары  қайта
қарастырылып, көбi жойылып, өткен өмiр жеке оқиғалар жиынтығы ретiнде еске алынады. 
Тек  өмiрдiң  алғашқы  шерегi  ғана  ең  ұзақ,  қымбат  əрi  бақытты  көрiнiп,  қайталана  жадқа 
келе бередi. Қалған шақтардың бəрi қысқа да сарсаң өмiр күйбеңiндей көрiнедi. Көп жайт 
естен  шығады.  Өткендегi  күйзелткендер  мен  қинағандардың  баршасы  мəнiн  жоғалтып, 
елеуден  қалады.  Осы  жайтты  даналықпен  түсiнген  ұлы  бабамыз  Қожа  Ахмет  Яссауи 
былай  дептi: "Баз  кештiм  елу  екiде  жиғанымнан,  Мал-мүлкiм  артық  емес  бiр  жанымнан". 
Ендiгi өмiрдiң əр күнi жылдарымдай шалт ағып, iзiн жуып-шайып, өткеннiң бəрiн татымсыз 
күйге түсiредi. Кешкен дүние тұманданып, көз алдыңнан кете бастайды. Солай да болса, 
кейбiр  бастан  өткен  қызғылықты  оқиғалар  анда-санда  жылт  ете,  көрiнiп,  көңiлдi  рахатқа 
бөлейдi.  Осының  бəрi  уақыт  ендiгiндегi  адамның  барша  "Менi"  санада  сақталып  қалмай, 
оның кейбiр көрiнiстерi ғана бекiп қалатынын дəлелдейдi. 
Өмiрдiң екiншi жартысының мəнi бiрiншi өмiр бөлiгiнде топталған материалды жəне 
рухани қордың шамасымен күнi iлгерi анықталады. 
             Адам  мiнезiнiң  сан-қилы  көрiнiстерi  жас  сатыларына  байланысты  əрқилы.  Бұған 
дəлел "Диуани хикмет" шумақтары: 
                "Ғашық боп жиырма сегiз жасымда 
   мен, жан кешiп, мехнат шегiп, 
   бас ұрған ем ..." "Қанағат елу сегiзде 
   сезiндiрiп, Тыя гөр, қаһарлы ием, өзiң бiлiп,  
   Құдайым бар непсiмдi безiндiрiп". 
        
Қ. А. Яссауи 
  
             Кейбiр  адамдар  бозбала  шағында  сүйкiмдi,  ендi  бiреулерi - ересек  кезiнде  көрiктi 
əрi iскер.  Ал  кей  тұлғалар  егде  жасында  қайырымдылығымен,  ымрашылдығы  жəне 

данагөйлiгiмен  жұртты  өзiне  тартады.  Осыдан  əрбiр  адам  мiнезiнде  белгiлi  бiр  жас 
сатысында  қандай  да  қасиеттердiң  толық  ашылуына  себепшi  бiр  факторлардың  болуы 
мүмкiн деген ой келедi. Ал осы факторлардың табиғаты ғылым үшiн əзiрге сыр.  
            Өмiр ақырына жасанды, жалған сенiмдер (иллюзии) ғайып болып, өмiр жағдайынан 
жамылған  бүркемелер  ысырылып,  шынайы  мiнез  көрiнiс  бередi,  əлеуметтiк  рөл  мəн-
мағынасын  жоя  бастайды.  Адам  фəни  ақырында  өзiн  танып,  өз  болмысының  төркiнiн 
бiлетiн  халге  жетедi.  Өмiр  балалық  күндердегiдей  бақылау,  меңзей  қарау  кейпiне  қайта 
оралады.  Жас  күнде  де  игiлiк,  лəззəт  бермеген  көптеген  құмарлықтар  өшедi.  Алайда, 
бозбалалықтың мұңнан қашып құтылмағанын-дай, кəрiлiкке де рух көтерiңкiлiгi жат емес. 
Көптеген  шектеулерден  босап,  өмiр  аяғында  адам  өзiн  еркiн  сезiнiп,  дүние-мал,  дос-
дұшпанның шын мəнiн пайым-дау деңгейiне жетiседi. 
             Қоғамда  əдейi,  мансап  иелеу  үшiн  бүркенген  жалған  бəлеқорлар  (мишура)  мен 
дүниеқоңыздық  күйбеңдерiн  ысырып  қойып,  кəрiлiк  ақиқат  дүние  құндылықтарына 
объектив баға бередi.  
            Кəрi адамның ең күштi психикалық қасиеттерi - өткен өмiрдегi өз мəндiлiгiн сезiнуi, 
жетiскен адамдық дəрежесi жəне жемiстi iс-əрекеттерiнен қанағат рахатын тауып, мəңгiлiк 
өмiр дариясының бiр тамшысы болғанынан қуанышқа бөленуi. Бұл фаниден бақи дүниеге 
жолдама алып тұрған шақта да адам өзiнiң мəңгiлiктен өшiп кетпейтiнiн бiлiп, оны медет 
тұтады. Оның өмiрi адамзаттың мəңгiлiк ағымын жалғастыруға себiн тигiздi; мұны түсiну -
кəрiлiк даналығы.  
  
Қайталау жəне бекiту сұрақтары 
1.  Мiнез анықтамасы қандай жəне оны қандай дəлелдермен түсiндiрер едiңiз? 
2.  Мiнез қалыптасуына ықпал етушi факторлар түрi қандай? 
3.   Мiнез  бiтiстерi  жəне  олардың  темперамент,  сезiм,  сана  қасиеттерiмен  арақатынасын 
қалай түсiндiресiз? 
4.  Мiнез түрлерiнiң ажыралуына себепшi факторларды қалай сипаттар едiңiз? 
5.  Жалпыланған мiнез типтерi қандай? 
6.  Мiнез асқынуы деген не? 
7.  Ұлттық мiнез қалыптасуының себептерi қандай? 
8.  Жас сатыларына байланысты мiнез өзгеруiн қалай түсiндiрер едiңiз? 
9.  Мiнезге орай ұлы ғұламалар даналығынан не бiлесiз?

20-дəрiсбаян
 
  
ҚАБIЛЕТ
 
  
Жоспары:   1. Қабiлет жөнiнде түсiнiк.  
2. Қабiлет теориялары.  
3. Нышан жəне қабiлет.  
                        4. Қабiлеттердiң даралық сипаттары. 
  
1. Қабiлет жөнiнде түсiнiк 
            Əрқандай iс-əрекетке байланысты адам қандай да қызметтi орындауы қажет жəне
сол  iстiң  тиiмдi  нəтижесiн  қамтамасыз  етуге  жəрдем  беретiн  сапаларға  ие  болуы  тиiс. 
Мұндай дара психологиялық ерекшелiктер мiндеттi түрде, бiр жағынан, өзiндiк психикалық 
табиғатына  ие  болудан,  екiншi-ден - əркiмде  өз  алдына,  қайталанбас  көрiнiсiнен  жеке 
адам  қабiлетi  деп  аталады.  Адам  болғанның  барлығы  тiк  жүру,  сөйлеу  мүмкiндiктерiне 
ие, бiрақ бұлардың бiрi де шын қабiлет тобына кiрмейдi, себебi, бiрiншiсi - психологиялық 
құбылыс  емес,  екiншiсi - баршада  бiрдей  көрiнетiн  əрекет.  Қабiлеттердiң  табысты  iс-
əрекетпен  байланыстылығын  баса  айтумен,  тиiмдi  нəтижеге  негiз  боларлық  дара-
өзгермелi  адам  қасиеттерiнiң  шеңберiн  тарылта  қарастыру  керек.  Қабiлетсiз-дерге 
қарағанда,  қабiлеттi  адам  iс-əрекеттi  тезiрек  меңгередi,  қажеттi,  мол  нəтижеге  оңай 
жетедi. Қабiлет өз iшiне əртүрлi психофизикалық қызметтер мен психикалық процестердi 
ғана емес, сонымен бiрге жеке тұлғаның барша даму деңгейiн қамтыған əрi оларға тəуелдi 
күрделi  бiрiгiм.  Адамның сыртқы бiлiм,  ептiлiк,  дағды əрекеттерiнде көрiнгенiмен, қабiлет 
табиғаты  iс-əрекеттен  бөлек.  Мысалы,  тұлға  техникалық  жəне  бiлiм  жағынан  күштi  бола 
тұрып,  қызметке  келгенде  болымсыз,  ал  кейбiреулер  арнайы  оқып,  үйренбей-ақ  күрделi 
қызметтердi атқарып, тиiмдi нəтиже беруге шебер. 
             Нақты  көрiнетiн  бiлiм,  ептiлiк  жəне  дағдылар  қатарында  қабiлет  адамның  жүзеге 
асуы  мүмкiн  қасиеттерiнiң  бiрi  ретiнде  бағаланғаны  жөн,  яғни  қабiлет  жерге  тастаған 
дəнмен  бiрдей:  қолайлы  жағдай  болса  өнедi,  керi  жағдайда  көрiнбей-ақ  жойылады. 
Осыдан, қабiлет - бiлiм, ептiлiк жəне дағдыларды игерудiң мүмкiндiк көзi, ал оның iске асу, 
аспауы  көп  жəйттерге  тəуелдi.  Мысалы,  балада  керемет  математика-лық  қабiлет  болуы 
ықтимал,  бiрақ  ол  сол  баланың  ғұлама-математик  боларының  кепiлi  емес.  Арнайы 
шарттар  (бағдарлы  оқу,  шығармашыл  педагог,  отбасы  мүмкiндiктерi  т.б.)  орындалмаса, 
қабiлет  дамымай  жатып,  өшедi.  Қоғам  қолда-мауынан  қаншама  даналардың  болмай 
жатып,  құрдымға  кеткенiн  кiм  санапты?  Ал  мектепте  "үштiк"  бағаға  ептеп  iлесiп  жүрген 
Альберт Эйнштейн əлемге əйгiлi ғалым-физик болыпты.  
             Бiлiм,  ептiлiк  жəне  дағдылардың  игерiлуiмен  олардың  қабiлетпен  тiкелей 
байланысы  көрiне  бастайды,  яғни  iс-əре-кеттi  игеру  барысында  қатыса  отырып,  қабiлет 
одан  əрi  дами-ды, iс-əрекетке  жаңа  мазмұн  мен  сипат  бередi.  Математиканы  оқымаған 
адамның  математикалық  қабiлетi  ешқашан  да  жарыққа  шықпайды:  оны  тек  сандарды 
танып, олармен есеп құрап, мəселе шешу барысында ғана қалыптастыру мүмкiн. 
             Сонымен,  қабiлет  бiлiм,  ептiлiк  жəне  дағдылардың  өздерiнде  көрiнбей,  танып 
үйренуге орай нақты əрекеттi игеру динамикасында (тез-шабан, оңай-қиын) байқалады. Iс-
əрекеттiң нəтижесi, орындалу деңгейi мен тəсiлдерiнiң тиiм-дiлiгi қабiлетке тəуелдi.  
            Қорытындылай келе, "қабiлет" түсiнiгiнiң бүгiнгi ғылым қабылдап отырған үш негiзгi 
көрсеткiшiн (Б. М. Теп-лов) атайық:  
1.  Қабiлет - бiр  адамды  екiншiсiнен  ажырататын  дара  психологиялық  ерекшелiк. 
Баршаға  бiрдей  тəн  қасиеттерi  қабiлет  бола  алмайды. 2. Қабiлет - барша  тұлғаға  тəн 
болған  ортақ  сапа  емес,  кей  адамға  ғана  дарыған  қандай  да  бiр  не  бiрнеше  iс-əрекеттi 
табысты  орындауға  жарайтын  өзара  ептiлiк.                    3.  Қабiлет - нақты  адамда 
топталған  бiлiм,  ептiлiк  жəне  дағдылардан  оқшау,  қажет  əрекеттi  игеру  желiсiнде  ғана 
көрiнедi. 
             Қабiлет  пен  iс-əрекет  арасындағы  қатынасты  сөз  ете  отырып,  егер  адам  iс-
əрекетке  байланысты  талаптарды  орын-дай  алмаса,  оның  қабiлетiнiң  жетiмсiздiгiн  атап 
өткен  жөн.  Мұндай  тұлға  қажеттi  бiлiм  қорын  жинақтап,  ептiлiктер  мен  дағдыларды

қалыптастыруы үшiн талай күш салып, ұзақ уақыт жаттығуы тиiс, ал тəрбиешi-педагогтар 
оны  оқытып,  үйрету  үшiн  үлкен  шеберлiк  пайдалануы  лазым.  Əйгiлi  режисер  В. 
Немирович-Данченко  "Кiм болса,  сол режисер бола алады ма?" деген  сұраққа  "Əлбетте, 
əркiмде  болады,  бiрақ  бiреуге  ол  үшiн 3 жыл  оқып,  тəрбиеленуi  қажет,  ал  екiншiге - 30 
жыл,  үшiншiге - 300 жыл  да  аз" - деп  жауап  берiптi.  Сонымен  бiрге,  адам  қабiлетi  уақыт 
өтумен пайда болып, немесе қандай да қызметке орай қалыптасуы мүмкiн. 
            Көрiнген iс-əрекет жеке адам қабiлетiн дамыта алмай-ды. Адам тiршiлiгiнiң жалпы 
құрылымына  назар  аудара  отырып,  қабiлет  дамуына  ықпалсыз,  керiсiнше,  көрiнген 
қабiлет  нышандарын  тежеп,  олардың  жойылуына  себепшi iс-əрекеттер  барын  байқау 
қиын  емес.  Мысалы,  егер  əн-күй  не  шығармашылық  қабiлетi  бар  адам  ауыр,  қарапайым 
дене жұмыстарымен шұғылдануына тура келсе, əрине,  кейiнгi iс ондағы табиғи қаланған 
қабiлеттердiң дамуына оң əсер етуi екiталай.  
             Жеке  тұлғаға  байланысты  дамытушы  iс-əрекет  жайында  əңгiме  қозғалғанда, 
алдымен  маңызды болуынан төңiрегiне  адамның барша  мүмкiндiктерiн жинақтай алатын 
iс-əрекет  ескерiлуi  қажет.  Сондықтан,  нақты  əрекеттiң  дамытушылық  қасиетiн  тану  үшiн, 
оны  жеке  адаммен  байланыстыра  сипат-тау  керек.  Бұл  жағынан  бүкiл  адам  өмiрiмен 
қабысқан  кəсiби  қызметтiң  өзi  де  иесi  үшiн  аса  мəндi  де  маңызды  болмауы  мүмкiн. 
Өндiрiстiк  тапсырыстар  мен  қызметтiк  мiндеттер  адам-ның  шығармашылық  мүмкiндiктерi 
мен тұрмыстық бай тəжiри-бесiн толық жəне жан-жақты ашып бере алмайды. 
             Iс-əрекет  адам  қабiлетiн  ұдайы  дамыта  бермейдi,  оның  себебi - қабiлет  пен  iс-
əрекет арасында белгiлi сəйкестiктiң болмауы. Бұл сəйкессiздiктiң мəнi: əрқандай қабiлет 
өзiнде  қалаған  iс-əрекет  мүмкiндiктерiн  қамтуынан  қай  бiр  жағынан  нақты  орындалып 
жатқан  iске  қарағанда  ауқымда  да  кең  мағыналы.  Екiншi  жағынан,  нақты  iс-əрекет  өзiне 
қатысты  қабiлеттен  кеңiрек  болып,  басқа  да  қабiлеттердi  қажетсiнуi  мүмкiн. "Қалыпты 
адам өзiнiң дене жəне ақыл қабiлеттерiнiң он пайызын ғана пайдаланады. Қолданған жəне 
онда пайда-ланбай қалған мүмкiндiктер айырмашылығы - адамның кiм болып танылғаны 
мен əлi де кiм болатынының көрсеткiшi" (Коупленд П.) 
            Осыған орай қабiлеттер нақты жəне мүмкiн болып екiге бөлiнедi.  
             Мүмкiн  болар  қабiлеттер  нақты  iс-əрекеттiң  қандай  да  түрiнде  көрiне  бермейдi, 
алайда  белгiлi  əлеуметтiк  жағдай-лардың  өзгеруiмен  қызмет  желiсiне  қосылуы  мүмкiн. 
Нақты  қабiлеттер  қатарына  жалпы  қызмет  бабында  iске  асатыны  ғана  емес,  сонымен 
бiрге  дəл  бiр  уақытта  жəне  нақты  шақтағы  əрекетке  қажет  болғандары  да  кiредi.  Мүмкiн 
болған  жəне  нақты  қабiлеттердi  тұлға  қабiлетiнiң  дамуына  ықпал  етушi  əлеуметтiк 
жағдайлардың  жанама  көрсеткiшi  ретiнде  тануға  болады.  Себебi  қоғамның  əр  тарихи 
даму  кезеңiнде  қалыптасқан  əлеуметтiк  жағдайлардан  мүмкiн  болар  қабiлет-тер  өрiстей 
түседi  не  кедергiлерден  сөнiп  кетедi,  нақты  iс  жүзiнде  көрiнiп  не  пайдалану  сəтi  болмай 
қалады.  
  
2. Қабiлет  теориялары 
            Адам қабiлеттерiнiң табиғаты осы күнге дейiн ғалым-дар арасында қызған ой-пiкiр 
таласын  тудыруда.  Солардың  iшiнде  өз  басымдылығын  танытқан,  тарихы  Платоннан 
бермен  қарай  жалғасып  келе  жатқан  қабiлеттердiң  биология-лық  негiздi  екендiгi  жəне 
олардың  нəсiлдiкке  тəуелдiлiгiн  дəрiптейтiн  көзқарас.  Бұл  бойынша,  оқу  мен  тəрбие 
қабiлет-тердiң  пайда  болу  қарқынын  өзгертуi  ғана  мүмкiн,  ал  олар-дың  көрiнiс  беруi 
бiрыңғай емес. Мысалы, Моцарттың музы-калық дарыны 3 жаста белгiлi болған, Гайдн - 4, 
Дина  Нүрпейiсованың  күйшiлiк  өнерi 8 жасында  байқалған.  Сурет  жəне  сəулет  өнерi 
қабiлеттерi   кейiндеу  бiлiнедi:  Рафаэл - 8 жаста,  Ван-Дейк - 10 жаста,  Дюрер - 15 жаста 
өнермен айналыса бастаған. 
             Қабiлеттердiң  нəсiлдiкке  тəуелдiлiгi  туралы  ғылыми  зерттеулер  əр  адамның
қабiлетiн  оның  миының  көлемi  жəне  салмағымен  байланыстыра  түсiндiредi.  Белгiлi 
болғандай, ересек адамның ми салмағы орташа 1400 г. Ұлы тұлғалардың, мысалы, И. С. 
Тургеневтiң  миi - 2012 г.,  Д.  Байрон - 1800 г.,  аталған  көрсеткiштен  бiршама  жоғары 
болған.  Мұндай  дəлелдер  бiршама  баршылық.  Бiрақ  қабiлет  пен  ми  байланы-сына  орай 
басқаша,  керi  дəлелдердi  де  келтiруге  болады:            Ю.  Либихтiң  миi - 1362 г.,  А. 
Франстың - 1017 г.  Ал  ең  ғажайыбы,  өте  ауыр  ми 3000 г.  артық  ақыл-есi  кем  адамда 

байқалған.  Солайда  болса,  кең  қауым  арасында  "миы  көп - ақылды"  деген  ұғым  көбiрек 
жайылған,  осыдан  маңдайы  биiк,  жазық  маңдай  адамды  сыртынан  данаға  баламалап, 
одан  келелi  ой-пiкiр  күтемiз,  ал  екi  елi,  тар  маңдайлы  адамның  қабiлетiн  күнiлгерi  жоққа 
шығарып, одан ешбiр негiзсiз үмiтiмiздi үземiз. 
             Қабiлетiне  байланысты  нəсiлдiк  идея  Франц  Галль-дың  "Френология" (phrenos -
ақыл, logos - бiлiм)  деп  аталған  психологиялық  тағылымында  дəрiптеледi.  Френологтар 
адам-ның  психикалық  ерекшелiктерiн  оның  бас  сүйегiнiң  сыртқа  формасымен 
ұштастыруға талпынды. Мұндағы тұжырым мəнi: бас миының қабығы белгiлi қабiлеттерге 
мекен  болған  (локализация)  бiрқанша  орталықтардан  құралады.  Осыдан,  мидың  тиiстi 
бөлiгiнiң ауқым-көлемiнен онда мекен алған қабiлеттiң даму деңгейi анықталатын көрiнедi. 
Арнаулы зерттеулер негiзiнде əрқайсысы белгiлi дара қабiлетке сай келетiн бас сүйегiнiң 
27  учаскесi  анықталып,  картаға  түсiрiлген.  Осы  картадан  музыка,  поэзия,  сурет  өнерiне 
сай  "қабiлет  iсiктерiн",  менмендiк,  сараңдық,  батырлық  "қабiлет  дөңестерiн"  т.б.  айыруға 
болады  екен.  Дегенмен,  кейiнгi  дəуiрде  əдейi  медициналық  ашып  көрумен  тексергенде, 
бас  сүйегi  ми  қабығының  формасын  тiптi  де  қайталамайтын  болып  шықты.  Сондықтан 
адамның  ақыл  жəне  адамгершiлiк  қабiлеттерiн  бас  сүйегiнiң  "дөңестiгi"  не  "сайларымен" 
анықтау ғылым тұрғысынан ерсi əрi негiзсiз.  
             Солай  да  болса  Ф.  Галль  ұсынған  мидың  мекендiк  қызметi  жөнiндегi  жорамалы 
ғылым  үшiн  өте  маңызды  болды.  Бұл  идея  кейiн  Фрич  жəне  Гитциг  еңбектерiнде  өз 
дəлелiн тауып, дами түстi. Аталған бағытты зерттегендер арасында          Ч. Ф. Дарвиннiң 
эволюциялық  теориясына  негiздеп,  қабiлеттiң  тұқым  қуалаушылыққа  байланысты  екенiн 
тұжырымдаған Ф. Гальтон есiмi өз алдына. Əлемге əйгiлi тұлғалар өмiрнамаларын талдай 
отырып,  Гальтон  адам  табиғатын  жетiлдiруде  аса  дарындылардың  нəсiлдiк  заңды-
лықтарын ашу жəне пайдалану қажет деген қорытындыға келдi. Осы идеяны жалғастыра 
отырып, ХХ ғ. Котс жоғары қабiлеттiлiгi бiрнеше əулетте байқалған 400 адам тiзiмiн түздi. 
Бұл  қатарда  аса  белгiлi  болған  немiс  музыканттарының  тобын  ұлғайтқан  Бах  отбасынан
шыққандар. Бах жанұясындағы-лардың алғашқы əн-күй қабiлетi 1550 жылы көрiнiс берген. 
Əулет  атасы  В.  Бах  қарапайым  наубайшы  күй  тартып,  əн  салғанды  сүйген.  Оның  екi 
баласынан  өрбiген  Германияны  екi  ғасыр  бойы  дүркiреткен  музыканттар  легi  үздiксiз 
жалғасып барған. Бах жанұясынан 60 музыкант шыққан, солардың 20-сы аса көрнектiлерi, 
ал  осы  əулеттi  əлемдiк  өшпес  даңққа  бөлеген  əйгiлi  композитор  Иоганн  Себастьян  Бах. 
Осындай  ғажайып  қабiлет  кұбылысын  қазақ  əн-күй  өнерiн  дамытуда  көзге  түскен 
жерлесiмiз Төлеген Момбеков шықкан əулет тарихынан да байкауға болады (Р. Бердiбай) 
             Əлбетте,  мұндай  əулеттiк  жоғары  қабiлеттiң  нəсiлдiкпен  байланыстылығын 
ешкiмде жоққа  шығара  алмас,  дегенмен бұл арада қабiлет негiзi ретiнде əлеуметтiк тəр-
биенiң  өте  маңызды  екенiн  мойындамауға  болмайды.  Бесiгi-нен  əн-күй  теңiзiнде 
шарықтап,  шалқып  өсуiне  қолайлы  жағдай  қалыптаспағанда,  сол  бағытта  ана  сүтiмен 
қосып  үлкендердiң  музыкалық  тəрбиесiн  алмағанда,  ол  баланың  кiм  болары  бiр  Аллаға 
аян.  
             Жоғарыда  аталған  тұқым  қуалаушылық  идеяларына  тiкелей  қарсы  шыққан
ғалымдар  тобы  оқу  мен  тəрбие  маңызын  бiрбеткей  əсiрелеумен  болды.  ХҮIII  ғасырдың 
өзiнде-ақ К. А. Гельвеций адамды тəрбие арқылы дарынды-лыққа жеткiзуге болатындығы 
туралы  ғылыми  еңбектерiн  жариялады.  Бұл  бағыт  тарапындағылар  дамуы  өте  кешеуiл-
деген  тайпа  балалары  оқу,  тəрбие  нəтижесiнде  Европа  зиялы-ларының  деңгейiне 
көтерiлгенiн  дəлелдейтiн  кейбiр  деректердi  тiлге  тиек  етiп,  өз  идеяларының  дұрыстығын 
негiздеп  бақты.  Сонымен  бiрге,  бұл  еңбектер  əлеуметтiк  тəрбие  аймағынан  мүлде  тыс 
қалған жағдайда жастардың орны толмас зиянға ұшырап, қоғамдық қасиеттерден жұрдай 
"маугли", "тарзан" болатынын бетке ұстады. Белгiлi мəдениет аймағында ерекше арнайы 
қабiлеттердiң  орнығатыны  да  осы  зерттеулерге  негiздеме  ретiнде  келтiрiлдi. (А.  А. 
Леонтьев, О. Н. Овчинникова, Ю. Б. Гиппенрейтер). Мұндай тұжырымдардың iзiмен əрқан-
дай  адамда  оқу  мен  тəрбиенiң  негiзiнде  қалаған  қабiлеттi  дамытуға  болатыны  жөнiнде 
қорытынды  жасалды.  Осы  көзқарасты  қолдаумен  американ  ғалымы  У.  Ушби  қабiлет  ең 
алдымен  балалық  шақтан  қалыптасқан  ақыл-сана   əрекеттер  бағдарламасына 
байланысты екенiн дəлелдеп көрсетедi. Қазiргi күнде бұл идеяны ұстанғандар АҚШ-та өз 
дарынды балаларын "өсiретiн"  арнайы  орталықтар ұйымдастырып  жатыр  (Филадельфия 

институты), Қазақстанда арнайы "Дарын" орталығы iске қосылды. 
  
3. Нышан жəне қабiлет 
            Өмiр бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабiлеттiң табиғи берiлетiнiн қалтқысыз 
дəлелдеп  отыр.  Қабiлеттердiң  тума  берiлмейтiнiн  мойындаумен  бiрге  психология  белгiлi 
iс-əрекеттi табысты орындаудың шарты болатын ми құрылымы-ның тума ерекшелiктерiне 
шек келтiрмейдi. Қабiлеттер дамуының табиғи негiзi болған мидiң құрылымы, сезiм мүше-
лерi мен қозғалыстардың анатомиялық-физиологиялық нəсiлдiк ерекшелiктерi нышан деп 
аталады.  Шын  мəнiнде,  адамдар  арасындағы  табиғи  айырмашылықтар  оларда
қалыптасқан дайын қабiлеттерде емес, дəл осы нышандар көрiнiсiнде. Нышандар қабiлет 
дамуының  бастауы  болғандықтан,  адам-ның  барынша  жетiлiп,  кемелдену  жолу  осы  екi 
құбылыстың  өзара  ұштасып,  байланысқа  келуiнен  болады.  Нышанның  арқасында 
дамығанымен,  қабiлет  сол  нышанның  өзiндiк  қызметiнен  туындамайды,  ол  нышаннан 
бастауын ғана алған даму процесiнiң нəтиже жемiсi.  
             Мысалы,  ақыл-ес  қабiлеттерi  ең  алдымен  ми  қызметiнен - қарқынды  не  бəсең 
қозулардан,  жүйке  процестерiнiң  қозғалмалылығынан,  уақытша  байланыстар  түзiлiмiнiң 
шапшаң  не  баяулығынан  т.б.  яғни  И.  П.  Павлов  генотип  (жүйке  жүйесiнiң  тума 
ерекшелiктерi) деп атаған құбылыстан көрiнедi. Мидың қанмен қамтамасыз етiлуi де ақыл-
сана  қабiлетiне  ықпал  жасайды.  Толық  қан  айналымы - ми  қызметiнiң  ақыл-ой,  зейiн 
шоғырландыру,  жақсы  есте  қалдыру,  жүйке  байланыстарының  тез  жүруiнiң,  сана 
жұмысымен шаршамай, мүлтiксiз жоғары тиiмдiлiкпен орындалуының кепiлi. 
             Мидың  тума  қасиеттерi  адамның  типологиялық  ерекше-лiктерiнде  екi  түрде 
көрiнедi (И.  П.  Павлов): 1. Жоғары  жүйке  жүйесiне  тəуелдi; 2. Бiрiншi  жəне  екiншi 
сигналдық жүйелердiң арақатынасына байланысты.  
             Адам  қабiлеттерiнiң  дамуында  жоғары  жүйке  жүйесi  қызметiнiң  типi (күшi,  тепе-
теңдiгi, қозғалмалылығы т.б.) үлкен маңызға ие. Осыдан, жүйке процестерiнiң күшi, тепе-
теңдiгi  жəне  қозғалмалылығымен  (белсендi  тип)  байланыса  отырып,  адамның 
ұйымдастырушылық  қабiлеттерiнiң  қалыптасуына  қажет  көптеген  ерiктiк  жəне  тiлдестiк 
қасиеттердiң түзiлiп, орнығуына жəрдемiн тигiзедi.  
             Өздерiне  тəн  бейнелеу  мүмкiндiктерiне  орай  бiрiншi  не  екiншi  сигнал  жүйелерiнiң 
аз  немесе  көп  əрекетке  қатысуынан  қабiлеттердiң  3  типi  (И.  П.  Павлов)  ажыра-тылады: 
көркемөнерлiк (көбiне бiрiншi сигналдық жүйеге негiзделген); ой-саналық (көбiне екiншi 
сигналдық  жүйеге  негiзделген);  аралас  (екi  жүйе  де  бiрдей  қатысқан).  Осыдан, 
"суреткерлер" - объектi  тұтас  бейнелеуге  бейiм, "ойшылдар" - талдаумен,  элементтерге 
ажырата тануға шебер, ал "аралас" қабiлеттер қалыпты дамыған адамдардың бəрiне тəн 
құбылыс.  
             Нышандардың  əртүрлi  қабiлеттерге  байланысты  маңызы  бiрдей  емес.  Көбiне 
нышандық қасиеттер музыкалық жəне суреткерлiк өнерде қажет. Тума берiлген нəзiк есiту 
қасиетi - музыкант  болудың,  ал  түр-түс  айыра  бiлу - болашақ  суреткер  болудың  алғы 
шарты. 
Нышандар дамуы əлеуметтiк процестерге тiкелей тəуелдi. Егер қоғамда белгiлi бiр 
кəсiпке  қажеттiк  туып,  қандай  да  адамның  сол  кəсiпке  сай  нышандық  белгiсi  болса 
(музыкантқа қажет нəзiк есту қасиетi), онда оның нақты еңбекке араласуға болған қабiлетi 
тез əрi жоғары деңгейде қалыптасып, дамиды.  
             Нышан  iс-əрекеттiң  нақты  формасына  байланыссыз  көп  мағыналы  келедi; 
сондықтан,  белгiлi  бiр  нышан  негiзiнде  iс-əрекет  талабына  орай  əртүрлi  қабiлеттер 
қалануы  мүмкiн.  Осыдан,  жақсы  есту  əрi  əуен  ырғағын  сезiнуден  адам  күй  орындаушы, 
дирижер,  бишi,  əншi,  музыка  сыншысы,  педагог,  композитор  т.б.  болары  ықтимал. 
Сонымен бiрге, болашақ қабiлеттер мен iс-əрекеттердiң саналуан болуынан нышан жеке 
адамның дара таңдамалық қасиетiне негiз бередi.  
  
4. Қабiлет  жəне  тұлға  даралығы 
             Адам  қабiлетiндегi  айырмашылық  iс-əрекеттiң  нəти-жесiнен,  яғни  оның  сəттi  не 
сəтсiздiгiнен  байқалады.  Қызығу-шылық  адамда  объектi  жан-жақты  танып  бiлуге 
ұмтылудан туындайды. Ал бейiмдiлiк нақты iс-əрекеттi орындауға талпыну. Қызығушылық 

пен  бейiмдiлiк  сапаларының  үнемi  өзара  үйлесiм  тауып,  бiр  бағытта  тоғысып  отыруы 
мүмкiн  емес.  Оған  түрлi  жағдайлар  себепшi,  мысалы,  адам  көркем-өнер  туындыларын 
тамашалауы  ықтимал,  бiрақ  ол  осы  саладағы  өнер  түрлерiмен  шұғылдануға  бейiмсiз 
болуы  мүмкiн.  Дегенмен,  белгiлi  бiр  iс-əрекет  түрiне  қабiлетi  бар  адамдардың 
қызығушылығы мен бейiмдiлiгi бiр-бiрiмен үйлесiм таба алады.  
             Iс-əрекетпен  айналысқанда  адамның  табысқа  жетуi  үшiн  қабiлет,  қызығушылық, 
бейiмдiлiктен  тыс  оның  мiнез-құлқында  келесi  сапалық  көрiнiстер  болуы  қажет:  ең 
алдымен - еңбексүйгiштiк,  табандылық,  батылдық.  Бiрақ,  осындай  ерекше  қабiлетi  бар 
адамның өзi де айтарлықтай өнiмге қол жеткiзе бермейдi. Негiзi, адам өзiнiң iс-əрекетiне, 
жеке  басына  сын  көзiмен  қарап,  мiнезiнiң  ұнамды,  ұнамсыз  сапа-ларын  айқын  ажырата
аларлық деңгейде болуы керек.  
             Адам  қабiлетiнiң  даралық  ерекшелiктерiне  дарынды-лық,  шеберлiк,  талант, 
данышпандық, шабыт кiредi. 
             Əртүрлi iс-əрекеттер  аймағына  қажет  бiлiм,  ептiлiк-дағдылар  бiрлiгiн  жеңiл  əрi 
нəтижелi  игерудi  қамтамасыз  етушi  жалпы  қабiлеттер  ерекшелiгiн  дарындылық деп 
атайды.  Дарындылық  əрбiр  адамның  ақыл-сана,  оқу,  шығармашы-лық,  көркемөнер, 
адамаралық  қатынастар  түзу  жəне  психо-моторлық  қызметтерiнде  көрiнiс  бередi. 
Дарынды адамдарға тəн қасиеттер: зейiндiлiк, жинақылық, тұрақтылық, əрқашан қызметке 
дайын болу; мұндай тұлғалар, сонымен бiрге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа 
ие,  еңбекте  шаршап  шалдығуды  бiлмейдi,  басқалармен  салыстырғанда  интеллекттiк 
деңгейi анағұрлым жоғары. 
            Өз қызығулары  бағытында дарынды адамдар қайтпас қажырлылық таныта алады. 
Бұл  қасиеттiң  адамдағы  көрiнiсi - 2-3 жасар  баланың  бiр  iспен  үзбей  шұғылдана  алу 
уақыты.  Басқа  қатарларымен  салыстырғанда  дарынды  бала  өзiн  қызықтырған  iспен 
бiрнеше  сағат  шұғылданып,  қажет  болса,  оған  бiрнеше  күндер  бойы  қайта  оралып, 
көздегенiне жет-пейiнше, əрекетiн тоқтатпайды. 
             Дарындылық  дəрежесiнiң  артуы  қажеттi  бiлiмдер  мен  ептiлiк,  дағдыларды  игерiп 
əрi жетiлдiрiп баруға тiкелей тəуелдi.  
             Дарындылықтың  өзiндiк  ерекшелiгi  ең  алдымен  қызығушылық  бағдарға 
байланысты. Осыдан, бiреу матема-тикаға құмар, екiншi тарихқа, жəне бiреулер қоғамдық 
жұмыстарға бас (лидер) болуда өз дарындылығын iске қосып, оны нақты iс-əрекетте кейiн 
дамыта  түседi.  Мысалы,  мұғалiм  дарындылығының  көрсеткiштерi  келесiдей: 1) оқу 
материалын  шəкiрттерге  түсiнiктi  күйге  келтiру; 2) оқушы  көңiл-күйiн  қалтқысыз  тану; 3) 
жұмыста  шығармашыл  болу; 4) балаларды  өз  еркiне  көндiре  алу; 5) балалар  ұжымын 
бiрiктiруге  қабiлеттiлiк; 6) сөз  мəнерлiгi  мен  мазмұндылығы; 7) сөйлеу  көркемдiлiгi  мен 
нанымдылығы; 8) педагогикалық  əдептiлiк; 9) оқу  материалын  тұрмыспен  байланыстыра 
алу; 10) шəкiрт-терге  қаратылған  байқағыштық; 11) педагогикалық  талапшаң-дық  (Ф.  Н. 
Гоноболин). 
             Қабiлеттер  өз  деңгейлерi  мен  ауқымы  жағынан  ажыра-тылады.  Нақты   iс-əрекет 
аймағында  өте  жоғары  деңгейге  көтерiлген  қабiлет - шеберлiк  деп  аталады.  Шеберлiк, 
яғни бiр iс-əрекет аймағында жоғары жетiлгендiк үлкен де қажырлы еңбек негiзiнде пайда 
болады.  Шеберлiк  көбiне  өндiрiстiк  қайта  жасау  қызметтерiмен  байланысты  келедi. 
Алайда,  бұл  шеберлiктiң  дайын  ептiлiктер  мен  дағдылар  бiрлiгiнен  туындайтынын 
бiлiдiрмейдi. 
             Əрқандай  кəсiптегi (мұғалiм,  дəрiгер,  ұшқыш,  спортшы  т.б.)  шеберлiк  кез  келген 
жаңа мəселелердi шешуге қажет болған психологиялық дайындықты қажет етедi. Шебер 
маман үшiн шығармашылық мiндеттi түсiну мен оны орындау жолдарын табу, екеуi өзара 
байланыста  қабылданады, iске  асады,  яғни  "не  iстеу"  жəне  "қалай  iстеу"  арасында  жiк 
болмайды. 
             Шеберлiк  деңгейi - өзгермелi,  дамудағы  құрылым. Iс-əрекет  барысында  адамның 
қабiлет  түзiлiмi,  тұлғалық  мəнi  қалыптасып,  бiр  деңгейден  екiншiсiне  көтерiлумен  ұдайы 
ауысып барады. Өте дарынды адамдар да қарапайым елiктеуден бастап, кейiн бiрте-бiрте 
тəжiрибе жинақтаудан жасампаздық дəрежесiне көтерiледi.  
             Адам  қабiлетiнiң  ерекше  даралық  сипатын  көрсететiн  психологиялық  құбылыс  -
талант. "Талант" сөзiнiң төркiн мəнi: ежелгi грек қауымында бай-манап өзi жоқта жұмыстан 

қашқақтамасын  деп  ерiншек  құлына  беретiн  күмiс  ақша  бiрлiгi - талант  аталады  екен, 
ақылдан  жұта  құл  оны  алудан,  пайдалы  айналымға  жiберудiң  орнына,  топыраққа  көмiп, 
жасыратын  болған.  Осыдан  халықта  "таланты  құм  болды", "таланты  көмiлдi"  деген 
ұғымдар  сақталып  қалған.  Қазiргi  күнде  талант  арнайы  қабiлеттердiң  (музыкалық, 
суреткерлiк,  əдеби  шығармашылық  т.б.)  жоғары  деңгейлi  дамуын  бiлдiредi.  Қабiлеттер 
сияқты  талант  та  iс-əрекетте  көрiнiп,  өрiстейдi.  Талантты  адамның  қызметi  өзiнiң 
жаңашылдығымен, қайта-ланбас мəнерiмен ажыралады.  
             Таланттың  оянуы  тiкелей  қоғамдық  болмысқа  тəу-елдi.  Қай  бағыттағы 
дарындылықтың жол алуы дəуiр қа-жеттiгi мен əлеумет алдында тұрған нақты мiндеттерге 
байланысты.  Мемлекеттiң  дамуы  инженерлiк  жəне  кон-структорлық  таланттардың 
жетiлуiнен,  мемлекеттiң  көркейген  кезеңiнде  əн-күй,  əдебиет  таланттары  шығады,  ал 
соғыс  уақытында - талантты  əскери  қолбасшы  дүниеге  келедi.  Осыдан,  қазақ  арасынан 
шыққан  Қ.  Сатпаев,  М.  Əуезов,           Б.  Момышұлы,  Қажымұқан,  Р.  Рымбаева - əрбiрi  өз 
дəуiрi-нiң саңлақтары. 
             Талант - көптеген  қабiлеттердiң  байланысы,  бiртұ-тастығы.  Өте  жоғары  дамыған, 
бiрақ оқшауланған бiр қабiлет талант дəрежесiне көтерiле алмайды. Мысалы, кейбiреулер 
10  қаналы  не  оданда  көп  санды  лезде  көбейтедi  не  бөледi,  бiрақ  математик  емес,  бола 
алмайды да. 
             Қабiлеттердiң  даму  барысындағы  ең  жоғары,  шыңдалу  деңгейi - данышпандық
деп аталады. Шығармашылық қызметi қоғам өмiрiнiң бiр дəуiрiнде, адамзат мəдениетiнiң 
тарихында  белгiлi iз  қалдырған  адам  ғана  данышпан  бола  алады.  Өркениеттiң 5000 
жылдық  тарихында  мұндай  шыңға 400 кемеңгер  көтерiлiптi (Котс). XX ғасыр  саңлақтары 
атанған, арамызда жүрген замандастарымыз ақын Олжас Сүлейменов, сынаушы-ұшқыш, 
ғарышкер Тоқтар Əубакiров қазақ данышпан-дарының бiрiншi ондығынан. 
             Адамның  шығармашылық  iс-əрекетiнiң  аса  табысты  болуына  себепшi  рухи 
көтерiңкiлiк пен ерекше күш-қуат туындайтын кезеңдер болады. Бұл жағдайдағы адамды 
жаңа  идеяларға жетектеп,  оларды iске  асыруға ынталандыратын психологиялық қалып -
шабыт  деп  аталады.  Шабыт  шығарма-шыл  тұлғаның  жоғары  белсендiлiгiнен,  оның  iс-
əрекетiнiң  жемiстiлiгiнен,  жасампаздық  ептiлiгiнен,  жаңалық  ойлап  табу  қызметiне  толық 
берiлуiнен  көрiнедi.  Өмiрнамашыларының  айтуынша,  И.  С.  Тургенев  шығармаларын 
жазуды  өзiн-өзi  зорлап,  көндiруден  емес, iшкi  ниет  қалауымен  қалай  бастағанын  бiлмей 
қалады екен. 
             Шабыт  пен  еңбек - екеуi  егiз,  бiр-бiрiнсiз  асамайды.  Осыдан,  шабыт - қажырлы 
еңбек пен орасан бай бiлiм қоры негiзiнде туындайтын мүмкiндiк. "Шабыт - ерiншектерден 
қашатын,  шақырғанға  баратын  қонақ" (П.  И.  Чайковский).  Сана  айқындығы,  ой  мен 
бейнелер кернеуi; ес, зейiн өткiрлiгi, мақсатқа бағыттайтын арнасына симаған ерiк күшi -
шабыттанудың алғы шарттары. 
  
Қайталау жəне бекiту сұрақтары 
1.  Қабiлет мəнi жəне оған бүгiнгi ғылым тұрғысынан берiлген сипаттама қандай? 
2.  Қабiлет құбылысын түсiндiруде болған ғылым көзқарастары қандай? 
3.  Нышан жəне қабiлет арасындағы байланыстар мəнi неде? 
4.  Жеке адам қабiлетiнiң қалыптасуына ықпал етушi факторлар сипаты қандай?

  
Əдебиеттер тiзiмi
 
  
  
1.
      
Аймауытов Ж. Психология  (оқу құралы). –Алматы, 1994. 
2.
      
Аймауытов Ж. Жан жүйесi жəне өнер таңдау. –Мəскеу, 1926. 
3.
      
Алдамұратов  Ə.,  Мұқанов  М.  Психология  пəнiнен   лабораториялық - практикалық 
сабақтар. –Алматы,        1978-1979. 
4.
      
Алдамұратов Ə. Жалпы психолгия. –Алматы, 1996. 
5.
      
Алдамұратов Ə. Қызықты психология. –Алматы, 1992. 
6.
      
Анастази А. Психологическое тестирование. –М., 1982.           (31-37, 123-308 беттер). 
7.
      
Ахутина Т. Порождение речи. –М., 1989. 
8.
      
Ананьев Б. О проблемах современного человека - знания. –М., 1977. (49148 беттер). 
9.
      
Ананьев  Б.  и  др.  Особенности  восприятия  пространства        у  детей. (7-62, 200-250, 
251-289 беттер). 
10.
  
Аткинсон Р. Человеческая память  и процесс обучения.          –М., 1980. (27-203, 273-
292, 362-427).   
11.
  
Əбдiрахманов  Ə.,  Жарықбаев  Қ.  Психологиялық   орысша-қазақша  сөздiк.   –Алматы, 
1976. 
12.
  
Богословский В. редакциясымен. Жалпы психология.           –Алматы, 1980. 
13.
  
Блейхар В., Бурлачук Л. Психологическая  диагностика интеллекта и личности. –Киев, 
1978. (46-79 беттер). 
14.
  
Белокус В. Темперамент и деятельность. –Пятигорск, 1990. (102-112 беттер). 
15.
  
Беспалов Б. Действие. –М., 1984. (10-45 беттер)  
16.
  
Бодалев А. Личность и общение. –М., 1983. (85-265 беттер). 
17.
  
Бодалев  А.  Восприятие  и  понимание  человека  человеком.   –М., 1982. (32-56, 56-99 
беттер). 
18.
  
Белоус В. Темперамент и деятельность. –Пятигорск, 1990. (20-52, 102-112 беттер). 
19.
  
Буянов  М.  Ребенок  из  неблагополучной  семьи.  Записи  детского  педиатра.  Книга  для 
учителей и родителей. –М., 1988. (190-199 беттер).  
20.
  
Бодалев А. Психология личности. –М., 1988. (11-24 беттер). 
21.
  
Боно Э. О нешаблонности мышления. –М., 1976. (11-33, 63-101 беттер).  
22.
  
Брунер Д. Психология познания. –М., 1977. (13-130, 211-241 беттер). 
23.
  
Вулдридж Д. Механизмы мозга. –М., 1965. (17-33, 40-56, 92-102 бет.) 
24.
  
Веккер Л. Психические процессы. Т.1., -Л., 1974. (46-67 бет.). 
25.
  
Выготский Л. Собрание сочинений. Т?3. –М.,1983. (254-273 беттер). 
26.
  
Выготский  Л.  Эмоции  и  их  развитие  в  детском  возрасте.     –М., 1982. Т.1. (416-436 
беттер). 
27.
  
Высоцкий А. Волевая активность школьников и методы ее изучения. -Челябинск, 1979. 
(4-67 беттер). 
28.
  
Величковский Б. и др. Психология восприятия. –М., 1973. (5-10, 11-39, 91-244 беттер). 
29.
  
Венгер Л. Восприятие  и обучение. (74-130, 131-212 беттер). 
30.
  
Вейн А. Память человека. –М., 1973. (61-98, 131-207 беттер). 
31.
  
Вертгеймер М. Продуктивное мышление. –М., 1987.             (5-26, 269-298 беттер). 
32.
  
Венгер Л. Педагогика способностей. –М., 1973. (37-95 беттер). 
33.
  
Вартанян Г., Петров Е. С. Эмоции и поведение. –Л., 1989. (7-19 беттер). 
34.
  
Вилюнас В. К. Психология эмоциональных явлений. –М., Издателство МГУ, 1976. (41-
78 беттер). 
35.
  
Васильев И. и др. Эмоции и мышление. –М., 1980. (20-70 беттер). 
36.
  
Вулдридж Д. Механизмы мозга. –М., 1965 (17-33, 40-56, 92-102 беттер). 
37.
  
Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1988. 7-19, 48-63, 34-47 беттер 
38.
  
Гозман Л. Психология эмоциональных отношений. –М., 1987. (6-43, 44-92 беттер). 
39.
  
Гончаров  В.  Типы  мышления  и  учебная  деятельность.      Свердловск, 1988. (14-38 
беттер). 
40.
  
Галин А. Личность и творчество. –Новосибирск, 1989. (64-102 беттер). 

41.
  
Грегг Дж. Опыты со зрением в школе и дома. –М., 1970. 
42.
  
Громова Е. Эмоциональная память и ее механизмы. –М., 1980. (70-90 беттер). 
43.
  
Гребеньщиков И. Основы семейной жизни. –М., 1991. (17-32 беттер). 
44.
  
Гальперин П. и др. Экспериментальное формирование внимания. –М., 1974. (История 
и современное состояние внимания: 5-16, Развитие внимания: 17-32 беттер). 
45.
  
Гоноболин Ф. Внимание и его воспитание. –М., 1972.             (5-11, 16-27, 27-43, 44-77, 
78-108, 148-149 беттер). 
46.
  
Готсдинер  А.  К  проблеме  многосторонних  способностей.  Вопросы  психологии. 1991. 
№4. (82-88 беттер). 
47.
  
Гозман Л. Психология эмоциональных отношений. –М., 1987. (6-43, 44-92 беттер). 
48.
  
Грегори Р. Глаз  и мозг. (85-100, 101-130, 131-142, 143-179 беттер). 
49.
  
Грановская  Р.  Элементы  практической  психологии.                –Л., 1998. (337-354 
беттер). 
50.
  
Давыдов В. Проблемы развивающего обучения. –М., 1972. (224-112 беттер). 
51.
  
Добрович А. Воспитателю о психологии и психогигиене общения. Книга для учителей и 
родителей. –М., 1977. (35-65 беттер).   
52.
  
Дудкин К. Зрительное восприятие и память. Информационные процессы и нейронные 
механизмы.             –Л., 1985. (11-29 беттер). 
53.
  
Ермолаев О. и др. Внимание школьника. –М., 1987.   (30-37, 69-80 беттер). 
54.
  
Жиншин Н. Речь как проводник информации. –М., 1982. (46-61, 117-154 беттер). 
55.
  
Жарықбаев К. Психология. –Алматы, 1982. 
56.
  
Зинченко П. Непроизвольное запоминание. –М., 1961.  
57.
  
Ипполитов Ф. Память школьника. –М., 1978. (28-45 беттер). 
58.
  
Коул М. и др. Культура и мышление. –М., 1977. (124-152, 174-208 беттер).  
59.
  
Коршунова Л. Воображение и его роль в познании. –М., 1979. (3-131 беттер). 
60.
  
Кон  И.  Постоянство  и  изменчивость  личности.  Психологический  журнал  №4, 1987. 
(126-137 беттер). 
61.
  
Копылов  В.  Развитие  волевого  поведения  у  дошкольников. –Киев, 1971. (11-51 
беттер). 
62.
  
Карандашев Ю. Развитие представления у детей. –Минск, 1987. (74-87 беттер). 
63.
  
Корнилов Н. Психология. –Алматы, 1946. 
64.
  
Кроник  А.,  Кроник  Е.  В  главных  ролях  вы,  мы,  он,  ты,  я.  Психология  значимых
отношений. –М., 1989. (59-112, 113-173 беттер). 
65.
  
Кучинский Г. Психология внутреннего диалога. –Минск, 1988. (106-141 беттер). 
66.
  
Кузьмина Н. Способность и одаренность, талант учителя.  –Л., 1985. (5-9 беттер). 
67.
  
Қожахметова М. Адам - құпия. –Алматы, 1997. 
68.
  
Леонтьев А. Избранные  психологические произведения. –М., 1983. Т.1. (22-23 беттер).
69.
  
Ляудис В. Память в процессе развития. –М., 1976. (220-246 беттер). 
70.
  
Леонтьев  А.  Деятельность.  Сознание.  Личность. –М., 1982. (73-123, 124-158, 159-189 
беттер). 
71.
  
Ломов Б. Методологические и теоретические проблемы психологии. –М., 1984. (11-25 
беттер). 
72.
  
Ломов Б. Вопросы общей, педагогической и инженерной психологии. –М., 1991. (26-62 
беттер). 
73.
  
Линден Ю. Обезьяны, человек и язык. –М., 1981. (14-39 беттер). 
74.
  
Ладыгина–Кетс  Н.  Развитие  психики  в  процессе  эволюции. –М., 1988. (8-68, 69-140, 
141-227 беттер). 
75.
  
Линдсей  П.,  Норман  Д.  Переработка  информации  у  человека. –М., 1974. (276-312 
беттер). 
76.
  
Лурия А. Мозг человека и психические процессы. (11-68 беттер). 
77.
  
Лурия А. Язык и сознание. –М., 1979. (203-216 беттер).  
78.
  
Лурия А. Внимание и память. –М., 1975. (4-41 беттер). 
79.
  
Левитина С. Можно ли управлять вниманием школьника. (7-19, 26-41, 53-65 беттер). 
80.
  
Логвиненко А. Чувственные основы восприятия пространства. –М., 1985. (6-21 беттер).
81.
  
Левитов Н. Психология характера. –Саратов, 1970 (15-36 беттер). 

82.
  
Ладанов И. Управление стрессом. –М., 1989. (43-69,            83-119, беттер). 
83.
  
Лейтес Н. Способность и одаренность в детские годы.          –М., 1984. (107-135, 147-
153 беттер). 
84.
  
Мильнер П. Физиологическая психология. –М., 1973.      (19-68 беттер). 
85.
  
Миллер Д. и др. Планы и структура поведения. –М., 1964. (100-15 беттер). 
86.
  
Мясищев В. Личность и неврозы. –Л., 1969. (173-199 беттер). 
87.
  
Мерлин В. Структура личности, самосознание. –Пермь, 1990. (58-81 беттер). 
88.
  
Мерлин В. Очерк теории темперамента. –М., 1964. (3-33, 156-276 беттер). 
89.
  
Мелхорн  Г.  Гениями  не  рождаются.  Общество  и  способности  человека. –М., 1989. 
(107-135, 147-153 беттер).  
90.
  
Натадзе Р. Воображение как фактор поведения.                    –Тбилиси, 1972. 
91.
  
Небылицын В. Основы свойства нервной системы человека. –М., 1990 (33-48, 316-334 
беттер). 
92.
  
Норакидзе В. Методы исследования характера. –Тбилиси, 1989. (6-18 беттер). 
93.
  
Николов   Н.  и  др.  Загадка  тысячелетий.  Что  мы  знаем  о   памяти. –М., 1988. (70-90 
беттер).  
94.
  
Петухов В. Психология мышления. –М., 1987. (5-88 беттер).  
95.
  
Познавательные  процессы и способности в обучении.          –М., 1990 (80-100 беттер). 
96.
  
Петровский А. История советской психологии. –М., 1967.  
97.
  
Пьер Гейяр де Шарден. Феномен человека. Преджизнь. Жизнь. Мысль. Сверхжизнь. –
М., 1987. 
98.
  
Петровский А. Личность. Деятельность. Коллектив.               
      –М., 1982. (41-44 беттер). 
99.
  
Розет И. Психология фантазии. –Минск, 1977.  (13-78, 169-270 беттер). 
100.Раншбург И., Поппер П. Секреты личности. –М., 1983. (85-110 беттер). 
101.Рейнвальд Н. Психология личности. –М., 1991 (7-155  
      беттер). 
102.Рубинштейн С. Основы общей психологии. –М., 1989.           
      Т.Г. (211-235 беттер). 
103.Роговин М. Введение в психологию. –М., 1969. (18-34   
      беттер). 
104.Рейнвальд Н. Психология личности. –М., 1987. (75-155  
      беттер). 
105.Страхов М. Психология характера. –Саратов, 1970. (15-36 беттер). 
106.Стихов И. Психология характера. –Саратов, 1970. (3-   
      80 беттер). 
107.Тəжiбаев Т. Жалпы пихология. –Алматы, 1993. 
108.Темiрбеков А., Балаубаев С. Психология. –Алматы,         1996. 
109.Тихомиров О. Психология мышления. –М., 1984.            (254-273 беттер).  
110.Тульчинский Г. Разум, воля, успех: о философии           поступка. –Л., 1990. 
111.Ушакова Т. и др. Речь человека  в мышлении. –М.,          1984. (34-106 беттер). 
112.Фрейд З. Введение в психоанализ. –М., 1991. (7-48,          50-152, 418-438 беттер). 
113.Фрейд З. Психология бессознательного. –М., 1989.            (361-381, 425-439 беттер). 
114.Хомская Е. Нейропсихология. –М., 1987. (26-38          беттер).  
115.Хомский Н. Язык и мышление. –М., 1977. (54-80          беттер). 
116.Хрестоматия по вниманию. –М., 1976. (Н. Н. Ланге,           107-144 беттер). 
117.Чуприкова  А.  Психика,   сознание  как  функции  мозга.           (16-62, 77-104, 105-157 
беттер). 
118.Чхарташвили Ж. Проблема воли в психологии.          Вопросы психологии. 1964. 
119.Чистякова М. Психогимнастика. –М., 1980. (45-51          беттер). 
120.Чудновский  В.  Воспитание  способностей  формирования  личности. –М., 1986. (55-69 
беттер). 
121.Ярошевский М. Анциферова Л. Развитие и           современное состояние зарубежной 
психологии. –М.,            1974. (232-249, 250-257 беттер). 
122.Ярошевский М. Психология в ХХ столетии. –М.,            1974. (90-101, 174-206, 207-218, 

219-252 беттер).        
123.Якиманская И. Развивающее обучение. –М., 1979. (123-133 беттер).    
  
  

  
Психология ұғымдарының  қазақша-орысша сөздiктерi
 
  
Ақыл - ум 
Ағза - организм 
Ақуыз - белок 
Арақатынас - общение 
Ақпарат  - информация 
Аймақ            - зона 
Адам аралық - межличностное 
Ашық сана - ясное сознание 
Астар сана - подсознание 
Алдану  – иллюзия               
Əрекет          - действие     
Бейсана - бессознательное  
Бейтараптық - нейтральность 
Бақылау - наблюдение 
Бағыт-бағдар - направление 
Белсендiлiк - активность 
Дағды            - навык 
Дəрiсбаян - лекция 
Дедуктивтiк - дедуктивный            
Дерексiздендiру - абстракция 
Дара - индивид 
Даралық - индивидуальность 
Ерiк  - воля 
Ерекшелiк - особенность 
Жеркену - брезговать 
Жұлдызнама -         гороскоп 
Жан - душа 
Жауапкершiлiк - ответственность 
Жантану - психология 
Жалпы           - общий 
Жүйе  - система 
Жас сатылары - возрастные ступени 
Икемдiлiк - склонность 
Индуктивтiк -            индуктивный 
Кеңiстiк - пространство 
Көңiл-күй -  эмоция 
Кейiп - состояние 
Қарқындылық          -интенсивность  
Құмарлық - страсть, наслаждение 
Қызығу - интерес 
Қуаныш - радость 
Қасiрет - страдание 
Қаһар - гнев 
Қорқыныш - боязнь 
Қабылдау - восприятие 
Қабылдау тұрақтылығы – постоянство восприятия 
Қабылдаудың тұтастығы – целостность восприятия 
Қабылдаудың  мағыналылығы - содержательность восприятия Қажеттiлiк -  
необходимость 
Қабiлет -  способность 
Қиял – воображение  
Қылық - поведение 

Мiнез – характер, нрав 
Мiнез асқынуы – акцентуация, возбужденность 
Мiнез бiтiстерi         - черты характера 
Ниет   - намерение 
Наным           - убеждение 
Нышан - задаток 
Өзiндiк реттеу - саморегуляция 
Өзiндiк сана - самосознание 
Сала - раздел 
Сана - сознание 
Сөз - слово 
Сөйлеу          - речь, говорение 
Сезiм - чувство 
Сезiмталдық - чувствительность 
Сезiмдiк қызбалық - возбудимость 
Пəн- предмет 
Таңдану - удивление 
Түйсiк - ощущение 
Түйсiк сапасы-качество ощущения 
Түйсiк қарқыны- интенсивнность ощущения 
Түйсiк ұзақтығы- длительность ощущения 
Тек-вид 
Түр- разновидность 
Түрткi-мотив 
Тəн- тело 
Тұлға- личность 
Таным           - познание 
Тума- инстинктивный 
Тiл- язык 
Ұмтылыс- стремление 
Ынта- желание 
Ой - мысль 
Ойлау – думать, сознавать 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
С. Б. Бап-Баба
 
 
Жалпы психология
 
 
Оқу құралы  
 
ЖШС «Заң əдебиеті» бас директоры 
Жансеитов Н. Н. 
 
Оператор: Умурова Г.О. 
 
 
Пiшiмi 60х901/16. Қағазы офсеттiк. Қарiп түрi «Таймс». 
«Заң əдебиеті» баспасы 
050057 Алматы қ., М. Өзтүрiк к-сi, 12 үй. 
Тел/факс: (3272) 747-833, 742-650. 
Е-mail: law_literature@nursat.kz 
 

Document Outline

  • титул.pdf
  • Жалпы психология.pdf
    • BOOK1P1.pdf
    • BOOK1P2.pdf
    • BOOK1P3.pdf
    • BOOK1P4.pdf
    • BOOK1P5.pdf
    • BOOK1P6.pdf
    • BOOK1P7.pdf
    • BOOK1P8.pdf
    • BOOK1P9.pdf
    • BOOK1P10.pdf
    • BOOK1P11.pdf
    • BOOK1P12.pdf
    • BOOK1P13.pdf
    • BOOK1P14.pdf
    • BOOK1P15.pdf
    • BOOK1P16.pdf
    • BOOK1P17.pdf
    • BOOK1P18.pdf
    • BOOK1P19.pdf
    • BOOK1P20.pdf
    • BOOK1P21.pdf
    • BOOK1P22.pdf
    • BOOK1P24.pdf
    • BOOK1P25.pdf
  • конец стр каз.pdf


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет