Сəбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев)


əрекеттiң психикалық басқарылуы



жүктеу 1.88 Mb.
Pdf просмотр
бет3/24
Дата29.12.2016
өлшемі1.88 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

əрекеттiң психикалық басқарылуы жөнiндегi идеяны қосты.   
            Iс-əрекеттiң рефлекторлық принциптерi өзiнiң  экспериментальдық негiздемесiн И. 
П.  Павлов  жəне  оның  шəкiрттерiнiң  еңбектерiнде  тапты.  И.  П.  Павлов   Сеченов-тың 
психикалық  iс-əрекет  мидың  рефлекторлық  қызметi  екендiгi  туралы  тағылымының
дұрыстығын  дəлелдедi,  пси-хикалық  құбылыстың  негiзгi  физиологиялық  заңдарын  ашты, 
ғылымның  жаңа  саласы - жоғары  нерв  қызметiнiң  физио-логиясы,  шартты  рефлекстер 
жөнiндегi  бiлiмнiң  негiзiн  қалады.  Организмге  əсер  етушi  тiтiркендiргiштер  мен  оларға 
жауап  реакциялар  арасында  уақытша  байланыстар  түзiледi.  Осы  байланыстарды  пайда 
ету  бас  ми  қыртыстарының  ең  маңызды  қызметi.  Уақытша  жүйке  байланысы  ми  қызметi 
ретiнде  психикалық   iс-əрекеттiң  қай  бiрiнiң  болмасын  негiзгi  физиологиялық  механизмi 
болып  табылады.  Миға  қандай  да  бiр  тiтiркендiргiш  əсер  етпей,  ешбiр  психикалық 
құбылыс  өздiгiнен  туындамайды.  Əрқандай  психикалық  процесс  пен  қалаған  уақытша
байланыстың  соңғы  нəтижесi  тыс  əсерлерге  жауап  сипатындағы  сырттай  көрiнiс  берген 
əрекет.  Психикалық  қызмет  осыдан  объективтiк  дүние  заттары  мен  құбылыстарының 
əсерiнен туындаған мидың рефлекторлық бейнелеу жұмысы. Келтiрiлген тұжырымдардың 
бəрi  объек-тив  шындықты  бейнелеу  механизмiнiң   мəнiн   ашып  отыр.  Сонымен,  жоғары 
жүйке  қызметi  жөнiндегi  тағлимат  пси-хикалық  құбылыстарды  материалистiк  тұрғыдан 
түсiндiрудiң жаратылыстану ғылымымен сабақтасқан iрге тасы.  
             Уақытша  жүйке  байланысын  əрқандай  психикалық  iс-əрекеттiң  физиологиялық 
механизмi  деп  танудың  маңыз-дылығынан  психологиялық  құбылыстың  физиологиялық
құбылыстармен  бiрдейлiгi  келiп  шықпайтынын  есте  сақтаған  жөн.  Психикалық  iс-əрекет 
тек  қана  физиологиялық  механизм  сипатымен  шектелiп  қалмай,  мидағы  бейнеленген 
нақты  дүние,  яғни  психикалық  құбылыстың  мазмұнымен  байланысты.  Жануарлар  мен 
адамдардың  сыртқы  ортамен  сабақтастығының  ми  тарапынан  басқарылып,  реттелу 
заңдылықтары жөнiндегi И. П. Павлов тұжырымдарының жиынтығы екi сигналдық жүйе
теориясы  деп  аталады.  Шартты  рефлекс  типi  бойынша  қылық-əрекеттiң  өзгеруiне  ықпал 
етушi  зат  бейнесi  жануар  үшiн  қандай  да  шартсыз  тiтiркендiргiштiң  сигналы  қызметiн 
атқарады.  Жануарлар  өз  əрекет-қылығында  И.  П.  Павлов  бiрiншi  сигналдық  жүйе деп 
атаған  физиологиялық  тетiкке  тəуелдi.  Жануарлардың  барша  əрекет  болмысы  бiрiншi 
сигналдық жүйе деңгейiнде орындалады. 
             Iс-əрекет  пен  қылықты  бағыттап,  реттеуде  бiрiншi  сигналдық  жүйе  адам  өмiрiнде 
де  үлкен  маңызға  ие.  Бiрақ  адамның  жануарлардан  ерекшелiгi,  онда  бiрiншi  сигналдық 
жүйе мен қатар екiншi сигналдық жүйе болады. Екiншi сигналдық жүйенiң болмысы, яғни 
"сигналдар сигналы", - деген сөз.  
             Сонымен,  психика - ми  қасиетi.  Түйсiк,  ой,  сана - ерекше  тəсiлмен  ұйымдасқан 
материяның  ең  жоғары  өнiм  туындысы.  Организмнiң  психикалық  əрекетi  көптеген   дене 
мүшелерiнiң  қызметi  арқасында  жүзеге  келедi.  Олардың  бiрi  əсерлердi  қабылдайды, 
екiншiлерi  оларды  сигналға  айнал-дырып, iс-əрекеттi  жоспарлап,  қадағалап  отырады,  ал 
үшiншiлерi - бұлшық еттердi əрекетке келтiредi. Осы күрделi жұмыстардың бəрi қосылып, 
қоршаған ортада адамның жол тауып жүруiнiң белсендi құралы болмақ. 
  
2. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы  психология дағдарысы  
             ХХ  ғ.  басында  өркендей  бастаған  ғылым  мен  өндiрiс-экономикалық  талаптарына 
орай  сана  (интроспекттiк)  психологиясының  дағдарысы  қылаң  бердi.  Интроспекттiк 
психология  практикалық  қолданба  енгiзулердi  қажет  еткен   капиталистiк  өндiрiс 
проблемалары  алдында  өз  дəрменсiздiгiн  байқатты.  Оның  субъектив  əдiстерi  қоғамның 
объектив қажеттiлiктерiне  сай келетiн ұсыныстарға шамасы жетпедi.  Осыдан  психология 
зерттеулерiн жаңа, объектив əдiстер тұғырына орнықтыру жолдары iздестiрiле бастады. 
            Сана психологиясының дағдарысы, сонымен бiрге, ғасыр аяғында Францияда кең 
өрiс алған  невропатология  жəне  психиатрия  саласындағы  зерттеулердiң  нəтижесiмен  де 

байланысты  едi.  Бұл  зерттеулер  адам  психикасының  кейде  саналы  басқарылмайтын
құбылыстармен  көрiнiс  беретiнiн  дəлелдедi.  Мұндай  бейсанаға  тəуелдi  əрекет-қылықтар 
эксперименталды  жəне  клиникалық  талдауға  алынды.  Осының  нəтижесiнде  психология 
сана жөнiндегi ғылым емес деген пiкiр пайда болды. 
            Бұл дəуiрдегi психологияның қарқынды дамуына             Ч. Дарвиннiң эволюциялық 
тағылымы да үлкен ықпал жасады. Бұл iлiмге орай барша психологиялық дүние қоршаған
орта  мен  тiршiлiк  иесiнiң  икемдесу  əрекетiнен  ажырауы  мүмкiн  емес  деген  тұжырым 
орнықты. Эволюциялық теория ықпалында интроспекция əдiсiн қолдану мүмкiн емес бала 
мен хайуанат психикасын зерттеу етек алды. 
             Осылайша  əртүрлi  ықпалдар  мен  жағдайлар  ғылымда  бiрнеше  жаңа 
психологиялық  теориялардың  туындауына  себепшi  болды.  Жаңа  теория  өкiлдерi  сана 
психологиясын  психика  жөнiндегi  жаңа  тұжырымдамалармен  толықтыру  немесе  оны
ауыстыруды мақсат етiп қойды. 
Бихевиоризм - ХХ ғ. американ психологиясының басты бағыты: ол психологияның 
мақсаты  сананы  тану  емес,  əрекет-қылықты  зерттеу  деп  бiлдi.  Бихевиоризм  теориясы 
негiзiнде адам мен хайуанаттардың əрекет-қылығы сыртқы орта əсерiне (стимул) болған 
организмнiң керi (сөз, эмоция арқылы) жауаптарының жиынтығы деген түсiнiк жатыр. ХIХ-
ХХ  ғ.ғ.  тоғысында  бихевиоризм  психологиясы  жануарлар  психикасын  эксперименттiк 
талдауға  салу  нəтижесiнде  пайда  болды.  Мұнда  адам  психикасын  зерттеуде 
қолданылатын  өзiн-өзi  бақылау  тəсiлiн  пайдалану  мүмкiн  болмағандықтан,  эксперимент 
жасау  əдiсi iске  қосылды.  Бұл  əдiстi  бихевиористер  адам  психикасын  зерттеуге  де
қолданды. 
Бихевиоризмнiң 
жалпы 
əдiснамалық 
алғы 
шарты 
позитивизм-нiң 
философиялық  принциптерiнен  шығады.  Осы  принцип-терге  сəйкес  ғылым  тек  бақылау 
жүргiзiп  отырған  затын  баяндауы  тиiс,  ал  бақылауға  тiкелей  берiлмеген  мəлiмет-термен 
iшкi механизмдердi талдау алдамшы болады. Осыдан барып, бихевиоризм психологиясы 
сананы  емес,  əрекет-қылықты  зерттеуi  керек  деген  негiзгi  тезис  тұжырымдады. 
Бихевиористер  сана  деп  адамның  тек  басынан  кешкен  субъективтi  мағлұматтар 
жиынтығын  айтады.  Сана  сыртқы  дүниенi  бейнелейтiн  мидың  нақты  қызметi  екенiн  олар 
мойындамайды,  сөйтедi  де  психиканың  материалдық  субстратын  құрайтын  ми
физиологиясына қарсы шығады. Бихеворизм теориясын қалаушы - Э. Торндайк. Ал оның 
бағдарламасын жасап, "бихевиоризм" терминiн енгiзген              Дж. Уотсон. Бихевиоризм 
тағлиматының  кризистiк  халге  жетуi - сана,  ойлау,  ерiк  сияқты  негiзгi  ұғымдарды  психо-
логиядан шығарып тастап, психиканың əлеуметтiк жағын ескермеуiнде. 
Гештальтпсихология  (нем.  гештальт - бейне,  құрылым,  бiр  тұтас  форма) - ХХ  ғ. 
бас  кезiнде  Германияда  пайда  болған  идеалистiк  психологияның  бiр  бағыты.  Басты 
өкiлдерi:               М.  Вертхаймер,  В.  Келлер,  К.  Кофман,  К.  Левин.  Гештальт-психология 
механикалық  жаратылыстану  ғылымының  жалпы  дағдарысқа  ұшырауына  байланысты
ассоциативтi психология-ға қарсылық бiлдiру рухында туды. Гештальттылар "элемент-тер 
психологиясына" қарсы əрбiр психологиялық процестiң бiртұтастығы мен өзiндiк сапасын 
жақтады.  Олар  тұтастықты  (гештальт)  элементтерден  тiптi  өзгеше  жаңа,  өзiнiң  iшкi 
заңдылығынан туып, өзгерiп отыратын,  түсiндiрiп болмайтын, тек баяндауға ғана келетiн 
құбылыс  деп  пайымдайды.  Гештальтпсихологияның  тұтастық  идеясы  динамикалық
ситуация мен оның формальды құрылымының бiр бүтiндiгi негiзiнде iс жүзiне асырылды. 
"Гештальт"  ұғымын  алғашқы  ендiрген  Эренфельд.  Оның  айтуынша,  бұл  ұғым  мынадай 
мазмұнды қамтиды: айталық, бiрнеше дыбыс тiтiркендiргiш-терi iркес-тiркес берiлдi дейiк. 
Сонда,  бұл  дыбыстар  бiр-бiрiмен  байланыссыз  əсерлер  ретiнде  қабылданбай,  белгiлi 
құрылымы  бар,  сол  дыбыстардың  "гештальты"  болып  табы-латын  "əуен"  ретiнде 
қабылданады. 
            Гештальтпсихология бағытының осал тарапы психо-логиялық құбылыс бейне мен 
оны  туындататын  нақты  əрекет  арасындағы  байланысты  жоққа  шығарғандығы. 
Гештальттылар ұғымы бойынша бейне тек өз заңдылықтарына бағынатын ерекше мəндi 
құбылыс саналды, оның нақты заттық дүние-мен байланысы сыр күйiнде қала бердi. Осы 
екi   маңызды   категориялардың  (бейне  мен  нақты  дүние)  басын  қосып,  психологиялық 
болмысты  талдаудың  ортақ  жүйесiн  бере  алмағандықтан,  гештальтпсихология  ғылыми 
мектебi соғыс алды жылдарында тарады.

Генетикалық психология. Швейцария ғалымы                  Ж. Пиаженiң генетикалық 
психология  теориясы  психология  ғылымының  кең  өрiс  жайған  бағыттарының  бiрi.  Өз 
зерттеу-лерiн негiзге ала отырып, Ж. Пиаже генетикалық əдiстi психологиялық болмысты 
тануда жетекшi əдiснамалық принцип дəрежесiне көтердi. 
             Өз  зерттеулерiнде  ғалым  бала  ақыл-есiнiң  қалып-тасуына  назар  аудара  отырып, 
ғылыми психологиядағы зерттеулер бала интеллектiнiң дамуын байқаудан басталып, сол 
арқылы ересектердегi интеллект табиғаты мен қызметiн бiлуге болады деп пайымдады. 
            Пиаженiң негiзгi мiндетi адам интеллектiнiң құры-лымын зерттеу. Осы құрылымды 
ол қарапайым органикалық тiршiлiктiң эволюциялық даму барысында жеткен нəтижесi деп 
бiлдi, яғни  интеллекттiк күрделi ақыл-естiң жай психика-лық элементтерден құралатынын 
дəлелдемекшi болды. 
             Пиаже  тұжырымының  ең  үлкен  қатесi - баланың  бiртұтас  дамуын  ескерместен, 
ақыл-естiң  өрiстеу  тұғырын  интеллекттiң  өзiнен  iздедi,  ал  сананы  дамытушы  факторлар 
арасында ол қоғамдық тарихи əрекет болмысына ешқандай орын қалдырмады. 
             Пиаженiң  теориялық  тұжырымдары  жоғары  деңгейдегi  ойлау  қабiлеттерiнiң  көзi 
өткендегi  ой  мүмкiндiктерiнде  болатынын  дəлелдеп  бақты.  Ой  қабiлетi  өзiнен-өзi 
бiтбейтiнiн,  ал  даму  адам  қасиетi  екенiн,  сол  адамның  адамгершiлiк  қасиет  қатысымен 
шыңдалған  сайын  оның  санасының  жан-жақты  дамып,  ойлау  дəрежесiнiң  көтерiлетiнiн 
тiптi көре бiлмедi. 
            Генетикалық психология зерттеулерiндегi ең үлкен олқы-кемшiлiк: интеллект даму 
деңгейiнiң  бiрiнен  екiншiсiне  өтуде  оқудың  маңызы  орынды  бағаланбай,  əлеуметтiк-
қоғамдық фактордың жеке адам қалыптасуындағы мəнi жоққа шығарылды. 
             Фрейдизм  Негiзiн  австриялық  психолог  З.  Фрейд  қалаған,  жеке  адамның  жан 
төркiнiн, дамуын иррациона-лизм (саналы дəлелi жоқ) мен мистика (тылсым құпия) сияқты 
психикалық  факторларды  саналы  əрекетке  тiкелей  қарсы  қоюмен  дəлелдеуге  тырысқан
психологиялық  бағыт.  Алғашқыда  есi  ауысу  сырқатына  тап  болғандарды  емдеу  мен
олардың  сырқатының  табиғатын  түсiндiруге  бағышталған  бұл  iлiм  кейiн  адам  жөнiндегi 
жалпы тағлимат дəрежесiнде ұсынылды. Фрейдизм iлiмiнiң негiзгi сарыны: адам табиғаты  
астар  санадағы  психикалық  күштер  (олардың  iшiндегi  ең  бастысы - либидо  (жыныстық 
құмарлық)  мен  сол  адамға  жау  əлеуметтiк  ортада  тiршiлiк  сақтау  қажеттiгi  арасындағы 
мəңгi өшпес келiспестiк пен арпалыста дамиды, қалыптасады. 
            Қоғам өзiнiң шектеулерiмен адамды күйзелiске түсiредi, оның санаға бағынбайтын 
құмарлықтарын басуға тырысады. Сондықтан бұл көңiл шарпулары жəне сезiм көрiнiстерi 
айналма  жолдармен  невротикалық  белгiлер  түрiнде  жарыққа  шығады  (түс  көру;  қате, 
жаңсақ сөйлеу, жазу; қажет, бiрақ ұнамсыз болғанды ұмыта қалу, ойланбай айтып салған 
оспақ  əзiл,  т.б.).  Осыдан  З.  Фрейд  адам  iс-əрекетiнiң  бəрi  объектив  болмыс  туындатқан 
сана  басқарымында  болмай,  адамның  өзi  сезе  бермейтiн  бейсана-дағы  ықпалдар 
жетегiнде  жүредi  деген  тұжырымды  бетке  ұстайды.  Санада  ешқандай  күш  жоқ,  яғни 
организм  мен  қоғам  адамның  саналы  күтiлмеген  көңiл  шарпуларының  илемiндегi  қамыр. 
Фрейдизм,  ақырында,  адам  қылығы  қоғам-дық  даму  заңдарына  бағынбай,  иррационал 
психикалық  күштер  ықпалында  болуын  дəрiптеуiнен,  адам  əрекетiнiң  бəрi  агрессив,  оны 
тəрбиемен өзгерту мүмкiн емес деген реакцион идеяның арқауына айналды. 
  
  
      3. Батыстық психологияның бүгiнгi  даму бағыты 
             Ашық  дағдарыс  кезеңдерiнде  пайда  болып,  кейiн  елеулi  өзгерiстерге  кезiккен 
айтарлықтай 
маңызды 
теориялық 
бағыттар 
(необихевиоризм, 
неофрейдизм, 
гештальтпсихология) 60 жылдардың  басында  өздерiнiң  бұрынғы  абыройынан  айрыла 
бастады.  Əрекет-қылық  пен  психиканы  түсiндiрудегi  теория-лық  iшкi  қайшылықтар 
олардың негiзгi бастау позицияларын қайта қарастыруды талап еттi. Бұл дағдарыстардың 
аса  бiр  мəндi  себебi - экспериментальды  зерттеулер  мен  теориялар  саласында  жаңа
өнiмдi  көзқарас,  бағыттардың  туындауынан  болды:  танымдық  iс-əрекет  зерттеулерi 
аймағында - когнитивтiк  психология,  гуманистiк  психология,  ми  жөнiндегi  ғылымдар 
шеңберiнде  адам  санасын  зерттеуге  орай - нейро-физиология,  нейроморфология, 
нейропсихология,  қанат жайған жəне бiр бағыт - бұл адам психологиясы едi.

            Осы ғылыми-теориялық бағыттардың қысқаша сипат-тамасына тоқталайық. 
             Қазiргi  заман  психологиясының  аса  маңызды  артық-шылығын  танытқан  ғылыми 
ағым  когнитивтiк  психология  болды. 60-жылдардың  аяғында  АҚШ-та  бұл  бағыт 
бихевиористердiң   əрекет-қылық  талдауында  психологиялық  элементтердi  елемеуi  мен 
танымдық  дамуды  ескермеуiне  қарсылық  бiлдiрумен  ғылым  сахнасына  келген  едi. 
Когнитивтiк  психология  необихевиористер  зерттеулерiнiң  нəтижесiнде  пайда  болып, 
белсендi  мағлұмат  жинау  мен  ақпарат  өңдеушi  адам  организмi  жүйелi  құрылым  деген 
танымды əрi жалғастырды, яғни адам əрқилы ақпараттарға ықпалды əсер етуге қабiлеттi: 
бөтен  таңбалар  формасына  келтiре  алады,  одан  əрi  өңдеу  үшiн  өз  қажетiне  керек 
ақпаратты  бөлiп  алады  немесе  керексiз  мəлiметтi  жүйеден  бүтiндей  аластайды. 
Когнитивтiк  психологияның  көрнектi  өкiлдерi  Дж.  Брунер,  Д.  Норман,  Л.  Фестингер,  Ф. 
Хайдер,     У. Найсер, П. Лиднсей, Г. Саймон. 
             Бұл  бағыттың  бұл  күнде  бiрнеше  салалары  бар.  Солардың  iшiнде  ең  танымал 
болғаны  есептеу  варианты,  мұнда  танымдық  процестер  шектен  тыс  механистiк  негiзде 
түсiндiрiледi: психика сигналдарды өзгерiске келтiрушi тұрақты қабiлетке ие тетiк күйiнде 
қарастырылады.  Əсiресе  таным  процесiндегi iшкi  когнитивтiк  құрылымдар  мен  iзденушi 
организм белсендiлiгiне аса мəн берiледi. 
             Когнитивтiк  психологияның  негiзгi  зерттеу  аймағы  танымдық  процестер - ес,  тiл 
мен  сөздiң  психологиялық  қырлары,  қабылдау,  ойлау,  зейiн,  қиял  жəне  танымдық  даму. 
Бұл  таным  психологиясының  əдiстерi  жеке  адамның  көңiл-күйi  мен  себеп-түрткiлерiн, 
сонымен  бiрге  əлеумет  психологиясын  зерттеуге  де  қолданылды.  Адам  танымының 
барлық  формалары  электрондық  есептеу  машиналарына   ұқсастығымен  ақпарат  жинау 
жəне өңдеудiң бiр iздi блоктары ретiнде бағаланды. Адамның ақпарат өңдеу, сақтау жəне 
пайдалануына  байланысты  танымдық  белсендiлiгiнiң  белгiлi  деңгей  дəрежесiнде 
көрiнетiнi  жөнiнде  пiкiр  пайда  болды.  Ес,  қабылдау  процестерi,  зейiн,  ойлау  мен  оның 
сөзбен не сөзден тыс берiлетiн бiрлiктерi көптеген құрылымдық моделдерге келтiрiлдi. 
             Дегенмен,  когнитивтiк  психологияда  танымдық  процес-тердi  жете  түсiндiре  алған 
тұтас бiр теория қалыптаса қоймады. Субъект проблемасынан алшақ тұрумен, когнитив-
тiк  психология  психикалық  əрекеттiң  иесi  деп  əсерленген  бiр  дерексiз  бастаушыны 
(гомункулюс)  мойындауына  мəжбүр  болды.  Когнитивтiк  психологияның  бұдан  былайғы 
өмiршең-дiгi осы əдiснамалық қиыншылықтан құтылудың жолын табуға байланысты. Оны 
уақыт көрсете жатар. 
            Бихевиоризм  мен  психоанализ  теорияларына  тiкелей  қарсылығымен  танылған  iрi 
бағыттардың  жəне  бiрi - бұл  гуманистiк  психология.  Гуманистiк  психологияның  негiзiн 
қалаушылардың  алдына  қойған  мақсаты - бихевиоризм  мен  психоанализдi 
дəрiптеушiлердiң адам мəселесiндегi ауытқу-ларын орнына келтiрiп, шындыққа жақындау, 
өмiршең  психологияны  таңдап  алу  едi.  Өз  зерттеулерiнiң  объектi  ретiнде  гуманист-
психологтар  салауатты,  шығармашыл  жеке  адам  түсiнiгiн  таңдады.  Мұндай  мiндеттi  бұл 
уақытқа  дейiн  ешбiр  психологиялық  ғылыми  мектеп  өз  мойнына  артқан  емес  едi.  Бұлар 
талдауындағы  жеке  адамның  мақсаты - өзiн-өзi  кемелдендiру  жəне   мүмкiндiктерiн  өз 
күшiмен ашып, жая бiлу. 
             Гуманистiк  бағыт  көрнектi  өкiлдерiнiң  бiрi  Абрахам  Маслоу  едi.  Ол  жеке  адам 
психологиясын есi ауысқандарды зерттеумен бiлу мүмкiн еместiгiн қадап айтқан. Маслоу 
адам iс-əрекетiнiң, адамның мiнезi мен қылығының негiзi сол адамның өзiн-өзi таныту мен 
өз  мүмкiншiлiктерiн  ашуға  деген  ынта-ықласында  деп  есептеген.  Өз  мүмкiншiлiктерiн 
ашуға   деген  қажеттiлiк  бiрнеше  қызметпен  байланысты.  Бiрiншiден,  мұндай  гуманистiк 
қажеттiлiк - адамдарға,  қоғамға  тек  жақсылық  келтiруге  ұмтылу  (адам  табиғатынан 
қайырымды).  Ч.  Дарвин  теориясын  өзiнше  түсiндiрген  Маслоу,  тек  жыртқыш  та  күштi 
хайуанаттар  ғана  өмiр  сүруге  бейiмдi  деген  Ч.  Дарвиннiң  ұйғарымымен  келiспей,  бұл 
жануардың  негiзгi  инстинктi  еместiгiн  дəлелдеуге  тырысты:  тоқ  арыстан  көрiнгенге  тап 
бермейдi.  Оның  жыртқыштығы  икемденудiң  амалсыз  құралы.  Маслоу  жануардағы  өз 
ұрпағын  жалғастыруға  деген  инстинкт  адамдағыдан  бiрде  кем еместiгiн,  ал сол инстинкт 
оларды бiр-бiрiне көмектесуге мəжбүрлейтiнiн талай баса айтқан. 
             Екiншiден,  адам  өз  болмысына  орай  кемелденуi  тиiс,  яғни  адам  өзiнiң  барша 
мүмкiндiктерi  мен  қабiлеттерiн  орнымен  пайдаланып,  өзiне  жүктелген  жоғары 

адамгершiлiк  борыштарды  атқаруға  мiндеттi.  Ал  мұндай  мiндеттi  атқару  қажеттiлiгi, 
Маслоуше,  тек  денi  сау,  салауатты  адамдарда  туындайды.  Есi  кеткендер  мен  жүйке 
сырқатына  шалдық-қандар  өз  алдына  мұндай  талап  қоя  алмайды.  Сырқаттың  өзi  де 
адамның  осы  өз  мүмкiншiлiктерiнен  дұрыс  та  толық  пайдалана  алмай,  қанағаттану 
рахатына бөленбегенiнен болып отыр. 
             Гуманистiк  психология  тұжырымының  өзегi:  адам  өз  бойында  алғашқыдан 
қаланған, қолынан келетiнiнiң бəрiн жүзеге шығаруы тиiс. Егер онда құрттайынан актерлiк 
байқалса   ол  актер  болуға  ұмтылуы  тиiс,  ойлау  қабiлетi  дамыған  болса   ғалым  болуға 
тырысуы  қажет.  Егер  адам  осыны  iстемесе,  өмiр  жағдайлары  бұған  кедергi  жасайтын 
болса, "болуы  тиiс  едi,  неге  болмады?" - деген  шешiмiн  таппай,  өз  бойы  мен  ойын-дағы 
бiтпес дау-дамайға тап болып, жүйке сырқатына кезiгедi. 
            Өз мүмкiншiлiгiн ашудың мəнi не? Маслоу пiкiрiнше, бұл - тума құбылыс, адамның 
табиғи  қасиетi.  Əрбiр  адам  қайырымдылық,  адамгершiлiк,  тiлектестiкке  деген  қажетсiну-
мен дүниеге келедi. Бұлардың бəрi адам өзегiнде, оның мiндетi осы гуманистiк қажеттердi 
iске  асыруда  белсендiлiк  көрсету.  Осы  идеясымен  Маслоу  фрейдистер  көзқарасына
тiкелей қарсы шықты (Фрейд адамның əлеуметтенуiн оның негiзгi инстинктерiне шек қою 
деп бiлдi). 
             Маслоу  бiрiнен  бiрiне  күрделене  ауысып  отыратын  адам  қажеттiлiктерiн  жiктеп, 
көрсетiп  бердi: 1) физиология-лық  қажеттiлiктер, 2) қорғаныс  қажеттiлiктерi, 3) қорек-
тағамдық  қажеттiлiктер;    осылардың    бəрiнен    жоғары  адамгер-шiлiк  (гуманоидтық) 
қажетсiнулер,  яғни 4) шындық,  қарапайымдылық,  əдiлдiктi  керек  ету.  Мiне,  осылардың 
бəрi  өз  мүмкiншiлiктерiн  өз  белсендiлiгiмен  iске  асыруына  байланысты  адамда  көрiнетiн 
жалпы  қажеттiлiктердiң  мазмұнын  құрайды.  Қажеттiлiктерге  орай  Маслоудың  осы 
тұжырымының бiз үшiн аса қызықты тарапы: өзiндiк кемелдену адамға тума дарығанына 
қарамастан,  алдыңғы  үш  топ  қажеттiктер  орындалған  жағдайда  ғана  шын  мəнiндегi  өз 
көрiнiсiн бередi. Дұрыс тұжырым, алайда Маслоу тағлиматы-ның кемшiлiгi де осы пiкiрде: 
егер кей адамдардың алғы үш топ қажеттiктерге орай қанағаттануы болмаса, онда əдiлдiк, 
өз  қадiрiн  бiлу,  сыйластық  құсаған  гуманистiк  қажеттiктер  қалай  қалыптасады?  Бұл  жағы 
Маслоу теориясында жұмбақ. Маслоу антропологиялық бағдар шырмауынан шыға алмай, 
қажеттiктердiң əлеуметтiк қорына мəн бермедi. 
             Маслоу  теориясының  басты  кемшiлiгi - оның  биоло-гизаторлық  пiкiрден  аса 
алмағандығында,  əлбетте,  бiздiң  қайырымды,  игiлiктi  болып  дүниеге  келетiнiмiз,  жаман 
болу  бiздiң  еркiмiзде  еместiгi - əрқайсысымыздың  да  көңiлiмiзге  қонымды.  Бiрақ 
инабаттылық қасиеттерi табиғаттан берiлмейтiндiгiн мойындаған жөн: қайырымды болып 
та  туылатын  адам  жоқ,  жатырынан  жауыз  болатын  да  пенде  əзiрге  көргенiмiз  жоқ. 
Бұлардың  бəрi  өмiр  барысында  қалып-тасады.  Адамгершiлiк,  этикалық  қасиеттердi  тума 
құбылыс деп тану - биологиязациялық дағдарысқа тiрелудiң басы. 
  
4. Ғылыми психологияның принциптерi мен  
жалпы зерттеу əдiстерi  
1923  жылы  бiрiншi  Психоневрологиялық  съезд  шақырылып,  онда  психологияның 
мiндетi  қабылданған  болатын.  Орыс,  кеңес  психология  ғылымының  бой  көтеруiне  еңбек 
сiңiрген ғалымдар: Б. Г. Ананьев, П. П. Блонский,             А. С. Выготский, А. В. Запорожье, 
К. Н. Корнилов,                   А. Н. Леонтьев, А. Р. Лурия, С. Л. Рубинштейн,                         А. 
А.  Смирнов,  Б.  М.  Теплов,  Д.  Н.  Узнадзе  жəне  басқалар  болды.  Кеңестер  Одағының 
психологиялық  ой  орталықтары  Москва,  Киев,  Тбилиси  қалаларындағы  психологиялық 
ғылыми-зерттеу  институттарында,  сондай-ақ  университеттер  мен  педагогикалық
институттардың психология кафедраларында болды. 
             Психология  ғылымының  негiзгi  принциптерi 30-жылдары  жүйелестiрiлдi.  Олардың 
iшiнде  негiзгiлерi:  детер-минизм  принципi,  сана  мен  iс-əрекет  бiрлiгi  принципi,  даму 
принципi. 
Детерминизм  принципi  бойынша  əрқандай  психикалық  құбылыс  өмiр  салты, 
қоршаған  орта  əсерлерiне  орай  пайда  болады,  тiршiлiк  жағдайының  ауысуымен  психика 
да өзгерiске  келедi. Хайуанаттар психикасының дамуы табиғи сұрыптаумен  айғақталады
да,  ал  адам  санасының  дамуы   -   түпкiлiгiнде  қоғамдық  даму  ережелерiмен,  өндiрiс 

əдiстерiнiң  даму  заңдарымен  анықталады.  Сонымен,  психиканың  адам-дық 
қасиеттерге тəн ерекшелiктерi мен сананың пайда болуын жəне дамуын ғылыми тұрғыдан
зерттеуге нақты негiз қаланды. 
            Психологиялық құбылыстарды себеп-салдарлы негiзде қарастырудан интроспектiк 
əдiснама  жəне  оның  зерттеу  əдiстерi  ғылым  сахнасынан  ығыстырыла  бастады.  Ендi 
психика  өзiмен  өзi  тұйықталған  құрылым  емес,  ол  сыртқы  əсерлердiң  себебiнен  пайда 
болған құбылыс, ал оның салдарлы мəнi тысқы iс-əрекетте көрiнiс бередi деген тұжырым 
үстем  болды.  Өздiк  бақылау  орнына  объектив  əдiс  қолданымын  тапты.  Бұл  əдiс 
психологиялық  зерттеулерде             а)  адамға  əсер  етушi  факторды  анық  бiлуге;  б)  осы 
əсерлердiң  сандық  жəне  сапалық  сипаттамасын  беруге;  в)  тысқы  жауап,  əрекет-
қылықтарды белгiлеп қалуға; г) тiтiркендiргiш ықпал-дарды салыстыруға мүмкiндiк бердi. 
             Детерминизм  принципi  психикалық  процестердiң  табиғи  механизмдерi  қоғамдық-
тарихи  факторлардың  ықпалымен  өзгеретiнi,  яғни  адамның  психикалық  дамуына  оның 
адамзат  мəдениетi  өнiмiн  игеруi,  қоғамдық  қаты-настарға  араласуы  маңызды  ықпал 
жасайтыны жөнiндегi концепцияға негiз болды. 
            Осы принцип негiзiнде қалыптасқан кеңес психо-логиясының жəне бiр жаңалығы -
қоршаған  ортамен  қатынаста  тысқы  дүниеге  қарсы  тұратын  жай  саналы  адам  емес,  ол 
жасампаз,  объектив  дүниенi  белсендi  қабылдаушы,  керек  болса  өзгертушi  адам. 
Əлеуметтiк  ықпалдарды  қабыл-дау,  мəдениет-руханият  туындыларын  игеру  адамның 
сыртқы  дүниемен  белсендi  араласуында,  оның  iс-əрекетi  процесiнде  жүзеге  келедi. 
Психология  теориясы  мен  практикасында  детерминизм  принципiнiң  iске  асуы  психика 
дамуы, оқу мен тəрбие проблемасының шешiлуiне негiз болды. Осыған орай психикалық 
дамуға ықпал жасаушы күштер жөнiндегi мəселе үлкен маңыз алып, даму теориясындағы 
детерминизм табиғатын түсiну осы мəселенiң шешiмiне тəуелдi болды. 
             Психикалық  дамудың  қозғаушы  күштерiн  сипаттау  үшiн  детерминизмдi  бiрiздi 
қолдану  процесiнде  психологтар  əрдайым  психика  дамуында  биологиялық  жəне
əлеуметтiк  факторлар  ара  қатынасы, iшкi  заңдылықтар  мен  сыртқы  əсерлердiң 
байланысы,  даму  мен  оқудың  сабақтастығы  жөнiндегi  сұрақтарға  кезiге  бердi.  Бұл 
мəселелердiң  көбi  əлi  өзiнiң  нақты  шешiмiн  таппағанымен,  олардың  бiртарапты 
материалистiк негiздемесiнiң қабылдануы психика дамуының себеп-салдарлық принципiн 
ұстанғаннан болып отыр. 
            Психологиядағы детерминистiк бағыттың iске асуы-ның жəне бiр жолы психиканың 
ми  қызметiне  қатынасты  мəселе  екенi  жөнiндегi  шешiмiнен.  Детерминизм – психика-лық 
құбылыстарды түсiндiруде физиологиялық заңдылық-тарды қолданудың негiзi болды. 
             Алғашқы  кеңес  психологиясында  детерминистiк  бағыт  арнайы  принцип  ретiнде 
қарастырылмаған  едi. 50 жылдары     С.  Л.  Рубинштейн  бұл  принцип  рөлiне  баса  мəн 
берiп,  оның  əдiснамалық  маңызы  барын  тұжырымдап,  алға  тартты.                    С.  Л. 
Рубинштейн  детерминизм  принципiн  психикалық  құбылыстардың  табиғаты  мен  мəнiн 
талдау  үшiн  қолданып,  психикалық  құбылыстарды  материалдық  дүниемен  өзара
байланыста қарастырды.           
Каталог: repository -> history
history -> С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009
history -> М. Б. Әмірханов ¤. Д. Сандықбаева
history -> Анықтамалық қолданба Пікірлер Ұғымдар
history -> Айг‰л Аязбайқызы Жумадуллаева
history -> Графикалық компьютерлік модельдеу
history -> Мәшімбаев С. М. Еуропа және америка
history -> Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы
history -> Булгакова Д. А
history -> Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет