Сəбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев)


 Жануарлардың интеллектiк қылық-əрекетi



жүктеу 1.88 Mb.
Pdf просмотр
бет5/24
Дата29.12.2016
өлшемі1.88 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

4. Жануарлардың интеллектiк қылық-əрекетi 
            Эволюциялық сатының шыңында тұрған омыртқа-лыларда əсiресе приматтарда –
"интеллектуалды  қылық-əрекет"  деп  белгiленген  жеке  ауыспалы  қылықтың  жаңа 
формасы  туындады.  Бұл  психикалық  құбылыстың  ерекшелiгi.  Мұндай  жағдайға 
байланысты  қажеттi  бағыт-бағдар  таңдау,  сынама  байқау  қозғалыстарымен  қабаттасып
келмей,  олардың  алдында  жүргiзiле  бастайды.  Осыдан  жануардың  бұдан  былайғы 
əрекетiн  күнi  бұрын  болжастыратын  жаңа  айрықша  (қарапайым  қозғалысты  өз  iшiне 
қамтыған),  күрделi  психикалық  əрекет-қылық  формасы  бөлiнiп  шықты.  Сонымен, 
эволюциялық  дамудың  ең  жоғары  кезеңдерiнде  құрылымды  əрекеттiң  күрделi  түрлерi 
қалыптаса  бастайды:             а)  кезiккен  мiндеттердiң  шешiлу  жолын  тауып  берушi, 
бағытталған  зерттестiру  əрекетi;  б)  мақсатқа  жету  үшiн  қажет  икемдi,  ауыспалы  қылық 
бағдарламасын түзу, яғни орындал-ған iстi бастапқы ниетпен салыстыру. 
            Бұл күрделi əрекет құрылымына тəн сипат өзiн-өзi реттеп, басқара алуы, яғни, егер 
бастаған  əрекет  қажеттi  мақсатқа  жетсе,  онда  ол  тоқтатылады,  ал  белгiленген  iс 
орындалмайтын болса, жануар миына тиiстi сигналдар берiлiп, мəселенi шешудiң жолын 
iздестiру қайта басталады. 
            Жануарлардың бұл қылық формасынан екi маңызды құбылысты байқауға болады: 
а)  экстраполяциялық  рефлекс  (құбылыстың  бiр  бөлiгi  бойынша  жасалған  қорытындыны 
сол  құбылыстың  екiншi  бөлегiне  ауыстыра  бiлу);   б)  естiң  күрделi  түрлерiнiң  дамуы. 
Осыдан  кейбiр  жануарлар  өз  қылық-əрекетiнде  заттың  тiкелей  қабылдануымен  шектелiп 

қоймастан,  сол  заттың  қозғалысын  бақылай  отырып,  мүмкiн  болар  өзгерiстi  алдын-ала 
тануға  қабiлеттi.  Алдын-ала  бiлу  əрекет-қылығының  айрықша  формасына  ие 
экстраполяциялық  рефлекс  жеке  ауыспалы  қылықтың  жоғары  интеллектуал  түрлерiнiң 
туындауына негiз болды. 
            Интеллекттiк əрекет-қылықтың пайда болуына жағ-дай жасайтын жəне бiр фактор -
бұл қабылдау процесiнiң күрделене беруi мен ес берiктiгiнiң ұлғайуы. Мысалы, бiр көрген 
затын  тышқан   10-20  сек.  дейiн,  ит 10 мин.  дейiн, маймыл 16-48 сағ.  дейiн есiнде сақтау 
мүмкiндiгiне ие екендiгi дəлелденiп отыр (В. Келлер). 
             Интеллектуалды  əрекеттiң  негiзi,  қазiргi  заман  зерттеулерi  бойынша,  əрқилы 
заттар  арасындағы  күрделi  қатынастарды  танып,  бейнелей  алуда.  Жануар  (жоғары 
дамыған) табиғат нысандарының өзара байланыстарын сезе отырып, кезiккен жағдайдың 
нəтижесiн алдын-ала бiлуге қабiлеттi                         (И. П. Павлов). 
             Сонымен,  сүтқоректiлерге  тəн  интеллектуалды  қы-лық-əрекет  адам  кейiптес 
маймылдарда ерекше дамуға жетiп, психика өрiстеуiнiң ең жоғары шегiн белгiледi. Бұдан  
əрi  тек  адамға  тəн,  жаңа  типтегi,  тiптi  басқаша  психика  əлемiнiң  адам  санасының даму 
тарихы  басталады.  Адам  санасының  бастауларын жануар  психикасының ұзақ та күрделi 
даму процесiнде байқаймыз. Егер осы даму жолына тұтастай назар салатын болсақ, оның 
негiзгi  кезеңдерi  мен  басқарылу  заңдылықтарын  айқын  болжау  мүмкiн.  Жануарлар 
психикасының  дамуы  олардың  биологиялық  эволюциясымен  бiрге  жүрiп,  осы  процестiң 
жалпы  заңдарына  бағынады.  Психикалық  кемелденудiң  əрбiр  жаңа  басқышы  жануарлар 
тiршiлiгiнiң  соны  тысқы  шарттарына  орай  пайда  болып,  олардың  дене  құрылымының 
күрделенуiнде жаңа қадам iспеттi. 
            Бiршама күрделi ортаға бейiмделуден жануарлардың өте қарапайым жүйке жүйесi 
мен  арнайы  сезiмдiк  мүшелерi-нiң  жiктелуi  басталды.  Осы  негiзде  ортаның  айырым
қасиеттерiн  бейнелеу  қабiлетi  қарапайым  сенсорлық  психика   пайда  болды.  Ол  өз 
кезегiмен жануарлардың құрлық тiршiлiгiне өтуi,  осыдан бас миы қабығының дамуы өмiр 
субъектiсiне  заттарды  тұтастай  бейнелеуге  мүмкiндiк  берген  перцептивтiк  психикамен 
ауысты.  Ақырында,  қабылдау  жəне  қозғалыс  органдарының  жетiле  түсуiне,  мидың  одан 
əрi  күрделенуiне  ықпал  еткен  тiршiлiк  шарттарының  қиындасуы  жануарларда  заттардың
объектив  арақатынастарын  заттасқан  əрекет  тобы  түрiнде  сезiп,  қабылдау 
мүмкiндiктерiнiң  туындауына  себепшi  болды.  Сонымен,  психика  дамуы  жануардың 
қоршаған  ортаға  бейiмделу  қажеттiгiмен  анықталады  да,  психикалық  бейнелеу  осы 
бейiмделу барысында қалыптасқан тиiстi тəн мүшелерiнiң қызметi. Жоғарыда сипатталған
барша психикалық құбылыс-тардан өзгеше, басқаларға ұқсамас, өзiне тəн белгiлерiне ие 
бейнелеу формасы бұл - адам санасы. Бұл - ең жоғары даму сатысының белгiсi сананың 
пайда болуы психиканы басқара-тын заңдардың өзгеруiмен өзектес. Егер тiршiлiк əлемiнiң 
барша  тарихында  психиканың  даму  заңдылықтарына  бас-шылық  еткен  жалпы 
биологиялық эволюция заңдары болса, адам психикасының дамуы қоғамдық-тарихи 
даму заңдарымен түсiндiрiледi. 
  
Қайталау жəне бекiту сұрақтары     
1.  Психиканың пайда болуына байланысты теориялық көзқарастар қандай? 
2.   Тiршiлiк  иелерiндегi  психикалық  бейнелеудiң  кезеңдерi  мен  деңгейлерi  қай  сипатта 
болды? 
3.  Психика дамуында жүйке жүйесiнiң рөлi жəне оның дамуы мен жетiлуi қалай өттi? 
4.   Инстинктiк  əрекет  формаларының  сипаты,  пайда  болуы  мен  мүмкiндiктерi  қай 
дəрежеде? 
5. Жануардың жеке ауыспалы, дағдылы əрекет қылығының пайда болу себептерi қандай? 
6. Интеллектiк əрекеттердiң ерекшелiктерi неде?

4-дəрiсбаян
 
  
 САНА ЖƏНЕ ӨЗIНДIК САНА
 
  
Жоспары:   1. Жануарлар мен адам психикасындағы айырмашылықтар. 
                        2. Еңбек жəне саналы iс-əрекет. 
                        3. Тiл жəне адам санасы.  
4. Сана жəне бейсана. 
5. Өзiндiк сана 
  
1. Жануар мен адам психикасындағы   
айырмашылықтар  
            Сонымен, тiршiлiк дамуы қоршаған болмыс, дүниенi бейнелеудi қамтамасыз етуге 
арналған жануарлардың тəн құрылымын пайда етiп, сол қызметке қажеттi ағзаларды жiкке 
салды.  Бейнелеу  қызметiнiң  сипаты  неге  тəуелдi?  Нелiктен  бiр  жағдайда  ол  жеке
қасиеттердi  қабылдайды  да,  екiншiсiнде  затты  тұтастай  бейнелейдi?  Бұл  жануарды 
қоршаған  дүниемен  байланыстыратын  сол  жануардың  əрекет-қылығының  объектив
құрылысына  тəуелдi.  Тiршiлiк  жағдайы-ның  өзгермелiлiгiне  жауап  бере  отырып, 
жануардың  дене  құрылысы  мен  əрекетi  де  өзгерiске  келедi,  соның  салдарынан 
психикалық  бейнелеудiң  жаңа  формаларының  туындауына  себепшi  тəн  мүшелерi  мен 
олардың  қызметi  өзгерген  биологиялық  талаптарға  орай  икемдеседi.  Жануар  психикасы 
мен əрекетiнiң жəне адам iс-əрекетi мен санасының сапалық ерекшелiктерi төмендегiдей: 
             1.  Жануарлар  əрекет-қылығының  бəрi  адам  iс-əре-кетiнен  өзiнiң  тiкелей 
биологиялық, табиғи сипатымен ажы-ратылады, яғни жануар əрекетi тек тiршiлiкке қажет 
затқа  байланысты  өрбiп,  табиғатта  болған  инстинктiк  қатынас  шеңберiнен  аса  алмайды. 
Осыған  орай  тiршiлiк  иесiнiң  шындықты  психикалық  бейнелеу  мүмкiндiгi  шектелiп,  өзiне 
биологиялық тараптан қажет болған заттардың қасиеттерi мен сапаларын ғана қабылдау 
қабiлеттерiне  ие.  Сондықтан  да  жануарларда  заттарды  сол  күйiнде  тұрақты,  объектив 
бейнелеу  тəсiлi  қалыптаспаған.  Қоршаған  ортаның  барша  заттары  олар  үшiн  инстинктiк 
қажет аймағында ғана танылуы мүмкiн. 
             2.  Жануардың  өзi  тектес  тiршiлiк  түрлерiне  қатынасы  басқа  тысқы  объекттерге, 
нысандарға  қатынасынан  бөлек-тенбейдi,  яғни  жануарларда  қоғамдық  сезiмнiң 
болмауына  байланысты  бұл  қатынас  та  биологиялық  инстинкт  си-патында  болады. 
Жануарларда  шын  мəнiндегi  еңбек  бөлiсi  атымен  жоқ,  ал  олардың  əртүрлi  қызметтi 
шеберлiкпен орындай алуы табиғи жағдай қажеттiлiктерiне орай тума берiлген қасиет. 
             3.  Жануарлардың  өзара  қатынас  түрлерi  олардың  "тiлiндегi"  ерекшелiктердi  де 
анықтап  отырады.  Көбiне  жа-нуарлар  бiр-бiрiне  дыбыстар  көмегiмен  əсер  етедi.  Мұндай 
процестiң адамдардың тiлдесу қатынастарына ұқсастығы қандай? Əлбетте, қандай да бiр 
сыртқы  ұқсастық  бар.  Бiрақ  олар  iшкi  мағыналық  тарапынан  бiр  бiрiнен  мүлде  басқаша. 
Адам  тiлдесу  барысында  объектив  мазмұнды  бiлдiрiп,  өзiне  қаратылған  ауызша  сөздi 
əншейiн бiр дыбыс ретiнде қабылдап қоймастан, қоршаған болмыс шындығын бейнелеген 
ақпарат  деп  таниды.  Ал  жануарлардың  дыбыстық  əрекетi  белгiлi  мазмұнға  сай 
сараланбай,  барша  биологиялық  қажеттiлiктiң  бəрiне  бiрдей  қолданылады  (коректi 
қажетсiну, үрку, қорғаныс т.б.) да, инстинктiк, тума бекiген қылықтар шегiнен аса алмайды.
            Адамның санасының пайда болуы мен оның сипаты психика дамуының ең жоғары, 
жаңа  сатысынан  дерек  бередi.  Жануарларға  тəн  психикалық  бейнелеуден  саналық
бейнелеудiң айырмашылығы бұл заттасқан шындық болмысты бейнелеу. Iшкi психикалық 
құбылыстардың   болуы,  əлемнiң  субъектив  бейнеге  енуi  адам  психикасының  мəңгi 
зерттелетiн сыры (А. Н. Леонтьев). 
             Сана  психикасының  ерекше  сапалық  формасы  тiр-шiлiк  эволюциясында  өзiнiң 
ұзаққа  созылған  тарихына  ие  болғанымен,  ол  алғашқы  рет  еңбек  пен  қоғамдық  қаты-
настарға  түскен  адамда  ғана  пайда  болды.  Адамның  саналы  əрекетiнiң  үш  айрықша
белгiсi  бар.  Олар: 1) адамның  саналы  iс-əрекетi  биологиялық  себеп-салдармен 
байланысы  жоқ.  Кейбiр  жағдайларда  адам  биологиялық  қажеттiкке  бойұсын-бай,  оған 
қарсы  шығады.  Мысалы,  ерлiк  пен  жан  пидалылық-қа  бару; 2) Адамның  саналы  əрекетi 

жануарлардағыдай заттың сыртқы көрiнiсiмен ғана қанағат-танбастан, оны тереңiрек, жан-
жақты  тануға  бағытталады.  Адам  нақты  көрнекiлiктен  абстрактық  бейнелеуге  өтiп, 
объектердiң  астарлы  байланыс-тарына  үңiле  көз  жiберiп,  тысқы  бейне  формасын  ғана 
емес,  тереңдегi  заңдылықтарын  тануға  ұмтылады  да  соларға  орай  өз  əрекет-қылығына 
бағыт  таңдайды; 3) Жануар  əрекет-қылықтары  биологиялық  байланыспен  бiрге,  туа 
берiлiп  отырса,  адамның  бiлiктерi  мен  ептiлiктерi  қоғамдық-тарих  желiсiнде  топталған 
адамзаттық  тəжiрибенi  игеру  үйрену  негiзiнде  қалыптасып,  олар  оқу  арқылы  ұрпақтан 
ұрпаққа  жеткiзiледi.  Яғни  адам  иелiгiндегi  əрекет-қылық  тəсiлдерi  оның  өз  тəжiрибесiнiң 
өнiмi  емес,  өткен əулеттiң  тарихи-қоғамдық  iс-əрекетiн  игеруден.  Адамдағы  бұл  құбылыс 
жануарлар болмысында тiптi де болуы мүмкiн емес. 
            Жануар қылығынан мүлде өзгеше, адамның саналы əрекетiн қалыптастыратын 
шарттар: 1) тiршiлiктiң  əлеуметтiк-тарихи  сипаты; 2) өмiрдiң  қоғамдық  еңбекпен 
байланысы;                   3)  еңбек  құралдарын  дайындап,  пайдалана  бiлу; 4) тiлдiк 
қатынастың пайда болуы. 
  
2. Еңбек жəне саналы iс-əрекет  
Сана - адамның  барша  психикалық  қызметiне   ортақ  қасиеттi  бейнелеудiң  ерекше 
формасы. 
             Адамның  жануардан  түпкi  ерекшелiгi  ол  қаруды  қолданып  қана  қоймастан,  оны 
дайындау  қабiлетiне  ие.  Қару  дайындаудың  өзi-ақ  ежелгi  адамның  iс-əрекетiн  түбегейлi 
өзгертiп  жiбердi.  Қару  дайындау  үшiн  болған  əрекет  ендi  биоло-гиялық  қажеттiлiкпен 
(корек,  жем  қабылдау)  ғана  анықтал-майды.  Бұл  тұрғыдан  ол  қажетсiз,  ал  қару 
дайындаудың  шын  мəн-мағынасы  кейiнгi  аң  аулау  қажеттiлiгiнен  туындайды,  яғни  бұл  iс 
орындалып  жатқан  əрекеттiң  тəсiлiн  бiлумен  ғана  емес,  сол  қарудың  болашақта 
қолданылуын  болжай  алуға  да  байланысты.  Қару  дайындаудың  қажеттi  шарты  бола 
тұра, сол бiлiк (болжастыру) сананың ең алғашқы көрiнiсi ретiнде танылады, яғни саналы 
iс-əрекеттiң бiрiншi формасы.  
             Қару  дайындауға  бағытталған  iс-əрекет  адамның  қылық  құрылымын  түбегейлi 
қайта қарастыруға алып келдi. Жануар қылығы өз қажеттiгiн қанағаттандырудан əрi асқан 
емес.  Ал  қару  дайындаушы  адамның  əрекет-қылығы  күрделi  сипатқа  ие  болды.  Тiкелей 
қажеттiлiк  қанағаттандыруға  бағытталған  əрекет  iшiнен  мағынасы  болашақта  ғана 
көрiнетiн арнайы əрекеттер бөлiнiп шықты. 
  
3. Тiл жəне адам санасы 
            Адамның күрделi құрылған саналы əрекетiнiң қа-лыптасуына себепшi болған екiншi 
шарт - бұл  тiлдiң  туындауы  едi.  Тiл  деп  қоршаған  дүние  заттарын,  олардың  əрекетiн, 
сапасын  жəне  объектiлер  арасындағы  қатынастарды  бейнелейтiн  белгiлер  жүйесiн 
айтамыз.  Сөз  сөйлеуге  қосыла,  тiлдесудiң  негiзгi  құралына  айналды,  соның  арқасында 
адам ақпарат топтайды, бiлдiредi, адамдар əулетiнiң тəжiрибесiн үйренiп, игередi. Тiлдiң 
келiп  шығуы  жөнiнде  талай  болжам-дар  мен  теориялар  айтылған.  Бiреулер  оны  рухани 
өмiр  көрiнiсi  дей  келе,  бiр   Алланың  iсi  деп  таниды.  Екiншiлер  тiлдi  тiршiлiк  дүние 
эволюциясының нəтижесi деп қарастырады. Ал, ендi ғылыми түрде алатын болсақ, тiлдiң 
шығу негiзiн адамның қоғамдық еңбек қатынастарынан iздеген жөн. 
             Тiл  алғашқыда  адамдарың  еңбек  процесiнде  қарым-қатынас  жасау  қажеттiлiгiне 
байланысты  қалыптасты.  Бiрлiктi  тұрмыстық  iс-əрекетке  қатысты  екiншi  бiреуге  көңiл-күй 
ғана  емес,  еңбекке  байланысты  заттар  жөнiнде  де  ақпарат  бiлдiру  қажеттiгi  туды. 
Ақпараттардың осы алғашқы белгiлерi: интонация, ишаралар жəне қарапайым дыбыстар 
болды.  Тек  көп  мыңдаған  жылдардың  өтуiмен  дыбыс,  тiл  жалпы  əрекеттен  бөлiнiп, 
дербестiгiне жеттi. 
             Тiл - заттарды,  олардың  қозғалысы,  сапасы  жəне  қатынастарын  бiлдiретiн 
таңбалар  жүйесi,  ақпарат  жеткiзушi  құрал  ретiнде  адамның  саналы  əрекетiнiң  бұдан 
былайғы  өркендеуiнде  үлкен  маңызға  ие  болды.  Осыдан  тiл  де,  еңбекпен  қатар,  сана 
қалыптасуының негiзгi себептерiнiң бiрi. 
            Тiлдiң адам өмiрiне енуi iс-əрекетке өте мəндi болған үш өзгерiс енгiздi: 
-қоршаған орта заттары мен оқиғаларын жеке сөздер мен сөйлемдерге келтiрiп, тiл 

сол заттарды бөлiп алып, оларға назар салып, есте қалдыруға мүмкiндiк бердi, яғни 
тiл бiз танитын дүниенi екi есе көбейтiп, ол жөнiндегi ақиқатты жадқа бекiту мен адамның 
iшкi жан-дүние бейнелерiн түзуге жəрдемдестi; 
-тiлдегi  сөздер  белгiлi  заттарды  атап  қана  қоймастан,  олардың  мəндi  қасиеттерiн 
абстракт  танып,  қабылданушы  затты  тиiстi  категорияларға  жатқызуға  көмек  бердi. 
Осыдан,  тiлге  байланысты  дерексiздену мен қорытындылау процесi қамтамасыз етiлiп, 
сөз ендi тек тiлдесу құралы ғана емес, бейнелеудiң сезiмдiк дүниеден ақыл-сана əлемiне 
келтiрiлген ойлаудың да жабдығына айналды; 
-тiл  адамзаттың  қоғамдық  тарихында  жинақталған  ақпаратты  жеткiзудiң  бiрден-бiр 
құралы. Ғасырлар өтуiмен қоғамдық тарихи тəжiрибедегi күрделенген ақпаратты ұрпақтан 
ұрпаққа  жеткiзумен  тiл  адамға  сол  тəжiрибенi  игерiп,  жеке  басының  қолынан  келмейтiн 
бiлiм,  ептiлiк  пен  əрекет  тəсiлдерiн  үйренiп  алуына  жол  ашты.  Осыдан  тiлдiң  пайда 
болуымен  адамда,  жануарларда  болып  көрмеген,  психикалық  дамудың  түбегейлi  жаңа 
типi өрiстедi, тiл сана дамуының ең маңызды, шынайы құралы болды. 
            Тiл адамның саналы iс-əрекетiнiң барша саласына қатысуымен, оның психикалық 
процестерiнiң ағымын жаңа деңгейге көтердi. Сондықтан да, тiл мен сөздi адамның бүкiл 
саналы өмiрiнiң арқауы деп қараса да артық болмас. 
            Сонымен, сана өзiмен қатар еңбек барысында пайда болған тiлмен бiрге жасайды, 
тiлсiз  сана  жоқ.  Сана  адамның  барша  психикалық  қызметiне  ортақ  қасиеттi  бейнелеудiң 
ерекше  формасы.  Бүкiл  психикалық  əрекеттердiң  бiр-бiрiне  ықпалды  əсерiнiң  дамуы 
адамның  қоршаған  дүниенi iштей  бейнелеуiн  қамтамасыз  етiп,  оның  дерексiз  моделiн 
түздi. 
             Жоғарыда  айтқанымыздай,  жануарлар  психикасы  олардың  сыртқы  жағдайларға
икемдесу  əрекеттерiнiң  бары-сында  дамып  барады,  ал  адамдардың  дамуы  мен  өмiрдi 
қайта  жаңғыртуы  табиғатты  қайта  түрлендiру  процесiнде  iске  асады.  Психологияны 
қызықтыратын  жеке  сана  қоғамдық  санамен  бiртұтас  байланыста  қалыптасып,  өрiстеп 
барады.  Əрбiр  тұлға  бейнелеудiң  саналық  формасын  қоғам  өмiрiне  нақты  ара-ласуымен 
игередi: адам ретiнде ол өмiрден тыс, қоғамдық қатынас-тарынсыз жасай алмайды. Осы 
жасау формасына өтпей, ол адам қоғам мүшесi, азамат деңгейiне көтерiле алмайды. 
             Қорыта  айтсақ,  сана  психиканы  бiрiктiрушi  ең  жоғары  өмiр  əрекетi  формасы, 
адамның  еңбек  əрекетiне  орай  басқалармен  тұрақты  тiлдiк  қатынасқа  келу  арқасында 
қоғамдық тарихи шарттарға сай қалыптасуының нəтижесi.  
Сана - бұл қоғамдық болмыс. 
             Сана  құрылымында  төрт  негiзгi  сипат  байқалады:                              (А.  В. 
Петровский). 
            1) Сана қоршаған дүние жөнiндегi бiлiмдердiң жи-ынтық бiрлiгi, оның құрылымына 
барша танымдық про-цестер енедi: түйсiк, қабылдау, ес, ойлау, қиял. 
             2)  Санада  субъектi  мен  объектiнiң  айырмашылықтары  бекидi.  Органикалық  əлем 
тарихында  тек  адам  өзiн  басқа-лардан  бөлектеп,  олармен  салыстыра  алады.  Жалғыз 
адам-ақ  тiршiлiк  иелерi  арасында  өзiн  тануға,  яғни  психика  əрекетiнiң  бағытын  өзiне 
бұруға қабiлеттi. 
             3)  Мақсат  болжастыру  əрекетiн  қамтамасыз  ете  алады.  Адам  табиғат  берген
заттың  формасын  өзгертедi,  сонымен  бiрге  өзiн  өзгерту  iсiн  заңдық  сипатқа  ие  саналы 
мақсатпен  ұштастырып, iс-əрекетiнiң  сипаты  мен  тəсiлдерiн  алдын-ала  белгiлейдi,  ерiк 
күшiне  бағындырады.  Осыдан  сана  қызметi:  мақсат  қалыптастыру,  себеп-салдарын 
анықтау, ерiктiк шешiм қабылдау, iс-əрекеттiң орындалу жолын айқындау т.б. 
            4) Сана құрылымында əрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы мiндеттi 
түрде  өз  iшiне  күрделi  объектив,  ең  алдымен  адам  қатысқан  қоғамдық  қатынас-тарды 
бейнелейтiн сезiмдер жүйесiн қамтиды. 
             Сананың  жоғарыда  аталған  бүкiл  арнайы  қасиеттерi-нiң  қалыптасуы  мен  көрiнiс 
беруiнiң  мiндеттi  шарты - тiл,  сөз.  Тiл - бұл  қоғамдық  тарихи  тəжiрибе  немесе  қоғамдық
сананы  бекiткен  ерекше  объективтiк  жүйе.  Нақты  адам  тарапынан  қабылданған  тiл  сол 
адамның нақты санасының көрiнiсi. 
  
4. Сана жəне бейсана

             Адам  өзiнiң  iшкi  дүниесiн  құрайтын  көптеген  бiлiм-бiлiктердi,  қатынас 
толғаныстарды  əрдайым  сезе  бермейдi.  Содан   бейсана əр  адамның  психикалық 
болмысының  ажыралмас  құрам  бөлiгi.  Ежелден-ақ  ғалымдар  бейсананы  қылық-əрекет, 
сырқат,  нəсiлдiк,  көңiл-күй  табиғаты,  өнер,  адам  ара-  қатынастар  проблемаларын 
қарастыру  мен  топтауда  ескерiлуi  қажет  фактор  екенiн  мойындаған.  Бейсананың  көп 
жағдайларды түсiндiруге қажет екенiн бiлгенмен, оның ерекшелiктерi мен заңдылықтарын 
танып  бiлудiң  жолын  ешкiм  ұсына  алмады.  Ғылымдағы  бейсанаға  орай  бұл  қалып  З. 
Фрейд еңбектерi арқасында өзгере бастады. 
            Бейсана проблемасының осы заманғы ғылыми түсiнiгi негiзгi екi бағытқа бөлiнедi: 
психоанализ  теориясы   (З.  Фрейд)  жəне  астарлы  психикалық  нұсқаулар  теориясы.
Психоанализ  бойынша  сана  мен  бейсана  психикалық  əрекеттiң  бiр-бiрiне  тiкелей  қарсы, 
өзара  сиыспайтын  элементтерi.  Ал  нұсқаулар  теориясы,  керiсiнше,  психиканың  тұтастық 
идеясын дəрiптеумен, адам қасиеттерiнiң бiрлiктiгi туралы түсiнiктi арқау етедi. 
            Бейсана табиғаты жөнiндегi бүгiнгi ғылыми пай-ымдаулар келесiдей: 
             Ашық  сана  аймағында  сыртқы  қоршаған  орта  мен  организмнiң  iшкi  əлемiнен  бiр 
уақытта  келiп  түсетiн  сигналдардың  кiшкене  бiр  көлемi  ғана  өз  бейнесiн  табады.  Осы 
айқын  санаға  бiлiнген  сигналдарды  ғана  адам  өз  əрекет-қылығын  басқару  үшiн 
пайдаланады (Р.  М.  Грановская). Ал қалған ақпарат - сигналдар да организм тарапынан 
кейбiр процестердi реттеу үшiн қолданылады,  бiрақ оны адамның өзi əрдайым сезе бiле 
бермейдi,  яғни  ақпарат - сигналдар  бейсанаға  өткен.  Бүгiнгi  ғылыми  түсiнiкте  сана  мен  
бейсана  үйлесiмдi  бiрлестiк  жағдайында  қызмет  жасайтыны  қолдау  табуда.  Əрекет  -
қылық  бағдарын  таңдауға  немесе  жаңа  шешiм  қабылдауға  кедергi  болатын  жағдайлар 
туындағанда  астардағы  бiлiм - бiлiктер  мен  iс  тəсiлдерi  айқын  сана  шеңберiне  шығып, 
мəселе шешуге араласады. Қойылған проблема өз жауабын табумен олар қайта астарға
өтедi  де,  айқын  сана  келесi  проблемаларды  күту  үшiн  босайды.  Өмiрдiң  əр  мезетiнде 
барша процестiң құрттай бөлiгi ғана саналы реттелуiне қарамастан, сана өз кезегiнде бей 
жүретiн  процестерге  де  ықпалын  тигiзiп  отырады.  Бейсана  айқын  сананың  тiкелей 
қатысынсыз  өтiп  жатқан  əрекеттердi  реттеуге  басқаруға  қажет  болған  барша
факторларды бiрiктiредi. 
             Бейсана  аймағына,  зерттеушiлердiң  пайымына  жүгiн-сек,  жəне  басқа  да 
құбылыстар жатады: ұйқы кезiндегi психикалық əрекет (түс, лунатик); тiкелей байқалмаған 
тiтiркендiргiштерге  жауап  əрекет  (түшкiру,  қалтырау);  дағдыға  айналған  қозғалыс 
əрекеттер  (домбыра  тарту,  гимнастика  əрекетi);  саналы  мақсаты  болмаған  кейбiр 
əрекеттiк  ықпалдар  (сəлемдесу  əдетi,  жақсылық  жəне  жамандық  iсiне  кiрiсе  кету)  жəне 
т.б.  Бейсананы психиканың төменгi сатысы ретiнде тану дүрыстыққа келмейдi, себебi бұл 
адамға  ғана  тəн  ерекше  психикалық  құбылыс  болумен,  ол  адам  санасының  қоғамдық 
шарттарына орай себептi пайда болып, онымен үзiлмес байланыста түрады.  
  
5.  Өзiндiк сана 
Адамның  өзiне,  өз  "менiне"  қызығуы  ежелден-ақ  зертеушiлердiң  ерекше  назарын 
тартқан.  Кiм  бiледi,  психо-логияның  ғылымдық  сатыға  көтерiлуiнiң  өзi  де  осы  қы-зығудан 
болар.  Адам  жан  дүниесi,  оның  өзiндiк  санасы  əрдайым  тек  ғалым-философтардың  ой 
талғауында  ғана  болып  қоймастан,  оны  жазушылар  мен  суреткерлер  де  өз
шығармашылығына  арқау  еткен.  Адам  əрекет-қылығы  барша  уақытта  оның  өзi  жөнiндегi 
ұғымы мен бейнесi жəне болашақтан күткен образымен байланысып келген. 
Адамның  өзiндiк  санасы - шексiз,  күрделi  пробле-малардан.  Əрқандай  тұлға  сан 
қырлы өз "Менiнiң" көптеген бейнесiне  ие: дəл осы мезетте адам өзiн қандай деп бiледi, 
болашақтағы өзiнiң идеялық "Менi" жөнiнде не ойлайды, осы "Мендi" басқалар қалайынша 
таниды. Таным субъектi болудан, адам өз санасы аясында зерттелушi объект. 
Өзiндiк  сана  дегенiмiз  не?  Бұл  мəселенi  зерттеушi  ғалымдардың  бiрi  И.  С.  Кон 
былайша  түсiндiредi: "Əрбiр  дара  адамның  өзiн  өзi iс-əрекет  субъектi  ретiнде  тануға 
жəрдем ететiн психикалық процестердiң жиынтығы - өзiндiк сана деп аталады, ал оның 
өзi жөнiндегi өз ұғымдары белгiлi бiр "Мен" бейнесiн құрайды". 
"Меннiң" психологиялық мəнiн А. Г. Спиркин келесiдей сипаттайды: "мен" түсiнiгi өз 
санасының  нұрымен  сəулелендiрiп,  өзiн-өзi  қабылдаған,  таныған  жəне  сезген  жеке 

адамды  бiлдiредi". "Мен" - психикалық  өмiрдi  реттеп  барушы  принцип,  өзiндiк 
бақылауды  жүргiзушi  рухани  күш;  бiздi  өз  мəнiмiз  бойынша  бүкiл  əлемге,  қоршаған 
адамдарға,  ең  бастысы,  өз  санамызды  өз  бағалауымыз  бен  танымымызға  орай  өзiмiзге 
ашып беретiн əр адамның тұтастай болмысы. 
"Мен"  бейне - жеке  адамның  санасында  бiр  қалыпта  бекiп  қалған  түсiнiк  не  бiлiк 
емес,  ол  өте  қозғалмалы,  өзгермелi "мен"  күйiнде  қабылдануы  мүмкiн.  Сонымен  бiрге, 
"мен"  бейне  əлеуметтiк  заңдарға,  қоршаған  адамдардың  қалауына  сай  кемелденген, 
болашақ идеал "мендi" де аңдатуы заңды. Жəне бiр жағдайда бұл "мен" - қолынан келсе
"тау қопарып, теңiз жұтатын" фантастикалық тұлғаның бейнесiне сəйкес болуы да əбден 
ықтимал.  Ал  осы  өзi  жөнiндегi  қияли  ұғымдар  санада  басымдау  болып,  əрi  олар 
ниеттелгендi  жүзеге  асыру  үшiн  қажеттi  əрекеттермен  ұштаспаса,  көздеген  iстiң  шырқы 
кетiп,  сана  қисынсыз  өзгерiстерге  келедi,  ақырында,  қиялданған  ниет  пен  шындық 
сəйкессiздiгiнен адам ауыр күйзелiске түседi. 
"Мен"  бейненiң  сəйкестiк  дəрежесi  жеке  адамның  өзiнiң  өз  болмысын, 
мүмкiндiктерiн,  басқа  адамдар  арасындағы  өз  беделiн  бағалай  алуына  байланысты 
келедi. Өзiндiк бағаға орай адам өз əрекеттерiн ретке келтiрiп барады. 
Саналы  адам  өз  бағасын  қалай  шығарады?  Əрбiр  адамның  қоғамдық  тұлғаға 
айналуы бiрлiктi еңбек пен тiл қатынасының нəтижесi. Адамдағы барша қалыптасқан сапа 
мен қасиеттер басқа қауымдастық мүшелерiмен қоғамдық өндiрiс процесiне араласу жəне 
олармен  ақпарат  алмасу барысында дамып, кемелiне жетедi. Еңбек пен тiл қатынасына 
келумен  адам  өз  iстерiн  басқалардан  күтiлген  бағамен  салыстырып,  тексерiп  барады. 
Айналып келгенде, табиғи қажеттiктердi қанағаттандыру былай тұрсын, өз мүддесiне орай 
орындал-ғанның  бəрiн,  тiптi  қара  басының  қамы  үшiн  жасалған  қарапайым  заттың  өзiн 
адам  басқаларға  да  арнайды.  Адамда  қалыптасқан  өз  "Менiнiң"  бағасы-өзiндегi  барды 
басқаларда көргенiмен үздiксiз салыстырып барудың нəтижесi. Адам өзi жөнiнде бiрдеңе 
бiле  тұра,  өзгелерге  үңiле  назар  аударады,  өзiндегiнi  олардан  iздеп,  барластырады, 
сонымен  бiрге  төңiрегiндегiлер  өзiнiң  қимыл  əрекеттерi  мен  қылықтарына  сын  көзбен 
қарайтынын  iштей  сезiнедi.  Осының  бəрi  тұлғаның  өзiндiк  құнын  белгiлеп,  оның 
психологиялық  кейпiне  ықпал  жасайды,  яғни,  əрбiр  адам  төңiрегiнде  көрiнер  не  көрiнбес 
сыншыл  топ  ұдайы  онымен  бiрге.  Ол  топпен  адамның  санаспасына  болмайды,  себебi 
одан  адам  өзiнiң  құндылықты  бағыт-бағдарына  қолдау-қуат  алып,  оның  мұраттарын  өз 
мұраттары етiп, оның ұмтылыс, қызығуларын өз бойына дарытып барады. 
Адамның  өзiндiк  бағасы  оның  өзiне  қоятын  талаптар  деңгейiне  байланысты. 
Каталог: repository -> history
history -> С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009
history -> М. Б. Әмірханов ¤. Д. Сандықбаева
history -> Анықтамалық қолданба Пікірлер Ұғымдар
history -> Айг‰л Аязбайқызы Жумадуллаева
history -> Графикалық компьютерлік модельдеу
history -> Мәшімбаев С. М. Еуропа және америка
history -> Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы
history -> Булгакова Д. А
history -> Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет