Сəбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев)



жүктеу 1.88 Mb.
Pdf просмотр
бет6/24
Дата29.12.2016
өлшемі1.88 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Талаптар деңгейi дегенiмiз - адамның ниеттеген өз бағасының құны, яғни алдына қойған 
мақсат-тың  қиындық  дəрежесiне  орай  көрiнетiн  "мен"   бейнесiнiң  сипаты.  Адам  алдында 
тұрған  ендi  бiр  əрекеттi  қиындық  дəрежесiне  орай  таңдап  алу  мүмкiндiгiне  ие  бола,  өз 
бағасын  көтерiңкi  етуге  ұмтылады,  осыдан  екi  жағдайдың:  бiр  тараптан - жоғары 
табыстарға  жетiсу  үшiн  талап  деңгейiн  жоғарылату,  екiншi  тараптан - нəтижесiз  қалмау 
үшiн  талаптарды  жеңiл-дету - өзара  қайшылығы  пайда  болады.  Əрекет  нəтижелi  болып 
шықса,  адам  алдына  қоятын  талаптарын,  əдетте,  көтере  түсiп,  келесi,  күрделiрек 
мəселелердi  шешуге  кiрiседi,  ал  керi  жағдайда - оңайлау  талаптарға  ауысады.  Адамның 
өз  алдына  қоятын  талаптың  дəлдiгi iс-əрекетiнiң  нақтылығына  байланысты.  Адам 
табиғаты,  əдетте,  өз  қадiрiн  белгiлi  деңгей-де  сақтап  жүру  үшiн  өз  алдына  қоятын
мiндеттерi  мен  мақсаттарының  тiптi  де  күрделi,  сонымен  бiрге,  əбден  жеңiл  де 
болмағанын  қалайды.  Талаптар  деңгейiнiң  белгiлi  бiр  қалыпқа  түсуi iс-əрекеттiң  табысты 
не  нəтижесiз  болуын  күнi  бұрын  сезуден  емес,  керiсiнше,  өткен  тəжiрибедегi  жетiстiктер 
мен құлдырауларды ескере бiлу мен оларға оңды, объектив баға берiлуден. 
Жеке  адам  талаптар  деңгейiнiң  əрекетшеңдiгi  мен  мазмұндық   сипатын  жете 
танумен  тұлғаның  iс-əрекет,  мiнез-қылықтарының  түрткiлерiн  тереңдей  бiлуге  жəне  сол 
арқылы  адамда  ұнамды  сапалар  мен  қасиеттердi  баулудың  жолдарын  ашып,  оған 
нəтижелi ықпал жасауға болады. 
  
Қайталау жəне бекiту сұрақтары 
1. Жануарлар мен адам психикасының айырмашылықтары неде? 
2. Адам санасының қоғамдық тарихи сипаты қандай?

3. Адам санасының дамуындағы еңбек пен тiлдiң маңызы қандай болды? 
4. Сана мен бейсананың айырмашылықтары неде? 
5. Өзiндiк сана дегенiмiз не? 
6. Саналы басқарылмаған көрсетпе-талаптар сипаты қандай?

5-дəрiсбаян
 
  
ТƏН МЕН ЖАН
 
  
Жоспары:   1. Ми құрылымы мен қызметi.  
2  Мидың ақпаратты қабылдау, өңдеу жəне сақтау қызметi. 
                        3. Мидың ic-əрекет бағдарламасын түзу, реттеу  жəне бақылау қызметi.  
4. Ми қызметiнiң физиологиялық негiздерi. 
  
1. Ми құрылымы мен қызметi 
             Адамның  психикалық  əрекет  заңдарын,  оның  желiсi  мен  құрылым  ерекшелiктерiн 
айқын  түсiну  үшiн  жан  əрекетiн  туындатушы  тəн  адам  миының  құрылымымен  танысып, 
оның жан күйi көрiнiстерiнiң сол тəн бөлiгiмен қандай байланыста болатынын бiлу қажет. 
            Органикалық дүниенiң ұзаққа созылған эволюция-сында қарапайым бiр жасушалы 
жануарлардан  адамға  дейiн   қылық-əрекеттiң  физиологиялық  механизмдерi  үздiксiз 
жетiлуде  болды.  Мысалы,  бiр  жасушалы  организмнiң  жалғыз-ақ  жасушасы  тiршiлiкке 
қажет  барша  қызметтердi (түйсiк,  қозғалыс,  ас  қорыту)  орындай  алды.  Бiрақ  оның 
мүмкiндiк-терi  шектеулi  болды.  Ал  жоғары  дамыған  жануарларда  арнайы  қызмет
орындаушы тəн мүшелерi даралана бастады. Яғни бiр жасушалар сигналдарды қабылдау 
қызметiн  атқарса,  екiншiлерi  бұлшық  еттер  мен  əртүрлi  без  секрецияларын  iске  қосты. 
Қажеттiлiкке  орай  жеке  мүшелер  жəне  олардың  қызметi  жiктелгенiмен,  организмнiң 
бiртұтас  тiршiлiгi  мен  тəн  мүшелерiнiң  өзара  байланысын  орталық  жүйке  жүйесi 
қамтамасыз еттi. 
             Жүйке  жүйесiнiң  жалпы  түзiлiмi  барша  омыртқа-лыларда  бiрдей.  Бұл   жүйенiң 
негiзгi  элементi  жүйке  жасуша-лары  немесе  нейрондар.  Нейрон  жасуша  тəнiнен  
(дендрит - қозу  қабылдау)  жəне  өсiндiлерден  (аксон - қозуды  жеткiзу)  құралады. 
Аксонның  дендриттермен,  не  басқа  жасуша  денесiмен  байланысы  синапс  деп  аталады. 
Синапс жүйке жүйесiндегi жаңа байланыстар механизмiн түсiндiруде шешушi маңызға ие. 
             Орталық  жүйке  жүйесi  арқа  жəне  бас  миынан  тұрады.  Ми  бөлiктерi  сан  алуан 
жүйке қызметiн орындайды. Олардың орналасу деңгейi жоғарылаған сайын, оның қызметi 
де  күрделене  түседi.  Бəрiнен  төмен  жайласқан  арқа  миы,  оның  қызметi,  бұлшық  ет 
топтары  мен  iшкi  мүшелер  қызметiн  реттеу.  Оның  үстiнде  мишықпен  бiрге  сопақша  ми
орналасқан. Сопақша ми дененiң күрделi қызметтерiн орайластыра басқарады (бұлшық ет 
топтары,  дем  алу,  қан  айналымы,  ас  қорыту  жəне  т.б.  жұмыстарды  бiрiктiру).  Бұлардан 
жоғарылау  орталық  жүйке   бөлiгi  күрделi  қозғалыстар  мен  бүкiл  дене  қалпын  реттеуге 
қатысатын орта ми жайғасқан. Сопақша ми мен орта ми бас миының бағаналы бөлiгiн
 құрайды.  Орталық  жүйке  жүйесiнiң  ең  жоғары  бөлiктерi  бас  миының  үлкен  жарым 
шарларына  бiрiккен.  Үлкен  жарым  шарлар  құрамына  қабық  асты  түйiндерi  деп 
аталатын  тереңдегi  жүйке  клет-каларының  тұтас  жиынтығы  кiредi.  Жарым  шарлардың 
үстiңгi  бетiнде  жүйке  жасушалар  қабаты  бас  миы  қабығы  көмкерiл-ген.  Бұл  қабық 
қыртыс,  сай,  қатпар  күйiнде.  Жақын  маңда  жатқан  көру  төмпешiктерi  мен  қабық  асты 
түйiндерi  қосылып  қабық  асты  деп  аталады.  Ми  қабығы  қабық  астымен  қосыла 
рефлекторлық əрекеттiң күрделi формаларын басқарады. 
             Жүйке  жүйесiнiң  барша  бөлiмдерi  өзара  тығыз,  ықпалды  байланыста.  Бiрақ 
олардың əрқайсысының ролi бiрдей емес. Арқа миы мен мидың бағаналы бөлiгi - сопақша 
ми,  орта  мимен  қосыла  тума   рефлекстер  орталығына  бiрiгедi.  Арқа  миында  ең 
қарапайым  рефлекстер  орталығы  (тiзе  рефлексi)  бар.  Дене  мен  аяқ-қол  сүйек  бұлшық 
еттерiн  реттейтiн, iшкi  мүшелер  жұмыстарын  басқарушы  рефлектор-лық  орталықтар  да 
осы  арқа миында.  
             Бас  миының  бағаналы  бөлiгi  күрделi  де  тiршiлiкке  өте  қажет  шартсыз  рефлекстiк 
əрекеттердi  басқаратын  орталық.  Сору,  шайнау  жəне  жұтыну  рефлекстерi  осы  тетiк 
құрамын-дағы сопақша мидың жауап əрекет орталығынан бас-қарылады. Кейбiр қорғаныс 
рефлекстерiн (түшкiру, жөтел, жас ағу) де осындағы жүйке iске асырады. 
            Орта мида көз бен құлақ қозуларын қозғалыс ай-мағына жеткiзетiн орталықтармен 
қатар көз қарашығын тарылтатын жүйке тетiгi жайғасқан, бiрақ бас миы бағаналы бөлiгiнiң 

қызметi  бұнымен  шектелмейдi.  Сопақша  мида  орналасқан  дем  алыс,  жүрек-тамыр 
мүшелерiнiң  қызметiн,  сонымен  бiрге  организмнiң  iшкi  құрылым  тұрақтылығын  сақтаушы 
басқа  да  органдардың  жұмысын  реттеушi  орталық-тар  ерекше  маңызға  ие.  Өте  күрделi 
қызметтер  мишыққа  жүктелген.  Бүкiл  сүйек - бұлшық ет жүйесiндегi  əрекет:  жүру,  жүгiру, 
секiру  т.б.  кезiндегi  дене  теңдестiгiн  сақтауға  орай  барша  бұлшық  еттердi  басқару  осы 
мишықтың мiндетi. Бас миының бағаналы бөлiгi мен арқа мидың рефлекторлық қыз-метi 
организмнiң жауап əрекеттерiнiң бiршамасын қамтиды.  
             Дамыған  жануарлардың  рефлекторлық  қызметiнiң  формалары  ауқымдылау  да 
күрделiрек.  Қабық  асты  (үлкен  жарым  шарларының  көру  төмпешiктерi  мен  қабық  асты 
түйiндерi)  күрделi  шартсыз  рефлекстiк  қызметтi  қамтамасыз  етедi.  Көру  төмпешiктерi 
қабық асты сезгiш орталық, ал қабық асты түйiндерi жүрiстi реттеу қызметiн атқарады. 
Адамның саналы əрекетiн реттеп, басқаратын орган - үлкен ми сыңарының қабығы, 
сондықтан  да адам  психикасы  мен  үлкен  ми  сыңарлары  арасындағы  байланыс,  қатынас 
мəселесi  маңызды  проблемалардан,  осыдан  ғылымда  психика-лық  қызметтердiң  ми 
қабығында  мекендi  болу  теориясы  көтерiлiп  жүр.  Жан  процестерiнiң  миға  қатынасы, 
психикалық əрекеттiң заттасқан негiзi болған мидың жұмыс принциптерi ғылым дамуының 
əр  кезеңiнде  əрқилы  сипатталды.  Мұның  себебi  адамның  психикалық  процестерiне, 
олардың негiзi миға деген түсiнiк, көзқарастардың бiркелкi болмауынан едi.  
             "Психикалық  қабiлеттердiң  мекендiгi"  теориясын  бiрiздi  жолға  түсiруге  күш  салған 
Ф. А. Галль (ХIХ ғ. басы) болды. Оның болжамынша, əртүрлi психикалық "қабiлет-тердiң" 
негiзi осы қабiлеттердiң дамуымен өрбитiн бас миы қабығындағы жүйке еттерiнiң кiшiгiрiм 
ауданшалары.  Осылай  тұжырымдаумен,  ғалым  көптеген  қасиеттердiң  мекенiн  белгiлеп 
бердi.  Мысалы:  адалдық,  ұқыптылық,  махаббат т.б. Зерттеушi-нiң пiкiрi  бойынша əртүрлi 
қабiлеттер  адам  миында  нақты  мекенiне  ие  жəне  ол  мекендi  бас  сүйегiндегi  шығыңқы 
томпақтардан байқауға болады. Мұндай шығыңқы қабiлет мекенiндегi қасиетке сай жүйке 
еттерi  көптеп  өсiп,  сыртқа  тебу  себебiнен  болады.  Осы  болжам  негiзiнде  "Френология" 
деген арнайы ғылым саласы пайда болып, мұнан былай адамның дара қабiлетi оның бас 
сүйегiндегi  төмпешiктерге  қарай  болжастырылатын  болды.  Галль  теориясы  адам  миы 
қызметiнiң мекендiгi жөнiндегi алғашқы материалистiк түсiнiктен туған едi. 
            ХIХ ғ. 40 жылдары Галль френологиясына қарсы пiкiр топшылаған Флуранс болды. 
Ол  бас  ми  бөлiктерiн  алып  тастау  тəжiрибелерiн  жүргiзу  барысында  ми  қабығы   мүмкiн-
дiктерiнiң теңдей екендiгi туралы болжамға келдi. Бұл теңдiк-тiң себебi ғалым пiкiрiнше, ми 
тұтастай, бiрлiктi қызмет атқаратын бiртектi зат. 
             Ми  қабығындағы  қызмет  мекендiгi  туралы  осы  за-манғы  ғылыми  түсiнiмнiң  негiзiн 
1861 ж. сөйлеу орталығын ашумен француз ғалымы П. Брока қалады. Кейiн, 1873 ж. немiс 
ғалымы К. Вернике сөз ұқпау орталығын тапты. Өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап, 
сырқаттарды  бақылаудың  нəтижесiнде  ми  қабығының  шектелген  ауданшаларының
зақымдануы  белгiлi  жан  қызметтерiнiң  жоғалуына  əкеп  соғатыны  дəлелдендi.  Осыған 
орай  бас  миы  қабығында  нақты  психикалық  əрекетке  жауапкерлi  жүйке  орталықтары 
белгiлендi. 
             Бiрiншi  дүниежүзiлiк  соғыс  кезiнде  миы  зақымданған  жаралыларды  бақылау
қорытындысын  жасап,  немiс  психиа-торы  К.  Клейст 1934 ж.  ми  қызметiнiң  мекендiк 
картасын  жасады.  Бұл  картада  күрделi  психикалық  əрекеттер  бас  ми  қабығының  нақты
ауданшаларымен байланыстырылды. Бiрақ көп салалы психикалық қызметтердiң бас миы 
сыңарларының  белгiлi  нүктелерiнде  жайғасуы  жөнiндегi  теориялық  бағыт  өзiнiң  бiршама 
шындыққа жанаспайтын-дығын көрсеттi. Клиникалық бақылау деректерiн талдай отырып, 
сөйлеу, жазу, оқу, есеп құсаған күрделi психикалық процестердегi ауытқулардың бас миы
қабығының  бiр  емес,  əртүрлi  аймақтарына  да  байланыстылығы  дəлелдендi.  Керiсiнше, 
шектеулi,  бiр  ми  бөлiгiнiң  зақымдануынан  əртүрлi  психика-лық  процестер  тобының  да 
бұзылысқа келетiнi байқалды. Мұның бəрi психикалық құбылыстардың  мекендiлiгi туралы 
пiкiрдiң  мардымсыздығын  ашып,  зерттеушi-лердi  психикалық  құбылыстар  бiртұтас  ми 
қызметiнiң  нəтижесi  дегенге  ойыстырды.  Ендi  ғылымдағы  сан  жаңалықтар  тiзбегiнде 
"антилокализационализм" теориялық ұғым бас көтерiп, бiрақ көп оздырмай, ол да өзiнiң 
негiзсiздiгiн танытты. 
             Тек  қана  гистологиялық  (адам,  жануардың  терi,  ет  құрылысы)  зерттеулер  мен 

физиологиялық байқаулар бас миы қабығының күрделi дараланған аппарат екендiгi, ми 
қабығының  əрқилы  аймақтарының  құрылымы  бiр  еместiгi,  ми  қабығы  құрамын  түзушi 
нейрондардың  əдейi "маманданғандығы",  олардың  арасынан  тек  арнайы  тiтiркен-
дiргiштерге  немесе  өте  əсерлi  белгiлерге  жауап  қайтаратын-дары  бар  екенi  аян  болды. 
Кейiнгi зерттеулер бiрнеше ми қабығы қабылдау, сезiм орталықтарының барын дəлелдедi.
             Үлкен  ми  сыңарларының  бүкiл  бет  аймағын  бiрнеше  көлемдi  бөлiктерге  жiктеу 
мүмкiн. Бас миы аймақтары: ми сыңарларының сыртқы бөлiгi - желке аймақ (қара-құс), ол 
алдыңғы  тарапта  төбе  (еңбек)  аймақтарына  жалғасады.  Алдыңғы,  аумағы  бойынша  ми 
сыңарларының  ең  үлкен  бөлiгi - маңдай  аймағы  адамда  ғана  жақсы  дамыған.  Осындай 
бөлектеулерге  орай  көру  əсерлерiнiң  анализi  мен  синтезi  қабықтың  желке  аймағында 
(көру  зонасы);  есiту  тiтiркен-дiргiштерiнiң  анализi  мен  синтезi   желке  аймағының  жоғары 
бөлiгiнде (есту зонасы); сезу жəне бұлшық ет-сүйек аппаратындағы тiтiркенушiлер - төбе 
(еңбек) аймағының алғы бөлiгiнде орындалады. 
             Адам  не  жануар  тiршiлiгiнде  қайбiр  тiтiркену  неғұр-лым  маңызды  болса,  бас  миы 
қабығының соғұрлым үлкен бөлiгi осы тiтiркенудi беретiн сезiм органына "жұмыс" iстейдi. 
Мысалы,  кiрпi  тiрлiгi  көбiне  иiс  сезуге  тəуелдi,  сондықтан  оның  бас  миы  қабығында  иiс 
сезу аймағы баршылық. Керiсiнше, иiс сезiмiн онша қажет етпейтiн адам бас миында иiс 
зонасы кiшiгiрiм бөлiкпен шектелген. 
            Ал анағұрлым күрделi психикалық əрекеттерге бай-ланысты  ми қызметiн бүтiн, бiр 
топ органдардың бiрлiгi, яғни күрделi қызметтiк жүйе орындайды (П. К. Анохин). Мысалы, 
жүрiс  не  оқу  (хат,  кiтап)  сияқты  күрделi  қызметтер  жүйке  аймағының  бөлiнген  бiр 
көлемiнде  "мекендеуi"  мүмкiн  емес.  Тiптi  қарапайым  ырықсыз  қозғалыстың  өзi  күрделi 
қызмет  болып,  өз  iшiне   сезiмдiк,  сонымен  бiрге  қозғағыш   импульстердiң  тұтас  бiрлiгiн 
қамтиды. 
            Күрделi психикалық процестердiң мидағы ұйым-дасуын жете түсiну үшiн адам миы 
қызметi  жөнiндегi  осы  заманғы  ғылыми  деректердi  бiлу  қажет.  Мұндай  ұйымдасу 
принциптерi көрнектi психолог - ғалым А. Р. Лурия тарапы-нан нақтыланған. Жантану үшiн 
өте  маңызды  бас  миы  аппараттарының  қызметiмен  байланысты  бұл  принциптер 
келесiдей: 
             Ақпаратты қабылдау мен өңдеудi қамтамасыз етушi, өз əрекетiнiң бағдарламасын 
түзу мен олардың тиiмдi қызметте болуын бақылайтын адамның бас миы құрылым-дары 
əрдайым  бүтiн  бiрлiкте  жұмыс  етедi.  Бiрақ  бұл  аппарат  өте  күрделi  əрi  жеке  дараланған 
бiрнеше бөлiктерден тұрады, ендi осы көп бөлiктердiң бiрi өзiнiң қалыпты iсiнен ауытқыса, 
бүтiн  аппараттың  қызметiне  зақымын  тигiзедi.  Адам  бас  миында  əдетте  үш  негiзгi  блок 
байқалады,  олардың  əрбiрi  психикалық  əрекетте  өзiнiң  ерекше  маңызына  ие.  Олардың
бiрi  -  ақпарат  қабылдап,  өңдеуге;  сонымен  бiрге  бағдар  түзу  процесi  мен  олардың  iске 
асуын  қадағалап  баруға  қажеттi  ми  қабығының  iс  қуатына  жəрдем  бередi.  Екiншi  блок  -
адамға  сыртқы  қоршаған  орта  мен  өз  тəнi  мүшелерiнен  жетiп  келген  ақпараттардың 
қабылдануы,  өңделуi  жəне  сақталуына байланысты  процестердi  жүргiзедi.  Ал  үшiншiсi -
əрекет жоспарын түзедi, оның орындалуын реттеп, iске асырады жəне табысты нəтижеге 
жетуiне  бақылау  қояды.  Аталған  үш  блок  бас  миының  оқшауланған  бөлiмдерiнде 
орналасып,  олардың  үйлесiмдi  жұмысының  арқасында  ғана  адамның  саналы  iс-əрекетi 
тиiмдi бағытта өтедi. Сонымен, əр блоктың өзiне тəн сипаттамасы бар. Бiрiншi блок - ми 
қабығына қуат беру блогы, немесе энергетикалық блок. Əрекет-қылық процестерiнiң өз 
деңгейiнде  орындалуы  мен  өзiн-өзi  реттеп  беруi  үшiн  ми  қабығының  қуатын  қажеттi 
дəрежеде  тұрақты  сақтау  жəне  қамтамасыз  ету  керек.  Осындай  қуат  болған  кезде  ғана 
одан тиiстi ақпараттарды таңдап, қабылдау; олардың iзiн жадыда қалдыру, нақты əрекет 
мазмұны  мен  бағытын  қалыптастырып,  оның  орындалуын  бақылап  баруы  мүмкiн.  Бұл 
принциптердiң  iске  асуы  үшiн  ми  қабығының  қозу  мүмкiндiгi  жеткiлiктi  деңгейде  болуы 
қажет. 
            Блок құрамына енген бүкiл тетiктер тобы ми қабығының қалыпты жұмыс iстеуiнде 
үлкен маңызға ие. Оның мəнi қабықтың тұрақты қуаты, негiзiнен, екi себепке орай қолдау 
табады.  Бiрiншi  себеп  ми  қабығының  сергек  қалпын  сақтау  үшiн  оған  сыртқы  орта 
ақпараты iзiн үзбестен, легiмен келiп, енiп жатуы лазым. Мұндай тысқы əсер болмағанда, 
жануар  мүлги  бастайды,  не  ұйқыға  кетедi.  Сонымен,  ми  қабығының  сергектiк  көзi  

организмнiң  шеткi  аймақтарынан   түсетiн  тұрақты  тiтiркендiргiштер,  ал  бұларды 
жеткiзетiн мидың жоғары бағанасы. 
            Ми қабығы қуатының тұрақтылығын қолдаушы екiншi көз бұл организмнiң iшкi зат 
алмасу  процестерi  мен  биологиялық  қуаттар  негiзiн  құрайтын  импульстер.  Мысалы, 
аштықтан хабар берушi организм қалпы жоғары баған жəне гипоталамус аппараттарымен
реттеледi. Ми қабығына ретикулярлы формацияның (мидың белсендiлiк қуатын көтерушi 
нейрондар  шоғы)  жəрдемiмен  жеткiзiлген  осы  организм  жағдайының  импульстерi  қабық 
қуатын  төмендетпей,  оның  сергектiгiнiң  кепiлi  болады.  Ми  қабығында  тiл,  сөз 
араласуымен  тек  адамға  қатысты  ең  жоғары  ниеттер  мен  қажеттiктердi  пайда  етушi 
ақпараттарға орай туындайтын əрекет-қылық бағдарламасының қуатын сақтауда маңызға
ие болған үшiншi көздi де бəсеңдеушi ретикулярлық формацияны  атамай болмайды. 
Бұл  ми  тетiгiнiң  жұмысы  адамның  саналы  əрекетiмен  пайда  болатын  күрделi  ниет, 
ұмтылыс, қажетсiнуге байланысты. 
            Сонымен, бiрiншi блок өз құрамына жоғары бағана, ретикулярлы формация жəне 
ежелгi  қабықтарды  қамтып,  ми  қабығының  жалпы  сергектiгiне  қуат  берумен  қозу  iстерiн 
ұзақ  мерзiмге  сақтауға  мүмкiндiк  бередi.  Бұл  блоктың  жұмысы  қайсы  бiр  органдармен 
əдейi байланыста болмай, қабықтың жалпы қуатын ұстап тұрады. 
  
2. Мидың  ақпаратты қабылдау, өңдеу жəне  
сақтау қызметi 
             Сонымен,  бiрiншi  блок  ми  қабығының  қуатын  ғана  қамтамасыз  етедi.  Ал,  ендi 
əңгiме болатын, екiншi блок сезiм органдары сырттан жеткiзген сигналдардың анализi мен 
синтезiне  байланысты  iс  атқарып,  адамға  келiп  түскен  ақпаратты  қабылдайды,  өңдейдi 
жəне  сақтайды.  Оның  құрамындағы  аппараттар  бас  миы  қабығының  артқы  (еңбек,  шеке, 
желке, қарақұс) бөлiктерiнде орналасып, бiрiншi блокта жоқ арнайы қызметтiк сипатқа ие. 
Осы  тетiктер  жүйесi  арқылы  ми  көру,  есiту  жəне  сезу  сигналдарын  қабылдайды,  өңдеп, 
бекiтедi,  алынған  тəжiрибенiң  iздерiн  есте  қалдырады.  Бұл  блок  аппараттарын 
қабылдаушы жүйенiң орталық бөлiктерi деп қарастырса болады. Осы бөлiктердiң көрумен 
байланыстысы - желке,  қарақұста,  есiту  бөлiгi - шекеде,  сезiмдiктерi - төбе,  еңбек 
аймағында орналасқан. 
             Қабылдаушы  аппараттардан  шыққан  талшықтар  осы  бөлiктерге  жетiп,  бiтедi;  осы 
арада  келiп жатқан  көру,  есту  жəне сезу  ақпараттары жiктеледi, "тiркеуге"  алынады.  Бұл 
зонада  күрделi  болған  құрылымда  бас  қосып,  бiрiгедi  жəне  кiрiгедi.  Шеткi  сезiм 
органдарынан талшықтар жетiп, тiкелей байланысатын қабық зоналары алғашқы немесе 
құрастырушы аймақ  деп аталады да,  осы құрастырушы аймақпен жанасып, қабысатын 
ми қабығы зоналары туынды немесе құрастыру байланыс түзушi аймақтар аталған. 
             Сезiмдiк  қабықтың  алғашқы  аймақтары  арнайы  қызметтiк  белгiлердi (көру,  есiту, 
сезу) жiктеп,  талдайды,  яғни келiп түскен ақпаратты мəндi  бөлiктерге  бөлшектесе,  қабық 
бөлiктерiнiң  екiншi,  туынды  зонасы  бiрiктiру  қызметiн,  немесе  субъектке  жеткен 
ақпараттың күрделi өңдеуiн жүргiзедi. 
             Талдағыш  блок  аппараттары  алғашқы  жəне  екiншi  бөлiктермен  шектелмей, 
олардың  жоғарысына  қабықтың  үшiншi  зона  тетiктерi  қондырылған.  Бас  миы  қабығының 
үшiншi  зонасы  тек  адамда  ғана  түзiлетiн  арнайы  ми  қабығы  құрылымдарының  бiрi. 
Қабықтың үшiншi аймағы ұзақ дамудан жетiледi де, ми қабығына əртүрлi талдағыштардан 
келiп  түскен  ақпараттарды  бiрiктiру  оның  негiзгi  қызметi.  Бұл  бөлiк  тетiктерiнiң 
зақымдануы,  сырқатқа  шалдығуы  немесе  əншейiн  шаршауынан  адам  сырттан  келiп 
жатқан  сигнал-дардың  басын  қосып,  олардың  күрделi  бiрлiгiн  жасап,  қорытынды  шешiм 
таба  алмай,  қызмет  əрекет  бабында  адасады  (кеңiстiкте  оңды-солын  ажырата  алмайды, 
күрделi  грамматикалық  байланыстарды  түсiнбейдi,  көп  қатынасты  логикалық 
операцияларды орындай алмайды). 
  
3. Iс-əрекет бағдарламасын түзу, реттеу                                      жəне бақылау ми 
қызметi 
            Бас миының үшiншi блогы адамның белсендi əре-кетiнiң бағдарламасын түзiп, оны 
реттеп  жəне  бақылап  бередi.  Оның  құрамына  үлкен  ми  сыңарларының  алғы  бөлiк-

терiндегi маңдай аппараттары кiредi. Адамның саналы iс-əрекетi ақпаратты қабылдау мен 
өңдеуден басталып, тиiстi iс жоспарын түзiп, қажеттi ниет қалыптастыру жəне түзiлген iс-
əрекеттiк  бағдарламаға  орай  тысқы  (қозғалыс), iшкi (ой-ақыл)  жұмыстарды  орындаумен 
аяқталады.  Бұл  процестiң  iске  асуы,   керектi  ниеттер  мен  ұмтылыстарды  түзiп,  сақтау 
жəне  ниетке  сай  жасалған  бағдарламаны  орынды  жерiнде  жүзеге  келтiрiп,  бастапқы 
мақсат  пен  əрекет  нəтижесiн  салыстыра,  байқап  бару  үшiн  арнайы  аппарат  қажеттiлiк 
етедi. 
             Аталған  қызметтердiң  бəрi  мидың  алдыңғы  бөлiктерi  мен  олардың  маңдай
шектерiнде  iске  асып  отырады.  Мидың  артқы  бөлiктерi  сияқты,  алдыңғылары  да  төмен 
жайғасқан ретикулярлық формациямен тығыз байланысқан. Бұл арада қабықтың маңдай 
шектерiнде туған импульстердi жеткiзетiн ретикулярлы формация талшықтары (өрлi жəне 
төмен  бағыттағы)  өте  күштi  дамып,  шоғырланған.  Осылардың  арқасын-да  қабықта 
қалыптасқан тiлек - ниеттердiң мазмұнына сай организмнiң жалпы қалпы реттелiп, керек 
болса, өзгертiлiп тұрады. 
             Мидың  маңдай  шектерi  ең  алдымен  организмнiң  белсендiлiгiн  көтеру  қызметiн 
атқарады,  қабық  қуатына  дем  берiп  отырады.  Қарқынды  ақыл  жұмысы  ми  қабығының 
көбiрек  қуатын  керек  етедi.  Осындай  кездер  маңдай  шек-терiнде  бiрдей  қозып,  бiрлiктi 
əрекет ететiн бiрнеше нүктелер пайда болады. 
             Маңдай  аймағының  зақымдануынан  сырқаттар  тiлек  ниеттерiн  ұзақ  уақыт  сақтай 
алмайды,  əрекет  бағдарын  ұмытып  қалады,  бағдарламаға  тура  болмаған  импульстерге
қарсы  тұра  алмай,  əрекеттi  қажеттiлiкке  орай  басқара  алмайды.  Мұндай  науқастар  өз
назарын  алдында  тұрған  мiндетке  шоғыр-ландыра  алмай,  ойын  басқа  бiрдеңеге 
ауыстырып жiбередi. 
            Адам ми қабығының маңдай шегi əрқандай iс-əре-кеттiң өз бетiнше реттеу реттелу 
қабiлетiн қамтамасыз етедi. 
            Бiз бас миы қызметiн қамтамасыз етушi блоктардың қысқаша сипаттамасын бердiк, 
ми қызметiнiң принциптерiне тоқтадық. Ал ендi ми қызметiне қажет нақты механизмдердi 
түсiну  үшiн,  адамның  психикалық  өмiрiнiң  негiзiнде  жатқан  физиологиялық  тетiктер 
жөнiндегi осы заманғы пайымдаулар сипатын таныған жөн. 
  
4. Ми қызметiнiң  физиологиялық негiздерi 
             Жан  əрекеттерi  негiзiнде  жатқан  мидың  күрделi  жұмыс  формалары  рефлекстер 
сипатында құрылған. Барлық рефлекстер екi үлкен шартты жəне шартсыз топқа бөлiнедi. 
Шартсыз  рефлекстер  тума,  көп  өзгерiске  келе  бермейдi,  бас  ми  қабығынан  төмен 
орналасқан  жүйке  жүйесiнiң  бөлiктерi-мен  iске  асырылады.  Мұндай  рефлекстер 
организмнiң  қоршаған  ортаға  икемделуiн  шектелген  жағдайларға  байланыс-тырып, 
аздаған  тiтiркендiргiштерге  жауап  күйiнде,  тұрақты  сипатқа  ие  болады.  Сондықтан 
шартсыз  рефлекстер  жəрдемi-мен  сырттың  ауыспалы  əсерлерiне  онша  икемсiз  келетiн 
организм  əрекеттерi  ғана  бастау  алады.  Ал  қоршаған  орта  жағдайлары  өте  көп  өзгере
беретiндiктен,  олармен  бiрге  ауысып  тұратын  басқа  да  жауап  əрекеттер  формасы  өте
қажет. 
             Организмнiң  тiршiлiк  барысында  қалыптасатын  жаңа  өзгермелi  əрекет  жауаптар 
формасы - шартты  рефлекстер  аталып,  олар  жоғары  дамыған  жануарлар  бас  миы
қабығында  жасалады.  Шартты  рефлекстер  түзiлуде  организм  үшiн  бұрын  мəнге  ие 
болмаған  тiтiркену  əсерi  ендi  организмге  тiкелей  маңызды  басқа  тiтiркендiргiштiң 
сигналына айналады. Бұған дейiн бейтарап əсер ендi жаңа сигналдық қызметке ауысады. 
             Шартты  рефлекстердiң  жасалуынан  мида  бұрын  болмаған,  жаңа  уақытша 
Каталог: repository -> history
history -> С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009
history -> М. Б. Әмірханов ¤. Д. Сандықбаева
history -> Анықтамалық қолданба Пікірлер Ұғымдар
history -> Айг‰л Аязбайқызы Жумадуллаева
history -> Графикалық компьютерлік модельдеу
history -> Мәшімбаев С. М. Еуропа және америка
history -> Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы
history -> Булгакова Д. А
history -> Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет