Сəбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев)



Pdf көрінісі
бет8/24
Дата29.12.2016
өлшемі1,88 Mb.
#678
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24

iс-əрекеттiң  белгiлi  бiр  түрiн  құрайды.  Ал  еңбектiк  iс-əрекет  əрдайым  белгiлi  өнiмге 
арналатындықтан,  адам  əрекетi  де  тиiстi  нəтиженi  көздейдi.  Адам  əрекетiнiң  саналы  əрi 
мақсатты  болуы   -  адамның  басқа  жануарлар  дүниесiнен  ажырау  белгiсi.  Бiрақ  мақсат 

қаншама  маңызды  болғанымен,  оның  бiр  өзi  əрекеттiң  толық  мəнiн  таныта  алмайды. Iс-
əрекет  бағдар-ланған  мақсат  өзiнiң  бiршама  қашықтығымен  еленедi.  Сондықтан  оған 
жетем  дегенше  адам  бiр-бiрiне  байланысты, iзбе-iз  келетiн  əлденеше  жеке  мiндеттердi 
орындауына  тура  келедi.  Бұл  мiндеттермен  байланысты  əрекеттер  операциялар деп 
аталады. Əрқандай мақсат көздеген iс-əрекет орындалу барысының əр мезетiне орай iске 
асып  отыратын  осы  операциялардан  құралады.  Адам  iс-əрекетi  əрқилы  жəне  əр 
деңгейдегi əрекеттердiң жəрдемiмен жүзеге келедi. Ал осы жай бiр мiндеттi iске асыруға 
қажет  болған  бiршама  бiткен  iс-əрекеттiң  əрбiр  элементi  əрекет  деп  аталады.  Затқа 
бағдар-ланған осы əрекет қимылдар бiрiкпесiнен жасалады. Олар: алу, орын ауыстыру, 
босату.  Сапалық  жағынан  бұл  қимылдар  əлдi-əлсiз,  дəл-жаңсақ,  жылдам-шабан,  ептi-
епсiз, бағдарлы-бағдар-сыз болуы мүмкiн. 
            Затқа бағдарланған қимылдардан басқа адам iс-əрекетiнде дененi қалыпты ұстау, 
қозғау  жəне  тiлдесуге  қажеттi  қимылдар  да  болады.  Сонымен,  əрқандай  заттық  əрекет 
белгiлi  қимылдар  жүйесiмен  қамтамасыз  етiледi.  Ал  бұл  қимылдар  əрекеттiң  мақсатына, 
заттың қасиетiне жəне əрекет шарттарына байланысты. Белгiлi əрекеттiң орын-далуында 
қатысатын қимылдар өздiгiнен не бiр дене мүшесi-нiң қандай да қозғалысқа келуiнен емес, 
адамның жеке ниетiне, қозғалысты мiндетке орай iрiктеуiне, орындалатын қимылға деген 
қатынасына  қарай  iске  араластырылады.  Ниет  өзгерiсi  қозғалыс  ауқымын  да  бұрып 
жiбередi.  
Адам  қимылының  шын  мəнi  мен  жетiлгендiгi  сол  қимылды  қажет  еткен  саналы 
əрекетке тiкелей байланысты. 
             Əрекеттi  құрайтын  қимылдар  тобы  белгiленген  мақсатқа  орай  басқарылады  жəне 
реттеледi.  Дəл  осы  орындалатын  əрекеттiң  нəтижесi  қойылған  мақсат  тұрғысы-нан 
бағаланады, қажет болса оған түзетулер ендiрiледi. Адамның көздеген мақсаты нақты осы 
мезетте  көрiнбей,  ол  ендiгi  орындалатын  əрекеттiң  жемiсi.  Сондықтан,  мақсат  адам 
миында iс-əрекеттiң болашақтағы нəтижелiк бейнесi не əрекетшең моделi болып iз бередi. 
Осы болашақтағы ниет бейнесi əрекеттiң нақты нəтижесiмен салыстырылады. 
             Əрқандай  жаңа  iске  кiрiсуде  адам  iстiң  орындалу  тəсiлдерiн  бiлмегендiктен, 
мақсатқа бағытталған бүтiн əрекеттi де, оның элементтерiн де ойланып, саналы барлас-
тырып  орындауына  тура  келедi.  Ал  бiрнеше  қайталай  отырып,  адам  мақсатқа 
бағышталған  əрекеттi  ендi  саналы  күш-жiгерiн  жұмсамай-ақ  орындау  мүмкiншiлiгiне  қол 
жеткiзедi.  Саналы  əрекеттiң  орындалу  барысында  кейбiр  қимыл  элементтердiң  сана 
аймағынан шығып, өздiгiнен орындалуы  əрекеттiң автоматтануы деп аталады. 
             Жаттығу,  үйрену  нəтижесiнде  қалыптасатын  адамның  саналы  iс-əрекетi 
бiрлiктерiнiң  автоматты  түрде  орындалуы - дағды  атамасын  алған.  Əңгiме  əрекет  емес, 
сана  қатысынсыз  орындалатын  қимылдар  жөнiнде,  себебi  адамның  қалаған  қалыпты  iс-
əрекетi  сана  басқаруымен  болатыны  белгiлi.  Бiр  мiндетке  байланысты  əрекеттi  екi  не 
одан  да  көп  қайталау  барысында  адам  сол  əрекеттi  орындау  əдiстерiн  қолдану  үшiн 
ойланып-толғанбай,  бүтiн  iс-əрекет  элементтерiнiң  бiрiнен  екiншiсiне  жеңiл  ауысып 
отырады,  яғни  кейбiр  əрекет-қимылдар  дағдылық  қасиетке  айналып,  автоматтанған 
орындалу қалпына түсiп, ендi адам жеке қимылдарын реттеп отыру борышынан арылып, 
өзiнiң саналы əрекетiн күрделiрек жүктемелердi атқаруға бағыттайды. 
             Адамның  қай  əрекетi  болмасын  үш  тараптан  тұрады:  қимылдық,  сезiмдiк жəне 
саналық,  бұлардың  əрбiрi  өзiне  сəйкес  қызмет  атқарады,  ол  қызметтер:  орындау, 
бақылау жəне реттеу. 
            
Əрекет 
құрылымындағы 
бiрлктердiң 
бiршама 
авто-маттанып, 
дағды 
қалыптасуынан келесi тəсiлдер өзгерiске келедi: 
а) əрекет орындалуы - майда қимыл-қозғалыстар бiртұтас əрекетке бiрiгедi, артық, 
қажетсiз қозғалыстар жойылып, қимыл жеделдей түседi; 
ə)  əрекетке  сезiмдiк  бақылау - қимылды  көзбен  бақылау  бұлшық  еттер
бақылауымен  ауысады,  əрекет  нəтижесiн  бақылауға  қажеттi  бағыт-бағдар  сараптау 
қабiлетi дамиды; 
б)  əрекеттi  санамен  реттеп  бару - зейiннiң  əрекет  тəсiлдерiнен  сол  əрекеттiң 
орындалу  жағдайлары  мен  нə-тижелерiне  ауысуы.  Осыдан  əрекеттегi  кейбiр  есеп-
қисаптық санаға байланысты шешiмдер бiрлiктi əрi ықшам қабылданады. Келесi қимылға 

көшуге  болған  iшкi  дайындық  алдыңғы  əрекеттiң  орындалуымен  бiрге  жүргiзiлiп, 
жаңа əрекетке өту арнайы жоспарсыз-ақ орындалады. 
             Дағды  қалыптасуда  адамның  жеке  басының  ерекше-лiктерi  үлкен  маңызға  ие. 
Күрделi, бiрақ бiр типтi дағдылар бiр адамда жеңiл орнығып, екiншiсiнде қиындау қалып-
тасады.  Сондықтан  да  дағды  қалыптастыру  үшiн  жаттығулар  саналы  iрiктелiп,  əрекеттiң 
тұтастай  орындалуы  немесе  оның  күрделi  бөлiктерi  арнайы  қайталау  жəне  бекiту 
əдiстерiн пайдалануды талап етедi. Ал əр жағдайдағы нақты əдiстер саны мен түрi бекуi 
тиiс дағды əрекетi мен сол əрекеттi игерушi адамның ерекшелiктерiне байланысты. 
            Дағды əрекет мазмұнына орай əртүрлi болады: 
1) қимыл-əрекеттiк дағды (спортсмендер əрекет-терiнiң бекуi);  
2) сезiмдiк (түр-түс тану, балалардың алғашқы əрiп тануы т.б.);  
3)  интеллектуалды  дағдылар  (есеп,  оқу,  жаттау  т.б.).  Бұлардан  басқа  аралық 
дағдылар  да  айырылады:  сезiмдiк-қимыл  дағдысы  (жазу,  сурет  салу,  сызу);  сезiмдiк-ой 
дағдысы (математикалық ұғымдармен жұмыс iстеу). 
             Əрқандай  жаңа  дағды  адамда  бұрыннан  қалыптасқан  дағдылар  жүйесiнде  пайда 
болады. Олардың бiрi жаңа дағдыға тiрек, қолдау көрсетсе, кейбiрi кедергi етедi. Осыдан 
дағды интерференциясы жəне дағды көшуi деген ұғымдар қалыптасқан. Интерференция
-  бұл  дағдылардың  өзара  кедергiлiк  əсерi,  яғни  бұрыннан  орныққан  дағдылар  жаңа 
дағдыға  тежеу  бередi  немесе  оның  тиiмдiлiгiн  кемiтедi.  Ал  бұрыннан  игерiлген  əрекет 
дағдыларының  ендi  қалыптасатын  қимыл-əрекеттерге  ұнамды  ықпал  жасап,  олардың 
орнығуын  жылдамдатуы  дағдылардың  көшуi  деп  аталады.  Дағды  көшуi - бұрынғы 
əрекеттер  мен  ендi  орнығатын  қимылдар  арасында  ортақ  ұқсастық  болудан.  Əрқандай 
жаңа əрекеттердi игеруде адам бұрынғы тəжiрибесiне сүйенедi, сондықтан оның қалыпты 
ептiлiктерi  жаңа  дағдыларды  жеңiл  əрi  жылдам  қабылдауына  жəрдем  бередi.  Ал  егер 
жаттығу қимылдары ұзақ мерзiм қайталанып, орындалып отырмаса, дағдылар бiрте-бiрте 
жойыла  бастайды.  Осыдан  қызмет  бабы  автомат-танған  əрекеттерге  тəуелдi  мамандар 
(ұшқыштар, гимнастар т.б.) өз кəсiби кейпiн тұрақты ұстау үшiн арнайы қимыл-əрекеттердi 
ұдайы орындап жүруi өте қажеттi. 
             Дағдылардан  тыс, iс-əрекеттiң  қажеттi  бiрлiгi - ептiлiк.  Ептiлiк - бұл  бiлiмдер  мен 
дағдылардың  нақты  əрекетте  көрiнуi.  Жаңа  жағдайлар  немесе  жаңа  объектермен
қатынасқа келе, адам өзiнiң бұрыннан игерген бiлiмдерi мен дағдыларын iске қосады, яғни 
осы дағдылардың жаңа жағдайға көшу - көшпеуi ептiлiкке байланысты. 
             Ептiлiктер  өз  мазмұнына  орай  дағдыларға  қарағанда  ауқымдырақ,  себебi  олар 
əрекеттiң  түрлi  баламаларын  қолдануға  мүмкiндiк  бередi.  Психологияда  ептiлiктiң  келесi 
түрлерi  анықталған:  а)  танымдық,  ə)  жалпы  еңбектiк,                   б)  құрама-техникалық,  в) 
ұйымдастыру-технологиялық,           г) қызметтiк-бақылау (Е. А. Милерян). 
            Қандай да бiр əрекеттi орындауға байланысты жай ептiлiктер кездейсоқ елiктеуден 
қалыптасуы мүмкiн. Ал iс-əрекет неғұрлым күрделенген сайын ептiлiктердiң пайда болуы 
бiлiмге,  объектi  мазмұнына,  объектi  мен  субъектi  арасын-дағы  əрекеттiк  байланыстарды 
танып, салыстыра алуға тəуелдi. 
            Автоматтасқан əрекеттердiң жəне бiр түрi - бұл əдет. Дағды мен əдет арасындағы 
негiзгi  ерекшелiк:  дағды - əрекетi  сана  қатысынсыз  үйреншiктi  қалыптасқан  қимылдар 
арқылы iске қосу, ал əдет - қандай да бiр əрекеттi орындауды қажетсiну немесе адамдық 
қасиетке айналдыру. Мысалға, баланың қол жуу, сəлемдесу т.б. əрекеттерi. Əдет адамды 
қандай  да  əрекет  түрлерiн  тұрақты  орындап  жүруге  бейiмдестiредi,  олар  пайдалы  да 
зиянды болуы мүмкiн. Сондықтан балада алғашқыдан пайдалы əдеттер қалыптасуы үшiн 
белгiлi  бағыттан  ауытқымай,  тұрақты  талаптарға  негiзделген  тəрбие  жұмыстарын  үзбеу 
қажет. 
             Адамда  əрқилы  iс-əрекет  түрлерiнiң  пайда  болуы  мен  дамуы  күрделi  де  ұзаққа 
созылған  процесс.  Бүкiл  өмiр  барысында  бiрiн  бiрi  ауыстырып,  өзара  тығыз  байланыста 
жүрiп    отыратын    үш    iс-əрекет    түрi    бар:    ойын,  оқу  жəне  еңбек.  Олар  бiр-бiрiнен  iс-
əрекеттiң ақырғы нəтижесi, ұйымдасуы жəне сеп-түрткiлерi бойынша ажыратылады. Бала 
белсендiлiгi  бiр  iздi,  даму  барысындағы  тəрбиелiк  ықпалдарға  орай  саналы,  мақсат 
бағдарлы  iс-əрекетке  айнала  бастайды.  Өмiрiнiң  алғашқы  кезеңiнде-ақ  ол  iс-əрекеттiң 
қарапайым  формаларын  қалыптастырады.  Солардың  ең  бiрiншiлерiнен - ойын  өмiрдiң 

тамаша  құбылыстарынан,  бiр  қарағанға  пайдасыз,  бiрақ  өте  қажеттi iс-əрекет.  Адам 
ойынының  мəнi - дүниенi  бейнелей  отырып,  оған  өзгерiс  ендiруге  ұмтылу.  Адамның  осы 
қабiлетi  алғашқыда  ойында  пайда  болып,  осы  ойында  қалыптасады,  əрi  орнығады. 
Ойында  баланың  дүниеге  ықпал  жасау  қажеттiгi  туындайды  ойынның  жалпы  маңызы  да 
осы.  Ойын  еңбекпен  байланысты,  бiрақ  одан  өзгеше.  Еңбек  пен  ойынның  ортақтығы  да, 
ерекшелiгi де ең алдымен оларды жүзеге келтiретiн сеп-түрткiлер мазмұнында. 
             Ойын  жəне  еңбектiк  iс-əрекеттiң  арасындағы  айыр-машылық  əрекетте  болған 
қатынастың  ерекшелiгiнде.  Ойын  барысында  адам  өз  қызығуы  мен  қажетсiнуiне  орай 
əрекетке  келедi,  ал  еңбекке  адамды  оның  қалауы  емес,  практикалық  мүддесi 
мəжбүрлейдi. Ойын қатысушылары қандай да тұрмыстық не қоғамдық қажеттiлiкке тəуелдi 
емес, ал еңбек-ке байланысты iс-əрекет орындап жатқан адам, мысалы, дəрiгер сырқатты 
емдеуде  өзiнiң  кəсiби  не  қызметтiк  мiндет-терiн  атқарады,  ал  бала  "дəрiгерлiктi" 
қызықтаудан,  сол  кəсiптi  ұнатудан  ойнайды.  Ойын  арқылы  бала  өз  мүмкiн-шiлiктерiне 
орай  қажеттiлiктерi  мен  талаптарын  iске  асырып  отырады.  Ойынға  байланысты  бала 
нақты  жағдайды  өз  сана-сында  қиялға  айналдырып,  сол  ситуациядағы  сезiмдерi  мен 
эмоцияларын  iске  қосады.  Белгiлi  рөлдi  ойнай  отырып,  бала  бөтеннiң  болмысына  түсiп 
қана қоймастан, өз болмысын байқатады, кеңейтедi, тереңдете түседi. Осылай бала өзiнiң 
тек  қиялын  ғана  дамытпай,  ойлау,  ерiк,  тiптi  жеке  адамдық  қасиеттерiн  баули  түседi. 
Ойындық  iс-əрекет  бала  тiлiнiң  шығуымен  қарқынды  дами  бастайды,  осыдан  сəби 
қоршаған дүние ортасынан өз "менiн" бөлектеу қабiлетiне жетiседi. 
             Сонымен,  ойын  баланы  заттар  мен  құбылыстар  мəнiн  тануға,  əртүрлi  қимылдар 
мен əрекеттердi орындау ептiлiктерiн игеруге жаттықтырып, өзiн тек əрекет субъектi емес, 
ендi адам аралық қатынастар субъектi дəрежесiнде сезуге жетелейдi. 
             Оқу.  Тарихи  даму  барысында  еңбек  формалары  үздiксiз  жетiлуде  жəне 
күрделенуде.  Осыдан  еңбектiк  iс-əрекетке  қажет  бiлiмдер  мен  дағдыларды  еңбек 
процесiнiң  өзiнде  игеру  анағұрлым  қиындықтарға  соқтыруда.  Сондықтан  адамды  алдағы 
еңбектiк iс-əрекеттерге дайындау мақсаты осы iс-əрекеттiң ерекше түрi оқудың өз алдына 
бөлiнiп  шығуын  керек  еттi.  Бұл  еңбек  түрi - оқу  басқа  адамдардың  өткендегi  жинақтаған 
тəжiрибесiнiң  қорытылған  нəтижелерiн  үйренуге  бағышталады.  Адамзат  бұл  үшiн  өсiп 
келе жатқан əулет өмiрiнiң ерекше кезеңiн белгiлеп, оқудың арнайы да негiзгi iс-əрекеттiгiн 
танытатын жағдайларды жасады. 
            Əрбiр адамның өмiр бойы бiрiздi ауысып отыратын iс-əрекеттерiнiң ортасында оқу 
өз  орнын  иелеп,  ойыннан  кейiнгi,  еңбектен  алдыңғы  процестiк  мағынаға  ие  болады.  Оқу 
ойыннан  түбегейлi  ерекшеленiп,  еңбектiк  iс-əрекетке  жақындасты.  Оқу  барысында  еңбек
процесiндегiдей  адам  тапсырмалар  орындайды,  талаптарға  бойсынады,  мiндет-термен 
байланысқа келедi. Оқудағы жалпы нұсқаулар мен талаптар ендi ойындық емес, еңбектiк 
сипатқа  ие  болады.  Сонымен,  оқудағы  негiзгi  мақсат - бұл  адамды  болашақтағы  дербес 
еңбек қызметiне дайындау, ал мiндетi - өткен əулет тəжiрибесiнiң жалпыланған нəтижесiн 
ұғу,  игеру.  Оқу  бiлiмдi  ұсыну  жəне  игеруге  бағытталған  екi  тарапты  процесс  бола  тұрып, 
оқушы  мен  мұғалiмнiң  өзара  ықпалды  iс-əрекет-терiнiң  байланысынан  құралады.  Оқу  -
мұғалiм   ұсынған   бiлiмдердi  енжар  қабылдап  қана  қою  емес,  оларды  саналы  еңбек
процесiнде өзiндiк құрал дəрежесiнде пайдалану үшiн белсендi игеру. 
            Оқу құрылымы келесi бiрлiктерден тұрады: төңi-ректегi заттар мен құбылыстардың 
қасиеттерi  жөнiндегi  ақпараттар,  яғни  бiлiмдер; iс-əрекеттiң  негiзгi  түрлерiн  құрайтын 
тəсiлдер  мен  қимылдар,  яғни  дағдылар, iс-əрекет  мақсаттары  мен  жағдайларына  орай
тəсiлдер  мен  қимылдарды  дұрыс  таңдауға  арналған  ақпараттарды  қолдана  бiлу,  яғни 
ептiлiктер.  Сонымен,  оқу  дегенiмiз  адамның  өз  əрекетiн  саналы  мақсатқа  бағындыра 
басқаруы   немесе  белгiлi  бiлiм,  ептiлiк  жəне  дағдыларды  игеруi.  Оқу  үшiн  саналы  сеп-
түрткiлердiң болуы үлкен маңызға ие. Хайуанаттардағы оқу əрекетiнiң мүмкiн еместiгi нақ 
осыдан.  Тiптi  адамдағы  оқу  жұмысының  өзi  де  əрекет-қылықты  саналы  реттестiру 
кезеңiне, яғни 6-7 жастарға тура келедi. 
            Оқу iс-əрекетi қалыптасуының негiзгi шарты балада бiлiм, ептiлiк жəне дағдыларды 
игеруге  деген  саналы  сеп-түрткiлердiң  оянуынан.  Бала  дамуына  қоғамдық  ықпал 
жасаушылар əрдайым ересектер. Адамзаттың қоғамдық тəжiрибесiн бала  əрекет-қылығы  
мен  iс-əрекетiн   бағыттауға  арналған  белсендi  процесс - оқыту  деп  аталады.  Ал  осы 

процестiң  жеке  адам  қасиеттерi  мен  сапаларын  қалыптас-тыруға  бағытталуы - тəрбие
ұғымын туындатты. Оқыту мен тəрбие жұмыстарын ұйымдастыру жəне жүргiзу педагогика 
ғылымының зерттеу аймағы. 
  
  
  
3. Еңбек сипаты 
             Адамзат  iс-əрекетiнiң  тарихи  қалыпты  түрi - еңбек.  Еңбек  жалпы  психологиялық 
емес,  əлеуметтiк  категория.  Сондықтан  да  оның  заңдылықтарын  қоғамдық  ғылымдар
зерттейдi.  Ал  психологиялық  тұрғыдан  зерттелетiн  нəрсе  жалпы  еңбек  емес,  еңбектiк  iс-
əрекеттiң  психологиялық  бiрлiктерi.  Еңбек - белгiлi  нəтижеге  жету  үшiн  бағытталған, 
белгiлi мақсатқа орай ерiк күшiн қосумен реттелушi мақсатты бағдарлы, саналы iс-əрекет. 
Басты  ниетке  байланысты  нəтижеге  жетiсу  шарасы  болумен  бiрге  еңбек - жеке  адам 
қалыптастырудың  негiзгi  жолы  да.  Еңбек  процесiнде  субъектi   өнiмi  ғана  пайда  болып 
қоймастан,  сол  субъектiнiң  өзi  де  осы  еңбекте  кемелденедi.  Еңбектенуден  адам  қабiлетi 
дамиды, оның мiнезi тұрақтанады. 
             Еңбектiк  қызметтiң  психологиялық  ерекшелiктерi  ең  алдымен  оның  қоғамдық 
пайдалы  өнiм  жасауға  бағытталған  iс-əрекет  болуында.  Еңбек  процесiндегi  əрекеттердiң 
бəрi  тұтасымен  ең  соңғы  кезеңге,  қорытынды  нəтижеге  тəуелдi  болуы  еңбектiк  сеп-
түрткiлерге  өзiндiк  сипат  бередi:  мақсат  iс-əрекеттiң  өзiнде  көрiнбей,  оның  өнiмiнен 
байқалады. Ал еңбектiң қоғамдық бөлшектенуi бұл ерекшелiктi айқындай түседi. Əрқандай 
адам  өз  қажеттiгiн  қанағаттандыру  үшiн  барша  заттарды  өндiре  алмағандығынан,  адам 
əрекетiнiң  сеп-түрткiсi  оның  өз  iс-əрекетiнiң  өнiмiмен  емес,  басқа  тұлғалардың  қоғамдық 
қызметiнiң өнiмiмен байланыста болады. 
             Еңбек  желiсiнде  тек  еңбек  құралдары  ғана  емес,  адамның  сол  еңбекке  деген 
қатынасы да үлкен мəнге ие. Адам еңбегiнiң түрткiлерi де нақ осы қатынастан. Адамның 
еңбекке  бағытталған  субъектив  қатынасы  санада  бейнеленетiн  объектив  қоғамдық
қатынастарға  тəуелдi.  Əдетте,  еңбек  адамның  қалыпты  қажеттiгi.  Еңбек  ету - өзiңдi iс-
əрекетте  көрсете  бiлу.  Əрқандай  нақты  iс-əрекеттегiдей,  еңбекте  адамның  барша 
қасиеттерi мен сапалары қатысып, көрiнiс бередi. Əрқандай еңбек түрiнде өзiне сай еңбек 
құралдары   қолданымын  таба  бiлуi  қажет,  адам  мiндетi  сол  құралдарды  қолдану 
тəсiлдерiн игеру. Ал бұл үшiн жүйелi бiлiм мен дағдылардың рөлi күштi. Мұнсыз ешқандай 
еңбек болуы мүмкiн емес. 
             Баланың  əрқандай  даму  кезеңдерiне  сай  еңбек  əртүрлi  болады.  Бүгiнгi  нақты  iс-
əрекет  ендiгi iс-əрекеттiң  дайындығы:  тиiстi  қажеттiлiктер  дамиды,  танымдық  мүмкiн-
дiктерi  мен  əрекет-қылық  ерекшелiктерi  ашылады.  Осыған  орай  психологияда  iс-
əрекеттiң жетекшi түрi ұғымы қалыптасқан. Қай жас кезеңiнде болмасын iс-əрекеттiң үш 
түрi де (ойын, оқу, еңбек) өз маңызына ие, бiрақ белгiлi бiр кезеңде олардың əрқайсысына 
деген  қажетсiну  əртүрлi,  өзiндiк  мазмұнға  ие.  Ал  осылардың  iшiнде  жас  кезеңiне 
байланысты  бала  психикасына  маңызды  өзгерiстер  енгiзiп,  ондағы  танымдық  процестер 
мен  жеке  адамдық  қасиеттердiң  қалыптасуына  ықпал  жасай  алатыны  ғана  iс-əрекеттiң 
жетекшi түрi деп есептелiнедi. 
             Мектепке  дейiнгi  жастағы  бала  үшiн  (оның  еңбек-тенуге  де,  оқуға  да  ықласы 
болғанымен)  мұндай  əрекет  түрi - ойын.  Ал  мектепте  (бiрiншi  сыныптағылардың  ойын-
құмарлығы басылмаса да) оқу еңбегi басым келедi. Кемелденген сайын еңбектiң рөлi арта 
түседi.  Жетекшi  қыз-метпен  шұғылдану  барысында  субъектi  дамуымен  қатар  келесi  жас 
кезеңiне  сай  жаңа  жетекшi iс-əрекет  қалыптасып  барады.  Осы  жетекшi iс-əрекет  түрiмен 
айналысса, бала өзiнде əлеуметтiк ортамен болатын жаңа қатынастарды, жаңа бiлiмдер 
қоры мен оларды игерудiң əдiстерiн үйренiп, өзiнiң танымдық аймағы мен психологиялық 
құрылымын өзгерiске келтiредi. Бұл тұрғыдан iс-əрекеттiң барлық түрлерi де теңдей мəндi 
де маңызды. 
  
Қайталау жəне бекiту сұрақтары 
1.  Адам белсендiлiгiнiң мəнi неде? 
2.  Iс-əрекеттiң қоғамдық категория болуының негiзi неде?

3.  Iс-əрекетке байланысты психология ненi зерттейдi? 
4.  Адамды iс-əрекетке бағыттаушы күш - қажеттiлiк, мақсат, мотивтерiн қалай түсiнесiз? 
5.  Iс-əрекеттiң мақсаты деген не? 
6.  Психологиялық процестiң динамикасы дегендi қалай түсiнесiз? 
7.  Заттық əрекет пен саналық əрекеттiң арақатынасы қандай? 
8.  Iс-əрекет құрылымына байланысты қандай теориялық пайымдаулар болады? 
9.  Iс-əрекеттегi əрекет, қимыл-қозғалыстардың мəнi неде? 
10. Əрекет пен ниет байланысы қандай? 
11. Iс-əрекет қалыптасуында дағдының қандай маңызы бар? 
12. Ептiлiктер деп қандай əрекеттердi атаймыз? 
13. Əдеттiң қалыптасу негiзi неде? 
  
14. Негiзгi əрекет түрлерi арасындағы ұқсастық пен   
     айырмашылықтардың сипаты қандай? 
15. Оқу əрекетi құрылымының бiрлiктерi қандай? 
16. Еңбек - əлеуметтiк категория дегендi қалай түсiнесiз? 
17.  Адамның  еңбекке  бағытталған  субъектив  қатынасының  объектив  қоғамдық
қатынастарға тəуелдiлiгiн қалай түсiнесiз? 
18. "Iс-əрекеттiң жетекшi түрi" ұғымының мағынасы неде?

7-дəрiсбаян
 
  
АДАМ АРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ПСИХОЛОГИЯСЫ
 
  
Жоспары:   1. Адам аралық қатынастар жөнiнде жалпы түсiнiк.  
2.
 
Адамдардың бiрiн-бiрi қабылдауы мен түсiнуi.  
3. Таным мен түсiнiсудегi қателiктер себебi. 
  
1. Адам аралық қатынастар жөнiнде жалпы түсiнiк  
             Адам  аралық  қатынас  дегенiмiз - қарапайым  да  күрделi  проблема.  Күнделiктi 
тұрмысымызда осы қаты-нассыз жасауымыз мүмкiн емес.  
             Адам  арасындағы  қатынастардың  түрi  келесiдей:  жеке  жəне  қызметтiк,  дара 
жəне  топтық,  тең  құқықты  жəне  тəуелдi,  қарама-қарсылықты  жəне  дау-дамайлы.  Жеке 
қатынастар  екi  адам  арасындағы  сүйiспеншiлiк  пен  жек-көрушiлiктен,  сыйластық  пен 
араздықтан,  сенiм  мен  кү-дiктенуден  тұрады.  Мұндай  сипаттағы  қатынастардың  пайда 
болуы əр жеке адамның қоғамдағы орыны мен мiндетiне тəуелдi емес. Мысалы, бала өз 
ата-анасын  сыйлауы  да,  жеккөруi  де  мүмкiн;  өз  қызметiн  ойдағыдай  атқарып  жүрген 
мұғалiм бiр шəкiртiне үлкен сүйiспеншiлiк танытса, екiншiсiн көргiсi келмейдi. 
            Қызметтiк қатынастар əлеуметтiк топ не мекеме мүшелерi арасында олардың сол 
топтағы құқы не мiндет-терiне орай қалыптасады. 
            Егер ара қатынастар əрбiр адамның меншiктi қажет-терi сипатында қаралса, олар 
жеке  қатынастар  атанып,  ал  ара  қатынас  тұтастай  жүйелiкке  сүйенiп,  екi,  одан  да  көп 
адамдардың сипаттамасы ретiнде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады. 
             Тең  құқықты  қатынастар - қатынас  мүшелерiнiң  құқықтары  мен  мiндеттерi 
теңгерiлген жерде, ал тəуелдi қатынастар құқықтары мен мiндеттерi бiрдей болмаған жағ-
дайларда қалыптасады. 
             Адамдар  арасында  қарама-қарсылық  болмай,  өз-ара  терең  сыйластық  жайлаған 
ортада үйлесiмдi қатынастар нышан бередi. 
             Топ  iшiнде  кейбiр  тұлғалардың  ұнамды  ниеттерi  екiншi  бiреулердiң  келеңсiз 
ниеттерiмен тоғысқан шақтарда қарама-қарсылықты қатынастар бой тiктейдi. 
             Адамдардың  бiр-бiрiне  деген  өшпендiлiгi  болған  жерде  дау-дамайлы,  жанжалды 
қатынастар өрбидi. 
             Адамдар  арасындағы,  тiптi  кейде  бiр  тұлғаның  да  бойынан  көрiнетiн  адамдық 
қатынастар  түрi  мiне  осындай.  Бұл  қатынастардың  бəрi  өмiрде  адамдардың  бiр-бiрiне 
беретiн  бағалары  мен  мiнездемелерiнде,  əр  адамның  басқаға  бағытталған  iс-əрекет, 
қылығында, өзара байланысқан ойы мен сезiмiнде көрiнiс бередi. 
             Түрақты  да  келелi  қатынастар  жүйесi  қалыптаспаған  ортада  адамның  өрелi  өмiр 
сүруi өте қиын, себебi əр-бiр жеке адамның да, топ пен ұжымның да қоғамдағы болмысын 
осы  қатынастар  айқындайды.  Балалық  шақта  орныққан  адам  аралық  қатынастарға  орай 
адам  азаматтық  қасиеттерiн  тiктейдi.  Ересектердiң  төңiрегiндегiлермен  қатынасынан  сол 
ортаның  көңiл-күйi  айқындалып,  алға  қойылған  мұрат-мақсаттардың  сəттi  орындалуы  не 
кедергiге ұшырауы мүмкiн. 
             Адам  аралық  қатынастардан  туындайтын  ең  қиын  да  қолайсыз  құбылыс - бұл 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет