Сəбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев)



жүктеу 1.88 Mb.
Pdf просмотр
бет9/24
Дата29.12.2016
өлшемі1.88 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24

остракизм,  қоғамнан  аласталу,  яғни  кейбiр  адамдардың  көпшiлiк  арасында 
сыйымсыздығынан  ұжымдық  қатынастан  шеткерiлеп  қалуы.  Мұндай  адамдар  көпшiлiктiң 
жек  көрушiлiгiне  тап  болып,  назардан  тыс  қалады,  еленбейдi.  Осыдан  өзi  қатарларынан 
оң қатынас таба алмай, ақырында адамгершiлiк қасиеттерiнен айырылып, қауымдық өмiр 
тiршiлiгiнен айрылғандар да кездеседi. 
            Адам аралық қатынастардың ерекшелiгi олардың эмоционалды болуында. Адам 
өзi  тектеспен  араласа  отырып,  бiр-бiрiне  болған  айрықша  сезiмдер  мен  ықластарға
кезiгедi.  Жеке  аралық  қатынастар,  əдетте,  субъектив  сипатта  болып,  əр  адамның  шын 
мəнiндегi  тұлғалық  оң  не  терiс  қасиеттерiне  сай  келе  бермейдi.  Олар  əрқашан  адамның 
көңiл-күйiне  байланысты,  бiр  адамның  екiншiсiне  деген  сезiм  толғанысы-ның  ауысуымен 
өзгерiске  келiп  тұрады.  Көңiл-күйдiң  бiр  сəттiк  болуынан,  жеке  қатынастар  құбылмалы 
келедi:  бүгiнгi  тəп-тəуiр  сыйлы  қатынас  күн  өтпей-ақ  керi  сипатқа  енуi  баршаға  аян 

құбылыс. 
             Қызметтiк  қатынастар  жеке  қатынастарға  қарағанда  бiршама  тұрақты,  олар, 
əдетте, көңiл-күйге байланысты өзгере бермейдi. Мұндай  қатынастардың əрбiр тұлғаның 
көңiл-күйiне  бағына  бермейтiндiгiнен,  оларды  ресми  қатынас-тар  деп  те  атайды,  яғни 
мұндай  өзара  байланыстар  қатынасқа  түскен  адамдардың  əрқайсысының  жеке
ерекшелiктерi мен психологиялық кейпiне тəуелдi болмауы қажет. 
            Бiрақ өмiрде жеке жəне қызметтiк қатынастар өзара кiрiге байланысқан, сондықтан 
оларды  нақты  айырып,  таза  күйiнде  қарастыру  мүмкiн  емес.  Бiрiншiден,  əр  адам  өзiнiң 
даралығымен  қызметтiк  қатынастарға  əрқашан  ерекше  мəн  мен  сəн  берiп  отырады; 
екiншiден,  əрқандай  тұлға  нақты  қатынастарға  өзiнiң  жеке  ниет,  ой,  толғаныс  жəне 
сезiмдерiмен  кiрiседi,  ал  бұлардың  бəрi  адамның  басқалармен  болған  қызметтiк 
қатынасына əсерiн тигiзбей қоймайды.  
             Қарама-қарсылықты  қатынастар  негiзiнде  толық  үйлесiм  болмағанымен,  оған 
қатысқан адамдар бiр-бiрiнiң əрекетi мен ниетiн түгелдей шектемейдi. Бiрде келiссе, бiрде 
қарсы  тұрып,  алға  қойған  мақсатқа  жетуi  жолында  қажеттi  қатынасын  үзбейдi.  Қатынас 
түгелдей елемеу мен дау-дамайға бармайды. 
             Кейде  екi  адам  бiр  ортада  бола  тұрып,  бiр-бiрiне  деген  ыстық  та,  суық  та  шырай 
сезiнбейдi,  яғни  өзара  қатынас  жасауға  ешқандай  қажеттiлiктi  таппайды,  мұндайда  олар 
арасындағы қатынас бейтараптық сипат алады. 
            Қоғамдық-əлеуметтiк жағдайларға байланысты бiр ортаға түсiп қалған адамдардың 
бiрi екiншiсiнен өзiн алшақ ұстау қажеттiгi де туындап қалады. Мұндай кезде адамдар бiр-
бiрiне тiкелей жек көрушiлiк танытып, арадағы мəселе бойынша ешбiр келiсiм мүмкiндiгiн 
таба  алмайды  да, iздемейдi  де.  Мұның  бəрi  ортадағы  жанжалды  қатынастың
ушығуынан. 
             Адамдар  арасындағы  жəне  бiр  ерекше  қатынастар  түрi - бұл  екi  ұшты
амбиваленттi қатынастар. Мұндай ара байланыстың себебi бiр адамдағы екiншiге деген 
өзара тiкелей қарсы екi бiрдей эмоцияның:  жек көрушiлiк пен құрметтiң қосарлана жүруi. 
Осыдан  мұндай  қатынастағы  адамдар  өздерiнiң  көңiл  төркiнiнде  жатқан  ниеттерiнiң 
нендей жағдайда екенiн айырып алуында бiраз қиналады. 
             Адамдар  аралық  қатынастар  негiзiнде  адамдардың  бiрiмен-бiрi  өзара  əрекетке, 
тiлдесуге болған өмiрлiк қажеттiлiгi жатыр. Тұрмыстық не қоғамдық қажетсiнуден бiрiн-бiрi 
керексiнген адамдар өзара қатынасқа келiп, ал ол болмаса бiр-бiрiнен бейтарап қалады. 
Өмiрлiк  маңызды  қажеттiлiктерi  бола  тұрып,  оларды  қанағаттандыруда  кедер-гiлiк  ететiн 
қалыптар  да  болады.  Бұл  жағдайда  да  қатынастар  үзiлмейдi,  бiрақ  мұндағы  қатынастар 
өшпендiлiк не жек көрушiлiкпен ұштасады. 
             Адамдар  қажетсiнулерiнiң  арасында  өз  мəнi  бойынша  iзгi  адамгершiлiк  сипатты 
байланыстар  да  болады.  Мұндайды  психологияда  альтруистiк  қатынас  деп  атайды. 
Альтруист адамдардың барша ойы, iс-əрекетi əрдайым тек жақсылыққа, қай жағдайда да 
жəрдем етуге бағышталады. 
Адамдар  арасындағы  үйлесiмдi  қатынастар  өмiрде  сирек  кездеседi,  сондықтан 
мұндай  қатынастарды  адамдардың  мəнгi  арман  еткен  мұраты  ретiнде  қарастырған  жөн. 
Бұл  қатынастар  типiне  тұрмыста  кезiгетiн  "сүйiспеншiлiк"  қатынасты  жатқызуға  болады. 
Егер  бiр  адамның  екiншiсiне  психологиялық  тартымы  болса,  бiрiн  бiрi  адамгершiлiк 
сезiммен  қабылдаса,  екiншi  адамға  қолынан  келген  жақсылығын  аямаса,  мiне  мұндай 
қатынасты - үйлесiмдi қатынас деп бағалау əбден жарасымды. 
             Адамдар  аралық  қатынастар  сипатына  ықпал  етушi  факторлардың  бiрi 
психологиялық  үйлестiк  (үйлесiмсiздiк).  Көп  жағдайда  адамдар  өз  қажеттiлiктерiн 
қанағаттандыру  үшiн  бiрiн-бiрi  керек  етедi,  бiрақ  көзқарас,  ниеттерiндегi  болмашы 
айырмашылықтардан  өзара  қатынастарын  қалыпқа  түсiре  алмайды.  Мұндай  толық 
психологиялық  үйлесiм  таба  алмаған  жандар   арасында  бiршама  ұнамды  қызметтiк 
қатынас  болғанымен,  уақыт  өтумен  бiрте-бiрте  өрiм  түскен  арақатынастағы  жеке 
психологиялық үйлеспеушiлiк олардың ресми байланыстарының кедергiсiне айналады. 
             Адамдар  арасындағы  қатынастардың  өзгеруiне  мүмкiн  болар  себеп - бұл  нақты 
адамдар  қатынастарының  туындап,  дамитын  əлеуметтiк-психологиялық  орта  сипатының 
ауысуы.  Екi  немесе  одан  да  көп  адамдар  бiрiн-бiрi  өте  қажетсiнедi,  орталарында  толық 

психологиялық үйлестiк болған, бiрақ кенеттен өзгерген əлеуметтiк-саяси жағдай оларды 
əртүрлi  партиялар  мен  ағымдарға  енуiнен  екi  жiкке  бөлiп  тастайды.  Мұндай  жағдай 
жастарда  кездесiп  тұрады:  өзара  келiсiмдi  жас  жұбайлардың  өмiрi  кенет  олармен 
психологиялық  үйлесiм  таппаған  жақын  туысқандарының  ықпалынан  құрдымға  кетедi. 
Мейлi,  бұл  жас  жұбайлар  арасындағы  қатынас  кейiн  ресми  бекiгенiмен,  тату-тəттi 
туысқандық қатынастар арасындағыдай шапағатты жалғасын табуы қиын. 
             Адамдар  қатынасының  орнығуы  немесе  өзгеруiне  жəне  бiр  себепшi  фактор - бұл 
адамдардың  жас  деңгейi.  Өмiр  бойы  топтаған  тұрмыстық-əлеуметтiк  тəжiрибе  адамға, 
оның  төңiрегiндегi  жандарға,  болып  жатқан  оқиғаларға  əсерiн  тигiзбей  қоймайды.  Жас 
деңгейi  əртүрлi  адамдардың  бiр  оқиғаға  болған  бағасы  бiрiнен  бiрi  алшақ  болуы  əбден 
ықтимал, жастық айырма неғұрлым үлкен болса, психологиялық келiспеушiлiк те соншама 
болады.  Мысалы,  жастардың  киiмi,  өнер  талғамы  үлкендерге  ұнай  бер-мейтiнiне  бəрiмiз 
де  куəмiз.  Бұл  жағдай  əулеттер  арасындағы  қатынастардың  мəн-мағынасына  өз  əсерiн 
бiлдiрмей қоймайды. 
            Ал осы төңiрегiндегiлермен болған өз қатынасының сипатын адам өзi сезе ала ма, 
не  сезбей  ме?  Бұл  сұраққа  жауап  бiрнеше  жағдайларға  тiреледi.  Бiрiншiден,  бұл  нақты 
адамның  ой-өрiс  (сана-сезiмi)  даму  деңгейiне  байланысты.  Ақыл-есi  бiршама  жетiлген 
адамдар  өздерiнiң  төңiрегiндегi-лермен  қатынасын  жақсы  түсiнiп,  дұрыс  қабылдайды. 
Адам  аралық  қатынастарды  орынды  сезiну  жəне  бағалау  жоғары  дамыған  рефлекстiк 
қабiлеттi керек етедi (қоршаған ортадан келiп түскен ақпараттық сигналдарды жан-жақты 
мəндiк байланысымен қабылдап, жауап бере алу). 
             Екiншiден,  бұл  адамның  жасына  тəуелдi.  Егделер  балаларға  қарағанда  өзара 
қатынасты  дəлiрек  пайымдайды,  ұнамды  не  бiржақты  келеңсiз  қатынастарды  оңай
бағалап, бейтарап қатынасты да орынды сезiнедi. Өмiрде екiұшты немесе амбиваленттiк 
жəне өз iшiне ұнамды да, жағымсыз да сипаттарды бiрдей қамтыған қарама-қарсылықты 
қатынас-тарды бағалау күрделiрек келедi. 
             Адамдар  арасындағы  қатынастар  сол  қатынастардың  нақты  адам  өмiрiндегi 
маңызына  қарай  да  бағаланады.  Қарым-қатынас  адам  үшiн  неғұрлым  маңызды  болса, 
оның  бағалануында  соғұрлым  дəлсiздiктер  жiберiлуi  мүмкiн.  Өзiнiң  төңiрегiндегiлермен 
байланысына  аса  үлкен  мəн  берген  адамдар,  арақатынастарының  ұнамды  тараптарын 
асыра  мақтауға  бейiм  келедi.  Керiсiнше,  кiмде  кiммен  ұнамсыз  қатынаста  болса,  адам 
ондайда қарсыласын түбiн түсiре жамандауға ниеттенедi де тұрады. 
            Əрқилы адамдардың өзара қатынастарын тануда көптеген жеке дара ерекшелiктер 
бар.  Кейбiр  ой-сезiмi  толысқан,  парасатты  адамдар  өзара  қатынастарды  жан-жақты 
пайымдаумен, дұрыс қабылдауға қабiлеттi, екiншi бiреулердiң жалпы оң пiкiр айтуға тiптi 
өрiсi жетпейдi, ал үшiншiлер төңiрегiндегiлердiң өзiне деген бағасын бiрде дұрыс түсiнсе, 
бiрде оған сана-сезiмi жетпей қалады. 
            Адам аралық қатынастар толық қалыптасып, орнық-қаннан былай бiркелкi тұрақты 
қалыпқа келедi. Егер де қатынастарға тəн осы қасиет болмағанда, адамзаттық қауымдар: 
мемлекет, мекеме жəне топтар түзiлмес едi. Себебi қауымдық бiрлестiктердiң негiзi жалпы 
адамдардың  өзара  қатынасының  тұрақтылығымен  бiртектi  болжамға  келуiнде.  Ал  жеке 
тұлғалар  арасындағы  өзара  байланыстар  тұрақтылық  дəрежесiнiң  бiршама  кемдiгiмен 
ерекшелiнедi. 
             Үлкен  əлеуметтiк  топтардағы  қызметтiк,  ресми  қатынастар  өзiнiң  күштi 
мызғымастығымен  байқалады,  кiшi  топтағы  байланыстар  да  бiршама  осылай. Iрiлi-кiшiлi 
қау-ымдастықтардағы  қарым-қатынастар  көптеген  өмiрлiк  маңызы  зор  факторларға 
тəуелдi,  сондықтан  адамдар  мұндай  жағдайдағы  қатынастарды  өзгерте  бергендi  онша 
құптамайды.  Егер  күнара  субъектердiң  ниетiне  орай  төңкерiстер  бола  берсе,  қоғам 
аласапыраны таусылмай кетерi баршаға аян. 
             Жеке  адамдар  арасындағы  қарым-қатынастар  өте  нəзiк  те  үзiлгiш  келедi,  себебi 
нақты  тұлғалар  арасындағы  қатынастар  сол  қатынас  иелерiнiң  құбылмалы  көңiл-күйiне 
тəуелдi. Уақыттың өтуiмен, жастың егде тартуымен аралық қатынастар тұрақтала түседi, 
балалық  пен  жас  өспiрiм  шақтағы  адамдар  арасындағы  бұрқасын  жол  таңдау  бұл  кезде 
сабасына  келе  бастайды,  адамның  iшкi  дүниесi  сабыр  тауып,  кездейсоқ  қатынас, 
байланыстарға  құлай  түспей,  өз  қалауын  таңдай  алу  қабiлетiне  жетедi.   Қатынастардың 

тұрақталуының  жəне  бiр  жөнi  адамдар  бiрiн  бiрi  жете  танып,  бiрiнiң  қылығына  екiншiсi 
көнiгiп, өзара үйлесiмге бейiмделуi. 
             Адамдардың  алғашқы  танысуынан  олар  арасындағы  бұдан  былайғы
қатынастардың  қай  сипатта  боларын  аңғара  салу  өте  қиын.  Көп  жағдайда,  тым  жақсы 
басталған таныстық қапелiмде үзiледi, ал кейде тiптi басқаша да болады: алғашқысында 
əйтеуiр  бiрдеңеден  ұнатпай  жүрген  адамына  бара-бара  үлкен  құрметпен  қатынас 
көрсеткендер  де  аз  емес.  Мұндай  жағдайлар  адамдардың  бiр  бiрiне  алғашқы  танысуда
берген  бағалары  мен  қабылдауына  байланысты  психологиялық  заңдылықтарға  орай
туындайды. 
             Нақты  мезеттегi  адамдар  арасында  болатын  қатынас-тардың  сипаты  көптеген 
шарттарға  тəуелдi,  мысалы,  адамның  денсаулығы  мен  психологиялық  кейпi.  Ден  сау, 
көңiл көтерiңкi болса, төңiрегiндегiлермен қатынас та əп-əдемi, үйлесе түседi. Көңiл-күйге 
жайлы жағдай болса, қатынасың одан əрi беки түседi, ал қандай да əбiгер күйде түзiлген 
қатынас көбiне баянды болмайды. 
             Адамдар  арасындағы  қатынастар  олардың  жеке  мiнез-құлығына  да  байланысты. 
Əрдайым  ұнамды  арақатынас-тардың  орнығуына  адамдағы  қайырымдылық,  ақ  көңiл-дiк, 
үйiршеңдiк,  достық  пен  ұжымшылдық  қасиеттер  пайдалы.  Ал  сенiмсiздiк,  күмəншiлдiк, 
өшпендiлiк, тұйықтық пен өзiмшiл-дiк - қалыпты қатынастар орнығуына керi əсерiн тигiзедi.
             Ой-өрiсi  кең  дамыған,  тəжiрибесi  бар  адамдар  өз  қатынас-тарын  меңгере  алады, 
бiрақ  бұл  көптiң  қолынан  келе  бермейтiн  iс,  себебi  көп  жағдайда  аралық  қатынастардың 
мəнiн соларды түзушi адамдардың өздерi де түсiне бермейдi, ал түсiнбеген затты саналы 
басқару мүмкiн емес. 
            Жас ұлғайған сайын қатынастар тек тұрақталып қана қоймастан, адамның оларды 
басқару қабiлетi де артады. Мұндайда адамға жəрдемге келетiн оның даралық ерекшелiк-
терiне  қосымша  өмiрлiк  тəжiрибесi.  Əрқашан  адам   аралық  қатынастарды  жеңiл  де 
ұтымды реттейтiн - адамдар арасында кəсiби қызмет бабымен жұмыс жүргiзетiн, сендiре 
əңгiме  айта  бiлетiн,  əлеуметтiк  жетекшiлiкке  ыңғайлы  мамандар  болады,  мысалы: 
саясаткер, мекеме жəне өндiрiс басшылары, мұғалiмдер, дəрiгерлер мен актерлер. Адам 
аралық  қатынас-тарға  ықпал  жасай  бiлу  қабiлетiн  қатынастар  психологиясын  үздiксiз 
үйрену арқылы жетiлдiре, дамытып баруға болады. 
  
2. Адамдардың бiрiн-бiрi қабылдауы мен түсiнуi 
             Адамдар  арасындағы  қатынастардың  қалыптасуы,  əдетте,  олардың  бiрiн-бiрi 
қабылдай алуы, түсiнуi жəне бағалауына байланысты, яғни тiлдесу нəтижесiнде бiр адам-
ның  екiншiсiнiң  образы  жөнiнде  топшылаған  ой-пiкiрi.  Екiншi  адамның  тұлғалық  образын 
оның  сырт  пiшiнi  мен  психологиясын  жəне  əрекет-қылығын  байланыстыра,  салыс-тырып 
тануға болады. Ал психологиялық бейне əр адамның қажетсiнуiнен, қылық мотивтерiнен, 
мiнез  бiтiстерiнен,  əрқандай  өмiрлiк  жағдайлардағы  көңiл-күй  толғаныстары  мен 
əрекеттерiнен  көрiнедi.  Бұлардың  бəрi "Ат  кiсiнесiп,  адам  сөйлесiп"  дегендей  əңгiмелесу 
барысында  назарға  алынып,  санада  жiктелiп,  бекидi  де  адамның  жеке,  нақты  бағасын 
беруге негiз болады. 
             Бөгде  адамның  бейнесiн  қалыптастыру  арқылы  бiз  оған  болған  қатынасымыздың 
сипатын  айқындаймыз,  оның  даралық  ерекшелiктерiн  тануға  мүмкiндiк  аламыз.  Адамды 
жөнiмен  танып,  дұрыс  бағасын  берiп,  оның  əрекет-қылығы-ның  мақсаттары  мен
түрткiлерiн  айқындап,  ол  тарапынан  болып  қалар  жауапты  əрекеттердi  күнi  бұрын 
болжастыра,  бiз  бұлардың  бəрiн  өз  қажеттiлiктерiмiз  жəне  мүдделерiмiзбен 
салыстырамыз,  əңгiмелесудiң  қолайлы  жолдарын  болжас-тырамыз,  осы  арқылы  екi 
тарапқа  да  ортақ  ниеттердi  табумен  тұлғалар  арасындағы  қызметтiк  қатынастарға 
кiрiсемiз.  Сонымен,  қызықтырған  адамның  мiнез  бiтiстерiн  бiлiп  алып,  ендi  оған 
бағытталған  өз  əрекет-қылығымыздың  формасын  таңдастырамыз.  Қайткенде  де,  бiз 
таңдаған  əрекет-қылық  түрi  ол  адамның  даралық  қасиеттерiне  сəйкес  болғаны  жөн. 
Осының  нəтижесiнде  екi  адам  ортасында  толық  өзара  түсiнiк,  жайлы  да  берiк  аралық 
қатынастар орнығады. 
             Адамның  эмоционалдық  жағдайын  бағалай  отырып,  бiз  оның  нақты  көңiл-күйiне 
сəйкес  қарым-қатынасты  дамытып,  тереңдете  түсуге  мүмкiндiк  аламыз  жəне  өзiмiздiң, 

оның  жəне  төңiрегiндегiлердiң  мүдделерiне  орай  ол  адамға  тиiмдi  психологиялық  ықпал
етудiң  жолдарын  iздестiрiп,  пайдаланамыз.  Егер  бiз  қатысқан  адамдарымыздың  əртүрлi 
тұрмыстық  жағдайлардағы  əрекет-қылығын  күнi  бұрын  болжастыра  алсақ,  оның  мiнез-
құлығын қажеттi  бағытта басқаруға  жəне онымен  ұнамды  адам аралық  қатынастар алып
баруға қосымша мүмкiндiктерге ие боламыз. 
             Бөгде  адамның  тұлғалық  дəрежесi  жөнiнде  бiз  оның  дене  құрылымы, 
психологиялық  жəне  қылық-əрекеттiк  белгiлерi  бойынша  топшылаймыз.  Бұл  белгiлер 
адамның  сырт  көрiнiсiнен,  киiмiнен,  əрекет-қылығынан,  сөзiнен,  бет  əлпетi  мен  ым-
ишарасынан  байқалады.  Адамның  сырт  көрiнiсi  мен  психологиялық  бейнесi  арасында 
тiкелей  де  толық  байланыс  болмағанымен,  бұлардың  екеуi  қандай  да  өзара  ықпалды 
қатынаста.  Əрқандай  адам  жөнiндегi  бiздiң  бiрiншi  пайымдауымыз  осы  сырт  келбет  пен 
сөз, қылық көрiнiсiнен туындайды. Ғылым ежелден-ақ адам мiнезi мен дене құрылысының 
өзара  байланысты  екенiн  дəлелдеген                    (Э.  Кречмер,  У.  Шелдон  т.б.).  Дене 
құрылымы  ерекше  бiтiске  ие  болған  адамдар,  мiнезi  жағынан  да  өзара  ұқсамас.  Осы 
тұрғыдан  барша  адамдар  үш  типке  жатады:  астеник,  пикник,  атлетик.  Пикник  типтес 
адамдар - көңiлдi,  үйiршең,  əңгiмешiл,  əрқандай  қиыншылыққа  жасымайды;  астеник 
адамдар - көбiне  тұйық,  оңашаланғанды  ұнатады,  ұдайы  ойға  шомып  жүредi;  ал 
атлетиктер - ұстамсыз, дүлей келедi. 
            Адамның iшкi жан дүниесi оның сөзi мен тiлiнен айқын көрiнедi. Қандай сөздер мен 
тiркестердi қолдануына қарап, сөз ырғағы мен əуенiн талдай отырып, сөйлеу процесiндегi 
тыныстары  мен  жеделдiгiне  орай  жеке  адамның  ерекшелiктерiн  байқаймыз.  Адамның 
сөйлеу мəнерiнiң бiразы тума берiледi де, көбi оқу-тəрбие барысында пайда болады. 
             Кейбiр  қатынастарға  байланысты  адамдардың  психо-логиялық  бейнесi  тұрақты 
келедi де, көбiне ауыспалы болады. Адамның сырт көрiнiсiне орай оның образы бiршама 
өзгерiссiз  сақталады.  Осыдан  бiз  адамды  көпшiлiк  iшiнде  ажырата  бiлемiз.  Жəне  бiр 
тұрақты  сақталатын  қасиеттер - адам  мiнезi,  қылық-əрекетi  мен  əдеттерi.  Осылар 
бойынша  санамызда  жасалған  образдар  арқылы  бiз  көп  заманнан  ажырасқан 
адамымызды танимыз. 
             Кейде  кездейсоқ  ұшырасқан  адамымыз  көптен  таныс  сияқты  болып  көрiнедi.  Ал 
тiлдесе  келе,  оның  əрекет-қылығына  мəн  бере,  тiптi  басқа  бiреу  екенiне  көз  жеткiземiз. 
Кейде,  керiсiнше,  алғашқыда  танымасақ  та,  адамның  мiнез  бiтiстерiнен,  əрекет-
қылығынан  бұрыннан  бiзге  таныс  белгiлердi  байқап,  жақындасуға  тырысамыз.  Осыдан, 
бiздiң  санамызда  бекiген  адам  бейнесiнде  үлкен  рөл  ойнайтын - мiнез  бiтiстерi,  екiншi 
орында - адамның сырт көрiнiстерi
             Уақыт  ағымына  берiлмей,  ұзақ  мерзiм  сақталатын  белгiлер - адамның 
қажетсiнулерi,  əрекет-қылық  мотивтерi  мен  қызығулары.  Бұлар  бойынша  бiз  адамды 
тануымыз  мүмкiн,  бiрақ  бұл  үшiн  аталған  белгiлер  сол  адамның  сырт  көрiнiсi  мен 
мiнезiнен бiраз байқалуы тиiс. 
            Жоғарыда бөгде адамды тану, бiлу мүмкiндiгiн əңгiмеледiк, ал ендi  адам  өзiн-өзi
сарапқа сала ала ма, жоқ па деген сұраққа жауап iзделiк. Бұған оң да, керi де жауап айту 
мүмкiн.  Егер  адам  өзiн-өзi  түк  танымаса,  онда  оның  қауым  ортасындағы  əрекет-
қылықтары алдын ала өзiндiк болжастыруға келмей, тұрақсыз кейiпке енер едi. Сонымен 
бiрге,  мұндай  адамның  қатынас  қылығы  мен  iс-əрекеттерi  ақыл  оралымынан  алшақ, 
төңiрегiндегiлердiң iсiмен сəйкестiк таппайды. Егер адам өз əрекетiн сырт көзбен бағалай
алмаса,  оның  iс-қадамдары  кейбiр  жағдайларда  оғаш  көрiнедi.  Егде  адам  бала  сияқты 
былдырласа немесе бала жасына келмей үлкеннiң ұстамдығын танытса, төңiрегiндегiлер 
мұндайларды не жай күлкiге алады, не сайқы-мазаққа телидi. 
             Екiншi  тараптан,  егер  адам  өзi  жөнiнде  бəрiн  бiле  берсе,  онда  өмiрге  деген 
қызығушылықтың  да  қажетi  болмай  қалары  сөзсiз,  себебi  саналы  адамның  бар  өмiрлiк 
болмысы  осы  өзiн  тануға  деген  жоғары  ынта-ықыластан  нəр  алады.  Адамның  қалыпты 
өмiрi үшiн өзiн-өзi бiле алмастық та, аса көп бiлу де сиыспайтын құбылыстар. 
            Адам өзiнiң шындыққа келетiн сырт көрiнiсiнен басқа өзiнiң мiнез бiтiстерi жөнiнде 
де  азды-көптi  мəлiметке  ие,  бiрақ  бұл  мəлiметтер  көбiне  адамның  өзi  жөнiндегi  ұнамды 
пайымдауларды  қамтиды.  Сонымен  бiрге,  адам  өзiнiң  кейбiр  əлеуметтiк  талапқа  сай 
қажетсiнулерi  мен  əрекет-қылығының  түрткiлерiн  тануға  бейiм.  Ал  өз  санасының 

астарында жатқан немесе моральдық тыйымдарға байланысты санаға жат психологиялық
бiтiстерiн тiптi де бiлмейдi. 
            Адам өзi жөнiндегi шындықты басқалардың оның iс-əрекетiне болған қатынасынан 
байқауына  болады.  Өз  əрекет-терi  мен  сол  əрекеттерге  берген  басқалар  бағасын
салыстыра, адам жанама түрде өзi қасиеттерi мен сапаларын болжас-тыруына болады. 
            Iс-əрекетте нəтижеге жетсе, мақтау алып, не сəт-сiздiкке ұшырап, сырттың жоғары 
немесе  ұнамсыз  бағасына  кезiгумен əр жеке адам өзiнiң қабiлет деңгейiн сезедi.  Өмiрде 
жетiскен  iсiне  қанағаттануын,  болмаса  қанағаттанбауын  iшкi,  ниеттегi  психологиялық 
бейнемен  салыстыра  алса,  адам  өз  қажетсiнулерi  мен  мотивтерiнiң  оң  не  терiс  бағытын 
дұрыс та толық тани алады. 
             Есте  ұстайтын  жəйт,  өз  бағаңды  қорытындылауда  толығымен  басқалар  пiкiрiне 
құлай түсуге болмайды. Себебi өзiңiз ұнамды қатынастағы адамдар сiздi асыра мақтауға 
дайын  тұрса,  қалай  да  жек  көретiн  адамдар  сiзде  бiрде-бiр  ұнамды  қасиет  көре  алмауы 
мүмкiн.  Сонымен бiрге,  əр адам өзiнiң афферент жағдайындағы əрекетiн тiптi  де бiлмеуi 
мүмкiн,  себебi  мұндай  саналық   басқарудан  айрылған  кезде,  адам  өзiне,  басқалар 
реакциясына объектив баға берiп, əрекетiн байқастыру қабiлетiнен айрылады. 
             Адамның  өзiн-өзi  тануы  төңiрегiндегiлердiң  қабылдауы  мен  бағасына  тығыз 
байланысты,  кеңiрек  айтар  болсақ,  барша  адамдардың  өзара  түсiнiсуiне  тəуелдi. 
Күнделiктi  тұрмыстық  қатынастар,  тiлдесу  негiзiнде  адамның  психо-логиялық  бейнесiн 
түзу  үшiн  келесi  тəсiлдер  қолданылады:  бiтiс  тану,  алғашқы  əсерлену,  жаңалықты 
əсерлену,  ықтималды  болжай  əсерлену,  асыра  сiлтей  əсерлену,  жеке  адамның 
бiтiстердi бiрiктiре əсерленуi (Р. С. Немов).  
             Адам  образын  жасаудың  ең  көп  тараған  тəсiлi  бұл  бiтiс  таңу.  Оның  мəнi:  адам 
төңiрегiндегiлердi өзiне тəн қасиеттер мен сапалар тұрғысынан бағалайды, яғни өз мiнез 
бiтiстерiн екiншi бiреулерге таңады, оның қылық-əрекетiн түсiнгiсi келiп, өзiн сол адамның 
орнына қоя салады. Мұндай тəсiл бiр адамға бiткен мiнездi екiншi адамға таңа салуда да
көрiнедi.  Осылайынша,  басқалардың  мiнез,  əрекет-қылық  бiтiстерiн  өзiмiздi  қызықтырған 
адамға  таңу  арқылы  да  нақты  тұлға  жөнiнде  бiр  жөндi  психологиялық  мəлiмет 
топтастыруымызға болады. 
             Алғашқы  əсер  тəсiлi  бөгде  адамды  бiрiншi  көргеннен  қалыптасатын  образды 
бекiту  үшiн  қолданылады.  Бұл  құбылыстың  болуы  адамға  байланысты  алғашқы  əсердiң 
кейiнгi  əсерлерге  қарағанда  күштiрек  сезiлуiнен.  Назарға  алынған  адам  жөнiнде  көп, 
əртүрлi ақпаратты бiрiнен кейiн бiрi бiр iздi қабылдау кезiнде бiздiң санамызда ең алғашқы 
мəлiмет тұрақталып қалатыны ғылымда дəлелденген. 
             Ал  ендi  жеткiзiлiп  жатқан  ақпараттағы  адам  қасиет-терiнiң  тiзiмi  молдау  болып, 
мəлiмет  бөлiктерiн  хабарлау  барысында  бiршама  уақыт  үзiлiсi  болса,  алғашқы  ақпарат 
соңына  қарай  ұмытылады.  Бұл  жағдайда  алғашқы  əсерленуге  қарсы  құбылыс  -
жаңалықты  əсерлену  тəсiлi iске  кiрiседi,  яғни  талдауға  түскен  адамның  образы  ол
жөнiндегi ең соңғы мəлiметке орай құрылады. 
             Ықтималды  болжай  əсерлену  деп  келесi  құбылысты  түсiнемiз:  адам  миы 
болашақ  оқиғаларды  алдын  ала  болжастыру  қабiлетiне  ие.  Осыдан  тұлға  басталған  iс-
əрекеттiң  бағдарын,  қарқындылығы  мен  ақырғы  нəтижесiн  күнi  бұрын  жоспарлайды.  Əлi 
қолда  жоқ  бүтiн  затты  оның  бөлектерi  бойынша  ойда  белгiлi  бiр  формаға  келтiрiп,  жан-
жақты сипаттамасын бере алады. 
             Оқиғалар  мен  құбылыстарды  дəл  болжастыру  қажет-тiлiгi  адамдардың  өзара 
түсiнуi  мен  бiрiн-бiрi  қабылдауында  өте  қажет.  Мысалы,  адамға  тəн  белгiлi  бiтiстерi 
бойынша  оның  əлi  белгiсiз,  бiрақ  онда  болуы  тиiс  қасиеттерiн  де  анықтауымыз  мүмкiн: 
батыр  адам  əрқашан  адал  да  аңғал  болатынына  ешбiр  күмəнданбаймыз,  сондай-ақ,  
қорқақ- əрдайым өтiрiкшi, мəдениеттi - ой-өрiсi кең, қайырымды - үйiршең, сенгiш, өшпендi 
адам - əрқашан  тұйық,  күмəншiл  келедi.  Егер  өмiр  жағдайлары  адамның  əлi  белгiсiз 
қасиеттерi  жөнiндегi  бiздiң  болжамымызды  растайтын  болса,  онда  болжастыруға  деген 
бiздiң  сенiмiмiздi  бекiте  түседi  не  керiсiнше  де  болуы  мүмкiн.  Адамның  болжастыру
қабiлетiне өмiрлiк тəжiрибе өзi түзетулер енгiзiп, нақтылап барады. 
             Асыра  сiлтеу  əсерi  адам  жөнiндегi  алғашқы  бағаның  кейiнгiлерiне  күштi  ықпал 
етуiнен  пайда  болады.  Мұндай  əсерден  бiрiншi  берiлген  мiнездеме  қатып  қалған, 

өзгермес күйге түседi. Егер қандай да адам бiр көруден бiзге ұнамды тарапынан танылып 
қалса,  кейiн  де  бiз  осы  бағамыздан  танбай,  басқа  бiр  сын  көзқарастарды  ол  адамға 
жолатпауға  тырысамыз.  Керiсiнше  де  болуы  мүмкiн:  алғашқы  тiлдесуден  ұнамаған  адам 
соң қай күйге түсiп жолықса да, баяғы жек көрушiлiгiмiзден арылуымыз қиын, санамызда 
қалыптасқан  алғашқы  келеңсiз  образ  басқаларын  ығыстырып,  өз  орнын  бермеуге 
тырысады. 
             Психологиялық  бейне  жасауда  ең  күрделi  де  маңызды  тəсiл - жеке  адамның 
Каталог: repository -> history
history -> С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009
history -> М. Б. Әмірханов ¤. Д. Сандықбаева
history -> Анықтамалық қолданба Пікірлер Ұғымдар
history -> Айг‰л Аязбайқызы Жумадуллаева
history -> Графикалық компьютерлік модельдеу
history -> Мәшімбаев С. М. Еуропа және америка
history -> Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы
history -> Булгакова Д. А
history -> Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет