“Сәбит Мұқанов осы кітапты әдейі жазғанға ұқсайды…”, “Уақыт өте келе бұл кітаптың бағасы өсе түспесе, кемімейді”, “Сәбең саяси-идеялық мәселелерді кейде, тіпті, бірінші орынға қойып, социологиялық талдауға түсіп кететін сәті аз емес” дейді Тұсынбек Кәкішов С.Мұқанов алаш арыстарын тек қаралау үшін, жамандау үшін бұл еңбекті жазбағандығын, түпкі мақсат-ниет әдебиет тарихында бұлардың алатын орындарын айқындау, есімдері мен еңбектерін атап-атап бағалау, ұрпақ жадында қалдыру болғандығын профессор Тұрсынбек Кәкішұлы өте дәлелді аңғартады. Мәселен, Сәбит Мұқановың Ахмет Байтұрсынұлы туралы: “Қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес” деуі, Мағжан Жұмабаев туралы: “Абайдан кейін тіл өнегесіне Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ” деуі, Мұхтар Әуезов туралы: “Ақындық, жазушылық күшін алғанда Мұхтар күшті жазушы. Тіл сұлулығының үстіне Мұхтар кейіпкер жасауға шебер”, деуі – осының бәрі кездейсоқ, тіл ұшымен жасалған емеурін емес, қорытылған ойдың сықпасы, айқын сыни сипат екендігі күмән туғызбайды Сәбит Мұқановтың дәл осындай тағдырлы еңбектерінің бірі – «Сәбит Мұқанов прозасының поэтикасы»
Өтпелі дәуір шындығы
Ұлы Отан соғысы оқиғасы
Суреткерлік нышан
Достарыңызбен бөлісу: |