«Сейфуллин оқулары – 9: жоғарғы білім және ғылым дамуындағы жаңа бағыт» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары = Материалы Республиканской научно- теоретической конференции «Сейфуллинские чтения – 9



Pdf көрінісі
Дата31.03.2017
өлшемі27,9 Kb.
#10959

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған «Сейфуллин оқулары – 9: жоғарғы

білім  және ғылым  дамуындағы  жаңа  бағыт»  атты  Республикалық  ғылыми-теориялық конференция

материалдары = Материалы Республиканской научно- теоретической конференции «Сейфуллинские

чтения – 9: новый  вектор  развития  высшего  образования  и  науки» посвященная  дню  Первого

Президента Республики Казахстан. – 2013. – Т.1, ч.1 – Б.19-20



АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ МҰРАЛАРЫН БАСТАУЫШ

МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ

Абдильдина Г. С.

ХХ

ғасырдың  80-ші  жылдардың



соңында  басталған

қазақ


зиялы

қауымының шығармашылық-мәдени  мұраларын  жаппай  түрде  ақтау үрдістері

Қазақстандық  қоғамда  аса  зор  рухани өрлеуге  жол  ашты.  Бұған  дейін  тиым

салынған, беймәлім мәселелердің беті ашылып, халықтың еншісіне тие бастады.

Қазақ зиялы қауымының  ғасыр  басындағы  шығармашылық-мәдени  мұралары

негізінен  Алаш  идеясының

төңірегінде  топтастырылғаны  белгілі.

90-шы


жылдары  аталмыш  салада  толымды ғылыми  зерттеулерімен әйгілі  отандық

тарихшы ғалымдарымыздың бірі,  "Алаш һәм  Алашорда"  атты  еңбегінің авторы

академик  К.Нүрпейісов: "Алаштану саласында зиялы қауым бірлесіп зерттейтін

ғылыми  шешімін  күтіп  отырған  мәселелер  жетерлік.  Олардың ішіндегі  кейбір

маңыздылары, меніңше, мыналар, - дей отырып, - Алаш қозғалысының көрнекті

қайраткерлерінің

көзқарас 

эволюциясы 

мен 

Алаш


қозғалысына

қатынасушылардың  1920 жылдан  кейінгі қасіретінің" де  аталмыш  мәселеге

жататындығына үлкен мән береді.

Алаш қозғалысының, жоғарыда  айтып өткеніміздей, ұлттың рухани-

мәдени  деңгейін  көтеруге  сіңірген  еңбегі өте  зор.  Мәселен, Қазақстандық

тарихшылар  М.Қойгелдиев  пен  Т.Омарбековтың

ойларынша,  Алашорда

басшылары,  сайып  келгенде,  екі  негізгі  мақсатты  басты  назарда ұстаған.  Олар:

біріншіден, қазақ елін  отарлық езгіден  азат  ету,  ал  екіншіден, қазақ халқы  мен

дәстүрлік

қоғамын 

ортағасырлық

мешеуліктен

өркениетті

әлеуметтік-

экономикалық және мәдени даму жолына алып шығу.

Бүгінгі  күні  елімізді  білім, ғылым, өнер  және  экономикадағы  тың

өзгерістер

қарқынды  жүзеге  асырылып  келеді.  Білім  саласында  нақты

жаңалықтар,  ізденістер  сөзсіз  жаңа  мазмұн  мен  жаңа үлгі әкелді.  Соның ішінде

жас ұрпақты  отансүйгіштікке  тәрбиелеу  арқылы  еліне  еңбегі  сіңетін  тұлға  етіп

тәрбиелеуге басты назар аударылып отыр.

Қазақстан тарихын оқыту мен насихаттауға үлкен мән беріліп оның оқушы

тәрбиесіндегі  орнының ерекше  екендігіне  көзіміз  жетті.  Осы Қазақстан

тарихының айтулы мәселелерінің бірі ретінде Алаштану мәселесін алсақ болады.

Жалпы  алғанда  «Алаштану»  курсы  мектеп  оқушыларының

Алаш

тарихынан мол мағлұмат алуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ жас жеткіншектің



тарихи  жадының  қалыптасып, өзіндік  ой қорыта  алуына  бұл  пәннің  қосар үлесі

айрықша.  Бұған  дейін  мектеп  оқулықтарында  алашқа қатысты  деректің аздап

берілгені белгілі. Өз тарихын танып-білмеген ұлттың болашағы жарқын болмақ

емес.  Мұны өз  заманында Әлихан  Бөкейхан  «Өзінің тарихын  жоғалтқан  жұрт,

өзінің тарихын ұмытқан  ел қайда  жүріп, қайда  тұрғандығын,  не  істеп,  не

қойғандығын  білмейді,  келешекте  басына қандай  күн  туатынына  көзі  жетпейді.



Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша

өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады» деп айтып кеткен.

Білім  мен  тәрбие  негізі  бастауыш  мектепте қалыптасатындықтан  аталған

мәселеге бастауыш сыныптардың оқу бағдарламалары қаншалықты үлес қосады

деген  мәселеге  тоқталуды ұйғардық. Бастауыш  сыныпта  "Әдебиеттік  оқу"

пәнінің алатын  орны  ерекше  маңызды. Әдебиеттік  оқу  сабағы  оқушыларды

сөздік  шығармашылыққа,  көркем  шығармаларды  оқуға  ынталандырады,  оның

тәрбиесіне ықпал етіп,  жеке тұлғасын қалыптастырады.

Аталған  сабақ барысында  көркем  шығармашылық және  танымдық

қабілеттері  дамиды,  сөз өнеріне үйреніп,  ой-өрісі қалыптасады.  Сонымен қатар

кітап  оқуға  деген қызығушылығы  артып, адамгершілік  тәрбиесі  молаяды,

сезімдері мен ерік-жігерлері тәрбиеленеді.

Биылғы  жылы  мектептерде  "Алаштану"  сабағы  енгізілгенімен  оқулықтың

жоқтығына  байланысты  бағдарламадан  алынып  тасталды.  Осы  Алаш

қайраткерлерінің еңбектері  бастауыш  сынып  бағдарламасында қаншалықты

қамтылды деген мәселені қарастырамыз.

Бастауыш  мектептің оқулықтарын  саралай  келе  мына  мәліметтер  айқын

болды:  1  сыныптың ана  тілі  оқулығында  Алаш қайраткерлері  туралы  ешқандай

материал  кездеспейді;  2  сыныптың  "Әдебиеттік  оқу"  оқулығында  да

М.Дулатовтың  «Оқымысты  бала»,  «Қыс»,  Ж.  Аймауытовтың  «Туған  жер»

шығармалары,    хрестоматиясында  С.  Сейфуллиннің  "Бандыны қуған  Хамит"

повесінен үзінді  ретінде  "Күз"  деген  тақырыпта  мәтін  берілген,  сонымен қатар

Ж.  Аймауытовтың  «Күзем»  шығармасынан үзінді келтірілген;  3  сыныпта

"Әдебиеттік оқу" оқулығында С. Сейфуллиннің қысқаша өмірбаяны мен "Қызыл

шұнақ" деген қыс  туралы өлеңі  берілген,  М.  Дулатовтың  «Қыс»  шығармасы,

хрестоматияда  М.  Жұмабаевтың  «Қарағым,  оқу  оқы,  босқа  жүрме»,  М.

Дулатовтың  «Қыс»  шығармалары  берілген;  4  сыныпта  "Әдебиеттік  оқу"

оқулығында  С.  Сейфуллиннің  "Наурыз"  атты  5  шумақ  өлеңі,  М.  Жұмабаевтың

«Жазғытұрым»  шығармасы  берілген,  хрестоматиясында  ешқандай  шығармалар

берілмеген.  Осы  мәліметтерге қарасақ бастауыш  сыныптағы  төрт  жыл  ішінде

оқушылар  Алаш қайраткерлерінің  15  қана  шығармасымен  танысып,  оқып-

үйренеді екен.

Қорыта  айтқанда,  Алаш қайраткерінің шығармаларын  бастауыш  сынып

оқулықтарында  екі  есе  көбейтіп,  оның бала  тәрбиесіне,  санасына  сіңірер



тағылымдарын ерте жастан бастасақ дұрыс болар еді деп ойлаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет