Сейфуллин оқулары – 9



Pdf көрінісі
Дата27.03.2017
өлшемі24,94 Kb.
#10415

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған «Сейфуллин оқулары – 9: жоғарғы

білім  және ғылым  дамуындағы  жаңа  бағыт»  атты  Республикалық  ғылыми-теориялық конференция

материалдары = Материалы Республиканской научно- теоретической конференции «Сейфуллинские

чтения – 9: новый  вектор  развития  высшего  образования  и  науки» посвященная  дню  Первого

Президента Республики Казахстан. – 2013. – Т.1, ч.2 – Б.26-27



СӘКЕН  СЕЙФУЛЛИН  МҰРАЛАРЫН БАСТАУЫШ  МЕКТЕПТЕ

ОҚЫТУ

Уалиева С.К.

Бүгінгі күні елімізді білім, ғылым, өнер және экономикадағы тың өзгерістер

қарқынды жүзеге  асырылып  келеді.  Білім  саласында  нақты  жаңалықтар,

ізденістер сөзсіз жаңа мазмұн мен жаңы үлгі әкелді. Соның ішінде жас ұрпақты

отансүйгіштікке  тәрбиелеу  арқылы  еліне  еңбегі  сіңетін  тұлға  етіп  тәрбиелеуге

басты назар аударылып отыр.

Қазақстан тарихын оқыту мен насихаттауға үлкен мән беріліп оның оқушы

тәрбиесіндегі  орнының ерекше  екендігіне  көзіміз  жетті.  Осы Қазақстан

тарихының айтулы мәселелерінің бірі ретінде Алаштану мәселесін алсақ болады.

Жалпы  алғанда  «Алаштану»  курсы  мектеп  оқушыларының

Алаш

тарихынан мол мағлұмат алуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ жас жеткіншектің



тарихи  жадының қалыптасып, өзіндік  ой қорыта  алуына  бұл  пәннің  қосар үлесі

айрықша.  Бұған  дейін  мектеп  оқулықтарында  алашқа қатысты  деректің аздап

берілгені белгілі. Өз  тарихын  танып-білмеген ұлттың болашағы  жарқын болмақ

емес.  Мұны өз  заманында Әлихан  Бөкейхан  «Өзінің тарихын  жоғалтқан  жұрт,

өзінің тарихын ұмытқан  ел қайда  жүріп, қайда  тұрғандығын,  не  істеп,  не

қойғандығын  білмейді,  келешекте  басына қандай  күн  туатынына  көзі  жетпейді.

Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша

өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады» деп айтып кеткен.

Білім  мен  тәрбие  негізі  бастауыш  мектепте қалыптасатындықтан  аталған

мәселеге бастауыш сыныптардың оқу бағдарламалары қаншалықты үлес қосады

деген мәселеге тоқталуды ұйғардық.

Оқу - баланың жеке  тұлғалық және әлеуметтік  тәжірибесінің, сондай-ақ

өзін-өзі  тану  мен  дамытудың негізгі құралы.  Сондықтан  бастауыш  сыныпта

"Әдебиеттік оқу"  пәнінің алатын орны ерекше маңызды. Әдебиеттік  оқу  сабағы

оқушыларды 

сөздік 


шығармашылыққа, 

көркем 


шығармаларды 

оқуға


ынталандырады, оның тәрбиесіне ықпал етіп,  жеке тұлғасын қалыптастырады.

Аталған  сабақ барысында  көркем  шығармашылық және  танымдық

қабілеттері дамиды,  сөз өнеріне үйреніп,  ой-өрісі қалыптасады.  Сонымен қатар

кітап  оқуға  деген қызығушылығы  артып,  адамгершілік  тәрбиесі  молаяды,

сезімдері мен ерік-жігерлері тәрбиеленеді.

Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін оқулыққа таңдаулы әдеби шығармалар

енгізілген.  Соның ішінде  бізге  маңыздысы  ардақты  Алаш қайраткері  Сәкен

Сейфуллиннің шығармаларын "Әдебиеттік оқу" сабағында оқыту мәселесі болып

отыр.  Биылғы  жылы  мектептерде  "Алаштану"  сабағы  енгізілгенімен оқулықтың

жоқтығына  байланысты  бағдарламадан  алынып  тасталды.  Осы  Алаш

қайраткерлерінің еңбектері  бастауыш  сынып  бағдарламасында қаншалықты


қамтылды деген  мәселені қарастырғанда  ең алдымен  С.  Сейфуллинннің

шығармашылығына көңіл аударуды жөн көрдік.  Оның үстіне 2014 жылы саяси

қайраткер, жазушы, ақын ағамыздың туғанына 120 жыл толғалы отыр.

Бастауыш  мектептің оқулықтарын  саралай  келе  мына  мәліметтер  айқын

болды: 1 сыныптың ана тілі оқулығында Сәкен ағамыз туралы ешқандай материал

жоқ;  2


сыныптың  "Әдебиеттік  оқу"  оқулығында  да  С.  Сейфуллиннің

шығармалары  берілмегенімен,  хрестоматиясында  "Бандыны қуған  Хамит"

повесінен үзінді  ретінде  "Күз"  деген  тақырыпта  мәтін  берілген;  3  сыныпта

"Әдебиеттік оқу" оқулығында С. Сейфуллиннің қысқаша өмірбаяны мен "Қызыл

шұнақ" деген қыс  туралы өлеңі  берілген,  хрестоматияда  ешқандай  шығармасы

берілмеген; 4 сыныпта "Әдебиеттік оқу" оқулығында С. Сейфуллиннің "Наурыз"

атты  5  шумақ  өлеңі  берілген,  хрестоматиясында  ешқандай  шығармасы

берілмеген.  Осы  мәліметтерге қарасақ бастауыш  сыныптағы  төрт  жыл  ішінде

оқушылар  С.  Сейфуллиннің  үш  шығармасымен ғана  танысып,  оқып-үйренеді

екен.


С. Сейфулиннің өмірбаяны "Сәкен Сейфуллин Жезқазған облысы Ақадыр

ауданы Қарашілік қыстағында  дүниеге  келген.  Ол  шығармашылықпен  белсене

айналысты. 1917 жылы "Жұбату"  атты  тұңғыш әңгімесін жазды. Қазақ  әдебиеті

оқулықтарын  жазуға қатысты.  Жазушының көптеген өлең, повесть, әңгімелері

бар" деген жолдармен қысқаша ғана берілген.

Қорыта айтқанда,  Алаш қайраткері Сәкен  Сейфулиннің шығармаларын

бастауыш  сынып  оқулықтарында  екі-үш  есе  көбейтіп,  оның бала  тәрбиесіне,

санасына  сіңірер  тағылымдарын  ерте  жастан  бастасақ дұрыс  болар  еді  деп



ойлаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет