Сейлбекұлы Жанайдар «Білім беруді трансформациялау жағдайындағы инновациялық менеджмент»



бет1/2
Дата26.10.2022
өлшемі21.5 Kb.
#45513
  1   2

Түркістан облысы Ордабасы ауданы « Б. Кенжебаев атындағы жалпы орта мнектебі» -нің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
Сейлбекұлы Жанайдар
«Білім беруді трансформациялау жағдайындағы инновациялық менеджмент» біліктілікті арттыру курсын өту бойынша
рефлексиялық есебі

15-28.08. 2022 жылы аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚФ ҚР "Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайындағы инновациялық менеджмент" тақырыбында офлайн форматта біліктілік курсынан өттім.


Біліктілікті арттыру курсында тренер Айберова Гүлжан Қасымбекқызының арқасында цифрлық трансформациясы жағдайында инновациялық менеджмент саласындағы білім мен біраз сандық дағдыларды меңгердім, 25 мектептерден келген мамандар 5 топқа бөлініп, жұмыс жасадық, жобамыз нәтижелі болды. «Дарынды балаларды анықтау, сүйемелдеу және дамыту жүйелері» тақырыбындағы жоба цифрлық форматта дайындалып қорғауға ұсынылды. Курс барысында тыңдаушы ретінде мен цифрлық трансформация жағдайында инновациялық менеджменттің нормативті-құқықтық және психологиялық-педагогикалық негіздерін, цифрлық қауіпсіздік негіздерін де білдім. 
Тренер Гүлжан ханым теорияны үйрете отырып, практикамен ұштастыра білетін қабілетін атап өткім келеді, Soft skills және Hard skills кәсіби дағдыларды оқыдым, таныстым, заманауи педагогикалық тәжірибені енгізу үшін онлайн-құралдарды пайдалану: аралас оқыту, мобильді оқыту, жобалық оқыту туралы білдім, үйренген білім мен дағдыларды өмірде қолдана алатыныма сенімдімін.
Күтілетін нәтижелерді болжай отырып, осы курсты аяқтағаннан кейін көптеген информациямен әріптестеріммен бөлісемін, мысалы:
Қазіргі білім беруді дамытудың нормативтік және психологиялық-педагогикалық аспектілері тақырыбында -халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, инфокоммуникациялық технологиялар саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру, креативті ойлауды дамыту және цифрландыруға байланысты көптеген міндеттер арқылы креативті қоғам мен адами капиталды дамыту Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторлары болып табылады, жас өспірімдердің осы ақпараттық сауаттылығының өзі кейбір келеңсіз жағдайларға да әкелу ықтималдығы да жоғары, шектен шыққан тәуелділіктің соңында киберқауіп бар, маман ретінде психологиялық-педагогикалық қолдауы бар киберкеңістікте ақпаратпен қауіпсіз жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру үшін киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмысымыз дұрыс жолға қойылған болу керек.
Көшбасшылықтың негізі - білім берудегі эмоционалдық интеллект бұл өз көңіл-күйіңді, сол сияқты басқа адамдардың эмоцияларын түсіну және басқару қабілеті бар, ақыл-ойдың жоғары деңгейі бар адамдар не сезінетінін білу, сол эмоцияларды түсіну және олардың басқаларға қалай әсер ететінін білу. Көшбасшылар үшін эмоционалды интеллект деңгейін жоғарылату өте маңызды. Эмоционалды интеллекттің бес негізгі элементі бар. Оларға өзіндік сана, өзін-өзі реттеу, мотивация, эмпатия , әлеуметтік дағдылар жатады.
Дизайндық ойлау - басты мақсаты қоғамдағы шешілмеген мәселелерді инновациялық және креативті тәсілдерді қолдана отырып анықтау, әрі осы ашылған жаңалықты күнделікті өмірде қолдану. Дизайн ойлау әрекеті бір немесе бірнеше адамның емес, көбінесе үлкен топтың, ұжымның бірлескен әрекеті болып табылады. Дизайн ойлау әдісінің негізін салушылардың бірі американдық Герберт Саймонның айтуынша адам өміріндегі кездесетін қиындықтар мен түрлі мәселелердің шешімін табу, өмір сүруді жеңілдету үшін жасалатын шешімдер мен жаңалықтардың жиынтығы осы әдіс болып табылады.
Басқару әдістері – нақты нәтиже алу үшін басқару объектісіне басқару субъектісінің әсер ету жолдары мен тәсілдерінің жүйесі.
1) Басқарудың экономикалық әдісі-басқару мен шаруашылық әрекеттегі экономикалық қатынастары мен заңдарды ұтымды қолдануды қамтамасыз ететін шаралар жиыны. Әдіс әлеуметтік-экономикалық заңдар мен объективті ортаның даму заңдылығына негізділген (табиғат пен қоғам). Бұл әдістерді қолдану тұлғаның, ұжымның, қоғам мен мемлекеттің экономикалық көзқарастары жүйесіне негізделеді.
2) Басқарудың ұйымдастырушылық тарату әдісі-басқару процестерінің үзілмеушілігін және ырғақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған жолдар мен тәсілдер жинағы. Әдіс басқару мен шаруашылық етудің барлық деңгейіндегі адамдардың құқықтары мен жауапкершілігіне негізделген. 3) Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері - әлеуметтік-психологиялық көзқарастары арқылы адамдар мен басқару органдарына әсер етудің тәсілдері. Бұл әдіс қоғамдық көзқарастың дамуы мен қалыптастырылуына негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет