Сейлбекұлы Жанайдар «Білім беруді трансформациялау жағдайындағы инновациялық менеджмент»



бет2/2
Дата26.10.2022
өлшемі21.5 Kb.
#45513
1   2
Инновациялық басқару саласындағы «Цифрлық педагогика» ұғымымен синонимдік терминдер «электрондық педагогика», «виртуалды педагогика» және «технопедагогика» терминдері педагогикалық ғылымның жаңа бағыт процестерді ғылыми зерттеу, сипаттау және болжау,адамның субъективті шындығымен жұмыс жасайтын қазіргі әлемге көптеген жасанды виртуалды шындықтар енгізілген дәуірде енгізуде маңызды міндет екені, компьютерлерді, интернетті, интерактивті тақталарды пайдалану және т.б. ескеретін әртүрлі оқу орталарын қолдау үшін жаңа мүмкіндіктер беретіні анық. Цифрлық трансформация жағдайында білім беру жүйесін жаңғырту педагогикалық ұжымның жұмыс тәжірибесінде айтарлықтай және сапалы өзгерістерге әкеледі. Сондықтан білім беру ұйымы басшысының басты және маңызды міндеті цифрлық технологияларды қолдана отырып, танымдық қана емес, өмірлік-практикалық тұрғыдан да таңдау жасауға қабілетті ойшыл да шығармашыл педагогты тәрбиелеу болып табылады. 
Әр көшбасшы бірнеше рет басқарудың қандай да белгілі бір теорияларын өз тәжірибесінде қолдана отырып, педагогикалық ұжым мен білім беру процесін басқарудың тиімділігі туралы ойлану керек. Басқарушы ең алдымен өзінің жеке бағдарымен, өз қызметкерлеріне шынайы құрмет, сенім, олар үшін сәттілік жағдайларын жасау негізінде құрылған кезде тартымды болатыны рас. Менеджменттің дәл осы жағы оқу процесін мектепішілік басқару теориясын айтарлықтай толықтырады. 
Инклюзивті білім беру бұл тақырыпта 5 тен 17 жасқа дейінгі, денсаулығында айқын ауытқулары бар, және дарынды балаларға білім берудің әрбір деңгейінде жүзеге асырылуын да мектеп басшысы қадағалап отыруы керек. 
Инновациялық менеджментте білім сапасын басқару үдерісі ретінде жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды, қолдаушы процестердің жұмыс істеуін және дамуын бақылауды қамтиды. Дұрыс басқару талдау, жоспарлау, бақылау және соның негізінде дұрыс шешім қабылдай білу. Статистика көрсеткендей, кез келген ұйымдағы барлық мәселелердің 96% дұрыс емес басқару жүйесінен және тек 4% орындаушылардың қателігінен болады. Білім сапасын арттыру міндетін іске асыру стандартты емес әзірлемелерді, икемді және үнемі жаңартылып отыруды талап етеді. 
Қорытындылай келе цифрлық құзіреттілікті артыру арқылы білім сапасын арттыру мүмкіндіктері шексіз екендігіне көз жеткіздім. Еліміздегі қазіргі таңда қашықтықтан оқыту жағдайында білім беру сапасын басқару – цифрлық құзіреттілікке тікелей тәуелді. Содықтан мектеп басшыларының кәсіби құзіреттілігін арттыру –өзекті мәселе екендігі даусыз. Нәтижелерді болжай отырып курс барысында алған білімімді өз тәжірибемде қолданамын. Мен еліміздің білім саласының өркендеуіне өз үлесімді қосамын деп сенім білдіремін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет