Сәкен жобб мектебінің бастауыш сынып мұғалімі



Дата06.01.2022
өлшемі15,07 Kb.
#12574

Сәкен ЖОББ мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Ф.Ж.Тоимбектің

тәрбие жұмысы бойынша


МӘТІНДІК ЕСЕБІ

«Әлемді мейірімділік пен кеңпейілділік құтқарады» деген ұстаныммен «Қазақстан – мейірімділік мекені» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

         Тәрбиелік сынып сағаты барысында «Мейірімділік дегеніміз не, ол адамзат баласына не үшін қажет?» деген сұрақ аясында пікір талас жүргізе отырып, қазақстан халқының қонақжайлылығы, бірлігі, адаммдардың бір-біріне деген ауызбіршілігі туралы оқушылар топ топқа бөлініп, сабақты кең ауқымды түрде өткізе білді. «Мейірімділік мекені» тақырыбына сай мақал мәтелдер жарысын ұйымдастыра отырып, оқушылар «мейірімділік» және «жауыздық», «Қайырымды адам» және «Қайырымсыз адам» тіркестеріне түсінік беріп кетті.

Сынып оқушылары әлемге жақсылық жасау бізге не береді? Қайырымдылық қажет пе? Деген пікір таластың нәтижесінде оқушылар адам баласына мейірімділік қажет, олар қайырымдылыққа, сүйіспеншілікке, парасаттылыққа үйренеді деген тоқтамға келді.



Мейірімділік – адамның өзге біреуге жылылығын, ізгіниеті мен лебізін білдіру көрінісі, Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кеңпейілділік, жанашырлық, ізгіниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, адамның тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттер екенін осы ашық тәрбиелік сағатта түсіндіріп өтті.

«Қазақстан – мейірімділік мекені» атты тәрбие сағатымыз оқушылардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейте отырып, балалардың айналаға деген жақсылық жасау сияқты қасиеттерін және табиғатқа, жан-жануарларға деген мейірімді қатынасын қалыптастыру мақсатында жасалып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет