Семинар №11 Тақырып: «Бір сабаққа жаңа технологияларды пайдаланып сабақ жоспарын құрастырып түсіндіру»



Дата07.01.2022
өлшемі3,8 Mb.
#18481
түріСеминар

Семинар №11 Тақырып: «Бір сабаққа жаңа технологияларды пайдаланып сабақ жоспарын құрастырып түсіндіру»

Орындаған:Шынарбек Б.Б.

Тексерген: п.ғ.к., қауымд.проф. м.а. Қоңырбаева С.С.

Жоспар

  • Тақырып: Қазіргі әлемдегі жоғары білімнің даму тенденциясы және негізгі бағыттары. Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы.
  • Мақсаты: білім берудің негізгі міндеттері, білім берудің парадигмаларымен таныстыру.
  • Міндеті: дәстүрлі-консервативті (білімдік) парадигма, технократиялық (аралық) парадигма, бихевиористік (құлық) парадигмасы, гуманистік (Феноменологиялық) парадигма ұғымдарына анықтама беру;
  • Көрнекілік: қалталы компьютер, презентация, «хан талапай» әдісі

Сабақтың барысы

  • Ұйымдастыру: сәлемдесу, студенттерді түгендеу.
  • Негізгі бөлім: «хан талапай» әдісі арқылы жаңа сабақты түсіндіру
  • Қорытынды: жаңа тақырыпқа қорытындылап, «білім қоржыны» әдісі арқылы кері байланыс беру.

Қазіргі әлемдегі жоғары білімнің даму тенденциясы және негізгі бағыттары. Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы.

  • Парадигма» латын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «үлгі» (модель) деген мағынаны білдіреді.Парадигма зерттеу мәселесінің шешім үлгісі ретінде қабылданған теория. Жалпы парадигма дегеніміз – ғылымдағы белгілі бір тарихи кезең аралығында орын алатын мәселені қою мен шешімін табудың, сол зерттеу әрекетінің концептуалды моделі немесе сызбасы.

хан

Алшы


Парадигмалар мыналар  бойынша ерекшеленеді:

-білім беру мақсаттары  бойынша,

-мектеп функцияларын  түсіну бойынша;

-мақсатқа жету жолдары  бойынша;

-педагогикалық әрекеттесу  сипаты бойынша;

-оқушының білім берудегі  позициялары бойынша.



Негізгі құндылықтарды таңдау білім беру парадигмасын айқындайды.  
  • Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі – оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың қызығушылықтары мен ізденімпаздығы негізінде білімі мен біліктерін жетілдіріп, оны сана «сүзгісінен» терең зерделей отырып, шығармашылық әлеуетін үнемі дамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыруды бағдар тұтады.

бүк

шік


Дәстүрлі-консервативті (білімдік)парадигма

Технократиялық  (аралық) парадигма

Бихевиористік (құлық) парадигмасы

Гуманистік  (феноменологиялық) парадигма

Бұл парадигма сақтаушылық функцияға негізделген. Мектеп мақсаты әлеуметтік реттілікті сақтауға ықпал ететін идеалдар мен құндылықтарды сақтау және кейінгі ұрпаққа беру болып табылады. Академиялық бағыттылық өмірмен байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.

Мұнда шынайылық өлшемі тәжірибе болып табылады. Бұл жағдайда білім нәтижесі «иә-жоқ», «біледі-білмейді», «меңгерген-меңгермеген» деп есепке алынады. Әрдайым белгілі бір эталон, үлгі, норматив болады да, білім деңгейі сонымен өлшенеді. Адамның сапасы белгілі бір әлеуметтік функцияларды орындауға дайындығын бағалау арқылы анықталады.

Бұл үлгіде мектеп балалардың мінез-құлқын қалыптастыру мақсатында білім игеру жолы ретінде қарастырылады.

Мектеп мақсаты: оқушыларды ортаға, белгілі бір ситуацияларға бейімделген мінез-құлық қалыптастыру және әлеуметтік нормаларға, мәдени талаптарға сай келетін белгілі бір әрекеттер жиынтығын беру.

Басты назарда – оқушының дамуы, оның жеке мұқтаждықтары, тұлғааралық қарым-қатынастар. Түйіні: ізгілікті амал, тұлғалық өсуге көмек беру, өмірге дайындығына назар аудару.

Бұл амалдың негізінде даму, өзіндік даму, өзін-өзі көрсету, шығармашылық жатыр.

омпы

  • Бiлiм беру парадигмаларының қоғамдағы өзгерiп қолданылуы сол кездегi саяси-әлеуметтiк жағдайлардан және әлеуметтiк-экономикалық дайындықтан туындайды.
  • Бiлiм беру парадигмаларының таңдалуында қоғамның тапсырысы ретiндегi жеке тұлға мен кәсiби дайындыққа қойылатын талаптар маңызды рөл ойнайды.
  • Бiлiм беру парадигмаларын таңдауда оның түрлерi жалаң таза күйiнде қолданылмайды. Онда негiзгi идея басты болуы мүмкiн, дегенмен барлық бiлiм беру үлгiлерiнiң элементтерi қоса тұтастықта қарастырылады.

қынжы

Қазіргі кезеңдегі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жеке тұлғаның шығармашылық бағыттылығын қалыптастыру - оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттегі шығармашылық қызығушылығына тікелей байланысты. Шығармашылық қызығушылық – тұлғаның ізденімпаздық қабілет сапасын дамытудың негізгі өзегі болып табылады. Себебі өмірдегі құндылықтардың барлығы да жаңашылдық бағыттар арқылы ғана іс-әрекетке тұрақты шығармашылық қызығушылық нәтижесінде танылып, болашақта өміршең дамуына мүмкіндік алады. Сондықтан шығармашылық қызығушылықты жеке тұлғаның дамуына, оның рухани жетілуінде мәні терең, мотивациялық, білімділік бағдар құндылығы ретінде танылуының маңызы зор.

Білім қоржыны


Мен тақырыпты өте жақсы түсіндім

Тақырып бойынша әлі де ізденуім керек



Мен тақырыпты жақсы түсіндім

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет