Семинар №12. Тақырып: Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар



Дата23.10.2022
өлшемі20,29 Kb.
#45060
түріСеминар

Құрметті студенттер!!!
Сіздерге 8 аптаның тапсырмасын жіберіп отырмын.
Тапсырма 1. Семинар
Семинар №12. Тақырып: Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар.
1. Сыртқы саясат, геосаясат ұғымдары, мәні.
2. Халықаралық қатынастар түсінігі мен негізгі субектілері.
3. Әлемдік саяси процестердің жаһандануы мен қазіргі жаһандық қауіп қатерлер.
4. Қазақстан Республикасы халықаралық қатынастар жүйесінде.
Семинар сұрақтарына конспект жазып, семинар сабағында ауызша жауап беру.
Сабақтың мақсаты: Халықаралық қатынас қалыптасуы мәні, ондағы негізгі принцптер әсіресе ұлттық мүдде, халықаралық саяси институттар және олардың қызмет ету механизмдері, сыртқы және ішкі саясаттағы бағыттарды талқылап мәнін ашу.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Сыртқы саяси процестер, халықаралық қатынастардың құқықтық негіздері.
2. Халықаралық қатынастарға қазіргі көзқарас.
3. Сыртқы және ішкі саясаттың өзара байланысы.
4. Сыртқы саясаттағы интеграциялық процестер.
5. Қазіргі заманғы сыртқы сасаясаттағы проблемалар.
6. Адамзат баласының қазіргі проблемалары: ядролық қару, экология, азық түлік.
7. БҰҰ және оның әлемдегі алатын ролі.
8. Халықарылқ қатынас жүйесіндегі Қазақстан.
9. Қазақстанның сыртқы қатынастағы экономикалық саяси стратегиялары.
Семинар сұрақтарына конспект жазып, семинар сабағында ауызша жауап беру.


Ответ:

  1. Сыртқы саяси процестер, халықаралық қатынастардың құқықтық негіздері.

Жас тәуелсіз Қазақстан Республикасы үшін сыртқы саясаттағы негізгі мәселе мемлекеттер мен әлемдік қауымдастықтың оны дербес, тәуелсіз мемлекеттік құрылым ретінде тануын, оның территориялық түтастығын, халықаралық істердегі құқықтық субъектілігін тануын қамтитын легитимділік проблемасы болды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің 10 жылы ішінде осы түрғыда біркатар табыстарға қол жеткізді. БҰҰ-ға мүше болып қабылданды, әлемнің негізгі мемлекеттерінің барлығымен дерлік дипломатиялық байланыстар орнатты. Қазақстан Республикасының табысты легитимделуі бірқатар ішкі және сыртқы жағдайларға мүмкіндік туғызды
Қазақстанның шетелдерде 70-тен астам дипломатиялық миссиялары, кәсіби дипломаттарының жеткілікті саны бар. Шетелдермен белсенді ынтымақтастықтың нә­ти­жесінде мемлекетаралық, үкі­мета­ралық және ведомствоара­лық деңгейде 3 мыңнан астам әр түрлі салалардағы халықаралық шарттар жасалды.
Қазақстанның аймақтағы жә­не әлемдегі саяси, қауіпсіздік, өр­кениеттік, экономикалық, эко­л­о­гиялық мәселелерге қатысты бастама көтеріп, оны шешу жолында жүргізіп келе жатқан табыс­ты саясаты мен бастамалары әлем елдері тарапынан оң қабылданып, жаһанның жетекші елдерімен с­тра­тегиялық әріптестігі жарасып, Қазақстанның экономикалық қуатының қарқынды өсіміне, сырт­қы әлеммен сауда-эконо­ми­калық, сондай-ақ инвестициялық байланыстарының дамуына негіз болуда

2)Халықаралық қатынастарға қазіргі көзқарас.


Қазіргі халықаралық катынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулер, акциялар мен әрекеттер түсіндіріледі. Осы қатынастардың базалық әлеуметтік негізі Жер планетасында өмір сүретін бірлік пен тұтастықты калыптастыратын адамзат. Дегенмен осынау бірлік пен тұтастық — қайшылықты нақтылық және көп бейнелі, эр түрлі, тіпті карама-қарсы мүдделердің түйісуінің бірлігі болып табылады. Олар (осы мүдделер) қажет болғандықтан саясатқа еніп кетеді және саяси шешімдерді талап етеді. Сонымен, халықаралық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің түйісуінің өзегі болатын саяси шынайылықтың спепификалық мазмұны халықаралық қатынастар болып табылады.
Қазіргі кезде мемлекетпен катар мемлекеттен тыс құрылымдар да халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады, яғни жекелей алғанда БҰҰ және оның органдары: Бас Ассамблея, Кауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқорлық туралы Кеңес, Халықаралық сот, Секретариат. БҰҰ құрылым белсенді және мақсатты қызметінің нәтижесінде халықаралық шиеленістердің түйінін шешу, келісімдік процестерді жолға қою, мемлекеттердің мүдделерін түйістіру, халықаралық құқық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, агрессияны айыптау, халықаралық проблемаларды шешуде консенсустық мәдениет пен бейбітшілік сүйгіштікті қалыптастыруға кең жол ашылады

3) 3. Сыртқы және ішкі саясаттың өзара байланысы


Біз ішкі және сыртқы саясаттың шекарасы жойылған, жергілікті қақ­ты­ғыстардың өңірлік деңгейге ауысуы сынды жаңа буын қақтығыстарын көрудеміз.Әскери тәсілдер саяси, эко­но­ми­калық және ақпараттық әдістерге негіз­дел­ген гибридтік соғыстар, үйлесімсіз қи­мылдар туралы көп айтылып жүр. Со­нымен қатар, қазіргі кезеңдегі қақ­ты­ғыстар консенсусқа жетуі күрделі не­месе тәжірибелік тұрғыдан шешілуі мүм­кін емес этностық және діни қарама-қайшылықтарға негізделеді.
Ақпараттық соғыс елдер арасындағы күрестің пәрменді құралы ретінде ха­лық­аралық жағдайға да әсер етеді. Бү­гінде қоғам санасын манипуляциялау технологиялары кеңінен қол­да­ны­луда. Қақтығыстар мен соғыстар бос­қындардың ауқымды ағындарына әкелді. Қазіргі таңда Еуропа қоға­мын­да осы мәселеге қатысты әлеу­метке қауіпті жіктелу байқалады. Ха­лық­аралық терроризмнің қазіргі заманның өзге өзекті мәселелерімен байланысы да көрініс тауып отыр. Осы қауіпті құбылыстан бүгінгі таңда ең алдыңғы қатарлы дамыған елдердің өзі толық сақтана алмай отыр.
4)Сыртқы саясаттағы интеграциялық процестер.
Қазақстан ғасырлар бойы қалыптасқан дала дипломатиясын Еуразия кеңістігінде жүргізіп келе жатқан мемлекет. Ежелден қазақ дипломатиясы салмақтылық, жан-жақтылық, саяси интуицияға сүйенгені белгілі. Алыс-жақын мемлекеттермен жүргізілген қарым-қатынастың, сыртқы саяси ұстанымның айшықты мысалы ретінде Керей мен Жәнібек хандардың, Абылайдың сыртқы саяси шешімдерін, XX ғасырдың басындағы заманауи мемлекет болуға деген талпыныстарды айтамыз. Ал, Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, тарихта алғашқы рет өзінің дербес сыртқы саясат доктринасын қалыптастыруға кірісті.Қазақстан сыртқы саясатының негізгі принциптеріне оның неғұрлым маңызды және іргелі нормалары жатады, сол принциптердің мәнін және оларға тән сипаттарын қамтитын бұл нормаларда ең жоғарғы императивтік заң күші бар. Еліміз халықаралық қатынастар жүйесінің заңды мүшесі ретінде дербес сыртқы саясатында осы принциптерді басшылыққа алады.
5)Қазіргі заманғы сыртқы саясаттағы проблемалар
Көрсетілген басымдықтардың біріншісі-2014 жылы Орталық Азиядағы аймақішілік интеграцияны дамыту-өзара сенімсіздік, аумақтық талаптар, аймақ елдері арасындағы қатынастардағы экономикалық және саяси проблемалар аясында шамалы болып көрінді. Соған қарамастан, 2018 жылғы наурызда Орталық Азия мемлекеттері көшбасшыларының консультативтік кездесулерінің тетігі іске қосылды. Кездесулер қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемелерде «интеграция» сөзінің өзі бүгінде қолданылмаса да, Орталық Азия мемлекеттерінің қауіпсіздік, сауда, көлік инфрақұрылымы, экология, мәдениет және білім беру мәселелерінің кең ауқымы бойынша ұстанымдары бүгінде өңірлік ынтымақтастықты кеңейтуге бағдарланған. Сонымен қатар, сыртқы істер министрлері деңгейінде АҚШ, ЕО, Қытай, Ресей, Үндістан, Жапония және Оңтүстік Кореямен «Орталық Азия плюс» форматындағы Диалогтар басталды.
6)
Егеменді Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын ұлттық- мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады. Ол дүниежүзілік қауымдастыққа дербес субъект ретінде белсене кірісуде. Мұның жарқын дәлелі – Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі болуы. Еліміздің Хельсинки келісімне қосылуы, СШҚ – 1 Шартына, Лисобон хаттамасына қол қоюы және Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа неуі оның халықаралық беделін ны – ғайтып, егемендін, қауіпсіздігін және шекараларының мызғымастығын баянды етті. Бұған АҚШ – пен «Дмократиялық серіктестік туралы хартияға» қол қоюы, НАТО – ның «бейбітшілік мүддесіндегі серіктестік» бағдарламасына қосылу, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Қытай сияқты ядролы державалардың Қазақстанға берген қауіпсіздік кепілдіктері жәрдемдесті.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет