Семинар 9 Физика пәнінен онлайн оқыту платформалары: Google Meet сабақ өту түрлері



бет1/3
Дата07.01.2022
өлшемі76,06 Kb.
#16998
түріСеминар
  1   2   3

Семинар 9 Физика пәнінен онлайн оқыту платформалары: Google Meet сабақ өту түрлері

Қашықтан оқыту – бір-бірінен қашықта орналасқан білім алушы мен оқытушының  әртүрлі байланыс технологияларының көмегімен жанама түрде өзара әрекеттестікте оқу нысаны. Қашықтан оқытуда білім беру процесінің барлық компоненттері – мақсаты, мазмұны, оқыту әдістері және оқу нәтижесін бағалау толық сақталады. 

Қашықтан оқытудың ерекшеліктері:  

  • ақпаратты жеткізу ортасы (пошта, теледидар, радио, ақпараттық-коммуникациялық жүйелер);  

  • ақпарат алмасудың техникалық ортасына байланысты әдістер.  

Қашықтықтан оқыту мен онлайн оқыту арасындағы айырмашылық неде? Шет елдік педагогикалық-психологиялық еңбектерді зерттеу, қашықтықтан оқытуға берілген анықтамалардың цифрлық технологиялардың дамуымен қатар толықтырылып өзгеріп отырғанын көрсетті. Бірақ дәстүрлі емес ортада (сыныптан тыс) ақпараттық технологияларды қолдана отырып адамдарды оқыту концепциясы барлық уақытта өзгеріссіз қалады. Біз В.П. Тихомиров, В.И. Солдаткин, Д.Э. Колосовтардың ұсынған, қашықтан оқыту дегеніміз–оқытушылар мен білім алушылардың өзара және оқыту құралдарымен интерактивті, асинхронды қарым-қатынасының мақсатқа бағытталған, уақыт пен кеңістікте орналасуына инвариантты процесс деген анықтамасына сүйенетін боламыз. Ал «онлайн-оқыту» термині толықтай онлайн жүзеге асырылатын оқу тәсілдерін де, сонымен қоса жартылай онлайн тәсілдерді де қамтиды.

Оқытудың екі түрінде де оқушылар компьютерлерде, немесе басқа да цифрлық құралдарда жұмыс істейді. Бірақ айырмашылығы мыналарда: өту орыны, қарым-қатынас және оқушының іс-әрекеті (кесте 1).

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет