Семинар. Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар. Әлемдік саясат және әлемдік саяси үдеріс



бет1/2
Дата07.01.2022
өлшемі17,25 Kb.
#19196
түріСеминар
  1   2

15 семинар. Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар.

1.Әлемдік саясат және әлемдік саяси үдеріс.

1. Әлемдік саяси үрдіс ұғымы және оның мәні. Әлемдік саяси үрдіс саяси ғылымдағы аса күрделі категория. «Саяси процесс» ұғымы барлық қоғамдық ғылымдарда кеңінен қолданылады. Бұл ұғымның мәнін анықтау үшін, жалпы «процесс» терминінің мәнін айқындаудан бастау керек. «Процесс» термині латынның жалғасы, қозғау сөзінен шыққан, ол: біріншіден, өзінің бағыты бар белгілі бір қозғалысты, қозғалыстың қайсыбір барысын, ретін, дамуын; екіншіден, жәй-күйдің, сатының, эволюцияның табандылықпен ауысуын; үшіншіден, белгілі бір нәтижеге жету үшін табанды қимыл-әрекеттердің жиынтығын білдіреді. Демек, «процесс» терминінің әмбебаптық сипаты бар, өйткені ол табиғат пен қоғамның шынайы және тұрақты қалпын көрсетеді.

Әлемдік саяси үрдіс бүкіл саясат субъектілердің қызметтерінің жиынтығы іспетті, соның негізінде белгілі бір уақыт және кеңістік шеңберінде қоғамның саяси жүйесінің қалыптасуы, дамуы және өмір сүруі іске асады. Сонымен бірге «саяси процесс» ұғымы саяси өмірдің барлық құбылыстарын: мемлекет қызметін және оның жекелеген саяси субъектілерінің қызметін, саяси мәдениеттегі өзгерістерді, саяси санадағы, психологиядағы, адамдардың жүріс-тұрысындағы және т.б. өзгерістерді мейлінше қамтиды.

Осымен байланысты, ғылыми әдебиеттерде «саяси процесс» ұғымына анықтама беруде әр түрлі көзқарастың барлығын айтқан жөн. Бірінші көзқарастағылар, саяси процесс деп саясатта болып жатқанның бәрін түсіндіреді. Екінші біреулері, бұл ұғымды «саясат» категориясымен ұқсастықта қолданады. Үшінші концепцияны ұстаушылар, «саяси процесс» ұғымы қоғамның саяси жүйесі қалпының ауысуын түсіндіруші ретінде пайымдайды.

«Саяси процесс» ұғымы ең алдымен, өзіндік ерекше мақсаттары мен функцияларын іске асыруда индивидтер, топтар, билік институттары бір-бірімен және мемлекетпен қалайша өзара әрекет ететінін ашады. Бұл мәселеде саяси процестің әлеуметтанулық түсіндірмесіне де назар аударылады, саяси процесті тек саяси күрес тұрғысынан қараумен қатар, әлеуметтік және саяси құрылымдар мен қатынастардың өзара әрекетін сараптау деңгейінде пайымдалады.

Әлемдік саяси процестің әлеуметтанулық түсіндірмесі американдық саясаттануда кеңінен тараған. Онда саяси процесс әлеуметтік процестер мен саяси рөлдер мен функцияларды жүзеге асыру негізінде саяси билікті алып жүрушілердің арасындағы өзара әрекет тұрғысынан суреттеледі.

Әлемдік саяси процестің өзіндік құрылымы бар. Саяси процестің құрылымы: саясат субъектілерінен, билік ресурстарынан, құралдардан, оларды қолданудың формалары мен әдістерінен, аралық әрі түпкі мақсаттар мен міндеттерден құрылады. Сонымен қатар, саяси процесс макрожүйедегі, микрожүйедегі өзгерістерді қамтитын уақыт пен қарқыны бойынша көп үйлеспейтін нақты жергілікті-локальды бағыттардан да тұрады.

Саясаттың кез-келген субъектісі (партия, қозғалыс, әлеуметтік топ және басқалар) өздерінің саяси процеске қатысуын белгілі бір принциптер негізінде ұйымдастырады. Олар әр түрлі болуы мүмкін, бірақ құқықтық мемлекетте оларды заңдылық критерийлері-өлшемі мен құқық нормаларына сәйкестік біріктіреді.

Әлемдік саяси процестің ресурстары болып оның идеялық және материалдық негіздері: ғылым, білім, техникалық және қаржы құрамдары, бұқараның, процеске қатысушылардың көңіл күйі, олардың идеологиясы, қоғамдық ортаның қалпы және басқа да факторлар қызмет атқара алады.

Сонымен жалпы саяси процесс жекелеген процестердің қарапайым ғана жиынтығы емес. Ол жеке процестерден өзінің көлемі, мазмұны жағынан ерекшеленумен қатар формаларымен де өзгешеленеді. Жалпы саяси процесс эволюция, революция, дағдарыс сияқты белгiлі үш формада жүреді.

Жалпы саяси процестің бүкіл қоғамды қамтитынын және оның саяси жүйесін мәнді өзгеріске түсіретінін немесе қалыпты күйін тіптен ауыстырып жіберетінін атаған жөн. Ал, жеке саяси процестердің жалпы саяси процестен айырмашылығына келсек, оның саяси өмірдің жекелеген жақтарын қамтуында жатқандығында деп түсінуіміз керек. Сонымен бірге жеке саяси процестер жалпы саяси процестен өзінің құрылымымен, сипаттамасымен, даму кезеңдерімен де ерекшеленеді.

Жеке саяси процестер – бұл әр түрлі, қоғамның саяси жүйесінің жай-күйіне жалпы тиіспей, белгілі бір саяси мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған қоғамның саяси белсенділігінің көптеген ерекше формалары. Соған сәйкес жеке саяси процестер билік өкілдерінің өздерінің міндеттерін тікелей атқару барысында (әсіресе қоғамды басқаруда) көрінеді. Бұл процестер сонымен қатар әр түрлі саяси партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың және жекелеген азаматтардың өздерінің саяси мүдделерін (мысалы, сайлауға, референдумдарға, митингтерге, көше шерулеріне қатысуы) түрлі жолдармен іске асуын бейнелейді. Жеке саяси процестерге басқару шешімдерін қабылдау мен жүзеге асырудың түрлі формалары жатады. Жеке саяси процестердің көптігіне және әр түрлігіне қарамастан, оларды жүзеге асыру қоғамның саяси жүйесін мәнді өзгерістерге түсіре алмайды. Мысалы, тоталитаризмді демократиялық саяси режиммен алмастыруға немесе монархияны республикамен және басқаларын ауыстыруға әкеп соқпайды.

Саясатқа қатысу саяси процестің мәнін ашатын маңызды элемент болып табылады. Саяси процеске қатысушылар, оның әрекет етуші адамдары мен күштері болып жеке азаматтар, олардың саяси және қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктері, әлеуметтік-таптық, этникалық және басқа да адамдар қауымдастықтары есептеледі. Саяси процеске әрбір қатысушының, яғни оның субъектісінің, өзіндік стратегиялық және тактикалық мақсаттары мен міндеттері болады. Олар саяси күштердің қызметінің формаларын, мазмұнын, әдістерін анықтайды, олардың арасындағы өзара қарым-қатынастың сипатын және т.б. белгілейді. Алайда, түптеп келгенде, бәрі бәз-баяғы саяси билік туралы мәселеге келіп тіреледі, ең алдымен оның мемлекеттік формасына байланысты болады. Саяси процеске қатысушылардың біреулері үшін мақсат тек билікті иелену болса, басқалары үшін – оны уысында ұстап қалу және пайдалану. Осыған байланысты саяси процесс субъектілерінің арасында қарым-қатынас қалыптасады. Мұндай қарым-қатынастар ынтымақтастық, бәсекелесу, күрес, шиеленіс, антогонизм, келісімге келу және т.б. сипатта болуы мүмкін.

2.Халықаралық қатынастар түсінігі және негізгі субъектілері.

3.Халықаралық қатынастар теориясындағы теориялық әдістер мен негізгі дәстүрлі мектептер.

4.Қазіргі халықаралық тәртіптің тарихи типтері мен ерекшеліктері.

4. Қазіргі заманғы халықаралық тәртіптің тарихи типтері мен ерекшеліктері.

Әлемдік тәртіптер мен қатынастар үнемі өзгерісте. Әрбір мемлекет осы жүйеден өз орнын алуға тырмысады. Адамзаттың жалпы дамуы барлық мемлекеттер еріксіз есептесетін ортақ заңдылықтарды және даму тенденцияларын тудырады.

Әлемдік тәртіптерге жаһандық экологиялық өзгерістер, соғыстар қаупі, ядролық қауіпсіздік, азық-түлік тапшылығы, әлемдік ортақ ақпараттану, түрлі індет аурулары, индустриалдық-техникалық ортақтану, техногендік катастрофалар, халықаралық терроризм, наркотрафик, халықаралық заңсыз қару сату, халықаралық қылмыскерлік, адамдарды құлдыққа сату, діни экстримизм т.б. әлемдік қауіптер мен қайшылықтар үздіксіз өз ықпалдарын тигізіп отырды.



Ашық, ақпараттық, технологиялық қоғамдар құру жағдайында аталған қауіптер әрбір халыққа, әрбір мемлекетке және олардың азаматтарына өздерінің әсерін тікелей, немесе жанама түрде тигізеді. Әлемдік қауіптердің шиеленісуі әлемдік экономикалық, қаржылық дағдарыстарға себеп болуда. Жаһандық дағдарыстардан әрбір мемлекет зардап шегеді. Сондықтан әрбір мемлекет әлемдік дамудың ортақ мәселелерін шешуге мүдделі. Бірақта, қандай қуатты болмасын жеке бір мемлекет әлемдік мәселелерді шешуге қауқарсыз. Жаһандық қауіптер мен қайшылықтарға қарсы барлық мемлекеттердің бірлескен әрекеттері мен ортақ шаралары қажет. Әлемдік саясат мәні осындай зәруліктен туындайды. Әлемдік саясат-халықаралық қатынастар субъектілерінің, саяси акторлардың әлемдік мәселелерді, қауіптерді және қайшылықтарды бірлесіп шешуін ұйымдастырудың жолдары, бағыттары және әдістері болып табылады. Әлемдік саясат жаһандық мазмұндағы саясат. Себебі ол барлық халықтар мен мемлекеттерге ортақ саяси шындыққа тікелей қатысты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет