Семинар Жергілікті басылымдарды сыныптау проблемасы



Дата15.10.2022
өлшемі15,2 Kb.
#43260
түріСеминар

№6 семинар
Жергілікті басылымдарды сыныптау проблемасы.
«Ұран» газеті 1917 жылдың 28-шілдесінен бастап сол кездегі Астрахань губерниясына қарасты Ішкі ордалықта, Орда қаласында шыға бастаған.
Газеттің редакторы - Ғабдолғазиз Мұсағалиев болған. Сондай-ақ, газет жұмысына Ғұмар Қараш, Нұғман Манаев, Бақыткерей Құлманов, Бисен Жәнекешев, Ғабит Сарбаев сынды қайраткерлер белсене араласқан. «Ұран» газеті – бөкейлік қазақ зиялыларының 1917 жылғы сәуір сьезі шешімі нәтижесінде құрылған, «Ордалық мұсылман бюросы» атты ұйымның құрылтайшылығымен жарық көрген жартылай ресми газет.
Сәкен Сейфуллин өзінің «Тар жол, тайғақ кешу» атты кітабында сол кезең­дегі қазақ баспасөзі туралы мынадай құнды дерек келтіреді:
«...Әр жерде-ақ газет шығара бас­тады. Семейде – «Сарыарқа» газетi, Ташкентте – «Алаш» газетi, соңынан «Бiрлiк туы». Бөкейлiкте, Астрахань қала­сында – «Ұран» газетi. Ақмолада – «Тiршiлiк» газетi, Орынборда – бұрынғы белгiлi «Қазақ» газетi.
Газеттің өз баспаханасы болған. 1918 жылы 17 қарашадан бастап Ордада Кеңес үкіметі орнаған кезде, большевиктер «Ұран» газетінің орнына «Известия-Хабар» атты газет шығарады. Бұл баспахана «Тұңғыш қазақ совет баспаханасы» аталған.
Алаш идеясын қолдап, ұлттық-автономиялық бағытты насихаттағаны үшін Кеңес үкіметі тұсында бұл басылым туралы айтуға, зерттеуге тыйым салынды.
«Ұран» газеті туралы Сәкен Сейфуллин өзінің «Тар жол, тайғақ кешу» кітабында: «Бөкей ордасының біраз оқығандары, ақын, молда Ғұмар Қараш бас болып, «Ұран» деген газет шығарып, «Алашорданы» ұран қылып тұрды... Ғұмар Қараш «Алаш» ұранын жыр қылып, кітапша жазып шығарды. Ұмытпасам, кітапшасының аты «Терме» (дұрысы «Тұрымтай» - Қ.Қ.) еді.
Белгілі тарихшы Исатай Кенжәлиевтің «Ғұмар Қараш» кітабында (Исатай Нәсекенұлы, Орал қаласы, 2004) «Ұран» газетінің маңында болған тұлғалар туралы мәлімет бар:
«Ғ.Қараш баспа жұмысына да араласады. Әуелі Ғ.Мұсағалиевпен Ордада шығып тұрған «Ұран» газетінің ісіне қатысады. 1918 жылы күзде РСФСР Ұлт істері халық комиссариаты (ҰІХК) Қазақ бөлімінің басшылығымен қазақша-орысша газет-журнал шығару ісі қолға алынады. Мұғалімдер үшін «Мұғалім» журналын дайындауға кіріседі. Әр жерден араб әріптерін, баспахана станогін т.б. жабдығын тауып әкелу, полиграфия маманын табуда Ғ.Қараш тәжірибесі пайдаланылды. ҰІХК-нің қазақ бөлімі үгіт-насихат жұмысын жүргізу үшін көрнекі қайраткерлердің еңбектерін қазақ тілінде шығаруға аудармашылар комиссиясын құрады. Оған С.Меңдешев, Ғ.Қараш, Х.Есенбаев, Т.Сафиев, Ғ.Мұсағалиев т.б. кіреді. Қазақта болмаған аударма жұмысы басталады. Бұл кезде Ғұмар жұмысбасты хәлде болады. «Алашқа» деген өлеңі Семейдегі «Сарыарқа» газетінде 1918 жылғы 22 қаңтарда жарияланады. «Алаш азаматтарына» деген өлеңі Ордадағы «Ұран» газетіне шығады. Бұны зерттеген Қазақ ССР Ғылым академиясының ғылыми қызметкері Мұстафа Исмағұловтың ең болмаса бір тарихи мақала жазбағаны өкінішті. Әрине, кезең тарихы ауыр, зерттеушіге қатерлі де еді...»
Тарихшы, алаштанушы Дихан Қамзабекұлы «Ұран» газеті жөнінде: «Ішкі Ордада (Бөкейлікте, Астрахан қаласында) 1917 жылы 14 мамырдан бастап шыға бастаған қоғамдық-саяси бағыттағы басылым... «Ұран» газетінің №2 саны 1917 жылы 28 шілдеде шыққан. Соған қарағанда, басылым тұрақты жариялана алмаған» деп жазады
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында да «Ұран» газетінің 9 санының фотокөшірмесі сақтаулы болып шықты. Оны белгілі зерттеуші Мұстафа Ысмағұлов ағамыз жинапты. Кітап палатасындағы газет сандарын қайталағанымен, бұл жердегі көшірме толығырақ, барлығы 49 бет болды. Фотокөшірмеде бұл газеттердің «Қостанай уезі, Виконтиевск поселкесіндегі Павлов пошта бөліміне, Ташбаев Асылбекке» жолданғаны туралы бұрыштама соғылғаны көрініп тұр.
Бұдан бөлек, Мұстафа Ысмағұлов ағамыз 1967 жылы Ғабдолғазиз Мұсағалиевтің өмірбаяны жөнінде мақала жазған екен. Онда мынадай жолдар бар:
«Ғабдұлғазиз Мұсағалиев 1917 жылы февраль революциясынан кейін июль айында осы күнгі Орда қаласында «Ұран» атты газет шығарады. Бұл газетке өзінің бүркеніш есімі ретінде «Ғ. Муси» деп ат қояды. Бұл «Ұран» газетінің шыға бастаған күнінен бастап барлық номерлерін үзбей өзінің сүйікті шәкірті ақын Ілияс Жансүгіровке жіберіп тұрады. Ілияс Жансүгіров сақтаған «Ұран» газетінің сандары Қазақ мемлекеттік архивындағы Ілияс Жансүгіровтің фондысында сақталған».

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет