Семинар материалдары №1 45minut kz Республикалық ұстаздарға



Pdf көрінісі
бет18/25
Дата22.12.2016
өлшемі2,47 Mb.
#46
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25

Жылқыны бордақылау
Сапалы да дөмді жылқы етін өндіру үшін бордақылауға еті жұмсақ құнан-дөнендерді қойған жөн.
4-5 айдың ішінде олар қажетті сойыс салмағына жетіп, дәмді де сіңімді өнім береді. Балғын жұғымды
диеталық жабағытай етін өндіру үшін енесінен  6  айлығында ажыратылған құлындарды жеделдетіп
бордақылауға қояды. Ене сүтінен ажыратылғанда өсуі тежелетін 6-7 айлық тірілей салмағы 200-230 кг
құлындардың тәулігіне 500 г деңгейінде салмақ қосуын қамтамасыз ету үшін күніне 4,7—5 а.ө., 530—
550   г  қорытылатын   протеинмен   қамтамасыз   ететіндей   көлемде   азықтаңдырады.   Ол   үшін
бордақылауға арналған 4,5-5 кг құрамажем не жем қосындысына туралған 5 кг сұлы сабаны мен 1,5
кг түрлі шөп ұнын қосып беруге болады. Бордақылау рационын қажетті минералдық қосындылармен
байытады.
Бордақылаудың экономикалық тиімділігін арттыру үшін арзан азықтық техникалық қалдықтарды
кеңінен қолдануға  болады.  Бордақылаудағы жылқы басына төулігіне берілетін барданы  - 30-40  кг,
жомды  20-30  кг   көлеміне   жеткізіп,   оған   ас   қорытуды   қалыптастыратын   көлемде   жаздық   дақыл
сабанын,   пішен   қосып,  рацион  құнарлылығын   арттыру   үшін   кебек  пен   жем  қосындысын   береді.
Бірыңғай азықтандырудан мал басының тәуліктік салмақ қосуы төмендеп, етінің сапасы нашарламауы
үшін бордақылаудың соңына қарай жылқы тәбетін ашып, етінің сапасын жақсартатын негізгі азықтың
(барда, жом,  сүрлем) берілетін көлемі біршама азайтылып, сапалы пішен мен құрамажем мөлшерін
ұлғайтады. Бордақылаудағы жылқыға таңертең жем қосылған барда, жом не  сүрлем беріп, туралған
пішен, сабан салып кояды да, артынан шырынды жемшөп үлестіреді. Кешкіғүрым қайта ірі жемшөп
турамасын таратады. Жазда жылқыны жақсы жайылым отына жайып бордақылау тиімді.
Спорт атын азықтандыру
Жылқы өсірудің зор спорттық және эстетикалық маңызы бар. Ат спорты олимпиадалық жарыстар
түріне кіреді. Спорттық атты жасынан баптап, шындап, мықты да күшті, шыдамды болып өсіп-жетілу
қасиетгерін барынша шындауға бағытгап азықтандырады. Олардың жастайынан шыңдалып, бойына
мол  күш-қуат   жинауы   үшін   үздіксіз   жаттықтырылып   өсірілетін   организмнің   энергиялық   және
қоректік, минералдық, витаминдік мұқтаждығын толығымен өтеу деңгейінде азықтандырады.
Жаттықтыру   мен   жарыстағы  спорт  аттының   қажетті   деңгейде   жылдам   жеткізілетін  энергия,
құрылымдық қосындылармен қамтамасыз етіп, олар-дың жылдам қимылына кедергі келтірмейтіндей
аумағы шектеулі, жылдам да жеңіл қорытылатын, бір жағынан, жұғымды, екінші жағынан, қоректі де
құнарлы   рационмен   азықтандырады.  Рацион  азығының   протеиндік,   минералдық,   витаминдік
құнарлылығының жоғары болуы үшін жоғары сапалы жемшөптен құрастырылған рационының  1  кг
құрғақ затында  энергия,  қоректік және биологиялық пәрменді заттар келтірілген мұқтаждыққа сай
шоғырлануын  жасунық   көлемімен  реттейді.   Қалай  болғанда   рацион  азығының  жеңіл  қорытылып,
алмасу   энергиясы   жоғары   шоғырлануы   үшін   құрғақ   затындағы   «шикі»   жасунық   көлемі   16%-дан
аспауы   керек.   Осыны   ұстанып,  спорт  атының   басына   төулігіне  -   7-8  кг   сапалы   астық-бұршақ
тұқымдастар пішенін,  5-7 кг сұлы дәнін, 0,5-1 кг жүгері жармасын, 0,3-0,8 кг витаминді шөп ұнын,
0,5 кг бидай кебегін, 0,5 кг азықтық сірнесін береді.
Жылқы аурулары
Қазақ   халқы   жылқының маңқа,   қара   өкпе,   шойырылма,   қарақаптал,   киеңкі,   жамандат,   мандам,
боғымалы, қыршаңқы, өлі, желін құрт, сары ауру, жалақ, жауыр, шилі қара, лоңқа, өлі ет, қара дақ, т.б.
ауруларын дәл ажыратып, олардан емдеудің өзіндік тәсілдерін жақсы білген.
ІІІ Қорытынды
Қорыта айтқанда, біздің жинаған материалдарымыз қазақ тілінің сөздік қорындағы жылқы малына
қатысты ФТ-тердің өзіндік орны мен үлес салмағы бар екендігін көрсетеді.
Халықтың   рухани   творчествосының   жемісі,   тілдің   ажарын   кіргізетін,   оның   құдіретін   арттыра
түсетін, ойды бейнелеп, астарлап, өзіндік нақышымен жеткізетін, ата-бабадан мұра ретінде келген сөз
қазынасының дайын қолданылатын үлкен саласы ФТ-тер этнос тілінің құрамдас бөлігі болғандықтан,
163

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
оларға этнолингвистикалық талдау жасаудың ғылым үшін құндылығы ерекше. 
Жылқы малына қатысты ФТ-терге этнолингвистикалық талдау жүргізу барысында олардың сөздік
қорымыздың көне лексикалық қабаттарынан екендігіне көз жеткіздік. 
Қазақ   тіліндегі   жылқы   малына   қатысты   ФТ-тер   (фразеологиялық   және   паремиологиялық)
құрылымы мен мазмұны жағынан алуан түрлі,  олардың басым бөлігі халықтың тарихын,  наным-
сенімін, көзқарасын және т.б. бейнелей отырып, оның өткен өміріне тамырын терең жаяды. Барлық
осы   ерекшеліктер,   ең   алдымен,   ұлттың   объективтік   шындық   жөніндегі   нақты   түсініктерін,   тілде
қандай да бір көрініс тапқан   алуан түрлі табиғи құбылыстарға, қоғамның даму заңдылықтарына
олардың  баға беруін  білдіреді.
Жылқы   малына   қатысты   ФТ-тердің   жасалуы   мен   ары   қарай   семантикалық   дамуы   белгілі   бір
заңдылықтар   негізінде   жүзеге   асырылады.   Бұл   заңдылықтар   ФТ-терді   мұқият   түрде   диахрондық
зерделеу  мен олардың шығу тегін анықтау арқылы айқындалды.
Қазақ   тіліндегі   біз   қарастырып   отырған   жылқы   малына   қатысты   ФТ-тер   халықтың   тарихи-
этнографиялық процестері, рухани-мәдениеті, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, дүниені қабылдауы,
мифологиясы жөніндегі нақты ұғым-түсініктерді береді. Оларда тіл мен этностың, тіл мен рухани
мәдениеттің өзара тығыз байланысы жарқын көрініс тапқан.
Тіл дамуының алуан түрлі кезеңдерінде қалыптасқан ФТ-тердің осы зерттеліп отырған тобының
сақталып   қалуы   олардың   дамуының   белгілі   бір   қарқынын,   олардың   пайда   болуының   тарихи
сабақтастығын айқындауға мүмкіндік береді.
Қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты ФТ-терге жасалған талдау көшпелілердің жылқы туралы
ұғымдары   мен   түсініктері   ассоциативтік   салыстырулар   арқылы   адамдар   әлеміне   өтіп,   тілде   берік
орнығып қалғандығына көзімізді жеткізеді. Бір нысаннан екінші нысанға бейнелі-ассоциативтік түрде
өту   (яғни,   жануарлар   әлемінен   адамзат   қоғамына)   белгілі   бір   ерекшеліктері,   айрықша   балама
қасиеттері, яғни бір тұрпаттас аялық элементтерінің және т.б. негізінде жүзеге асырылып отырған.
Қорыта келе, жұмыста қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты ФТ-терді тақырыптық-мағыналық
жағынан топтастыру арқылы олардың жасы мен жынысына, түр-түсіне, сыны мен бабына, тегі мен
табиғи   ерекшелігіне,   мінезіне,   дене   мүшелеріне   қатысты   ФТ-тердің   этномәдени   уәждемелері
айқындалды.   Сондай-ақ   жылқы   малына   қатысты   әлеуметтік-қоғамдық   факторлардан   туындаған
фразеологизмдер,   жылқы шаруашылығы  мен  ат әбзелдеріне   қатысты  фразеологизмдер және  салт-
дәстүр,   наным-сенімге   байланысты,   халықтық   өлшем   негізінде   пайда   болған   ФТ-тердің
этнолингвистикалық сипаты кеңінен қарастырылды. 
Құрылымы мен мазмұны жағынан ұқсас жылқы малына қатысты ФТ-тер  түркі тілдерінде көптеп
кездеседі. Бұны түркі халықтарының тарихи сабақтастығынан деп түсінеміз. Жылқы малына қатысты
тұрақты   тіркестердің   сабақтастығы   мен   ортақтығы   түркі   тілдерінің   синхронды   дамуында
аңғарылады. 
IV Пайдаланылған әдебиет
1.  Linnaeus, Carolus (1758). Systema naturae per regna tria naturae: secundum classes, ordines, genera,
species,   cum   characteribus,   differentiis,   synonymis,   locis.,   10th,   Holmiae   (Laurentii   Salvii).   Retrieved
on 2008-09-08.
2. Дәйексөз алу Invalid  tag; no text was provided for refs named MSW3 қатесі
3. Қазақ энциклопедиясы
4.   Қаирбаева   Қ.Т.   Қазақ   тіліндегі   этномәдени   атаулардың   символдық   мәні.
Фил.ғыл.канд.дисс.автореф. 10.02.20. –Алматы: А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, 1997.
-30-б.
-------------------------------------------------------------------------------------------------
164

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Маңғыстау облысы, Онды ауылы
Онды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Канимкуль Саржанова
      Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім
білімді   болса,   ол   мектептен   балалар   көбірек   білім   алып   шықпақшы.   Солай   болған   соң,   ең   әуелі
мектепке   керегі   –   білімді,   педагогика,   методикадан   хабардар,   жақсы   оқыта   білетін   мұғалім. 
                                                                                 
    Ахмет Байтұрсынов               
  А л ғ ы  с ө з
ҰСТАЗ ДЕГЕН... 
          Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған 
нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл 
иесі..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын  
ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік 
көрсетіп...қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. 
                                                                                                                                                          Әл-Фараби
 Осы салада ұстаздың жүрек жылылығын, мейірім шуағын ,адамгершілік ұлылығын ұрпақ бойына
дарыта отырып ,саналы да сапалы білім беру жолында ширек ғасырдан астам уақыт тер төгіп келе
жатқан білімді де білікті ұстазымыздың бірі - бастауыш сынып мұғалімі Сүгірова Гүлсім. Гүлсімнің
туып өскен жері Маңғыстау облысы,Маңғыстау ауданының Шайыр ауылы.
      1966 жылдың тамыз айының 7-жұлдызында  дүниеге келген.1973 жылы Шайыр орта мектебінің
табалдырығын   аттап,1983   жылы   жақсы     бітіріп   шықты.   1984   жылы   Атырау   педагогикалық
университетінің     «Бастауыш   сыныптардың  педагогикасы  және   методикасы»   бөліміне   оқуға   түсіп,
аталған оқу орнын 1989  жылы бітірген. Алғашқы еңбек жолын Шайыр орта мектебінде  бастап, 1989
-1993   жылдары   сол   мектепте   қызмет   жасаған.1993   жылдан   бері   қарай   бүгінге   дейін   Онды   орта
мектебінде   ұстаздық   қызмет   етіп   келеді.Осы   жылдар   ішінде   Гүлсімнің   алдынан   талай   талай
шәкірттер   тәлім   алып   болашаққа   қанат   қақты.Гүлсімнен   тәлім   алып,білім   нәрімен   сусындаған
көптеген шәкірттері мектептің,ауылдың мақтаныштары.Көпшілігі жоғары оқу орнын бітіріп,еліміздің
әртүрлі еңбек салаларында абыройлы еңбек етіп жүр .Жоғарғы оқу орнын қызыл дипломмен бітірген
шәкірттерінің көптігі де Гүлсімге қуаныш сыйлап,еңбегінің жемісін көргендей болады.   Ауданнан
,облыстан білімдерімен топ жарған Молдабекқызы А.,Теңізбаева А.,Мұратбеков Р,Арғын Қ т.б.сияқты
оқушылары     мектеп   абыройын   көтеріп,   айбынын   асырып   жүр.Аудандық   бастауыш   сынып
оқушыларының IV олимпиадасынан қазақ тілінен Ақмұратова Н  ІІ орын ,Мұратбеков ІІІ  орын , VI
олимпиадасынан математикадан Бабасқызы А.   І   орын дүниетанудан Шүренбаев А. ІІ   орын алса,
НүркеноваА «Кенгуру» республикалық  интеллектуальдық  математикалық  сайысынан ІІІ орын алды
  «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен
оның мұғалімдігі де жойылады»-деп   К.Д.Ушинский айтқандай Гүлсім үнемі  өзінің білімін көтеріп
,курстардан   өтіп   отырады.  Жалпы   білім   беру   мектептері   педагогтерінің   үшінші   (базалық)деңгейі
бойынша   білім   сатысы   оқуынан   өтіп,  теориялық-әдістемелік   шеберлігін   заман   талабына   сай
жетілдіру үстінде. Жаңа технология әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуді ,батыл шығармашылық
ізденісті   талап   етеді.Осы   орайда   Гүлсім   өзінің   осы   білім-біліктілігін   арттыру   жолында
ізденістерін,өзгерістерін әріптестерімен бөліскісі келеді.
Жаңаша оқыту-заман талабы
Қазіргі   уақытта   еліміздің   білім   кеңістігінде   болып   жатқан   реформалар   Қазақстанның   болашақ
мектебінің мазмұны мен сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. 
Курстың Бағдарламасынан күтілетін нәтижелер  оқушының қалай оқу керектігін  үйреніп,  соның
нәтижесінде   еркін,өзіндік   дәлел-уәждерін   нанымды   жеткізе   білетін,   ынталы,   сенімді,   сыни   пікір-
көзқарастары   жүйелі   дамыған,   білімді   өз   деңгейінде   меңгерумен   қатар,   сандық   техникада
құзырлылық     танытатын   оқушы   ретінде   қалыптасуын     қамтиды   (Нұсқаулық   5-бет).   Аталған
бағдарлама идеясы сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған.
Курстың ерекшелігі мұғалімдердің тәжірибе алмасу арқылы біліктілігін көтеру: топтық және жеке
165

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
жұмыс кезінде біздің әріптестермен пікір алысуға, аталып отырған тақырып бойынша пікірлерімен
бөлісуге, көпшілікпен талдау, бірлесе шешу, басымыздан өткізіп отырып үйренуге мүмкіндік берді.
Осы курсты оқи отырып, бағдарламаның 7 модулінің білім сапасын көтеруде шәкірттердің өзіндік
ой-пікірін жүйелеу, сыни тұрғыдан ойлауын мұғалімнің жүйрік ойына негіздеп дамыту,алған білімінің
маңыздылығын   түсінуге   жол   ашады.   Курстың   бірінші   «бетпе-бет»   кезеңінде   алған   теориямыз   -
қазіргі   білім   беру   тәсілдері   бойынша   бірінші   кезекте   қалай   оқу   керектігін   үйрету   міндеті   тұрды
.Яғни , адам ол мейлі ересек болсын, мейлі   оқушы болсын ойлауға қабілетті және ойлау туралы
ойлануға да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да , сол сияқты танымды тану бар.
«Метатану»  деп индивидтің қалай ойлайтынын , оқитынын қадағалау , бағалау , бақылау , кейінгі оқу
үдерісінде мұндай ойлаудың   нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға болады . Бұл
үдерісте мұғалім оқушыға :
-
Білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге ;
-
Жеке  ойлау үдерістерін  және олардың  жұмыс қағидаттарын зерттеуге
-
Міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға
-
Нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі
Осы төрт тармақты іске асыру үшін оқушылардан   оқуды үйрену талап   етіледі. Мұғалімдер ,өз
кезегінде ,өзінің сабақ беруіне емес , оқушылардың  оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс . Осы
мақсатта мұғалім оқу ортасын құру   керек ,  соның арқасында  оқушылар енжар қабылдамай , оқу
үдерісіне белсенді қатысатын болады.Оқушы бойында білім мен түсінік қалыптасады , ал мұғалім -
бұл   үдерісте   көмек   көрсететін   жан   .Сыныптағы   оқу   үдерісінің     пайдасын   айқындайтын   негізгі
факторлар мыналар :
-
Балалардың оқу үдерісін  түсінуі;
-
Нені оқу керектігін  түсінуі;
-
Оқу үдерісін қалай құрылымдау қажет екендігі туралы ұғымның қалыптасуы.
-
Оқу нәтижелелілігін бағалау  мүмкіндігін игеруі  (Нұсқаулық - 32)
     Тізбектелген төрт сабақ топтамасының орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарын жасағанда
мұғалімге арналған нұсқаулықты,жазылған конспектілеріме сүйендім басшы- лыққа   алдым . Осы
мақсатта мен жұмыс үдерісінде мақсатқа жету жүйесін енгіздім, оның нәтижесінде оқушылардың
белгілі нәтижеге жеткен жетістігі. Сабақтар жүйесін оқушылардың нақты жайға назар аудару қабілеті
дамитындай  және   сабақтар   топтамасының  материалын   жүйелі   түрде   игере   отырып    ұзақ   назарда
ұстайтындай   құрдым   .   Оқушыларды   жұмысқа   ынталандырып,сыныпта     болатын     жағдайлардың
бәріне  белсенді қатысуға мүмкіндік  бердім . Себебі, оқушы оқу  үдерісіне  белсене қатысқанда ғана
материалды терең меңгеруге қол жеткізеді. Оқу үдерісін   оқушы   мен   оқу   материалын   қосатын
көпір десек  , осы үдерісті үйлестіретін  мұғалім  көпірдің  екі жағын  да қадағалай білуі тиіс . Біз
оқушылардың    не     білетінін    және   нені   жасай     алатынын   ,   сондай-ақ     қызығушылықтарын  ,   әр
оқушының   нені   жақсы көретінін және   не  істегісі келетінін  түсінуге тырысады.Сабақ мақсатына
жетуде   «оқыту   мен   оқудағы     жаңа   тәсілдер»   модулін     сабақта   пайдалану   арқылы   оқушыларды
«Диалог   негізінде   оқыту   және   оқу»   (Mercer   1995,  Alexander,2008)     -   күнделікті   сабақта     үнемі
қолданатын тәсіл болды. Осы арқылы оқушылардың бір-бірімен сөйлеу мәдениеті қалыптасуына жол
ашылды.Тұйық оқушының сөзге тартылуы байқалып, бұл өзгерісті жоғалтып алмау мақсатында, сол
оқушыға топ басшысы болуды тапсыру арқылы жұмыстандым.Оқушы бойында белсенділік бірден
жарқ   еткен   жоқ,   бірақ   ол   өзінің   жауапкершілігін   түсінді   және   топпен   жұмысын   басқарудан   тыс
қалмады.Александер   (2004)   білім   берудегі   әңгімелесуді   -   қарым-қатынас   жасаудың   бірсарынды
үдерісі емес, идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі
алға   жылжиды деп тұжырымдайтындығын     өз  тәжірибемізден  көре   алдық.   Курстың  «бетпе-бет»
кезеңі  аяқталған  соң  қашықтан  оқыту  кезеңінің   тапсырмаларын   орындау  үшін  өзіміздің   еңбек
ететін   мектептерімізге   келдік.   Күні кеше ғана ең басты мақсат оқушыларда қандай да болмасын
білім   қалыптастыру   еді,   яғни   шәкірттер   ақпараттар   мен   мәліметтерді   (анықтама   ,формула,   ереже
т.с.с.с.)   есіне   сақтау   керек   болса,қазірде   білім   игеру   процесінің   ең   басты   мәселесі   мен   мақсаты
үйренушілердің белсенді   әрекеттерін ұйымдастыру болып табылады. Белсенді әрекеттер   арқылы
шәкірттер білімді өздігімен меңгереді , үйренеді. Негізгі қағида «не  білу» емес, -- «не  жасай  білу».
Қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаты –өзіне-өзі есеп беріп, ойлары мен әрекеттерін   талдай
білетін  ,өзін-өзі   бағалай    алатын,   өзінің    мүмкіншіліктері   мен  қабілеттерін   жүзеге   асыра   алатын,
жауапкершілігі жоғары тұлға қалыптасуға мейлінше тиімді жағдайлар жасау. Белсенді түрде оқу мен
166

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
сыни түрде ойлау өмірде қолданыс табатын білім береді. Ол жүйелі ойлауға әкеледі.Ал  жүйелі ойлау
тек қана белсенді түрде ғана сіңіріледі.Белсенді оқыту өздігімен білім алуды дамытады.«Мектептегі
тәжірибе»  кезеңінде  бағдарламаның жетекші  жеті  модулін сабақ беру үрдісіне  енгізіп,  білім  беру
үрдісінде бұл модульдердің тиімділігін байқадым: балалар білім алуды үйреніп белсенділігі артты,
сыни   ойлау   дағдыларында   ілгерілеу   байқалды,   топтық   жұмыстың   нәтижелілігі   көрінді,
ынтымақтастық,   бірін   –бірі   оқыту   әрекеттері,   бағалауға   үйреніп,   өз  күшіне   деген   сенімділіктері
артты.
Қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру үшін "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер" негізінде тренинг
әдісі өте тиімді. Мұнда әр тренингтің алдында және тренингтен соң оқушылардың өзара әрекеттесу
біліктерінің, мәдениетті қарым-қатынас дағдыларының қалыптасуын бақылап, жалпы талдау жасап
отырдым.   Тек   қана   қарым-қатынас   емес,   баланың   жалпы   психикалық   дамуына,   сабаққа   деген
қызығушылықтарының артуына әсері болатынына көзім жетті.Мен өз сабақтарымда «Сыни тұрғыдан
ойлауға   үйрету»   модулін,   яғни   сыни   ойлауды   жиі   пайдаландым,   бұрын   да   тәжірибем   осы
технологияға  негізделген болатын. Оқушылар еркін араласады, сыныпта барлық балаларға бірдей
мүмкіндік   беріледі.   Сонымен  қатар   топпен   жұмысты  тиімді   ұйымдастыруға   болады.  «Оқыту  мен
оқудағы   жаңа   тәсілдер»   ,   «Сыни   тұрғыдан   ойлауға   үйрету»,   «Оқыту   үшін   бағалау   және   оқуды
бағалау»,   «Білім   беруде   ақпараттық   –   коммуникациялық   технологияларды   пайдалану»,   «Талантты
және   дарынды   балаларды   оқыту»,   «Оқушылардың   жас   ерекшеліктеріне   сәйкес   білім   беру   және
оқыту», «Оқытуды    басқару және көшбасшылық»  модульдері басшылыққа алынып: күрделі мәтінді
игертудегі интерактивті әдіс; сыни ойлау стратегиясы: миға шабуыл (видеоролик); диалог арқылы
тірек   сызба   ;іс-тәжірибелік   жұмыс     жүргізіліп,   зерттеушілік   әңгіме   (жасалған   жұмыс   бойынша)
жүргізілді. 1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс), диалог, 2-модуль сыни тұрғыдан
ойлауға   үйрету   «Ой   қозғау»   әдісі,   «Венн   диаграммасы»   әдісі   ,«топтастыру»   әдісі,   «Мозаика
құрастыру»   әдісін   ,   3-модуль   -   бағалау,   4-модуль     -   АКТ,   5-модуль   –   талантты   және   дарынды
балаларды оқытуды – /cурет салуға бейім/ пайдалануды жоспарлай отырып, оқушылардың ақыл- ой
қасиеттерін,оқуға   деген   жағымды   қатынастарын   дамытуға   тырыстым.Әйтсе   де   кемшіліктер
кездесті.Бастауыш сынып оқушылары әлі   дұрыс,сауатты жазуға қалыптасу кезеңінде және сөздік
қорлары     да         аз   болғандықтан,стикерлерді   ,   флипчарттарды   қолдануда,   жазу   нормасын
сақтауда,талапқа сай қатесіз жазуда  кемшіліктер кездесті,жазуда кеткен қателерді артынан жөндетіп
отырдым.   Себебі   постермен   қорғау   үстінде   оқушының     ойын   бөлгім   келмеді.Әйткенмен   де
оқушыларды кішкентайынан  сыни тұрғыдан ойлай білуге үйрете отырып,топпен  диалогты қолдана
отырып оқытудың   мәні өте зор . Диалог – адамгершілікке үйренудің   ең тиімді құралы. Ғылыми
зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті.   Мерсер   мен   Литлтон
( 2007)  өз еңбектерінде диалог  сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар ,олардың
білім деңгейінің  өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді.Зерттеулерде ересектермен интербелсенді
қарым-қатынас пен достарымен жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына
әсер ететіні айтылған. Выготскийдің  оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп
жорамалдайды.Сондықтан   ,оқушының   білім   деңгейін   дамытуға   әлеуметтік   қолдау   көрсетуде
мұғалімнің рөлі ерекше .(Нұсқаулық- 39 бет) Cондықтан тізбектелген сабақтар топтамасын өткізу
барысында   тапсырма   орындау   кездерінде     оқушылардың   бір-бірімен   және   топ   арасында   ,өзіммен
үнемі диалогқа  түсіп отыруын ескеріп отырдым.Топ арасындағы диалогты қолдану кезінде оқушылар
көбінесе Мерсер сипаттағандай келісілген нәтижеге жету үшін білімді бірлесіп алуда немесе « пікір
алмасу»   барысында тең құқылы   серіктестер болып табылып отырды.  «Оқыту   үшін бағалау және
оқуды   бағалауды»   енгізу   мен   үшін   жеткіліксіз   болды.   Өзімнің   өткізген   сабақтар   топтамасында
бағалауды балалардың жас ерекшелігін ескере отырып ,яғни төменгі сынып оқушыларының деңгейіне
қарай барлық түрлерін қарастыруға тырыстым.Онда   көңіл-күймен бағалау,смайликпен бағалау,қол
шапалақтау,марапаттау,өзін-өзі   бағалау,топтық     бағалау,   топ   аралық   бағалау,   формативті   бағалау
сияқты   бағалау   түрлерін   қамтуға   тырыстым   .   Бұл   жерде   оқушыларда   ішкі   уәж   де,   сыртқы     уәж
қасиеттері қалыптасты деп айтуға болады деп ойлаймын.
         Сегізінші     тезисте :  «Қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет,
сондықтан  бағалау ізгі  болу керек»  деген  (Нұсқаулық -36)                                  (Н
Бағалау бағытында өз білімімді жетілдіріп, ізденемін деген ой туды. «Білім беруде ақпараттық –
коммуникациялық   технологияларды   пайдалану»   модулін   қолдануда   жеке   оқушының   пәнге
қызығушылығының   артуын,   оқу   процесінің   қарқынының   жоғарылауы,  шығармашылық
167

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
белсенділігінің   көтерілуін   байқадым   және   оқушы   мен   ұстаз   қызметінде   ақпараттық   мәдениет
қалыптасады.   Сабақтарымда   тақырыпқа   сәйкес   енгізіп   отырдым,   алдағы   жұмысымда   белсенді
енгіземін, себебі тиімділігін зерделедім десем болады.
«Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулі сабақтарда кіріктірілді. Барлық   мұғалімдер
балаларға білім беруде  барынша жоғарғы  жетістікке жетуге ұмтылады . «Талантты  немесе қабілетті
үнемі айқындай отырып , бастауыш   мектептердің мұғалімдері өздерін «дарынды бақылаушылар»
ретінде көрсетуге  тиіс.» (Eуre and lowe, 2002) деген   нұсқауды ескере отырып тізбектелген төрт сабақ
топтамасын жоспарлаған  кезде талантты және қабілетті оқушыны анықтауды ескеріп отырдым . Ш , І
атты   оқушылардың     жазуға   бейімі   болса     Б   атты   оқушының     сурет   салуға   бейімі   бар,   ойының
ұшқырлығын   байқадым   Төменде   сол   оқушының     АКТ-ны   қолданып       дүниетану   пәнінен   өткен
тақырыптар бойынша салған суреттерін  беріп отырмын .
«Ауыл шаруашылығындағы ұшақтың қызметінің маңызы» тақырыбы бойынша:
Қазақстан ұшағы
«Егін  шаруашылығы»  тақырыбы  бойынша
«Біздің көшедегі машиналар» тақырыбы  бойынша
«Мал шаруашылығы» тақырыбын оқығанда  осындай суреттерсалды .
Жайлауда
       Қой  терісі
                    Мата  тоқу әдісі
Оқушының дарындылығын   сурет салуда ғана емес , «Бұлар қайдан шығады?» деген тақырыпты
өткенде іс-тәжірибелік  жұмыста матаның тоқылуын үйреткенде де  оқушының  шеберлікке ыңғайы
жоғары   екенін байқадым. Оқушылардың бойындағы бейімділікті дамытып,таланты мен қабілетін
ашу   Қазақстанның   көркеюі   үшін   өте     маңызды   деп   ойлаймын   .Сондықтан   болашақта     осындай
оқушылардың   қажеттілігін   қанағаттандыратын , дамуына ықпал   ететін стратегияларды саралап
қарап ізденуім керек деп ойлаймын.
        Алдындағы білім алып отырған балалардың болашағы үшін жауапкершілігін сезінгенде ғана,
мұғалім еңбегі өрге баспақ. Ел болашағы алдымыздағы шәкірттеріміз, олардың жан-жақтылығы қай
ұстазды да толғандыратыны рас. Сабақтарымда оқушыларымның бойындағы ерекшеліктерді көруге,
байқауға   тырыстым,   олар:   ертегілерді   сахналау   кезінде   әртістік   шеберліктері,   өлең   немесе
шығармаларды   оқудағы   мәнерлеп   оқу   машықтары,   өз   идеяларын   қорғау   кездерінде   сурет   салу
икемділіктері,   бағалау   сәттеріндегі   оқушылардың   берген   бақылау   сипаттамалары   арқылы   көрініс
тапты.
«Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту» модулінде, бастауыш сынып
оқушыларының   мүмкіндігін   көре   біліп,   оны   тиімді,   табысты   пайдалануды   көздедім.   Сыныпта   4
оқушы 9 жаста, қалғандары 8 жастағы балалар екендігін анықтадым.Одан әрі қарай бұл оқушыларды
сабақ   үстіндегі   тапсырмаларда,   олардың   бойынан   қандай   ерекшеліктер   табылады   деген   алдымда
мақсат болды. Әрине, бұл оқушылардың бірлескен жұмыс үстінде тапсырмаларды орындауда ерекше
айырмашылықтар байқалмады.
«Оқытудағы басқару және көшбасшылық» модулінде көшбасшылық Бағдарламаның өн бойында
мұғалім енгізетін өзгерістер тарапынан қарастырылады. Шығармашыл ахуал қалыптасқан ұжымда
ғана, әрбір  мұғалім ізденіске ұмтылып, кәсіби деңгейін әркез көтеруге мүдделі болады.
Алдағы уақытта Бағдарлама идеясы маған ұнады, тиімді жақтары басым, әрі қарай өз тәжірибемде
жетілдіремін,   сабағымның   құрылымы   мен   құрылысы   өзгереді   және   әріптестеріммен   тәжірибемді
бөлісемін   деген   ойдамын.   Мен   үшін   бұл   оқу   нәтижесінде   сабақтарымда   өзгеріс   болады.
Оқушыларымның еркін сөйлеуіне және қателесуіне рұқсат беремін. Әрбір мұғалім жаңару үдерісін
жатырқамай қарсы алып, өзінің іс тәжірибесіне енгізуге асығуы тиіс. Өйткені әр бала қай сыныпта
оқыса да, қай жаста болса да өзінің кім болатынын армандайды және өмірден өз орнын табуды басты
мақсатым   деп   санайды,   сондай–ақ   өз   айналасынан   дұрыс   бағдар   беретін   ақыл-кеңес   күтеді.
Сондықтан әрбір мұғалім оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын жаңалықтарды қабылдауға
дайын болуы тиіс деп ойымды тұжырымдаймын.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
                  
168

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
      №25 Г. Титов атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет