Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»


§ 44.Африка материгі  жағалауындағы  мұхиттар  мен  теңіздер. Зерттелу  тарихы



Pdf көрінісі
бет26/45
Дата10.01.2017
өлшемі2,94 Mb.
#1531
түріСеминар
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
§ 44.Африка материгі  жағалауындағы  мұхиттар  мен  теңіздер. Зерттелу  тарихы.
Мұғалімнің аты-
жөні
 Назарқұлов Рашид
№118 орта мектебі, Жалағаш ауданы
 __  апта
    ___ күн
  __- сабақ
Уақыты: 
Сабақ атауы
 § 44.Африка материгі  жағалауындағы  мұхиттар  мен  теңіздер.Зерттелу  
тарихы.
Сілтеме
Білім стандарты,пән бағдарламасы, «Материктер мен мұхиттар географиясы » 
оқулығы , 7- сынып, Интернет материалдары
Жалпы мақсаты
Міндеттері
Оқушыларға  « Жер шарындағы «ең ыстық» материк болып  саналатын Африка
материгі,   оның   географиялық   орны,  жағалауындағы    мұхиттар  мен  теңіздер
және зерттелу  тарихы » туралы  түсіндіру
Оқушы бойында дүниетанымдық қасиеттері  қалыптасады. Өзінің алға қойған 
мақсатына еңбек ету арқылы жететінін түсінеді.
Күтілетін нәтиже
Сабаққа белсене араласу арқылы сыни ойлауға, пікірлерін еркін айтуға, өз 
көзқарастарын дәлелдей білуге машықтанады. Диалог арқылы сөйлеу шеберлігі 
артады.Топпен жұмыс жасау арқылы белсендіктері артады.Тірек  сызбаларды 
пайдалана отырып баяндайды, өзара белсенділіктері артады  
Негізгі идеялар
Материалдарды талдау барысында  «Африка материгінің » өзіндік табиғатының  
ерекшеліктерін  анықтай алады.
Тапсырмалар /Wiki 
материал-дары/
Ғаламтор, Power Point, ресурстар, «Білім беру платформасы»
Сабақ бойынша
мұғалім
жазбалары
Уақыты
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
3 минут
І.Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу;
б) сабаққа дайындығын тексеру;
1.Өтілген  материктер  
бойынша  (Еуразия, Солтүстік
195

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
5 минут
3 минут
7 минут
12 минут
Оның 5 
минуты –
в) оқушылар назарын сабаққа 
аудару  үшін ортаға «Жас 
географ» топтамасы арқылы 
бөлу.
ІІ.Маңызын арттыру
А)Серпілген сауал
б) «Бағдаршам»
Жұмыс барысын бақылау 
нысандары, өзін- өзі және өзара 
бақылау тәсілдері
ІІІ. «Миға шабуыл» а)
(Оқушыларды жаңа сабаққа 
дайындау)
(Суреттер көрсетіледі, 
оқушылар бұл суреттердің 
қандай тақырыпқа байланысты 
екенін табады және қосымша 
сұрақтар қою арқылы жаңа 
тақырыптың мазмұнын ашады.) 
Ә)«Африка материгі» туралы 
видеоролик көрсету, электронды
оқулықтан қысқаша Африка 
туралы  видео көрсету
 Б) «Табыс  ағашын» толтыру 
ІV.Жаңа ұғымдар және әрекет 
әдістерін қалыптастыру
А) «Қара.Оқып шық.Жап. 
Жаз» -мәтінмен жұмыс
1-топ:  Африка материгінің 
географиялық  
орны.Жағалауындағы 
мұхиттар мен  теңіздер; 
2-топ:  Атлант, Үнді  мұхиты 
алаптары; 
 3-топ:  Зерттелу  тарихы;
Ә) «Ішіне.Сыртына»
Жұмыс барысын бақылау
нысандары, өзін- өзі және
Америка, Оңтүстік Америка ) 
алып,топ атаулары арқылы  3 
топқа бөлінеді.Топта – 
топбасшысын, уақыт 
сақшысын тағайындап алады.
Үй   тапсырмасы   бойынша
берілген   тақырыптың   түсіну
деңгейін   арттыруға   және
талқылау
 
дағдыларын
дамытуға   қол   жеткізу   үшін
сыныптағы   оқушылар   бір-
біріне   сауал   қоя   отырып,
допты бір-біріне лақтырады.
    Оңтүстік  Америка   материгі
бойынша сұрақтар қояды.
Оқушылар   үйге   берілген
тапсырма   бойынша   табыс
критериіне   сай   кезеңдік
бағалауды жүзеге асырады.
Оқушылар өздерінің сабақты 
меңгеру дәрежесін тақтада 
ілулі тұрған «бағдаршам» 
ішіне жапсырады:
-Қызыл (қанағаттанарлық)
-Сары(орташа деңгейде)
-Жасыл(тақырыпты өте 
жақсы меңгердім) 
стикерлермен жұмыс істейді, 
ол топтардағы жұмыстардың 
нақты 
бағасын көретеді.
Оқушылармен
 
бірлесе
отырып,   аталған   ұғымға
қатысты
 
оқушылардың
білімдері жинақталады
Оқушылар   бүгінгі     тақырып
жөнінде   қандай     деңгейде
білетінін  суреттерді  толтыру
арқылы белгілеу.
196

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
топтық 
жұмысты 
бірлесе 
отырып 
плакатқа 
түсіру.
Одан соң 
топтық
жұмыстар
ын 
қорғауға әр
топқа 2 
минуттан
беріледі.
3 минут
8 минут 
(оның  2 
минуты әр 
топқа 
тапсырмал
арға жауап 
беруге 
беріледі.)
2 минут
2 минут
топты,топ мүшелерін  өзара
бақылау тәсілдері.
 
V.Білімді жинақтау және 
жүйелеу  
І-топ: “Сандарда сөйлейді” 
30,3 млн.км.кв 
6671 км.кв
7 млн км кв
1933 ж +58 градус
7, 5 т
5895 м
- 153 м
590 мың км кв
68 мың км кв
1470 м
933 м
ІІ-топ: «Сәйкестендіру тесті»
ІІІ-топ:  «Картамен жұмыс»
VІ. Оқушылар білімін 
бақылау және бағалау
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Жұмыс барысын бақылау 
нысандары, өзін өзі және өзара 
бақылау тәсілдері
VІІ. Сабақты қорыту, бағалар-
ды хабарлау
VІІІ.Үйге тапсырма.
§ 44.Африка материгі  
жағалауындағы  мұхиттар  мен  
теңіздер.Зерттелу  тарихын  
оқып, “Африка табиғатын 
зерттеуге зор  үлес  қосқан 
саяхатшылар” қосымша 
материалдар  жинақтау.
Топтарға   мәтінмен   таны-сып
шыққаннан   кейін,   өздеріне
берілген   тақырып   ты
сызбамен   көрсету   сұралады.
(Әр
 
топ
 
өздерінің
мәтіндерін   постер   түрінде
қорғайды)
Оқушылар өздерінің сабақты 
меңгеру дәрежесін 
«Ішіне.Сыртына» әдісі 
арқылы топтың және топ 
мүшелерінің сабаққа қалай 
араласқанын, нақты пікірін 
жазады.Ол топтардағы 
жұмыстардың нақты 
бағасын көретеді.
(оқушыларға бүгінгі 
тақырыпқа сәйкес және 
өтілген тақырыптарға 
байланысты мағлұматтарды 
еске түсіру барысында, әр
топқа деңгейлік тапсырмалар 
беріледі. ) 
Топтардан   өзара   бағалау
сұралады. 
Сабақтың 
жабдықтары
Мультимедиа, интерактивтік тақта, маркер, қарындаш, плакат, доп, физикалық 
карта, үлестірмелі  материалдар
Келесі 
тапсырмалар/пор
тфолио/
§ 44.Африка материгі  жағалауындағы  мұхиттар  мен  теңіздер.Зерттелу  
тарихы.
Келесі оқу
“Африка табиғатын зерттеуге зор  үлес  қосқан саяхатшылар” қосымша 
материалдар  жинақтау. 
Сабақты талдау
Сабаққа 
өзгертулер енгізу
Топтық жұмыстар қорғау, жұптық жұмыстар
МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІ-БІЛІМ САПАСЫНЫҢ НЕГІЗІ
197

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
 
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы.  
«Шетпе» гимназиясының директоры  Г.Нұрмағамбетова
Елбасы  «Қазақстан  -2050»  стратегиясында   жаңа   қазақстандық  патриотизм   біздің  көп  ұлтты
және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі дей келе тәрбиелік пен тәртіптілікке, өте жоғары
этика   мен   кәсібилікке   ерекше   тоқталады.   Расында   да   әрбір   маман   иесінің   жоғары   мәдениет   пен
кәсібилігі – ел дамуының қайнар көзі десе, артық айтқандық болмас. Соның ішінде біз қозғалғалы
отырған мұғалімнің кәсібилілігі тәуелсіз еліміздің болашағы мен қауіпсіздігіне тікелей байланысты.
Себебі, - ұлттың жоқтаушысы мұғалім, тек қана мұғалім (Ата-түрік) екені айдан анық. Сондықтан
қазіргі   жаһандану,   ақпараттық   технологиялардың   қарқынды   даму   жолында   педагогтардың   кәсіби
біліктілігі   ауадай   қажет.   Кезінде   Шоқан   Уәлиханов:   «Елдің   елдігі-оның   тәуелсіздігі   мен   білім
жүйесінің  мықтылығында,»   деген  екен.Оның   үстіне,ел   аузында:   «Егер  адамды   адастырып  ұлттық
идеологиядан   жұрдай   қылып,   адами   құндылықтардан   аздырып,   мемлекетті   әлсірету   үшін-білім
жүйесін   қиратыңыз,бітті»-деп   айтылып   жүрген   пікір   тағы   бар.   «Edtech-KZ»   халықаралық   білім
орталығының   бас   директоры   Ғ.Бектайұлының   сөзіне   сүйенсек,тәуелсіз   сарапшылардың   дерегі
бойынша,   мектеп   оқушыларының   78%-ы   «мектепте   алған   білімінің   өмірде   қажетсіз   екенін»
айтса,85%-ы «үлгі тұтып сенім артатын бірде бір ұстаз жоқ» деп жауап қайырған екен.Бұл -әрине
ойландыратын жағдай... 
Мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру бағытында Елбасы тапсырмасымен мемлекет тарапынан
біршама жұмыстар жасалуда. Соның бірі 2011 жылдан бастап «Назарбаев зияткерлік мектептері»,
Дербес білім беру ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығы. Кембридж Университеті мен бірлесіп,
әлемдік ең үздік білім беру бағдарламалары негізінде оқытатын педагог қызметкерлердің біліктілін
арттыру   курстарының   ұйымдастырылуы.   Бұндағы   міндет-мұғалімнің   әлемдік   оқытудағы   жаңа
идеяларды меңгеріп, үнемі өзін-өзі жетілдіруге, білім беру үдерісінің көшбасшысы болуға ынтасын
арттыру болып табылады. Яғни мұғалім өзінің жан-жақты кәсіби дамуына жол ашады. Ең бастысы
әлемдегі үздік практиканы меңгерген бұл мұғалімдер орта мектеп жүйесіне жаңаша леп әкеледі. Білім
беру   қызметінің   сапасын   жаңа   деңгейге   жеткізуге   тырысады.   Өйткені,   мұғалімдер   ғана   әлемдегі
барлық адамдардың ішінен үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді. Өзінің іс-әрекеттері басқаларға үлгі
болатындығын   біледі,   шын   мәнісінде   балаларға   жаны   ашиды.   Және   мұғалім   болу   ақшадан,
мәртебеден, танымалдылықтан артық екенін ұғынады (С.Бич. 2012 жыл). 
Аталған деңгейлік бағдарлама (бірінші) әлемнің қарқынды өзгерісін негізге ала отырып мектептегі
мұғалімдерге   «ХХІ   ғасырда   оқушыларды   қалай   дайындауы   керек?»   деген   мәселені   шешуге
бағытталады. Мұғалімдер жұмыстарына жеткілікті уақыт бөле білулері керек, оқушының білімі мен
дағдыларын   дамытуда   ғана   емес,   жалпы   алғанда   оның   оқуын   барынша   даралау   және   баланың
бойында   метасананы-қалай   оқу   керектігін   үйретуді   қалыптастыруға   мән   бере   отырп,   оны   тұлға
ретінде дамытуда икемділік танытулары тиіс (Schleicher, 2012) деп көрсетеді. Қазіргі дәстүрлі білім
берудегі жаттанды әдістің оқушының өмірінде тиімсіз екендіігін дәлелдейді. 
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім (Strong Word, & Grant,
2011)   екендігін  айта  келе,  адамгершілік  мақсатты  көздейтін мұғалімдер  өздерінің  әріптестері  мен
айналасындағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді. Олардың көңілінде талапқа
сай   оқыту   тұрады   (Frost,   2011)   деп   мектепте   мұғалімнің   көшбасшылығын   дамытуға   бағыттайды.
Сонымен   қатар   бағдарламаның   басынан   аяғына   дейін     мұғалім-   әділ   және   шыншыл   болу   керек
екендігін үнемі қайталап отырады. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге  қол жеткізген
анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына кеңінен тоқталады. 
Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін
сыныптан тыс жерде, кез келген жаағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етеді деп түсіндіреді.
Ал,   мұғалімнің   сыни   ойлануы-оқыту   мен   оқу   тәжірибесіндегі   проблемаларды   анықтауға,   оны
шешудің   тиімді   жолдарын   табуға,   тәжірибеде   болып   жатқан   өзгерістер   жайлы   орынды
дәлелдемелерді жинап, жіктеуге және сенімді қорытындылар жасауға негізделетіндігін айқындайды.
Бірінші деңгейлі бағдарламасын игерген мұғалімнің негізгі функциясы-оқыту мен оқу тәжірибесіне
жаңа тәсілдерді енгізу мақсатында өз мектептерін дамыту бағдарламасын әзірлеу болып табылады.
198

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Рас,мектептерде   мұғалімдерге   басқаруға,   шешім   қабылдауға   жеткілікті   билік   пен   өкілеттілік
берілмейді, алайда, деңгей бағдарламасында көрсетілгендей мұғалім өзінің кәсіби және моральдық
беделіне суйене отырып,оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге көп ықпал ететіндігі анық. Және
мұғалімнің кәсібилілігі тек оқыту мен оқу да ғана емес,сонымен қатар өз әріптестерінің біліктілігін
арттыруға көмегі тиеді.Бұл әрине мектептің жан-жақты дамуына,білім сапасының өсуіне алып келеді.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҮРДІСТЕРІН,    
 ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Нұржанова Сабила Қалыбайқызы
Білімі: жоғары. Бітірген оқу орны: Н.В.Гоголь атындағы  педагогикалық институт
Лауазымы: бастауыш сынып мұғалімі Лауазымдық қызметтегі еңбек өтілі: 30 жыл
Біліктілік санаты: І. Жұмыс орны:  № 64 орта мектеп  Арал қаласы  Қызылорда облысы 
Мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін дамыту, ойлау, танымдық қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік 
қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. 
Міндеті:
1.Оқушының тұлға болып қалыптасуында ойынның психологиялық-педагогикалық  
     мәнін ашу.
2. Ойынның ерекшеліктерін айқындау.
3. Ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігін көрсету.
4. Оқушылардың логикалық ойын дамытудағы ойынның ролін айқындау
5. Оқушылардың тілін,сөздік қорын дамытудағы ойынның маңыздылығын көрсету.
Кіріспе. Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апа- ратын күш  
тек  білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның 
ұлттық білімі жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланыс ты. 
     Бастауыш мектеп - бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы ерекше құнды, қайталанбайтын  
кезең. Сондықтан да бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғаш- қы басқышы. 
     Осыған орай оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгерумен бірге табиғат, 
қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығар- машылық бағытта жан-жақты 
дамыту бүгінгі күннің басты талабы.  Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты 
қадамына сәйкес- тендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс-тәсілдер жасалуда. 
Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиісті деп табыл- ған жаңа 
технологиялары дүниеге келуде. Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану 
шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой - өрісін 
кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Бұл жүйе   нің әдіс - тәсілдері оқушының оқу 
белсенділігін ұйымдастыруды қолдап, көмектесіп отыруды көздейді. 
Жаңа технологияларды қолдануда баланың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін басты назарда ұстадым.
Бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің, жаңа мәселені шешуге  жеткізілісіз 
екенін сезетіндей жағдайда болды. Содан барып, оның білім алуға деген ынта - ықыласы артты, білім 
алуға әрекеттенді. Оқыту бары- сында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану оқушылардың ойлана
білу қабілетін дамытты. Олардың білім сапасын жақсартып, ой - өрісін кеңейтті, есте сақтау қабі- 
леттерін өсірді. Сабақтарымды баланың жеке басын дамытуға байланысты ұйым-  дастырдым, осыған
орай үнемі мына жағдайларды басты назарға ұстадым.
1. Баланың ойында құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, алға жылжуға жағдай 
жасау, шығармашылығын жетілдіру.
2. Білімді өз бетінше іздену арқылы алу.
3. Өзін -өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.
Бүгінгі   таңда   қоғамымыздың   даму   бағытында   жан-жақты   дамыған,   сауатты,   са-   налы   азамат
тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-тәрбие жүйесінің үлесіне
199

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.
Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғаның дамуын қалыптастыруға 
болады. 
Ойын – оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады.
Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден 
көптеген мәліметтер алып,  білімін жетілдіреді.
Ойын   арқылы   бала   қоршаған   ортаны   өз   бетінше   зерделейді.   Соның   нәтижесінде   өзі   көрген
жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген
қарым-қатынасы мен қабілеттерін қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой
қабілетінің   дамуы,   бір-біріне   де-   ген   сыйластық,   қажеттіліктерімен   санасуы   әр   оқушының   жеке
әрекетінен туындай- ды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының
мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойын- дары, дидактикалық
мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық ойындар, ұлттық ойындар, т.б. . Мұндай
ойындар   оқушыны   жан-жақты   дамытып,   білімді   толық   игеруіне   көмектеседі.   Ойын   арқылы
ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады.  
Ойын неге үйретеді?
1.Ойлау қабілетін дамытуға үйретеді, құштарлығын оятады
2. Жеке басының қасиеттері қалыптасады
3. Әр оқушының алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.
4. Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге үйретеді.
                                                  
Ойын арқылы:
1. Балалардың достық сезімі оянады.
2. Бір-біріне қамқорлығы артады.
3. Ұжымдық бірлігі оянады.
Баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шынығуы, шыңдалуы,
оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген 
ерік-қайратын шыңдайды.Сабақтарда санамақтарды,мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды,пайдалануға 
болады. Олар әр тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға,сергіту сәттерін тиімді пайдалануға көмегін тигізеді. 
Оқушы ойын үстінде өзін-өзі еркін ұстайды, қысылып-қымтырылмай, басқалармен тіл табысады, 
жолдастық, достық сезімі оянады.
Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып, білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндеті-сол
ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен 
тіл байлығын арттыра түсуге, түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Күтілетін нәтиже:
1. Жеке оқыту маңызының артуы
2.Ойынға қатысушының қызығушылығы арқылы шығармашылық ізденіске    
   ұмтылуы.
3.Ойлау, сөйлеу үрдістеріне дидактикалық ойындардың әсер етуі.
Математика. “10 көлеміндегі сандар”
Санамақ
1 дегенім - белдік               2 дегенім  -  ерлік
3 дегенім  - үзік                   4  дегенім  - түбіт
5 дегенім  -  балта               6  дегенім  - алқа
7 дегенім -  желкен             8  дегенім - семсер
9 дегенім  - тоқу                 10  дегенім - оқу
Санамақта атау ұйқастарын санау арқылы оқушылар сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды 
200

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
танып біледі. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүниені танытады, әрі баланың қисынды ойлауы 
мен математикалық ойлау қабілетін дамытады.
Математика. 1  сынып  “5 санын қосу, азайту”
“Тізбек” ойны 
  + 1 + 2 - 3 = 4                     + 3 + 4 - 5 = 3
2 сынып. Ана тілі. “Тәкаппар”
“Буындардан сөз құра”
Қазақ тілі 4 сынып “Үстеу”
«Артық сөзді тап»            «Қатемді тапшы» 
Ешкім                                  А.с.   ол 
Жанды                                 І.с     одан 
Маған                                  Б.с.  оны
Барлық                                Т.с.  оның
Тәтті                                     Ж.с. оған 
Маған                                  Ш.с. онда 
                                              К.с.  онымен
Нені   ескердім?
1.Әр сабақтың дамытушылық мақсатын арттыратын мазмұнды ойындарды   тұрақты 
пайдалануды
2. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойынды таңдауды
3. Ойын арқылы оқуға қызықтыра отырып тұлғаны қалыптастыруды
4. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттерін  қалыптастыруды
Неге қол жеткіздім?
1. Сабақтарда ойынды қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін, қызығушылы-
    ғын қалыптастырдым. 
2. Оқушыны тұлға ретінде көрсете білдім. 
3. Сыныптағы оқушылардың қабілеттерін айқындадым. Қабілетті оқушыларды анықтадым. 
Жоба бөлімі. Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай 
білетін, белсенді, шығармашыл адамдар керек. Сондықтан да сабақтарда тек білімділік мақсаттарды 
шешіп қоймай, балалардың жеке қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн.
Қазіргі кезеңде бастауыш сынып математикасында әлі шешімі табылмаған проблемалар бар. Соның
бірі - оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, білім алуға құмарлықтарын арттыру.
Сыныптағы   оқушылардың,   ойлау   қабілетін   дамытатын   ойындарды   жобаладым.   Осы   мақсатта
“Математикалық ойындар – ой белсенділігін дамыту құралы” тақырыбында ойындарды жинақтап
жүрмін.
Қорытынды: Жұмыс барысында қандай қорытындыға келдім?
1. Ойын білімді терең меңгеруге, жаңа тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді.
2.  Қызықты тапсырмалар мен жаттығулар түрлері білімді меңгерумен қатар танымдық, 
интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамытады.
3.  Оқушының ойлау қабілетін күшейтеді, күрделендіреді.
4.  Оқушының қызығушылығы,  пәнге деген сүйіспеншілігі артады
  Егер де мұғалім оқушыларға оқу тәрбие үрдісінде дидактикалық,  дамытушылық, логикалық 
ойындарды пайдаланып, олардың танымдылық белсенділігін арттыра- тындай тапсырма беріп
отырса, оқушылардың оқуға деген ынтасы артып, таным- дық үрдістері мен психологиялық 
қасиеттерін дамытуға болады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Курт Мередит, Джини Стил, Чарльз Темпл, Скот Уолтер  “Оқу мен жазу арқылы    сын тұрғысынан 
ойлауды дамыту”   әдістемелік құрал
201

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
2. Б. А. Тұрғамбаева  “Дамыту оқыту технологиялары”
3. М. Р. Жүнісова Ғылыми зерттеу кіріспе. Қарағанды 2009
4. “Білім технологиялары” Алматы 2010 жыл. 
5. Бастауыш сыныптарда оқу, жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды  дамыту  бағдарламасы.   
6. Н. К. Ахметов, “”Оқушыларды ойын арқылы оқыту ” Алматы 1985 жыл

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет