Семинар сабақ Пән атауы : Қазақ тілінің морфологиясы және оны оқыту Тақырыбы: «Тіліміздегі сөздерді таптастыру ұстанымдары»


-жаттығу. Берілген сөйлемдегі сөздерді сөз табына қарай талдап, таптастырудың қай ұстанымына сай, қай ұстанымына қайшы келіп тұрғандары бойынша топтаңыз



бет4/5
Дата18.03.2023
өлшемі79,14 Kb.
#75406
түріСеминар
1   2   3   4   5
1-жаттығу. Берілген сөйлемдегі сөздерді сөз табына қарай талдап, таптастырудың қай ұстанымына сай, қай ұстанымына қайшы келіп тұрғандары бойынша топтаңыз.
Шынында да жаңа космос кеңістігінің биігінен біз үшін жаңа күн көрінді. Басқа жігіттер де қайықтарын есіп кеп, Еламан мен Мөңкенің жанына жинала бастады. Үлкен үйдің бір терезесінен ғана жылтыраған жарық көрініп тұр еді (Н.Нұрпейісов). Абай Балтаның жыры тоқтап, салқын кеңес басталған соң, есіктен қайта бұрылды (М.Әуезов). Әлгі естіген даусым құлағыма ызың қаққан соң, дыбыс шыққан жаққа үрейлене көз тіксем, қорбаңдаған бірдеме бері қарай жылдамдата жылжып келді (С.Мұқанов). Кенжетай Есенейдің әрі атшысы, әрі имамы, анығырақ айтқанда, сыбыршысы, суфлері (Ғ.Мүсірепов).
1.Зат есім-космос, күн, біз, жігіттер, жарық, Абай, кеңес, дыбыс, бірдеме, Кенжетай
2.Сын есім-жаңа, басқа, үлкен, жылтыраған, салқын, қорбаңдаған,
3.Сан есім
4.Есімдік-біз, бірдеме
5.Етістік- көрінді, жинала бастады, көрініп тұр, тоқтап, қайта бұрылды, жылжып келді,
6.Үстеу-бері,
7.Еліктеу сөздер-
8.Шылау-
9.Одағай-


2-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды (септік, тәуелдік, көптік жалғауланын) қосып жазыңыздар.
Махмұд Қашқари – түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінде тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихының ол тұңғыш тарихи-салыстырмалы әдісін қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдері салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілерінің ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты.


3-жаттығу. Тексті көшіріп, негізгі сөздердің астын бір, көмекші сөздердің астын екі сызыңыздар.
– Табамын жауымды. Қырқамын тілерсегін, – дегізді. Бағанадан бергі із, айғағын көріп кел, енді айрылсам, Бекбол болмайын, тіпті, қара бассын мені, – деп кеп, атына қайта мініп, оң жақтағы бір серек тастың қасына барды да, басына шығып, тағы да көп қадала қарады.
Бағанағы құстар да жоқ. Әлі ешбір белгі білінбей тұр. Жалғыз-ақ бұл жерден Ожардың ет-бауырына жарыса кеп тірелетін екі шатқал сайлар осы еді. Бұны паналамапты. Бергі тастарда да белгі жоқ. Тағы да атына мініп, енді алғаш шыққан тасының сол жағына етіп шығып, тағы бір тұрғыдан қарады. Бұдан да арылта қарап тұр (М. Ә.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет