Семинар сабағы: Басқарушы элита мен саяси көшбасшылық биліктің әлеуметтік субъектілері ретінде. Саяси партиялар және



Дата26.01.2023
өлшемі15,88 Kb.
#63138
түріСеминар

4-апта семинар сабағы: Басқарушы элита мен саяси көшбасшылық биліктің әлеуметтік субъектілері ретінде. Саяси партиялар және партиялық жүйелер, қоғамдық-саяси қозғалыстар және ұйымдар: қызмет ету ерекшеліктері


Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Билік субъектілері туралы білім қалыптастыру. Басқарушы элита ұғымы және тұжырымдарын талқылау. Саяси көшбасшылықты биліктің әлеуметтік субъектісі ретінде дәлелдеу. Саяси партиялар, партиялық жүйелер және сайлау жүйесі туралы білу.
Сабақтың мазмұны: Білім алушы семинар сабағына сабақтың мазмұнында көрсетілген сұрақтар бойынша ауызша немесе жазбаша дайындалып келеді. Осы тақырыпты толық түсінгенін көрсету үшін өзіндік жұмысты және дәрістерден кейін қойылған бақылау сұрақтарына дайындалып келеді. Семинар сабағының барысы, білім алушылардың әр сұрақ бойынша талқылауларын тыңдау, сұрақ-жауап және пікірталас ретінде жүргізіледі. Білім алушыдан өз ойын еркін білдіру және пікірталас, сұрақ-жауап кезінде белсенділік таныту талап етіледі.
Тапсырма-1: Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар бағдарламаларының күшті және әлсіз жақтарына кейс-стади – талдау.
Келесі сұрақтарға жауап бере отырып, мәселені шешуге тырысыңыз:
Қазақстанда қандай саяси партиялар бар?
Олардың бағдарламаларындағы негізгі идеялар қандай?
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері қай партияның жұмысы тұрақты жүзеге асуда?
Саяси партияларды сайлау туралы қандай ақпараттар білесіз?
Дәлелдейтін деректер, фактілер, ақпараттар келтіруіңіз қажет.


Бақылау сұрақтары:

  1. Элитаның түрлері. Саяси элита теориялары.

  2. Саяси көсемділік: мәні, түрлері, қасиеттері.

  3. Саяси партиялар ұғымы, түрлері және қызметі.

  4. Сайлау жүйесі дегеніміз не? Бәсең сайлау құқығының мазмұны.

  5. Сайлау жүйесінің түрлері.



Әдебиеттер тізімі:



  1. Абдильдина Х.С. Саясаттану және әлеуметтану: оқу құралы. – Астана, 2021. 109 бет.

  2. Уолф Джонатан. Саясат философиясына кіріспе. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы. – 2020. – 232 бет.

  3. Эндрю Хейвуд. Саясаттану. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры», 2020. – 520 бет


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет